Коммерциялық емес ұйымдар заңды тұлғалар ретінде


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 4

Негізгі бөлім:

Коммерциялық емес ұйымдар заңды тұлғалар ретінде

1. Коммерциялық емес ұйымдардың заңды тұлға ретіндегі жалпы сипаттамасы

1. 1 Коммерциялық емес ұйымдардың ұғымы, жалпы сипаттамасы . . . 6

2 Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары.

2. 1 Мекеме және қоғамдық бірлестік құқықтық нысаны . . . 10

2. 2 Қоғамдық қор мен коммерциялық емес акционерлік қоғамның құрылуы . . . 18

2. 3 Тұтыну кооперативі. Тұтыну кооперативтерiнiң құқықтық жағдайының өзектi мәселелері . . . 22

2. 4 Діни бірлестік және оның құқықтық жағдайы . . . 31

3 Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі

3. 1 Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі. Коммерциялық емес ұйымның қызмет түрлерi . . . 36

3. 2 Комерциялық емес ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату . . . 38

3. 3 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы . . . 45

Қорытынды . . . 63

Пайдаланған әдебиетер . . . 66

Кіріспе

Коммерциялық емес ұйым термины Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің бірінші бөлігінде республикалық заңдар деңгейінде пайда болды. Бұл түсінік бұған дейін де қолданылды, тек ғылыми әдебиеттерде және құқықтық актілерде («non - commercial» ағылшын терминінің аудармасы ретінде), бұл түсінік, экономикамен, бизнеспен және табыс табумен байланысты емес бір белсенді әлеуметтік саланың белгілер анықтамасы ретінде қолданылды. Қазір бұл саланы әдетте алғашқы екуінен, мемлекет және бизнестен, кейінгі «үшінші сектор» деп атайды.

Көбінесе бұл үш секторды - мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес деп атайды. Бірақ Қазақстандық заңнамада барлық заңды тұлғаларды екі үлкен класқа бөліп көрсетілген: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Осылардың кез келгенінің ішінде мемлекетттік, муниципалдық және жеке заңды тұлғалар болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында коммерциялық емес ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі және Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы құрайды. Сол сияқты ҚР «Қоғамдық қорлар туралы» Заңы, ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңы және өзге заңдар да үлкен маңызға ие.

Заңда коммерциялық емес ұйымдарды сипаттайтын екі белгінің бірдей көрсетілуі заңды, орынды және негізді болып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдардың көпшілігі, өз қызметтерін алға жүргізу үшін, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мәжбүр болып отыр. Тек қажеттіліктен жүргізіп отырған кәсіпкерлік қызмет олардың негізгі мақсатына айналмайды. Тек осы түскен табысты коммерциялық емес ұйым қатысушылардың арасында бөлуге тыйым салу белгісі коммерциялық емес ұйымдарды басқа кәсіптік бизнестен ажыратуға мүмкіншілік береді.

Коммерциялық емес ұйымдар арнайы құқық субъектілігіне ие. Олар тек жарғысымен белгіленген қызмет түрімен ғана айналысуға құқылы. Заң бойынша коммерциялық емес ұйымдар кәсіпкерлік қызметпен тек өзінің жарғылық мақсатына қол жеткізу үшін ғана аналысуға құқылы болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдар өз меншігінде кез келген азаматтық айналымнан алынбаған мүлікке ие болуға құқылы. Коммерциялық емес ұйымның құқықсубъектілігі оның пайда болған уақыттан басталады, яғни мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін. Осы сияқты да мемлекеттік тіркеуден алынғаннан кейін оның құқықсубъектілігі тоқтатылады. Бұл жерде айта кетерлік жағдай заңды тұлғаның құқықсубъектілігін оның құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі құрайды, олар бір уақытта басталып, сол сияқты бір уақытта тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заңнан және басқа да заң актiлерiнен тұрады. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (оқшауланған бөлiмшелерiнiң) кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымының қызметiне қолданылады. Жекелеген коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер осы Заңмен және өзге де заң актiлерiмен реттеледi.

Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары. Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттармен айқындалады.

Дипломдық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады:

Коммерциялық емес ұйымдардың заңды тұлға ретіндегі жалпы сипаттамасы, коммерциялық емес ұйымдардың нысандары, коммерциялық емес ұйымдардың қызметі, комерциялық емес ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату.

Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады.

Зерттеу обьектісі: Коммерциялық емес ұйымдардың ұғымы, жалпы сипаттамасы, коммерциялық емес ұйымдардың нысандары мен ұйымдардың қызметі.

Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Зерттеу пәні: Азаматтық құқығы.

1. Коммерциялық емес ұйымдардың заңды тұлға ретіндегі жалпы сипаттамасы

1. 1 Коммерциялық емес ұйымдардың ұғымы, жалпы сипаттамасы

Өз қызметінің негізгі мақсаты кіріс түсіруді көздемейтін және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін АК, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы зандар және заңға тәуелді нормативтік актілер реттеп отырады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін[47-34-бабы] . Коммерциялық ұйымдардың тізбесіне қарағанда, бұл тізбені толық деуге болмайды. Заң актілерінде коммерциялық емес ұйымдардың өзгеше нысаны белгіленуі мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңңың 17-бабының 2-тармағына сәйкес нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркәсіп палаталары, аудиторлар палаталары, меншік пәтер иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық құқықтық нысанда құрыла алады.

Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, занды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, денешынықтыру мен спортты дамыту; заң көмегін кәрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін (Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 4-бабының 1-тармағы) .

Коммерциялың емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады [47] . Коммерциялық ұйымдардан өзгеше, коммерциялық емес ұйымдар салық төлеу жещлдігін пайдаланады. Бұл оларды тартымды ұйым ете түседі, өйткені көптеген коммерциялық емес ұйымдар белгілі бір нысанда кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Одан түсетін кірістер, әдетте, коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады (бұл негізінен қоғамдық бірлестіктерге қатысты) .

Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан республикасының 2-бабы) .

Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.

Коммерциялық емес ұйым - заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша:

  • коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
  • жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілеріне шектеулер қойылуы мүмкін;
  • коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді;
  • коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
  • коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды.

Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдаланылуына жол беріледі.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары:

а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;

б) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;

в) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.

Қазақстан Республикасының «Комерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 2-бабына сәйкес кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. Коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты туындайтын қатынастар, саяси партиялардың кәсiптiк одақтардың құқықтық жағдайларының, құрылуының, қызметiнi, қайта ұйымдастырылуының және таратылуының ерекшелiктерi арнайы заңдармен регламенттеледi.

Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдар. Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заңнан және басқа да заң актiлерiнен тұрады. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (оқшауланған бөлiмшелерiнiң) кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымының қызметiне қолданылады. Жекелеген коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер осы Заңмен және өзге де заң актiлерiмен реттеледi.

Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары. Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттармен айқындалады.

Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi. Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн коммерциялық емес ұйымдардың:

1) заңдарда белгiленген тәртiппен банктерде шоттар ашуға;

2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұйымның толық атауы бар мөрi, мөртабаны және бланкiлерi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген эмблемасы (нышаны) болуына болады.

Заңды тұлға ретінде коммерциялық емес ұйым - мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң негізінде коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады; жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілеріне шектеулер қойылуы мүмкін; коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді, коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады; коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Діни және қоғамдық бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдаланылуына жол беріледі.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары: құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы, міндеттемелік құқығы және құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.

«Комерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 2-бабына сәйкес кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. Коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты туындайтын қатынастар, саяси партиялардың кәсiптiк одақтардың құқықтық жағдайларының, құрылуының, қызметiнi, қайта ұйымдастырылуының және таратылуының ерекшелiктерi арнайы заңдармен регламенттеледi.

Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заңнан және басқа да заң актiлерiнен тұрады. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (оқшауланған бөлiмшелерiнiң) кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымының қызметiне қолданылады.

2 Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары.

2. 1 Мекеме және қоғамдық бірлестік құқықтық нысаны

Мекеме - құрылтайшысы басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрған және қаржыландыратын ұйым («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңының 8-бабы) .

Мекеме дегеніміз - бұл осы арқылы меншік иесі өзінің азаматтық қатынастардағы еркін білдіретін ұйымдық-құқықтық нысандардың бірі. Басқа заңды тұлғалардан өзгеше, мұндай занды тұлғаның өз құрылтайшысына тәуелділігі әлдеқайда күшті болады. Азаматтық құқықтың көз келген субъектісі мекеме құруы мүмкін, яғни мекеме меншіктің мемлекеттік те, сондай-ақ жекеменшік те нысандарында құрылуы мүмкін. ТМД елдерінде көбіне мемлекеттің әр түрлі басқару, білім беру, медициналық және т. с. с. функцияларын атқаратын мемлекеттік мекемелер құрылады.

1998 жылға дейінгі Қазақстандағы секілді, барлық елдерде туыстық ұғым ретіндегі мекеме өзіне түр ұғымы ретіндегі мемлекеттік және жекеменшік мекемелерді қамтиды. Қазақстанда 1998 ж. Қаржы министрлігі Азаматтық кодекске өзге де нормативтік өзгерту актілерін енгізді, олар мекемені (туыстық ұғым) тағы да мекеме (түр ұғымы) мен мемлекеттік мекемеге (түр ұғымы) жіктеді. Сондықтан Қазақстанда әрбір нақты жағдайда мекеме ретінде нені - барлық мекемелерді немесе меншіктің жекеменшік нысанына негізделген мекемелерді түсіну керектігіне көз жеткізу қажеттігі туады.

Азаматтық кодексте жеке меншік мекемеге мынадай анықтама берілген: басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады[47] .

Мемлекет ҚР Конституциясы мен зандарына сәйкес немесе ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің және астана, облыстар, республикалық бағыныстағы қалалар өкімдерінің шешімдеріне сәйкес құрылатын және егер заң актілерінде қосымша қаржыландыру көздері белгіленбеген болса, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады. [47] Мемлекеттік мекемені құруда оның аумақтық қызмет ету аясы (республикалық, жергілікті немесе аймақтық) айқындалуы тиіс.

Коммерциялық емес сипаттағы көз келген мақсат үшін мекеме құрылуы мүмкін. Мысалы, басқару, білім беру, медицина, ғылыми-зерттеу, мәдени және т. с. с. Мемлекеттік мекемелер, әдетте, басқару мақсаттарын көздейді. Әңгіме мемлекеттік органдар - министрліктер, ведомстволар, әкімияттар және т. с. с. болып отыр. Мекемені, әдетте, бір тұлға құрады, бірақ оны бірнеше тұлғаның құруына тыйым салынбайды. Бұл жағдайда, меншік иесінің құқықтары құрылтай шартына сәйкес бөлініп, жүзеге асырылады. [6-226]

Мекеме мен мемлекеттік мекеменің өздеріне бекітіліп берілген мүлікке құқықтары АК-ның 202-208-баптарына сәйкес анықталады (АК-ның 105-бабының 4-тармағы) . Басқаша айтқанда, мүлік оралымды басқару құқығында мемлекеттік мекемеге тиесілі болады. Тұтас алғанда, жеке меншік мекемелерге де осындай режим таралады. Мекеме меншік иесі бекітіп берген сметаның негізінде өз қаражатына билік етеді. Мемлекеттік мекеменің тиісті қаржы жылына бейтілген қаржыландыру жоспарынан асатын шарттық міңдеттемелер қабылдауына жол берілмейді (АК-ның 105-бабының 3-1-тармағы) . Мекеменің мүлкі алынып қоюы немесе меншік иесі арқылы қайта бөлінуі мүмкін. Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша қолында бар ақшамен жауап береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады (АК-ның 44-бабының 1-тармағының 2-бөлігі) .

Таратылатын занды тұлғаның ақшасы несие берушілердің талабын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы занды тұлғаның мүлкін сот шешімдерін орындау ушін белгіленген тәртіп бойынша жария сатуды жүзеге асырады (АК-ның 50-бабының 5-тармағы) . Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болатын жағдайда оның міндеттемелері бойынша Үкімет немесе тиісті жергілікті атқарушы орган жауапты болады[47-98] .

Кіріс түсіруді өз қызметінің негізгі мақсаты етпеу - мекеменің міндетті белгісі. Басқаша айтқанда, мекеменің кәсіпкерлік қызмет ауқымынан тыс жағдайда кіріс түсіруіне және, тиісті, айтарлықтай мөлшерде түсіруіне тыйым салынбайды. Бірақ бұл негізгі мақсат емес. Алынған ақша құрылтайшының меншігі болып табылады және мекеме оны смета бойынша жұмсайды немесе құрылтайшы алып қояды. Жеке меншік мекемелер өздерінің жарғылық құқық қабілеттілігі шегінде кәсіпкерлік қызмет жүргізе алады. Оны жүргізу құқығы құрылтай құжаттарында баянды етілуі тиіс[47] .

Солай бола тұрса да, мемлекеттік органдар болып табылатын мекемелер (министрліктер, ведомстволар, олардың заңды тұлға құқықтары бар бөлімшелері және т. с. с), заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқысыз болады (АК-ның 105-бабының 2-тармағы) .

Жеке меншік мекеменің рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түсірген кірістері құрылтайшының меншігі болып табылады. Алайда, меншік иесінде оларға билік ету құқығы болмайды. Мекеменің рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түсірген кірістері мекеменің дербес билігіне өтеді. Олар және оларға сатып алынған мүлік мекемеге оралымды басқару құқығында емес, ерекше заттың құқықта - мүлікке дербес билік ету құқығында тиесілі болады.

Мемлекеттік және өзге де мекемелердің жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайларының ерекшеліктері заңдармен айқындалады. Әңгіме, негізінен алғанда, мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы органдары жөнінде болып отыр. Аталған органдардың жергілікті денгейі бірыңғай заңмен реттеледі. Министрліктер мен ведомстволар Үкімет қаулыларының, Президент жарлықтарының немесе Парламент зандарының негізінде іс-қимыл жасайды. Мәселен, Президенттің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылығын құру туралы" 1994 ж. 27 қаңтардағы №1526 Жарлығымен Қазынашылықтың орталықтандырылған органдар жүйесі құрылды. ҚР Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылығын құру мәселелері" атты 1994 ж. 20 мамырдағы №549 Қаулысымен қазынашылықтың аумақтық басқармалары мен өлімшелеріне мекеме мәртебесі берілген.

Мемлекеттік басқару органдарынан басқа, жекелеген нормативтік актілер қадағалау органдарын, мысалы, прокуратураның қызметін реттеп отырады. ҚР Прокуратурасы біртұтас орталықтандырылған мекемелер жүйесін құрайды және Конслитуцияның, Прөзиденттің 1995 ж. 21 желтоқсандағы Заң күші бар "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Жарлығының негізінде жұмыс істейді.

ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Прөзиденті Әкімшілігі мемлекеттік органдар болын табылады. Олар туралы ережелер ҚР Конституциясында баянды етілген және тиісті заң актілерінде нақтыланған. 5 Олар азаматтық айналымға мемлекеттік мекемелер ретінде қатысады. Бұл АК-ның 34-бабының 3-1-тармақтарынан туындайды, онда "Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын занды тұлға тек қана мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін" деп көрсетілген.

ҚР Конституциясына, конституциялық заңдарға, өзге де заң актілеріне немесе ҚР Президентінің Жарлықтарына сәйкес мемлекеттік органдар болып табылатын қалған мемлекеттік органдар, егер олар көрсетілген зандармен немесе оларды құру жөніндегі жеке актілермен занды тұлға ретінде анықталған болса, мекемелер болып танылады. Занды тұлға ретінде айқындалмаған, басқа мемлекеттік органдардың - занды тұлғалардың құрамыңда болатын мемлекеттік органдар занды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері ретінде қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлға туралы түсінік және оның түрлері
Коммерциялық емес ұйымның құқықтық мәртебесі
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Коммерциялык емес уйымдар туралы жалпы ережелер
Коммерциялық емес ұйымды басқару
Коммерциялық емес ұйымдар туралы
ҚР заңнамасы бойынша заңды тұлға
Заңды тұлғалардың таратылуы
Коммерциялық ұйымдардың құқықтық нысандары
Коммерциялық емес заңды тұлға
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz