Теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1 КӨЛІКТЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . . 8

  1. Инновациялық қызметтің және инновацияның мәні, мағынасы және экономикалық табиғаты . . . 8
  2. Теміржол көлігінде инновациялық қызметті басқарудың әдістемелік негіздері . . . 13

2 ҚР «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ

АҚ-ның ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ… . . . …… . . . 19

2. 1 ҚР «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының АҚ-ның Қызылорда

облыстық филиалының негізгі қызметін экономикалық бағалау . . . 19

2. 2 Теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті талдау . . . . 32

2. 3 Теміржол компаниясының инновациялық қызметтін басқару

тиімділігі . . . ……. . 39

3 ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫ

ЖЕТІЛДІРУ . …… . . . 51

3. 1 «ҰК «Қазақстан Темір Жолы» АҚ инновациялық даму стратегиясын

жасақтау . . . 51

  1. Теміржол компаниясының инновациялық қызметін басқару тиімділігін

арттыру . . . 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69

КІРІСПЕ

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел халқына Жолдауында елді әрі қарай инновациялық бағытта дамыту қажеттігі көзделеді. Экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған тиімді инновациялық саясат болып табылады.

Көлік ел экономикасының инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі болып табылады. Нақты әрі үздіксіз жұмыс істейтін көліктік кешен болмайынша мемлекеттің экономикасы ойдағыдай дами алмайды. Бұл ең алдымен, теміржол көлігіне қатысты, сол арқылы халықаралық және аймақаралық жүктер мен жолаушылар тасымалының негізгі бөлігі жүзеге асырылады. Соңғы жылдары Қазақстанда инновациялық жобаларды жүргізу мәселелеріне барынша көп назар аударылуда. Жүзеге асырылатын негізгі инновациялық жобалар ҚР 2015 жылға дейінгі Көліктік стратегиясында сипатталған. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру мақсаты - бәсекеге қабілетті ұлттық көлік инфрақұрылымын құру, бұл теміржол көлігі саласын басым дамытуды көздейді .

Инновациялық қызмет жаңа ережелерді әзірлеп, жүзеге асыруды, бақылау жасауды, сондай-ақ іске асырылатын жобалардың экономикалық тиімділігін және кәсіпорынның техникалар мен технологияларының бәсекеге қабілеттігін арттыруға ықпал етуін бағалауды білдіреді.

Теміржол көлігі жоғары тәуекелдіктер мен қауіп-қатерлер көзі болып табылады. Мұның астарында, қаралатын саладағы қайсы бір қызмет нәтижесінде пайда болатын немесе пайда болуы мүмкін келеңсіз салдар меңзеледі. Теміржол саласы субъектінің экономикалық қызметіне теріс ықпал ететін және оларды басқаруды талап ететін түрлі тәуекелдіктердің әсеріне ұшыраған. Теміржолдарды пайдалану барлық экономикалық субъектілерге де, теміржол кәсіпорындары мен жалпы кешенге де тән болып келетін, кәсіпорынның тұрақты қызметіндегі тұрпаттық тәуекелдіктермен жиі бірге жүреді.

Инновацияларды стратегиялық басқару негіздерін қалыптастыру мен қолданудың қажетті жүйелілігінің жеткіліксіздігі инновациялық қызметті басқару элементтерінің ұтымды өзара әрекет етуін терең әзірлеу мен ғылыми негіздеу және ыңғайлы нәтижелері мен инновациялық қызмет нәтижелерінің тәуекелдіктеріне қолжеткізу жоқтығымен түсіндіріледі.

Инновацияны талдау мен бағалау бөлімдерінің көпшілігінің қалыптасу кезеңінің ұзақтығына және айтарлықтай зерттелуіне қарамастан, тәуекелдік жағдайындағы инновациялық қызметті талдау мен басқарудың жекелеген мәселелері тиісті ғылыми және методологиялық зерделенуіне ие болған жоқ, кешенді экономикалық талдау жүйесіне енгізілмеген, экономикалық зерттеудің аталмыш бағыттарындағы ішкі құрылым мен өзара байланыстар туралы түсініктер жеткіліксіз дамыған. Теміржол көлігіндегі теориялық және қолданбалы маңызы бар инновациялық қызметті басқарудың көптеген бағыттары зерттелмеген, әрі әзірленбеген болып қалуда. Жаңа ережелердің тәуекелдерін бағалау әдістері мен талдау көрсеткіштерінің жүйесін анықтауда бірегей ұстанымдар жоқ. Тәуекел жағдайында инновациялық қызметті басқарудың әдістемелік қырлары белсенді әзірлену өрісінен тысқары қалуда, онсыз теміржол көлігінің тәжірибелік жұмысында жинақталған әлеуетті қолдану мүмкін емес немесе айтарлықтай қиын. Инновациялық қызметті басқару мен талдаудың көрсетілген бөлімдерінің тәжірибелік сұранысқа ие болуы мен жеткіліксіз әзірленуі- мәселенің қойылуын өзекті етіп, теміржол көлігінде тәуекелді ескере отырып, инновациялық қызметті басқару негіздерін тереңдетуге бағытталған зерттеулер жүргізу қажеттілігін туғызады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - инновациялық қызметті теміржол көлігінде тәуекелдікті ескере отырып теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу мен талдау нәтижесінде тәжірибелік бағыттарын анықтап, ғылыми негізделген ұсыныстар жасау болып табылады.

Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:

- шаруашылық жүргізуші субъектілердің заманауи инновациялық даму тұжырымдамасын негіздеуге мүмкіндік беретін «инновация», «инновациялық қызмет» категорияларының мазмұны, мәні және экономикадағы орны зерттелген;

- инновациялардың жіктелу белгілерін жүйелеу, сипаттама беру және инновацияның кешенді сипатын, оларды тәуекел жағдайында пайдаланудың саналуан салалары мен тәсілдерін ашатын өзара байланысын анықтау;

-теміржол көлігінің инновациялық даму басымдығын анықтайтын қазіргі жағдайы мен даму беталысына талдау жасау;

- теміржол көлігінің инновациялық қызметін басқаруға талдау беру және «ҰК «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның инновациялық қызметі нәтижелерінің түрлі қырларын бағалау;

- Қазақстанның теміржол көлігінің инновациялық даму стратегиясын ұсыну;

- теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті тиімді басқару іс-шараларын әзірлеу.

1 КӨЛІКТЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Инновациялық қызметтің және инновацияның мәні, мағынасы, экономикалық табиғаты

Заманауи микрошаруашылық жүйесі бастапқы қорларлардың шектеулі жағдайында өнімділіктің әрдайым дамуының қажеттілігімен сипатталады. Сондықтан қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында жүйеде оның құрамдас бөліктерінің және олардың өзара байланыстарын қайта құру шаралары үнемі жүзеге асырылып келеді. Бұл әртүрлі секторларда және бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың, мемлекеттердің, аймақтардың әртүрлі жүйелік деңгейлі экономикасында тоқтаусыз атқарылып отырған қызметтің арқасында орындалуда. Соңғы уақытта ғылыми зерттеулердің тақырыптары инновация мен олардың әлемдік шаруашылықтың одан әрі дамып, жетілуі ролінің арналуы маңызы артып отыр.

Инновациялар ХХ ғасырдағы өнеркәсіптің ішкі қозғауш күшіне айналды. Кәсіпорындар үшін инновациялар жаңа өтімді рыноктарға шығу кілті, кірістің көтерілуінің негізгі құралы болып келеді. Экономикалық дағдарыстан шығу барысында Үкіметтер өздерінің басты күшін инновацияларға жұмсайды. Инновациялық дамудың басымдылықтары соғыстан кейінгі кезеңдегі «игілікті экономика» деген белгілі тұжырымдаманың орнын әлдеқашан басып келеді.

Солай болса да, осы кезге дейін инновацияның нақты анықтамасы немесе инновацияларды бағалаудың біртұтас жүйесі ойлап табылған жоқ. Әдетте, инновация деп жаңадан жақсартылған өнімнің шығарылуы немесе өндірістік үдерістің дамыуы түсініледі. Екінші жағынан инновацияның басқа да түсінігі бар, ол бұрыннан бар тауарды өндіру барысында тым арзан шикізатты колдану, маркетинг саясатын өзгерту, жаңа рыноктарға немесе көрсетілетін қызметтің жаңа деңгейіне шығу.

Қазіргі өмірде жиі қолданылатын «инновация» категориясында негізі екі ағылшын сөзі жатыр: innovate - ол жаңалықты еңгізу және өзгертулерді жасау, ал innovation деген сөз жаңа енгізілім, жаңалық, жаңашылдық деген мағыналарды білдіреді. Осының салдарында қазіргі өмірдегі басқару және экономикалық ғылымда «инновация» категориясы екі мағынада қолданылады: біріншіден, жаңа ғылыми-техникалық немесе ұйымдастыру-экономикалық жетістіктің, жаңа енгізілімнің нәтижесі ретінде, «инновация» бұл кезде статистикалық категория болады; екіншіден, «ұсынылатын жаңашылдық - іске асырылатын жаңашылдық - енгізілген жаңашылдық» үштағанын қамтитын үдеріс ретінде.

«Жаңалық» өндіріске, басқару жүйесіне енгеннен кейін, нарықта пайдаланылатын өнімге айналады және оның сатылуынан экономикалық, әулеметтік немесе басқа түрлі нәтиже шығады, ол «жаңа енгізілім» немесе «инновация» деген жаңа категорияға айналады.

Әдебиетте «инновация» деген түсінікке көптеген анықтамалар табуға болады. Бұл түсінікті австриялық экономист И. Шумпетер айналымға енгізген, ол жаңа енгізілімнің теориясының және олардың экономикалық дамуындағы ролдерінің жасампазы. Ол экономикада ортанғы тұлға - ол жаңашыл-кәсіпкер деп дәлелдеп келген.

Қазіргі заманғы социологиялық әдебиетте инновациялық өзгерістің жүйелік сипаты айрықша атап көрсетіледі:

Инновация - бұл өндірістік процестегі немесе басқаруды ұйымдастырудағы әлдебір жекелеген жаңашылдықтың жемісі емес, бұл кәсіпорынның бүкіл жүйесін өзгертетін өзара әрекеттердің жиынтығының нәтижесі.

Белгілі экономист-ғалым Н. И. Лапин келесі анықтаманы ұсынады:

«Инновация - бұл адамдардың белгілі қажеттіліктерін дұрыс қанағаттандыруға бағытталған жаңа тәжірибелік шараны құрудағы, оны тарату мен пайдаланудағы кешенді үдеріс.

Инновацияның баламасы «консервация» - яғни өндіріс пен өнімді өткізу салаларында қалыптасқан ең елеулі сипаттамаларды сақтау болып табылады.

Экономикалық талдау мен бақылау мақсаттары үшін инновациялардың бір қатар жіктемелері қолданады:

- инновациялық қызметтің объекттерінің көріністері бойынша инновация- өнімдер мен инновация-үдерістер деп бөлінеді. Одан басқа, жаңа рыноктарды (рынок сегменттерін) игерумен тұжырымдалатын рыноктық (маркетингтік) инновацияларды да бөлек алуға болады;

- ұйымның стратегиялық мақсаттарын іске асырудағы ролі бойынша жақсартушы және стратегиялық инновациялар деп ажыратылады. Стратегиялық инновациялар қызметтің жаңа бағыттарын жасайды немесе бұрынғы бар бағыттардың табысты жұмыс істеуін ұзақ мерзімде қамтамасыз етеді, жақсартушы инновациялар осы бағыттарды дамыту мен жетілдіру аясында жүргізіледі;

- кәсіпорынның даму маңызы бойынша озық және келесі инновацияларға ажыратылады. Озық инновациялар осы сала үшін керемет болмауы мүмкін, бірақ келешекте сыртқы жағдайлардың өзгеруі болатынын ескере отырып, қаржы-шаруашылық қызметінің табысты жүргізілуіне алғышарттар жасауға тиісті. Келесі инновациялар сыртқы шарттарының нақты өзгерістеріне әсер ретінде жүргізіледі;

- шараларды жүзеге асыру мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, жедел мерзімді және уақытпен шектелмеген инновациялар;

- ұйым қызметін қамту дәрежесі бойынша: оқшау және кешенді инновациялар. Кешенді инновациялар қызметтің бірнеше бағыттарын бірден қозғайды (жаңа өнімдер мен жаңа үдерістер т. б. енгізуді үйлестіреді) ;

- өндіріс үдерісіндегі ролі бойынша; негізгі және қосымша инновациялар;

- қызметтің осы бағыттағы маңызы бойынша: базистік (іргелі), модификацияландырушы және жалған инновациялар.

Негізгі инновациялар негізгі өндірістік, технологиялық немесе жабдықтап-өткізу үдерістерін қозғайды; қосымша инновациялар, әдетте, негізгі инновациялардан туындайды (екінші кезектегі инновациялар), жәрдемші және қызмет көрсетуші бөлімшелерде жүргізіледі және негізгі жаңашылдықтардың іске асуын қамтамасыз етеді. Тұғырлы инновациялар қызметтің бұрынғы бағыттарын түбірінен өзгертеді немесе жаңа бағыттарды қалыптастырады; модификацияландырушы инновациялар тұғырлыларды жетілдіру мен дамыту шеңберінде өткізіледі. Жалған инновациялар тобына принципиалды жаңашылдығы жоқ және тұтынушы үшін қандай да бір қосымша артықшылық жасамайтын, өнімдер немесе үдерістердің сыртқы елеусіз өзгерістерін жатқызады. Солай болса да жалған инновациялар тауарлы рыноктағы бәсекелестіктің қуатты құралы ретінде ассортиментті үнемі жаңартуда маркетингтік саясаттың маңызды құралы болады.

Инновациялардың мәні мен олардың жіктелуіне деген түрлі ұстанымдар нышандар бойынша ажыратылатын келесі негізгі инновациялар топтарын бөліп алуға мүмкіндік берді қосылу саласы бойынша (ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық-экономикалық және әлеуметтік-мәдени инновациялар) ; қанағаттандырылған сұраныстар сипатына сәйкес (жаңа сұраныстарды жасайтын және бұрынғыларын дамытушы инновациялар) ; нысаны мен қосылу саласына қарай (инновация-өнімдер, инновация-үдерістер, инновация-сервистер, инновация-нарықтар) ; инновацияларда қолданылатын технологиялық парадигмалары бойынша; радикалдық дәрежесіне сәйкес (базистік, жүйелік, арта түсуші) ; енгізілген инновациялық өзгерістердің қарқындылығына (тереңділігіне) қарай (мыналарға бағдарланған инновациялар: бастапқы қасиетін регенерализациялау, сандық өзгерістер, бейімділік өзгерістері, жаңа нұсқа, жаңа буын, жаңа түр, техниканың жаңа түрі) ; жаңа өнімді-технологиялық инновацияларды нарықтық енгізу бойынша; пайда болудың себептеріне сәйкес (стратегиялық және реактивтік (икемделген) ; жаңалық дәрежесіне қарай; фирманың рыноктық-технологиялық мүмкіншілігіне тигізер әсеріне қарай (сәулеттік, революциялық, орынқалаушы, тұрақты) ; таратылу көлемдеріне орай (бір салада және барлық немесе көптеген салаларда) ; өндіріс процесіндегі орны мен рөліне сәйкес (негізгілер және қосымшалар) ; маңыздылығына қарай; өндіріс процесіне әсер етуге бағытталғандығына қарай және т. б.

Кейбір белгілер бір-бірін ішінара басып кететіндіктен, түрлі белгілерімен де екшеленген инновациялардың кейбір түрлері бір бірін ішінара қайталайды. Соған қарамастан, қаралған белгілер жалпы алғанда инновациялар жиынтығының көлемді сипаттамасын беруге мүмкіншілік жасайды.

Сұраныстың қанағаттандырылу сипаты бойынша инновациялар бұрыннан бар сұраныстарға бағдарлануы немесе жаңаларын жасауы мүмкін. Өндіріс үдерісіндегі ролі бойынша негізгі және толықтыратын жаңа енгізілімдерді бөліп алуға болады. Негізгі өнімділік жаңа енгізілімдер жаңа рыноктер құрады және жаңа салаларының негізіне жатқызылады; толықтыратын өнімділік инновациялар тиісті салалардағы рынокты кеңейтеді; негізгі технологиялық инновациялар ірі технологиялық жүйелердің тірегін құрады; толықтырушы технологиялық жаңа енгізілімдер қолдағы бар тіректік технологияларды дамытады.

Инновация қызметінің субъектілері: инновация қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар; инновацияны жүзеге асыратын әр түрлі меншіктегі инновациялық кәсіпорындар; инновациялық қызмет барысында сатып-өткізілетін зияткерлік меншік иелері (жаңалықтар, өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер авторлары, кәсіпорындар, қондырғылар, технологиялық процестер жобалары, «ноу-хау», дизайнерлер) ; инновация жүзеге асыруға капитал салатын инвесторлар, корпорациялар, лизингтік фирмалар; инновация процесіне қызмет көрсететін және оның инфрақұрылымын қамтамасыз ететін делдалдар; консалтингтік және инжинирингтік фирмалар, технологиялық инкубаторлар, технопарктер, технополистер, ақпарат орталықтары және тағы басқа; инновациялық қызметті басқаруға, үйлестіруге, реттеуге қатысатын мемлекттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Инновациялық қызметті жүргізуге ықпал ететін өзекті факторлардың бірі инновациялық қызметтің инфрақұрылымын дамыту деңгейі болып табылады. Инновациялық қызметтің инфрақұрылымы - инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық қызмет жүргізуге қажетті қызметтер ұсынатын ұйымдар. Инновациялық қызмет инфрақұрылымының субъектілері болып инновациялық қызмет субъектілеріне келесі көмек түрлерін көрсететін заңды тұлға танылады: өндірісті-технологиялық; инновация өнімдерін сынақтау, сертификаттау және стандарттау; қаржылық; құқықтық (бұған зияткерлік меншікті қорғау да кіреді) ; ұйымдастырып-басқарушылық; инновациялық қызметке қажет кадрларды дайындау және қайта дайындау, біліктілігін көтеру; кеңес беру көмегі; ақпараттық; инновациялық қызметті жүргізуге қажетті басқа да қызмет түрлері.

Инновациялық қызмет субъектілерінің арасында экономикалық және құқықтық қарым-қатынастар пайда болатын инновациялық қызмет өнімдері (нәтижелері) болып табылатындар: нақты инновациялардың технологиясын және игеру қорытындыларын (бизнес-жоспарға енгізілген аралық нәтиже) белгілейтін инновация жобалары; түпкі өнімді өткізу барысында әулеметті-экономикалық және экологиялық тиімділікті қамтамазыз ететін, өндірісте игерілген технологиялық процестер; ғылыми-техникалық жетістіктерге жету нәтижесі болып табылатын қағида түрінде жаңа, жаңадан жақсартылған өнімдер (тауарлар мен қызмет көрсетулер) .

Инновация үдерісі көптеген қатынасушыларды және қызығушылық танытқан мекемелерді қамтиды. Ол мемелекеттік және мемлекетаралық деңгейлерде, аймақтық және салалық өрістерде, жергілікті (әкімшілік) құрылымдарда жүргізіле алады. Барша қатысушылардың өз мақсаттары бар, олар сол мақсаттарға жету үшін өздерінің ұйымдастыру құрылымдарын құрады.

Бұл жағдайда өнім өндіру процесіндегі субъектілердің салааралық өзара әрекет ету сипатын да, өнімді шығарудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін өнідірістің ішкі факторларын да ескеру қажет. Мұндай ұстаным бәсекеге қабілетті өнім өндірісін дамытудың инновациялық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырыла алады. Осындай бағдарламаларды іске асырудың негізгі факторы қызмет нәтижелерін өндірістік инновациялық салада пайдалану, және ең алдымен, инвестициялық технологиялардың өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыруға ықпал етуі бола алады.

Инновациялық қызметтің экономикалық табиғатын, мәні мен мазмұнын зерттеу оны мезо және микроэкономикалық деңгейлерде реттеу мен басқарудың теориялық және әдістемелік ережелерін қалыптастыруда үлкен маңызы бар. Сол сияқты, инновациялық және инвестициялық қызметтің өрістерін ажырату, инновациялардың өмірлік циклдарының сатыларын бөілп алу, инновациялардың жүйедегі мақсаттары мен міндеттерін анықтау оларды бағалау, талдау, реттеудің экономикалық негізделген әдістерін таңдап алуға мүмкіндік береді.

Инновация мәнін нақтылау инновациялық қызмет жүргізуде іс жүзіндегі қызмет барысында оларды ұқсастандыру үшін қажет.

Инновациялық қызметтің ұғымдық аппаратына жүргізілген жүйелеу кәсіпорындардың инновациялық үдерістерін реттеу мен қолдау жасаудың мемлекеттік жүйесін түзудегі әдістемелік ережелерді әзірлеудің теориялық негізі болып табылады.

1. Инновация үдерісінің жағдайы оның дамуының эволюциялануымен сипатталады. Инновация үдерісінің негізін келесі түрлер инновациясы құрайды: азық-түліктік, техникалық, технологиялық және ұйымдастыру-басқарушылық, олар жаңа өнім, техника, жабдықтар, технологиялар, басқарудың ұстанымдары, әдістері, модельдері мен ұйымдастырушылық қырларын қамтиды.

2. Инновациялық қызмет жаңа енгізілімдерді әзірлеу, іске асыру мен бақылау, сондай-ақ сатып-өткізілетін жобалардың экономикалық тиімділігі мен оның кәсіпорын техникасы мен технологияларының бәскеге қабілеттігін арттыруға ықпалын бағалауды білдіреді.

3. Инновациялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері келесі негізгі бағыттар арқылы жүзеге асырылады: инновациялық жобаларды іске асырудың жаңа әдістемелерін игеру; жаңа отандық және шетелдік шаруашылық серіктестерін табу; өнімнің өткізудің жаңа түрлері мен қызметкерді іріктеу және оның жұмысын бағалаудың жаңа әдістемелері; қызметкерлер еңбегінің дәйектемесі мен ынталандырудың жаңа жүйелері; кәсіпорынның жаңа филиалдары, қоғамдастықтарын, құрылымдық бөлімшелерін ашу.

4. Ғылыми білімдер мен технологияларды ұлттық шекара шегінде өндіру және коммерциялық өткізумен шұғылданатын өзара байланысты ұйымдар жиынтығын білдіретін инновациялық жүйе келесі факторлардың ықпалымен қалыптасады: табиғи және еңбек ресурстарының қолда болуы, көлемі; мемлекет институттарының тарихи өркендеу ерекшеліктері; кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру-құқықтық түрлері.

Инновациялық саясатты дәйекті түрде жүргізу - құрылымдық саясаттың аса маңызды құрамдасы, оның мақсаттарына жетудің қажетті шарты болып табылады.

1. 2 Теміржол көлігінде инновациялық қызметті басқарудың әдістемелік негіздері

Инновациялық үдеріс көптеген қатынасушыларды және қызығушылық танытқан мекемелерді қамтиды. Ол мемелекеттік және мемлекетаралық деңгейлерде, аумақтық және салалық өрістерде, жергілікті (әкімшілік) құрылымдарда өткізіледі. Барша қатынасушылардың өзіндік мақсаттары бар, олар сол мақсаттарға жету үшін өздерінің ұйымдастыру құрылымдарын құрады. Ең алдымен, кәсіпорында әртүрлі ұйымдастыру нысандарын қарастыру керек. Кәсіпорын ішіндегі қызметке қатысушыларды бөліп алудан бастап, арнайы инновациялық бөлімшелер құруға дейін қарастыру қажет.

Ірі және майда ұйымдарда инновациялық белсенділік әртүрлі болады, бұл олардың арнаулы уәкілдігіне, мақсаттары мен стратегиясына сәйкес келеді.

Сондықтан корпорациялар өз айналасына шағын инновациялық фирмалар құрып, олардың басшыларын арнайы инкуботорлық бағдарламалар арқылы оқытып дайындайды. Мұндай ұйымдар инкубатор-фирмалар түрінде болады. Жаңа күрделі өндірістік өнімдер мен технологиялардың таралуы кейде франчайзинг немесе лизинг ұйымдастыру түрінде өтеді.

Өндірістің құрылатын және жұмысын бастау кезеңдері көп мөлшерде қаржыландыруды талап етеді, бірақ олардың сатылу қабілеті, біріншіден- ҒЗТҚЖ-ды өткізу кезеңдерінде және жобаның маркетингті бағалануында, екіншіден жаңа енгізілімдер диффузиясының тездігіне тәуелді.

Экономикалық тәжірибеде жаңа енгізілімдердің ілгері жылжытуының негізделінген екі әдістемесі бар «вертикалды» және «горизонталды».

Вертикалды ілгері жылжыту барысында жаңа енгізілім айналымы (цикл) бір ғана мекемеде, бөлімшеден бөлімшеге ауысып, жаңа енгізілім қызметінің дара кезеңдерінде жеткен нәтижесін көрсетіп жинақталады. Бірақ бұл әдістеменің қолданылуы тым шектелген. Немесе, бұл үшін мекеме бүкіл өндірістік айналымды біріктіретін оған қоса нәрсеге сатылғанынан кейін қызметін көрсететін дәрменді концерн болуы тиіс. «Вольво» концернін мысалға келтіруге болады, ол өзінің шеберханаларының жабдықталуын қолынан шығармай келеді. Немесе, мекеме арнайы әртүрлі құрамдас бөліктерісіз (мысалы, жаңа химиялық немесе фармакологиялық заттар) өнімдерінің азғантай түрін, зерттеп шығаруға тиісті.

Коммерциялық трансферттің ерешеліктері: өндіріс меншігінің құқығын қорғаудың қабылданған жүйесінен қолдау алатын монополизациялаудың өте жоғары деңгейі, соның салдарынан сатып алушының тұғыры әлсіз болады (тұтынушылар рыногынан өзгешелігі бұл сатушы рыногы) ; пайданың жоғары мөлшері (бағасы мен құны арасындағы үлкен алшақтық) ; импортер - елдер (дамушы елдер) мен мемлекеттерге асимметриялық бөлу, олар бірдей импортер да, экспортер да болып табылады (дамыған елдер) ; көпұлтты корпорациялар ішінде технологиялық трансферттердің үлкен көлемі.

Технологияны сату - инновациялық тауарды немесе технологияны ұсынып, оны бекіте алатын кәсіпорынның рынокқа енуінің негізгі құралдарының бірі. Мұндай ену көбіне мыналарға байланысты: тауарлы экспансияға, яғни, құрал-жабдықтар жеткізу, кәсіпорынды «кілтін тапсыруға дейінгі» салып беру, сатушыға қосымша пайда әкелетін шикізаттар, жинақтаушы бұйымдар, материалдар, жартылай фабрикаттар жеткізуге арналған бірге жүретін келісімдер, нарықта бірге жүретін білім және консалтингтік қызметтерді бекіту. Технология экспорты шетелден алынған патенттер санына тікелей пропорционалды. Сондықтан технологияларды беру келісім-шарттарын жасау көбіне инновацияны шет елдерде алдыңғы патенттеу нәтижесі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көліктегі сервистік қызметті жетілдіру
Инновациялық гранттардың қаражаттары
Жолаушылар тасымалындағы қызмет көрсетуді басқару
Жүк тасымалдаудың қаржы экономикалық көрсеткіштері
Жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын басқару жүйесі және мәселелелері
Маманданған жүк стансасы
Көліктегі полиция қызметі
Еңбекақының шығындар есебі
Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасын басқару
Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасы және шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz