ХІХ ғасырдағы мұқтаждарға көмек көрсету мен қолдаудың негізгі мәселелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4-6

1. Батыс өркениетіндегі ғылымға дейінгі филантропия

және қайырымдылық теориясының кезеңі . . . 7

1. 1 Ежелгі Грекия мен Римдегі филантропия теориясының

пайда болуы . . . 7-9

1. 2 ІІІ ғ. -дан ХVI ғасырға дейінгі аралықтағы көмек пен қолдау

туралы христиандық түсініктің қалыптасуы . . . 10-14

1. 3 XVII-XVIIIғғ. ынтымақтастық идеологиясының дамуы . . . 15-17

2. XVIII- XIX ғасырлар аралығындағы Батыс Еуропа мен

АҚШ-тарындағы ынтымақтастық идеясы пен әлеуметтік

қайырымдылықтың қалыптасуы . . . 18

2. 1 ХІХ ғасырдағы мұқтаждарға көмек көрсету

мен қолдаудың негізгі мәселелері . . . 18-22

2. 2 ХІХ ғасырдағы қоғамдық көмек пен қолдау

практикасындағы адамгершілік -этикалық мәселелері . . . 23-28

2. 3 АҚШ-тарындағы XVIII-XIX ғасырлардағы адам құқығы

концептісі мен әлеуметтік қайырымдылық идеологиясының дамуы . . . 29-33

3. ХХғ. әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік қамтамасыз етудің еуропалық моделдері . . . 34

3. 1 Негізгі еуропалық елдердегі әлеуметтік қамсыздандыру

мен әлеуметтік жұмыстың жүйелері . . . 34-38

3. 2 Германиядағы ХХ ғасырдағы әлеуметтік жұмыс пен

әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі . . . 39-43

3. 3 Франциядағы әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік

қорғау жүйесі . . . 44-48

3. 4 Ұлыбританиядағы әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік

қамсыздандыру моделі . . . 49-52

4. ХХ ғасырдағы Солтүстік Американдық әлеуметтік

қамтамасыз ету жүйесіндегі кәсіби әлеуметтік жұмыс . . . 55-58

4. 1 АҚШ-тарындағы 1900-1930 жылдардағы әлеуметтік жұмыс

және әлеуметтік қамтамасыз ету практикасы . . . 53-56

4. 2 АҚШ-тарындағы 70-90-жылдардағы әлеуметтік жұмыс

және әлеуметтік қамсыздандыру . . . 57-58

Қорытынды . . . 59-60

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 61-62

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Түрлі көмектер мен қолдаулардың арнаулы әлеуметтік институт ретінде ұжымдық құндылықтар мен нормативтік негіздемелері сонымен қатар өзінің түсінік номинациясында қоғамдық сананың идеологемдары ХІХ ғасырға дейін бір -біріне сәйкеспеді. Нақты сеніммен көмек формасы мен көмек туралы түсініктер әр түрлі атаулы сипатта болды.

Дегемен, олардың ортақ негіздемелеріне түрлі кезеңдерде тұрақты түсінік динамикасы қалыптаса бастады. Бұларды түрлі әлеуметтік-мәдени ареалдар мысалдары арқылы байқауға болады. Мысалы, Францияда көмек практикасын идентификациялайтын түсінік «charitas» (қайырымдылық, мейірімділік) болды. Ол орта ғасырларға тән қолдау жүйесі болған еді. XVIII ғасырда «assistance»- қодап жіберу атты түсінік енді. Ол қоғамдық қатынастардағы әл-ауқаты төмен тұрғындарды қолдаудың жаңа белесін білдірді, ол кезде конфеессиялық қолдаудың орынан мемлекеттік қолдау жүйесі ене бастады. ХХ ғасырларда ол түсініктер қайтадан ауысып, алдымен ол «aide social» (әлеуметтік көмек), кейіннен «travail social» (әлеуметтік жұмыс) түсінігіне алмасты.

Бұл түсініктер мен әлеуметтік қолдау жүйеісінің даму барысы, әсіресе оның ғылыми тарихы мен теориясының дамуы Еуропалық өркениет пен Америка құрлығында (АҚШ мысалында) жүрді. Сондықтан «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы мен ғылымының кешенінде әлеуметтік ойдың тарихы тұрғысынан талмыш кезеңнің, батыс елдеріндегі әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік қолдау тарихының оқытылуы мен қарастырылуы өте маңызды болып табылады. Бұл дипломдық жұмыстың көкейкестілігін көрсететін көп аспектілерінің бір қыры болып табылады.

Жұмыстың мәні. Тарих ақиқаттың «анасы». Себебі, тарих шындықты зерттеу тұрғысынан емес, оны шындықтың қайнар көзі деп бағалауымыз қажет. Тарихи ақиқат дегеніміз, өтіп кеткен оқиғалар тізбегі емес келесі ұрпаққа болашаққа жол сілтейтін бағдарлама. Сондықтан жұмыстың негізгі мәні тарихтан сабақ ала отыра әлеуметтік саясатты оңтайлы құру.

Аталмыш тақырыптың мәні әлеуметтік жұмыстың тарихи кезеңдерімен таныстырып, еуропалық өркениет пен АҚШ-тарындағы өткен әлеуметтік жұмыс практикасының типологиялық ерекшеліктерін оның әлеуметтік-мәдени даму контексінде қарастыруында. «Әлеуметтік жұмыс» номинациясын тарихи тұрғыдан ашуға тырысады.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Алғаш рет мұқтаж жандарға көмек көрсету мен қолдаудың тарихына байланысты зерттеулер жүргізген ғалым А. Стог болып табылады. «Оның «Қоғамдық қолдау туралы» еңбегі бұрынғы кеңестік кеңістіктегі әлеуметттік қамтамасыз ету жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырған тұңғыш еңбек болды.

Қазірі уақытта әлеуметтік қолдаудың тарихы жөнінде ғылыми еңбектерді негізінен Ресейлік және шетелдік ғалымдардың еңбегінен ғана таба аламыз. Атап айтқанда, Бадя Л. В., Л. И. Демина, В. Н. Егошина (Исторический опыт социальной работы. -М., 1994) ; М. В. Фирсовтың (История социальной работы. - М., 2007) ; Е. И. Холостованың (Генезис социальной работы. М., 1994) және өзге ресейлік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Өкінішке орай қазақстандық зертеушілердің еңбектері бұл салада жарыққа шықпаған. Сондықтан бұл еңбек қазақ тіліндегі өз дәрежесіндегі тұңғыш жұмыс болып табылады.

Жұмыстың мақсаты. Еуропалық өркениет пен АҚШ-тарындағы әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік қолдаудың тарихи даму кезеңдеріне тоқталып, оладың номинациясының идентификациясын ашып көрсету арқылы әлеуметтік жұмыстың даму тарихының белгілі бур кезеңдеріне тоқталып, оның мазмұнын ашу.

Тақырыпты ашуға қойылған міндеттер. Жұмысты орындау барысында төмендегі міндетер қойылды:

- Ежелгі Грекия мен Римдегі филантропия теориясының пайда болуының негіздерін ғылыми негізде қарастыру;

- ІІІ ғ. -дан ХVI ғасырға дейінгі аралықтағы көмек пен қолдау туралы христиандық түсініктің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері мен оған еңбек сіңірген тұлғалардың теориялық жұмыстарын талдау;

- XVII-XVIIIғғ. ынтымақтастық идеологиясының дамуына баға беру;

- XVIII- XIX ғасырлар аралығындағы Батыс Еуропа мен АҚШ-тарындағы ынтымақтастық идеясының дамуына тоқталу;

- ХІХ ғасырдағы қоғамдық көмек пен қолдау практикасындағы адамгершілік -этикалық мәселелерін қарастыру;

- АҚШ-тарындағы XVIII-XIX ғасырлардағы адам құқығы концептісі мен әлеуметтік қайырымдылық идеологиясының дамуын диахроникалық әдіс арқылы талдау;

- ХХ ғасырдағы әлеуметтік жұмыс пен қамтамасыз етудің еуропалық моделіне тоқталу;

- Негізгі дамыған еуропалық елдердегі (Франция, Германия, Ұлыбритания, Скандинавия елдері мысалында) әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік жұмыстың жүйелерінің даму барысына тоқталу;

- ХХ ғасырдағы АҚШ-тарындағы әлеуметтік қамстамасы ету мен әлеуметік жұмыстың кәсіби негіздемесіне және оны реформалау барысына тоқталу.

Жұмыстың әдістемелік деңгейі. Жұмысты жасу барысында «сол жерде және сол кезде» процесі арқылы қарастыратын өткен кезеңдерден бүгінгі уақытқа дейінгі аралықты қамтитын диахроникалық әдіс пайдаланылды.

Жалпы диахроникалық әдіс ғылыими практикада екі негіз бойынша жүреді. Бірінішісі, әлеуметтік жұмыстың тарихы кәсіби емес әлеуметтік қолдау жүйесі бойынша әлеуметтік қамтамасыз ету контексінде қарастырылады. Олнің негізін салушылар Дж. Хендел мен В. Треттнер.

Екінші жол, М. Банкеттің еңбектерінде көрініс берді. Ол әлеуметтік жұмысты оның түрлері бойынша қарастырады: коммьюнитедегі жұмыс, индивидуалды жұмыс, топпен жұмыс. Мұнда кезеңдерге бөліп қарастыру емес, қоғамның сұранысын қанағаттандырудан туындаған жәйт ретінде қарастырады.

Жұмыста сонымен қатар синхроникалық әдіс пайдаланылды. Бұл әдістің мәні көмек практикасын мәдени -тарихи ареалдармен байланысы жоқ мультимәдени құбылыс ретінде, қарастырады. Ол әдістің негізін салушылар В. Герье мен А. Якоби, П. Кропоткин.

Аталмыш ғылыми әдістерді жұмыты орындау барысында барынша қолдануға ұмтылынды.

Жұмыстың тәжірбиелік маңызы. Жұмыс нәтижесін «Әлеуметтік жұмыс» мамндығында оқытылатын маңызды базалық «Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы» пәнін оқу барысында студенттердің тәжірбиелік және өздік жұмыстарын орындау барысында пайдалануларына болады.

Еуропалық өркениет пен АҚШ-тарындағы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік жұмыстың тарихи кезеңдерін білу арқылы әлеуметтік саясаттағы қандай да бір артықшылықтар мен кемшін тұстарды әлеуметтік қызметкердің практикалық жұмысында іске асыруда жұмыстың тәжірбиелік рөлі көрінеді.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен және 12 тармақтан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Батыс өркениетіндегі ғылымға дейінгі филантропия және қайырымдылық теориясының кезеңі

1. 1 Ежелгі Грекия мен Римдегі филантропия теориясының пайда болуы

Көмек және өзара қолдау туралы түсінік рулық қауымдастық кезде реципрокация және редистрибуция механизмдері арқылы өрбіді. Оның біріншісі сый алмасу, тұрмыстық және шаруашылық сферасында көмектесу арқылы көрінді. Екінші кезеңінде, көмек субъектілері мен идеологиясы, сонымен қатар сый алмасу қатынасының реттелуі мен қағидаттары, туыстық кеңістіктегі субъектілер арасындағы қолдау рәсімделе басталды.

Дегенмен, аталмыш құбылыстың алғашқы бастаулары мен адам тұрмысы сферасындағы көрінісі ежелгі Грекияда пайда болды. Бұл адамзат қандай да бір рухани тәжірбие жинап, өз тіршілігінде достық сезім, аффекті, моралдық байланыстар мен қатынастар сияқты ерекше сфераны айқындауымен байланысты болды. Осылайша «филантропия» түсінігі пайда болды. Оның грек тілінен аудармасы адамға деген махаббатты білдіреді, дегенмен, б. д. д. V ғ. бұл сөздің семантикалық мағынасы құдайдың рақымы, ал, б. д. д. IVғ. бұл түсінік басқаша мәнге: бір индивидттің басқасына адамгершілік қатынасы дегенге сайды [1, 214] .

Гомерлік эпоста philos (достық) отбасы институты мен қонақжайлықты білдіріп, сөз әлеуметтік бағытпен байланысты болды. Француз зерттеушісі Э. Бенвенистің пікірінше philos сөзі aidos-пен (көмек) бірге тұрақты түрде бір мәндес контексте, яғни сыйластық, мейірімділік, қайғы кезіндегі көмек қатынастарын білдіріп, бұл түсініктер сезімнің әлеуметтік қыры мениндивидтердің қауымдастықтың ұстанатын ұжымдық құндылықтары мен нормаларымен байланысын идентификациялай бастады.

Гомерлік эпостағы philos пен хenos (қонақ) сөздерінің фразеологиялық бірлігінің сәйкестігі Э. Бенвенистің пікірінше, қорғаныш сөзінің мазмұнын ашады. Бөгде елге келген шетелдіктің ешқандай да құқығы болмады. Оған баспана беріп қонақжайлық таныту (hospital), оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабылдаушы тараптың міндеті болды.

Сонымен бірге, philos «жүрек» сөзімен philon etor ұғымы арқылы байланысады. Гомерлік эпостарда бұл сөзбен байланысты сөйлемдерді жиі кездестіреміз. Бұл аталмыш сөздің басқа да семантикалық мәнін мейірімділік, жәрдемдесумен байланысын көрсетеді.

Сонымен, philos қоғамның бастапқы кезеңдерінде отбасы институты, қонақжайлық, адам өмірінің аффективті жағымен байланысы контексінде көрініс берді. Мұнда сонымен қатар, рулық қоғамдағы «мен-саған, сен- маған» деген архаикалық эквивалент заңы көрінеді.

Б. д. д. V ғ. және Iv ғ. аралығында рефлексия контексі мемлекет, қауымдастық болған уақытта philos -тың семантикалық түсінігі өзгере бастады.

Демокрит (мөлшермен б. д. д. 460-370 жж. ) әділеттілік контексінде алғаш рет мемлекеттің игілігін қарастыруға талпыныс жасады. Оның ұстанымынша мемлекет игілігі ең бастысы, оған адамдар бірлік, өзара қолдау, өзара көмек, өзара қорғау мен ағайындық арқылы жетеді [2, 21] .

Платон (б. д. д. 427-347 жж. ) қала-мемлекетті барша моралдық құндылықтар мен адамдардың бірлесе тіршілік етуінің бірегей формасы ретінде қарастырады. Платон суреттеген идеалды мемлекетте байлық пен кедейшілік қайшылықтары жоқ. Ол филантропияны қоғамдық пайда тұрғысынан қарастырады, бұл әрекет- жекелеген жәйттердің емес мемлекеттің прерогативасы деп қарастырды. Дегенмен, Платон қиын жағдайға душар болған кедейлерге көмек берудің қажет шамалы деп есептеді, өйткекні оның түсінігінше «кедейшілік мүліктің аздығынан емес, тойымсыздықтың артуынан». Аталмыш жәйт, ауру мен қайыршылық арқылы күрделенеді. Бұл кезде, мысалы, қолөнершілер үшін өлім жалғыз дұрыс жол болып табылады. Өйткені өмір өзінің өнерін көрсете алмаудан құндылығын жояды. Дегенмен, Платон өзінің «Анықтама» еңбегінде қоғам «ерікті қайырымдылық» жасаы керек дейді, себебі ол мейірімділітің сипаты, субъектілер арасындағы өзарақатынаста мейірімділік дер уақытындағы қызмет көрсету сияқты болуы тиіс дейді.

Аристотель (б. д. д. 384-322 жж. ) мемлекеттік құрылыс жайындағы ілімді одан әрі дамытты. Көмек пен әлеуметтік әділеттілік концептісінде Аристотелдің достықты (philia) адам ізгіліктілігінің көрінісі ретінде қарауықызықты болып табылады. Аристотель fhilia-ны ізгіліктің бір түрі ретінде қарастырады. Адамның ауқаттылығын қоғамда оның игі әрекетімен, яғни оның өзінің достарына деген достық сезімінің көрінісімен ғана бағалау керек, дейді. Бұл достықтың утилитарлық бір жағы. Басқасы өмірдің түрлі кезеңдеріндегі көмек пен қолдаумен байланысты. «достар жастарға қателікке ұрынбау үшін, қарттарға күтім жасау мен дәрменсіз кезінде жәрдемдесу үшін қажет . . . ». Аристотель достықты адамның табиғи қасиеті, бір субъект екінші субъектіге көмек көрсеткен кездегі субъект-субъектілік қатынас тұлғааралық өзара әрекеттің процесі ретінде қарастырады. Пайда позициясынан ол әрекет мотивациясын жақынға деген махаббаты көрінетін шығармашылық актісі ретінде қарастырады. Адам тек достық арқылы өз болмысының қуанышын сезіне алады, осылайша ол қоғам мен қалаға пайда әкеледі.

Думаншылдықты Аристотель философиялық жүйенің категориясы ретінде, ол біреулердің құқығы, ал, қоғамның екінші жігі үшін қажет емес құбылыс деп қарастырады. Филантропия идеологиясында кедей адамдарға қатысты адал ниетті көмек пен қолдау негативті салдар туғызатындығы да қарастырыла бастады. Аристотель мұны мемлекеттің құрбандық еткен жануарларының еті мен қала мен храмдарды сәулеттендіруге арналған ақшаны мақсаты үшін жұмсамайтын «кедей адамдардың» қылықтарын сараптай келе айтады.

Аристотель әділетті бөлу тәртібін құқықтар мен міндеттер қатарынан қарастырады. Әділетті бөлу термині «әр адамға тең бөліктерді» тепе-тең бөлу және иреархиялық «ерекше функция мен роліне қатысты теңдік» негізінде түсіндіріледі. Мүмкін, Аристотель мемлекеттің көмек көрсету сұрағын бірінші қойған адам болуы ғажап емес.

Марк Тулий Цицерон (б. д. д. 106-43 жж. ) мемлекеттік құрылыстың түрлі формалары мен бұл мемлекеттердегі идеалды азаматтың ролін қарастырды. Космополиттік ынтымақтастықтың позициясын қолдай отыра, ол азамат тек өзге адамның меншігіне қол сұқпай ғана қоймай әділетсіздік құрбандарына көмек көрсетуге міндетті, ортақ игілік үшін жұмыс ітеуі тиіс дейді. Цицерон көмек көрсету барысында достықтың рөліне ерекше тоқталады. Филантропияның негізі ретінде достық, жолдастық одақ азаматтық әрекеттің маңызды факторы болып табылады. Цицерон филантропиядан мақсатты әрекеттерді, соның ішінде жомарттық, тұтқындарды азат ету, қарызды өтеу, қыздарына жасау беру, өзінің достарына жәрдемдесуді ерекше атап көрсетті [4, 85] .

1. 2 ІІІ ғ. -дан ХVI ғасырға дейінгі аралықтағы көмек пен қолдау туралы христиандық түсініктің қалыптасуы

Филантропия тұжырымдамасы христиан дінінің қанат жаюына байланысты сүйіспеншілікті игілік ретінде қарастыратын агапе тұжырымдамасына ауыстырылды. Аталмыш тұжырымдаманың негізі Құдайдың адамдарға деген махаббатына, оның сыйы, шексіздігі мен күмәнсыздығына, оның астарында «жақыныңды сүй» презумпция жатты.

Жалпы, агапе-жақыныңа деген сүйіспеншілікті білдіретін антикалық түсінік. Грек философиясында агапенің түрлі түсініктері қалыптасқан. Ол махаббат сыйлайтын әрекет, жақынның игілігіне жұмылдырылған, әрекет және ләззат алуға бағытталған, құмарлыққа негізделген-эрос. Христиан дінінің таралуымен «агапе» түсінігі жаңаша импульс алды: ерте христиандық қауымдастықта жақыныңа деген махаббатты қалыптастыру және бір- бірлеріне деген ағайындық сезімдерін ояту үшін қауымның барлық мүшелері үшін арнайы кешкі трапезалар ұйымдастырылды.

Жақыныңа деген махаббатты белгілі бір «шеңберге» сыйдыра алмаймыз, сондықтан оның шекарасы жоқ, нәсілдікпен немесе нанымымен, мүліктік цензімен бөліп жара алмаймыз. Осыдан жомарттық философиясы туындайды. Інжілде «Барлығың . . . ағайындарыңды сүйіңдер» (1 Пет. 5:8), «біріңеі -бірің . . . кешірімшіл болыңдар» (Еф. 4:32), «Ізгілікпен . . . қарттарды әкелеріңдей; кішілерді бауырларыңдай; қарияларды аналарыңдый; жастарды қарындастарыңдай көріңдер» (Тимофейге жіберілген бірінші хабар 5:1-2), -делінге.

Агапе философиясындағы маңызды сәттердің бірі жақыныңа қызмет көрсету. Мұнда қызмет көрсету ешқандай сый, ақы күтпестен шын ниетімен адамдарға қандайда бір жәрдем көрсету мен қолдау жасау қарастырылады. «Бір- біріңнің жүктеріңді арқалаңдар, сөйтіп Христос заңын орындаңдар» (Галаттарға жолдау, 6:2) .

Агапенің басты қағидаларының бірі- рухани қағида садақа беру. Оның негізінде мұқтаж адамға жымысқы ойсыз көмек көрсету, ешқандай шартсыз қолдау көрсету, ауырлықтарды бөлісу жатады. Садақа адамның өзіне бірнеше есе игілікпен қайтарылады деп сендіріледі. «Беріңдер, сонда сендерге де беріледі . . . өйткені қай өлшеммен өлшесеңдер, солайша сендерге де өлшенеді» (Лук. 6:38) .

Агапенің басты догматтарынң бірі кедейлерге деген қайырымдылық пен қонақжайлылық. Ол христиан дінінідегі ізгі істердің қатарынан болады, адамдар арасындағы рухани жақындастық пен қоғам мүшелері арасындағы байланысты тудырушы әрекет болып саналады.

Інжіл теологиясы филантропия идеологиясын алмастырып, жақын адамдарға көмек көрсетудің жаңа сипатын ашты. Филон Александрийский б. д. д. 15-10 жж. Шірку Әкейлерінің негізін қалаушысы ретінде философияда теологиялық мәтіндер мен жаратылыс теориялары негізінде «харис», агапе тақырыптарының мозаикасын жасады [5, 48] .

Дегенмен, қайырымдылық туралы христиандық догматтардың жасалуын патристиканың алтын ғасырымен (Ivғ. -Vғ. бірінші жартысы) және құдайға құлшылық етудің каппадокийлік мектебімен байланыстырылады. Шіркеудің аталмыш ойшылдарының жұмыстары қоғамдық санада көмек пен қолдау туралы түсініктің қалыптасуына зор ықпал етті. Аталмыш шығармалардың бір ерекшелігі оның тек діни қызметтегі қолданыста болуы ғана емес, «кітап қолданысындада» пайдалануға жарауында еді. Мұнда Василий Кесарийский, Григорий Ниский және Григорий Богослов үлкен рөл атқарды. Бұл шешендер діни пікір -таласта неоплатондық диалектикалық әдістерді енгізді, мұнда сөз қоғамдық сананы өзгертуші құралға айналды.

Қайырымдылық мәселесі Григорий Нискийдің еңбектерінде қайырымдылық басқаларына қарағанда өзгеше позициямен түсіндіріледі. Ол қайырымдылық мәселесін Киелі Үштік догматын логикалық негіздеу тұрғысынан қарастырады. Осы қатынаста мейірімділік құдайдың жолы, ол жекелеген объектіге құдайлық сипат береді, деп түсіндіріледі.

Григорий Богослов өзінің мектебінің идеясын нақтылап, оған практикалық қызмет жасауды ұлағат етеді: «Бақытсызға Құдай бол», -дейді. Дегенмен, қайырымдылық, яғни жақыныңа игі шара жасауоны жасаушыға таңдауына мүмкіндіктер, міндеттер сериясын жүктейді. Мұнда «жоғары ізгілік» және «азырақ ізглік» түрлері қарастырылған. Жанға пайда әкелетін жоғары ізгі шараға Пайғамбардың, Ұстаздың, Пастырлардың заңдарын жатқызса, кіші ізгілікті істерге -«тамақ бер, киім бер, дәрі бер, жарасын таңып бер, жағдайын сұра, сабырлыққа шақыр», -деген сипаттағы әрекеттер жатқызылады. Бұдан ол мүліктік байлықтан да зор жеке байлықтф көреді.

Осы мәселеден антикалық екі қағида- агностик (жарыс) және каллогатии (сұлулық пен мейірімділік) қайтара түйсіну тән болады. Антикалық адам түсінігіндегі жан мен тәннің үндестігін христиандық идеологияда Григорий Богослов өзгеше интерпретациялайды: «Жақыныңның алдында одан да мейірімді болуыңмен ерекшеленіп сыйға бөлен». Бірлесу мен үндесу болмыстың мифологиялық жалпы ықтималдығын түйсіну негізінде туындайды. Соның нәтижесінде бақытсыздық, науқасқа шалдығу мен көмеккке зәрулік ауру мен саудың, бай мен кедейдің басын біріктіретін парадигма болып табылады:»Бақытсыздыққа ұшараса да ол сенің мүшең». Дегенмен, қоғамдық теңдік пен тән мен жанның жеке үндестігі қауіпсіздік ретінде адам сүйгіштіктің нәтижесінде ғана болады деп есептейді: «адам сүйгіштік біздің тәніміз бен жанымыздың қауіпсіздігіміздің жалғыз кепілі болып табылады».

Иоанн Златоусттың (344-407жж. ) каппадокий мектебінің өкілдерінен айырмашылығы садақа беруді «Христос шәкірттерінің» қауымдастығының мүшелігінен екендігін анықтаушы көрсеткіш ретінде және индивидуалды бірігудің нысаны ретінде қарастырды. Ол қайырымдылықтан табиғи детерминацияны көрді, бірақ ол тіршілік ететін субстанцияны априори ретінде адамдағы құдайлық бастаманы қарастырмайды. «Адам мейірімділікке үйренуі тиіс, ол оны адам етеді». Қайырымдылыққа үйрену арқылы ғана адам өзінің мәнін ашуына яғни, «Құдайлық сипатына» жақындайды.

Әлеуметтік әділеттілік мәселесін басқаларға қарағанда өзгеше қарастырады. әлбетте, ол құтқарушы идеясы контексінде және реалды және ирреалды әлемдерді қарсы қою, оның субъектілері кедейлер мен байлар, аурулар мен саулар арқылы қарама-қарсы қою арқылы суреттейді. Қоғамдық бірлік пен үндестік аталмыш топтар арасында «пайдалылық қағидасы» сақталған кезде ғана жүзеге асады. Иоанн Златоуст пайдалылық қағидасы түрлі мүлкі бар топтардың басын біріктіретін пайдаллылық қағидасы Иоанн Златоустың пікіренше Құдайдың даналығы ретінде қарастырды. Онда түрлі жағдайдағы адамдар құдайдың әділетті жолы заңдырымен өмір сүреді деп түсіндірілді.

Дегенмен, оның айтуынша келісім мен бірігу садақаны мадақ үшін бергенде бұзылуы мүмкін. Бұл жағдайда «ол қатігездік пен аярлық, тіпті одан да жаман», -дейді Иоанн Златоуст. Қатігездік, сәйкесінше, әділетсіздік қайырымдылық белгілі біпр субъектілер арасында ғана таратғанда болады. Иоанн Златоустың айтуынша қайырымдылық актісінің шекарасы жоқ. «Біз тіпті, пұтқа табынушылар арасынан бақытсыз жанды кездестірсек оған мейірім көрсетуіміз қажет, жалпы бақытсыздыққа душар болған жанның барлығына қайырымдылық жасау қажет», -дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедейшілікпен күрестің теориялық негіздері
Халықтың әлсіз топтарымен жүргізілетін жұмыстар туралы толық мағлұмат беру
Бюджеттен тыс қорлар туралы мәліметтер
Қазақстандағы қайырымдылық негіздері
Ғылымдар жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың алатын орны
Жайсыз отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық қызмет ерекшеліктері
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
Кәсіпкерліктің теорияларық негіздері
Қазақ диаспорасы бар елдерде Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу
Норвегиядағы әлеуметтік қызметтің бастамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz