Компанияларды ішкі басқару


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
1 Корпоративті басқарудағы қаржылық талдаудың маңызы, түрлері мен қағидалары . . . 7
1. 1 Корпоративті басқарудың мәні мен маңызы . . . 7
1. 2 Корпоративті басқару жүйесін реформалау саласындағы CIPE стратегиясы . . . 13
1. 3 Корпоративті қаржылық талдаудың маңызы, түрлері, қағидалары және тәсілдері . . . 15
2 «Қазпошта» АҚ-ң қызметінің қаржылық жағдайын талдау . . . 27
2. 1 «Қазпошта» АҚ-ң жалпы сипаттамасы мен ұйымдастыру құрылымы27
2. 2 Балансты талдаудың негізгі әдістері . . . 34
2. 3 Баластың активінің көрсеткіштерін талдау . . . 38
2. 4 Капиталды және міндеттемелерді талдау . . . 46
3 Кәсіпорынның қаржылық қызметін жақсарту жолдары . . . 54
3. 1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың қаржылық инвестициялық қызметін жақсарту жолдары . . . 54
3. 2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру . . . 59
Қорытынды . . . 66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 68
Кіріспе
Нарықтық экономика қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.
Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономика-лық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - кәсіпорынның корпоративті қаржылық талдау жүргізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қызметіне корпоративті қаржылық талдау жасау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Талдау объектісі ретінде «Қазпошта» АҚ-ң қызметі алынды.
Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.
Жұмыстың тәжірибелік бөлігі «Қазпошта» АҚ-ң қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.
Жұмыстың теориялық базасы болып К. Ш. Дүйсенбаевтің, Э. Т. Төлегеновтың, Ж. Г. Жұмағалиеваның, В. В. Ковалевтің, А. Д. Шереметтің, Г. В. Савицкаяның еңбектері болып табылады.
1 Корпоративті басқарудағы қаржылық талдаудың маңызы, түрлері мен қағидалары
1. 1 Корпоративті басқарудың мәні мен маңызы
Корпоративті басқару объективтік, есепберушілік, жауапкершілік жəне жариялылық сияқты демократиялық принциптердің негізі болып табылады. Ол коммерциялық қызметтің қалыптасқан нормаларын ұстануды қамтамасыз етеді, осылайша, демократиялық басшылықтың заңдылығы мен принциптерінің нығаюын қамтамасыз етеді. Ұжымдық басқару сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшті құрал болғандықтан, жеке меншіктің құқықтары мен қоғамдық мүдделерді нақты ажыратуға мүмкіндік береді, екі салада асыра пайдаланушылықтың алдын алады.
Ұжымдық басқару əдетте, жеке сектордың дамуымен байланыстырылады.
Алайда, сонымен қатар бұл мемлекеттік басқару институттарын күшейтуге мүмкіндік беретін демократияның маңызды даму құралы.
Біріншіден, бизнес пен мемлекет арасындағы қатынастар реформаның шешуші кілті, өйткені ұжымдық басқару формалды емес, туысқандық, бармақ басты, көз қысты жасырын келіссөздердің алдын алады.
Екіншіден, ұжымдық басқару мемлекеттік кəсіпорындарда қолданылса, қоғамдық ресурстарды ұқыпты түрде пайдалануға, сонымен қатар басқару шешімдерін саяси емес, экономикалық мақсатта қабылдауға мəжбүрлейді.
Үшіншіден, ұжымдық басқару парақорлыққа тосқауыл қойып, сыбайлас жемқорлықпен күресуге мүмкіндік береді.
Оған қоса, ұжымдық басқару өзін өтпелі кезеңдегі маңызды реформаларда сыбайлас жемқорлықпен күресудің сəтті құралы ретінде көрсете білді, əсіресе бұл жекешелендіруге қатысты, өйткені мемлекеттік меншікті жеке тұлғаларға беріп, кейін жеке иелік ету құқығын беру айқын жағдайға көз жеткізуге мүмкіндік берді.
Ақырында, ұжымдық басқарудың реформасы демократиялық негізде, əсіресе институционалды деңгейде жүзеге асырылуда. Бұл аспект осы тарауда кеңінен сипатталған, мұнда халықаралық жеке кəсіпкерлік орталығының (CIPE) əртүрлі елдердегі бірлесіп басқару реформасы бойынша жұмысы туралы айтылады.
Жалпы жоспар бойынша, ұжымдық басқару жүйесінің жеткілікті түрде дамымауы инвестиция тартуға қабілетсіздікті, банкротқа ұшырауға, құқықтың ұзылуы жəне əлемнің түрлі елдері бетпе-бет келетін басқа да экономикалық дамудың қиындықтарына əкеп соғады. Осыған байланысты көптеген мемлекеттер ұжымдық басқарудың дамыған жүйесі жалпы экономикалық ахуалдың қажетті шарты болып табылатынын мойындайды.
Компаниялар ұжымдық басқаруды бəсекелестік күресте оларға басымдылықты қамтамасыз етуге қабілетті фактор ретінде қарастыра бастауда.
Дегенмен мəселенің қиындығы корпоративтік басқаруға деген теоретиялық қызығушылықты тəжірибе жүзінде басқару əдісін жақсартуға қабілетті болатындай өзгертуде болып тұр.
Корпоративті басқару кімге тиімді?
Басқарудың дамыған жүйесі бар компания тек корпоративтік инвесторлар мен кредиторларға ғана емес, сонымен қатар, өзінің қызметкерлеріне, клиенттеріне жəне тұтас алғанда қоғамға пайда əкеледі. Корпоративтік басқарудың дамыған жүйесі ішкі жəне шетелдік инвестициялардың келуіне ықпал ететін мықты экономикалық ахуалдың пайда болуына жаңа жұмыс орындарын құруға жəне еліміздің тұрғындарының əл-ауқаты деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Компаниялар.
Басқарудың қалыптасқан жүйесі өнімділікті арттырады. Өздерінің тəжірибелеріне тиімді басқарудың принциптерін енгізген компаниялар несие бойынша пайыздардың төмендеуіне жəне көптеген жағдайларда ұзақ мерзімді артықшылығы бар инвесторлық базаның кеңеюіне сенімді бола алады.
Басқарудың сапасы жалпы стратегияны құру, бірігу мен қосып алу туралы ойланып істелген, экономикалық негізделген шешімдерді қабылдау, еңбек ақыны жұмыс сапасына сəйкестендіре алатын салаларда ғана артады. Осылай басқарудың маңызды салдарларының бірі - компаниялардың сот тəуекелдерін қосқанда, əр түрлі қолайсыз факторлардың əсеріне қарсы тұру қабілеті. Бұдан басқа, компанияның жауапты жəне адал жұмысы кредиторлар, қызметкерлер, клиенттер, жеткізушілер жəне жергілікті қоғамды қоса алғанда, мүдделі тұлғалармен жемісті əрі ұзақ мерзімді ынтымақтастық жүргізуге көмектеседі.
Инвесторлар.
Инвесторлар тиімді басқару жүйесі бар компаниялар оларға көп пайда түсіретінін біледі жəне осындай мүмкіндік үшін көбірек төлеуге де даяр. Бұған қоса, инвесторлар осындай компаниялардың сенімділігін жоғары бағалайды, өйткені мұның өзі олардың ақшалары, жауапсыз, селқос менеджерлер немесе олардың отбасы мүшелерінің талауына түспейді дегенді білдіреді. Басқарудың тиімді жүйесі басшылық қабылдаған шешімдерге ықпал ету жəне негізгі операцияларды өткізу құқығын, сонымен қатар, өздері құйған қаржының қолданылуы туралы ақпаратты алу құқығын, əсіресе инвесторлардың, миноритарлық құқығын қорғайды. Капитал нарығына тиімділік пен сенімділікті арттыра отырып, мұндай басқару инвесторларға қажет болған жағдайда оңай əртараптандыру мен оларды сатуға мүмкіндік бере отырып, активтердің анағұрлым жоғары өтімділігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, банкроттықтың қалыптасқан түрі кредиторларды қорғап жəне акционерлердің жауапкершілігін шектейді.
Акционерлер жəне қоғам.
Басқарудың тиімді жүйесі компаниядан қызметкерлер, клиенттер, жабдықтаушылар жəне қоғам алдында өзі қабылдаған міндеттерді орындауын талап етеді. Тұрғындардың бұл топтары осындай компаниямен өздерінің қарым-қатынасында адалдығымен, сапасымен жəне сенімділігімен ұтады. Қоғам тұтастай алғанда ұтады, себебі мұндай компания жұмыс орындарын құрады, мемлекеттің экономикасына деген сенімді қалыптастырады жəне ысырапшылдыққа кедергі келтіреді. Бұған қоса, жариялылық жағдайы жемқорлықты азайтады, өйткені егер компанияда қатаң есеп жүргізілсе, ал оның жетекшілері бизнес-этиканың принциптеріне сай əрекет етсе, пара алу фактілерін жасыру қиынға соғады.
Корпоративті басқару базасын анықтау.
Корпоративтік, яғни бірлесіп басқару принциптерін кең түрде қолдану төменде көрсетілген кестеде жақсы көрсетілген. Дүниежүзілік банк дайындаған кестеде тиімді ұжымдық басқаруды қамтамасыз ететін ішкі жəне сыртқы механизмдер көрсетілген.
Есеп береді Тағайындайды
және қадағалайды
Іске асырады
Сурет 1. Корпоративті басқарудың ішкі жəне сыртқы механизмдері
Ескерту- Ковалев В. В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Вы-бор инвестиций. Анализ отчетности. - М. : Финансы и статистика, 2006.
«Реттеу факторлары» түсінігі жеке секторда жұмыс істейтін агенттерге, өзінреттеуші мекемелерге, ақпарат құралдарына жəне азаматтық қоғам ұйымдарына қатысты, олардың күші ақпаратты біржақты беру жағдайларын азайту, компанияның мониторингтеу жүйесін жетілдіру жəне кəсіпкерлікті насихаттауға бағытталған.
Компанияларды ішкі басқару.
Ішкі басқару компанияның ішінде жүргізілетін, акционерлер, директорлар кеңесі, басшылық жəне мүдделі тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты, сонымен қатар, олардың қызметін, құқықтарын жəне міндеттерін анықтайтын шаралар жиынтығын білдіреді. Қаржылық есеп берушіліктің жоғары айқындылығы, сапасы жəне реттілігінің арқасында менеджерлердің өздері қабылдаған шешімдері мен жұмысының нəтижелері үшін жауапкершілігі аудит жəне марапаттау бойынша комитеттер сияқты қазіргі кезде əйгілі тəсілдерді қосқанда ішкі бақылау тəсілдерін жетілдіріп, түрлендіре бастауына алып келеді. Бұған қоса, жариялылықты жəне қабылданған шешімдерге жауаптылықты қамтамасыз ету мақсатында компанияның директорлар кеңесіне «сыртқы жақтан» директорлар шақыратын жағдайлар жиі кездеседі.
Компанияның жұмысына іштей бақылау.
Дегенмен, тиімді басқару жүйесі бар компания сыртқы бақылау болмаса толыққанды дами алмайды жəне инвестициялар тарта алмайды. Тиімді болу үшін компанияны іштей басқару институттар мен рыноктардың сыртқы жүйесіне сүйенуі керек. Мұндай сыртқы механизмдер компанияны үнемді түрде жұмыс істеуге мəжбүр етеді, стандарттарды бекітеді, қателіктер үшін жазалайды жəне ақпараттық айырбасты күшейтеді.
Жалпы алғанда, жекеменшік сектор мекемелері мен мемлекеттік бақылау ұйымдары институционалдық негіз құрайды, оның негізінде бірлесіп басқарудың ғимараты құралады. Бұл ықпал екіжақты. Институциалдық негіз ұжымдық басқарудың механизміне қалай ықпал етсе, ұжымдық басқару да интитуциалдық негізге солай ықпал етеді.
Корпоративтік, яғни ұжымдық басқаруды реттеу мен қадағалау жүйесі жариялылық, есеп берушілік, адалдық жəне жауапкершілік сияқты бірлесіп басқарудың төрт негіздік принциптері үшін негіз болатын мемлекеттік жəне жекеменшік ұйымдардың, нормативтер мен құқықтардың өзара байланысқан құрылымына сүйенеді. Жоқ дегенде, ұжымдық басқарудың дамыған жүйесі барлық компаниялардың заңды сақтауын қамтамасыз етеді, сонымен қатар, акционерлердің құқықтары мен басқа мүдделі топтардың (кредиторлар, жабдықтаушылар, қызметкерлер жəне т. б. ) құқықтарын анағұрлым кеңірек қорғайды.
Ұжымдық басқарудың тəжірибесін анықтайтын жəне оның қолдануылына бақылау жасайтын түрлі мемлекеттік жəне жекеменшік ұйымдар осындай негізде жұмыс істейді. Баға белгілеудің қатаң шарттары бар қор биржалары жəне реттеу мен бақылауды іске асыратын құнды қағаздар рыноктары сыртқы бақылаудың алдыңғы қатарлы бағыты болып табылады. Сыртқы бақылаудың бұл алдыңғы қатарлы бағыты акционерлердің құқықтарын қорғау мекемелері жəне бірлесіп басқару институттары мен компаниялар директорлары қауымдастығы сияқты жекеменшік ұйымдардың қосымша топтарына сүйенеді. Жоғарыда аталып өткендей, корпоративтік басқару əдістері ірі халықаралық корпорациялар ғана емес, барлық компанияларда да қолданылуы мүмкін. Өйткені ұжымдық басқару құқық иелері мен олардың өкілдері арасындағы қарым-қатынас мəселелерімен тікелей байланысты (акционерлердің мүдделеріне сай немесе қарсы əрекет ететін менеджерлер) . Бұл қиындыққа тек қана ірі корпорациялар ғана емес, сонымен қатар, иелері компанияның жетекшілері болып табылмайтын кез-келген түрлі экономикалық қызметтің субъектілері де ұшырайды. Басқа сөзбен айтқанда, бірлесіп басқару мүмкіндігінше, компанияның көлеміне қарамастан, өкілдерді (менеджерлер) сенім білдірушілердің (иелердің) мүдделеріне сай əрекет етуге мəжбүр етеді.
Осылайша, ұжымдық басқару ұсақ фермалар мен мемлекеттік кəсіпорындарға дейін, шағын жəне орта бизнестен қаржылық мекемелерге дейін кез келген компания үшін бақылаудың тиімді əдісі болып табылады.
Тіпті сыртқы институциалдық база əлсіз дамыған болса да, ішкі ұжымдық басқарудың тиімді жүйесі компанияларға пайда əкелуге қабілетті жəне өздігінен лайықты мақсат болып табылатынын атап өткен жөн. Зерттеу нəтижелері көрсеткендей, жаңа нарықтарға сай жоғары қауіп жəне əлсіз институциалдық база жағдайында инвесторлар тиімді басқару жүйесі, анағұрлым сапалы қаржылық ақпараты бар жəне миноритарлы акционерлерге анағұрлым сенімді кепілдік беретін, компанияларға инвестиция құю мүмкіндігі үшін көбірек төлеуге дайын.
Корпоративті, яғни ұжымдық басқару (corporate governance) мекемедегі биліктің (governance) қалай құрылғаны жəне қалай жүзеге асырылатынымен байланысты атқарылады. Ұжымдық басқаруды корпорацияларды басқарумен шатастыруға болмайды. Ұжымдық басқарудың тақырыбы кең ауқымды. Атап айтарлығы, Қазақстанда акционерлік қоғам болып саналатын корпорацияда ғана емес, кез-келген құқықтық формадағы мекемедегі билікке де қатысты мəселе.
Ұжымдық басқару теория жəне тəжірибе жүзінде фирмадағы билікті бөлу мəселесі сияқты агенттік мəселелерін талдаумен де айналысады. Оның мақсаты принципал мен агенттің арасындағы қарама-қайшылықты шешу. Классикалық теорияда принципал ретінде фирманың иесі, ал агент ретінде топ-менеджер шығады. Алайда принципалдың анықтамасы кейбір толықтыруларды қажет етеді. Заң тұрғысынан алғанда компанияның əрбір акционері меншік иесі болып табылады.
Нақты тұрғыда, оның ішінде Қазақстанда шешім қабылдауға, компанияның стратегиясын дайындауға тек ірі акционерлер ғана ықпал ете алады. «Корпоративті басқару компанияның құрылымы мен қызметін басқару мен қадағалаудың процестеріне қатысты».
Корпоративті басқару компанияның құрылымы мен қызметін басқару мен қадағалаудың процестеріне қатысты.
Корпоративті басқару компанияның басшылығы, оның директорлар кеңесі, акционерлер жəне басқа қызығушылық танытқан тұлғалар арасындағы бірнеше қарым-қатынасты қамтиды. Ұжымдық басқару сонымен қатар, компания қызметінің мақсаттарын белгілейтін жəне оның жетістікке жету тəсілдері жəне сонымен қатар оның нəтижелерін, бақылау тəсілдерін анықтайтын құрылымды қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты ірі акционерлер өздерінің құқықтарын компанияны бақылау арқылы жүзеге асырады, ал басқа акционерлер миноритарлар ретінде сипатталады, оларды дивиденттерді алу мен бағаның келесі қолайлы өзгеруі кезінде компанияның акцияларын сату қызықтырады деп жиі айтылады, Осындай барлық жағдайда бақылаушы акционерлерде əртүрлі жағдайлар мен артықшылықтар болады, олар менеджментпен қарым-қатынасты өз беттерінше құрады, келесі бір жағдайда басқаруға белсенді түрде қатысып, ал екінші бір жағдайда Директорлар кеңесі арқылы басты шешімдерге бақылау жасайды.
Қазақстандық тəжірибеде акцияның ең көп пакетін иеленген негізгі акционер Директорлар кеңесінің төрағасы атанады жəне осындай тұрғыдан акционерлік қоғамның жұмысын басқарып, қадағалайтын жағдайлар жиі кездеседі.
Компания қызметінің тиімділігі мен оның ішіндегі ұжымдық басқарудың сапасы арасындағы байланыс жекелеген қиыншылық та туғызады.
Корпоративті басқарудың маңыздылығы.
Қазақстандағы ұжымдық басқарудың маңыздылығын ең алғаш рет Қаржыгерлер ассоциациясы мойындады. Қазақстанда негізгі ішкі инвесторлар қаржы институттары болып табылады. Олар əсіресе заң талабына сай инвестицияға салынған капиталдың қосымша қорғауды қажет етеді. Бұл істі өздерінен бастауды шешкен, Қаржыгерлер ассоциациясы 2004 жылы корпоративтік басқарудың моделді кодексін дайындау үшін жұмыс тобын құрды. Осындай кодекс 2005 жылы пайда болды. Соңынан Қазақстандық қор биржасының листингісіне ену үшін корпоративті басқару кодексін дайындау талабы пайда болды.
Көптеген қазақстандық компаниялар басқа биржаларға, IPOға (өздерінің бағалы қағаздарын салу) шығу туралы шешім қабылдағандықтан, олар үшін бірлесіп басқару жүйесінің болуы маңызды бола бастады, өйткені бірлесіп басқарудың болуы туралы талап барлық əлемдік сауда алаңдарында бар.
Ұжымдық басқарудың маңыздылығын қорыта отырып, оның болуы төмендегі жағдайларға əкеліп соғатынын айтуға болады:
- Акционерлердің (инвесторлардың) алдында тартымдылығының артуы. Тартылатын капиталдың бағасы төмендеп, инвесторлардың қызығушылығы артады;
- Акция құнының артуы ;
- Акция құнының номиналды бірлігіне тартылатын капитал көлемінің
артуы;
- Дивидендтер арқылы үнемдеу мүмкіндігі (акционерлер курс бағамының өсуі арқылы пайда табады) ;
- Жедел тиімділіктің артуы жəне компания мен оның акционерлерінің пайдалы жəне тұрақты дамуы үшін капиталды қолданудың тиімділігінің артуы;
- Компания мен мемлекеттің беделі артады.
Осылайша, Ұжымдық басқару сияқты аздаған тақырыптар қазіргі таңда бизнес үшін де өте маңызды.
Көптеген оқиғалар мен дау-дамай, бірігулер мен рейдерлік, қаржы дағдарысы, бұл тақырыптың оның ішінде Қазақстанда да маңыздылығын арттырады. Бұл оқиғалар мүдделі тұлғалар (акционерлер, қызметкерлер, қоғам), корпоративті менеджерлер, директорлар немесе мемлекеттік ресми тұлғалардың құқықтарының бұзылуы салдарынан компаниялардың зардап шеккенін көрсетеді. Ұлттық бизнес-қауымдастықтар жəне корпоративті менеджерлер капиталға қол жеткізу мен компанияның өсуі үшін ұжымдық басқарудың маңыздылығын түсіне бастады.
Сыбайлас жемқорлық пен нашар менеджементтің кесірінен туған қаржы дағдарысы капитал алуды қиындата түсті. Инвесторлар өздерінің капиталдарын қорғау қажеттілігін жете түсінді. Олар əртүрлі компаниялардың инвестициялық потенциялдарын қаржылық есептің тазалығы, анықтығы, айқындылығы жəне нақтылығынан инвестициялауға дейін бірдей стандарттар бойынша салыстыру мүмкіндіктеріне ие болғысы келеді. Бұл əсіресе, халықаралық инвестицияларды тарту үшін маңызды. Ұжымдық басқару компаниялар іштей басқарылатын жəне компанияның орналасқан жерінен мыңдаған шақырым жерде болуы мүмкін акционерлердің мүдделерін қорғау мақсатында директорлар кеңесі арқылы бақыланатын «ойын ережелерінің» жиынтығы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz