Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .8

1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың мәні мен мазмұны,
оның негізгі
көрсеткішьері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...8
2. Теміржол көлігі шаруашылығының экономиканың дамуындағы

ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

2 ҚР ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ
АҚ-ның ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ... ... ... ..23

2.1 ҚР Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясының АҚ-ның Қызылорда
облыстық филиалының негізгі қызметі, басқару
ерекшеліктері ... ... ... ..23
2.2 Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау және еңбек өнімділігін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.3 Кәсіпорынның негізгі және айналым қорларын пайдалануды талдау ... ... 39
2.4 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және қаржылық
жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 7

3 ҚР ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ
АҚ-ның ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ ... ... ... ... ...57

3.1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін басқарудың тиімді страегиясын
жасау және қаржылық левериджін бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
3.2 Жаңа техника мен ұйымдастыру – техникалық іс шараларды
енгізудің
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...62
3. Қазақстан темір жолдарын реформалау және халықаралық

тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 73

КІРІСПЕ

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар экономиканы дамытып қана
қоймай, бүкіл қоғамдық өмірде елеулі ілгерілеуді қамтамасыз етуде. Еліміз
экономикалық өсу қарқыны бойынша ТМД, Орта Азия, Шығыс және Оңтүстік Еуропа
елдерінің үлкен шоғыры арасында алдыңғы қатарда тұр. өнеркәсіптік
кәсіпорындар бизнесінің тиімділігіне баса назар аударылды. Елдің тұрақты
экономикалық өсуіне отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық,
технологиялық және техникалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол
жеткізуге болады.
Темір жолды экономиканың күре тамыры дейміз. Ол нарық заңдарына төтеп
беріп, өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланып, жылдан-жылға оң нәтижесін бере
бастады.
Темір жол шаруашылығы әлеуметтік процесстердің дамуына белсенді әсер
ететіндіктен, ол кез-келген елдің экономикалық байланыстарының дамуында
маңызды орын алады. Кең мағынасында теміржол көлік жолдарының
магистральдарының ролі мен мәні кез-келген елдің ұлттық экономикасының,
өнеркәсіп негіздерінің дамуы және территорияны әлеуметтік игеру түсінігі
ретінде қарастырылады. Сондықтан қоғамның өндірістік күштерін орналастыру
мен дамуындағы мәселелерді шешуде, экономика салаларының перспективалық
дамуында, әлеуметтік дамудың бағдарламасын жасауда және ҒТП-ті дамытуда
темір жол көлік жүйесінің қажеттілігі мен оны қарқында дамыту – бүгінгі
күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Ұлттық экономиканың даму шеңберінде темір жол көлік жүйесі бірқатар
стратегиялық мәселелерді жүзеге асырады.
Қазіргі кезде де келешекте де тиімділікті қалыптастыру және басқарудың
оңтайлы стратегиясын жасау негізінде олардың көлеміне ықпал ететін барлық
жайттарды айқындауға, тиімділіктің көрсеткіштеріне дұрыс экономикалық
талдау жүргізуге әрбір кәсіпорын мүдделі. Міне, сондықтан да диплом
жұмысының тақырыбы нарықтық экономиканың даму жағдайларында өте маңызды,
сондай-ақ әрбір кәсіпорын үшін өзекті болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты – кәсіпорынның тиімділік көрсеткішінің
экономикалық мазмұнын ашу негізінде, нақты кәсіпорында көрсеткіштерді
жоспарлауға терең экономикалық талдау жүргізу, осының нәтижесінде оның
тиімділігін көтеру жолында нақты ұсынымдар жасау болып табылады.
Қызмет көрсетуші кәсіпорындарды қоғамға қажетті сапалы қызмет
көрсетілуі тиіс. Кәсіпорындарда білікті кадрлар жинақталып, ресурстарды
үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді және сапалы техникалар мен технологияларды
қолдану, өнім өндіру және қызмет көрсету шығындарын мейлінше азайту,
кәсіпорында маркетингтік қызметті және менеджментті дамыту міндеттерін
шешуі тиіс. Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі
нарықтық жағдайда, нарық талабын аса сауаттылықпен және компетенттілікпен
анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын, сонымен бірге, пайда табуды
қамтамасыз ете алатын кәсіпорындар ғана өміршең болады.
Дипломдық жұмыс барысында кәсіпорын іс қызметіне кешенді
экономикалық баға беру үшін келесі міндеттерге тоқталамыз:
- теміржол көлігі саласының ұлттық экономикадағы ролі мен маңызы;
- теміржол шаруашылығының қалыптасуының теориялық және экономикалық
негіздері;
- теміржол көлігі кәсіпорнының іс-қызметін экономикалық бағалау;
- кәсіпорынның ресурстық потенциалын бағалау және талдау;
- кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне және қаржылық жағдайына баға беру;
- тиімділікке ықпал ететін негізгі жайттарды қарастыру, сондай-ақ нақты
кәсіпорынды мысал ретінде келтіре отырып олардың әсерін қарастыру;
- тиімділікті көтерудің негізгі бағыттарын қарастыру;
- темір жол шаруашылығы жұмысының экономикалық тиімділігін арттыру
жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен, яғни кіріспе, үш бөлімнен тұратын -
негізгі бөлім және қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының Қазақстан темір жолы
Ұлттық компаниясының АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалы мәліметтері
негізінде жазылған.

1 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігінің мәні мен мазмұны, оның
негізгі көрсеткіштері

Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық
көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:
- кәсіпорынның тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы
қорларының құнына қатысы;
- кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына қатысы.
Кәсіпорын қызметінің тиімділік деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге
(жалпы табыс, пайда) кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстармен
салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе
толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді [2].
Практикада пайдалылық мөлшерін өлшеу екі нұсқада пайдаланады. Бұл
пайданың ағындағы шығындармен қатынасы (кәсіпорын шығындары, өзіндік құн)
немесе авнстық жұмсау (негізгі өндірістік қорлар және айналым қаражаты).
Бұл екі өлшеуші аванстық жұмсау айналымы жиынтығының көрсеткішіне өзара
байланысты. Кәсіпорынның пайдалылық мөлшерін мына төмендегі формуламен
есептеуге болады:

Ө (Б - Қ )
Пм = --------------------- (1)
Нқ + Ақ

Мұндағы:
Ө - өнім көлемі;
Б - өнім өлшемінің бағасы;
Қ - өзіндік құн;
Нқ – негізгі өндірістік қорлардың құны;
Ақ – айналмалы қаражаттың көлемі.
Практикада кәсіпорын қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері
қолданылады.
1. Өнімнің пайдалылығын анықтау барлық сатылған өнімнің және оның жеке
түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда ол өнімді
сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың
қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді
сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп
шығарады; баланстық пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім; таза
пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы
пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және
өнімді сату табысы жөнінде түсінік білдіреді.
2. Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негзгі өндірістік
қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл
көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.
3. Кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы оның қаруындағы мүліктердің құны
арқылы есептелінеді. Есептегенде баланстық және таза пайданың
көрсеткішьерін пайдаланады.
Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы таза пйданың баланс арқылы
есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.
Шығынның белгілі бір мөлшерін тиімдету – шаруашылықты жүргізудің әр
түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша
өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының
да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен
материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне неғұрлым көп өнім
алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың
пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек [3].
Еңбек өнімділігі – адамдардың өндіру қызметінің өнімділігінің деңгейін
сипаттайды.
Жұмыскерлердің біліктілік деңгейі көбіне олардың жасына, жұмыс
стажына, біліміне байланысты. Сондықтан, талдау процесінде жұмысшылар
құрамында жасы бойынша, жұмыс стажы бойынша, білімі бойынша өзгерістері
зерттеледі.
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіндегі қауырттылық
қолда бар жұмыс күшін анағұрлым толық пайдалану есебінен, еңбек өнімділігін
арттыру есебінен, өндіріс интенсификациясы, өндірістік процестерді кешенді
механикаландыру мен автоматтандыру есебінен, өндіріске анағұрлым тиімді
өнімді жаңа техниканы енгізу есебінен, өндіріс технологиясы мен
ұйымдастыруды жетілдіру есебінен кішкене басылуы мүмкін. Талдау процесінде
жоғарыда аталған шараларды жүргізу нәтижесінде еңбек ресурстарына қажетті
қысқарту резерві анықталуы мүмкін.
Егер кәсіпорын өз қызметін ұлғайтпаса өндірістік қуаттарды арттырса,
жаңа жұмыс орындарын құрса, онда еңбек ресурстарына қосымша қажеттілігін
категориялар мен кәсіптер бойынша анықтау керек және оларды кірістіру
көздері анықталады. [4]
Өнім шығысын арттыру резервін қосымша жұмыс орындарын құру есебінен
анықтау үшін олардың өсіңкілігін 1 (бір) жұмысшының нақты орташа жылдық
өнімділігіне көбейтеміз.
Еңбек өнімділігін жоспарлау. Еңбек өнімділігін жұмыс көлемін
жұмысшылар санына бөлу арқылы анықталады.
Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші жанды еңбек өнімділігі
болып саналады, ал өндіріс нәтижесімен, жұмыс істеушілердің орташа тізімдік
сананың арақатынасымен немесе еңбек сыйымдылығымен, өнім бірлігіне кеткен
жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді.
Еңбек жөнінде жоспардың орындалуын талдау. Еңбек жоспарының басты
көрсеткіштері еңбек өнімділігін өсіру жөніндегі тапсырмалар, жұмысшылар мен
жұмыскерлер санының шегі, еңбекақының жоспарлы қоры болып табылады. Бұл
көрсеткіштерді талдаудың мақсаты – еңбек ресурстарын пайдалануда ішкі
резервтерді анықтау, жұмысшылар мен жұмыс уақытын тиімді пайдалану, өнім
бірлігіне шаққандағы еңбекақы қорының шығындарын төмендету.
Талдау барысында еңбек өнімділігінің өсуі бойынша тапсырманың орындалу
деңгейін анықтайды және еңбекақы қорының пайдалануды анықтайды, жұмыс
уақытының жоғалуын айқындап, еңбекақы қорының өндірістік емес шығындарды
анықтайды, еңбек өнімділігінің өсу темпінің сәйкестігін айқындайды [5].
Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі
бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге
болады.
Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың
пайдаланылуын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорларды
неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының
нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.
Кәсіпорын қызметінің эконмикалық тиімділігін арттырудың басты шарты –
еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқа да
біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын
тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне
сонымен қатар, өнімнің немесе шығаратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал
етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен сата
алады.
Кәсіпорындардың және оның бөлімшелерінің белгілі бір мерзімінде
атқарған жұмысының тиімділігі өндірістің өндірістің пайдалылығымен
айқындалады. Пайдалылық дегеніміз – кәсіпорынның пайдамен және табыспен
жұмыс істеуі. Эконмикалық категория ретінде пайдалылық кәсіпорынның тек
қана ағымдағы өндірістік шығындарды өнімдер сатумен қызметі үшін ақшалай
өндіріп алынған қаржымен өтеу қабілеттілігін ғана емес, сонымен бірге
өндірісті ұлғайтуға және дамытуға, еңбекшілердің мәдени-тұрмыс дәрежесін
арттыруға қажетті пайда ала алатындығында көрсетеді.
Кәсіпорын қызметін анықтайтын көрсеткіштер мына төмендегі талдау
мақсаттарына байланысты болады:
- Стратегиялық мақсат. Осы кәсіпорын қызметі нәтижелілігінің өзімен
бәсекелестік басқа кәсіпорынның қызметімен салыстыру қажет. Осыған
орай, қорытындылау көрсеткіштерін және қызметін қандай бір
элементтерінің көрсеткіштерін таңдаған жөн.
- Тактикалық мақсат. Басшылық кәсіпорын қызметін бақылайды. Кейбір
бөлімшелердің немесе қандай бір болмасын өнімнің жұмыс істеу
тиімділігінің көрсеткіштері есептелінеді.
- Жоспарлау міндеті. Түрлі ресурстардың немесе осы ресурстардың түрліше
ұштастырылуының пайдалылығын салыстыру қажет.
- Басшылықтың басқадай мақсаттары. Кәсіподақ пен ұжымдық шарт жасасу
жөнінде келіссөздер жүргізу.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және коммерциялық қызметі қасиетінің
әр түрлілігі және түрлі белгідегі көрсеткіштердің көптеген түрлеріне ықпал
етеді. Сонымен, оларды пайдалану проблемасы мынадан тұрады: олардың бірде-
бірі әмбебап көрсеткіштерін орындамайды, бір мағынада, бизнесте қол жеткен
табыстар немесе сәтсіздік туралы пікір алысу мүмкіндігі туады. Сондықтан
да, практикада әр уақытта бір-бірімен байланысты көрсеткіштер жүйесі
пайдаланылады, бағаланады немесе кәсіпорын қызметінің түрлі жақтарын
көрсетеді [6,7].

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың
негізгі принциптері
Принциптері Принциптің мазмұны
Нақтылығы Талдау нақтылы деректерге негізделеді, оның
қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдаланады
Жиынтылығы Процесті объективті бағалау мақсатында оны жан-жақты
зерделеу
Жүйелілігі Бір-біріне өзара байланысты экономикалық құбылыстарды
зерделеу, бірақ оқшалау емес
Тұрақтылығы Талдауды түпкілікті, алдын ала белгілі аралық уақыт
арқылы жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға дейін
емес
Объективтілігі Экономикалық құбылыстарды тәжірибелі және әділ
зерделеу, объективтік қорытындылар жасау
Пәрменділігі Практикалық мақсатқа пайдалану, өндіріс қызметінің
жаңа нәтижелілігі үшін талдау қорытындысының
жарамдылығы
Үнемділігі Талдауды жүргізуге байланысты шығындар, оны жүргізу
нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен
елеулі түрде аз болуы керек
Салыстырымдылығы Деректеу және талдау қорытындылары бір-бірімен жеңіл
салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық
процедураларды (тәртіпті) тұрақты түрде жүргізуде
қорытындылардың сабақтастығы сақталуы қажет
Ғылымдылығы Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген әдістер
мен процедураларды басшылыққа алу керек

Көрсеткіштер жеке, топтық және жалпы болып бөлінеді. Талдау мақсатына
байланысты көрсеткіштер: абсолюттық, салыстырмалық және орта мөлшерлік
нысаны түрінде білдіруі мүмкін. Әрбір нақты экономикалық көрсеткіш сапалық
анықтықта (кеңістік, уақыты және мөлшері) болады.
Нарықтық қатынастарға өтуде экономикалық, қаржылық және статистикалық
көрсеткіштер жүйесі олардың есеп айырысу бөлігі және есеп жүргізуі қалай
болса, шешімдерді негіздеу рөлі солай төтеп береді және түрлі өзгерістерге
ұшырайды. Мысалы, шаруашылық жүргізудегі жоспарлы жүйе жағдайында кәсіпорын
қызметін бағалағанда мынадай көрсеткіштер маңызды рөл атқарады: жоспарлы
орындау, тауарлы өнімнің мөлшері, жалпы өнім мөлшері, ал нарықтық жағдайда:
бірінші кезекте сату мөлшері, пайда, пайдалылығы және толып жатқан
оңтайландырулар [4].
Нарық талабына сай барлық көрсеткіштерді мына төмендегілерге бөлуге
болады:
- бағалылық, қол жеткен немесе даму деңгейінің мүмкіншілігі немесе не
ол, не бұл қызмет нәтижесін сипаттайды;
- жұмсалмалық, қызметтің көптеген түрлерін іске асыруға байланысты
жұмсалатын шығындар деңгейі.
Мұндай бөлу өте шартты. Ол жүргізілетін талдаудың мақсатына байланысты
болады.
Практика жүзінде кеңінен қолданылып жүрген ең маңызды тиімділіктің
бағалық көрсеткіштеріне мыналар жатады:
- кәсіпорынның сатудағы жалпы мөлшері;
- жалпы табыс;
- шартты таза пайда;
- шартты таза өнім;
- процент төленгеннен кейінгі пайда;
- барлық қосымша төлемдерден кейінгі пайда;
- өндірістің дамуына жұмсалған жаңа күрделі қаржыдан кейінгі өтімділігі;
- дивидент төленгеннен кейінгі өтімділік.
Практикалық қызметінде кәсіпорын өзін ең алдымен сатудың көлеміне және
пайда табуға бағыттайды.
Сатудың жалпы мөлшері - бұл тауарлар және қызмет көрсетудің құны,
тұтынушыларға сатылғанын мына формуламен анықтайды:

Q = Б х N ( 2)
Мұнда:
Q – сату мөлшелері;
Б – тауардың бір өлшемінің бағасы (тенге);
N – сатылған тауардың мөлшері (тенге).
Нарықтық жағдайда кәсіпорын қызметінің негізгі қорытындалайтын баға
көрсеткіші пайда болып есептелінеді [7, 34б].
Жалпы пайда – нәтижесі ретінде сату мөлшерінен шегеріліп тасталған
сатымдық шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да
өндіріс шығындары элементтерінің құнын анықтайды.
Шектік таза пайда – бұл жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме
шығандар және амортизациялық аударым сомалары. Бұл көрсеткіш практикада
бизнестің барлық турлеріне пайдаланылады.
Шектік таза өнім – бұл шектік таза пайдаға қосылған еңбекақыға кеткен
шығандар немесе сатылған өнім мөлшерінің, қызмет көрсетудің құны оларды
өндіруге жұмсалған ресурстардың құны арасындағы айырмасы (сатып алынатын
материалдар, қызмет көрсету, косалқы мердігерлік төлемдер, амортизациялық
аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығындар және т.б.).
Көрсетілген бағалық көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсеткіштермен
қаралады:
1. кәсіпорын, фирма бақылауындағы өткізім нарығының үлесі;
2. өнім сапасының көрсеткіштері;
3. тұтынушылардың қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіштері;
4. кадрларды дайындау, қайта даярлау көрсеткіштері.
Есеп айырысуда ең күрделісі - сапа көрсеткіші болып табылады. Сол себепті
өнім сапасы оның міндетіне байланысты жалпы сату мөлшерінен
тұтынушылардың кепілдік қызмет көрсетудегі кері қайтарған бұйымдары
(өнімдер), тұтынушылардың кері қайтарған өнім мөлшерлері процент бойынша
бағаланады.
Нарықтық экономика жағдайында басқа көрсеткіштердің ішіндегі кең
таралғандары:
1. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері;
2. Өндіріс шығындары құрылымының көрсеткіштері.
Бірінші топқа жататын көрсеткіштер:
1. Кәсіпорынның жалпы сату мөлшеріндегі жалпы немесе шартты таза пайда
деңгейі;
2. Сату көлеміндегі шартты таза өнім деңгейі;
3. Шартты таза пайда мөлшерінің еңбекақыға кеткен шығындардың
арақатынасы.
Екінші топқа жататындар:
- жалпы сатудағы капиталдың авансыланған және шартты таза пайда
деңгейі;
- тұтынылатын материалдардың және жартылай фабрикаттардың жалпы
құнының қор деңгейі.
Кәсіпорын қызметін жүйелі және жан-жақты талдау мынадай мумкіндік
береді:
1. Жалпы кәсіпорынның және оның бөлімше құрылымдарының шаруашылық
қызметіндегі нәтижелілігін тез, сапалы және кәсіптік бағалау;
2. Тауарлардың және қызмет көрсетудің нақтылы түрлерінен алынатын пайдаға
әсер ететін факторларды нақтылы және дер кезінде табу және есепке
алу;
3. Баға саясатын әзірлеуге қажетті өндіріс шығындарын және олардың
өзгерулерінің бет алысын анықтау;
4. Жақын және алыс келешегіндегі кәсіпорын және пайда табудың оңтайлы
жолдарын шешу проблемасын табу.
Әр уақытта мынаны естен шығармау керек, шаруашылық қызметінің мұндай
көрсеткіші болған емес және өмірдің барлық жағын қамту да мүмкін емес.
Шиеленіскен бәсеке жағдайында өркендеу үшін, басшы, кәсіпкер өзінің іс-
әрекетінің барлық түрлерінің нәтижелілігін білуі, сезінуі тиіс, ал бұл
мақсатқа жету деңгейін, мерзімін және ұйым тұрпатын бейнелейтін өзара
байланысты жүйені қалыптастыруды қажет ететіндігін көрсетеді.
Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы
болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін
анықтайды.
Негізгі қаржылық коэффициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:
1. өтімділік (төлем қабілеттілігі);
2. пайдалылық (табыстылық);
3. активтерді басқару тиімділігі.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар
ішкі және сыртқы больп бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға
теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі
нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін
ресурстар.
Қаржы ресурстарының құрамы: негізгі қызметтен түсетін пайда; ғылыми-
зерттеу жұмыстарын орындағаннан түсетін пайда және басқадай мақсатты табыс;
қаржы операцияларынан түсетін пайда; шаруашылық тәсілімен орындалған
құрылыс-монтаж жұмыстарынан түсетін пайда; өткізуден тыс табыс;
амортизациялық аударым; істен шыққан мүлікті өткізуден түскен ақша; орнықты
пассивтер; қайта бөлінбеген пайданың қорлануы; мақсатты түсу; сақтық қор;
еңбек ұжымы мүшелерінің үлестік және басқа да жарналары; меншікті құнды
қағаздарды (акциялар, облигациялар, т.б.) сатудан түскен қаражаттар;
несиелік инвестициялар; тәуекелдік бойынша сақтандыру өтемі; сақтандыру
полисін және кепілдік куәлігін өткізу; үлестік жарна негізінде қалыптасатын
қаржы ресурстары (ағымдағы және инвестициялық қызметке үлескерлікпен
қатысу); дивидендтер, басқадай ақша шығарушылардың құнды қағаздар бойынша
проценті; одақтардан, қауымдастардан түсетін қаржылық ресурстар; бюджеттік
қаржы бөлу, субсидиялар, субвенциялар[8, 112б].
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін
өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып
саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзіннің қысқа
мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.
1. Тез өтімділіктің коэффициенті - қысқа мерзімді несие қарыздарының ең
өтімділік активтердің үлесін көрсетеді. Ол өтімділік активтердің
ағымдағы міндеттеменің қатынасын білдіреді.
2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті – егер дебиторлық қарыздарды
тауардың кейбір шартты өлшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса,
бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың
айналым коэффициенті бір жылда неше рет бұл тауардың ақылы шартты
өлшемін көрсетеді.
3. Несие қарыздарының айналым кезеңі - бұл коэффициенті тауарларды сатып
алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несиегер
компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді. Бұл
коэффициент ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің және несиегерлердің
келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда бар босалқы қорларды басқару
іскерлігіне байланысты болады.
4. Несиелердің орнын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қабілеті) – ол
компанияның қызмет табысының неше рет (дивидендтермен толық есеп
ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы сомасының және ұзақ мерзімді
қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын көрсетеді.
5. Төлем қабілеттілігінің коэффициенті - ол қарыз капиталының меншіктілікке
(жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері) ара салмағын бейнелейді.
Бұл коэффициент кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден
қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен қорыта
айтқанда, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорындардың
қарыздары көп және соғұрлым оның тұрақсыздық ақуалы да орын алады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы басқарушылық
және кәсіпкершілік шешімдерінің қажетті шарттары болып саналады.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі көздерінің бірі -
бухгалтерлік баланс. Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы жағдайын, оның
шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігінің жыл ішіндегі деректері көрсетіледі.
Кәсіпорынның және өндіріс қаржы жағдайының тиімділігіне талдау жасау үшін
түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді
пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі,
пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның рыноктағы кәсіпкерлігінің
белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы орнықтылығы және
төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.
Нарықтық жағдайда әрбір кәсіпорын экономикалық дербес тауар өндіруші
ретінде мемлекеттік шеңберінде бекітілген салық аударымы және әлеуметтік
шектеу меншікті өндірісті дамыту тиімділігінің кез келген бағалылығын
пайдалануға ерікті.
Өңдірістің тиімділігін анықтау тиімділіктің өлшемін белгілеуден
басталады. Ол кәсіпорынның қойған даму мақсатына сай қол жететін
нәтижелілікті барынша көбейту немесе өндірістік шығындарды барынша азайту
қажеттілігінен шығады.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді
пайдалану тиімділігі және меншікті (акционерлі) капиталы, өтемпаздығымен
сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – оның қаржылық тұрақтылығын айқындайды.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл оның қаржыны пайдалану барысында
табысты және капиталды арттыру негізінде кәсіпорынның дамуын қамтамасыз
етіп отыратын жағдай, яғни кәсіпорын төлемқабілетті және несиеқабілетті
болып саналады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс атқарушы кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың барысында келесі негізгі міндеттер іске асырылуы қажет:
есепті жылдағы жалпы қаржылық жағдайға және оның өзгерісіне баға беру;
активтердің өзара байланысын және олардың қалыптасу көздерін анықтау,
олардың рационалды және тиімді пайдалануын зерттеу; айналым қаржысы көлемін
анықтау; қаржылық есептеу және несие тәртібін анықтау; кәсіпорынның актив
құрылымын және оның міндеттерін анықтау; активтер айналамдылығын есептеу.

1.2 Темір жол шаруашылығының эконмиканың дамуындағы ролі

Темір жолдар кез келген елдің экономикалық байланыстарының дамуында
маңызды орын алады. Кең мағынада темір жол кешенінің ролі мен мәні кез
келген елдің ұлттық экономикасының, өнеркәсіп негіздерінің дамуы және
территорияны әлеуметтік-экономикалық игеру түсінігі ретінде қарастырылады
[9, 23б]. Сондықтан, қоғамның өндірістік күштерін орнала-стыру мен
дамуындағы мәселелерді шешуде, экономика салаларының перспективалық
дамуында, әлеуметтік дамудың бағдарламасын жасауда және ҒТП-ті дамытуда
көлік жүйесі қажеттік фактор болып саналады.
Ұлттық экономиканың дамуы шеңберінде темір жолдары бірқатар
стартегиялық мәселелерді жүзеге асырады.
Ең алдымен, бұл халықтың және экономиканың тасымалдау қажеттіліктерін
қанағаттандыру. Үздіксіз жолаушылар мен жүк тасымалы болмайынша, әртүрлі
саладағы кәсіпорындар мен халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мүмкін емес.
Жолаушылар көлігінің қатысуымен халықтың орын ауыстыру қажеттілігі де
қанағаттандырылады, бұл өндірістік процестің қалыптасуына жағдай жасайды.
Соған байланысты жолаушылар мен жүк көлігі экономикалық қызметті реттеуді
жеделдетеді және тиімділігіне ықпал жасайды.
Темір жолдар аймақтардың даму процесінде туындайтын әлеуметтік-
экономикалық мәселелерді шешуде, ішкі және сыртқы байланыстарды қамтамасыз
етуде маңызды роль атқарады [10].
Осыған орай темір жолдар әлеуметтік және экономикалық деп сипаттауға
болатын функциаларды атқарады.
Темір жол шаруашылығының қызметін реттеудің әлеуметтік мәні алуан
түрлі. Мысалы, коныстық мекендер аралығында жол жүру мүмкіндігінің кеңеюі
мен қолайлылығы халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың маңызды құрамдас
бөлігі болып табылады (еңбек, білім алу және басқа да жол сапарлар). Темір
жолдары құрылысының әлеуметтік тиімділігі территориялық мекемелердің
ұйымдастырылумен сипатталады. Мұның маңыздылығы мұндай мекемелердің халық
үшін күнделікті қол жетерліктей болуында.
Экономикалық функциясы бойынша темір жолдар барлық экономикалық
жүйелерді байланыстыратын бөлім болып табылады. Негізгі экономикалық мәні
мемлекеттің аймақаралық және мемлекетаралық байланыстарды қамтамасыз етуден
көрініс береді.
Жаңа аймақтарды игеру, ҒТП-ң жеделдету темір жол шаруашылығының
интенсивті дамуының алғышарты болып табылады[11].
Егер осы уақытқа дейін көлік жүйесінің негізгі міндеті экономиканың
көлік қызметіне қажеттілігін қанағаттандыру болып келсе, жақын уақытта
көліктің ролі анағұрлым конструктивті бола бастайды.
Біріншіден, ол экономикалық байланыстарды рационализациялауда,
жолаушылар мен жүк ағымдарын ұйымдастыру мен оптимизациялауда белсенді
қатысатын болады. Көлік технологиялары индустриальді техникамен байланыста
болады[12].
Екіншіден, көлік үшін негізгі түсінік интеграция болады. Ол мынадай
негізгі бағыттармен жүретін болады:
- Көліктің әртүрлі қатысатын оператор-компаниялар құрылады. Бұл тарифтер
мен аралас тасымалды ұйымдастыруда әкімшілік құрылымынан таза нарықтық
құрылым әдістеріне көшуге мүмкіндік туғызады;
- Бір көлік түрі бойынша көлденең байланыстырылған үлкен құрылымдар
құрылады. Нәтижесінде көлік шығындары төмендейді және инвестициялық
потенциал жоғарылайды.
Үшіншіден, көлік машина құрылысымен тығыз байланыстырылатын болады.
Бұл жаңа уақыттың объективті талабы. Көптеген елдер: Германия, Жапония,
Оңтүстік Корея, Қытай, Тайвань және басқалары экономикалық күйзеліс пен
реформалардан соң, өсу фазасына өтті. Олардың тәжірибесі өнеркәсіптің
темір, контейнер, жүк техникаларының көлік қажеттігіне бағытталуы
өнеркәсіптің барлық салаларының жоғарылауына алып келетінің көрсетті.
Көліктің стратегиялық ролін осыдан көруге болады – ол өзіне технологияларды
жұмылдырады.
Төртіншіден, ғылыми сыйымдылығы жоғарылайды. ҒТП-ң деңгейі көлік
жүйелерінің бәсекелестік қабілетін тікелей анықтайтын болады. Мұндағы соңғы
алға іргерілеуді келесі үш бағыт бойынша күтуге болады:
- көліктің жаппай ақпараттандырылуы;
- үнемді және экологиялық жетілген көлік құралдарын жасау;
- көлік-индустриалды техникаларын, діп уақытында жеткізу жүйелерін,
мультимодульды логистикалық оралықтарды, контейнерлі және контейнерлі
емес жүйелерді құру.
Темір жолдар жүйесі экономикалық инфрақұрылымның маңызды элементі
ретінде сол мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің негізі болып табылады.
Соған байланысты, темір жол желілері тасымалының территориядан өту құны мен
сапасы аймақтың және экономика салаларының дамуына елеулі ықпал етеді.
Нәтижесінде темір жолдар аймақтың бірлескен еңбектің бөлінуіне қатысуға
алғышарттар жасайды.
Сонымен қатар, транзиттік территориясы бар мемлекеттердің транзиттік
тасымал саласын дамытуға мүмкіндіктер бар. Транзиттік тасымал жүйесінің
дамуы елге жоғары валюталық түсімдердің түсуіне негізделеді.
Жалпы, көлік кешенінің ролі мен мәні, оны транзиттік жүйе ретінде
қолдануда үлкен табыстар әкеледі:
1. Көлік және оған ілеспелі қызметтерге ақы түріндегі тікелей түсімдер.
Өз кезегіндегі көлік транзитін жүзеге асыру ұлттық көлік кешенінің
тұрақтануына мүмкіндік жасайды.
2. Транзиттік тасымалдың ұйымдастырылуы ұлттық көлік жүйесінің кіре
ақылық резервтерін тиімді қолдануға жағдай жасайды, оның жүзеге асуы
ұдайы өндірістік тұрақтандырады.
3. Транзиттік көлік коридорлары пайдалы қазбаларға бай және болашақта
игерілетін аймақтар арқылы өтеді. Сондықтан игеріленген территориялар
экономикалық пайдалануға тартылады.
4. Транзиттік көлік жүйесінің дамуы бүкіл ел экономикасының дамуына ықпал
етеді. Алынған табыстарды қайта бөлу жағдайында ел территориясымен
транзиттік тасымал көлемінің өсуі экономиканың көптеген салаларының
дамуына оң ықпал жасайды. Мысалы: қаржылық салада – мемлекеттік бюджет
табысының ұлғаюы; инвестициялық салада – мықты ішкі инвестордың
қалыптасу мүмкіндігі; көлік секторында – ішкі көлік-коммуникациялық
инфрақұрылымының дамуы; әлеуметтік салада – транзиттік тасымалға
қызмет көрсетуге тартылған кәсіпорындардың көбеюі.
5. Транзиттік потенциалдың жүзеге асуы көлік инфрақұрылымына,
экономиканың барлық салалары мен секторына шетелдік технологиялық
капиталдың ағымын тудырады.
6. Елдердің территориясы арқылы транзитпен жолаушылар тасымалы үшін
құқықтық, экономикалық және ұйымдық шарттарды жасау, елдер арасында
интеграциялық процестердің дамуына жағдай жасайды, сонымен қатар
әлемдік масштабтағы орны мен ролін анықтауға мүмкіндік береді.
Еліміздің темір жолдары нарықтық экономика қызметін реттеуде өзін
тасымал, пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын біріктіретін
күрделі процесс болып табылады.
Кез келген нарық сияқты темір жол шаруашылығының қызмет көрсету
нарығының да өз жабдықтаушылары мен тұтынушылары бар. Жабдықтаушыларға:
тасымал, пайдалану, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын кәсіпорындар. Ал
тұтынушылары – жолаушылар мен кәсіпорындар, мемлекет болып табылады.
Темір жол щаруашылығының қызмет көрсету нарығының құралдары толып
тарифтік саясат, салықтық, сақтандыру және құқықтық әдістер табылады.
Қаржылық айналымда қолданылатын қаражаттарға: бюджеттік, жеке және
сақтандыру қаражаттары жатады.
Нарықтық экономикаға көшкен елдерде көлік кешені шешілетін мәселенің
сипаты мен мемлекеттік сектордың үлесіне қарай мемлекетпен реттеліп
отырылады.
Мемлекеттік реттеудің әдістеріне әлеуметтік бағдарламалар және
заңнамалы – құқықтық құжаттар жатады. Реттеудің нарықтық әдістеріне:
бәсекелестер, маркетинг пен менеджменттің әдістері жатады.
Темір жол транспорты қуатты материалдық-техникалық базаға ие.
Тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты қосымша басты жолдар, екі жолды
қойылымдар, екінші, үшінші, төртінші жолдар жүргізіледі. Екі және одан да
көп жолды участоктердің үлесі көп болған сайын тасымалдау мүмкіндігі де
басым болады.
Транспорттың ең негізгісі – станциялық жолдардың дамуы. Поездардың
салмағы мен ұзындығының өсуі станциялардағы қабылдау-жіберу жолдарының
ұзақтығына байланысты. Қазіргі таңда қабылдау-жіберу жолдары 850, 1050 және
1250 метр болуы керек.
Тасымалдау көбейген сайын вагондарды саралау жұмысы да көбейеді, басқа
елдермен, облыстармен байланыстыратын вагондар ағымы пайда болады.
Темір жолын электрофикациялау (электрмен жабдықтау) - өткізу
мүмкіндігінің өсуіне, еңбек өнімділігінің жоғарылауына және тасымалдау
құнының төмендеуіне себепкер.
Электрленген участоктар ұзақтығы 47,9 мың км, ал қалған жолдарда
тепловоздар жұмыс істейді.
Темір жолдың техникалық қамтылу көрсеткішінің ең негізгісі вагондардың
орташа жүк көтергіштігі. Бұл көрсеткіш жоғары болған сайын тасымалдау құны
төмен, ал нңбек өнімділігі жоғары болады.
Темір жолдың техникалық қамтылуына поездар қозғалысын басқару
құралдары да маңызды роль атқарады.
Темір жол транспорты жұмысының негізгі техникалық-экономикалық
көрсеткіштері:
Статистикалық жүктелуі – жүктеу кезінде 1 вагонға орташа қанша жүк
мөлшері келетінін көрсетеді. Ол тиелген жүктің тоннасын Р тиелген вагондар
санына ∑ Ик бөлу арқылы анықталады:
Рст = ∑Р∑Ик
Бұл көрсеткіш жүк айналым құрылымына, вагондар құрамына, жүктеудің
техникалық нормасының орындалуына, жүктерді тығыз орналастырудың тиімді
әдістерін қолдануына байланысты. Ауыр салмақты жүктер көп болған сайын,
статистикалық жүктелуі де ұлғаяды.
Вагондар айналымы – жүк вагондарын пайдаланудың ең маңызды
көрсеткіштерінің бірі. Ол жұмыс паркінің тәуліктегі вагондарды ∑Прt орташа
тәуліктік жүктелген вагондарға U қатынасы арқылы анықталады:
Ои = ∑Прt U
Вагондар айналымын үндету үшін жүктелген вагондардың алыс жерлерге
бару жолдарын қысқарту, поездар қозғалысының техникалық жылдамдығын
көбейту, аралық станцияларда поездардың тоқталуын қысқарту, түсіру-тиеу
жұмыстарын механизімдеу керек.
Поезд салмағы – локомотивтердің пайдалы жүктелуін, қалыптасушы және
айналымдағы поездардың толық салмақтылығын сипаттайды. Поездың орташа
брутто салмағы тонна-километрін ∑Рор поезд-километрге ∑Nt бөлу арқылы
анықталады:
Qбр = ∑Рор∑Nt
Поездың орташа салмағы жүк, жолаушылар, шаруашылық түріне қарай
анықталады.
Участкілік жылдамдық – 1 сағат ішінде жүріп өткен орташа қашықтық.
Еңбек өнімділігі – адамдардың өндіру қызметінің өнімділігінің деңгейін
сипаттайды. Еңбек өнімділігін анықтау үшін тонна-километрлерді жұмысшылар
санына бөледі.
Тасымалдау күні – 10 келтірілген т-км, 10 жолаушы-км, 10 т-км неттоға
анықталады. 10 келтірілген т-км құнын есептеуде тасымалдауға кеткен
эксплуатация шығындары келтірілген т-км бөлу арқылы анықталады, ал 10
жолаушы км мен 10 т-км нетто құны жолаушылар мен жүкті тасымалдаудың
эксплуатациялық шығындарын жолаушы –км мен т-км неттодағы жүк көлеміне бөлу
арқылы анықталады.
Жұмыскерлердің біліктілік деңгейі көбіне олардың жасына, жұмыс
стажына, біліміне байланысты. Сондықтан, талдау процесінде жұмысшылар
құрамында жасы бойынша, жұмыс стажы бойынша, білімі бойынша өзгерістері
зерттеледі.
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіндегі қауырттылық
қолда бар жұмыс күшін анағұрлым толық пайдалану есебінен, еңбек өнімділігін
арттыру есебінен, өндіріс интенсификациясы, өндірістік процестерді кешенді
механикаландыру мен автоматтандыру есебінен, өндіріске анағұрлым тиімді
өнімді жаңа техниканы енгізу есебінен, өндіріс технологиясы мен
ұйымдастыруды жетілдіру есебінен кішкене басылуы мүмкін. Талдау процесінде
жоғарыда аталған шараларды жүргізу нәтижесінде еңбек ресурстарына қажетті
қысқарту резерві анықталуы мүмкін.
Егер кәсіпорын өз қызметін ұлғайтпаса өндірістік қуаттарды арттырса,
жаңа жұмыс орындарын құрса, онда еңбек ресурстарына қосымша қажеттілігін
категориялар мен кәсіптер бойынша анықтау керек және оларды кірістіру
көздері анықталады. [12]
Өнім шығысын арттыру резервін қосымша жұмыс орындарын құру есебінен
анықтау үшін олардың өсіңкілігін 1 (бір) жұмысшының нақты орташа жылдық
өнімділігіне көбейтеміз.
Еңбек өнімділігін жоспарлау. Еңбек өнімділігін жұмыс көлемін
жұмысшылар санына бөлу арқылы анықталады. Станция поездары қабылдап-
жібереді, вагондарды жөндейді, жүктерді тиейді, тасымалдайды және
саралайды, жолаушыларды тасымалдаумен айналысады.
Индекстік әдіспен еңбек өнімділігінің өсуін анықтайды. Бұл әдіспен
еңбек өнімділігін анықтау үшін станцияның жалпы жұмысшылар құрамын
шаруашылық түрі мен жүктеу жұмыстарына қарай бөлу керек.
Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші жанды еңбек өнімділігі
болып саналады, ал өндіріс нәтижесімен, жұмыс істеушілердің орташа тізімдік
сананың арақатынасымен немесе еңбек сыйымдылығымен, өнім бірлігіне кеткен
жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді.
Станция әр түрлі жұмыс түрлерін орындайды поездарды қабылдайды және
жібереді; жүктерді тиеу, түсіру және сорттау жұмыстарын атқарады;
жолаушылар тасымалдайды. Станцияда орындалатын жұмыстардың еңбек
сыйымдылығы әртүрлі, ол жұмыстардың жыл мезгілдеріндегі құрылымдары да
бірдей емес. Сондықтан, еңбек өнімділігін есептеген кезде жұмыс көлемін
сипаттау үшін келтірілген вагон терминін қолданады. Әртүрлі жұмыс
түрлерін коэффициенттер қолдану арқылы келтірілген вагон түріне
келтіреді.
Станция жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау.
Станцияның өндірістік – қаржылық қызметін талдау техникалық-экономикалық
көрсеткіштердің орындалу деңгейін қарастырудан бастаған жөн. Талдау әдісі
нақты орындалған көрсеткіштерді жоспармен және өткен кезеңдермен
салыстыруға негізделген. Көрсеткіштерді орындалуын пайыз түріндегі жоспарға
және өткен кезеңге қатысты жалпы көлемі белгіленеді.Содан соң, жоспардан
ауытқу себептерді анықтау, факторлерді зерттеу, алынған үнем немесе шығынды
анықтау, ішкі резервтерді анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Саралау, жүктеу және участкілік станция жұмыстарының экономикалық
көрсеткіштерін талдау үшін аналитикалық таблицақұралады.
Саралау және участкілі станцияларда көбіне вагон айналымы маңыздырақ.
Транзит вагондарды жіберу бойынша, жоспарды орындау жұмысы құралады.
Жолаушыларды тасымалдау жұмысы басым станцияларда жолаушыларды және
жүктерді тасымалдау жөнінде жоспардың орындалуын талдау маңызды роль
атқарады. Жолаушыларды тасымалдауды талдаудан жолаушылар поездардағы бос
орындардың санын нақты жеткізбегендіктен, билет кассаларында жедел жұмыстың
болмауынан станциялар мен темір жолдарда табыстың айтарлықтай бөлігі түспей
қалады, ал жолаушылар поездарға мінбей қалып қояды. Сондықтан, жолаушыларды
жөнелту барысында болатын мәселелерді зерттеп, алдын ала оларды болдырмау
керек.
Жұмыс көлемінің орындалуын қарастырған соң станциялардағы вагондардың
орташа тұрып қалу мен статистикалық жүктелудің сапа көрсеткіштерін
талдайды.
Ең маңыздысы, тәулік бойындағы жүктеу жұмыстарының ритмділігі болып
табылады. Сондықтан, талдау барысында күндіз және түнгі уақыттарда
орындалатын жүктерді жүктеуі, тиеу және саралау жұмысы қарастырылады.
Бұл жұмыстардың барлығында да жүктердің сол қалпында сақталуы өте
маңызды.
Саралау және участкілік станцияларда жұмыс сапасының маңызды
көрсеткіші – поездарды участкілік станцияларда өз уақытысында келмеген
транзиттік поездардың пайда болуы станция жұмысында күрделі қиындықтар
тудырады.
Сондықтан, бұндай поездардың келуі туралы станция алдын ала жол
бөлімшесіне хабарлак керек, ал олар қалыптасу жоспарын орындаудың шараларын
қарастыратын болады.
Поездарды уақытылы жібермеу себептері вагондар құрамында техникалық
жөндеуге келмейтін вагондарды байқаған жағдайда болады. Есепті кезеңдерде
поездардың кідіруін талдау отырып, оларды негізгі себептер бойынша
топтастырады, ал одан соң жиі болатын себептерді (кедергілерді) болдырмау
жолдарын қарастырады.
Еңбек жөнінде жоспардың орындалуын талдау. Еңбек жоспарының басты
көрсеткіштері еңбек өнімділігін өсіру жөніндегі тапсырмалар, жұмысшылар мен
жұмыскерлер санының шегі, еңбекақының жоспарлы қоры болып табылады. Бұл
көрсеткіштерді талдаудың мақсаты – еңбек ресурстарын пайдалануда ішкі
резервтерді анықтау, жұмысшылар мен жұмыс уақытын тиімді пайдалану, өнім
бірлігіне шаққандағы еңбекақы қорының шығындарын төмендету.
Талдау барысында еңбек өнімділігінің өсуі бойынша тапсырманың орындалу
деңгейін анықтайды және еңбекақы қорының пайдалануды анықтайды, жұмыс
уақытының жоғалуын айқындап, еңбекақы қорының өндірістік емес шығындарды
анықтайды, еңбек өнімділігінің өсу темпінің сәйкестігін айқындайды.
Темір жол станциясының техникалық-экономикалық көрсеткіштердің
орындалуына талдау жасау үшін ең алдымен жоспардың орындалуын қарастырады.
Сонан соң орындалу деңгейін бағалап, өскенін немесе кему себептеріне
тоқталады. Темір жол қызметін бағалауда негізгі техникалық-экономикалық
көрсеткіштер жүйесі өте көп. [12]
Станцияның қаржылық жоспары – жылдық өндірістік-қаржылық жоспарының
бір бөлігі. Онда станцияның сапалық және сандық көрсеткіштері,негізгі және
айналым құралдарын тиімді қолдану, материалды және ақшалай шығындардың
деңгейі көрсетіледі. Қаржылық жоспар – жоспарланған мерзімдегі станцияның
табысы мен шығысын, меншікті және айналым құралдырының нормативті
өзгерісін, өзге станциялармен байланысын, мемлекеттік бюджеттің орындалуын
белгілейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – оның қаржылық тұрақтылығын айқындайды.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл оның қаржыны пайдалану барысында
табысты және капиталды арттыру негізінде кәсіпорынның дамуын қамтамасыз
етіп отыратын жағдай, яғни кәсіпорын төлемқабілетті және несиеқабілетті
болып саналады.
Рыноктық экономика жағдайында жұмыс атқарушы кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың барысында келесі негізгі міндеттер іске асырылуы қажет:
есепті жылдағы жалпы қаржылық жағдайға және оның өзгерісіне баға беру;
активтердің өзара байланысын және олардың қалыптасу көздерін анықтау,
олардың рационалды және тиімді пайдалануын зерттеу; айналым қаржысы көлемін
анықтау; қаржылық есептеу және несие тәртібін анықтау; кәсіпорынның актив
құрылымын және оның міндеттерін анықтау; активтер айналамдылығын есептеу.

2 ҚР ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ
АҚ-ның ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ
БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

2.1 ҚР Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясының АҚ-ның
Қызылорда облыстық филиалының негізгі қызметі, басқару
ерекшеліктері

Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясының АҚ-ның Қызылорда облыстық
филиалы 2003 жылы 27 ақпанында ҚР-ның заңдарына сәйкес Директорлар
Кеңесінің шешімімен Қызылорда облыстық юстиция департаментінде тіркелді.
Филиал өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, қоғамның
бұйрықтары, өкімдері және басқа да актілеріне, қоғам жарғысына сәйкес
жүзеге асырады.
Филиалдың толық атауы: мемлекеттік тілде – Қазақстан темір жолы
Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда тасымалдау
бөлімшесі.
Филиалдың орналасқан жері: 467019, Қазақстан Республикасы, Қызылорда
қаласы, Әуелбеков көшесі, 40 үй.
Филиалдың өз балансы бар, оның мүлігі мен қаражаттары қоғамның жалпы
баланс есебіне алынады. Филиал өз қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру
үшін банкілерде өз есеп-шотын белгіленген заңнама тәртібімен ашады.
Филиалдың өзінің тауарлық белгісімен, аталуымен және қоғамның аталуымен
мөрі бар.
Қоғам қызметінің негізгі мақсаты экономиканың және халықтың теміржол
көлігімен жүк тасымалдауға қажеттілігін қамтамасыз ету және табыс табу
болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрін жүзеге
асырады:
- жүктерді, соның ішінде габаритсіз, арнайы және әскери жүктерді,
қауіпті жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау;
- жүк тасымалдарын жоспарлау, темір жол әкімшіліктерімен экспорттық,
импорттық және транзиттік жүк тасымалдарының жоспарларын белгіленген
тәртіппен келісімдеу;
- жүктердің әр номенклатурасы бойынша жүк тиеу жоспарының орындалуын
қамтамасыз ету;
- вагондарды беру және алу жөнінде қызмет көрсету, кірме жолдар мен
станциялар жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеуге
қатысу;
- көліктік-экспедициялық қызмет көрсету;
- вагон паркін басқару, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа
мемлекеттердің иелігіндегі вагондарды есепке алуды жүргізу;
- сыртқы экономикалық саясат;
- пайдалану жұмысының техникалық нормативтерін орындау;
- жүк вагондарын мүліктік жалға беру;
- металл сынықтарын бөлшектеу, жинау, өткізу;
- цистерналарды құюға дайындау;
- поездарды коммерциялық тексеріп қарау пунктерінің жұмысын ұйымдастыру
жөніндегі іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;
- тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету;
- жүк вагондарын жөндеу, вагон паркін жөндеудің материалдық-техникалық
базасын дамыту;
- Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен алынуы қажет
лицензия немесе рұқсаттың өзге де түрінің бар болуын талап ететін
қызмет түрлері немесе рұқсаттардың басқа түрлері алынғаннан кейін ғана
жүзеге асырылады;
- резерв материалдары мен арнайы құрамдардың мүлігін құру, сақтау
саласындағы мобилизациялық тапсырмаларын орындалуын қамтамасыз ету.
Филиалдың мақсаттары, міндеттері және қызмет түрлері:
Филиал экономиканың және халықтың теміржол көлігімен жүк тасымалдауға
қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Филиалдың негізгі міндеттері:
- техникалық бақылауды және жүк вагондарын есепке алынуын қамтамасыз
ету;
- жүк вагондарын жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушыларға жалға беру
кезінде бақылауды қамтамасыз ету;
- ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өндіріске енгізу саласында
тиімді саясатын жүзеге асыру;
- вагон паркін оңтайландыру жөніндегі іс-шараларын әзірлеу, олардың
орындалуын бақылау жүргізу;
- жүк вагондарын жөндеудің жоспарлы түрлерін орындауына бақылау жүргізу;
- вагондарды есепке алу электрондық паспортын енгізу;
- техникалық жағдайы бойынша қалпына келтіруге жарамсыз және мерзімін
өтеген жүк вагондарын уақытында есептен шығару есебінен жүк
вагондарының паркін жақсарту, қызмет мерзімін ұзарту бойынша күрделі
қалпына келтіру жөндеуін ұйымдастыру;
- вагондарды, бөлшектерді және қосалқы бөлшектерін электрондық есепке
алуды енгізу;
- жүк вагондарын жүрген жолы бойынша жөндеудің жоспарлы түрінің
орындалуын бақылау;
- өзара қаржылық есеп айырысуды жүзеге асыру;
- мердігерлерге жүк вагондарының жөндеуінің жоспарлы түрі бойынша
орындалған жұмыс үшін төлем жүргізуге бастапқы қаржы құжаттарын
қабылдау;
- өндірістік қаржы жоспарларының орындалуына бақылау жүргізу, көлемдік
және сапалы көрсеткіштерін әзірлеу;
- аймақтық филиал қызметін құқықтық негізбен қамтамасыз ету.
Аталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін филиал келесі
қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Жүк вагондарын жөндеу, сонымен қатар: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
Өндірісті ұйымдастыру түрлері
Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Ішкі шаруашылықты ұйымдастыру
Кәсіпорын қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері
Орман шаруашылығының экономикадағы тиімділігі
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау
Ұйымдағы мотивация процессі
Пәндер