Кедендік тасымалдаушының қызметі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1БӨЛІМ. КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛІК ЖҮРГІЗУ САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАНАТЫН ҚЫЗМЕТ
ТҮРЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕР

1. Кедендік әкімшілік жүргізудің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Кеден ісі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .10

2 БӨЛІМ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАНАТЫҢ
ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1. Кедендік тасымалдаушы қызметінің құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ...13
2.2. Кедендік брокерлік қызметінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ..16
2.3. Уақытша сақтау қоймасының қызмет етуін талдау ... ... ... ... ... ... ...25

3 БӨЛІМ. КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАНАТЫН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАННАМАСЫҢ
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмысымның өзектілігі: Қазақстан Республикасының дамуы
шаруашылық байланыс жүйесінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына
кіруі кеден ісі саласында арнайы реформаларды дайындау және сыртқы
экономикалық қызметтерді жетілдіру болып табылады.
Қазақстан Республикасының кеден ісі кеден шекарасы арқылы Қазақстан
Республикасына тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге жағдай жасау, өткізу
тәртібін белгілеу, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды женілдету
тауарларды кедендік режимдерге дұрыс орналастыру, кедендік салықтар мен
алымдарды алу, кеден саласындағы құқық бұзушылықтар мен күресу және кеден
саясатын жүзеге асыру болып табылады. Кеден қызметінің сапалы алға қойған
мақсатының бірі кеден инфраструктурасын құру және қызмет көрсету сапасын
арттыру.
Кеден органы Қазақстан Республикасындағы кеден ісі саласындағы
лицензияланатың қызметтер сыртқы экономикалық байланыстарға бағытталған.
Экспорт және импорт балансы мына екі қызмет түрлерінің сапалы
толтырылуының ережелері ол әр елдің экономикасының қандай дәрежеде
екеніне толық мағұлмат береді.
Қазақстан Республикасының кеден қызметі өзінің дамуының сапалы
жаңа деңгейінде, әрі қарай сәтті қызмет етуі үшін негіз жасауға
бағытталған бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Кеден қызметінің
алдында тұрған тапсырмалар сыртқы экономикалық байланыстардың даму
деңгейінің, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың заңға бағыну
деңгейінің мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету үшін
қажет болып табылды. Кеден қызметінің негізгі тапсырмасы кедендік
тарифтік реттеу шараларының жүруін қамтамсыз ету болып табылады,
сонымен қатар шекара арқылы тауар айналымының жеделдетілуіне жағдай
жасау болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев кеден қызметіне жүктелген тапсырмалардың күрделілігін
есепке ала отырып мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға
бағытталған кедендік бақылау аса маңызға ие. Елдің экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды шешуде маңызды рол
атқарады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл
сайынғы халқына дәстүрлі Жолдауларындағы тапсырмаларын орындау мақсатында
еліміздегі кеден органдары экономикалық қауіпсіздікті сақтау, және
кәсіпкерлік салаға оңтайлы қызмет көрсету бағытында ауқымды істер
тыңдыруда. Еліміздің кеден саласындағы жаңашыл істер Ақтөбе облысы бойынша
Кедендік бақылау департаментінде өз денгейінде қолданылып келеді.
Кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету үшін мемлекет тиімді жолдарға бара
отырып, олардың жұмыстарына көптеген жеңілдіктер жасады. Кәсіпкерлер
мөлдір әрі адал еңбектің пайдалы, сонымен қатар қауіпсіз екенін түсінді.
Кеден саласының мамандарында аталмыш тәртіп арқылы мемлекет пайдасына
өндірілетін кедендік төлемдер мен салықтар ғана емес, белгілі мемлекеттер
арасындағы айқын есептіліктің жүруіне, тауардың кедендік құның төмендету
мәселелерінің жойылуына, жеке тұлғалардың тауарларды кедендік ресімдеуіне
жеңілдік беруі, осы бағыттағы жұмыстар кезінде сыбайластық
көрністерінің болмауына сенім қалыптасуда. Кеден қызметі Қазақстанның
кеден шекарасы арқылы өтетін тауар айналымы мен көлік құралдарына
қадағалаушы және қазынашылық функцияларды атқара отырып, кейінгі жылдары
мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы рөлінің артуына ықпал етіп келеді.
Бұл жерде кеден саласындағы қосалқы кедендік төлемдерді енгізу
кәсіпкерлердің тауарларды кедендік бақылаусыз контрабандалық жолмен
тасымалдауына жол бермеуге бағытталған жалғыз жаңашылдықтар ғана емес.
Бәрінен бұрын кеден саласының басты мақсаты сыртқы экономикалық
қызметке зиян келмейтіндей кедендік бақылау мен өту пункттеріндегі
функциялардың тиімділігін қалыптастыру.
Кеден қызметі-бұл ерекше қызметтің бірі ретінде мемлекеттің
экономикалық қауіпсіздігінің сақталуы мен байланысты ішкі экономикалық
байланыстардың ұлттық экономикалық қызығушылықтың дамуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттің кеден құрылысы тікелей мемлекеттін нарықтағы қызметіне
бағытталған: сыртқы экономикалық қызмет саласында нарықтық жеке қызмет,
кең мағынада қарастырсақ кәсіпкерлік қауымдастық қызмет, нақты тар
мағынада сыртқы экономикалық қызметке қатысушы. Кеден қызметі саласындағы
лицензияланатын қызмет түрлерін одан әрі жетілдіру қажеттілігі кеден
органдары қызметінің сапасы мен тиімділігіне оның халықаралық іскерлік
және сауда операцияларын жүзеге асыру практикасының сәйкестігіне
қойылатын талаптарға негізделген.
Кеден ісі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін жетілдіру
мақсатында Қазақстан Республикасының 2010-2020 жыл аралығындағы
Құқықтық саясат тұжырымдамасында айтылып көрсетілгендей онда кедендік
әкімшілік жүргізуді жетілдіру, одан әрі дамыту және сыртқы
экономикалық қызметке қатысушыларға жағдай жасау.
Кеден ісі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің мәселелерін
зерттеу туандап отыр. Осыған байланысты зерттеу және талдау
жүргіземін, осының нәтижесінде кеден заңнамаларын жетілдіруге өз
ұсыныстарымды қосамын деп ойлаймын.
Дипломдық жұмыстын мақсаты: Қазақстан Республикасының кеден ісі
саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің мәнін ашып талдау және
олардың ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу обьектісі: Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы
лицензияланатын қызмет түрлеріндегі құқықтық қатынастар.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер туындады:
- Кедендік әкімшілік жүргізу саласындағы лицензияланатын қызмет
түрлерін ұйымдастырудың құқықтық негіздерін қарастыру.
- Ақтөбе облысы бойынша кеден ісі саласындағы лицензияланатын
қызмет түрлерінің жұмысын ұйымдастыруды қарастыру.
- Кеден ісі саласындағы лицензияланатын қызметі туралы Қазақстан
Республикасының заннамасың жетілдіру.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізідері: отандық және
шетелдік авторлардың монографиялық материалдарын мерзімімен мөрленген
нормативтік құқықтық актілердің лицензияланатын қызмет саласында
регламенттеу.
Дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының ғалымдарының
жазған еңбектері мен әдебиеттері: Әлібеков С.Т., Абсеметов М., Додобоев
К.Х., Абдурахманов К.Х., Ким А.Г., Досмырза Д. авторлардың әдебиеттері
қолданылды.
Дипломдық жұмысымда Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау
департаменті бойынша 2007, 2008, 2009 жылдар аралығына салыстырмалы анализ
жасалынған.

1-ТАРАУ. КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛІК ЖҮРГІЗУ САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАНАТЫН ҚЫЗМЕТ
ТҮРЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕР

1. Кедендік әкімшілік жүргізудің құқықтық негіздері

Кеңістік Социолистік Республика Одақтарының күйреуі ҚазКСР
Президенті Н.Ә. Назарбаев Республиканың сыртқы экономикалық қызмет
саласындағы дербестігін қамтамасыз ету мақсатымен 1991 жылғы 31
тамызда жарияланған жарлығында 1991 жылғы 1-қазаннан бастап Республика
аумағындағы өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетің қызмет түрлерінің)
бартерлік операцияларды қоса алғандағы экспорт пен импортқа квота
белгілеу және лицензия беру ҚазКСР-нің құзырындағы құқық болып
табылады деп белгіледі. Осы жарлықтан кейін министрлер кәбинетіне 1992
жылдың 1-қаңтарына дейін: мемлекеттік кеден қызметін құру, экспорттық
және импорттық салықтан, кеден алымдары мен баждарынан, жоспардан тыс
кедендік кірістен түсетін түсімдерді бөлу механизмін, сондай-ақ сыртқы
экономикалық байланыстарды қамтамасыз ететін көліктік кестелерді
республикалармен және мемлекеттермен келісуі: шектес шетел
мемлекеттері немесе олардың жекелеген аймақтарымен сауда жасауда екі
рет салық салдырмау үшін шаралар қабылдау тапсырылды. Бұл жарлықтан
бұрын 1991 жылдың 12 желтоқсанында Президенттің 1990 жылғы 25-
қазанында Қазақ Кеңестік Социолистік Республикасының Жоғарғы кеңесі
қабылдаған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға сәйкес Қазақстанның
экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының
Кеден комитетін құру туралы жарлығы шыққан болатын. Егеменді
Қазақстанның кеден комитеті құрамына Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан бұрынғы КСРО кеден органдары берілді және оған ел
аумағында кеден ісін мемлекеттік басқару мен кеден ұйымдарының іс-
әрекеттеріне басшылық жасау функциялары жүктелді. Бір сөзбен
айтқанда, кеден саясатын жүзеге асыру жүктелді. Министрлер Кабинетінің
1992 жылғы 19 тамыздағы № 127 Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік кеден қызметі туралы қаулысымен бекітілген. Қазақстан
Республикасының Кеден комитетінің тұнғыш төрағасы болып 1991 жылы
Тілемісов Нұрлан Хайдуллин ұлы тағайындалды. Сол кездің өзінде-ақ
кеден комитетінің ең маңызды міндеттерінің бірі – кеден саясатының
экономикалық, ұйымдық, құқықтық механизмдерін жасау және оны тәжрибеде
қолдануды ұйымдастыру міндеті айқындалды [1, 77-89 б.].
Кеден саласының қоғамның, мемлекеттің және азаматтың экономикалық
өміріне әсер ету тәсілдерінің көптүрлілігін ескере отырып, кеден
заңдары кешенді түрде қабылданды және ықпал ету аймағы Қазақстан
Республикасының біртұтас кеден аумағы болып табылады. Қазақстан
Республикасының кеден заңдары 1991 жылғы 24- желтоқсанда Кедендік
тариф пен баж туралы заңы қабылданғаннан кейін қалыптаса бастады.
Кеден тарифі тауарлар мен өзге де заттарды Қазақстан
Республикасы кеден аумағына кіргізілгенде немесе Қазақстан
Республикасы кеден аумағынан шығарылғанда қолданылады. Бұл заң
күшінің аумағы Қазақстан Республикасының біртұтас кеден аймағына
жүреді, яғни әкімшілік аймақ бір тұтас кеден аймағы болып
жарияланды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан 2030 ел
президентінің халқына жолдауында біріншіден, Қазақстан егемен
тәуелсіз мемлекет болды, екіншіден, біз кең ауқымды әлеуметтік, саяси
және экономиклық реформаларды жүргізе бастадық. Аталған мақсаттарға
жете қойғанымыз жоқ, дегенмен жекелеген бағыттарда көзге түсер
нәтижелеріміз де бардеген. Дербес мемлекет қалыптастыру үшін құқықтық
базаны түбірімен қайта құру қажет. Жүргізілетін құқықтық реформаның
нәтижелілігіне мемлекттік денгейде мән берілген, бұған дәлел 1993
жылғы 16-маусымдағы Президенттің Қазақстан Республикасының құқықтық
реформаның тиімділігінін арттыру шаралары туралы жарлығы.
Мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын
заңдарды кешенді әрі жүйелі түрде жетілдіруді жүзеге, асырсақ
айтылған мәселелерді шешуге қол жеткізе аламыз. Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламентте айтқан сөзінде еліміздің заң
шығарушы органының бүгінгі күні кодекс түрінде жинақталған, кодталған
кешенді актілер қабылдауға ерекше көңіл аударып отырғанын алға
тартады.
1994 жылғы 9-маусымдағы Жоғарғы Кеңес мәжілісінде Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің шикі заты көп салаларын айқын
көрсетті. Кеден жүйесі мен кеден саласының дамуында кезендік бөлінуі
1995 жылғы 20-шілдедегі Қазақстан Республикасындағы кеден ісі
туралы заңы (бұдан кейін – Кеден ісі туралы заң). Осылайша
Қазақстандағы кеден заңдылығы құрлымы бойынша әр түрлі сипатқа ие
болып, халықаралық кеден құқығы нормаларына, конституциялық, әкімшілік,
қылмыс, қаржы, салық, қылмыстық процесуалдық құқық салаларына сүйенеді.
Кеден заңдылығына кіретін Үкіметтің, Кеден комитетінің, Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілері
қабылдануда. Кеден мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер пайда бола
бастады. Кейбір әкімшілік құқық мәселелерін қарастыратын ғалымдар ;
жаңа институттардың құрылу үрдісінде, мәселен қаржы, банк, кеден,
салық, миниципалды және тағы басқа құқық салалары сияқты әкімшілік
құқықтың нормаларын басқару әдістемелік орталық рөлін атқарып,
олардың нығаюына көмектесіп, кешендік институттар мен жеке құқық
салаларына бөлінуін қолдауда деп көрсетеді [2, 86-100 б.].
Кеден құқығының кешендік болуы Қазақстанның құқық саласына
жаңа материалмен толықтыратын, ерекшелігі бар дербес сала ретінде
қарастыруға болады.
Қазақстан құқығындағы кешенді салалардын пайда болуы
қоғамдық және мемлекекттік өмірдің әр түрлі жүйелерінің қажетті
денгейде дамуымен байланыстыруға болады. В.Н. Протасовтың айтуынша,
мұндай салалардын жоқтығы белгілі салалардың болмауын білдіреді
Кеңес дәуіріндегі заң ғылымы кешендік құқық салалары көптеген
идеялар тастаған болатын. Сонымен Қазақстан Республикасы Президентінің
еліміз егемендігін алғаннан кейінгі қабылдаған алғашқы құжаттарының
бірі 1991 жылғы 12-желтоқсанда жарияланған Қазақстан Республикасының
Кеден комитетін құру туралы жарлығы болды. Комитет Қазақстан
Республикасының Президентінің жанындағы мемлекеттік орган болып
табылады. Бұл жұмыс шын мәнінде нольден басталды деуге болады. 1991
жылы Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының қызметкерлерінің
саны 150-ден сәл ақ асатын. Қазақстан Республикасындағы кеден
жүйесінің қалыптасуы нақты тарихи жағдайларда жүзеге асырылды. Бір
жағынан одақтың күйреуі, ыдырап, экономикалық дағдарысқа ұшырап
жатты. Екінші жағынан республика өзінің егемендігіне ие болып,
мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Бұған дейін республикада Қазақ
республикалық кедені, Хоргос кедені, Гурьев кедені (1989 жылы
құрылған) бар еді. Олар тікелей Кеңестік социолистік одағына ғана
бағынатын [3, 17-20 б.].
Енді Қазақстан Республикасының кеден қызметі алдына
қойылған басты міндеттерінің бірі кеден саясатының экономикалық,
ұйымдық, құқықтық механизмдерін жасап іс жүзінде қолданылуын
қамтамасыз етуі болды.
1992 жылғы 26-қарашада Кеден комитетінің мәртебесін
(статусын) өзгерту туралы шешім қабылданды. Ол енді Қазақстан
Республикасы Кіріс министрлігінің Бас кеден басқармасы болып қайта
құрылды. Ал 1995 жылғы 1-сәуірде бұл басқарма Қазақстан
Республикасының Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы
министрлер кабинетінің жанындағы Кеден комитеті болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы 1997 жылғы қантарда
Республикалық Мемлекеттік кеден комитеті болып құрылып, 1998 жылы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағына берілді, 1999
жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің кеден
комитеті болып қайта құрылды.
Ведомстволық бағыныштылықтың жиі-жиі өзгертілуі, 1995 жылға
дейін осы заманғы заңдық базаның, сапалы әзірленген кадрлар құрамының
болмауы кеден қызметінін проблемаларын шиеленістіріп, тым күрделі
етіп жіберді, оның дамуын тежеді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы туралы
келісімге 1995 жылғы 3-қарашада қол қойылған. Онда 11-мемлекет
(соның ішінде Қазақстан) дүниежүзілік Кеден ұйымының сәйкестендірілген
тауарларға код беру және оларды сипаттау жүйесіне негізделген
келісімде қабылданды. Қазақстан Республикасы Кеден одағына 1995 жылы
20-қаңтарда мүше болды, сөйтіп Белоруссия мен Ресей федерациясының
Кеден одағының барлық міндеттемелерін қабылдады. Оның ішінде уақытша
шек қою да бар. Бұл, мына жағдайда орындалды: ішкі рынокта сол
тауардың тапшылығы; жағдайды тұрақтандырғанға дейінгі өтеу балансының
тапшылығы; отандық тауар өндірушілерге нұқсан келетіндей немесе
зиян келтіру қаупі бар немесе тікелей бәсекелестікке түсетін тауарды
өте көп мөлшерде әкелу [4, 6 б.].
Қазақстан мен Ресей арасындағы экспорт пен импорт соңғы
жылдары белгілі бір қозғалыс үстінде және тұрақтылық қалпын
бұзбауда. 1997 жылы 6-маусымда Қазақстан Үкіметінің № 932 қаулысымен
Қазақстан кеден органдарының айырым белгілері мен жалауының
сипаттамасы және қолданылу тәртібі бекітілді. Қазақстан Республикасының
кеден органдарының эмблемасы 8-қырлы алтын жұлдыз болып табылады.
Оның ортасындағы аспан түстес көгілдір фонда шанырақ белгіленген.
Жұлдыздың ішкі жағында шаңырақтың үстінде ақ әріптермен Кеден деп,
ал астына –Customs деп жазылған. Сегіз қырлы жұлдыз біздің планетамызды
бейнелейді. Бұл белгі сонау көне замаңнан жеткен болатын және
көшпенділерде дүниені, яғни дүниенің төрт құбылысындағы сегіз бұрышты
бейнелеу үшін қолданылып келеді. Эмблеманың орталық негізгі элементі -
шаңырақ-киіз үйдің дөңгелектеніп барып бітетін ең биік төбесі.
Шаңырақ қазақтар үшін отбасының туып-өскен үйдің, жер бетіндегі
бейбіт өмір мен тыңыштықтың қасиетті белгісі. Бұл эмблемада да
біздің туған отанымызды Қазақстан Республикасын бейнелейді. Ал кеден
органдары өз отанымыздың мүдделерін қорғауды көздейді. Эмблема кеден
қызметкерлерінің арнаулы формалық киіміне тағылатын айырым белгісі.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы жоғары
жағы көгілдір түсті,ал төменгі жағы жасыл түсті төртбұрышты мата
болып табылады. Бұл түстердің ара қатынасы 50:50 пропорциясын
құрайды. Жалаудың еңі мен ұзыңдығының арақатынасы - 1: 1,5. Көгілдір
түс Қазақстан Республикасы туының түсі, геральдика тілінде көгілдір
түс адалдықты, тазалықты және шың берілгендікті білдіреді. Жасыл түс
мемлекеттін шекаралардың халықаралық белгісі, ортадағы ақ шеңбердің
ішінде эмблема бар. Ақ түс тәуелсіздік белгісі.
1993 жылы кеден қызметкерінің арнаулы формалық киімі киіп
жүруінің ережесі бекітілді. Ол ереже әлі күнге дейін күшінде. Қазір
Қазақстан Республикасының аумағында республикалық кеден комитеті, 16-
кеден департаменті, 11-дербес кеден оның ішінде орталық энергетикалық
кеден мен Ақпараттық-статистикалық кедендер бар, 149-кеден бекеті
бар. Бұлардың барлығы топтаса келіп, кеден органдарының біртұтас
жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының Президентінің № 931
жарлығымен 28.08.2002 жылы Қазақстан Республикасының кіріс министрлігі
құрамындағы кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының
Президентіне бағынатын кедендік бақылау агенттігі болып құрылды.
Қазіргі танда кеден комитеті Қаржы министрлігі құрамына кіретін
кедендік бақылау комитеті болып келеді. Қазақстан 1992 жылғы
маусымнан бастап
Бүкілдүниежүзілік кеден ұйымының мүшесі болып табылады. Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12-мамырдағы жарлығымен біздің
мемлекетіміз Халықаралық жүк тасымалы жөніндегі кеден конвенциясына
қосылды. Бұл ретте 1975 жылғы 14-қарашада қабылданған Халықаралық
жүк тасымалы туралы келісім-шарт кітапшасын пайдаланады.
Қазақстан кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте ықпалдасу
саласында басшылыққа алып келе жатқан негізгі құжаттар мыналар:
-Тауелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғысы (ТМД-ның 12 мемлекеті,
1993 жылы):
-Экономикалық одақ құру жөніндегі келісім-шарт (ТМД-ның 12
мемлекеті, 1993 жылы):
-Кеден одағын құру жөніндегі келісім (1995 жылғы 6-қаңтар Ресей
мен Беларус: 1995 жылғы 20-қаңтар Қазақстан: 1996 жылғы 29-наурыз
Қырғызстан: 1998 жылдың бас кезі –Тәжікстан).
-Кеден одағы және біріңғай экономикалық кеңістік туралы
келісім-шарт (1999 жылғы 26-ақпан- Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей,
Тәжікстан).
-Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықты құру туралы келісім-шарт

(2000 жылғы 10-қазан Беларус, Қазақстан, Ресей).
Қауымдастықтың экономикалық саясат, әлеуметтік-гуманитарлық,
құқықтық ыңтымақтастық жасау шараларында да көздеген мақсаты мен
алға қойған міндеттер Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың Еуразияляқ Экономикалық Қауымдастықтың
мемлекетаралық кеңесінің 2001 жылғы қыркүйекте Алматыда болып өткен
мәжілісінде сөйлеген сөзінде жасаған ұсыныстары арқылы одан әрі егжей-
тегжейлі нақтыланып, айқындала түсті [5, 3 б.].

1.2. Кеден іс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің
жалпы
сипаттамасы

Кеден ісі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін
нарықта әртүрлі коммерциялық фирмалар, мен ұйымдар жүзеге асырады.
Қызмет көрсетудің алғашқы мақсаты тапсырыс беруші клиенттерге
экспорттық және импорттық операцияларды жүргізуде көмектесу болып
табылады.
Кеден қызметі-бұл ерекше қызметтің түрі ретінде
мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінін сақталуы мен байланысты
экономикалық байланыстардың ұлттық экономикалық қызығушылықтың дамуын
қамтамасыз ету. Мемлекеттің кеден құрылысы тікелей мемлекеттін қызмет
нарығына бағытталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11-қаңтардағы №214
заңы Лицензиялау туралы бұл заңда осы кеден ісі саласындағы
лицензияланатын қызмет түрлерін ұйымдастырудың құқықтық негіздері
айқын көрсетілген. Осы лицензиялау туралы занның 35- бабында кеден
ісі саласындағы қызметті лицензиялаудың түрлері көрсетілген. Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жекелеген кедендік режимдер
шеңберінде жүзеге асырылатын қызметпен және кедендік қызметтер
көрсету жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап
етіледі.
Қызметтің бұл түрі мынадай ішкі қызмет түрлерін қамтиды:
-Кедендік қойманың кедендік режимі шеңберіндегі қызмет;
-Кедендік тасымалдаушының қызметі;
-Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасының
қызметі;
-Кеден делдалының қызметі.
Осы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауға байланысыты
қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасының Конституциясына
негізделеді және осы заң мен Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егерде Қазақстан
Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта осы заңда
көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады [6, 3 б.].
Кедендік іс әрекетті лицензиялау сыртқы экономикалық
байланыстарға қатысты. Экспорт пен импорттың тепе-теңдігі, іс
әрекеттің осы екі түрін сапалы толтыру, дұрысында, кез-келген елдің
экономикасындағы жағдай туралы толық ақпарат береді. Әкелінген
тауарлардың (яғни импорт) және шығарылатын тауарлардың (яғни экспорт)
талдауы елдің өндірістік базасын дамытудың денгейі туралы және оның
экономикасының даму денгейі туралы мағұлмат береді. Кез-келген
мемлекет ұлттың ұлттық экономикасын, экологиясын, көтеру үшін экспорттық-
импорттық операцияларды реттейді, бұл кезде нарықта өзінің ойын
ережесін бекітеді. Осы кезендегі экономикалық даму және Қазақстан
Республикасының біртіндеп шаруашылық аралық байланыстар жүйесіне
кіруі, Дүниежүзілік сауда ұйымына аяқ басуына дайындық кедендік
қызметтің белгілі бір реформаларын жүргізуде және шаруашылық
субьектілердің сыртқы экономикалық іс-әрекетін жүргізуді талап етеді.

Кеден ісі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қысқаша
тоқталып кетейік. Олар уақытша сақтау қоймасы, кеден делдалы (брокер),
кеден тасымалдаушысы.
Қойма-бұл құрылысы әртүрлі құрастырылған ғимарат, тауарларды
қабылдауға арналған, сақтауға және орналастыруға, немесе келіп түскен
тауарларды тұтынушыларға дайындап және тұтынушыларға жіберетін орын.
Кеден қоймасы-тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды
қоспағанда, әкелінген тауарларды кедендік баждар, салықтар алмай және
тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кеден қоймасы мәртебесі бар
арнайы үй-жайларда немесе орындарда кедендік бақылауда сақтауға арналған
кедендік режим [7, 4 б.].
Еркін қойма - бұл тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды
қоспағанда, шетелдік және қазақстандық тауарлар еркін қойма ретінде
танылған тиісті үй-жайларда (орындарда) кедендік баждар, салықтар
алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданбастан орналасатын және
пайдаланылатын кедендік режим.
Уақытша сақтау - әкелінген тауарлар белгілі бір кедендік режимге
сәйкес межелі кеден органына табыс етілген кезден бастап олар шығарылғанға
дейін не осы Кодексте белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне
айналдырылғанға дейін, не тауар мен көлік құралы кеден ісі саласындағы
қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай
дәлелдеме болып табылған жағдайда, кедендік бақылауда сақталатын
кедендік рәсім.
Уақытша сақтау қоймасы - бұл кедендік бақылауда тұрған
тауарлар мен көлік құралдарын сақтау үшін арналған арнайы бөлінген
және жабдықталған орын және ашық алан. Уақытша сақтау қоймасы және
оған қатысты аумақ кедендік бақылаудың зонасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, кеден брокері
ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның лицензиясын
алған заңды тұлға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан
Республикасында тіркелген дара кәсіпкер кеден брокері бола алады.
Кедендік тасымалдаушы меншік құқығымен немесе өзге де заңды
негіздерде көлік құралдарын иеленуші, ақы алып немесе жалдану арқылы
тауарларды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін, тиісті уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілген тиісті лицензиясы бар және
қызметін кедендік тасымалдаушы ретінде жүзеге асыруға уәкілетті органның
лицензиясын алған қазақстандық тұлға кедендік тасымалдаушы бола
алады [8, 7 б.].

2-ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАНАТЫН
ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1. Кедендік тасымалдаушы қызметінің құқықтық мәртебесі

Кедендік тасымалдаушы меншік құқығымен немесе өзге де заңды
негіздерде көлік құралдарын иеленуші, ақы алып немесе жалдану
арқылы тауарларды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін, тиісті
уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілген тиісті
лицензиясы бар және қызметін кедендік тасымалдаушы ретінде жүзеге
асыруға кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның
лицензиясын алған Қазақстандық тұлға кедендік тасымалдаушы бола
алады.
Кедендік тасымалдаушының негізгі қызметі осы кеден ісі
саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғалардың
тауарларын, жүктерін және кедендік бақылаудағы тауарларды осы кеден
кодексіндегі нормаларды сақтай отырып тасымалдау болып табылады.
Кедендік тасымалдаушы мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушы,
тауарларды өткізуші тұлғалар арасындағы қатынастар шартпен реттеледі
[9, 9-23 б.].
Кедендік тасымалдаушының қызметіне қойылатын біліктілік
талаптар:
1) кедендік тасымалдаушы қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаның
немесе заңды тұлғанын осы қызметті жүзеге асыру туралы уәкілетті
мемлекеттік орган берген арнайы лицензиясы болуға тиіс;
2) кедендік тасымалдаушы қызмет түрін жүзеге асырар алдында жеке
және заңды тұлға лицензия алар алдында Кеден кодексінің 43-
тарауында көзделген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген он мың еселенген
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сомаға кедендік төлемдер және
салықтар төлеуді қамтамасыз етуі қажет;
3) кеден кодексінде көрсетілген 81-бабында белгіленген талаптарға
сәйкес жабдықталған көлік құралдары болуға тиіс;
4) кедендік бақылаудағы тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуді
және олар бойынша есептілікті қамтамасыз ету;
5) әрбір көлік құралдарында оның орнын сигнал беру арқылы анықтауға

мүмкіндік беретін техникалық жабдық болуға тиіс;
Кедендік тасымалдаушының міндеттері:
Кедендік тасымалдаушы қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға немесе
заңды тұлға мынадай міндеттерді орындауға тиіс:
1) кеден кодексінде көрсетілген шарттар мен талаптарды сақтауға;
2) кедендік бақылаудағы тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге
және мұндай тауарларды тасымалдау туралы кеден органдарына есеп
беруге;
3) кедендік бақылаудағы тауарлармен бірге бір мезгілде өзге де
тауарларды тасымалдамауға;
4) тасымалданатын тауарлар мен оларға арналған құжаттарды межелі
кеден органына көрсетуге және тауарларды кедендік бақылау
аймағына орналастыруға тиіс;
5) кеден кодексінде 81-бабына сәйкес көлік құралдарын тиісті
техникалық жағдайда ұстауға және олардың кеден бақылауындағы
тауарларды тасымалдауға арналған көлік құралдарын жабдықтауға
қойылатын талаптарға сай келуін қамтамасыз етуге тиіс;
6) тауарлар мен оларға арналған құжаттарды жеткізудің жөнелтуші
кеден органы белгілеген мерзімі мен жүру маршрутын сақтауы
керек;
7) тауарлар мен оларға арналған құжаттарды жеткізудің жөнелтуші
кеден органы белгілеген мерзімі мен жүру маршрутын сақтауға;
8) тасымалдаудың және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи
тозу мен табиғи кему салдарынан болатын өзгерістерді
қоспағанда, тауарлар мен көлік құралдарын өзгермеген күйінде,
қандай да болсын өзге мақсаттарға пайдаланбай жеткізуге;
9) тауарларды жеткізгеннен кейін оларды межелі кеден органының
рұқсатынсыз қараусыз қалдырмауға, тауарлардың бастапқы тұрған
жерін өзгертпеуге, ораманы ашпауға, тауарларды орамауға және
қайта орамауға, сондай-ақ кедендік бірдейлендіру құралдарын
өзгертпеуге, алып тастамауға және жоймауға;
10) тауарлар жоғалған не олар кеден органдарының рұқсатынсыз басқа
тұлғаларға берілген жағдайда кедендік төлемдерді және салықтарды
төлеуге;
11) кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі тоқтатылған жағдайда
лицензияны он бес жұмыс күні ішінде кеден ісі мәселелері
жөніндегі уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
Кедендік тасымалдаушы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға
немесе ұйым келесідей тауарларға жауапты болады:
- тауарлар жоғалған не олар кеден органының рұқсатынсыз берілген
жағдайда, кедендік тасымалдаушы кедендік төлемдерді және салықтарды
төлеу бойынша жауапты болады [10, 39-50 б.].
- тауарлар көлік құралдары және оларға арналған құжаттар межелі
кеден органына жеткізілмеген жағдайда, кедендік тасымалдаушы Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Кедендік
тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тасымалданатын тауарлардың есебін
жүргізеді және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
белгілеген тәртіппен олар бойынша есептілікті табыс етіп отырады.
Қызметін кедендік тасымалдаушы ретінде жүзеге асыруға лицензия алу
үшін мынадай құжаттарды жинауы қажет: заңды тұлғаның белгіленген
нысан бойынша өтініш жазуы, тіркеу құжаттарының нотариаттық
куәландырылған көшірмелері, осы лицензия алу үшін алым төленгендігін
растайтын құжаттары, осы кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға
сәйкес қызмет аймағында өтініш беруші тіркелген кеден органының
қорытындысы болуы қажет. Келіп түскен өтінішті кеден ісі мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган ол тіркелген күннен бастап он жұмыс күні
ішінде қарайды. Тауарларды тасымалдауға арналған лицензияның
қолданылуы тоқтатылған жағдайда, немесе қайтарып алынғанда, тиісті
уәкілетті мемлекеттік органға бұл туралы күнтізбелік он күннен
аспайтын мерзімде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға
хабардар етуі тиіс. Кеден органдары кедендік тасымалдаушылардың
тізілімін жүргізеді және оны баспасөз басылымдарында жариялауды жүзеге
асырады. Кеден органдары мынадай жағдайларда кедендік тасымалдаушы
қызметінің жұмысын тоқтата алады; кедендік тасымалдаушы ретіндегі
қызметті уақытша тоқтата тұру туралы заңды тұлғаның өтініші
негізінде,кедендік тасымалдаушы осы Кодекстің 65-бабында көзделген өз
міндеттерін орындамаған жағдайда, осы тасымалдаушы тіркелген кеден
органының қортындысы негізінде, алты айға дейінгі мерзімге кеден
органы тоқтата тұруы мүмкін. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде
заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге
асыруға құқығы жоқ. Осы лицензияны тоқтата тұру кедендік тасымалдаушы
ретіндегі қызметті тоқтата тұру туралы бұйрық қабылданған күннен
бастап қолданылады. Кеден тасымалдаушының лицензиясының тоқтатыла
тұруына негіз болған себептер жойылғаннан кейін кеден ісі мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган басшысының тиісті бұйрығымен жаңғыртылады.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кедендік тасымалдаушы
ретіндегі қызметті жүзеге асыруға алынған лицензияны мынадай
жағдайларда қайтарып алады: тауарларды тасымалдауға тиісті уәкілетті
мемлекеттік орган берген лицензия қайтарып алынған жағдайда, кедендік
тасымалдаушы табыс еткен дұрыс емес мәліметтер берілген жағдайда,
осы Кодексте көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, кеден
органдары лицензияны қайтарып алады. Лицензияны қайтарып алу туралы
шешім кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының
осындай шешімді негіздеп берген бұйрығымен ресімделеді [11,б.]. Шағын
кәсіпкерлік субьектісі болып табылатын кедендік тасымалдаушы
ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны қайтарып алу
соттың шешімі бойынша жүргізіледі. Кедендік тасымалдаушы ретіндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын мүлдем тоқтату:
тауарларды тасымалдауға тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген
лицензияны қайтарып алғанда, кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензия кері қайтарып алынғанда, кедендік
тасымалдаушы қызметін тоқтататыны туралы өтініш бергенде, заңды тұлға
болып табылатын кедендік тасымалдаушы қайта ұйымдастырылғанда немесе
таратылғанда тоқтатылады. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған
жағдайда,тұлға он бес жұмыс күні ішінде кедендік бақылаумен
тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізетін кеден органына өзі
кедендік тасымалдаушы ретінде орындаған тапсырмалар туралы есеп
беруге міндетті. Лицензияның қолданылуын тоқтату кедендік тасымалдаушы
ретіндегі қызметті тоқтату себептері көрсетіле отырып, кеден ісі
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен
ресімделеді [12, 139-148 б.].

2.2 Кедендік брокерлік қызметінің жалпы сипаттамасы

Кеден брокері – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
құрылған, кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына
кеден іс мәселелері жөніндегі уәкілетті органның лицензиясын алған
заңды тұлға кеден брокері бола алады. Кеден брокерін өз қызметін
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады [13].
Кедендік брокерлік қызметтің қалыптасуы: Кеден брокері түсінігі
халқаралық көптеген сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысушыларға
100 жылдан астам уақыттан бері мәлім. Дүниежүзілік көптеген
мемлекеттерінде тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу,
кеден брокерлерінің қатысуымен жүргізіледі. Барлық елдерде кеденге
деген қатынас қиын болған, бұны сырқы экономикалық іс-әрекет
қатысушылары да күнсайын кеденмен бетпе-бет кездесетін көлікшілер де
мақұлдайды. Бұл жағдайды түзету үшін Европада XIX – ғасырдың
басында сырқы экономикалық іс-әрекетке қатысушылармен кеден қатынасын
жеңілдету мақсатын алға қойған құрылымды құру шешімі қабылданды.
Ресейде кеден брокері туралы ештеңе естілмеген кезде, Германияда ол
көлік процесінің басты фигурасы болып, оның табысы жүк өңдеу
бойынша қызметтің барлық құнының 70% - пайызын құрады және тек 30%
-ы көлікке берілген.
Қазақстандық кеден брокерлерінің тарихы ұзақ емес және ол
мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-әрекетін тиімді басқаруды
қамтамасыз ету мақсатында басталды. Сыртқы экономикалық іс-әрекетті
мемлекеттік реттеудің жүйесі енгізілді, ол мынадай қызметтерді
қарастырады:
- сыртқы экономикалық байланыстырға қатысушыларды тіркеу;
- мемлекеттік шекара арқылы әкелінетін тауарлар мен көлік
құралдарын декларациялау.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу
процедурасына мемлекеттік шекарадан өтетін декларациялау түсінігі
енді, кеден органдарына жүк кеден декларациясын (ЖКД) ұсыну арқылы
жүзеге асырылады және біріңғай әкімшілік құжатқа толығымен сәйкес
болуы қажет. ЖКД-ны енгізумен бірге біздің елімізде кедендік бақылау
процедурасына жаңа институты–кедендік брокер қалыптасуы үшін
ұсыныстар жасалды.
Енгізілетін және шығарылатын жүктерді декларциялау бойынша іс-
әрекеттің кәсіптік деңгейінде жүзеге асыратын ұйымның пайда болуына
ұсынымның жүруі келесі себептер бойынша пайда болды:
- Біріншіден, дәл осы кезде мемлекет сыртқы сауда іс-әрекеті
саласында монополиядан бас тартып, жеке кәсіпкерлік құрылымдарға сыртқы
нарыққа шығуға еркін, өз бетінше шығуға рұқсат берілген.
- Екіншіден, кеден органдарының қызметіне кедендік рәсімдеу мен
бақылаудың жана тәсілдері мен әдістері белсенді енгізіле бастады, бұл
кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізетін тұлғалардан арнайы білімді
талап етті.
Бұндай фирмалардың арасында мемлекеттікте, жеке, мемлекеттік
экспедиторлық компаниялардан шыққан фирмалар бар.
Кедендік органдарға қатынасы бойынша брокерлер декларанттар
ретінде берілген мәліметтерге жүзпайыздық кепіл беріледі. Брокер
институты кеден арқашанда нақты ұйым болып және соған
келіспеушіліктерінізді білдіріп, мәселелерді білдіріп, мәселелерді шешуге
арналған. Алғашында жүктерді декларациялау бойынша қызметтер жаңа
қазақ кәсіпкерлерімен, яғни арнайы экпортерлармен ұсынылған. Олар
сыртқы экономикалық қызметпен кеңістік мемлекеттік сыртқы сауда
монополисі кезінде айналысқан, сондықтан да трансшекаралық сауда
мәселелерінде білім мен тәжірибесі мол. Олардың қызметінің құқықтық
негізі ретінде КСРО-ның шекарасынан өтетін тауарлармен көлік
құралдарын өткізу мен декларациялау тәртібі туралы Ереже болып
табылады [14, 18-23 б.].
Кеден брокері – кедендік брокер ретінде қызметін жүзеге асыруға
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау комитетінен лицензия алған
және заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес құрылған коммерциялық ұйым. Қазіргі таңда Қазақстанда жүзеге
асырылып тұрған терең әлеуметтік – экономикалық қалыптасулар сырқы
экономикалық қызметке жаңа көз қарастарды, оның либералдануы мен әрі
қарай прогрессивті өзгерісін шарттаған емес, сонымен қатар кеден
ісі саласында мемлекеттік құқықтық бірлестік пен реттеу мәселесіне
мемлекеттің сапалы жаңа қатынасы орын алды. Кеден ісі саласында
әлемнің көптеген мемлекеттерімен жан-жақты халықаралық құқықтық
бірлестікке бірте-бірте көшу жүзеге асырылуда.
Әлемдік экономиканың интеграциясы жағдайында халықаралық
кедендік бірлестігі әлемдегі елдердің сыртқы экономикалық
байланысының дамуын белсендіруде. Қазақстанда кеден брокері кеден
органдары мен сыртқы экономикалық байланысқа қатысушылардың
өзарақатынасын мәдениетті,қарапайым, сонымен бірге мөлдір етіп жасау
мақсаты болған. Брокер өзінің қызмет саласын нақты тауарлар мен
көліктер түрлерімен шектеуі мүмкін. Кедендік брокер ретінде қызметін
жүзеге асыруға алған лицензия тікелей Қазақстан Республикасының
Кедендік Бақылау Комитетінен алынады. Кедендік брокер өз қалауынша өз
қызметін бір кеден аумағында, сонымен қатар басқа да бір аумақтың
басқаруға бағынышты жерде жүргізе алады, сонымен бірге Қазақстан
Республикасының барлық аумағында. Соған байланысты, Қазақстанда
кедендік брокерліктің пайда болуы мемлекеттің әрі–қарай
интеграциялануына, сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына,сонымен
қатар кеден органдары мен сыртқы экономикалық байланыстарға
қатысушылармен әрекетін жеңілдетуге, кедендік ісі саласындағы құқық
бұзушылықтарды азайту және төмендетуге қажетті қадам болып табылады
[15, 143-149 б.].
Кеден брокерінің институтының қалыптасуы мен дамуы. Елдің
кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарын
кедендік рәсімдеу кезінде делдалдар институтын қалыптастыру Кеңес
Одағында 80-жылдардың аяғында алғашқы өндірістік және саудалық жеке
кәсіпорындар болып сыртқы сауда либералдануы кезінде басталды.
Еліміздің Жоғарғы оқу орындары бұған дейін де сыртқы сауда
саласында мамандарды дайындады. Алайда Қазақстан Республикасы шекарасы
арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу
бойынша мамандарды арнайы дайарлау 1994 жылдан бастап халықаралық
бизнес мектебінің бағдарлама базасынан аяқ алды. Қазақстан
Республикасының Кеден кодексін қабылдаумен қатар кедендік брокерлер
мен кедендік рәсімдеу бойынша мамандардың қызметін реттейтін
нармативтік актілерді жасау, кеден брокерлерінің қызметін лицензиялау
тәртібі, кедендік рәсімдеу бойынша мамандарды квалификациялауға ең
төмен талаптар және квалификациялауға аттестаттарды беру тәртібі,
кеден брокерлерінің кедендік органдарымен өзара әрекеттесу тәртібі,
кеден брокерлерінің кедендік органдармен өзара әрекеттесу тәртібі
және бақылаудан басталады. 1988 жы лға дейін кедендік делдалдар
декларанттар болып аталды, өз іс-әрекетін келісімшарт негізінде іс-
әрекет етіп арнайы куәлікпен қызмет жасады. Бұл кезде кедендік
рәсімдеу бойынша мамандарды дайындау басталса да, мамандар штатына
осы сұраныс болған жоқ. Әрине бұдан кейін де қызмет көрсетудің
болашақта нарыққа енуіне мүмкіндік болмаған кезінде жаңа делдал
ұйымдар құрыла бастады. Алайда жаңа декларанттарға куәліктерді беру
шектеулі болды және тек Кеден бақылау комитетінің арнайы үкіметімен
аумақтың кеден органының ұсынысы бойыншағана беріледі. Кедендік
шекарадан өтетін тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау бойынша
қызмет көрсетуде барынша тәжрибесі бар ұйымдар арасында келісім
кедендік органдар алдында өз мүдделерін орталықтандырылған түрде
көрсетеді, кадрларды дайындау және қайта дайындау мәселелерін
шешеді,кедендік органдар өз жағынан олардың қызметін бақылап
ұйымдастырады. Қысқаша айтқанда сыртқы экономиклық қызметке қатысушылар
үшін жағымды жағдайлар жасауға көмектеседі. 1997 жылы кеден
брокерлерінің Ұлттық Ассоциациясына декларанттарды біріктіру
мүмкіндігі тұрды [16, 24-34 б.].
Кеден брокері заңды тұлға болып құрылған Қазақстан
Республикасының заңдылығына сәйкес құрылған кез-келген коммерциялық
ұйым болып табылады. Сонымен бірге бұл ұйым тек кеден брокерінің
қызметінғана атқару үшін емес, сонымен қатар Қазақстан
Республикасының заңдылығында тыйым салынбаған барлық қызмет түрлерін
жүзеге асыру үшін құрылған. Басқа жағынан алып қарағанда бекітілген
нормаларға сәйкес жеке тұлғалар, сонымен қатар кәсіпкерлер ретінде
тіркелген білімі жоқ заңды тұлғалар, кез-келген ұйымдық- құқықтық
формадағы коммерциялық емес ұйымдар кедендік брокер қызметін атқара
алмайды. Мемлекеттік кәсіпорындар да кеден брокері бола алмайды.
Алайда кеден брокері болу үшін, коммерциялық ұйым болу жеткіліксіз
және өзінің кедендік брокер қызметін атқару туралы ынтасын білдіру
жеткіліксіз. Кеден брокері қызметін Қазақстан Републикасының Қаржы
министрлігі Кедендік бақылау комитетінең лицензия алған заңды тұлға
болады. Кеден брокерінің қызметін терен түсінбестен бұрын, кеден
брокерінің тауарлар мен көлік құралдарын әкелу және шығару бойынша
кедендік рәсімдеудің орнын анықтап алайық. Қазақстан Республикасы
кеден аумағына тауарлар мен көлік құралдарын кіргізу кезінде,
сонымен қатар тауарлар мен көлік құралдарын еркін кеден зонасынан
және бос қоймалардан шығару кезінде тасымалдаушы Қазақстанның кеден
органына кеден шекарасынан өтетіні туралы айтады. Бұл сатыда кедендік
ресімдеу басталады.Қазақстан кедендік шекарасынан өту туралы
хабарлама бергеннен кейін тасымалдаушы тауарлар мен көлік құралдарын
және құжаттарды еш өзгеріссіз кедендік орган белгілеген органға
бекітілген бағытпен жеткізуі қажет. Жеткізу орны кеден органымен
анықталады.
Кеден брокерінің қызметі өз атынан кедендік рәсімдеу, алдын ала
операциялар мен өкілдік беруші тұлғаның есебінен және оның
тапсыруы бойынша басқа да кеден ісі саласындағы делдалдық
функцияларды орындау жөніндегі іс-әрекеттерді жасаудан тұрады. Кеден
брокерінің функциясы; тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау,
кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен қосымша
мәліметтер ұсынуы, кеден органына декларацияланатын тауарлар мен
кедендік мақсаттар үшін қажетті көлік құралдарын көрсету, Қазақстан
Республикасының кеден және салық заңдарында деклрацияланатын тауарлар
мен көлік құралдарына қатысты көзделген кедендік төлемдердің және
салықтардың төленуін қамтамасыз ету, декларацияланатын тауарлар мен
көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлға ретінде кедендік
рәсімдеу мен кедендік бақылау үшін қажетті іс-әрекеттер жасау
кіреді. Көрсетілген функцияларды кеден брокері жиынтықты түрде ғана
орындауға құқылы. Кеден брокерінің көрсетілген функцияларды не
операцияларды бір функцияның шегіндегі ішінара орындауына жол
берілмейді. Кедендік брокерінің өкілдік беруші тұлғамен өзара қарым-
қатынасы осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң
актілеріне сәйкес жазбаша шарт негізінде құрылады. Өкілдік беруші
тұлға кеден брокеріне осы баптың 2-тармағында көрсетілген кеден ісі
саласындағы функцияларды тек жиынтықты түрде ғана орындауға тапсырма
бере алады. Кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасында
кедендік рәсімдеу жөніндегі іс-әрекеттерді жүргізу кезінде жасалған
шартты өзгерту немесе бұзу кеден брокерін жауапкершіліктен
босатпайды. Кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғанын арасындағы
даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі [17, 39-50
б.].
Әкелінген тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеудің
ақырғы сатысы тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтерді
бекітілген форма бойынша арыз беру арқылы кеден органдарының
оларды декларциялау болып табылады. Қазақстан Республикасының кедендік
аумағынан тауарлар мен көлік құралдарын шығару кезінде тауарлар
мен көлік құралдарын тасымалдаушы тұлға Қазақстан Республикасының
кеден органына осы тауарлар мен көлік құралдарын шығаратыны туралы
хабарлайды. Кеден органы бұндай хабарламаны тіркеп тауарлар мен
көлік көлік құралдарын қайда, қашан және қай жерге аппаратыны
туралы, әрі қарай кедендік ресімдеуден өткізу туралы бекітеді.
Кеден брокері мен Қазақстан Республикасы шекарасы арқылы
өтетін тауарлар мен көлік құралдарының иесі арасындағы бөлек
келісім-шарт негізінде кеден брокері:
- тауарлар мен көлік құралдары туралы нақты мәліметтерді
(жазбаша,электрондық түрде және т.б.) Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау комитеті бекіткен форма бойынша арыз береді.
- Тауарлар мен көлік құралдары қатынасында кеден режимін
көрсетеді, яғни оларды тасымалдаушы тұлға Қазақстан Республикасы
аумағына немесе одан алып шығарған кезде оларды қолдану
туралы;
- Кеден брокері арқылы декларцияланатын тауарлар мен көлік
құралдарына ветеринарлық, фитосанитарлық, т.б. мемлекеттік билік
органдары өткізетін мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асырады.
- Төленетін кеден алымдары мен салықтарды есептейді.
- Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау комитеті бекіткен
декларцияланатын тауарлар мен көлік құралдарының кедендік
төлемдер мен салықтарды мерзімге сәйкес төлейді [18, 7 б.].
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін
тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеу жүргізу кезінде
кеден брокері бүкіл міндеттерді орындауға, жауапкершілікте болады:
- Декларцияланатын тауарлар мен көлік құралдарын және тұлғаларды
тексеруге;
- Кедендік мақсаттарға қажет құжаттар мен мәліметтерді тексеруге;
- Қазақстан Республикасының заңына қарама қайшылық болмайтын
формада жүзеге асыруға, кеден төлемдерін уақытылы және толық
толеу мониторингін жүргізуге;
- Декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарының есебін
жүргізуге міндетті болып табылады.
Кеден брокері оған кеден органдарымен өзара қарым-қатынаста өз
мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген тұлғамен бірдей құқықтарға
ие және сондай міндеттерді атқарады. Өз қызметін жүзеге асыру
кезінде кеден брокері: тауарлар мен көлік құралдарын кедендік
ресімдеу кезінде, кеден органдарының лауазымды адамдары тауарларды
кедендік ресімдеу мақсатында осы тауарлардың сынамалары мен
үлгілерін іріктеп алуы кезінде қатысуға, кеден органының рұқсатымен
және кеден органы лауазымды адамының қатысуымен кедендік рәсімдеу
процесі басталғанға дейін және оның барысында тауарлар мен көлік
құралдарын тексеруді жүргізуге, оларды өлшеуге және мөлшерін
анықтауға, содай-ақ тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп
алуға құқылы. Егер көрсетілген операциялар кедендік ресімдеу
басталғанға дейін жасалса, Қазақстан Республикасының аумағынан
әкетілетін тауарларға қатысты мұндай рұқсат талап етілмейді,
тауарлардың іріктеп алынған сынамалары мен үлгілеріне кеден органы
жүргізген зерттеулердің (сараптамалардың) нәтижелерімен танысуға,
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қаражаты есебінен
немесе өкілдік беруіші тұлғаның қаражаты есебінен тауарлардың
іріктеп алынған сынамалары мен үлгілеріне зерттеу жүргізуге не
осындай зерттеудің жүргізілуін қамтамасыз етуге,кеден оранының
келісімімен кедендік бақылау аймағына кіруге құқылы өз
қызметкерлерінің тізімін бекітуге және кедендік рәсімдеу жөніндегі
операцияларды жасау үшін қажетті мүлікті жалдау (жалға алу) шарты
жағдайындағы үй-жайларының болуына, осы Кодекске сәйкес кеден
органдарынан кеден мәселелері жөнінде ақпарат және консультациялар
алуға, осы Кеден кодексінің 26-бабында көзделген жағдайларды
қоспағанда, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен, кедендік мақсаттар үшін қажетті ақпараттарды
автоматтандырылған өңдеу, деректерді электрондық жолмен беру үшін
пайдаланатын кеден органдарының ақпараттық желілеріне қол жеткізуге,
өкілдік беруші тұлғадан кедендік мақсаттар үшін қажетті, оның
ішінде құпия болып табылатын ақпараты бар құжаттар мен мәліметтерді
талап етуге және осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын
қамтамасыз мерзімдерде осындай құжаттар мен мәліметтерді алуға, алдын
ала операциялар, өзге де кедендік рәсімдер мен кедендік режимдер
кезінде кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз
ету бөлігінде өкілдік беруші тұлға үшін кеден органдарының алдында
кепілгер немесе төлеуші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарифтік емес реттеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жетілдірудің негізгі шаралары
Халықаралық көлік - экспедициялық қызметтің құқықтық негіздері
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Транзиттік тауарларды тасымалдау тәртібі
Кедендiк шекара арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өту принципi
Транспорттық-экспедиторлық қызметті ұйымдастыру
Кедендік инфрақұрылым ұғымы
Жүкті тасымалдауға қабылдау
Халықаралық теңіз тасымалы
Пәндер