Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Мазмұны:
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
--------------------3
1. Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуының ғылыми-теориялық негізі
1. Жеткіншек тұлғасы және оның қалыптасуының ерекшеліктері-------------6
1.2 Жеткіншек кезеңнің мәселесіне қатысты шетел және кеңестік
психологтардың көзқарастары----------------------- --------------------------
---------14
2. Жеткіншектердің жеке тұлғасының қалыптасуына әсер етуші факторлар
1. Қарым-қатынас - жеткіншектік кезеңдегі тұлға дамуының
негізгі көрсеткіші------------------------- ---------------------------------
----------------23
2.2 Жеткіншектер арасындағы кикілжің мәселесі--------------------------- ----
---38
3. Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым-қатынастың
рөлін зерттеу---------------------------- -----------------------------------
----------------47
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
--------------53
Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ------------------
----------55
Қосымшалар------------------------- ----------------------------------- ------
--------------58
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Білім беру саласында жеке тұлғаның
коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру
маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы
әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам
мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Әсіресе,
әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында
тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің
деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау екендігі атап көрсетіліп, онда білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы
Н.Назарбаев Интеллектуалды ұлт – 2020 ұлттық жобасын ұсынды.
Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына,
білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен
әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару
қажеттігі туындап отыр.
Жеке тұлға дамуындағы қарым-қатынас – білім мен тәрбиенің нәтижесі
болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді
қажет ететін өзекті мәселелерінің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке
адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін
емес. Педагогика ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен,
қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты.
Жеке тұлға қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру қажеттілігі
мұғалімнің өз пәнін оқыту барысында жеке басының үлгісімен, сонымен қатар
пәнді меңгертуде жеке тұлға ретінде өз мүмкіндіктерінің жаңа қырларын
танытуға қызықтыру арқылы оқушыларға зор ықпал ете алуымен байланысты.
Осыған орай, оқушы оқыту үдерісіндегі басты субъект болғандықтан назардың
барлығы оның тұлға ретінде қалыптасып, дамуына аударылады. Осындай
сабақтастық қатынасқа қол жеткізу үшін мұғалім мен оқушының жеке тұлғасын
оқыту үдерісінде қалыптастыруымыз қажет.
Бұл мәселені ғалымдарымыз да жан-жақты қарастырған. Мысалы, Әл-Фараби,
Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи және т.б. ғұлама ойшылдар адамгершілік-имандылық
тәрбиесі арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынастың біртұтастығын
қалыптастыруға болатындығына аса мән берсе, А.С.Макаренко мен Я.А.Коменский
жеке тұлға дамуына қарым-қатынастың тәрбиелік ықпалына ерекше назар
аударған.
Педагогикалық үдерістегі мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастыруда қарым-қатынастың маңызы ерекше. Оны сапалы ұйымдастыру
педагогтардың білім дәрежесі мен шеберлігіне байланысты. Педагогтарға
қажетті мұндай қасиеттерді А.С.Макаренко өнер деп бағалаған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламалары мен ағартушылары
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және ХХ ғасырдың алғашқы
ширегіндегі қазақ зиялылары Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов өз шығармаларында
адам мен қарым-қатынас мәселесін көтерсе, оны шетелдік және кеңестік
философ, психолог, әлеуметтанушы және педагог ғалымдар да әр қырынан
зерттеген. Мысалы, қарым-қатынастың философиялық негізін В.С.Библер,
Г.С.Батишев, М.С.Каган, Ж.М.Әбділдин, Қ.Ә.Әбішев, Д.Кішібеков, қарым-
қатынастың қоғамдық-әлеуметтік өмірде тілдесу, ортақтасу арқылы жүзеге
асуын, қарым-қатынас барысында шиеленіс мәселелерін С.Елеусізова,
А.Құдиярова, К.М.Арымбаева, психологиядағы қарым-қатынас туралы әлеуметтік
зерттеулер төңірегінде Б.Д.Парыгин, Л.П.Буева, А.А.Леонтьев, тұлғаны
дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктерін Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев,
Л.И.Божович, И.С.Кон, қарым-қатынастың мәдениет теориясын Э.А.Баллер,
И.С.Злобин, В.Е.Давидович, Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик,
А.Н.Леонтьевтер зерттесе, қарым-қатынас мәселелерінің негіздерін
зерттеген Л.Н.Коган, Л.М.Митина, Г.И.Саранцев, Р.Ж.Божбанова,
Қ.Б.Жарықбаев, Э.А.Урунбасарова, Х.Т.Шерьязданова, Р.К.Кушембаева, және
т.б. зерттеушілерді жатқызуға болады.
Зерттеу тақырыбы Жеке тұлға дамуындағы қарым-қатынастың рөлі.
Зерттеудің объектісі: жеткіншектер.
Зерттеудің пәні: жеке тұлға дамуындағы қарым-қатынастың рөлі.
Зерттеудің мақсаты: Жеке тұлға дамуындағы қарым-қатынастың рөлінің
теориялық негізін анықтап, зерттеу.
Зерттеудің болжамы: Егер жеке тұлға дамуындағы қарым-қатынастың рөлі
теориялық тұрғыдан анықталса, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы тәжірибеге
ендірілсе, онда бүгінгі қоғамға қызмет ететін білікті және бәсекеге
қабілетті оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынас сапасын жоғары деңгейге
көтеруге болады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Жеке тұлға дамуындағы қарым-қатынастың рөлін теориялық тұрғыдан
негіздеу, оның құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
2. Жеке тұлға дамуындағы қарым-қатынастың рөліне тәрбиенің ықпалы мен
мұғалімдердің қарым-қатынас стильдерін таңдау жолдарын айқындау;
3. Жеке тұлға дамуындағы қарым-қатынастың рөлін айқындап, оны іске асыру
әдістемесінің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздеріне философиялық,
психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық әдебиеттердегі жеке адамды
дамыту туралы ілімдер, қарым-қатынас теориясы, тұлға дамуындағы қарым-
қатынас үдерісінің маңыздылығы тұжырымдамалар алынды.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау
жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама
жүргізу, сараптау, педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тұжырымдау,
педагогикалық эксперимент және оның нәтижелерін математикалық тұрғыда
өңдеу, қорытындылау.
Диплом құрылымы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер
тізімі және қосымшалардан тұрады.
1. Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуының ғылыми-теориялық
негізі.
1. Жеткіншек тұлғасы және оның қалыптасуының ерекшеліктері
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VIII
кластарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа
дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың, іс жүзінде басталуы V
класқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның өтпелі,
бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл
атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір кезеңінен екіншісіне өтумен
байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық
шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік,
әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән
ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар
қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен
қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің,
мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-кұлыққа, іс-әрекет пен
қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта
құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің
ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді
игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық
қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін,
мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады. Алайда
жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, көптеген жағдайларға
байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін.
Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте балалық пен ересектіктің қатар
болуымен, ал, екінші жағынан, сол жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі
жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады.
Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі сәттерінің
болуымен байланысты, олар: 1) ересектіктің дамуын тежейтін жайлар:
балалардың көбінде басқадай тұрақты және байыпты міндеттер болмай, тек
оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы
еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа
алуға тырысуы; 2) ересектендіретін жайлар: мазмұны жөнінен сан алуан
информацияның орасан зор тасқыны; көптеген ата-аналардың бос уақытының
аздығы және осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте
жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуы мен
жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар
жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі
көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, VII сыныпта
бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар
ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да
бар; өздігінен білім алып жүрген интеллектуалдар да бар, бірақ сонымен
қатар оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар;
болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ
мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар; кейбір қыз балалардың
бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән
бермейді; кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемшілер болса, енді
біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да
ебі жоқ.
Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір
бағыттың көптеген варианттары болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір
интеллектуал үшін өмірде ен бастысы кітап пен білім болады, қалғанының
бәрін де ол әлі нәресте десе енді бір нағыз интеллектуал үйде
электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен әуестенсе де, сабақта
түк бітірмейді, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнінен
бастап ең шебер шаштараз туралы мәселеге дейінгі барлық жайлар жөнінде
әңгімелесуге болатын ересек жасөспірімдермен сөйлескенді бәрінен артық
көреді: үшінші бір интеллектуалды ересектіктің сыртқы көріністері онша
қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге
тәрбиелейді, ал қыздарға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша
ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Бір өлшем ұқсас осы
үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр
түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреу үшін маңыздының енді бірге құны
жоқ. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және
әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты
белгіленеді. Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы жалғасады. Жеткіншектік
кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы
уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты; бұл өзгерістер
кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделі мен қарым-қатынастарын
түбірінен өзгертетін сипатта болады; мұның өзі біршама қысқа мерзімді болуы
мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт
сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір
жағынан, жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі субьективті қиыншылықтардың
болуымен қабаттасады, ал екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен
ұштасады: жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың,
қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлы, дөрекілік,
қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).
Жеткіншекті тәрбиелеу бұл оңай іс емес. Олардың уақытының көп бөлігі
мұғалімдердің ата-аналардың бақылауымен өтеді. Көптеген ата-аналар
балаларының әрекет-қылығын бақылап, оларды басқара алмайтындай сезімде
болады. Осы жас кезеңде жеткіншектер мен ата-аналар арасында өзара
түсініспеушілікпен кикілжіңдер болып жатады. Көбінесе бұның себебі ата-
аналардың педагогикалық қауқарсыздығынан яғни жеткіншектің кезеңнің
ерешеліктерін білмеуден болып табылады.
Көптеген ата-аналар өз балаларын шын көңілдерімен жақсы көретіндігі
анық. Бұл бала жағымды болмақ себебі сүіспеншілік сезімі баланың басты
ерекшеліктерінің бірі оның қанағаттануы бала дамуының басты шарты.
Жеткіншектік бұл бала мен ересек адам жасының артасында тұрған кезең
оларды қажеттілігі ол балалық қажеттілік. Оларға өздерінің ата-аналарының
оларды жақсы көретіндігін білу аса маңызға ие. Тек отбасы ғана өзіне деген
сенімділікті тудырып, рухани жайлылықты қамтамасыз ете алады. Егер
жеткіншекте сүйіспеншілік сезімінің даусыз дәлелі болмаса, ол жақсы болуға
ұмтылмайды және нәтижесінде өзінің жақсы сапаларын көрсетуге қабілетсіз
болып қалады. Тек өзінің құндылығы маңыздылығын сезіну оған психологиялық
дамуға көмектеседі. Тек осы сезім ғана жеткіншектің бойында жараланғыштық
керексіздік сезімін жоюға көмектеседі. Егер ата-аналарында балаға деген
сүйіспеншілік болмаса, олар масыл болып өседі.
Бұл ата-аналарға балаларының барлық қылықтары ұнайды деген сөз емес.
Баланы тұтастай ұнатпау емес оның кемшіліктерін бөліп қарауға болады.
Баланың әрекеттеріне деген көңіл толмаушылық жүйелі болмауы тиіс. Егер біз
жеткіншікті біздің талаптарымызға жауап берген кезде ғана жақсы көретін
болсақ онда жағымсыз сезім туады. Ол барлық жағынан жақсы болып көрінудің
пайдасыз екенін түсінеді. Баланың мейірімге деген қажеттілігі біз оған оны
жақсы көретіндігімізді айтып оның керектігін түсіндіргенде ғана
қанағаттанады. Жеткіншек біздің сүйіспеншілігімізді кез-келген әрекетінде
кез-келген ісінде сезінуі керек. Тек осы жағдайда ол өзінің мүмкіншілігін
бағалап және кез-келген ісін жауапкершілікпен орындауға тырысады.
Жеткіншектер ата-аналарынан тәуелсіз болғысы келеді. Бұл қайшылықта
көптеген жағдайлар отбасындағы қарым-қатынас стиліне байланысты.
Психология ата-аналар мінез-құлығының 4 негізгі стилін бөліп
көрсетеді. Немқұрайлы тип. Отбасы тәрбиесі бақылаудың төменгі деңгейі және
қарым-қатынаспен сипатталады. Мұндай ата-аналар өз проблемаларымен жүріп
балаларымен қарым-қатынасқа түспейді .Бұндай отбасында өскен балалар
проблемалық жағдайаттарға бейім болып келеді. Либеральды тип. Бұндай
отбасында бақылау деңгей төмен бірақ қарым-қатынастары жылы. Мұндай
отбасында ата-аналарының басқарушылық рөлі жоқ болғандықтан, балалары
тілазар болып қоғамдағы қабылданған ережелер мен нормаларға қарсы шығады.
Авторитарлы тип. Өте жоғары бақылау және қарым-қатынастың суықтығы. Ата-
аналар балаларына өте қатал талаптар қояды, балаларына эмоциялық жақындық
жоқ. Нәтижесі - балалар енжар және тәуелді немесе агрессивті. Беделді тип.
Жылы қарым-қатынас және бақылау деңгейінің қалыптылығы. Мұндай отбасындағы
ата-аналар мен балалар арасында сыйлы қарым-қатынас болады. Осындай
отбасынан шыққан балалар өмірге икемді өз-өзіне сенімді, жауапкершілігі мол
тәрбиеленеді. Көптеген мәселелерді түп тамыры осы қарым-қатынас стиліне
тәуелді болып, оның өзгеруі жақсы нәтижелерге әкелу мүмкін.
Жеткіншіктерге көз салсақ, олар әртүрлі болып келуі. Бірі жылдам,
екіншісі баяу, бірі ашық достарымен көп уақыт өткізеді, келесі бірі
салмақты өзімен-өзі болады. Бірақ барлығы жағдайға тәуелді болып келеді:
шыншылдар өтірік айтуы, қорқақтар ерлік көрсетуі мүмкін.
Нәзік және ашық мінезді жеткіншектермен жұмыс істегенге қарағанда
жараланғыш, тік мінезді жеткіншектермен жұмыс істегенде жұмыс барысын
өзгешелендіру керек. Кез-келген бала немесе жеткіншек өтірік айтып бізді
алдауы мүмкін, бірақ ол өзінің іс-әрекеттері үшін іштей қиналатыны анық.
Жеткіншектің кері қылықтарын түсіндіруге болатын обьективті себептер
бар. Біріншіден бұл ғалымдар мен медиктер, педагогтар мен психологтар
жыныстық толысу мен қарқынды өсумен байланыстыратын жеткіншек жастың
қиындықтарымен байланысты. Олар бұл кезеңді горманальды дауыл және
эндокринді шторм деп атайды. Осы жас кезеңде депрессияның ұлғаю
әсерленудің жоғарлауы үрей сезімі және өзінің сырт келбетіне риза болмауға
байланысты күйзелістер пайда болады.
Бұл жастың жалпы ерекшеліктер қатарына көңіл-күйдің өзгермелігі
бірнеше полярлы сапалардың байланысуы: сезімталдық, тас жүректікке айлануы,
ұялшақтықтың ашықтықпен романтикалық ұстамдылық ересек қылықтармен айналу
және ешкімнен тәуелсіз болуға ұмтылу. Ұялшақ жеткіншек сұрпайы болып ал
қайырымды жеткіншек мейірімсіз болып көрінуге тырысады.
Жеткіншектің кері қылықтарының негізгі себептері мыналар болуы мүмкін:
депрессия, бір жағдайдан қорқу, физикалық науқастану,рухани мінездің
психологиялық қиындықтары.
Жеткіншектің үнемі қандай да бір жиынға баруын ол үшін маңызды.
Құрдастарымен бірге болғысы келетінін түсіну қажет, сондай-ақ кез-келген
жеткіншек беделге ие болып достарының арасында көшбасшы болуға жеке тұлға
ретінде мойындалуға тырысады және ол ересектерден қолдауды аса қажет етеді.
Оны түсіну үшін біз мінездің жеке тұлғаның қайталанбайтын
психологиялық ерекшелігі екенін ұмытпауымыз қажет. Ол бұл сөзің ежелгі
грекше нұсқауындағы баламасы: таңба, белгі деген мағына береді. Шынында да
мінез адам тұлғасын қалыптастыратын тәрбие мен іс-әрекеттің көрінісін
бейнелейді. Көптеген психологтармен жүргізілген зерттеуде мінездің 200-ден
аса түрі қарастырылған, бірақ адамның кері қылықтары мінезге ғана
байланысты емес ол нақты жағдайға байланысты болуы мүмкін. Ұлы
психоаналитик Зигмунд Фрейдтің көрсетуі бойынша адамның мінез-құлқы
келесідей ерекшеліктерімен анықталады:
• қабілеттермен (нақты жағдайда оның әрекет ете алуы)
• танымдық стратегия (қабылдау және адаммен жағдайды бағалау)
• Үміттермен (қандай да бір жағдайда мүмкін болатын адамның әрекеттеріне
баға беру)
• құндылықтармен (адам үшін не нәрсе құнды маңызды және нақты жағдайда
ол нені бекітер )
• әрекет жоспарларымен (әрекеттер әдетке айналған, тәсілдермен
тексерілген)
Кейбір психологтар ( мысалы америка психологы Р. Кэмбелл
жеткіншектердің келесі мінез типтерін бөліп көрсетті: Реактивтіліктің
жоғары деңгейі сіріңке жағдайдың өзгеруіне байланысты қиналатын ұлу
жаңа жағдайға қиын бейімделетін тасбақа үнемі көңіл-күйі түсіп жүретін
жіпше).
Атақты орыс ғалымы, педагог П.Ф. Лесгафт мектептік деп атап
жеткіншектерді келесі типтерге бөлуді ұсынды: екі жүзді тип (өтірік,
зұлымдық, өтірік ойлар, мақтаншақтық);атаққұмарлы тип (өзімшілдік, өзін-өзі
жақсы көрушілік, есінің жақсы болуы, есепшілдік);қайрымды тип(ұстамды,
байсалды, зейінді, шыншыл, нәзік, жарқын жүзді); жұмсақтыққа толы тип
(тындампаз, талапқойғыш, өзіне сенімді, тез жылайтын, енжарлық, епсіз);
ызалы тип (үндемейді, күмәнді, тік мінезді, қатал бірақ кейбір жағдайда
кішкентайлар мен жануарларға мейрімді); қанаушы езуші тип
(көпсөйлемейтінді, шыншыл, ұялшақ, еңбекқор, тұрақты, шыдамды, төзімді
сезім білдіруге сараң).
Қарым-қатынаста психологиялық кедергі маңызды орын алады:
1) Күйзеліс кедергісі (қайғыру кезіңде жалғыз болғысы келеді)
2) Ашу кедергісі (қандай да бір танысуға жауап)
3) Кері қайыру кедергісі (кірден, жағымсыз иістен жиіркену)
4) Ұнатпау кедергісі (Қандай да бір себепке байланысты ұнайтпайын
адамымен қарым-қатынасқа түсуден қашу)
5) Күнә және ұялу кедергісі (күнә және ұялу нәтижесінде адаммен қарым-
қатынасын үзу)
6) Жағымсыз көңіл-күй кедергісі (өзіне барлық кері эмоцияларды қосады)
Ересектермен қарым-қатынас жеткіншек тұлғасының дамуындағы маңызды
факторлардың бірі. Осындай қарым-қатынасты зеттей келе жеткіншектер үшін
көмек кеңес беретін адамдар сапасын бөліп көрсету керек. Қоғамдық маңызды
іс-әрекет бұл жас үшін маңызды және тек осы іс-әрекет арқылы ғана қарым-
қатына ортасын кеңейтеді. Тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы қарым-
қатынас нақты жағдайда балалардың тәрбие деңгейімен және оқушылардың өзара
қарым-қатынасын бейнелейді. Оқушылар қандай да бір жұмысты таңдау барысында
ІV- ІV оқушылары мұғалімдермен кеңессе, ал VІІ- VІІІ сынып оқушылары
көбінесе өз бетімен таңдаған. Жеткіншек пен ересектің талас-тартысының
себептері жеткіншек кезенінің басында егер ересек адамда жеткіншекке әлі
бала деп қарайтын көзқарас сақталатын болса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін
болатын жағдай қалыптасады. Әлгіндей көзқарас, бір жағынан, тәрбиелеу
міндеттеріне қайшы келіп, жеткіншектің әлеуметтік есеюінің дамуына кедергі
жасайды, ал екінші жағынан, жеткіншектің өзін ересекпін деп санайтын
түсінігі мен оның жаңа құқықтарды талап етуіне қайшы келеді. Міне, нақ осы
қайшылық ересек пен жеткіншектің қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен
қайшылықтардың көзі болады. Талас-тартыстар мен қиыншылықтар жеткіншектің
құқықтары мен дербестігінің сипаты туралы олардың түсініктерінің
үйлеспеушілігінен келіп шығады.
Егер ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгертпесе, онда
жеткіншектің өзі қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің инициаторы бола
бастайды. Ересектің қарсылығы жеткіншектің тіл алмау мен қарсыласудың алуан
формалары түріндегі жауап қарсылыққа кезігеді. Бұл қарама-қарсы
тенденциялардың болуы мен бір-біріне қарсылық қақтығыстар туғызады; ересек
адам өз көзқарасын өзгертпесе олар жиілеп, жеткіншектің қарсыласуы барған
сайын табанды бола түседі. Мұндай жағдай сақталатын болса, бұрынғы қарым-
қатынастарды бұзу бүкіл жеткіншектік кезеңге созылып, әдетке айналған талас-
тартыс формасын алуы мүмкін. Бағынбау мен қарсыласудың әр түрлі формалары
арқылы жеткіншек ересектермен бұрынғы, балалық қарым-қатынастарды бұзады
да, болашағы бар жаңа ересектік қатынастарды таңады. Талас-тартыс ересек
адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгерткенше жалғасуы мүмкін. Талас-
тартысты қатынастар жеткіншектің мінез-құлқының бейімделгіштігі мен
эмансипациясы формаларының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Жатсыну, ересек
адамның әділетсіздігі туралы сенім пайда болып, оған өзін ересек адам
түсінбейді, түсіне де алмайды деген түсінік негіз болады. Осындай негізде
ересек адамның талаптарын, бағалары мен көзқарастарын енді әдейі қабылдамау
келіп шығуы мүмкін, сөйтіп жеке адамның моральдық және әлеуметтік
бағдарлары қалыптасатын осындай жауапты кезеңде жеткіншекке ықпал жасау
мүмкіндігінен мүлдем айрылып қалуы мүмкін. Жеткіншек ересектердің қарым-
қатынасына неғұрлым көбірек наразы болса, оған жолдастары соғұрлым керек,
олардың бұған ықпалы соғұрлым күштірек болады.
Талас-тартыс - ересек адамның жеткіншектік кезеңде жеке адамның
дамуымен санасуға, жеткіншекке өз жанынан жаңа орын тауып беруге қабілеті
жетпегендігінің немесе оған ынтасы болмағандығының салдары. Жеткіншектердің
ересектермен қатынастарындағы дербестігі мен тең праволылығы проблемасы -
олардың қарым-қатынасындағы және жалпы алғанда жеткіншекті тәрбиелеудегі ең
күрделі әрі шұғыл проблема. Жеткіншектің мүмкіндіктеріне, оған қойылатын
қоғамдық талаптарға сай келетіндей және ересек адамға оны бағыттауға, оағн
ықпал жасауға мүмкіндік беретіндей дербестік дәрежесін табу қажет.
Егер ересек пен жеткіншектің арасындағы карым-қатынас ересектер қарым-
қатынасының белгілі бір типі бойынша мазмұнды достық ынтымақ, бұған тән
өзара сыйластық, сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса, онда ересек пен
жеткіншектің қарым-қатынасында оған тән қиыншылықтар болмауы мүмкін.
Жеткіншекке ересек адам тарапынан түсінушілік қажет. Олардың өмірінің
ортақтығы түрлі мазмұнда құрылуы, ал ынтымақ іс-әрекеттің әр алуан
түрлерінде өрістеуі мүмкін, бірақ бұлардың екеуі де бірдей мөлшерде қажет.
Ынтымақ процесінде жеткіншек пен ересектің әлеуметтік өзара іс-әрекетінің
жаңа тәсілдері қалыптасады, олар моральдық-этикалық мазмұны жеткіншектің
әлеуметтік ересектігін дамыту міндетіне және ересектермен қарым-қатынастың
сипатына, оның қоятын жаңа талаптарына сай келеді. Нақ осы ынтымақ ересек
адамға жеткіншекті әр түрлі істер мен кәсіптерде өзінің көмекшісі және
жолдасы жағдайында қоюға, ал өзіне оған үлгі-өнеге әрі дос болуға мүмкіндік
береді. Нақ осындай қарым-қатынастар жеткіншекке субъективті тұрғыдан, ал
оны тәрбиелеуге объективті тұрғыда қажет.
Ересек адам мен жеткіншектің жеке қатынастарындағы сәттіліктің олардың
арасындағы байланыс пен түсініктің әбден қажет болатын тағы бір себебі
мынадан: жеткіншектік кезеңнің басталуында баланың ересектермен және
жолдастарымен, құрдастарымен қарым-қатынастарының екі жүйесі арасындағы
күрделі қарым-қатынастар үшін жағдайлар жасалады. Мұның бірінші себебі -
баланың осы екі жүйеде принципті тұрғыдан жағдайының әр түрлі болуы.
Ересектермен қарым-қатынаста ол балаларға арналған тіл алу моралында
тіркелген тең праволы емес жағдайда болады. Жолдастарымен - құрдастарымен -
қатынаста ол принципті теңдік жағдайында болады, мұның өзі, бір жағынан,
ересек адамның ересектер дүниесіндегі болашақ жағдайында тең, ал екінші
жағынан, ол балалардың іс-әрекеттің алуан түрлеріндегі ынтымағы
элементтерінің көзі болып табылады.
Жеткіншектің жолдастарымен, құрдастарымен, сыныптастарымен қарым-
қатынасы төменгі сыныптардағы балалардың қарым-қатынастарынан гөрі
күрделірек, сан-салалы әрі мазмұндырақ. Жеткіншектік кезең де жақындық
дәрежесі жөнінен әр түрлі қарым-қатынастар қалыптасады, оларды жеткіншектер
әншейін жолдастар, жақын жолдастар, жеке дос деп нақпа-нақ саралайды.
Олармен қарым-қатынас оқу әрекеті мен мектеп шеңберінен барған сайын шыға
берді, жаңа мүдделерді, кәсіптерді, қарым-қатынастарды қамтып, жеткіншек
өмірдің дербес және өте маңызды саласы болып бөлінеді. Бұл қарым-
қатынастарда әр түрлі оқиғалар мен істер, күрес пен қақтығысулар, жеңістер
мен жеңілістер, жаңалықтар мен өкініштер, күйініштер мен қуаныштар молынан
кездесіп, осының бәрі жинақталғанда жеткіншектің нағыз өмірін құрайды, ол
осында іс-әрекет жасап, ойланып толғанады, көп уақыты мен рухани күш-
жігерін жұмсайды. Жолдастарымен қарым-қатынас жеткіншек үшін ерекше
құндылыққа ие болады, маңыздылығы соншалық ата-ана, туғандарымен қарым-
қатынастардың тартымдылығын едәуір азайтып, олардың өзін екінші қатарға
ығыстырады. Әдетте мұны бірінші болып шешесі сезеді, ұлының (не қызының)
өзінен алшақтап, қайсыбір өзгеше өмір сүре бастағанын, бұл туралы айтпай,
үйден жолдастарына баруға асығып тұратынды шығарғанын байқайды. Жеткіншек
үшін құрдастарымен қарым-қатынасы оның жеке басының қарым-қатынастар
сферасы болып сараланып, бұнда ол дербес іс-әрекет етеді. Ол бұған хақым
бар деп санайды, өзінің правосын қорғайды, нақ осы себептен де ересектердің
бұл салаға әдептен тыс араласуын жәбір санап, қарсы шығады.
Жеткіншекте, бір жағынан, құрдастарымен қарым-қатынас, бірлесіп іс-
әрекет жасауға ұмтылу, топта өмір сүргісі келіп, жақын жолдас, дос тауып
алуға ұмтылу өте айқын көрінеді, екінші жағынан, жолдастарының арасында
қабылданып, танылуға, олардың мұны сыйлауына жетуге ұмтылу одан кем
түспейді. Мұның өзі аса маңызды қажеттілікке айналады. Сыныптастарымен
қарым-қатынастардағы қолайсыздықтар, жақын жолдасының, досының болмауы
немесе достарының одан ажырасып кетуі барынша күйзелтіп, баланың жеке
басының драмасы деп қабылданады. Жеткіншек үшін ең қолайсыз жағдай -
топтың, жолдастарының оны шындап кінәлауы, онымен қарым-қатынас жасағысы
келмеуі болады, ал ең ауыр жаза өзіне ашықтан-ашық немесе жасырын бойкот
жасауы болмақ. Өзінің жалғыздығын сезіну жеткіншек үшін төзгісіз, ауыр
жағдай. Сыныптастарымен қатынастардың қолайсыздығы оны өз мектебінен басқа
жерден жолдас, дос іздеуге итермелейді. Әдетте, оларды тапқанымен, бұлар әр
кезде бірдей жақсы болып шыға бермейді. Мұндай фактілердің күйінішті
зардаптары болатын жағдайлары көп кездеседі.
Жеткіншектің жолдастарының назарын өзіне аударуға, олардың ынтасын
туғызып, жақсы көрінуге ұмтылуы түрліше болып көрінуі мүмкін: бұлардың өз
қасиеттерін тікелей көрсетуде ересектер қоятын талаптарды орындамау да
болуы, сондай-ақ қиқаңдап, сайқымазақтану, күлдіруге тырысқан іс-әрекеттер,
өтірік-шыны аралас әр түрлі жайларды айту болуы мүмкін.
Кішкентай жеткіншек - жеке басының қасиеттері жағынан қоғамшыл.
Балаларға өмір мен іс-әрекеттің коллективтік әдістері ұнайды, олар қоғамдық
жұмыстарға ұмтылып, жақсы көреді. Бұл жұмыстар жеткіншектердің қарым-
қатынасы үшін мазмұнды негіз жасап, бастама, белсенділік, дербестік
білдіруге мүмкіндік береді. Кез келген іс-әрекетте олар әншейін қарап
тұрушы болмай, белсене қатысушы болғанды жақсы көреді.

психологтардың көзқарастары
Жаңа әлеуметтік құбылыс - жеткіншек кезеңнің дамуына ең бірінші көңіл
бөлген Жан Жак Руссо болды. Ол өзінің 1762 жылы жазылған Эмиль романында
бұл жас кезеңнің адам өмірінде алатын психологиялық маңыздылығына көңіл
бөлді. Руссо жеткіншек кезеңінде сипаттай келе оны Екінші рет дүниеге
келу деп атады. Оның маңызды ерекшелігі бұл жас кезеңінде адамның өзіндік
танымы дами түседі. Эмиль жеткіншек кезең туралы түсініктің қалыптасуына
көп септігін тигізгенмен, Руссо нақты идеясының ғылыми дәлелденген түрін
С.Холлдың ілгері екі томдық жұмысынан көреміз. Кемелдену оның психологиясы
физиологиямен, антропологиямен, әлеуметтанумен, қылмыспен, дінмен, біліммен
байланысты. 1904 жылы шыққан бұл еңбек өте жоғары бағаланды. С.Холлдың
нақты құбылысты түсіндіретін концепцияны ұсынғаны үшін және осы жас
кезеңіне тән проблемалар аумағын анықтағаны үшін оны өтпелі кезеңнің әкесі
деп атайды.
Неміс романтизмі жан философиясы мазмұнында жеткіншек кезеңнің дамуы
С.Холл бойынша Өзіндік таным дағдарысы деп көрсетілдеді. (С.Холлда бұл
кезеңді 18-ші ғасырдың аяғында неміс әдебиетінде аталғандай Дауыл және
шабуыл деп атады). С.Холл жеткіншек кезеңін даму құбылыстарын түсіндіре
отырып, Геккельдің биогенетикалық заңына сүйенеді. Бұл заң бойынша
эволюцияның жекелей даму түрінде онтогенез қайталанады. Биогенез үлгісі
аналогиясы бойынша С.Холл өзінің социогенез үлгісін құрды. Онда жеткіншек
кезең адамзат тарихындағы романтизм дәуірімен сәйкестендіріліп
қарастырылады(балалалық пен ересектік кезең арасы). Осы арада жеке адамның
дамуы қоғам тарихына тәуелді деген жорамалдар шынайы мағына береді.
Кейінірек келе жеткіншек кезеңнің теоретиктері социогенетикалық
үлгіден бас тартты. Оның орнын эволюциялық үлгі басты. С.Холлдың жеткіншек
кезеңнің концепциясынан не қалды және ары қарай қалай дамыды? Біріншіден,
бұл кезеңнің өтпелі екендігі туралы түсінік нақты осы түсінікпен келесі
негативті сипаттамалармен байланысты: қиын тәрбиеленушілік, кикілжіңге
түсушілік, эмоциялық тұрақсыздық. Нақты даму кезеңінің позитивті
сипаттамалары Руссо бойынша, өзіндік танымның дамуы және С.Холл бойынша
жекелік сезім түсініктерің олардың эмперикалық интерпритациясының
қиындықтарына байланысты алынып тасталды да көпке дейін даму кезеңі осы
жастың негативті аспектілерін көрсететін Даму дағдарысы атты терминімен
сипатталды. Осы арада Дағдарыс түсінігі С.Холл концепциясының маңызды
жетістіктерінің бірі екендігін айта кету керек. Бұл термин әрқалай
талқыланғанымен Батыс елдерімен, Кеңес үкіметінің жас ерекшелігі
психологиясында кеңінен қолданылды. Біріншіден, Батыс теоретиктері С.Холл
бойынша осы кезеңнің негативті жағынан қарастырады. Екіншіден, дағдарыс
себебін түсіндіруде көп жағдайда С.Холлмен келіседі, яғни Дауыл мен
шабуыл құбылысы осы кезеңде болатын драмматикалық сексуалды физиологиялық
өзгерістерге байланысты деп ұйғарды.
Жеткіншек кезеңіндегі дағдарысқа байланысты барлық Батыс теоретиктері
өз үлгілерін ұсынды. Зигмунд Фрейд пен Анна Фрейдтің психоанализі, Курт
Левиннің гештальт психологиясы және Р.Бенедиктің бихиовиоризмі олар өз
арасында бір-бірімен байланысты емес сияқты көрінгенімен, бұл теорияның
барлығы эволюцияның онтогенетикалық даму үлгісінен келіп шығады.
Эволюциялық үлгінің социогенетикалыққа ауысуының басты бір себебіне мынаны
жатқызуға болады: психоаналитиктер, гештальтпсихологтар, бихевиористер
жеткіншек кезеңге байланысты өз пікірлерін қалыптастырды. Оларға
социогенетиканы қоса алып жүру қажеттігі болған жоқ.
Биологиядағы эволюциялық даму картасына сүйене отырып, жеткіншек
кезең психологиясы биологиялық тұрғыдан түсіндірілетін психологиялық
аналогияны құрды. Сондай-ақ жеткіншек кезеңге байланысты әр түрлі Батыс
теориялары бір тоқтамға келді. Психикалық даму процесі табиғи құбылыс
эволюциялық үлгіде даму организмінің қоршаған ортаға бейімделу қажеттігіне
тәуелді.
Егер индивидтің дамуы бір жағынан генетикаға тәуелді бағдарламаға
негізделген үрдіс болса, екінші жағынан әлеуметтік әсер ету нақты дамуды
жаңартатын ортамен байланысты. Жануарлар дамуының заңдылықтары бала дамуына
ауыстыру Орта түсінігімен қоғам түсінігін және индивид түсінігімен
организм түсінігін қате теңестіруге әкеледі. Осындай биологиялық метафора
баланың онтогенезін әлеуметтік факторламен өзгертілген адаптация үрдісі
ретінде қабылдауға әкеледі. Әлеуметтік факторлар бұл жағдайда адаптация
үрдісіне жіберілетін механизм рөлін атқарады. Бұның, ортаның басқа
факторларынан еш айырмашылығы жоқ. Шын мәнінде баланың онтогенезінде
биологиялық жағы шешілген түрде. Бұл адамның даму процесі антропогенезді
қайталамайды, ол тек тарихи заңдылықтармен жүзеге асады. Әлеуметтік – бұл
нақты үрдістің факторы немесе құрылу үрдісі емес, оны жүзеге асырудың ішкі
механизмі.
Р.Бенедикт 30-шы жылдары бихиовиористік бағыттағы үзіліссіз және
дискретті негізделген теорияны зерттеді. Бұл теория жеткіншектер
психикасының дамуындағы айырмашылықты әлеуметтік ынталандырушы әр түрлі
қоғамдық ұйымдарда олардың психикасы әр қалай дамиды деп түсіндіреді.
Сонымен қатар, ол 20-шы жылдары алынған Боас антропологтар мектебінің
зерттеу көрсеткіштерін пайдаланды. Бұл зерттеушілер баланың психикалық
дамуын қарапайым мәдениет негізінде меңгерді және осы шарттарды Америкалық
Сама мектебінің көрсеткіштерімен салыстырды. Бенедикт Канада, Америка,
Индия тайпаларының жеткіншектеріне және Африка, Мексика, Жаңа Гвинея
тайпаларын зерттеді. Ал оның Мид Самао аралының жеткіншектерін зерттеді.
Зерттеу көрсеткендей Европалық және Америкалық балалардың тәрбиелеу формасы
арасында айырмашылықтар байқалды. Жинақталған көрсеткіштер жеткіншек
кезеңін сондай-ақ жыныстық жетілу, ересектік өмірдің басталуы жайлы тек
дамыған елдерде айтуға болатындығы жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік туды.
Бірақ мәдени антропология бұл тұжырымды жасаған жоқ. Жеткіншек кезең
терминін дәстүрлі түрде жыныстық жетілумен салыстырды. Баланың тайпа
мүшесінің ересектік статусына өтуінің тікелейлігі байқалған жоқ. Жеткіншек
кезеңнің еркшеліктері Батыс мәдениетінде қазіргі дамыған елдермен,
мәдениеті төмен дамымаған елдердің тәрбиелеу технологиясының
ерекшеліктеріне байланысты әрқалай түсіндіріледі. Бенедикттің қолданған
термині бойынша ол бұлай аталады: Жалпылаудың үзіліссіз және дискретті
түрлері арасындағы дихотомия. Бенедикт Батыс мәдениетінде жалпыланудың
дискритті түрін бала мен ересек арасындағы қарама-қарсы күшті акцент деп
қарастырады.
Курт Левин өзінің Орта факторы түсінігіне жыныс теориясына сәйкес
жеткіншек кезеңнің құбылыстарын кіргізді. Егер Бенедикт балалар мен
ересектер өмірінің нормалары бір-бірімен сәйкес келмейтіндігі жайлы акцент
жасаса, Курт Левин осы жасқа тән Когнитивті диссбалансқа назар аударды.
Ол балалық шақтан ересектікке өту кезеңіндегі бағдар құралдарының
анықталмағандығы жайында акцент жасады.
Курт Левин Әлеуметтік жағдайды Бенедикт теориясындағы топтық
тәуелділіктің өзгеруімен түсіндіреді, яғни балалар қоғамдастығының
ересектер қоғамдастығына ауысуы. Курт Левин бұл араласуды адамның бөтен
қалаға келуімен теңестіреді. Жеткіншек маргинальды тұлға жағдайында болады.
(екі мәдениетке жататын тұлға). Ол балалар қоғамдастығына жатқысы келмейді,
бірақ әлі ересек адам емес. Маргинальды тұлғаның мінезінде келесідей
белгілер байқалады: эмоциональдық тұрақсыздық, сезімталдық, ұялшақтық,
аггрессивтілік, эмоциялық кернеу, айналадағылармен киткілжіңге түскіш. Бұл
қиындықтар топтық тәуелділіктің өзгеруімен байланысты.
Курт Левин жеткіншек кезең психологиясындағы бірнеше маңызды
мәселелерді көтерді: біріншіден, жеткіншектердің ересектер өміріне бағдар
мәселесі, қиын және қарама-қайшы дүниетанымдық білімдер мен құндылықтарды
таңдау мәселесі, жеткіншектердің өмірлік жоспарлары мен мақсаттарының
құрылым проблемасы. Бұл мәселелер одан әрі А.Айзенберк теориясында
жеткіншектердің даму міндеттері атымен дамыды. Курт Левин теориясындағы
маргинальды жеткіншек түсінігі Коулменнің жеткіншектік субкультура
теориясына негізделген.
Жеткіншектерді зерттеудегі ерекше орынды Э.Шпрангер теориясы алады.
Ол индивидтің ішкі әлемі қандай-да болмасын табиғи және әлеуметтік
детерминантқа принципті түрде байланысты емес. Сондай-ақ Э.Шпрангер
идеалисті түрде тұлғаның дамуын оргагизмнің даму процесі мен және тұлға мен
қоғамның шынайы қатынасына ешқандай қатысы жоқ рухани үрдіс ретінде
қарастырды. Бозбалалық кезеңді Э.Шпрангер ұлдарда 13-19 жас және 14-22 жас
кезеңінде қарастырды. Бұл жастың бірінішісі фазасы нақты жеткіншектік кезең
ретінде 14-17 жас аралығы. Бұл фаза балалық тәуелділіктен арылуға байлансты
дағдарыспен сипатталады.
Э.Шпрангер теориялары Бюллер еңбектерімен толықтырылды. Ол бозбалалық
кезеңнің екі фазасын бөліп көрсетеді: оңтайлы және теріс. Осының ішінде
жеткіншектік кезең негативті фазаға жатқызылады. Қыздар да бұл фаза Бюллер
бойынша 11-13, ұлдарда 14-16 жас. Айта кететін бір жайт Руссо мен С.Холлдан
басқа психоанлитиктер жеткіншек кезеңді адам өміріндегі маңызды кезең деп
есептемейді. Тек қана жыныстық жетілу барлық сексуальды дамудағы маңызды
кезең болып табылады. Бірақ С.Холлдың Дауыл мен шабуыл кезеңі деген
пікірімен келіседі. Оның себебін былай түсіндіреді: жыныстық жетілумен
байланысты пайда болатын күшті сексуальды импульстер тұлғаның ішкі тепе-
теңдігін бұзып, Ол, Мен және жоғары Мен тұлғалық жүйе аспектілерінің
қайтадан құрылу қажеттігіне әкеледі.
Жеткіншектің кезеңдегі сексуальдылықтың өзгеруін психоаналитиктер
біріншіден, обьектінің өзгеруімен байланыстырады. Жеткіншек кезеңге дейінгі
обьекті отбасы мүшелері болып табылады. Ал жеткіншектік кезең басталғаннан
кейін оларда сексуальдық қысым пайда болады. Екіншіден, сексуальды
аггрессивті мінез-құлық инцесті фантазиялар және әрекеттер пайда болуы
мүмкін. Психоаналитиктердің айтуы бойынша жеткіншектік кезең дағдарыссыз
болмайды. Өйткені жаңа сексуальды импульстар ішкі төңкеріске әкеледі.
Сонымен, классикалық психоанализ жеткіншек кезеңіндегі дағдарысты
жыныстық жетілумен байланыстырады. Фрейдизмнің әдістемелік жабдықсыздығы
оны жаңартуға әкелді. К.Юнг, Адлер және басқалары Фрейдтің пансексуализмін
жоққа шығарып, неофрейдизмнің пайда болуына үлес қосты (К.Корни, Э.Фромм).
Бірақ психоаналитикалық бағыт жеткіншектердің ата- аналарымен қарым-
қатынасын және эмоциональды, эманципациясын зерттеуде маңызды іс
қалдырғандығын айта кету керек. Дамуды түсіндірудегі эволюциялық үлгі
дуализмді биологиялық және социологиялыққа негіздейді. Бұл дуализм
эволюциялық – биологиялық даму схемасындағы әлеуметтік мәдени тарихи
әрекеттерді үндестіруден келіп шығады. Бұл үлгі үшін тарихи мәдени
әлеуметтік сәттер онда ортаның шартты дәрежесі ретінде қарастырылады. Бірақ
ортаға дамуға әсер ететін биологиялық шарттар да кіреді. Осы жерде мынадай
сұрақ туындайды: Қайсысы көп әсер етеді? Жеткіншек кезең теориясының әрі
қарай даму тарихы дуализмнен (биологиялық және әлеуметтік) арылу мақсатында
әр түрлі әрекеттер қабылдаумен сипатталады.
Мұндай әрекеттерді Салливин жасады. Ол өзінің теориясында монистикалық
принципті жүзеге асырып, дәстүрлі психоанализдегі сияқты әлеуметтік
қажеттіліктермен байланыстырды. Салливин өз теориясында жастық дамуды
Фрейдтік анология бойынша жүргізеді. Фрейдтің теориясындай дамудың қайнар
көзі алғашқы қажеттілік болып табылады. Фрейд бойынша мұндай қажеттіліктер
екеу: Эрос және Танатос өлімге және өмірге деген құштарлық.
Психологиялық даму қажеттіліктер мен тұлғааралық қатынастардың дамуын
анықтайтын баланың даму сатыларынан өтуін білдіреді. Бірақ Салливин бұл
қажеттіліктердің қалай көрініс беретіндігі жайлы сұрақты қарастырады.
Өйткені ол инстинкт сияқты индивидтің бойында болады деп есептеді.
Жеткіншектік жасқа дейінгі кезеңде 10-12 олар құрдастарын таңдап
араласа бастайды. Ол жынысындағы бір досымен ғана қарым-қатынасқа түсуге
қажеттілік пайда болады. Салливен бұл даму сатысын изофизиологиялық
қатынасқа қажеттілік деп атады. Ал гетерефизиологиялық даму жеткіншек
кезеңде басталады. Қарама-қарсы жыныстағы адаммен қарым-қатынасқа тусуге
қажеттілік пайда болады.
Бұл жағдайда индивидтің әрекеттер динамикасы екі тенденция бойынша
анықталады:1)Тұлғааралық қатынастардан қашқақтау; 2) Жалғыздық жағдайынан
бас тарту. Салливеннің айтуы бойынша барлық адамдар бір даму сатысынан
екінші даму сатысына сәтті өте бермейді. Көпшілігі индивидтің тұлғалық
сферасындағы келеңсіз әлеуметтік жағдайлармен байланысты бір даму сатысында
қалып қояды. Айталық инфантильдіктің әртүрлі формалары жыныстық қатынастағы
нақты жас үшін адекватты қажеттіліктердің кешеуілдеуіне байланысты.
Сонымен Г.С.Салливин жеткіншектер психологиясының дамуында қарым-
қатынас гензисі деген мәселені қалдырды. Бірақ Салливин бағытындағы дамудың
негізгі себептері туралы түсінік тек қана нақты тарихи тәрбиелеу формасы
контексінде түсінікті болуы мүмкін.
Жеткіншектер дамуының интеллектуальды аспектілері Жан Пиаже
зерттеулерінің пәні болып табылады. Пиаже идеяларын одан ары дамытқан
Л.Коллберг жастық және әлеуметтік психология принциптерін біріктірді. Оны
сыртқы әрекеттердің жай ғана құрылуы ғана емес қоғаммен ұсынылған ішкі
нормалар мен ережелердің құрылуы негізінде жүзеге асатын моральды сана
қызықтырады. Моральды даму нәтижесінде ішкі моральдық стандарттар
құрылады. Коллберг моральдық талқылаудың үш деңгейін көрсетеді: 1) моральға
дейінгі, онда балалар этикалық ұстанымдарға бағдарланады; 2)
конвенциональды мораль, балаға қоршағандар не күтеді, нені мақұлдайды сол
бойынша жүреді, бұл деңгей 10-13 жас аралығында жүзеге асады; 3) автономды
мораль деңгейі, өз бетімен жүзеге асатын мораль принциптері, бұл деңгей 13-
16 жас аралығында дамиды және бұл жеткіншек кезеңдегі 10% балаларға ғана
тән.
Сонымен, жеткіншек кезеңнің дамуы жайлы теориялар бұл кезеңдегі
баланың дамуын әр түрлі мәселелермен байланыстырады. Анна Фрейд жеткіншек
кезеңнің дамуын сексуальды дамумен байланыстырады. Салливин ересектер мен
құрбыларымен тұлғааралық қатынастың дамуымен байланыстырады. Курт Левин
өмірлік кеңістігін кеңейту және дифференциациямен байланыстырады. Жан Пиаже
ақыл-ой құрылымының дамуымен байланыстырады. Жеткіншек кезең
психологиясында бұл барлық теориялардағы сипаттамалар бірін-бірі толықтырып
біріктіреді немесе электикалық (біріктіру үшін қандайда бір негіздемелер
жетіспейді) оны Гезелл 1956 жылы жасады. Бұл немесе даму міндеттеріндегідей
типологиялық процедураны кіргізгеннен кейін мүмкін болады. Мұндай үлгіні
Э.Эриксон ұсынды. Оның құрылу тәсілі эпигенетикалық принципті білдіреді.
Жеткіншектер психологиясындағы теориялық міндеттердің жаңа кезеңде
дамуы ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдарына жатады. Біздің жүз жылдыққа дейін
жеткіншектерді зерттеу міндеттері эмперикалық жолмен өзектендірілді. 50-шы
жылдары Гезелл өзінің операциялық даму концепциясында жиналған эмперикалық
материалдарды жүйеге келтіруге тырысты. Гезелл салыстырмалы жастық әдіс
арқылы кемелденудің динамикасын анықтады. Әр түрлі жас кезеңіндегі
жеткіншектер келесі 9 көрсеткіштер арқылы салыстырылады: жалпы даму;
өзіндік сезімі және күн тәртібі; эмоция; өзіндік таным; тұлғааралық қарым-
қатынас; қызығушылығы; бейімділігі; этикалық дамуы; дүниетанымы.
1950 жылы Балалар институтында Гезеллдің жүргізген зерттеулері кең
ауқымды болды. Бірақ оның теориялық базасының жеткіліксіздігіне байланысты
теориялық жоспарда ілгері жылжуына мүмкіндік болмады. Әр түрлі
аспектілердің электикалық бірігуі жаңашыл Батыс психологиясында қолданылып
жүрген даму міндеттерін анықтауға мүмкіндік берді. Бірінші рет бұл
міндеттерді Р.Хавигурст жасады. Ол келесі түрде топтасуы мүмкін: 1) қарама-
қарсы жыныстағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу; 2) әлеуметтік
қабылданған ересек сексуальды рөлге жету; 3) өзінің физикалық күйінің
өзгеруіне бейімделуі, өз денесін қабылдау және нәтижелі қолдану; 4)
экономикалық тәуелсіздікке жету; 5) мамандықты таңдау және кәсіби іс-
әрекетке дайындық; 6) некеге және отбасылық өмірге дайындық; 7) әлеуметтік
өмірге жеткілікті түрде ат салысу үшін қажетті идеологиялық концепт және
ақыл-ой қабілетінің дамуы; 8) әлеуметтік жауапты іс-әрекетке жету; 9) мінез-
құлықты қалыптастыратын құндылықтар кешенін өндіру.
Айзенберг жеткіншек кезең дағдарысын бұл кезеңдегі өте терең
өзгерістердің болуымен түсіндіреді. Осы өзгерістерге бейімделу Даму
міндеттерін құрайды. Егер бұрынғы теорияларда жеткіншек кезеңнің
психологиялық өзгерістерінің даму организмнің физиологиялық өзгеріс
салдарынан шығатын болса, Айзенберг физиологиялық өзгерістердің экологиялық
жүйемен байланыстылығынан шығатын тәуелділік фактілеріне назар аударады.
Сонымен, Батыс психологиясындағы прогресс биологиялық жетістіктермен
анықталады. Егер Айзенберг теориясында онтогенез фазалары арасындағы
іспеттес ішкі экологиялық жүйе байланыстары уақыт өте келе
экзистенциональды философия және психоанализ категориясы түсініктері
негізінде бұл байланыстардың мазмұны ашылады. Э.Эриксон Даму міндетіне
байланысты бір-бірімен астарлас адам өміріндегі 8 кезеңді бөліп көрсетті.
Жеткіншек кезең өмір циклінің бес кезеңіне сәйкестенеді. Оның міндеті
өзіндік анықтауға қол жеткізу. Егер бала алдыңғы даму кезеңінде оңтайлы
өтсе онда жеткіншек кезеңде проблема туындамайды. Егер Бірінші ортаның
теорияларында индивидтің дамуы ортаға байланысты болатын болса, Эриксон
теориясында индивид өз буынының өкілі ретінде тарих ағымына әсер етеді.
Бірақ Эриксон индивид дамуы мен қоғам дамуын біріктіретін нақты механизмдер
талдауынан алшақ.
60-80-шы жылдары жасалған эмперикалық зерттеулер жеткіншек кезеңді
күйзелістен арылған тоқыраусыз кезең деп сипаттады. Оған мына ғалымдардың
еңбектерін жатқызуға болады: Ф.Элкин, У.Уистли, Э.Додан, Дж.Аделсон,
Дж.Офферов, М.Руттери.
Тұтастай алғанда жаңашыл теориялар жеткіншек кезеңдегі дағдарыстың
болуын қалыпты жағдай деп қарастырады. Керісінше дағдарыс болмаса, ол
дамудың бейберекетсіздігін білдіреді. Егер эволюциялық гомеостатикалық
үлгіде дағдарыс бейімделудегі қиыншылық болуымен түсіндірілсе,
эпигенетикалық үлгіде дағдарыс даму принципі ретінде қарастырылады.
Жеткіншек кезеңді зерттеу тарихындағы биологиялық эволюциялық
эпигенетикалық даму үлгілері жеткіншектер дамуының метафизикалық көрінісін
шынайы табиғилыққа ауыстыруға мүмкіндік тудырады. Бірақ мұндай үлгілер мен
одан шыққан теориялар тарихи тіршілік иесі ретінде, оның қоғамдық тарихы
табиғатын жасыра отырып, адами индивид дамуының спецификасын тасымалдауға
дәрменсіз. Мұндай дамудың адекватты көрінісі дамудың диалектика-
материалистік түсінігімен байланысты.
Л. С. Выготский жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі
жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау
қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы
қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін
қайта құру өтпелі шақтағы дағдарыстың басты мазмұнын құрайды деп
пайымдады.
Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі дағдарысты түсіндіруде теориялық ой-
пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері
жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек
адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететін
қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды.
А. С. Макаренконың тәрбиелеу жүйесі - жеткіншектік шақтың ең қиын
әлеуметтік-моральдық проблемаларын классикалық шешудің үлгісі. Бұл жүйенің
табысты болуы көбіне-көп мынадан еді: А. С. Макаренко, біріншіден,
жеткіншекті қоғамдық пайдалы еңбектің әр алуан түрлеріне баулу арқылы әрбір
жеткіншекті ұжымның және бүкіл қоғамның өміріне белсене қатысатын жағдайға
қойды; ал екіншіден, ересектер мен жеткіншектердің арасындағы (сондай-ақ
жеткіншектердің өз арасындағы) қарым-қатынастардың бәрін сол қоғамдағы
ересектер моралының нормаларына негіздеп құрды, сөйтіп ұжым өмірінің
демократиялық централизм нормаларына негізделген ұйымдық формаларын тапты.
Сыйластық, теңдік, өзара көмек пен сенім нормалары Макаренкода әр түрлі
мәселелерді ұжым болып талқылауларда айқын бейнеленген.
Бұл талқылаулар кезінде ересектер мен балалар тең жағдайда болды, ал
шешім қабылданған екен, ол баршаға заң болды. Оны ересектердің де бұзатын
құқығы болмады. Ешқандай екі мораль проблемасы болған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz