Зат есімнің жалпы сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

І тарау Зат есімнің жалпы сипаттамасы 6

1. 1. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты 6

1. 2. Негізгі және туынды зат есімдер 14

а) Негізгі зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар 15

ә) Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар

б) Етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтар

ІІ тарау Күрделі зат есімдер 20

2. 1. Біріккен зат есімдер 20

2. 2. Қосарланған зат есімдер 29

2. 3. Қысқарған зат есімдер 59

Қорытынды 68

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 71

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде зат есімдердің негізгі және туынды түрлерін зерттеуге арналған ғылыми еңбектер баршылық. Дегенмен, зат есімдердің негізгі және туынды түрлерінің лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік сипаттары мен олардың тілімізде атқаратын сан алуан қызметтері үнемі дамып, жетіліп, түрленіп отыратын динамикалық үрдіс.

Зат есімнің негізгі және туынды түрлері - күрделі тілдік категория. Олардың сан алуан қырлары мен сыр-сипаттары тіл білімі ғылымының барлық саласында да қарастырылады.

Негізгі зат есімдер біріншіден, көптік, септік, тәуелдік, жіктік категорияларына тірек, негіз болып, аталған грамматикалық категориялардың ұйытқысы болса, екіншіден, синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын туынды зат есімдерге негіз тұлға болады.

Туынды зат есімдердің жасалу жолдары сан алуан. Қазақ тілінде туынды зат есімдер морфологиялық та, синтаксистік те тәсілдер арқылы жасалады.

Диплом жұмысының өзектілігі - негізгі зат есімдер мен аталған тәсілдер арқылы жасалған туынды зат есімдердің лексика-грамматикалық сипаттарын талдап, ашу болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

- қазақ тіл біліміндегі негізгі және туынды зат есімдер туралы зерттеулер мен ғылыми еңбектерді негіз етіп ала отырып, олардың грамматикалық сипаттарына талдау жасау;

- Негізгі зат есімдер мен мен туынды зат есімдердің арасындағы грамматикалық мағыналық ерекшеліктерді саралау;

- туынды зат есімдердің жасалу жолдарын қарастыру;

- есімдерден туынды зат жасайтын өнімді, өнімсіз жұрнақтардың түрлеріне сараптамалық талдау жүргізу, грамматикалық мағыналарын ашу;

- негізгі зат есімге жалғанып зат есімнің реңк мәнін тудыратын сөз түрлендіруші жұрнақтардың грамматикалық ерекшеліктерін қарастыру;

- аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын туынды зат есімдердің бір саласы - күрделі зат есімдердің тұлғалық түрлеріне тоқталу;

- күрделі зат есімдердің жасалу ерекшеліктерін, олардың сыңарларының ішкі мағыналық сипаттарына тоқталу;

Жұмыстың нысаны. Дипломдық жұмыстың нысаны ретінде көп компонентті құрмалас сөйлем және оның түрлері - көп құрамды салалас, көп бағыныңқылы сабақтас, көп құрамды салалас, аралас құрмалас сөйлемдер алынды.

Жұмыстың ғылымилығы: Негізгі және туынды зат есімдердің грамматикалық сипаттарын саралау. Туынды зат есімдердің жасалу жолдары мен тәсілдерін қарастыру. Туынды зат есім жасайтын жұрнақтардың түрлері мен олардың туынды зат есім жасауға қатысты жағынан айырмашылықтары мен ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда талдау. Күрделі зат есімдердің түрлерін, олардың мағыналық ерекшеліктерін айқындау.

Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысының негізгі тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында «қазақ тілі», «қазіргі қазақ тілі», «қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәндерін оқытуда және мектептерде, арнайы курс пен қосымша сабақтарда пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылысы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде жұмыстың негізгі қағидалары мен мақсаттары баяндалып, жұмыс нысанының өзектілігі көрсетілді. Оның теориялық және тәжірибелік маңызы, ғылыми сипаты баяндалды.

Қорытынды бөлімде негізгі тарауда сөз болған зерттеу нәтижелері жинақталып, жұмыстың қорытынды нәтижесі шығарылады.

І тарау ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты

Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Мысалы: құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, нарық, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады. Бұдан зат есімнің лексикалық-семантикалық сипаты салалы да, қарымды да екені байқалады.

Зат есімдердің өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері бар. Олар өздерінің лексика-семантикалық сипаттарына қарай, сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсетіндіктен, сол қатынастарға аса қажетті көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады; екіншіден, зат есімдердің сөз тудыратын және форма тудыратын арнаулы жұрнақтары бар. [12. 125]

Зат есімдер тілдегі өзге сөздердің барлығына әрі ұйтқы, әрі өзек болып қызмет атқаратындықтан, әдетте, сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қолданыла береді. Дегенмен, зат есімдердің ең негізгі қызметі - бастауыш, толықтауыш, анықтауыш болу. Зат есімдер сапаны, сынды, белгіні, санды, әр түрлі қатынасты білдіретін анықтауыштармен ғана емес, иелікті, тәуелдікті білдіретін анықтауыштармен де талғамай үнемі тіркесе береді.

Өзара бір-бірімен байланысты осы үш түрлі белгіні, демек, семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілерді ұштастыра қарағанда ғана, зат есім деп аталатын негізгі сөз табының сыр-сипаты толық ашылады. Өйткені зат есімнің ең негізгі белгісі заттың субстантивтік мағынасын білдіру болса, ондай заттық (субстантивтік) ұғымды білдіру қабілеті басқа сөз таптарында да болады. Мысалы: Жаманды көре берсең, ой кірлейді, жақсы сөз кірді тазартады (Ғ. Мұстафин) ; Қараның ашуы келгенше, сарының жаны шығады (мақал) ; Білімдіден аямай сөздің майын (Абай) ; Әлін білмеген әлек (мақал) ; Шегірткеден қорыққан егін екпес (мақал) деген сөйлемдердегі сын есімдер мен есімшелер заттық ұғымдарды білдіріп тұр. Солай болса, зат есімді тек бір ғана семантикалық белгісіне қарап қана анықтау қателікке ұшыратуы мүмкін.

Жалпы алғанда, грамматиканың да, грамматикалық талдаудың да негізгі міндетінің бірі - белгілі бір категорияға жалпы сипаттама берумен қатар, олардың ішіндегі өзінше ерекшеліктері бар топ-топтардың да сыр-сипаттарын ашу, оны баяндау болмақ.

Кең мағынадағы заттық ұғымды білдіретін сөз табын зат есім деп атайды. Заттық мағынаның барынша кең екендігін баса айту керек, өйткені мұндай ұғым әр алуан болып келеді. Айталық, нақтылы заттардың, нәрселердің (балта, мылтық, есік, дәптер), хайуанаттар мен организмдердің (адам, кой, ара, балық), объективтік шындықты білдіретін құбылыстардың (күз, жаңбыр, кемпірқосақ), абстрактылық қасиеттер мен сапаның (батыл-дық, жетістік, кемшілік, үлгірім), қимыл-әрекет пен қалыптың (ауру, дема-лыс, жүгіру, ентігу) атаулары осы заттық мағынаны қамтиды. [29. 156]

Осындай қасиеттер зат есімді басқа сөз таптарынан айқын ерекшелейді. Айталық, сын есім өзге сөздердің көмегімен сын-сапаны білдірсе, сол сын мен сапаның атауын зат есім басқа сөздердің жәрдемін-сіз, дербес білдіреді. Қуанышты сәт дегенде, алдыңғы сөздің сын болуы екінші сөздің арқасында, демек, сол сәттің қандай екендігі танылады. Ал қуаныш деген зат есім осы сапаның атын ешбір сөздің тіркесінсіз-ақ танытады. Сол сияқты, қимыл-әрекетті немесе қалыпты білдіргенде, етістік сол қимыл-әрекет иесінің болуын қажет етеді. Аман келді сөйлеміндегі келді сөзінің етістік болу себебі Аманның қимыл-әрекетін көрсететіндіктен деп білу керек. Ал келу, бару, сөйлеу, ашулану деген зат есімдер болса, ешбір қимыл-әрекет иесінің болуын қажетсінбейді, қимыл иесінен тысқары тұрып-ақ оның атауын білдіреді.

Зат есімнің септік жалғаулары бойынша өзгеруі, жекелік, көптік категориясының болуы, жалқы есім мен жалпы есім болып келуі, тәуелденуі оның морфологиялық белгілері болып табылады.

Зат есімнің синтаксистік қызметіне келетін болсақ, мұндай сөз табынан жасалып тұрған сөздер сөйлем ішінде сөйлемнің барлық мүшесі бола береді. Алайда зат есім сөздер көбіне-көп бастауыш пен толықтауыш болуға бейім. Сондай-ақ зат есім сөздер сын есіммен, есімшемен, есімдікпен, сан есіммен тіркескенде, басыңқы сыңарда болып, анықтаушылық қызмет атқарады.

Зат есімдердің қай-қайсысы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен, олар, негізінен алғанда, біркелкі болғандарымен іштей нақтылық және дерексіздік, жалпылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды да қамтиды. Мысалы, ағаш, су, шөп, сүт, темір, шүберек тәрізді сөздер, әдетте, көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлықтай нақтылы, деректі заттармен байланысты ұғымдарды білдірсе, ақыл, сана, ой, ықпал, әсер, жақсылық, адамгершілік, кіріс, зұлымдық, пікір секілді сөздер ойлау, топшылау қабілеттері арқылы танылатын дерексіз заттармен байланысты ұғымдарды білдіреді. Әрине, дерексіз заттық ұғымдардың аттары деректі заттық ұғымдардан кейін шыққан да және сол нақтылы ұғымдардың негізінде туған. Өйткені, мысалы, кісілік, балалық деген дерексіз ұғымдар да, олардың аттары да әуелгі кісі, бала деген деректі ұғымдардан, атаулардан туған. Бірақ нақты ұғымнан дерексіз ұғымның тууы бірден-бір ғана жол болмаған. Нақты ұғымдардан дерексіз ұғымдар туа беретіні сияқты, адамның ойлау қабілеті дами келе, керісінше, абстракт ұғымдардан нақты ұғымдар да туа беретін болған. Осыған сәйкес, нақты зат есімдерден абстракті зат есімдер де, керісінше, абстракт зат есімдерден нақты зат есімдер де жасала береді. Осы себептен қазіргі тілдегі абстракті ұғымдарды білдіретін көп сөздердің мағыналары нақты ұғымдармен түйісіп те отырады. Сонымен қатар, тілде бастапқы ақиқат нәрсенің атынан туғанымен, одан мүлдем қол үзіп, тіпті алыстап кеткен дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздер де көп. Сол сияқты, керісінше, бастапқы дерексіз ұғымдардан туғанымен, мағына жағынан тіпті нақтыланып кеткен сөздер де көп. Сөйтіп, сөз мағынасының нақтылану я абстрактану (деректену я дерексіздену) дәрежесі әр қилы және әр түрлі болады. Бұған оқу, оқушы, оқушылық, жүріс, құбылыс, құбылмалылық, білім, білімдік, ұйым, ұйымшылдық, басқару, басқарушылық тәрізді зат есімдер толық айғақ бола алады. Зат есімдердің ішінде даралау және жинақтау ұғымын білдіру қабілеті де жоқ емес. Мысалы: құрт, құмырсқа, апа, қарындас, төсек, орын, шөп, шалам тәрізді дара сөздер белгілі-белгілі заттардың аты болса, құрт-құмырсқа, апа-қарындас, төсек-орын, шөп-шалам сияқты қос сөздер белгілі бір ұғымдарды жинақтап, олардың топ-тобының атын білдіреді. Керісінше, мая-мая, қора-қора, жал-жал, сала-сала, тау-тау, төбе-төбе, тарам-тарам, тал-тал сияқты қос сөздер бөлу я даралау ұғымын білдіреді.

Зат есімдерді іштей, семантикасының өзара орайлас, астас болуларына қарай, әлденеше топқа бөлуге болады. Мысалы, семантикалық ерекшеліктеріне қарай, зат есімдерді іштей мал атаулары, есімдік атаулары, жәндік атаулары, қора-қопсы және үй мүліктерінің атаулары, қоғамдық тұрмыстың, саяси-әлеуметтік саласында колданылатын атаулар деген сияқты неше алуан топқа жіктеуге әбден болады. Бірақ ондай тек семантикалық қана ерекшеліктері бар, өз алдына грамматикалық ерекшеліктері жоқ есімдер лексикология үшін аса маңызды тексеру объектісі болғанымен, грамматика үшін, арнайы сөз етерліктей зерттеу объектісі бола алмайды. [9. 153]

Дегенмен, зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтар да жоқ емес. Ондай, семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарға: адамзат (кімдік) және ғаламзат (нелік) есімдерін, жалқы есімдерді, көптік мәнді есімдерді, эмоциялы-экспрессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады.

Тіліміздегі зат есімдерді семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан талдап қарасақ, олардың бір саласы адам атаулары, екінші саласы адамнан өзге жан-жануарлар мен заттардың атаулары болып келеді. Осы аталған екі топтың біріншісіне қатысты сөздердің бәрі тек кім? деген грамматикалық сұрауға жауап берсе, екіншісіне қатысты сөздердің бәрі де тек не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді.

Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, қалыңдық, еркек, әйел т. б. ), туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңілі, немере, шөбере, нағашы, жиен, бөле, құда, құдағи, күйеу, құдаша т. б. ), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, егінші, малшы, еңбекқор, суреткер, артист, инженер, диқан, ғалым, мұғалім, дәрігер, композитор, сатушы т. б. ), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, ұлық, бастық, төре, ханым, мырза, жолдас т. б. ), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім т. б. ) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.

Зат есімнің бұл тобына, жалпы алғанда, адам атауымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары ететіндіктен, оларды осы семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері деп атауға болады, Ал, формальдық жағынан олар кім? деген грамматикалық сұрауға жауап береді.

Не? деген грамматикалык сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің, атауларына қойылады. Не? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге деректі я де-рексіз заттар мен заттық ұғымдардың атаулары (мысалы: құм, шаң, тас, темір, топырақ, су, ойын, күлкі, сана, күйініш, қуаныш, реніш, аспан, ақыл, әлем т. б. ), өсімдік атаулары (мысалы: ағаш, шөп, жусан, қарағай, тобылғы, көде, өрік, жүзім, алма, жидек т. б. ), ас пен ішімдік атаулары (мысалы. ет, сүт, май, ірімшік, нан, шұжық, қымыз, айран, қаймақ т. б. ), хайуанаттардың, аң мен құстың атаулары (мысалы: жылқы, сиыр, қой, ешкі, құлан, бөкен, киік, арқар, аю, жолбарыс, қаз, үйрек, бүркіт т. б. ), балық аттары (мысалы: шортан, сазан, көксерке т. б. ), құрт-құмырсқа мен бақа-шаян аттары (мысалы: кесіртке, шыбын, сона, ара т. б. ), мекен, қора-қопсы, құрал-жабдық атаулары (мысалы: үй, қора, дала, терезе, астау, табақ, қасық, т. б. ) тағы басқа неше алуан нәрселер мен заттық ұғым атаулары жатады. [2. 108]

Сөйтіп, зат есімдердің бұл тобы адамнан өзге жан-жануарлардың, заттар мен нәрселердің, заттық ұғымдардың атауларын түгел қамтитын-дықтан, оларды семантикалық ерекшеліктеріне қарап, ғаламзат есімдері деп атауға болады, ал формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді.

Егерде әдет бойынша кім? деген сұрау қойылатын кісі аты (ономастика) тиісті жағдайларға сәйкес, жер-су я мекен атауына (топонимика) ауысса, соңғы атауға кім? деген сұрау қойылмайды, не? сұрауы қойылады. Мысалы, Жидебай - жаңа ғана оқу бітірген жас инже-

нер; Жидебайда білім де, жаһат та бар дегендердегі Жидебай сөзіне кім? деп, Жидебайда сөзіне кімде? деп сұрау қойсақ, Құнанбай ауылы Жидебайға қонды; Құнанбай ауылы Жидебайдан көшті дегендерде біріншісіне тек қайда? деп қана, екіншісіне - қайдан? деп қана сұрау коюға болады. Керісінше, не? деген сұрауға жауап беретін жай ғана жалпы есім (мысалы, Ырыс, Мұрат т. б. ) кісі аты ретінде қолданылатындай болса (мысалы: Ырыс Дүйсекейқызы, Мұрат Қасымұлы т. б. ), тек қана кім? деген сұрауға жауап беретін болады. Сөйтіп, бұлардан кім? я не? деген сұраудың қайсысына жауап беретініне қарай, зат есімдердің, семантикалық және грамматикалық жағынан іштей екі үлкен топка бөлінетіндігі айқын аңғарылады.

Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер, әдетте, жалпы есімдер деп аталады. Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отын, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің, бәрі де жалпы есім болады. Ал заттар мен заттық ұғымдарды жалпылама түрде атайтын осындай жалпы есімдермен қатар, белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын жалқы зат есімдер де бар. Оларға кісі аттары (мысалы, Асқар, Арқалық, Ағыбай т. б. ), үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (мысалы: Тайбу рыл, Теңбілкөк т. б. ), өндіріс, мекеме, ұйым аттары («Еңбек», «Қайрат», «Турксиб» т. б. ), газет, журнал, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары («Лениншіл жас», «Бота-гөз», «Серпер» т. б. ), географиялық атаулар (мысалы: Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б. ), қала, көше, алаң аттары (Алматы, Теміртау, Амангелді алаңы, Абай проспектісі т. б. ) тағы басқа жалкы атаулар жатады.

Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады. Жеке я дара заттарға берілген осындай зат есімдерді жалқы есімдер дейміз. Сөйтіп, жалқы есімдер деп жалпы есімдерден ажырату үшін қойылатын арнаулы атауларды айтамыз. Жазу дәстүрімізде жалқы есімдер бас әріппен басталып жазылады да, жалпы есім бірыңғай кіші әріппен жазылады. [17. 193]

Тілімізде жалпы есімнен жалқы есім, жалқы есімнен жалпы есім туа береді. Бірақ жалқы есімдердің жалпы есімдерге ауысуларынан гөрі жалпы есімдерден жалқы есімдердің жасалуы көбірек кездеседі. Мысалы: Алатау, Ақтөбе, Қарағанды, сияқты жер-су, мекен аттарын білдіретін жалқы есімдер әуелгі жалпы есімдерден туған. Керісінше, Ақтөбелік, Қарағандылық, Берсиевші, Мичуринші сияқты жалпы есімдер бастапқы жалқы есімдерден жасалған. [23. 136]

Жалқы есімдердің жалпы есімдер категориясына, жалпы есімдердің жалқы есімдер категориясына осылай көшуі сөздердің қызметтерінің, соған сәйкес, олардың мағыналарының, кейде тіпті формаларының өзгеруіне байланысты болады.

Сонымен бірге, кейбір сөздер жалпы есім ретінде де, жалқы есім ретінде де жұмсалады. Мысалы, күн, жер, ай деген сөздер астрономия ғылымында жалқы есім ретінде түсінілсе, күнделікті өмірде жай ғана жалпы есім ретінде жұмсалады.

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: онын біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика) . Жалқы есімдердің осы екі саласының екеуіне де ортақ жалпы сипаттарымен қатар, әр саласының өзді-өзіне ғана тән ерекше сипаттары да бар. Сол себептен де жалқы есімнің бұл екі саласын тіл ғылымының арнаулы екі түрлі тарауы (ономастика және топонимика) алды-алдына тексеру объектісі етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Зат есімнің көптік тұлғада қолданылуы
Киелі сан есімдерді қазақ тілін оқытуда пайдалану
Сөз таптарын оқыту әдістемесі
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Герундийдің формасы
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
Сапалық сын есімдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz