Жасөспірім жасындағы жалғыздық мәселесі


Мазмұны
Кіріспе
Өмір стилінде үлкен өзгерістер болып жатқан уақытта біз өмір сүріп жатырмыз. Осы өзгерістер әлеуметтік, саяси, экономиялық және басқа өрістердің негізінде пайда болады. Бұл өзгерістер терен сипатта өтеді, осыдан бүгінгі біздің қоғамыз «жолайырық», «үлкен өзгеріс» деп аталатын жағдайда болып қалды. Мәдениетанушылар бұл қалыпты - «мәдени аралық» деп нақты атайды: «бір белгінің аяғы мен таңыс емес басының арасындағы кеңістік, өзінің мағынасы бойынша маргиналды» [11] .
Осындай кезеңдер әрбір қоғамның өмірінде болады. Тек сонда адам өзінің күшсіздігін, әлсіздігін, түкке жарамастығын және өзінің жеке қасиеттерін іске асырылматының түсіне бастайды. Қоғамның деңгейінде бұл тоқырау, дағдарыс; адамның деңгейінде - жоғары құндылықтардын ажырауы және әлеуметтік оқшаулану.
Сонымен, жалғыздық қазіргі қоғамда адам болмысының мағынасын жоғалтуынан туындайды. Бірақ бұл, тек қана адамға тәуелді болмайды. Бұл оның кінәсі емес, бұл оның бәлесі. «Біздің шапшаң ғасырымызға өте көп объективті факторлар түсті, оларға қарама-қарсы тұруға әрбір жеке тұлғаның күші келмейді. Сондықтан, біздің уақытымыз - жалғыздық пен аңашалау уақыты деп айта аламыз» [34] .
Осы факторларының бірі, жалғыздық сезімінің психологиялық қасиетке аусуы, ал оның қайғыруы терең адамзат мәселелерінің біріне аусу қазіргі ғылыми ойлаудың толық және түгел дерлік жеңісі деп есептеуге болады.
Сонымен, XX ғасырдың басына қарай ғылым адам өмірінің барлық өрістеріне жетті және тек қана әлемнің емес, сонымен қатар өзі адамның да түсінуінің негізгі формасы болып табылды. Адам құрастырушы бөліктерге «аналитикалық» бөлінге болып қалды (биохимиялық және физиологиялық үрдістері, анатомиялық құрылым және т. с. с. ) . «Ғылымның аналитикалығы көпшілік санасында адамның тұтастығы мен уникалдылығы туралы елестері жойылды» [34] .
Салдары ретінде, өндірістің дамуы адамда автоматизмге дейін робот сияқты бір кез-келген икемділіктің болуын талап етеді, сонымен қатар оның ішкі әлемімен әбден қызықпайды және адамды еңбек единицасы ретінде қабылдайды.
Бізбен алынған тақырып біздің уақытта да өзекті болып келеді, себебі жалғыздық мәселесі барлық уақытқа теңдей маңыздылығы бар фактор екенің түсініп отырымыз және бұл бүгінгі күндерде де ерекше қызығушылықтың пәніне айналды. Тек қана өнер емес, сонымен қатар философия да, физиология да, әлеуметтену де және де психология жалғыздық сезімін сезініп отырған тұлғаның психикасында пайда болатын өзгерістерін зерттеумен айналысады.
Жасөспірім жасы өтпелі жас ретінде әлеуметтік рольдерді көп уақыт меңгеруге талап қойылатыны негізінде созылып кетеді. Нурсултан Абишұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» берілге бағдарламасы бойынша Қазақстанның динамикалық дамуы, қазақ қоғамының қазіргі уақыттағы әлеуметтіқ құндылықтарында, болашақта әлемнің елу ең дамыған елдеріне Қазақстанның кіру стратегиясы қойған талаптардың бірі ел азаматтарының жеке-тұлғалық ерекшеліктерінде бейнеленді.
Қазақстанның қазіргі уақыттағы қоғамына бірігу үшін жасөспірімдер осы өмір жолындағы пайда болатың дамудың бірқата міндеттерің шеше білу керек. Осы міндеттерге тұтас тұлғаның қалыптасуының ең тұрақты, тұлғаның маңызды ерекшеліктердің мінез-құлықта, өзіне деген қатынасында, өзге адамдарға, берілге тапсырмаға қатынасымен жеке даралық үйлестер кіреді.
«Қазіргі әлемдегі адам, біз аралық деп анықтайтың мәдени жағдайында, децентрализациялық кеңістікте, дискретті уақытта болды, ол үшін сызықтық мақсатталған бағыттылық жоқ болды, жолдың аяғында нүкте басты болып табылатын туралы бұрынғы ағартушылық ой ескірді . . . Ол (адам) «қазір және осында» нақты өмір сүреді, жолда, «трассада» өзінің берік тамырларын және топыраққа бекітілгенің жоғалтқан домалат-дала сияқты өмір сүреді» [11] .
Зерттеудің мақсаты - жасөспірім жалғыздығының ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу нысаны - жасөспірімдердің жалғыздығы.
Зерттеу пәні - жасөспірім жалғыздығының ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Біздің диплом жұмысымыздың гипотезасы келесіде: жалғыздық күйі жасөспірімдердің коммуникативті қабілеттеріне, олардың құрдастар тобында мәртебесіне жағымсыз әсерін тигізеді және тұлғаның дамуына кедергі жасайтын олардың жеке-тұлғалық қасиеттерін анықтайды. Жалғыздық күйі жасөспірім тұлғасының дамуына кедергі жасайды.
Біздің жұмысымыздың мақсатына сай біз келесі міндеттерді анықтадық:
- Жалғыздық мәселесі бойынша психологиялық және философиялық әдебиетке талдау жасау.
- Жалғыздық күйін сезініп отырған жасөспірімдерді анықтау.
- Өзін жалғыз деп сезінетің жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.
- Жалғыздық күйін сезініп отырған жасөспірімдердің әлеуметтену ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі сана мен іс-әрекет бірлігінің принципі (Ананьев Б. Г. ) және тұлғалық-іс-әрекеттік бап (Леонтьев А. Н. Рубинштейн С. Л. ) болып табылады.
Бізді қызықтыратын мәселені сараптамалық зерттеу үшін зерттеу бағдарламасына келесі әдістер еңгізілді:
- Байқау.
- Әңгімелесу.
- Психодиагностикалық әдістер.
- Математикалық санағыш әдістері.
Психодиагностикалық әдістер тобын келесілер құрастырады:
- «UCLA» шкаласы.
- КОС әдісі.
- «НЭП» жекелеген сауалнама.
- Өзін-өзі бағалауды зерттеу әдістері.
- Социометрия.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы келесіде:
- Жалғыздық мәселесі бойынша, соның ішінде жасөспірімдік те, философиялық-психологиялық әдебиетте болатын көзқарастарына комплексті талдау жасау;
- Өз-өзің жалғыз деп сезінетің жасөспірімдердің жеке-тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
- Жалғыздық күйін сезініп отырған жасөспірімдердің әлеуметтену ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің сараптамалық маңыздылығы: өңірде алғашқы рет жасөспірім жалғыздығының психологиясы бойынша эмпирикалық зерттеулер өткізіліп жатыр және алынған нәтижелер жасөспірімдермен жұмыс жүргізу кезінде психологтармен, әлеуметтік педагогтармен қолдану мүмкін, сонымен қатар психологиялық кеңес беру үрдісінде де мәліметтер қолданылады.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан (теоретикалық және сараптамалық), ұсыныстардан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
- Жалғыздық мәселесінің философиялық-психологиялық талдауыТарих және философиялық еңбектерде жалғыздыққа деген қатынастың эволюциясы
Жалғыздық, күй-жағдай ретінде, адам өзін есінде сақтағаннан бері бар болады. Бірақ жалғыздыққа деген қатынас бірқатар эволицияны өтті. Бұл
Это заметно даже в поговорках, аккумуляторах народной мысли: от старорусской «на миру и смерть красна», до современной «каждый умирает в одиночку».
Басқа сөзбен, «жалғыздық күй-жағдай индивидпен жеке мәселе ретінде әрқашан қабылданған жоқ» [9] .
Ежелгі уақытта, адамдардың өмір сүруі қауымдық қана болған кезде, біз жалғыздықтың негізгі үш формасын анықтадық:
- Ырымдар және салттар, басқа сөзбен жалғыздықпен тәрбиелеу. Жалғыздық осында - тұлғаның қалыптасуының қажетті шарты және ол трагедиялық болып қабылданбайды.
- Жалғыздықпен жазалау - қуып жіберу. Қоғамның барлық даму кезеңдерінде зорлық әлеуметтік оңашалау ең күшті жазалаулардың бірі болып табылады. Күшті жазалаудың ерекше себебі «индивидттің тек анау не мынау қылығы емес, ал ол өзі тұлға ретінде оңашалауға тап болады» [34] .
- Ерікті оңашалау - дүниеден безушілік. Осы оңашалаудың мақсаты - өзін-өзі жетілдіру, тәннің басын руханимен жеңу. Оңашаулық ішкі шоғырланушылықты, өзінің ішкі әлеміне зейінді аудару дегенді білдіреді.
Орта ғасырдағы христиандылық пұтқа табынушылықтың нанымдарын және ырымдарын шектеді. Орта ғасырдағы менталитеттің негізі христиандылық сана-сезімі болды. Жалғыздық құдаймен әңгімелесу формасына аусады. Адам бірте-бірте бүкіл адамзатпен өзінің байланысын түсіне бастады, ал осымен бірге оны жоғалтуының апатын түсінеді. Барлық жағдайларда бұл апат «жалғыздық» деген атауға ие болмайды, бірақ адамзаттың рухани дамуында үлкен роль атқарады. Адамға өмір сияқты қажетті қарым-қатынаста қоғам бас тартқан кезде, бұл сенім әлемінде іске асырылды [33] .
Бірақ орта ғасырларда жалғыздыққа деген қарама-қарсы зиялы көзқарас болды. Осында жалғыздық қуаныштың, бостандықтың, шабыттың бұлағы ретінде қарастырылды.
Осы бағытты романтиктер (арманшылдар) дамытты. Романтизмнің гүлденуімен жалғыздыққа әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде қызығушылық пайда болды. XVIIIғ. арманшылдары жалғыздықты өздерінің бағдарламалы ұранымен жасайды. Шығармашылықтың жетекші түрткісі оңашалау бұлағының рефликсиясы болып табылады, ол конформды қоғамға қарсы тұрады және өзінің жеке-даралығын сақтауға мүмкіндік береді.
Сонымен, адамның толық физикалық оңашаулығы жалғыздықтың пайда болуының жалғыз шарты болуға тоқтайды.
Жалғыздық мәселесінің ең терең теоретикалық түсінуі он тоғызыншы ғасырдың ортасынан басталады. Психологиялық сөздікте жалғыздықтың келесі анықтамасы беріледі: «Жалғыздық - басқа адамдардан оңашаланған өзгерген (дағдылысыз) жағдайларда болатын адамның эмоционалды қалпына әсер тигізетін психогенді факторларының бірі». Адамдар эксперименталды, географиялық немесе әлеуметтік оңашалаумен қамтамасыз етілген жалғыздық жағдайға ұшыраған кезде, сол уақытта «тірі» байланыстарының болмағандығынан, адамда өткір эмоционалды реакциялар пайда бола бастайды. Бірқатар жағдайларда мазасызданумен, депрессиямен және вегетативті реакциялармен жүретін психологиялық шок пайда болады. Адам жалғыздық жағдайда көп уақыт өткізсе, оның қарым-қатынас қажеттілігі өсе бастайды. [10]
XIX ғасырда протестанттылық жалғыздықтың бұзылған түрткілері трансцендентализмнің философиялық концепцияның даму нүктесі болып табылды, осында жетекші рольді философ, жазушы, натуралист Генри Торо атқарады. Ол оңашалау принципін жоғарғы, рухани оңашалауға жолының алғашқы баспалдағы ретінде қарастырған. Трансцендентализм - « . . . философиялық принципі, ол адам тұлғасының шексіз рухани байлығы туралы айтқан». [33] Трансценденталистер жалғыздық пен оңашалаудың арасында алғашқы айырмашылықтарды көрсете бастады. Оңашалау тұлғаның қорғану құралы ретінде қарастырылды, себебі бұл адамды рухани жағынан нығайтады, тұлғалық және әлеуметтік қалыптасуына қолдау жасайды.
Жалғыздық пен оңашалаудың басқаша концепциясын замандас Торо Сёрен Кьекегор шығарды. Оның тағдырға деген көзқарасы жоғарғыдай оптимистік емес. Кьекегор бойынша жалғыздық - «… ішкі сана-сезімінің шектелген әлемі, бұл әлемді құдайдан басқалар аша алмайды». [33] Ол құдайға сенуді қабылдаған, бірақ дәстүрлі емес, ресмі шіркеуді емес. Берілген философияның басты тезисы құдайға сену сандырақ, сенім ақыл -ойға қарсы келеді, бірақ әлемнің өзі де сандырақтаған, сондықтан сену керек. «Рухани адамға» Кьекегор бойынша өзін-өзі жетілдіру үшін оңашалауға керек емес, себебі осында еш қажеттілік жоқ. Адам туғаннан бастап қоғамға және жалпы өмірге қатынасты «бөтен» болып келеді.
Кьекегордың идеялары еуропалық экзистенционализммен қабылданған болды, ал нақты алсақ Эдмунд Гуссерлейдің философиялық теориясымен. Оның еңбектері XIXғ. аяғына -XXғ. басына жатқызады. Гуссерльдің пікірінше, сана оны толықтыратыңдардан тазаланған болу тиіс және осы процессті редукция деп атаған. Субъекттен тыс қалған әлемді Гуссерль субъек санасының проекциясы деп санаған. Сонымен, субъект пен әлем арасында жалғыздық пен оңашалау жеңілмейтің бөгет пайда болды.
XX ғасырда экзистенционализмнің басты идеологтарының бірі Жан Поль Сартр Гуссерльдің ізің басты, ол жалғыздық пен тұрмыстың сандырақтауын өзінің шығармашылығының негізгі тақырыптарына айналдырды. Сартр бойынша адам, өзін-өзі тану талаптауында, өзінің «Мен» шектерінің сыртына шығады, бірақ өмірдің шектеулері оған осындай мүмкідікті бермейді. Адам сенім мен үмітті үзу. Ол қастық әлемде жалғыз, егер болса оның әлеуметтік байланыстары жалаң болып табылады. Ал жалғыздық сезімі осыған қарама-қарсы өте терең және барлық адамзат өмірінің негізі болып табылады.
Миюскович Б. өзінің «Одиночество: междисциплинарный подход» [27] деген мақаласында осы феноменді, З. Фрейдтің теориясына сүйеніп, ашуға және талдауға тырысады. Оның айтуынша қараңғы балаларды шошытады, себебі ол жалғыздықты белгілейді. Балалар неліктен ұйқтауға баруға қорқады, олар ұйықтап қалам және оянбаймын деген ойларынан қорқпайды, оларға сананы сақтай отырып сол уақытта жалғыз болу перспективасы қорқынышты болады. Миюскович Б. айтуынша «ғайыптық» (болмыстың жоқтығы) түсінуден біз бәріміз қорқамыз, біздің жеке-даралықтың жалғыздығын, олңашалауды түсіну, бұл басқа саналы адамның жылы сезімдерінде және «рефлексивті күнде» бейнеленбейді. «Өзгелермен қарым-қатынас қажеттілігі индивидтта сананың пайда болуының ерте сатыларында туады» [27 ] . Берілген мақаланың авторы келесі қорытындыға келеді: «Кез келген жеке-даралық сана оңашалау және жалғыздықтың мүмкін болатын алғашқы сезімімен өтіп кеткен. Сонымен қатар сана болмыстың толығы ғайыптықтың бір түрі деп түсіне бастайды; бұл ауспалы емес, ол сананың қажетті ортасы болып қалады, оны жоюға немесе одан қашып құтылуға болмайды - бұл оның (сананың) жеке өзінің жетілген бостығы» [30] .
Миюскович Б. өзінің еңбегінде жалғыздықты ауру деп есептеген З. Фрейдтің теориясына қарсы, жалғыздық медициналық немесе әлеуметтік мағынада ауру бола алмайды деп түсіндірген. Ол бойынша жалғыздық адамның ішкі табиғатында, оның психологиялық конституциясында негізделеді.
Бубер Мартин «Проблема человека. Перспектива» өзінің мақаласында келесі қорытындыны жасайды: «Адам тұлғасы бір уақытта өзін табиғатта шектелген (қажетсіз балаға сәйкес) адам ретінде сезінеді, сонымен бірге шулап жатқан адамзат әлемінен оңашаланған тұлға ретінде де қабылдайды»[3] .
Оди Дж. Рэлф, бұл феноменнің терең талдауын өткізе отырып, өзінің еңбегінде «Человек-существо одинокое: биологические корни одиночества» жай жалғыздық пен оның ұзақ уақыт қалыптарының арасында табиғатты ажырата білу керек. Оди Дж. Рэлф бойынша қарапайым жалғыздықтың кезеңдері, егер олар жиі және өте интенсивті болмаса қалыпты реакциялар болып есептеленеді, ал соңғылары (басқа сөзбен ұзақ күйлер) - әрқашан психопатиялық болып есептеленеді. Оңашалау кезеңдері адам үшін қажетті болады, сондықтан ол оны әрқашан да іздейді. Кейбір адамдар өзіне түнілуге немесе адамдардың алдында ойлауға үйрене бастайды. Бірақ оңашалау қарым-қатынасқа тең болу керек. Жалғыздық ретінде қабылданатын қарым-қатынастын жеткіліксіздігі адамдар ортасында тек қана бытырап кетуді білдірмейді, сонымен қатар олармен жақын қатынастарының жеткіліксізідігін де білдіреді. Жақындық және жылу сезімін беруге қабілетті емес қасындағы адамдар, осы жалғыздықты жеңілдету орнына оны қарама-қарсы ұлғайтады. «Патологиялық жалғыздық - қоғаммен өз тілегімен байланысты жарылу, әдетте қуып жіберу немесе шығару деп түсіндіріледі, жиі өзіне деген жаңашырлықпен үйлесіп жүреді және адамзаттың өзара әрекеттесуін түсіну құмарлығының өсуіне әкеледі. Бұл өзіне түңілу, баяулықта, енжарлықта, индифференттілікте, депрессияда көріну мүмкін» [30] .
Жоғарыда айтылған авторлар өздерінің еңбектерінде берілген феноменді адам өмірінде жағымсыз түрінде қарастыруға бейім болған. Олар оны белгілі экономикалық қатынастардың дамуына байланысты, көбісінде адамның эмоционалды және әлеуметтік бөлектенгендікпен түсіндіреді. Осы жағдайда адам көзқарас типі ретінде жекелікке келуге мәжбүр болады, осының негізінде өзін қоғамға қарама-қарсы қойып салыстыру жатыр. Бірақ, Мустакс «Одиночество» деген өзінің еңбегінде келесі ойды жазады: «Адам алға ғартай жүреді, аспандарға сөз айтады, өзінің қабілеттерін іске асыруға мүмкіндіктерін іздейді. Жалғыздық күйінде болған кезде адам ішкі әлемнің толығын табады» [26] . Мустакас, жалғыздық ауырғыш сипатта болуын теріске шығармайды, бірақ оны өнімді, шығармашылық күй ретінде қарастырады. Ол былай жазады: «Егер адам жалғыз және бөлектенген болып қалса, онда ол үшін әрбір кезең таза, әрбір дыбыс - тәтті болып табылады, болмыстың әрбір бөлігі құндылыққа айнала бастайды және мағынаны, таңдаулы сұлулыққа ие болады» [28] .
Философиялық концепциялар көптегенде ХХ ғасырда өндіріліп жатқан жалғыздық мәселесі бойынша социологиялық және әлеуметтік-психологиялық баптарды қамтамасыз етті. Жалпы алғанда ХХ ғасырда Батыста адамзат қатынастарының түсінуі индивидуализмнің дамуының әсерінен құрастырылды. Жалғыздық түсінігі тұрақты дамуда болады.
Индивидуализм коммуникабельділіктің жоқтығын туғызды, бұл индивидттердің өзара оқшаулауды шеткі формасы ретінде қарастырылды, көптеген әлеуметтік байланыстарының ыдыраушылығы. Жалғыздық күйінде тұрақты болу адамды аномалияға әкелуі мүмкін - болмыстың жалпы қалпы, бұл өздігінен адам өмірінің қиратушы күші болып табылады. Сондықтан бұл күрделі мәселемен бірқатар мамандар қызықты, бұл күй адам өміріне қауапты болғандықтар, олар оны нақты шешуге мүмкіндіктерді жасады. Батыстағы көптеген ғалымдар осы аймақта зерттеулермен айналысты, бұл феноменді әртүрлі позициялардан талдау жасалды: философиялық - дініден әлеуметтік-психологиялыққа дейін.
Американ мәдениетінің тарапында, американ психологтың Маргарет Мидтің [26 ] айтуынша, жалғыздық мәселесіне деген қатынасты маңызды сипаттамалы ерекшеліктерінің бірі ретінде қарастыру керек. Американдық отбасыда сәбінің пайда болған алғашқы күндерінен бастап оны жалғыз қалдыруға тырысады, себебі американдылықтардың пікірінше, бала тәуелсіздікке және дербестілікке үйрену керек, сондықтан өз бетімен ұйқыға кету - бұл осы қасиеттерді меңгеру жолында алғашқы тәжіребе болып табылады. Осыдан, американдық балалар жалғыздық күйін өз бетімен басынан кешіру және олардың төзімділігі мен еңбегі үшін берілетін марапат ретінде қоғамға қуануға үйренеді. «Есеюмен бірге, бала әлеуметтік белсенділікті көрсете бастайды және оңашаланған бос уақытты өткізуге сенімсіздікпен қарай бастайды» [24] . Бірақ осыған қарамастан, бала есейіп, белгілі бір кәсіпке үйреніп, жас адам белгілі әлеуметтік ортаға келеді, осында ол өзінің жеке және кәсіби қызуғушылықтарына байланысты күнде адамдармен кездеседі. Егер адам әлеуметтік-топтық деңгейде белгілі бір себептерге байланысты қадірін алмаса және онда жақын достары болмаса, онда осындай жағдай тұлғаның терен психологиялық дағдырасын туғызады және жалғыздық сезімінің пайда болуына қолдау жасайды, ал бұл адамды кейде аномалияға (болмыстың жалпы күйі) әкеледі.
Барлық философиялық мектептер мен бағыттар өздерінің көзқарастың принциптеріне сай жалғыздық феноменің түсіндірген. Жалғыздық мәселесін Фромм Э., Хорни К., Франкл В., Сартр Ж. П., Камю А., Къеркегор А., Ясперс К. және т. б. зерттеген. Осы ғалымдардың еңбектері ерекше қызығушылықты тудырады, себебі олар осы мәселенің өдірілуі бойынша ерекше интеллектуалды потенциалмен қамтамасыз етілген. Б. Пасколь бойынша: « . . . адам толық жалғыз және мәнсіз болмыста ұмытылған». Жалғыздықтын келесі анықтамасын Къекегордың еңбектерінде табамыз: «Жалғыздық - бұл ішкі өзіндік сананың тұйық әлемі, ол Алладан басқа ешкіммен ашылмайды». Адам жалғыздыққа және қайғы-қасіреттерге душарланған. Адам, Къекегор бойынша, тек қана Алла үшін өмір сүреді, себебі Алла тек ол үшін бар болады.
К. Ясперстің концепциясы бойынша, нақты коммуникацияға (басқа сөзбен әлеуметтік қатынастарға) түсу үшін индивид өзінің әлеуметтік байланыстарын үзу керек және өзін «басқаларға және өзінің ішкі әлеміне» қарама-қарсы қою керек. Осы жоғарыда айтылғанға, біз келесі қорытындыны жасай аламыз, коммуникацияның шарты әлеуметтік-психологиялық оңашалау ретінде, Ясперс бойынша, жалғыздық болады.
Біздің ойымызша, осы феноменді түсіндіру және өндеуі жөнінде философтар-экзистенционалистер үлкен үлесті қосты. Олар, адамдар туғаннан бастап жалғыз болады деген фактіні назарға алады, бірақ осы адамдар жалғыз болып қалай өмір сүретіндігі туралы пікірлері әртүрлі болды. Сонымен, Ж. П. Сартр жалғыздықты индивид болмысының терен негізі ретінде қарастырды. Сартр әлемді объективтіндіруге ұмтылды. Сонымен бірге субъективизм оның түсінігінде екі мағынаға ие болады. Бір жағынан, субъективизм дегеніміз субъект өзін-өзі таңдайды дегенді білдіреді, ал екінші жағынан - адам адамзат субъективтілігінің шегінен шыға алмайды, басқа сөзбен ол түпкі жалғыз болады. Осы екінші мағына, оның айтуынша, экзистензионализмнің терен мағынасы бар. Сартрдың философиясында жалғыздық тұйық антропологиялық әмбебаптың принципы болып табылады. Адамның ішкі жекеленуі - кез-келген жеке-даралықтын негізі болып табылады. «Біз жалғызбыз және бізге кешірім жоқ» [39] . Экзистенционалистер жалғыздықты адам экзистенциясының қажетті және ажырамас компоненті деп есептейді. Жалпы алғанда экзистенционализм бағыты қазіргі уақыттың рухани дағдырысын бейнеледі, оның қайшылықтарын және ауру жақтарын көрсетті, бірақ жағдайдан шығу жолдарын ұсына алмады, себебі ол адамзат қатынастарының әлеуметтік шарттастығын жете бағалайалмады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz