Жинақтаушы зейнетақы жиналымының зейнетақымен қамтамасыз етуі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ жиналымы жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы» өз күшіне енді. Қазақстанда зейнетақы реформасын жүргізген сәттен бастап 10 жыл ғана өтті. Алайда бүгінгі таңда Қазақстандықтар зейнетақы жүйесі басқаша болғанын ұмытып та қалды. Кеңес заманы бойы қолданылған және жалпы әділдік қағидаттарына жауап бермеген бұрынғы жүйе КСРО ыдырағаннан кейін бірден өзінің жарамсыздығын көрсетті. Жаңа жүйе 10 жылдың ішінде өзін ақтап шықты және тиімділігін көрсетті.
Кеңес Одағының ыдырауымен миллиондаған қарт азаматтарға қанағаттандырарлық деңгейде күн көруге мүмкіндік берген зейнетақымен қамсыздандырудың бірыңғай жүйесі қирады. Бұрыңғы жүйе жоспарлы экономикаға тәуелді еді, ал жоспарлы экономика зейнетақымен қамсыздандыру үшін бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етті және буын ынтымақтастығы қағидаттарына сәйкес құрылған еді.
Зейнетақы жалақы жиналымы сомасынан бекілілген пайыз мөлшерінде аударымдар жүргізу есебінен қалыптасты. Зейнетақыны есептеу жалақы мен өтілдің орташаланған көрсеткіштері бойынша жүргізілді. Бұл ретте зейнетақының мөлшері шектеліп, белгілі бір санаттағы жұмыскерлерге және қызметкерлерге белгіленген деңгейден аспады.
Осындай социалистік әдіс адамдардың зейнетақыға шыққан уақытқа дейін қаражаттар жинау ниетін шектеді.
Жалпы басқару жүйесінің құлауымен және ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыспен зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің күйреуі табиғи нәрсе. Бағаларды ырықтандыру, жоғары қарқынды инфляция, өндірістің құлдырауы жұмыс орындарының қысқаруы және өнімдерді өткізу нарығын жоғалтқан кәсіпорындардың жабылуы, төлемдердің дағдарысы, бақылауға алынбайтын көші - қон процестері және басқа да жағдайлар зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің дағдарыстық жағдайын анықтайтын екі негізгі үрдіске алып келді: сақтандыру жарнасын төлеушілер санының азаюына және әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы үміткерлер санының көбеюіне. Сондықтан мынандай сауал туындайды: орасан зор және тиімсіз бақылау аппаратының және әкімшілік - командалық бақылау жүйесіне тән репрессияның қызмет етуін сақтау қажет пе, әлде нарықтық қатынастарға негізделген өзін - өзі реттейтін жүйенің тиімді экономикалық механизмін құру қажет пе, атап айтқанда: көптеген елдерде экономикалық өркендеуге жол ашқан кең ауқымды мемлекеттік емес зейнетақы жиналымдарының жүйесін құру.
Дамыған елдердің экономикасында мемлекеттік емес зейнетақы жиналымдары қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуында оң процестерді белсендіретін бюджеттен тыс түсімдердің тұрақты көзі ретінде шығатын нарықты тұрақтандырудың мықты құралы болып табылады.
Ресейліктер 10 жыл бұрын мемлекеттік емес зейнетақы жиналымдарын (МЗЖ) құруды қолға алды. 1995 жылдың шілде айында Қазақстанда алғашқы Қазақстандық ерікті зейнетақы жиналымы тіркелді.
Қазіргі таңда МЗЖ қызметі әлеуметтік климатқа оң әсер ететінін сенімді айтуға болады, ең алдымен бұл еңбекке ынталандыруды арттырудан көрінеді. Көптеген зейнетақы жүйелері жалақының пайыз үлестеріне негізделген, бұл кәсіби өсуге ұмтылдырады. Жұмыс берушілер ЖЗЖ көп төлемдер жүргізу арқылы қажетті мамандарды ұстап қалуға мүмкіндігі бар (кейбір елдерде ондай төлемдерге салық салынбайды) . Қоғам саяси оқиғалар өз орын алатын тұрақты, берік сипатқа ие болып жатыр, бұл тұрақты орта кластың қалыптасуын тездетіп жатыр.
Тақырыптың зерттеу дәрежесі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасынң Үкіметі қаулы етеді:
- Жинақтаушы зейнетақы жиналымдарынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесі;
- Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі бекітілсін;
- Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын;
- Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енді.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты зейнетақы жиналымын қалыптастыру жұмыстарын автоматтандыру. Өз мүмкіндіктерін объективті түрде таразылай отырып, жиналым қызметкерлері алдағы 10 жыл бедерінде бірқатар мақсаттарға қол жеткізуді көздеуі:
- зейнетақы жүйесінің көшбасшысы болу;
- зейнетақы нарығының 25 - 30 пайыздық үлесіне қол жеткізу;
- қызмет көрсету деңгейін қазіргі заманғы халықаралық стандарттар талабына сәйкес көтеру.
Жаңа онжылдықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жиналым стандартты қызмет көрсету деңгейін Республиканың бүкіл аумағында бірдей сапаны қамтамасыз етіп халықаралық деңгейге дейін арттыруы керек. Жақын арадағы болашаққа арналған жоспарда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және дистрибутивтік желіні еліміздің ең алғаш аудандарына дейін кеңейтіп, салымшылармен қарым - қатынас жүйесін өзгерту мақсаты бар. Әрбір салымшының қаржылық ауқаттылығына қамқорлық жасау, зейнетақы жинағы ақша мәдениетін көтеру және Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұрақты болуына мүмкіндік туғызу.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, салық органдарына жүйелі түрде қаржылық есеп беруін беріп отырады; бұқаралық ақпарат құралдарына тоқсан сайын қаржылық есеп беруін жариялайды. Жиналым бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ынтымақтастық үшін ашық, жүйелі түрде өз қызметтерінің жиналымдарын жарыққа шығарады және зейнетақы нарығындағы оқиғаларға түсініктеме береді.
Зерттеу объектісі дипломдық жұмысты зерттеп, жан - жақты талдау жүргізу мақсатында ЗТМО - ның (Зейнетақы Төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталығы) жұмыс принципі, зейнетақы жиналымдарына міндетті зейнетақы салымдарын аударатыны негізінде жазылды. Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша зерттеу объектісі Еңбек және Халықты Әлеуметтік Қорғау Министрлігі «Зейнетақы Төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталығы» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны. Аталған мекеме Министрлік тарапынан алғаш рет 04 маусым 1997 жылы Алматы қаласында орталығы қалыптасып, Қазақстан төңірегінде, яғни 14 облыс, екі қалада облыстық филиалдар, одан әрі аудандық бөлімшелерге бөлінген.
Мекеме негізінен әлеуметтік сала бойынша, соның ішінде зейнеткерлік жасқа, мүгедек жандарға, асыраушысынан айрылған азаматтарға, бала туылуына және 1 жасқа дейінгі тағайындалатын жәрдемақыны, зейнетақы және жәрдемақыны орталықтан төлеу, кәмелет жасқа толған заңды және жеке тұлғаларға ӘЖК (әлеуметтік жеке код) тағайындаумен және әлеуметтік сақтандыру жиналымы арқылы төленетін төлем мен айлық табыстың 10 пайыздық жарнасының төлену реттілігінің бағдарламасымен қамтамасыз етеді.
Төлем жүргізу мекемеде қалыптасқан орталықтандырылған мәліметтер базасы арқылы алушылардың жеке есепшоттарына екінші дәрежелі банктер мен Казпошта бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады. Яғни, орталықтандырылған мәліметтер базасында әрбір алушының аты - жөні, туған жылы, тұрғылықты мекен - жайы тағы басқа мәліметтері толық сақталады.
Осы жоғарыда аталған әлеуметтік сала Қызылода облысында РМҚК - ның (Республикалық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны) 29 шілде 1997 жылы №9 бұйрығымен құрылған. Облыстық филиал Қызылода қаласы Ыбырай Жақаев көшесі, «Ұлттық Банк» ғимаратында орналасқан.
Мекеменің басқару құрылымы: директордан, екі директор орынбасарынан, бас бухгалтерден және басқа да қызметкерлерден тұрады.
Сонымен қатар мекемеде іс - құжаттар сақтайтын және нормотивтік актілерге сай сақтауды қажет ететін барлық құжаттарды сақтау бөлімі жұмыс жасайды. Электронды пошта арқылы ақпарат көзі және ауқымды желі арқылы облыс, қала шеңберіңде толық ақпараттар түсіп, кіріс - шығыс хаттары жүргізіледі.
Зерттеу пәні Дипломдық жұмыстың негізгі пәні ЗТМО - ның зейнетақы жиналымдарының құрамы мен құрылымы, зейнетақы жиналымдарына аударатын салымдары жөніндегі іс - құжаттары, есептеу әдістері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі Зейнетақы жиналымдарын қалыптастырудың экономикалық мәні, зейнетақы жиналымдарын статистикалық - экономикалық зерттеу туралы, зейнетақы жиналымдарының қоғамдық рөлі, мәні және қажеттілігі жайлы, зейнетақы туралы заңға сүйене отырып, отандық және шет елдік ғалымдардың, қарапайым халықпен және отандық шенеуніктердің пікірлеріне сүйене отырып жасалған.
Жұмыстың құрылымы Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.
1 «ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ КӘСІПОРНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық - әлеуметтік саланың тарихы, маңызды құрылымы
Елімізде зейнетақы формасы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы №136-1 заңға сәйкес жүргізіле бастады. Заңмен айқындалған шараларды жүзеге асыруда сол жылы Үкімет қаулысымен құрылған «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ерекше орын алады.
Бүгінгі таңда «ЗТМО» РМҚК халықты әлеуметтік қорғауда әбден нығайып, қалыптасқан құрылымға айналды.
Ынтымақтастық зейнетақы жүйесінде мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді уақытында төлеу іске асырылады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде «ЗТМО» РМҚК тұрғындарға әлеуметтік жеке кодтарды (ӘЖК) береді, міндетті зейнетақы жарналарының мемлекеттік есебін жүргізіп, оларды жинақтаушы зейнетақы жарналарының мемлекеттік есебін жүргізіп, оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына (ЖЗҚ) аударуды, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан екіншісіне ауыстыруды іске асырады. 2006 жылғы 1 шілдеден бастап ЗТМО-ның базасында Міндетті зейнетақы жарналары жөніндегі біртұтас есеп орталығы құрылды.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде міндетті әлеуметтік аударымдардың есебін жүргізу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлуметтік қауіп-қатер туындайтын жағдайда алушыларға төлем жүргізуді жүзеге асырады.
ЗТМО бөлімшелері азаматтарды зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша қабылдап, тиісті түсініктемелер береді, заңды және жеке тұлғаларға қаржылық-ақпараттық сипаттағы қызметтерді көрсетеді, қажетті есептілікті қалыптастырады.
ЗТМО-дағы енгізілген және қолданылатын халыққа қызмет көрсетудің қазіргі заманғы әдістері әлеуметтік аударымның кез келген түрлерінің дербестендірілген есебін жүогізуге жағай туғызады, ЗТМО жүйесінің мүмкіндіктері кез келген әлеуметтік төлемдермен, еңбек нарығымен және миграциялық-демографиялық процесстермен байланысты мемлекеттік шешімдерді қабылдауда алға қойылған міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік береді.
Елімізде зейнетақы реформасы жүргізілген жылдарда тиімді менеджмент, техникалық базаны жетілдіру мен кәсіпқой кадрларды іріктеу ЗТМО-ға ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сай есепке алу мен әлеуметтік төлемдерді іске асырудың бірегей ақпараттық жүйесін жасауға мүмкіндік берді.
Халықаралық еңбек ұйымының мүшесі болып табылатын Қазақстан әлеуметтік қорғау ұғымын өмірге қажетті игіліктерге қол жеткізудің белгілі бір деңгейі мен жағдайына байланысты (қарттық, денсаулық күйі, асыраушысынан айырылуы немесе жұмысын жоғалтуы және өзге де заңды негіздер) экономикалық тұрғыдан белсенділік таныта алмайтын және өзін лайықты ақы төленетін жұмысқа қатысу арқылы табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтардың жақсы тұрмысыныңбелгілі бір деңгейін қамтамасыз ететін жүйе ретінде анықтайды.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің сапалық көрсеткіштері бірқатар жағдайда экономикалық дамудың деңгейімен анықталады, ал тұлғалар арасындағы ынталандыру деңгейі таңдалған әлеуметтік экономикалық үлгімен өзара байланыста болады.
Жұмыс істейтін азаматтардың салық және өзге де аударымдарының есебінен есептегі зейнеткерлерге зейнетақы төлеуге негізделген ынтымақтастық зейнетақы жүйесі әзірше Республикадағы әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі құрамды бөлігі болып қалады, алайда бұл салада жүйені реформалау бойынша түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылады.
1998 жылы ТМД елдерінің арасында ең алғаш Қазақстан қатысушылар арасындағы ынтымақтастықсыз, жинақтау принциптеріне негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізуді жүзеге асырады.
2005 жылғы қаңтардан бастап елімізде аударымдардың мөлшері мен жүргізілуінің ұзақтығына байланысты жұмыс істейтін қосымша әлеуметтік қорғауды сақтандыру жүйесі қызмет етеді. Еңбекке жарамдылықтан қалған, асыраушысынан айырылған және жұмысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету қарастырылған.
2005 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлік жасқа толуына байланысты базалық зейнетақы төлеу жүйесі енгізілген.
Қорыта келгенде, қазіргі аңда Қазақстан әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі құрылды.
Бірінші деңгей Қазақстан Республикасы кепілдік берілген әлеуметтік төлемдерді, яғни барлық азаматтарға бірдей деңгейде тағайындалатын төлем(базалық зейнетақы төлемі, мемлекеттік жәрдемақылар, бала туғанда берілетін біржолғы төлем, бала күтімі бойынша төлем) ;
Екінші деңгей еңбек өтіліне және еңбекақысының мөлшеріне байланысты ынтымақтастық зейнетақы, міндетті зейнетақы мен әлеуметтік сақтандыру аударымдары есебінен жүргізілетін әлеуметтік төлемдер, яғни азаматтардың қоғамды дамытуға қосқан жеке үлестерін ескеретін қосымша әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қызметінің атқарушылық, қаржылық-есептілік және технологиялық бөлігін қамтамасыз ететін әлеуметтік институт - Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың құрылуына себепші болды.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың облыстық филиалдары мен аудандық ( қалалық) бөлімшелерінің негізгі міндеттері:
- Орталық және халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың мақсаттары, міндеттері мен басымдықтарын жүзеге асыру;
- Зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәржемақыларды, баланың тууы мен балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақыларды, Семей ядролық жарылыстарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік бір жолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге берілетін жәрдемақыны, Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қорынан жасалатын және жүзеге асырылуы заңмен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен жүктелген басқа төлемдерін уақытылы төлеу;
- Зейнетақы және жәржемақыларды тағайындау үшін істер макетін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және оларды қолданыстағы Нұсқаулар мен Ережелерге сәйкес қазақстан Республикасы Еңбек және халықты қорғау министрлігінің Департаментіне бекітуге ұсыну;
- Халыққа әлеуметтік жеке код ( ӘЖК) тағайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру, Әлеуметтік жеке код тағайындау туралы куәліктерді беру;
- Облыстық филиалдың шығын сметасын орындау бойынша орталықтандырылған бухгалтерлік есеп жүргізу, бухгалтерлік есептілікті құру;
- Орталықтың сұрауы бойынша зейнетақы және жәрдемақы төлеудің жағдайы туралы жедел ақпаратты ( статистикалық деректерді) және тағы басқа ақпаратты дайындау;
- Зейнетақы жинақтау қорларына, басқа ұйымдар мен жеке тұлғаларға кеңес беру және басқа қызмет түрлерін көрсету;
- Іс жүргізуді ұйымдастыру, оның ішінде азаматтардың зейнетақы және жәрдемақы төлеу мәселелері бойынша өтініштері, шағымдары, хаттарын қарастыру;
- Филиалдың мүддесін сот және басқа құқық қорғау органдарында қорғау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы №926 қаулысымен құрылған «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі ЗТМО) еліміздің құрылымдардың бірі және қаржылық-әлеуметтік инфрақұрылымының маңызды элементі болып табылады. ЗТМО-ның филиалдық жүйесі Қазақстан Республикасының барлық қалалары мен аудандарындағы 219 бөлімшеден (соның ішінде 16 филиал) тұрады.
Бүгінгі күнде ЗТМО жүйесінде банк, қаржы, әлеуметтік салаларда жұмыс тәжірибесі бар үш мыңға жуық білікті мамандар еңбек етеді. Оның ішіндегі 1957 адамның жоғарғы білімі бар, бұл жалпы санының 65, 4% құрайды, 868 адамның рнайы орта білімі бар. Олардың көбі ЗТМО құрылған күннен бастап жұмыс істейді.
Бастапқыда зейнетақы төлеуді қамтамасыз ету үшін құрылған ЗТМО бүгінде Республиканың әлеуметтік және қаржы жүйесінде көптеген мемлекеттік маңызы бар қызметтерді орындайды.
Бүгінгі таңда ЗТМО жинақтаушы және ынтымақтастық зейнетақы жүйелерінде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу, жарналарды есепке алу) қызметтерді жүзеге асыратын бірегей орган болып табылады.
Ай сайын ынтымақтастық зейнетақы жүйесінде 5 млн. Артық төлем, жинақтаушы зейнетақы жүйесінде 7 млн. жуық салымшылардың және әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі 4, 5 млн. қатысушылардың дербестендірілген есебі жүргізіледі. Жылына 8 млн. аса төлем тапсырмаларын қабылдап, өңдеуді жүзеге асырады.
ЗТМО-ның басқа құрылымдармен ақпараттық-қаржылық ағындарды қолдау, әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, зейнетақы қызметтері нарығын құру мәселерінде өзара әрекеттестік жүйесі орнатылған. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөніндегі тәртіпке салынған қызмет жұмыс істейді, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылар бойынша, міндетті зейнетақы мен әлеуметтік аударымдар бойынша деректер қоры құрылған, білікті мамандар дайындалған, клиенттерге қызмет көрсетудің қазіргі заманғы және жоғарғы технологиялық жүйесі енгізілген.
ЗТМО-ның өңірлік өңірлік бөлімшелері күн сайын әлеуметтік төлемдерді тағайындау, ӘЖК беру, ЖЗҚ шарттар жасау сияқты әр түрлі мәселелері және басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша 10-12 мыңдай адамды қабылдайды.
ЗТМО өз қызметінде үнемі жоғары технологиялық ІТ технологиялар мен шаруашылықты жүргізудің тиімді әдістерін енгізуді жүзеге асыруда. Озық ағындарды дер кезінде және әлеуметтік төлемдердің тұрақтылығын қамтамасыз ету бөлігінде оперативті, тоқтаусыз жұмыс істеу қажеттілігі себепші болды. Басқарудың тиімді әдістерін қолдану, техникалық базаны жетілдіру мен кәсіпқой кадрларды іріктеу бірегей жүйені құруға және жұмысты сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.
ЗТМО-да ТМД елдері кеңістігіндегі теңдесі жоқ әлеуметтік институтта деректерді электронды өңдеуді қолдану арқылы әлеуметтік төлемдерді есепке алу мен жүзеге асыруды ұйымдастырудың түбегейлі жаңа технологиясы енгізілді, зейнетақылар мен жәрдемақылар алушылардың орталықтандырылған деерктер қоры (ОДҚ) құрылды.
ЗТМО-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі деректерді электронды дербестендірілген өңдеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық кешен болып табылады. Жүйе жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған міндетті әлеуметтік аударымдарды дербестендірілген есепке алуды, міндетті аудармаларды жүзеге асыратын тұлғалар және зейнетақы мен жәрдемақы алушылады жүзеге асыратын тұлғалар және зейнетақы мен жәрдемақы алушылар туралы ақпаратты жинақтауды қамтамасыз етеді. ЗТМО-ның ОДҚ Қазақстанның банк-төлем жүйесіне және құжат айналымының, тағайындау мен төлеудің ведомстволық электронды on-line жүйесіне біріктірілген.
Қазіргі таңда ЗТМО міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды мемлекеттік есепке алумен, бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан зейнетақылар жүйелердің, міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді төлеумен, ынтымақтастық және жинақтаушы зейнетақы жүйелердің, міндетті әлеуметік сақтандыру жүйесінің әрбір қатысушысын сәйкестендірумен байланысты деректерді есепке алу және электронды өңдеу орталығы болып табылады.
Республикада зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақтастық және жинақтаушы жүйелері жұмыс істейді. Төлемді тағайындау мен есепке алуды ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдісін енгізу әлеуметтік төлемдер динамикасының өсуімен сипатталады.
ЗТМО арқылы жүзеге асырылатын қаржылық ағындардың жалпы көлемі 1998 жылмен салыстырғанда 7, 7 есе өсіп, 2006 жылы 575, 9 млрд. теңгені құрады.
Еңбек және Халықты Әлеуметтік Қорғау Министрлігі «Зейнетақы Төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталығы» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны. Аталған мекеме Министрлік тарапынан алғаш рет 04 маусым 1997 жылы Алматы қаласында орталығы қалыптасып, Қазақстан төңірегінде, яғни 14 облыс, екі қалада облыстық филиалдар, одан әрі аудандық бөлімшелерге бөлінген.
Мекеме негізінен әлеуметтік сала бойынша, соның ішінде зейнеткерлік жасқа, мүгедек жандарға, асыраушысынан айрылған азаматтарға, бала туылуына және 1 жасқа дейінгі тағайындалатын жәрдемақыны, зейнетақы және жәрдемақыны орталықтан төлеу, кәмелет жасқа толған заңды және жеке тұлғаларға ӘЖК (әлеуметтік жеке код) тағайындаумен және әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы төленетін төлем мен айлық табыстың 10% - дық жарнасының төлену реттілігінің бағдарламасымен қамтамасыз етеді.
Төлем жүргізу мекемеде қалыптасқан орталықтандырылған мәліметтер базасы арқылы алушылардың жеке есепшоттарына екінші дәрежелі банктер мен Казпочта бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады. Яғни, орталықтандырылған мәліметтер базасында әрбір алушының аты - жөні, туған жылы, тұрғылықты мекен - жайы тағы басқа мәліметтері толық сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz