Адам өлтірудің өзі қатыгездік әрекет


Мазмұны
Кіріспе . . . 8
I Жеке тұлғағаға қарсы қылмыстармен күресудің қылмыстық құқықтық механизмдері
- Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы механизмі . . . 9
- Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түсінігі, механизімі . . . 12
1. 3 Өмірге қарсы қылмыстың жалпы механизмі . . . 10
1. 4 Денсаулыққа қарсы қылмыстар . . . 25
1. 5 Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар . . . 42
1. 6 Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар . . . 46
1. 7 Жыныстық қылмыстар . . . 48
II Жеке тұлғаға қарсы қылмыстармен күресудің өзекті мәселелері
2. 1. Адамның жүріс-тұрысын түзеудің теориялық мәселелері . . . 56
2. 2. Тергеушінің түзеу мекемелеріндегі қылмыстылықтың алдын алуы . . . 57
2. 3. Шартты түрде соттау қылмыстылықтың алдын алудың шарасы ретінде . . . 59
2. 4. Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларға әкімшілік қадағалау қылмыстылықтың алдын алудың бір шарасы ретінде . . . 61
2. 5. Жеке адамдарға қарсы рецидивті қылмыстылықтың алдын алудың мәселелері . . . 62
Қорытынды . . . 64
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 66
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының зерттелу өзектілігі. Адам - қоғамның негізі. Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп атау мүмкін болмайды. Жеке адам қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы оған "адам" деп ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және "адам" деген атқа лайықты болуы тиіс. Адам қоғамның және болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды дәрежеге жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі.
Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе өзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін. Біздің міндетіміз бұған жол бермеу, құқық бұзушылықтьщ алдын алу, адамды өркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының конституциясының ІІ-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституциясының І-бабында "ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасының барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылдаы. Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру (96-6. ) ; жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-6. ) ; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98-6. ) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі әлтіру (99-6. ) ; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100-6. ) ; абайсызда кісі өлтіру (101-6. ) ; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-6. ) .
Диплом жұмысының зерттелу объектісі. Адам өлтірудің объективті жағынан екінші белгісі қалмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылды. Өмірден айрыуға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстық зардаптың - өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады. Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уақыт өткенен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлі адам нақты келтірген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы, денсаулыққа зиян келтіргені үшін) .
Қазақстан Республикасының конституциясының ІІ-бөлімінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады деп, осы мәселеге тікелей арналған. Конституциясының І-бабында "ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасының барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылды.
Диплом жұмысының зерттелу мақсаты мен міндеті. Біздің міндетіміз жеке адамдарға қарсы қылмыстардың табиғаты мен себептерін түсініп, олардың алдын алу болып табылады. Бүл біздің тек қоғамдық емес, сонымен қатар азаматтық борышымыз.
Бүл мақсатқа жету үшін көптеген салалар өз үлестерін қосады. Соның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салаларды атап өтуге болады. Жеке адамдарға қарсы қылмыстарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, эділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады. Менің еңбегім міне осы мәселелерге арналған.
Диплом жұмысының зерттелу құрылымы мен көлемі. Жұмыс яғни аталған тақырып кіріспе, екі тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы *** бет жазылыған.
I ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРМЕН КҮРЕСУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕХАНИЗДЕРІ
1. 1 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ МЕХАНИЗМІ
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының конституциясының ІІ-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституциясының І-бабында мең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасының барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылдаы. Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру (96-6. ) ; жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-6. ) ; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98-6. ) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (99-6. ) ; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100-6. ) ; абайсызда кісі өлтіру (101-6. ) ; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-6. ) .
Денсаулыққа қарсы қылмыстар: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-6. ) ; денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-6. ) ; денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-6. ) ; денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру (108-6. ) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-6. ) ; қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-6. ) ; денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-6. ) ; ұрып-соғу (106-6. ) ; азаптау (107-6. ) ; қорқыту (112-6. ) ; ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның орғандарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-6. ) ; соз ауруларын жұқтыру (115-6. ) ; адамның иммун тапшылығы виру сын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыру (116-6. ) ; медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-6. ) ; заңсыз аборт жасау (117-6. ) ; науқасқа көмек көрсетпеу (118-6. ) ; қауіпті жағдайда қалдыру (119-6. ) .
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар: Адамды ұрлау (125-6. ) ; бас бостандығынан заңсыз айыру (126-6. ) ; психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (127-6. ) ; адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру (128-6. ) .
Жеке адамның ар-намысын және адамгершілігіне қарсы қылмыстар: Жала жабу (129-6. ) ; қорлау (130-6. ) .
Жыныстық қылмыстар: Зорлау (120-6. ) ; нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану (121-6. ) ; он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер (122-6. ) ; жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету (123-6. ) ; жас балаларды азғындату (124-6. ) .
1. 2 Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түсінігі, МЕХАНИЗМІ
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты әрекеттер;
- бес жылдан сегіз жылғы дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұл қылмыстық қоғамға қауіптілігі кәмелетке толмағандардың дұрыс қалыптасып даумуына зиянды әсер етуінде.
Қылмыстың объектісі - кәмелетке толмаған адамның қалыпты дамуы және дұрыс адамгершілікке тәрбиелену мүддесіне байланысты қоғамдық қатынас. Қылмыстың объективтік жағы кәмелетке толмаған адамды қылмыстың іске тарту белгілермен сипатталады.
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстың іске тарту деп кәмелетке толмағанның бір немесе бірнеше қылмыстарды жасауға қатысу ниетін туғызуға бағытталған кінәннінің белсенді әрекеттерін айтамыз. Бұл әрекеттер әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін.
Кәмелетке толмаған адамды алдау арқылы, яғни кәмелетке толмаған адам ересек адамның алдауына көніп, оның айтқан өтініштерін орындайды, бірақол оның қылмыс екенін сезінбейді. Кәмелетке толмаған адамды қорқыту арқылы, яғни оған материалдық, психикалық немесе денесіне зиян келтіру арқылы. Қылмыс жасауға интермелейтін өзге де әрекеттер. Қылмыс құрамды формальды болып есептеледі, яғни қылмыстың әрекет деп тану үшін қылмыс зардабының тууы міндетті емес. Сондықтан, қылмыс кәмелетке толмаған уақыттан аяқталған деп сапалады.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің тікелей қосаңаналың түрімен жасалады. Кінәлі адам кәмелетке толмаған адамды қылмыстың әрекетке тартып отырғанын алдын ала біледі және соның болуын тілейді. Егер ересек адам жәбірленушінің кәмелетке толмағандығы жөнінде алдын ала білмесе, онда ол Қ. к-тің 131-б мен жауапқа тартылмайды.
Аталған қылмыстық субъектісі қылмыс жасау кезінде 18 жасқа толған есі дұрыс тұлға танылады.
Қылмыстың кодекстің 131-б-ның 2 бөлігі кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту қылмысының қоғамға қауіптілігін жоғарылатып көрсететін саралау белгісі. Ретінде аталған әрекетті ата-аналар, педагогтар немесе кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер жүкртелген басқа да адамдардың жасауын қарастырылады. Бұл жерже кәмелетке толмағанды адамгершілік және моральдық қағидаларды сақтау, заңдарды құрметтеу рухында тәрбиелеудің орнына оларды қылмыстың әрекет жасауға тарту жоғарыда аталған адамдардың өздеріне заңмен жүктелген міндеттерді өреспел бұзғандығы деп танылатыны көрінеді.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы жүйелерін РСФСР-дің Қ. к-тің толықтырулар мен өзгертулерден тайуға болады, олар қазақстың жерінде іске асырылды. Ауылдың құқықтық сана сезім дәрежесін және қарапайым көшпенді халықтың жағдайларын, олардың өмір сүру шарттарын ескере отырып Қазақстанның ОАК-өзінің ІІІ сессиясында кәмелетке толмаған қазақстарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ерекше шарттарын бекітті. Қылмыстың жаза көбінесе 14-жасқа толмағандарға, сонымен қатар 14-жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға қолданылмайды. Кәмелетке толмағандарға басқа ұлттарға қатысты 14 жастан 16 жасқа дейінгі жауаптылық белгіленеді. 1
Кәмелетке толмаған адамға күш қолданылып немесе күш қолданамын деп қорқытып қылмыстың әрекетке тарту Қ. к-тің 131-б-нің 3 бөлігінде қылмыстың аса қауіпті түрі ретінде қарастырылған. Мұндағы күш қолдану әрекеті деп кінәлінің кәмелетке толмаған адамды оның еркінен тыс және оған күш көрсету арқылы, мысалы: сабау, қинау денесіне жарақат салу, бөлмеге қамап қою сияқты әрекеттерді пайдаланып қылмыс жасауға мәжбүрледі түсінуі керек. Қ. Р. Қ. к-нің 132 бабаына сәйкес, кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту мәселесіне байланысты, криминологиялың зерттеудің нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары елімізде кәмелетке толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға және басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әр түрлі жұқпалы аурулар меңдей түскен, бұл, әрине, ертеңгі болашағымыз үшін аса қауіпті құбылыс.
Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған адамдардың дене және адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуі болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгіртетін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не айналысуға тартылу арқылы сипатталады.
Заң бойынша есірткілік немесе есеңгіртетін затқа жататын екі немесе одан көп медициналық емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды көрстеілген әрекеттерге ұдайы тарту деп саналады. Есірткілік немесе есеңгіртетін заттарды анықтау арнаулы сарапшылық қорытынды бойынша анықталады. Екі немесе одан көп реттерде кәмелетке толмағандарды үнемі спирт ішімдіктерін ішуге тартуға осы қылмыстың объективтік жағынаң бір белгісін жүзеге асырғандың болып табылады. Арақ-шарапқа барлық ішімдіктер, оның ішінде қолдан жасаған осындай заттар да жатады. кәмелетке толмағандармен бірге бір мәрте бірлесіп спирт ішімдіктерін ішу, оны мас күйге жеткізу қылмыс болып табылмайды, мұндай әрекет әкімшілік құқықтық жолмен жауаптылыққа тартылады.
Кәмелетке толмаған адамды ақшаға немесе басқадай материалдың сыйақы үшін нәжіқұмарлың қатынаста болуға жетуізу, оларды жезөкшілікпен айналасуға тарту деп танылады. Жезөкшелікке тартудың тәсілі - қорқыту, тәуелділік жағдайларды пайдалану, көндіру арқылы болуы мүмкін. Егер кінәлі адам өзі жезөкшелікке тартқан адамды зорласа немесе оны аздыратын басқа да әрекеттер жасаса, онда оның әрекеті істеген қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
Кәмелетке толмаған адамды бір мекен-жайдан екінші бір мекен жайға орын ауыстыруға, тұрғылықты орнының болмауына, кездей соң табыстармен, ұсақ ұрылықпен, қайыр тілеумен, басқадай еңбексіз табыстармен күн көруге көндіріп тарту қаңғыбастыққа тарту деп танылады. Бөтен адамдардан ақша, азық-түлік, киім-кемек немесе басқадай материалдық құндылықтарды сұрап алып табыс табуға әр түрлі тәсілдермен кәмелетке толмағандарды көндіру, оны қаңғыбастықпен айналасуға тарту дептанылады. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту формальдық қылмыс құрамына жатады және ол заңда көрсетілген әрекеттердің біреуін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қосақаналықпен істеледі. Кінәлі адам кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгіртетін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирт ішімдіктерін ұдайы тұтынуға, не жезөкшіліпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналасуға тартқанын сезеді және осы әрекетті істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі 18-ге толған есі дұрыс адам, Қ. к-тің 132-б-ның 2 тармағында: ата-апасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет, ал осы баптың 3- тармағында, осы баптың бірінші немесе екінші тармағында қарастырылған бірнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер үшін қылмытың жауаптылық көзделген.
Алайда КСРО-ның Орталық Атқару Комитеттінің 1935ж. 7 сәуірдегі қаулысында «кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күресу шаралары» туралы, яғни Кодекстік Республиканың қылмыстың заңның 8-бабы алып тасталынды да былайша: «жасы толмағандар, 12 - жастан бастап, көше ұрлықтары, күш көрсету, дене жараңатын салу, озбырлау, кісі өлтіру, кісі өлтіру оқталу үшін қылмыстық жауаптылыққы және сотқа тартылды және оларға қылмыстық жазалауыдң барлық шаралары қолданылды» деп қайта белгіленеді. Осы бапта көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау бірнеше рет жасалған әрекеттер деп танылады. 2
Қылмыстың кодекстің 132-бабының 2 және 3 тармақтарында көрсетілген ауырмататын және аса ауырмататын белгілердің түсініктері тиісінше Қ. К-тің 131-бабының 2 және 3 тармақтарында көрсетілген белгілермен бірдей, сондықтанда бұл ұғымдарға арнайы тоқталып жатпаймыз.
Қ. Р. Қ. К-нің 133 бабымен сипатталатын, кәмелетке толмағандарды саудаға салу мазмұны бойынша үлкен жауаптылықты көздейді. Айтатын болсақ, мәселен, кәмелетке толмаған адамды саудаға салу үшін жауаптылық бұрын Қ. Р-ның аумағында қолданылған қылмыстық заңдарда мүлдем көрсетілмеген еді. Қазақ жерінде мұндай құбылыс Кеңес өкіметі орныққанға дейін мүлдем болмаған. Қазіргі жағдайда кейбір жерде кәмелетке толмағандар «зат», «товар» ретінде пайдаланылып, қылмыскерлерге пайда табудың көзіне айналды. Дүния жүзінде орын алып отырған осындай келеңсіз құбылыстарға сәйкес Қ. Р-ның Қ. К-нің 133-бабында осы тұрғыдағы іс-әрекетке қылмыстың жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі - кәмелетке толмағандардың мүддесі, олардың дұрыс даму, жетілуі, білім алу, тәрбиелену жағдайлары.
Қылмыс объективтік жағынан кәмелетке толмаған адамды сатып алу не кәмелетке толмаған адамды сатып алу не қатысты оны біреуге жасау арқылы жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған адамды белгілі келісімді ақы алып басқаға беру, сату немесе сатып алу деп танылады. Кәмелетке толмаған адамды айырбастау, сыйға беру, қарызын немесе басқадай міндеттемелерін өтеу үшін беру; басқа біреуге уақытша пайдалануға жалға беру өзге мәтілелер жасау деп танылады. Қылмыс жәбірленушіні саудаға салу жөніндегі мәмілеге қол жеткізген және кәмелетке толмаған адамды басқа біреуге берген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс - кәмелетке толмағандарды саудаға салу қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Бұл жерде осы қылмысты істеуге кінәлі болып адамды сатқан әрекеттерге бағытталған өзге де мәмілелер жасауға қатысқандар табылады. . Өйткені олар өздерінің іс-әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін, заңға қайшылығын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі - 16 -ға толған кез-келген есі дұрыс, кәмелетке толмағандарды саудаға салуға қатысқан адамдар.
Қылмыстық кодекстің 133-бабының 1 тармағында көрсетілген әрекеттерді:
А) бірнеше рет
Б) екі және одан да көп кәмелетке толмағандарға қатысты;
В) адамдар тобының алдын ала сөз байланысуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
Г) адамның өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;
Д) кәмелетке толмаған адамды Қ. Р. тыс жерге заңсыз жетуымен немесе оны Қ. Р заңсыз әкелумен;
Е) кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
Ж) кәмелетке толмаған адамның мүшелерін немесе типін ауыстырып салу үшін алу мақсатында жасалса - онда олар осы қылмыс құрамының ауырлататын түрлері болып табылады. Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген кәмелетке толмаған адамның өніміне және өзге де ауыр зардаптарға абайсыздықпен әкеп соққан әрекеттер - көрсетілген қылмыс құрамының аса ауырматады.
Заң ҚК-тің 134 бабы, баланы қасақаны ауыстырғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Бұл қылмыстық қоғамға қауіптілігі сол. Баланы ауыстыру арқылы ата-апамен баланың туыстық қатынасы зорлықпен бұзылып, адамгершілік принциптеріне жатпайтын әрекеттер жүзеге асырылады. Қылмыстың тікелей объектісі баланың бірқалыпты дамып, жетілу және қалыптасу жағдайлары, олардың және отбасының мүдделері.
Баланы қасақана ауыстыру-
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz