Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе: Кіріспе
3: 3
Кіріспе: 1 БЮДЖЕТТІК ҰЙЫМДАРДАҒЫ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
3: 7
Кіріспе: 1. 1 «Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы» денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесінің сипаттамасы
3: 7
Кіріспе: 1. 2. Бюджеттік ұйымдардағы есептің жағдайы
3: 15
Кіріспе:

1. 3 Бюджеттік ұйымдардағы есеп жүргізудің мемориалдық ордер формасы

3: 20
Кіріспе: 2 БЮДЖЕТТІК ҰЙЫМДАРДАҒЫ ЕСЕПТІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
3: 24
Кіріспе: 2. 1 Бюджеттік ұйымдардағы есептің жүргізілу қағидалары
3: 24
Кіріспе: 2. 2 Бюджеттік ұйымдардағы шығыс сметасының орындалуы жағдайы
3: 31
Кіріспе: 2. 3 Бюджеттік ұйымдардағы есеп жүргізу саясаты
3: 51
Кіріспе: 3 БЮДЖЕТТІК ҰЙЫМДАРДАҒЫ ЕСЕПТІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ МОДЕРНИЗАИЦИЯЛАУ ЖОЛДАРЫ
3: 54
Кіріспе: 3. 1 Бюджеттік ұйымдардағы есепті модернизаициялау
3: 54
Кіріспе: 3. 2 Бюджеттік ұйымдардағы есептің жетілдіру жолдары
3: 64
Кіріспе: 3. 3 Халықаралық стандарттар негізінде қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру
3: 65
Кіріспе: Қорытынды
3: 70
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 73

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексіне сәйкес 2009-2011 жылға арналған бюджеттік заңына Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлауын, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізінде жүргізуге мүмкіншілік береді [1] .

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының ерекшеліктеріндегі проблемаларды айқындау.

Бухгалтерлік есеп деп - орын алған шаруашылық фактілермен байқау жинақтау, ұйымдар қызметтін тиісті ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні бар жүйені айтамыз.

Есеп беруді ұйымдастыру деп - есеп жүргізудің жағдайын, мұның құрамдас элементтерін, есеп кезеңдерін арнайы тәртіпке сай қатаң сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін жүргізу, есептеу техникаларын тиімді пайдалануды айтамыз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп берудің жүргізілу ерекшеліктерін зерттеп, олардың проблемалары мен жетілдіру жолдары туралы тиісті қорытындылар жасау.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік мекемелер жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, демеушілік пен қайырымдылық көмек шоттарына, депозит шоттарына, шетелдік валютадағы шоттарға және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарына түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуын есепке алады. Осыған сәйкес республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алуды жүзеге асырады. Бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, демеушілік пен қайырымдылық көмек шоттарына, депозит шоттарына, шетелдік валютадағы шоттарға және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарына түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуының бухгалтерлік есебі осы көзделген шоттардың жоспары бойынша бірыңғай теңгерімде жүргізіледі. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетімен келісіп қажет болған жағдайда өз қызметінің өзгешелігін ескере отырып, өз жүйесінің мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөнінде жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығарылуы мүмкін. Шығыс сметаларын орындаудың бухгалтерлік есебі осыған сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырылады. Есепті орталықтандырған кезде қызмет көрсетуші ұйымдардың басшыларына лимиттерге иелік ету құқығы қалдырылады, атап айтқанда: тауарларды жеткізіп беруге және қызметтер көрсетуге келісім-шарттар, орындалған жұмыстарға еңбек келісімін жасасу; белгіленген тәртіпте шаруашылық және басқа да мұқтаждарға аванстар алуға және өз қызметкерлеріне аванстар беруге рұқсат ету; бюджеттік қаржы беру шегінде бөлінген лимиттердің есебінен шығыстары төлеуге рұқсат ету; белгіленген нормаларға сәйкес ұйымдардың мұқтажына арнап материалдарды, тамақ өнімдерін және басқа да материалдық құндылықтарды жұмсау; есеп беретін адамдардың аванстық есебін, түгендеу және т. б. бойынша құжаттарды бекіту. Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына осы ұйымдардың басшыларымен келісілген орталық бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде шығыстар сметасының орындалуы туралы оларға қажетті мәліметтерді табыс етеді. Бухгалтерлік қызмет басшылары өз жұмысында "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, белгіленген тәртіпте бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру (бухгалтерлік қызмет) басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді, және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысында, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жәй-күйіне, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтуы тиіс [3] .

Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді:

- құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасасқан операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру;
- міндеттемелер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражаттың мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау жасау;
- ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарларының орындалуына және олардың бухгалтерлік есепті жүргізуіне бақылау;
- мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның түсімдері мен шығыстарын есепке алу, депозит шотындағы демеушілік және қайырымдылық көмектің ақшалары бойынша операцияларды есепке алу, республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алу;
- арнайы қаржылар сметасы бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу;
- бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және оқушыларға стипендиялар есептеу және мерзімінде төлеу;
- ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен қаржыландыру жоспарларды орындау үстінде пайда болатын есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу;
- ақшалай қаражаттарды, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеудің нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу;
- өздері жауапты сақтаудағы құндылықтардың есебі мен сақталуы мәселелері бойынша материалдық жауапты адамдармен нұсқама өткізу;
- есеп-есептеу жұмыстарын компьютерлендіру, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және табыс ету;
- ұйым басшысымен (штатта экономикалық қызметтің қызметкері болмаған жағдайда) қаржыландыру жоспарын және соған байланысты есептеулерді жасау және келісу; активтердің, бағасы арзан және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың олардың сақталу және пайдаланылу жерлерінде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру; - есеп және есеп беру мәселелері жөніндегі ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды, бухгалтерлік қызметтің құзыретіне жататын басқа да нормативтік құжаттарды жүйелі түрде есепке алу;

- есеп саясаты жөніндегі құжаттарды, есеп деректерін машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды архивке тапсыру.
Бюджеттік ұйымның басшысы есеп жүйесін жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтер басқаратын, оның құрылымдық бөлімшесі немесе орталықтандырылған бухгалтериясы болып табылатын бухгалтерлік қызметпен жүзеге асырылады. Бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есеп беруді ұйым басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маманның жүзеге асыруы мүмкін. Басшы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, есепке қатысы бар ұйымның барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің және есеп үшін тапсырудың тәртібі бойынша бас бухгалтердің талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларда жасауға міндетті. Бюджеттік ұйымның бас бухгалтерін ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және босатады және тікелей ұйымның басшысына бағынады. Ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік есептің шоттарында барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларының бақылауын және көрсетілуін, жедел операцияларды тапсыруды, бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде жасауды қамтамасыз етеді. Бас бухгалтер ұйымның басшысымен бірге тауарлы-материалды құндылықтар мен ақшалай қаржыларды қабылдауға және беруге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық шарттарына қол қояды. Ұйымның басшысы бас бухгалтердің ұсынуы бойынша жекелеген учаскелер жөнінде құжаттарға қол қою құқығын осыған өкілеттік берілген тұлғаларға тапсыра алады. Бас бухгалтердің қолынсыз құжаттар жарамсыз деп саналады және орындауға қабылданбайды. Материалдық жауапты тұлғаларды тағайындау, босату және орын ауыстыру бас бухгалтердің келісімімен жүргізіледі. Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде әрбір қызметкер өзінің міндетін білуі және олардың орындалуына жауап беру үшін бухгалтерия қызметкерлерінің жұмыстағы міндеттерін белгілейді. Бюджеттік ұйымның құрамына кіретін барлық бөлімшелер бухгалтерлік қызметке бухгалтерлік есеп пен бақылау үшін қажетті құжаттарды уақытында тапсыруға міндетт.
Дипломдық жұмыстың объектісі ретінде Талдықорған қалалық білім беру департаменті алынды.

Дипломдық жұмыс жазу барысында Қазақстан Республикасы бюджеттік Кодексі, 2009-2011 жылға арналған бюджеттік заңы, ҚР Қаржы Министрлігінің нұсқаулар және басқа да нормативтік документтер қолданылды.

1 БЮДЖЕТТІК ҰЙЫМДАРДАҒЫ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 «Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы» денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесінің сипаттамасы

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы Қазақстан Республикасының заңдылықтары негізінде қадағалау және басқару жұмыстарын атқаруға өкілеттенген денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесі болып саналады.

Алматы обылысы әкімінің 2002 ж 20. 08 айындағы № 8-218 шешімі бойынша «Талдықорған аумақтық балалар туберкулезіне қарсы санаториясы» мемелекеттік мекемесі, «Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы» денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертулеріне байланысты қайта тіркеуден өтті.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдылықтары, Президенттің, Өкіметтің, қаулы қаралары, тағы да басқа заңдылықтар негізінде жұмыс жасайды.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы мемлекеттік тілде жазылған өзінің мөрі, тағайындалған үлгідегі бланкісі және заңды түрде тіркелген банк жүйесіндегі есеп-шоты бар заңды тұлға болып табылады.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы өз атынан азаматтық заңдылықтар қатынастарын реттейтін мекеме болып саналады.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы азаматтық заңдылықтар қатынастары кезінде өз мекеме жағынан мемлекет заңдылықтар жүйесі бойынша сөйлесуге құқы бар.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы тағайындалған заңдылықтары жүйесі негізінде, өз құзыры шамасында, санаторий ішінде міндетті орындалатын, бұйрықтар шығарады.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының құрлымы мен шектеулі штат санын өкілетті орган бекітеді.

Заңды мекен жайы: Алматы облысы Талдықорған қаласы; Қаратал көшесі №167

Заңдық тұлғаның мемлекеттік тілдегі толық атауы; «Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы» денсаулық

Сақтау мемелекеттік мекемесі.

Орыс тілінде; Государственное учереждение здравоохранения «Талдыкорганский детский противотуберкулезный санаторий» Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық сақтау мекемесі болып саналады және оның қызмет көрсету өкілеттілігі облыс территориясын қамтиды.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы құрылтайшысы Алматы облысы әкімі болып саналады.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы үстінен қарайтын өкілетті орган «Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының қызметі тек мемлекеттік бюджеттен қаржыландырады.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы Қазақстан Республикасы заңдылықтар негізінде өз қызметін атқарады.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының негізгі міндеті 7 жастан 14 жасқа дейінгі балаларды қазіргі медицина ғылымы мен техника негізінде сапалы емдеп қызмет көрсету.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының негізгі міндеттеріне төменгі шаралар жатады.

  • туберкулез ауруынан, өлімнен балаларды қорғау мақсатында емдеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру, жүргізу;
  • балаларға тегін және сапалы емдік көмек көрсету;
  • тәжірбие жүзінде балаларды емдеудін жаңа әдістерін қолдану және еңгізу туберкулез ауруын жаңа медициналық ғылым мен техника негізінде емдеу, сонымен бірге алдынғы қатарлы емдеу - сауықтыру орындарының озық тәжірбиелерін үйрену;
  • жұмыстын жаңа әдістерімен тәсілдерін қолдану және жетілдіру;
  • балаларды емдеу сауықтыру жұмыстарын мәдениетімен сапасын арттыру;
  • санитарлық тазалық жұмыстарын жетілдіру;
  • салауаттық өмірді насихаттау;

Талдықорған балалар, туберкулезіне қарсы санаториясы өзінің негізгі міндеттеріне байланысты төменгі қызметтерді атқарады;

  • санаториялық тәртіп бойынша балаларға жоғарғы дәрежедегі дәрлік көмек көрсету;
  • ауру балаларды тексеру, емдеу кезінде, аудандық және облыстық туберкулез диспансерлерімен байланыста болу;
  • кез келген жағдайда. Тұрған жеріне және жас шамасына қарамай, кенеттен сырқаттанған немесе жарақат алып келген адамдарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету;
  • жалпы дәрігерлік көмектін жаңа, тиімді тәжірбиелерін іздестіру үйрену және практика негізінде қолдану;
  • емделетін балаларға жағдай туғызып белгіленген тәртіп бойынша дұрыс қадағалау, тәрбиелік жұмыс жүргізу;
  • көрсетілген емдік көмектердің сапалығына есеп беріп, емдік шаралардың нәтижесін анықтап отыру;
  • басқа дәрігерлік мекемелерімен тығыз байланыста болу, қалалық балалар емханасы, қалалық эпидемиологиялық станция, обылыстық тубдиспансер, т. б
  • өз мамандықтары бойынша дәрігерлерге, медбикелерге, мұғалімдерге мерзімінде теориялық білім деңгейін жетілдіріп отыру;
  • Ата-аналар арасында тазалық сақтау жөніндегі әңгіме жүргізуді ұйымдастыру;
  • Халық арасында балалар ауруын тексеру, емдеу оны қадағалау жұмыстарын бір жүйеге келтіру;
  • Санатория жұмыс тәртібін қатаң сақтауға көңіл бөлу;

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының негізгі міндеттеріне Қазақстан Республикасы заң жүйесінде негізделген актілермен айқындалған міндеттер жатады, егер санаторидың қызметі:

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының құру туралы актісімен бекітілсе;

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының жалпы ережелерімен айқындалса;

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының құқығы, Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының негізгі міндеттері мен қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің және де басқа да Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілері негізінде іске асыру үшін берілген құқық болып табылады.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының жедел басқаруы құқы бар жеке мүлікке иелік етеді. Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының жалпы мүлкі мемлекет қарамағынан берілген мүліктерден құралады олар негізгі және айналымдағы заттарды құрайды, сонымен қатар бағасы санаторий балансында тіркелген басқада заттардан құралады;

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясына бекітіліп берілген мүліктер мемлекеттік меншік болып саналады. [29] .

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы өзіне бекітіліп берілген мүліктерді жеке өзі есептен шығаруға немесе сатуға құқығы жоқ. Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясына қарамағындағы мүліктерді пайдалануға құқық берілген. Сондықтан белгілі заңдылықтар бойынша шектеулі мүліктермен ғана жұмыс жасай алады;

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы өз міндеттемесі бойынша қарамағындағы ақша қаражаттарына жауап береді.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесіне өз міндеттерін орындау үшін ақша қаражаты жетпеген жағдайда, оның міндеттемесін орындау жауапкершілігі жергілікті атқару орынына жүктеледі. Келісім шарттар бойынша жауапкершілік мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесін қаржыландыруға арналып бекітілген смета көлемінде ғана тағайындалған заң жүйесі арқылы шешіледі.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының қызмет жүйесін ұйымдастыру . Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының жетекшілігі бір ғана бас дәрігердің қарамағында, оны облыстық денсаулық сақтау басқармасы белгіленген заңдылық бойынша тағайындап және босатады.

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының бас дәрігері барлық жұмыстарды ұйымдастырып және басқаруға міндетті және өзіне жүктелген қызметтін орындалу сапасына жауап береді.

Осы мақсаттарды орындау барысында бас дәрігер;

өзінің орынбасарының және бөлім менгерушісінің жұмыстағы міндеттерін айқындайды.

мемлекеттік заңдылық жүйесі бойынша қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан босатады;

белгіленген заңдылық жүйесі бойынша қызметкерлерге жұмыс тәртібін бұзған үшін шара қолданады;

мемлекеттік мекеменің актіліріне қол қояды;

санаторияның бөлімдерінің жұмыс ережелерін бекітеді;

мемлекеттік мекемені жоғары мемлекеттік мекемелер және ұйымдар алдында көрсетулер құқығы бар;

заңдылық негізінде басқа да өкілеттік жұмыстарды атқарады;

Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясының қайта құрылуы (қосылуы, бірігуі, бөлінуі, бөлініп шығуы, өзгертілуі) мен таратылуы Қазақстан Республикасы заңдылықтары арқылы жүзеге асады.

Негізгі ұғымдар. Мемлекеттің активтері - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құндық бағасы бар құқықтар.

- бюджет-мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;

- облыстың бюджеті- араларындағы өзара өтелетін операциялады есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың ) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;

- бюджеттік қамтамасыз етілу-мемлекеттік басқару органдары тиісті бюджет қаражаты есебінен ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушылардың бірлігіне шаққандағы заттай нормалар есепке алған мемлекеттік қызметтер көрсету құны;

- бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;

- бюджеттік инвестициялық бағдарлама - сипаты техникалық - экономикалық негіздеу сатысында қол жеткізу мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейтін бұрынғы инвестициялық мақсатты көздейтін іш шаралар жиынтығы;

- бюджеттік инвестициялар - экономикалық пайда табу немесе әлеуметтік экономикалық тиімділікке жету мақсаты мен мемлекет активтерінің құны ұлғайтуға, адам ресурстарын дамытуға және табиғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған қаржыландыру;

- бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;

- бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар

- Бюджет қаражаты - мемлекеттік меншікке түсуі мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысандар көрсетілген мемлекеттің ақша және өзге де активтері;

- Бюджеттік инвестициялық жоба шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар бюджеттік инвенсицияларды жүзеге асыру жөніндегі іш шаралар жиынтығы;

- Бюджет процессі - бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылау сондай ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдары мен реттелген қызмет;

- кепілдік берілген трацферт - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кодекске сәйкес бюджет процессі дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, осы кодестің 40-бабының 6-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемісіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі.

  • бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжап, талдайды және ақшалай қаражат басқару жөнінде шешімдер қабылдайды;
  • бір жолғы талондарды беруге және есебін жүргізу жұмыстарын үйлестіреді;
  • жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімгерлердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсетудің түрлері бойынша шығыстарын қаржыландыру және кірістердің жиынтық жоспарын қарайды, сондай ақ келіседі;
  • міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын және түсімдерін жиынтық жоспарын қалыптастырып бекітеді;
  • бағдарлама әкімгерлерінің жылдық сомаларын әр айға бөлінуіне және қаржыландыру жоспарына енгізілетін өзгерістердің негізділігіне талдау жүргізеді және оларға баға береді;
  • мемлекеттік мекемелерге бюджеттік қаржатты жұмсау үшін міндеттемелерді қабылдауға рұқсат береді;
  • бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар дайындайды және міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастырып өзгерістер енгізеді;
  • аудан әкімдігіне басымдық және аймақтық бағдарламаларды қаржылай қамтамасыз ету жөнінде іс шараларды әзірлеп, ұсынуға қатысады;
  • жергілікті атқарушы органның резрвтегі қаржысының жұмсалуын есепке алуды және талдауды жүзеге асырады;
  • ақшалай бюджеттік операцияларды тіркеумен жинақтаудың үздіксіз есебін жүргізу арқылы жүйені және ақпаратты толық жинауды ретке келтіруді қамтамасыз етеді;
  • мемлекеттік бағдарлаамаларды жүзеге асыру жөнінде бюджеттің атқарылуы және бюджеттік қаржатты игеру мониторингін жүзеге асырады;
  • Алматы облыстық қаржы басқармасына және атқарушы органға белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде тапсыру үшін бюджеттің атқарылуы бойынша есеп беру салдарының барлық түрлерін қалыптастырады. [29] .

Бюджет жүйесі мынандай принциптерге жүктеледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛАКӨЛ көлінің емдеу қасиеттері
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулық
Қонақ үй шипажайлары
Балалардағы өкпе туберкулезі
Қазақстан Республикасында туризмнің дамуы, оның мәселелері мен өзектілігі
Суккулентті бөлме өсімдіктерін өсіру
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы
Туберкулезді емдеу шаралары туралы
Туберкулез
Баянжүрек тауының археологиялық ескерткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz