Жер бедерінің тегістелу механизмі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

  1. Жер бедерінің дамуындағы циклділік . . .
  2. Тегістелу беттері . . . Тегістелу беттеріне жалпы сипаттама . . . Тегістелу беттерінің типтері және олардың жасы . . . Ежелгі тегістелу беттерін зерттеу әдістері . . . Геоморфология мен геологиядағы тегістелу беттерінің мағынасы . . . Материктердегі қазіргі жер бедерінің жалпы эволюциясы . . .
  3. Жер қыртысының тарихи дамуындағы негізгі сипаттар . . . Жер қыртысының дамуына әсер ететін негізгі факторлар . . . Иридийлік аномалия импактылық гипотезасы . . . Жер бедерін зерттеудегі жалпы ұстаным материалистік философияның диалектикалық әдісі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Литосфераның беткі қабаты көптеген үрдістердің ықпалында болады. Мұнда температураның өзгеруі, жел, атмосфералық қысым мен жауын-шашын, жер асты және жер беті мулары, тірі организмдер дамиды. Осы үрдістердің негізгі энергия көзі Күннің сәулелі энергиясы болып табылады да экзогендік үрдістер деп аталады, яғни энергия көзі Жерден тыс.

Экзогендік үрдістермен қатар дамуы мен қалыптасуы Жердің ішкі жылуы мен химиялық энергиясына тәуелді болатын үрдістер де кездеседі. Олар: жанартаулық үрдістер, жер сілкіну, эпейрогенетикалық, дислокациялық қозғалыстар, «ғасырлық» тербелмелі, баяу қозғалыстар - олардың барлығы эндогендік үрдістердеп аталады, энергия көзі Жер қойнауынан келеді.

Бедер - эндогендік және экзогендік процестердің өзара қарым-қатынас әрекетінен қалыптасқан құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы. Қысқаша айтқанда, бедер - жер беті пішіндерінің жиынтығы.

Бедер жеке пішіндерден, ал пішіндер элементтерден құралады. Бедер элементтері - жер бетінің жай категориясы, мысалы, жеке беткейлер, шыңдар, төбешіктің етегі және т. б. Бірнеше бедер элементтері бедер пішіндерін құрайды. Бедер пішіндері - биіктігі немесе тереңдігі, ұзындығы немесе ендігі бар жер бетінің көлемді табиғи құрылысы.

Циклділік (грек тілінен аударғанда kyklos - шеңбер, айналым) - алмасу сатыларының заңдалақтары жүретін, қандай да бір құбылыстың дамуы: бастапқы (туу) максималды дамуы, сосын құлдырауы және қайтадан алғашқы кейпіне жақын келу.

Ырғақтылық - қандай да бір құбылыстың, жағдайдың, үрдіс сатысының қайталану заңдылығы. Ырғақ екі немесе бірнеше мүшелерден тұруы мүмкін, мысалы: көтерілу-майысу, немесе ою -аккумуляция - тепе-теңдік және т. б.

Кезеңділік - қандай да бір жағдайдың (циклдер, ырғақтар, сатылар т. б. ) уақыт немесе аралықта қайталануы. «Кеңістік пен уақытта мерзімділік пен қайталану құбылыстары әлемінің негізгі қасиеті» - деп Күн активті циклі мен көптеген биосфера құбылыстарының арасындағы тәуелділікті орнатқан белгілі орыс ғалымы А. Л. Чижевский жазған.

ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЦИКЛДІЛІК

Экзогендік жер бедерлерінің көптеген пішіндері өзінің циклді және ырғақты дамуында бәрінен бұрын климаттың өзгеруіне байланысты байқалады. Мысалы, төрттік дәуірі бойы қалыптасқан өзен аңғарлары бірқатар қайталанған эрозиялық-аккумулятивті циклдерден тұрады. Мұздықты жер бедері дамуында дүркін-дүркін климаттың сууы байқалады. Сонымен қатар, таулы аймақтар мен жазық жерлерде дамыған соңғы көріністер тек әржастағы кешенді мұздықты және сулы-мұздықты жер бедері пішіндері емес, бірақ ырғақты құрылуда террасалар мен суайрықтар топырақты - сары топырақты жамылғы, мұнда сары топырақтар (суық дәуір шөгінділері) топырақтармен (жылы дәуірдегі қалыптасулар) алмасады. Төрттік кезеңдегі мұздықты жағдайлар ырғақтығы теңіздің жағалау сызығының пайда болуын байқататын төрттік дәуірде мұхиттар мен теңіз деңгейлерінің өзгеруіне мұздықты жағдайлардың ырғақтығына әсер етті.

Сонымен бiрге, тектоникалық қозғалыстардың өз әсер етуiнде құрылым ғана емес, жер бедер құрастыруда қайтарған әртүрлi дәрежелердің циклдiк және ырғақтығы орнатылған.

Жер бетiнiң қалыптасу барысында геологиялық тарихы келбетін үздiксiз өзгертіп отырды. Аккумулятивті немесе денудациялық жазықтардың орнына таулар пайда болып және олар биіктей берген, сосын олар қирап, жоғалатын да қайта тегістелген жазық кеңістіктерге айналған. Соңғылардың орнына қайта көтерілулер мен таулар пайда болған. Бұл жағдайлар белсенді тектоникалық құбылыстар дәуірінің таутүзілуге әкеп соғуынан кейін кайта салыстырмалы тыныштық дәуіріне ауысып, экзогендік процестердің әсерінен таулар түгелімен қирап, жер беті толығымен тегістеліп, шұңқырланып және қайтадан теңіз шөгінділерінің аренасына айналып отырған. Мұндай ауысу процестері жер бедері түзілуінің Жер дамуындағы геологиялық және тектоникалық ірі және ұзақ уақытын (кезеңділік) - тектоно-магмалық циклды сипаттайды, бұл цикл барысында негізінен геологиялық, тектоникалық жағдайлар және жер бедері құрылуының жағдайлары ауысады. Сонымен, тектоникалық процестердің циклділігі мен оқиғаларды анықтайды және жер бедері түзуші процестердің циклділігі. Бұл геологиялық құрылым мен жер бедері бір-бірімен байланысты екенін көрсетеді және циклділік эндогендік процестергеде, экзогендік процестерге де тән.

ХХ ғасырдың басында-ақ В. Дэвис адам өмірін жер бедері дамуындағы циклділігін тұлғалық түрде салыстырып, жер бедерінің дамуындағы ірімасштабты циклділік пен сатылылығын көрнекті көрсеткен. Бір циклдың ішінде мынадай сатыларды белгіледі: балалық шақ және жастық шақ - жер бедерінің пайда болуы мен қалыптаса бастауы, балғындық немесе жастық - жер бедері интенсивті қалыптасады (таулар мен көтерілулер өседі де, мүшеленеді), ер жету - жер бедері өзінің дамуындағы жоғарғы деңгейге жетуі (биіктігі мен мүшелену тереңдіктері), кәрілік пен қартаю - таулардың қирауы, олардың орнында тегістелген жазықтардың пайда болуы.

Бұл үрдіс жер бедері пішіндерінің жас әлсіз ыдыраулардан ержеткеніне тізбектеліп ауысуы, содан кейін кәрі қирағандардан қартайған тегістеулерге және де гипсометриялық өте төмен пішіндерге ауысқан. Жер қыртысының қайта белсенді көтерілуі жаңа геоморфологиялық циклдің бастамасы болып келеді. Ірі циклдер кіші циклдер рангысына ыдырайды. Жер бедерінің қалыптасу мен даму тарихында әртүрлі ұзақтық пен дәрежедегі бірнеше циклдер ауысқан. Жердің іші мен сыртында болып жатқан, жер беті мен үрдістердің дамуындағы жалпы планетарлық қасиет циклділік болып табылады.

Геоморфологиялық цикл дегеніміз - бірін бірі ауыстыратын сатылардан құралған және жер бедері түзілуімен аяқталатын, алғашқыға ұқсас және бастапқы, бiрақ басқа геологиялық - құрылымдық негiзге және басқа климаттық шарттарда жер бедері дамуы. Әр циклдың тегістелу беткейлері бастапқы және соңғы жер бедері пішіндері болып саналады.

Неге геологиялық-құрылымдық негіз? Әрбір жаңа цикл - бұл әлдебір үрдістер мен жер бедері пішіндерінің жай ғана қайталануы емес. Бір циклден екінші циклге өту кезеңінде тектоникалық құбылыстардың күшеюі, олардың біліну уақыты, тау жыныстарының құрамы мен шөгу жағдайлары, жер қыртысының беткі бөлігіндегі қосылулар, сонымен қатар климаттық жағдайлар (экзогендік үрдістердің сипаты да) өзгеріп отырады. Сонымен, жер бедері түзілуінің әрбір жаңа циклі жаңа климаттық жағдайлар мен литологиялық-құрылымдық жағдайлармен өтіп отырады. Жер бедері пішіндері жаңа цикл үрдісінде оның әртүрлі сатысы кезеңінде құрылғанда соның ішінде беткейдің тегістелуінің соңына қарай да алдыңғы циклдердегідей толықтай пішіндер қайталанбайды, олар морфологиялық құрылымымен, гипсометриялық жағдайымен, субстрат құрылуымен және т. б. қасиеттерімен ерекшеленеді.

Әрбір цикл тегістелу беткейінің құрылуымен аяқталатындықтан, циклдер санын сақталып қалған қазіргі жер бедерінің тегістелу беткейлерінің санымен сипаттауға болады.

ТЕГІСТЕЛУ БЕТТЕРІ

Тегістелу беттеріне жалпы сипаттама.

Геоморфологияның ең маңызды мәселелерiнiң бiрi - ыдыраған жерде тегiстелген жер бедерiнiң қалыптасу мәселелері.

Тегістелу беттерінің маңызы жайында әртүрлі көзқарастар бар. Кейбір зерттеушілер оларды әртүрлі жастағы тау жыныстарының әртүрлі денудациялық үрдістермен жасалған денудациялық беткейлерге жатқызады. Ал кейбіреулер денудациялық үрдістермен қатар әртүрлі генезистегі аккумулятивті беткейлерге: аллювиалды, теңіздік, пролювиалды және т. б. жатқызады. Осыған байланысты Ю. А. Мещеряковтын енгізуімен полигенетикалық ұғымы пайда болды. Ол денудациялық біртұтас базиске қалыптасқан денудациялық пен онымен генетикалық қосылатын аккумулятивті беткейді (1-сурет) қосады.

Бірақ егер денудациялық беткейлер өрлеп келе жатқан тектоникалық қозғалыстардың ақырындауы немесе жоғалған кезеңдерінде қалыптасса, онда аккумулятивті беткейлер өрлеп келе жатқан қозғалыстар кезеңінде қалыптаса алады. Мысалы: таулар өсіп, биіктеп, ал олардың етектерінде көтерілу кезінде тау жыныстарының сынған шытынаған заттардан көшкен пролювиалды, аллювиалды-пролювиалды немесе теңіздік жазықтықтар қалыптасқан. Көптеген зерттеушілер шатаспау үшін тегістеу беткейлерін тек денудациялық дейді.

1-сурет. Полигенетикалық тегістелу беттерінің құрылым кескіні

Тегістелу беттері дегеніміз жер қыртысының эндогендік деформациядан экзогендік үрдістердің басым болған жағдайларда жер бедерінің тілімденген жерінде қалыптасқан әртүрлі дәрежедегі және жастағы платформалар мен таулардағы денудациялық беткейлерге тән жазықтар мен дерлік жазықтар. Олардың қалыптасуына салыстырмалы тыныш тектоникалық жағдай қажет (өрлеп келе жатқан қозғалыстар болмауы керек немесе олардың жылдамдығы аз болуы керек) .

Жер бедерінің тегістелу механизмі.

Жер бедерінің тегістелуі, немесе планация (латын тілінен аударғанда plano - тегістелу) дегеніміз төмен түсу аймақтарындағы аккумуляция мен көтерілу аймақтарындағы денудацияның кездесулерінің салдарынан (эндогендік және экзогендік) әртүрлі генезистегі тегіс емес жерлердің ақырындап жойылу үрдістері. Көтерілу нәтижесінде тілімденген жер бедері жазыққа ауысады. Құрлықтағы жер бедері тегістелуінің екі жолы бар: пенепленизация мен педипленизация.

Пенепленизация (терминді В. Дэвис енгізген) - бұл «жоғарыдан» тегістелу - әртүрлі экзогендік үрдістер мен өзен арналарының меандрленуінің салдарынан өзен аңғарларының кеңеюінің әсерінен ақырындап төмендеп және суайрықтар (өзен аралары) мен беткейлердің тегістелуі. (2-сурет, А)

Пенепленизация көптеген жағдайларда гумидті климат жағдайында жүреді.

Педипленизация (терминді В. Пенк енгізген) бұл «бүйірден» немесе соңғыларының төмендеуі білінбеген су айырықтар түпке өзен арналарынан беткейлердің параллельді өздерiне өзi шегiну үрдістерінен тегістелу беткейлерінің қалыптасуы (2-сурет, Б) .

2-сурет. Тегістелу беттерінің механизмі

А - үстінен тегістелу (пенепленизация) ;

Б - жанынан тегістелу (педипленизация) .

Әртүрлі үрдістердің әсерінен беткейлер қирап және шегінеді: гравитация (құйылу, опырылу, жылжып құлау), желдену өнімдері жаңбыр мен еріген сулармен беткейлерден жазықтықпен шайылады, солифлюкциялық ағын, яғни едәуiр мөлшерде климаттық жағдайлар мен баурайдың тікелігімен (құрылымдық жағдайы) анықталатын процесстер. Бұған тағы дауақытша және тұрақты су ағыстарының баурайларды бүйірлік шаюы мүмкіндік туғызады.

Пенепленизация мен педипленизация бір бірінен алыстамайды, олар бір уақытта әсер етуі мүмкін немесе уақтылы аусып отырады. Бірақ жер бедерінің тегістелуі қалай болып жатса да - жоғарыдан ба әлде бүйірден бе - олар әрдайым өзен аңғарлары мен теңіз жағалауларынан су айрыққа қарай жүреді.

Жер бедерінің тегістелуі климаттық жағдайларға тәуелді денудациялық үрдістер әсерімен жүреді. Гумидті тропикалық климат жағдайларында химиялық желдену мен тропикалық солифлюкция басым болады, қоңыржай гумидті жағдайларда флювиальды үрдістер үлкен рөл атқарады, аридті облыстарда белсенді физикалық желдену сулы және эолды денудациямен үйлеседі, суық полярлы және субполярлы облыстарда тұрақты тоңдардың дамуымен мұздықты және криогенді үрдістерүлкен маңызға ие болады.

Жер бедерінің қирау жылдамдығы мен беткейдің тегістелуінің қалыптасуының уақыты әрқалай бағаланады. Денудацияның жоғарғы жылдамдығы жазықтағы денудацияға қарағанда жаңбырлы (гумидті) суық (полярлы) облыстарда, дәлірек айтқанда таулы аймақтарда 2-5 есе жоғары (Д. Корбель, Д. А. Тимофеев) . Сондықтан да мұзданусыз таулардың төмендеуіне қарағанда қазіргі мұзданудың кең дамуымен таулардың төмендеуі көбнесе қарқынды жүреді. Мысалға: Гималай тауларының денудация жылдамдығы 0, 71 мм/жылына, Кавказ таулары - 0, 35 мм/жылына, ал Карпат таулары - 0, 11 мм/жылына есептеледі (Л. Р. Мамина) . Минималды денудация құрғақ, ыстық жазық облыстарда байқалады. Биік таулы жүйенің толық денудацияға ұшырауы үшін 60 тан 160-180 млн жыл керек деп есептелінеді (Н. И. Николаев) .

Тегістелу беттерінің морфологиясы әр алуан. Бұл сирек адыр-бұдырлы, кейде тіпті тегіс денудациялық жазық болып келеді. Тектоникалық тыныштықтың жалғасуынан басқа, жер бедерінің тегістелу деңгейі тегістелу беткейінде қалыптасатын заттық құрамы мен жыныстардың бекемділігіне байланысты, сонымен қатар интенсивті желдену үрдістері мен қирау агенті - денудация (су, мұз, жел т. б. ) типтерін анықтайтын климаттық жағдайларға байланысты. Негізінде жер бедерінің толық немесе абсолютті тегістелуі сирек кездеседі. Барлық жағдайда пайда болған (оны базальды немесе базисті деп атайды) беткейдің бетінде биіктігі бір метрден ондаған метрге жететін, ал платформалық облыстарда биіктігі 300-500 метрге дейін баратын, тіпті, кейде таулы аудандарда одан да биік, қалдық немесе қалдықты көтерілулер сақталып қалады. Беткейлер горизонтальды болуы мүмкін немесе еңістігі 2-5° және одан да көп, әсірісе тауларда кездеседі. Тектоникалық құбылыстардың келесі үрдісініде беткейлер деформацияға ұшырайды: көтеріледі, жайпақ иірімдер қалыптасады, бөлінулермен бүлінеді, төмен түсіп және әртүрлі шөгінділермен жабылады.

Тегістелу беттерінің типтері.

Жер бетінің геологиялық және геоморфологиялық даму тарихының тегістелу бетінің дәрежесі мен маңызы әр алуан. Көптеген ғалымдардың (Ч. Даттон, В. Дэвис, В. Пенк, Л. Кинг, В. Мак-Ги, В. А. Варсанофьева, Б. Л. Личков, И. П. Герасимов, Ю. А. Мещеряков, Д. А. Тимофеев, А. И. Спиридонов, Д. В. Борисевич, Н. П. Костенко, Н. В. Думитрашко, З. А. Сваричевская, Ю. П. Селиверстов, А. Д. Наумов, С. К. Горелов, А. П. Дедков, Г. Ф. Уфимцев, Г. И. Худяков және т. б. ) еңбектерінде тегістелу беттерінің негізгі типтері анықталған және сипатталған: пенеплендер, педименттер, педиплендер және басқа, басым бөлігі эрозиялық-денудациялық беткейлер.

Пенеплен (латыншадан paene - дерлік, және ағылшыннан - plain - жазық) - сол толқынды, кейбір жерлері тегіс денудациялық-аккумуляциялық жазық; таулы аймақтың ұзақ уақыт үгілуге және денудацияға ұшырауынан қалыптасқан құрлықтың тегістелген жазықтау бөлігі; эрозия базисінің тұрақты орналасу жағдайында ағын су мен атмосфера агенттерінің әсерінен таулы алқаптың ұзақ уақыт бойында бұзылуынан пайда болған жер бетінің формасы, Аңғарлар біртіндеп тереңдеп, ұзара отырып, оның беткейлері астынан да, үстінен де жуыыпшайылып отырады. Аңғар аралығындағы қыраттар да азаздап бұзылып, аласарып отырады, сөйтіп ең ақырында бұрынғы таулы аймақ (оның кейбір аңғар бастарының аралығындағы сақталған тебелері болмаса) жазыққа айналады. Пенеплен Дэвистің алғашқы анықтауымен бірінші дәрежедегі тегістелу беткейі. Бұл денудациялық, аздап адыр-бұдырлы, ал кейде тегіс жазық (3-сурет), тілімделген жерде, жиі көтерілулерде, сонымен қатар тауларда, жер бедерінің ұзақ салыстырмалы және абсолютті тектоникалық тыныштық жағдайы мен геологиялық құрылымының ыдырауы мен оған сәйкес келетін ежелгі жер бедері.

Пенеплен алғашқы едәуір тілімденген бедердің ұзақ уақыт тегістелуі кезінде тектоникалық дамуының өтпелі кезеңінде (орогендіктен платформаға) қалыптасады. Педипленмен салыстырғанда пенеплен ылғалды климат жағдайларында, эрозия базисінің тұрақты орналасуы кезінде және вертикаль денудация, яғни жоғары жағынан тегістелу басым болған жағдайларда қалыптасады. Мұнда бедердің тегістелуі тау беткейлерінің біртіндеп жайпақталуы және өзен аңғарларының кеңеюі арқылы жүзеге асады. Ақырында бұрынғы таулы өлке (оның кейбір аңғар бастауларының аралығында сақталған төбелер болмаса) жазыққа айналады. Пенеплен көбінесе қалыңдығы 100 м-ден жоғары үгілу қабығы мен көмкеріледі. Пенеплен Қазакстанда Сарыарқа даласында кездеседі, жаңа тектоникалық әрекет нәтижесінде олар едәуір биіктікке көтерілуі мүмкін (мысалы, Орталық Тянь-Шаньдағы "Сырт" деген қыратты жазықтар 3000 м-ге дейін биіктікте кездеседі) . Пенепленнің қалыптасу процесі пенеплендену деп аталады.

Жоғарыда айтылғандай, денудациялық тегістеу механизмі суайрықтардың ақырындап төмендеп және жарқабақтың тегістелуі сонымен қатар өзен арналарының кеңеюімен бірге болатынымен көрсетіледі. Пенеплендер гипсометриялық деңгейде мухит деңгейіне жақын қалыптасады. Олар үлкен кеңістікте өрлеп келе жатқан құбылыстардың ақырындап және олардың тоқтаған кезінде пайда болады. Бұл сатылар ондаған және жүздеген жылдарға созылады. Бұл уақытта биік таулар қирайды және жойылады, тау жыныстарының қалың қабаты кесіледі, яғни жер қыртысына терең денудациялық кескін жасалады. Пенеплендердiң қасиетiнің айырмашығы оларда мүжiлу қабығы дамиды, кей жерлерде қалың (жүздеген метр) қабаттардан тұратын жиi латеритті түрi кездеседі. Бұл мүжілу қабығының қалыптасу кезеңінде климаттың ұзақ уақыт бойы жылы және ылғалды болғанын білдіреді.

3-сурет. Қазақстандағы пенеплен (Сарыарқа даласы) .

Пенеплендер жасын «жас шамасына байланысты шекаралар» әдісімен білуге болады. Ол ең жас кескінделген тау жыныстарының қалыптасуынан кейін және ең көне қалыптасуларға дейінгі оны жабатын уақыт кезеңіне сәйкес келеді. Мысалы, егер пенеплен қатпарлы палеозой тау жыныстарында жатса, таскөмірді қоса алғанда, және жоғарғы бор жыныстарымен жабылған болса, онда оның жасы таскөмірден кейінгі, бірақ көне борға дейінгі, нәтижесінде пермді - ерте бор болып саналады.

Пенеплендердің жасы сонымен қатар пенеплендерде дамыған желдену қыртысының жасына да байланысты.

Жердің геологиялық тарихындажер бедерінің тегістелуі мен пенеплендердің қалыптасуы әр кезеңде әртүрлі аумақта болып отырған. Әрбір тектоника-магмалық активизациядан (немесе қатпарлану фазасы) кейін - протерозойлық, каледондық, герциндік, киммерлік - және де орогенез, қандай да бір ауданда жер бедерінің тау немесе көтерілулері пайда болғаннан кейін ауданның тегістелуі мен пенепленнің қалыптасуы, яғни оның қирау кезеңі басталатын. Осылай Шығыс Европа платформасында алғашқы протерозойлық пенеплен (протопенеплен) пайда болды, дислоцирленген архей-төменгіпротерозой жыныстарының фундаментін кесіп өтіп және қазіргі кезде жоғарғы протерозой мен палеозой-мезозой шөгінділерінің астында көмілген. Кей жерлерде, Балтық пен Украин қалқандарының, сонымен қатар Воронеж антеклизасы мен кейбір басқа көтерілулер, бұл пенеплен тектоникалық құбылыстармен жоғары көтерілген, жартылай палеозой шөгінділері жамылғыларының астынан қазылған және мезозой кезеңінде кешолигоценге дейін құрылуын жалғастырды. Қазақстанда, Оралда, Тянь-Шаньда, Алтайда эпигерциндік немесе мезозойлық (дәлірек айтқанда мезозой-ертекайназой) пенеплен герциндік қатпарланудан кейін кеш палеозойдың соңынан және кещ олигоценге дейін қалыптасқан (кей жерлерде борға дейін немесе палеогенге дейін) . Азияның солтүстік-шығысында - бұл эпикиммерлік бор -палеогендік пенеплен. Мезозой жасындағы (бүкіл мезозойды немесе оның жеке кезеңдерін қамтыған) пенеплендер жер шарындағы барлық басқа құрлықтарында қазіргі жер бедерінде сақталған. Олардың таулы аудандарда қалыптасуы палеогеннің аяғында басталған тау мен орогенездердің құрылуына әкелген жаңа тектоникалық құбылыстардың басталуынан тоқтап қалды. Сондықтан мезозой пенеплендерін орогеналды, орогенез алдындағы немесе тауқұрылу деп атайды.

Жаңа тектоникалық құбылыстар нәтижесінде мезозой пенеплендері деформацияға ұшыраған, әртүрлі биіктіктегі арқаларға көтеріліп, әртүрлі дәрежеде қирады. Сондықтан қазіргі жер бедерінде олардың тек фрагменттері ғана бар. Олар төбелер мен адырлардың беткейлерінде, кейде суайрықтар бөліктерінде сақталған, өйткені олар осы жерлердекөп қираған. Жиі бірбиікті төбелерде (неміс тілінде Gipfelflur6 яғни төбелік деңгей) ғана бір уақыттарда тегістелу беткейлері болғаны жайлы куәләндырады (13. 4а сурет) .

Ойпаттарда пенеплендер төмен түсіп кеткен және өте жас құрлықтық немесе теңіз шөгінділерінің астында көмілген (13. 4 сурет) . Ойпаттардың перифериялық бөліктерінде, қатыстырылған көтерулерге, қазіргі кездегі жер бедерінің енді ғана пайда болып жатқан беткейлерінде сирек көрінеді. Оларды жауып жатқан шөгінділер шайылып, және беткейлері «қазылып жатыр».

Жер бедерінің құрылуының бірнеше циклын куәләндыратын бір облыс шегінде бірнеше пенеплендер болуы мүмкін. Осылай Солтүстік Тянь-Шаньда эпигерциндік пенепленнен басқа эпикаледондық пенеплендердің фрагменттері кездеседі, олар жоғарға девон шөгінділерімен жабылып және тек кескіндерде жыныстар арасында болып отырады. Бірақ жоғарыда айтылғандай тек эпигерциндік немесе мезозойлық пенеплен қазіргі жер бедерлерінде сақталған.

Пенеплендер тектоникада үлкен маңызға ие. Олар территорияның дамуындағы белсенді тектоникалық режимнің платформалық тыныштыққа ауысукөрсеткіштері болып табылады. Қазіргі пенеплендердің алуан гипсометриялық жағдайларының фрагменттері жаңа тектоникалық құрылымның пішінін сипаттайтын, жаңа тектоникалық құбылыстардың амплитудасының көрсеткіші мен жақсы репері болып табылады. Тянь-Шаньда предорогенді пенеплендердің фрагменттері адырларда 4-5 км аса биіктіктерде, ал ойпаттарда жаңа шөгінділердің астында 3-6 км ден аса тереңдікте кездеседі. Осының негізінде вертикалды амплитуда жаңа тектоникалық құбылыстары мұнда 8-10 км асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іле Fлатауының неотектоникалық қозғалыстарының сипаттамасы
Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасына физикалық-географиялық сипаттама
Неотектоника
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Литосфералық тақталар тектоникасы
Жайық өзені алабындағы өзендер
Қарағанды облысы бойынша әдебиеттерді зерттеу
Таулы аймақтардың зерттелу тарихы
Тарбағатай тауының топырақтарына жалпы сипаттама
Африка материгінің жер бедері мен геологиялық даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz