Жекелеп оқыту технологиясы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.
І.Тарау
Оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық
технологиялар
1.1. Педагогикалық технологиялардың түрлері.
1.2. Оқыту технологияларын қолданудың маңыздылығы.
ІІ.Тарау
Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық
технология.
2.1. Болашақ мамандарды дайындау кезіндегі педагогикалық технологиялардың
маңыздылығы.
2.2. Деңгейлік саралау технологиясы 
2.3. Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың технологиялары
ІІІ.Тарау
Альтернативті технологиялар.
3.1. Табиғи белсенділік технологиялары.

3.2. Педагогикалық технологияның тәрбиедегі маңызы

3.3. Компьютерлік технологияларды  окыту процесіне енгізудің ролі.

5. ҚОРЫТЫНДЫ
6. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Оқыту теориясы көптеген ғасырлар бойы зерттеліп келуде.Осыған
байланысты оқытудың көптеген түрлерімен қатар оны зерттеу және оқытудың
педагогикалық мәселелері толықтандырып келуде.Қазіргі заманғы оқытудың
жалпы бірнеше түрлері қалыптасқан.Жаhандану процесімен қатар адамдардың
көзқарастары да өзгеріп келеді, мұның бәрі қазіргі жаңа инновациялық
технологиялардың біздің өмірімізге етене енуі және де оқыту процесінің
жедел жұмыс жасауына зор ықпалын тигізеді. Біздің қоғамымызда үрдіс алып
жатырған технологиялардың алатын орны оқыту процесінде орасан зор қызметтер
атқарады. Мысалы ежелгі оқыту үрдісі ол көбіне сол заманына қарай
дағдыланған түрде болды.Оқыту процесінде заманға сай білікті мамандар
дайындаудағы басты қойылып отырған мәселе-бұл оқушы тарапынан белсенділік,
ұтқыр жаңа идеялар жасау және әлемдік сапаға сай білім деңгейін шыңдау.
Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану заман талабынан туындап отыр. Ақпараттық – коммуникациялық
технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі
талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық,
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі 
кездегі  шапшаң  жүріп жатқан жаһандану үрдісі  әлемдік бәсекелестікті
 күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев  Қазақстанның әлемдегі  бәсекеге
қабілетті  50 елдің қатарына  кіру стратегиясы атты  жолдауында 
Білім беру реформасы - Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап
көрсетті [1,155].
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту,  дара тұлғаны бағыттап  оқыту 
мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу–тәрбие  үрдісінің барлық
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Біріккен  ұлттар
ұйымының  шешімімен  ХХІ ғасыр–ақпараттандыру ғасыры 
деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық  
прогресстің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыратын жаңа кезеңіне енді.

Көптеген уақыттар желісінде технология түсінігі педагогикалық ұғымдар
қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні (шеберлік жөніндегі ілім)
педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру,
болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде
қарастырылды.  Педагогикалық əдебиеттерде қандай да
педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер
ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары,
білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған
жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б. 
Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу-оқыту технологиясы
жəне тəрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар
аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие
аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын
педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан
педагогикалық технология мəні оқу технологиясы, тəрбие технологиясы
ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Педагогикалық
технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл
ғылыми жоба. Əрі сол жобаның
дəл жаңғырып іске асуы. 
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына
адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге
жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша
қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды. 
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске
асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы
(В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі –
тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне
т.б.). Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы
жөніндегі идея қай заманда пайда болған? 
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де
дəріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың техникалық (яғни
технологиялық) болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін
жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек,
педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз:
Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған
мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3)
мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты
жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек. 
Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге
сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін
оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып
отырды.

Диплом жұмысының мақсаты: оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудағы жаңа
технологиялар арқылы мүмкіндігін айқындау және оны ұйымдастырудың
дидактикалық шарттарын негіздеу.
Зерттеу объектісі: білім берудегі жаңа технологияның маңызы мен
әрекеті.
Зерттеу пәні: жаңа технология арқылы шығармашылық қызығушылығын
дамыту.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер білім берудегі жаңа технологияның
мүмкіндіктерін және дидактикалық шарттарын айқындай отырып, оны
ұйымдастырудың жаңа қырлары ретінде:
- оқу үрдісіне қатысушылардың қарым - қатынасында оқушы
белсенділігіне жаңа технология мен қатар өзіндік жұмыстар арқылы басымдық
сипат берсе;
- сол өзіндік жұмысты ұйымдастыруда пәндік білім, білік, дағдыны
қалыптастырумен шектелмей, оны іс жүзінде пайдалануға негізделген
әрекеттерге бағыттаса.
Зерттеу міндеттері:
- оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудағы жаңа технологияның мән
– жайын, даму жолдарын зерттеу;
- жаңа технологияның ғылыми-педагогикалық мәселе ретінде зерттелу
деңгейін анықтау;
- оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуға бағытталған жаңа
технологияның ұйымдастыру жүйесін анықтау;
- дайындалған жүйені педагогикалық эксперимент арқылы тексеріп,
негіздеу.
Жетекші идеясы: Оқушыларға білім берудегі әрекеті олардың алған
білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда қолдануға болатындай дағдыларын
меңгеруге және дербестікке, белсенділікке тәрбиелеуге бағытталған жаңа
технологиялар арқылы қалыптасып, дамиды.
Зерттеудің көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың,
психологиардың, педагогтардың еңбектері, Қазақстан Республикасы жалпы орта
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, типтік оқу
жоспарлары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, педагогикалық баспасөз
материалдары, автордың жеке іс-тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерді талдау, мектептегі
оқу үрдісін бақылау, жүйенің мақсатқа сәйкестігін тәжірибелік эксперимент
барысында тексеру, қорытындылау.
Кіріспе бөлімде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, зерттеудің
мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері мен зерттеу болжамы, әдістері,
кезеңдері көрсетіліп жұмыстың ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық
маңыздылығы баяндалған, қорғауға ұсынылған қағидалар сипатталған.
Жаңа технология арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін
ұйымдастырудың ғылыми - теориялық негіздері атты бірінші тарауда оқушының
шығармашылық әрекетін ұйымдастыру ғылыми-педагогикалық мәселе ретінде
қарастырылды. Оқыту әрекетіндегі оқушы және оқытушы әрекеттерінің мазмұны
жаңа тұрғыдан пайымдалып, шығармашылық әрекетке әсер етуші факторлар
айқындалды. Өзіндік жұмыстың шығармашылық әрекетті ұйымдастырудағы
мүмкіндіктері анықталды, дидактикалық шарттары негізделді. Қорытынды
ретінде екі бөліктен тұратын оқушыларды шығармашылық әрекетке бағыттайтын
өзіндік жұмысты ұйымдастыру моделі ұсынылды.
Қорытындыда жүргізілген зерттеудің нәтижелеріне негізделген
тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.

I Тарау.
Оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық
технологиялар
1.1. Педагогикалық технологиялардың түрлері.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман
дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,
қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз
пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы
жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл
тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады,
дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге
қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі,
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға
қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік,
дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік,
ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен
сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты,
шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында
жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды
меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу
қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты
білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және
жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.
Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен
ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде
білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет.
Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің
қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы
адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға
бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім
беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына
бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру-
оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет
дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын
жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары
мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық
технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу
оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік
позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында
мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби
шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде
проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті
жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы
құзыреттілікті меңгере отырып тек  кәсіби икемділігін оңтайландыруды
қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін  үнемі оқып – үйрену
және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
1.2. Оқыту технологияларын қолданудың маңыздылығы.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен
қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы
мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең
алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі
бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды
қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты
қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы
саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына,
өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен
жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің
сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің,
зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде
білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты
мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім
кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның
құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру
жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы
алғанда құзырлылық ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылық ұғымы –
соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше
көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы сомпетенсбелгілі сала бойынша жан –
жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар
төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді деп
көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева ... өзінің практикалық әрекеті арқылы
алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын –
құзырлылықтар деп атаймыз  деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның
көзқарасы бойынша, Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның
дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы .
Латын тіліндегі  компетенссөзін ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылықты
білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға
мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын
толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім
беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік
көзқарастарды есепке алу қажет деп жазса, Б.Тұрғанбаева Құзырлылыққа
бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі
молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі
бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың
өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты  деп көрсетеді.
Қ.Құдайбергенова Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді
шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен
өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал
құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей
байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде
кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады деген тоқтам жасайды.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог
кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат
екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей
құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
3. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның
негііздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог
қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім
саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін
тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы
қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп
отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел
ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты
бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.Міне,
құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі
студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың ,
интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге,
білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды
қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде
қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде
белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды
талап етеді.

Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:
▪ бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға
бере білу, елжандылық, т.б);
▪ мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз
халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай
білу қабілеті);
▪ оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу,
жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау,
қорытынды жасай білу);
▪ коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас
тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық
қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
▪ ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен,
техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу,
таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
▪ әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау
жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына
және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
▪ тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық
және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен
тәжірибесінің болу қабілеті).
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның
арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап
етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып,
өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде
қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана
студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен
айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай
тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір
жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне
байланысты болады.

Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз- педагогикалық жұмысты
ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі
жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды
қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
2.Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқыту- мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және
оқушылардың белсенді түрде өз беттері мен ол мәселелерді шешу.
Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері
мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
3. Коммуникативтік байланыс технологиясы
Коммуникативтік байланыс технологиясы- шет тілдермен байланыс
негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағдар береді. Сабақтың практикалық
жағына бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық
ұғымдар кең көлемде бір қалыпты, және тез мөлшерде жинақталады.
Коммуникативтік оқыту қарым- қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді:
1. қызығушылығын коммуникативтік арттыру, коммуникативтік мотивация;
2. дұрыс бағытта сөйлеу;
3. өзара қатынастың қалыптасуы;
4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай стратегиялар арқылы
іске асады: ассоциация, кооперативтік қызмет, көзқарасын талдау
мен дәлелдеу түрінде қорғау.
Технология енгізу қорытындысы:
- оқу үрдісіне деген қызығушылықтың артуы;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді;класта қайырымды
білім атмосферасы қалыптасады
1. Түсіндіре баяндау арқылы тірек схемаларын қолдана
отырып, перспективалы оза оқыту. (С.Н. Лысенкова)
Бұл технологияда материалды меңгеру үш кезеңде жүреді:
- алдын ала;
- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;
- оқу іс - әрекеті және ойлау әдістерін дамыту;
Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға
мүмкіндік береді.
3. Жекелеп оқыту технологиясы.  Жекелеп оқыту – оқу процесін
ұйымдастырудың мына түрлерімен модельдерін қарастырады.
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б)
болады.
Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін
әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
4. Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ) ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және
жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.
ОҰӘ принциптері:
- жоғары жетістікке талпыну;
- алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу;
- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
- әртүрлі деңгейлік;
- тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі;  
5.Топтық технология.
Бұл класта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай
жұмыс белгілі – бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін класты уақытша топтарға
бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп,
бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
6. Оқытудың компьютерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын
дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен
даярлау және беру процестері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір
модельдерді пайдалануға негізделеді.

ІІ.Тарау
Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық
технология.
2.1. Болашақ мамандарды дайындау кезіндегі педагогикалық технологиялардың
маңыздылығы.
Оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында диалог
түрінде құрылады: орыс тілінің сөздігі мен Европа мәдениетінің
негізгі түрлерінің тарихи бір ізділігі; Оқу негізгі таңдану
нүктесі айналасына орналасқан ішкі диалогқа негізделіп құрылады.
 2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) Әдістемелік
құрылымның элементі негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы
ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған.
ДБІ технологиясының ашушы элементі – жаттығу – триада элементтері
сабақтардың бірінде қаралады:
- қазіргі тапсырма;
- кімге арналғандығы;
- жинақтау;
Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу
материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.
3. Ойлау қызметін этаптар бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу
технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі
меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір
қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық
этаптарында бақылап отыру – технологияның ең маңызды компоненттерінің бірі
болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.
1. Ерте және интенсивті сауаттылыққа оқыту технологиясы.
Технология мазмұны оқу процесі бала миының
танымдық қуатын жан- жақты активтендіре
отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың
табиғи ойлауына негізделген.
2. Жалпы оқу шеберлігі – бастауыш мектепте жетілдіретін технология.
2.2. Деңгейлік саралау технологиясы – саралап оқыту технологиясы, оқыту
процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту
құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Класты, топтарды оқытуға әр түрлі
қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-
психологиялық және ұйымдастыру – басқару шаралары біріктіріледі. 
Технологияның мақсаттық бағыты:
- бірінші класс оқушыларның сөйлеу тілін дамытуға даярлау;
- екінші, үшінші кластарда ең тиімді оқытуға жету (минутына 120 сөз).
- үшінші класта тез жазуды арттыру (минутына 60 әріп). 
орфографиялық сауаттылықты арттыру;
- қайталап айтуға үйрету;
- білім іскерлік және дағдыны терең меңгеру; 
3. Эффектілі сабақтар системасына негізделген технология.
Мақсаттық бағыттары:
- стандартты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;
- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;
- қабілетті балаларды дамыту;

2.3.Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың технологиялары

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат
негізінде ең алғаш рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы
жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны
белгілі. ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты
көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған
осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды
қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте
қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық
құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы
қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру,
іздемпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын
иесін тәрбиелеу керек. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті,
дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол
бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде: Көптеген табиғи
талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз
бұған жол бермеуі керек, - деген екен. ХХI ғасыр – білімділер ғасыры. Сол
себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап,
біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін
қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі,
дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің
басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын
қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Бастауыш мектеп – бұл оқушы
тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас
кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы
басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім
ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға
дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға
үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта
оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Әрине бастауыш
сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері
әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік -
оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым
терең жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі
кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады. Педагогика ғылымы еш нәрсеге
бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті,
балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты
түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр
түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының
мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен
сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары
мыналар:
▪ Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
▪ Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
▪ Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың
▪ Дербестігініңөзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен орындау.
Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының
оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау
барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде
оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы
жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен
деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты
оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен
қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс -
тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып,
ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып
отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың
ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын
дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану
арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп,
онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық
деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті. Қазіргі Қазақстан
қоғамында әлеуметтік-лингвистикалық жүйені реттеу мен жетілдіру жүріп
жатыр. Адам өз бейімділігіне лайықты жұмыс істегенде, барын сала кіріскенде
ғана еңбегінің жемісін көреді. Ғалым Қ.Жарықбаевтың айтуынша: “Адам үшін іс-
әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы
мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері
болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен белгілі бір нәтиже
шығару – оның екінші бір басты белгісі болып табылады”. Сондықтан
ересектердің мемлекеттік қазақ тілін үйренуге бейімділіктері мен
белсенділіктерін айқындау мәселесінің зор әлеуметтік мәні бар. Өйткені
қоғамымыздың болашақ даму деңгейі осы мәселенің қай дәрежеде шешілуіне
тікелей байланысты. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңғыру үдерісі жағдайында бүгінгі
таңдағы түбегейлі мәселе – адамды іс жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы
ету заңды құбылыс. Ересек тіл үйренушінің әлеуметтену үдерісі де заман
талабына сай болып отыр. Адамдардың тұлғалық қарым-қатынасы негізінде ой-
пікірлердің тоғысуы жүзеге асады. Адамды тұтастықта тұлға деп тану қоғамды
жаңаша құруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі үздіксіз дамытып, өз әрекетін өзі
дұрыс бағалай алатын тұлғалар ғана бәсекелестікке қабілетті қоғамда өз
тиесілі орнын таба алады. Тұлға - өз-өзіне тұтас дүниемен өзара
қатынастарын үнемі баяндайтын және ойдағы әңгімелесушімен ішкі полемика
барысында өзін-өзі анықтайтын, кіналайтын, қорғайтын, өзін-өзі жетілдіріп,
өзгертетін адам. Тұлға – дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке
адам болмысының қайталанбас ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара
нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның
өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан
әлеуметтік жағдайлармен анықталады. Бұған қатысты Д.В.Ольшанский: “Тұлға
дегеніміз – қарым-қатынастың, сонымен бірге адамдармен байланысудың толып
жатқан басқа да түрлерінің нәтижесі”, - деген пікір білдірген. Б.Г.Ананьев
тұлғаның дамуының әлеуметтік мәселелеріне тоқтала келіп: “Тұлға – тарихи
дамудың белгілі бір кезеңінде, белгілі бір қоғамдық-экономиялық формацияда,
белгілі бір ұлттық құрамы бар елде қоғамның жеке адамға көптеген
экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік және т.б. әсерлерінің
нысанасы”, - деген анықтама береді. Демек, ХХІ ғасырдың бастапқы кезеңін
басынан кешіріп отырған 120 ұлттан құралған тәуелсіз Қазақстан қоғамы да
тіл үйренуші мемлекеттік қызметшілерге жан-жақты әсер етеді. Қазақ тілін
мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту үдерісіне тіл үйренушінің
тұлғалық дербестігіне баса көңіл бөлу, оқыту мен тәрбиелеуде оның өзіндік
дамуын жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл арқылы жүзеге асыру тән. Осыған
байланысты қазіргі білім мен біліктілікті арттырудың дамуында жаңа
тенденциялар байқалады. Негізгі күш тіл үйренушінің тілдік тұлғасын
дамытуға, оның қалыптасуы мен жетілуіне жұмсалады. Қазақ тілін жеделдете
оқытудың мақсаты - тілдік тұлғаның өзін дамытуы мен өзін жетілдіруіне
мүмкіндік жасау. Оқытудағы бағдар материалдың құрылымы мен нақты
жағдайларды логикалық тұрғыдан түсініп, талдау және өнімді қатысымдық
әрекет нәтижесінде жаңа білім алудың тәсілдерін ашу, қоғам алдындағы нақты
мәселелерді шеше білуге бағытталады. Қазіргі уақытта біліктілікті арттыру
жүйесінде мемлекеттік тілді оқытуда жеке тұлғаның өмірі, құқығы мен
бостандығы жоғары құндылық болып саналатын Қазақстан Республикасының
Конституциясы басшылыққа алынады, білім беруді ізгілендіру мен
демократияландыру ұстанымдары анықтайды. Ол білгір адам парадигмасын
ауыстыратын білікті тұлға, қатысымдық тұлға, құзыретті тұлға
парадигмасы болып табылады. Әлемдік практикада өткен ғасырдың 40-жылдарында
қолданысқа ене бастаған үздіксіз білім беру термині ересек адамдарға
білім беру жүйесі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі өмірлік білім беру
идеясының орнына өмір бойы білім алу идеясын басшылыққа алудың дұрыстығы
заман талабынан туындап отыр.

Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер
аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла
бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.). 
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр.
Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық
процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен
байланысты. 
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп,
топтастырылады: 
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік
(модульдік); 
- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл
(авторитарлы); 
- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты
(ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу
(интериоризаторлы), дамытушы; 
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар
қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері
əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін
дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру). 
- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы
іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру
технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру
мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу
материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология
жəне т.б. 
Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты
кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру
формасының қолданылуына, дəл кезеңде қажет болған
əдістерге жəне басқа да негіздемелерге тəуелді келеді. 
Оқу технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен
айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай
жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына
жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал
əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге,
əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа
материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол
əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына
орайласса, оны технология деп тануға болады. 
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу
технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы
жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық
ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді. 
2.Оқудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы 
Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік
жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың
игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз
етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған
(əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту–бекіту–қадағалау–бағалау
сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты
өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік
беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама
(парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде 1)
көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-
əрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап жəне
тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту
ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, əрекеттерді көрсету,
оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету. 
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар –
үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін
тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс –тəсілдерін
пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология біршама
кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге
қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем. 
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері
арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин жəне
т.б.). 
Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына
бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі
жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. Жақын даму аймағының мəні:
бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында
не ақылдылау дос –жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген
пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі
оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын. 
Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы
дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі
қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани,
сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу,
тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы
бəсеңдейді. 
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне оны
құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі
тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен,
оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды. 
Дамытушы технология талаптарының жəне бірі – оқу ілгерілі жəне жедел
қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің
кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік
бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу
бағытын ұстануды қажет етеді (Д.Б.Эльконин). 
Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің əрқилы
жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен
жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап
əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз əрекеттерін сезінуі мен
түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы. 
Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен
тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология
шарттарына орай оларға да көп мəн беріледі. 
Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең
қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты
болып жүр. Себебі, оқушылардың бəрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере
алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда əбден
күйзеліске түседі. Сондықтан барша шəкірттерді теңдей шапшаң жəне жоғары
күрделілік деңгейінде оқытып, тəрбиелеуге болмайды. 
Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі
мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин,
Л.Н. Ланда, А.М. Матюшкин жəне т.б.). БОТ
бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер,
Б.Скиннер, С.Пресси). 
БОТ – бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-
машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама
бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология
əрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны,
сауаттылық деңгейі жəне т.б.) оқуына мүмкіндік береді.
БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері: 
- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі; 
- əр бөлшекті игеруге арналған нақты əрекеттерді орындау нұсқаулары
жүйесінің берілуі; 
- əр бөлшек игерілуінің тексерілуі; 
- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың ендігі
жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі; 
- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін
алуы; 
- қадағалау тапсырмаларының нəтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері
байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.
 Проблемді оқу технологиясы мұғалім
басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған
өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға
негізделеді.
Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар
қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі,
шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды
(Т.В.Кудрявцев,
А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.). 
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын
күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады
жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің
тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен
əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру
тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды,
пікір жүргізеді, дəлелдейді. 
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз
тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік жəне
дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына
жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі,
өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін
қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап
етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін
жүйелі басқару қиын. 
Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі
оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні -
оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не
белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль
– мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын
(технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел). Модуль құрамы:
əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа
жетудің əдістемелік көрсетпелері. 
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға
келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол
ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу
деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі. 
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу
əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі
анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына
жəрдемдеседі. Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста
пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу
формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға
қолданылуы ықтимал. Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы
педагогикада ежелден танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген (П.Блонский,
В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин жəне т.б.). 
Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-сабақтық
жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сəйкес берілетін оқу мазмұны бөлім,
тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда
ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пəндерден алатын білім, ептілік,
дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен,
оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір
дəрістің екіншісінен алшақты болуынан бір сабақта
қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне ұмытылады. 
Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп ене
алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт
сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен
əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр
дəріс оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа
мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына
сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. Ал
бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес. 
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға
межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу-
оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне
жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу
үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни
қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай,
тек сол пəнмен ғана шұғылданып, толық шомуы қажет. 
Қашықтан оқу технологиясы – бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта,
теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену
қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге
қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін
ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға,т.с.с.).
Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық
меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу
технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.

ІІІ.Тарау
Альтернативті технологиялар.
3.1.Табиғи белсенділік технологиялары.
Вольдорф педагогикасы гуманистік педагогика мен еркін тәрбие
идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен
партнерлікке жекеліктің өз бетінше дауы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін.
1.Сауаттылыққа табиғи белсенділікпен тәрбиелеу. Мақсаттық бағыты:
-сауатты оқырманды тәрбиелеу;

- келесі білім алуда кеңірек пайдалану үшін психоинтеллектік базаны құру;
- шығармашылық ойлауын дамыту – оқу кезінде біруақытта оқылып отырған
шығармадағы оқиғалар мен кеңістік әлемін көре білу қабілеті;
- дауыстап оқу мен іштей оқу арасындаға айырмашылықта айыра білу;
Технология текстен белгілі сөздерді бүтіндей кейіпкерлерді тану процесі
ретінде қарап оқуды дамытуды қалыптастыруға көмектеседі.         
2. Өзіндік дамыту технологиясы ( М. Монтессори)
Мақсаттық бағыты:
- жан- жақты дамыту;
- жекелікті тәрбиелеу;
- бала санасында ойлау қызметі мен
пәндер элементін біріктіру.
Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.
Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілуі, қоғамның ақпараттану
саясатына байланысты. 1997 жылдың 22-кыркүйегінде ҚР-ның Президенті
бекіткен мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының негізгі бір бағыты —
қазіргі заманғы технологияны окыту процесіне тиімді пайдалану болып
табылады. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны пайдалану
оқу үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік
береді, бұл оқыту процесін толығымен өзгертуді қажет етеді.
Білім жүйесіндегі педагогикалық технология ғана емес, практикаға да
өзгерістер енгізеді. Теория практикасыз еш нәрсені өзгерте алмайды.
Теорияның практикалық күші мен энергиясы бар, бірақ оны нақты практикада
пайдалана алатын адамдар санасымен қабылдануы ғана материалдық күшке ие
бола алады. Сонда ғана теория адамдар қажетін қанағаттандыратын,
практиканың бағыттаушы, реттеушісі бола алады. Ал теория практикаға
технологиялық процестер аркылы ғана ене алады. Технологиялық процестер
нәтижесінде ғылыми теория мақсатты практикалық жүйеге енгізе алады. Міне,
дәстүрлі жүйенің практика мен теорияның алшақтығы, қолданбалы-нақты теория
мен технологияның азырақ пайдаланылуы, теория мен практиканың алшақтануына
алып келді. Осы алшақтықты жою мақсатында қазіргі кезде педагогикада
технологияландыру процесіне қызығушылық туыңдап отыр. Жаңа мазмұн, жаңа
әдіс, жаңа қарым-қатынас негізінде білім беру ісі жаңа мәнге ие болады.
Осылайша өмірге білім берудің жаңа парадигмасы енді.
Педагогика ғылымының практикасы мен теориясында оқыту мен тәрбиелеу
процесіндегі толық біркелкілік біртіндеп өзгеріп, әр түрлі формадағы
мектептер мен авторлық жобалар пайда бола бастады, соның
ішінде жаңа педагогикалық технологиялардың, қазіргі заманғы
талабын қанағаттандыратын бағытқа қарай өзгеруде.
Оқыту мазмұнының, әдістерінің және тәсілдерінің білімге деген қатынасының
өзгеруіне алып келіп отыр. Білім берудегі жаңа білім беру парадигмасына
байланысты педагогика ғылымы мен мектеп практикасында негізгі орынды жеке
тұлғаға бағытталған бағыт, маңызға ие болуда, оның негізгі идеясы оқушының
өзін-өзі дамытуға, жеке тұлға болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарындағы оқу – тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық негіздері
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқыту
Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары туралы
Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды қолдану
Оқытудың жаңа технологиялары туралы
Бастауыш білім беруде қазіргі педагогикалық технологиялар
Заманауи сабақ - оқушылардың белсенді оқу қызметі
Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Оқытуды ұйымдастыру түрлері
Технологияның кезеңдері
Пәндер