ИСЛАМ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ ИСЛАМ БАНКИНГІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ6
1. ИСЛАМ БАНКИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ10
1. 1. Ислам экономикасының жəне ислам банкингінің саяси-экономикалық негіздемелері10
1. 2 Ислам банкингке сай келетін банктік өнімдер мен қызметтердің мәні мен түрлері22
2. ИСЛАМ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ ИСЛАМ БАНКИНГІ30
2. 1. Ислам банктерінде қалыптасқан этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған корпоративтік басқару негіздері30
2. 2. Қазақстанда ислам банкингті енгізудің негіздері34
3. ҚАЗАҚСТАНДА ИСЛАМ БАНКТІК ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ39
3. 1. Қазақстан нарығында ислам банкингі мен қаржысын енгізу мәселелері39
3. 2 Қазақстан нарығында жаңа банктік өнімдер мен қызметтердің даму мәселелері44
3. 2. Жаңа банктік өнімдер мен қызметтерді жетілдіру жолдары48
Билік ислам құнды қағаздарын шығарып, жол көрсетпек ниетте48
3. 3. Қазақстанда ислам банкингі даму жолдары49
3. 4 Қаржы жүйесінің келешегі - ислам банкингінде56
ҚОРЫТЫНДЫ62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ65
КІРІСПЕ
Өндірістік күштердің қазіргі заман талабына сай даму деңгейі банктік сектордан өз клиенттеріне- өндірістік, сауда-саттық және басқа да кәспорындар мен ұйымдарға, сонымен бірге тұрғылықты халыққа көрсетілетін қызметтердің аса үлкен санын ұсынуды талап етеді. Соңғы 10-20 жылда банктік іс бірқатар дамыған елдерде сапалы түрдегі жаңа деңгейге шықты. Бұл деңгей, жекеше түрде алғанда, тұрғындардың көп бөлігін банктік қызметтер мен қамтуды болжалдайды.
Нарықтық қатынастар жүйесіне өтүмен банктік істегі өзекті мәселелердің біріне комерциялық банктердің опероциялардың жалпы жиынтығындағы банктік қызметердің рөлі мен орнын, сондай-ақ жаңа қызметтердің пайда болуы мен даму себептерін, сонымен қатар олардың банктердің табыстылығы мен өтімділігін талдау мәселесі айналды. Бұл сұрақтарға жауаптарды іздестіру біздің елде банктік істің дамуына және де банктік қызметтердегі мемлекет пен экономика субъектілерінің қажеттіліктерін толығырақ қанағаттандыруға ықпал етеді.
Қазақстан әлемдегі беделді қаржы институттарының бірі - Ислам Даму банкіне 1995-жылы мүшелікке қабылданған. Содан бері аталмыш халықаралық қаржылық институт Қазақстан экономикасын жаңалау мен дамытуда зор қолдау көрсетіп келеді. Банк еліміз экономикасына 90 млн. доллардан астам қаржы құйды. “Әсіресе еліміздегі денсаулық сақтау және білім беру саласын қаржыландыруға жасаған қолдауы айрықша алғысқа лайық”, - деп атап өткен болатын кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Ислам Даму банкінің арнаулы несиелік желілері бойынша шағын және орта бизнесті дамытуға бөлген қаржысы оңды нәтиже беріп отыр. Ислам Даму банкінің еліміздегі коммерциялық банктермен ынтымақтастығын “жақсы бастама” деп атаған Н. Назарбаев сонымен бірге Қазақстанның осынау халықаралық қаржылық институттың арнаулы бағдарламалары мен институттарына атсалысуын “болашағы бар қадам” ретінде бағалаған еді. Инвестициялар мен экспорттық несиені сақтандыру, сондай-ақ, жеке меншік секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясының қызметін жандандыра түсуін айрықша пайдалы қадам деп білеміз”, - дегентін президент.
Бірінші бағыт іс жүзіндегі операциялармен қызметтердің түрлерін сапалы түрде жетілдірумен байланысты болды. Осылайша, несиелендіру аясында көптеген банктер қарыздардың жаңа түрлерін енгізді, соның ішінде кедесідей жеке клиенттер үшін де,
- қарыз алушы өзінің ескі үйін сатқанға дейін жаңа үйді сатып алуға жеке тұлғаға берілетін қарыз;
- өзі иелік ететін үйді қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырған үй иесіне ұсынылатын үйді жақсартуға берілетін қарыз;
- өзі иелік ететін қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырған үй иесіне ұсынылатын үйді жақсартуға берілетін қарыз;
- тұтынушылық мақсаттарға, жеке несиелік жоспардың жасалуына берілетін қарыз;
- уақыт өте өтелуге берілетін қарыз;
- шартталмаған мақсаттар мен т. басқаға жеке тұлғаға берілетін қарыз.
Банктік қызметтер нарығын дамытудың екінші бағыты клиенттер үшін ертеректе жүргізілмеген, потенциалды түрде жаңа операцияларды банктердің іздестіруі мен дамытуына негізделді.
Бұл бағыт, уақыт өте, көптеген банктердің жүргізетін саясаттарының негізгі буынына айналды.
Елде жүргізілген экономикалық реформа банктік істің дамуындағы жаңа сатыны ашты. Нарыққа өту шарттарындағы ерекше өзектілікті біздің елде банктік қызметтер мен өнімдердің даму болашағының сұрақтары алды.
Кең клиентурасы бар банктік операциялардың тиімді түрдегі икемді жүйесі ішкі жинақтардың мобилизациясына ықпал ете алады. Және де ықпал етуге тиіс. Бұл байланыста маңызды мағынаға өзгермелі экономикалық қалыптасқан қажеттіліктеріне әсер ете алатын икемді банктік қызмет көрсету иелік етеді. Банктік операциялар нарығындағы бәсекелестік, сондай-ақ банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипаттамаларына әсер етеді.
Осы және бірқатар басқа да операциялар өнімдері және қызметтер дипломдық жұмыс барысында дәлірек сипатталады.
Аталған мәселенің маңыздылығы мен өзектілігі ислам банктердің нарықтық экономикада қаржылық, делдалдар болып табылатындықтарын да бекітіледі. Қызмет көрсету барысында олар, ақша нарығында тауарға айналатын жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасап шығады. Осылайша, клиенттердің салымдарын ала отырып, банк жаңа міндеттеме-депозит, ол қарызбере отырып-қарыз алушаға жаңа талап жасап шығарды. Жаңа міндеттемелер мен жаңа талаптарды құрудың бұл процессі қаржылық делдалдылықтың негізі б. т. Тұрғылықты халыққа қызмет көрсететін банктердің ролін белсендету мәні банктік қызмет көрсету клиенттерінің қажеттіліктерін аса толығырақ қанағаттандыруға максималды әсер етуге, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік операциялар секторын кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге ең аз шығындар жасау жолы арқылы әрекеттесуде болады. Жоғарыда аталған фактінің өзі менің дипломдық жұмысының тақырыбының нарыққа өту шерттарында жаңалығын және өзектілігін айқындайды.
Берілген жұмыстың теоретикалық және тәжірбиелікнегізі болып біздің ел мен шетелдегі қосарлы мәселелер бойынша экономистердің зерттеу материалдары, Қазақстанның және ислам елдерінің коммерциялық банктерінің жұмыстарын талдау процессінде алынған материалдар, және де кезеңдік әдебиеттер басылымдарының статистикалық материалдары мен мәліметтері алынған. Осылайша, ислам банктік қызметтердің ролі өте маңызды, олар нақты түрде қоғамның барлық қаржылық капиталын басқарады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып екінші деңгейлі ислам банктер ұсынатын қызметтер мен өнімдердің тікелей жаңа түрлері табылады.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты ҚР-ның коммерциялық ислам банкингтің клиенттерге ұсынатын жаңа өнімдері мен қызметтерінің мәні мен мағынасын ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың тапсырмалары:
- Ислам банкингтің өнімдері мен қызметтерінің мән-мағынасын анықтау, Қазақстанда және шетелде қазіргі кезде қолданылатын жаңа қызметтер мен өнімдермен оларды салыстыру;
- Қазақстанда ашылған ислам банктің мысалында жаңа банктік өнімдер мен қызметтердің қолданылуын қадағалау;
- Жаңа өнімдер мен қызметтердің даму мәселелерін анықтау және де өнімдер мен қызметтердің мәселелері мен артықшылықтарының арасында паралель жүргізу және де соның негізінде оларды жетілдіру жолдарын анықтау.
Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ИСЛАМ БАНКИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Ислам экономикасының жəне ислам банкингінің саяси-экономикалық негіздемелері
Соңғы кездері қазақстандық (бұрын - ресейдің жəне əлемдік) бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде, банк жəне тіпті үкімет төңірегінде ислам банкингі тақырыбы белсенді түрде талқылана бастады. 2007 жылғы мамырда ҚҚҚ, ИДБ, ҚҚА, «БТА Банк» АҚ жəне Emirates Islamic Bank ҚР ҰБ, ҚР ИСМ жəне АӨҚО ҚРА-ның қолдауымен «Ислам банкингі жəне Қазақстандағы қаржы» конференциясын өткізді. «БТА Банк» АҚ жəне БАƏ-нен Emirates Islamic Bank Қазақстанда шариғаттың қағидаттары бойынша жұмыс істейтін банк құруды жоспарлады. 2008 жылғы наурызда Эмир Катардың ресми сапары шеңберінде Қазақстан тарапынан «Қазына» РБҚ өкілдік етуге тиісті бірлескен ислам қаржыландыру банкін құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. ҚҚА-да республикада ислам банкингін жəне қаржысын ендіру жөніндегі мəселелерді шешу жəне іс-шаралар жоспарын əзірлеу үшін ведомствоаралық топ құрылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін жəне ислам қаржыландыру ұйымын ұйымдастыру жəне олардың қызметі мəселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңның жобасы əзірленуде, ал ҚР Ұлттық Банкі ислам қаржыландыру құралдарының бухгалтерлік есебін жүргізудің əдіснамасын пысықтауда.
Мақалада ислам экономикасының жекелеген теориялық аспектілері ислам банкингінің Қазақстанда қалыптасуы мен дамуының ғылыми іргетасы ретінде қаралды жəне қазақстандық экономика ғылымы үшін осы жаңа ұғымды саяси-экономикалық зерделеуге ұмтылыс жасалды.
Баспасөз бетінде атап айтылғандай, соңғы жылдары ислам банкингі бизнестің төменгі сатысынан қаржы нарығының, оның ішінде ислам əлемінен тысқары барынша қарқындап өскен бөліктерінің біріне айналды. Мəселен, Inertnational Financial Service, London (IFSL) баяндамасына сəйкес, Ұлыбритания Батыс Еуропада жетекші ислам қаржы орталығы болып табылады. Бүгінгі күні əлемде 300 астам исламдық коммерциялық банк тіркелген. Олардың капиталының жиынтығы əлдеқашан 500 млрд. долл. асып кетті, ал жыл сайынғы өсу қарқыны кемінде 10-15% құрайды. Ислам банктері БАƏ, Иранда, Кувейтте немесе Египетте ғана емес, олардың Данияда, Германияда, Францияда жəне Батыс Еуропаның басқа да елдерінде, сондай-ақ Канадада, Жапонияда, Қытайда, АҚШ-та, Түркияда, Əзірбайжанда офистері бар. Қазіргі кезде шариғат нормаларына сəйкес Сингапурдың, Малайзияның жəне Гонконгтың банк жүйелері белсенді дамуда.
Ислам қаржыландыруы шариғаттың қағидаттарын негізге алатыны белгілі. Құранда өсімқорлыққа тыйым салынады, шариғат бойынша берілген кредитке кез келген пайыздық (номиналдық, жай жəне күрделі, белгіленген немесе өзгермелі) алым алуға рұқсат етілмейді.
Кредиттеуден кіріс алу үшін қаржы институты кəсіпорынның тəуекелдері мен сыйлықақыларын толықтай бөле отырып, үлестік қатысушы болуға тиіс, не саудаға қатысуға жəне тауардың сатып алынатын өзіндік құны мен тауар сатылатын баға арасындағы үстемені ала алады. Заңды жəне жеке тұлғалардың депозиттеріне де сол сияқты пайыз есептелмейді. Шариғат заңы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетудің белгілі бір түрлері (мысалы, алкоголь, темекі, қару-жарақ, ойын-сауық бизнесі, жыныстық қатынас қызметін көрсету жəне т. б. ) кірмейтін сауда операциялары қаржыландырылады. Сауда келісім-шарттары əділдік қағидаттарына негізделуі тиіс жəне кез келген тараптың заңсыз баюын көздемеуге тиіс.
Ислам банкингінің дамуын жəне мұсылман əлемінен тыс жерлерге таратылуын экономистер, саясаткерлер жəне журналистер «дəстүрлі» (зиялы, нақтырақ айтқанда -капиталистік) қаржы жүйесінің баламасы ретінде қуана құптауда. Р. Уилсон атап айтқандай, «Ислам банкі - бұл қауіп-қатер емес, ең алдымен болашаққа деген үміт жəне оның болашағы бар… Біздіңше, ислам қаржы-банк жүйесі біздің алдымызда капитализмнің батыстық, қытайлық немесе ресейлік үлгілерімен тұтастай іс-қимыл жасайтын капитализмнің айрықша нысаны ретінде көрініс табады. Мұндай үрдісті тек қана құптауға болады».
Ислам экономикасының қағидаттары банктік жүйеге ғана емес, əр түрлі елдердің қаржы жүйесіне кеңінен енгізіле бастады: шариғаттың қағидаларына сəйкес жұмыс істейтін сақтандыру компаниялары, əр түрлі etc қорлары құрылды.
2007 жылғы екінші жартыжылдықта үдеп отырған, АҚШ-тағы ипотекалық кредиттеу дағдарысынан туындаған əлемдік қаржы дағдарысынан кейін ислам қаржы жүйесіне мүдделілік əсіресе айқын көрінді. Мұның өзі азия қаржы нарығының əлемдік қаржы коллапсы нəтижесінде болмашы дəрежеде зардап шегуіне де байланысты.
Сонымен қатар қазақстандық экономикалық əдебиетте, осы феномен бүкілəлемдік шаруашылықтың нақты дерегі ретінде сипаттауы бар барынша жан-жақты эмпирикалық материал бола тұрса да ислам банкингін экономикалық санат ретінде теориялық талдау жоқ деуге болады.
Ислам банкингінің экономикалық болмысын ұғыну үшін неғұрлым кең экономикалық ұғым - ислам экономикасының мазмұнына жүгіну қажет. Ағылшын тіліндегі шетелдік əдебиетте Islamic economics термині қолданылатындықтан, ғылыми көзқарас тұрғысынан алғанда ислам экономикасы туралы жалпы емес (қоғамдық шаруашылықтың ислам үлгісі ұғымының синонимі ретінде), атап айтқанда ислам экономикасының теориясы туралы айту дұрыс болады.
Ислам фундаментализмінің идеологиясы, теориясы жəне практикасы жөнінде шетелдік басылымдарда жарияланған көптеген зерттеулерде негізгі салмақ қазіргі заманғы əлемде осы барынша кеңінен тараған саяси, құқықтық, моральдық-этикалық жəне діни аспектілерге түседі. Бұл ретте, əдетте, саяси экономия мəселелері, сондай-ақ элементтері қандай да болмасын шамада Иран туралы айтпағанның өзінде Судан, Пəкістан, Сауд
Аравиясы сияқты елдерде жүзеге асырылатын исламизмнің экономикалық саясатының мəселелері көлеңкеде қалады.
Батыстық зерттеушілер тарапынан ислам фундаментализмінің экономикалық мəселелеріне жеткілікті көңіл бөлінбеуі қазіргі əлеуметтік тапсырыспен, атап айтқанда, батыс демократиясының дамыған елдері ең алдымен исламизмнің саяси жəне идеологиялық экспансиясының жалған немесе нақты қауіп-қатерден жəне ислам жауынгерлерінің халықаралық лаңкестігінен осы экспансияның көрініс беруіне аса қатты жауап қату нысаны ретінде үрейленуімен түсіндіріледі.
Бұл мəселе бойынша ұғымы толық қалыптаспаған қазақстандық оқырманды алатын болсақ, оның бұрынғы кеңестік дəуірден кейінгі кеңістік аумағында таралу қаупіне тең дəрежеде алаңдап отырған ресейлік дерек көздерінен теріп алынған ислам фундаментализмі туралы үзінді, қарама-қайшы жəне көп жағдайда алдын ала кесіп-пішілген саяси-экономикалық жəне политологиялық материалдарды əзірше қанағат тұтуға тура келеді. Бұл таралу қауіпті Москваның ресми топтары Ресейдің «өмірлік мүдделер аясына» енгізуге дайын.
Алайда бұл мəселеде ғылыми шындықтың үстемдік алуы үшін исламизмнің идеологиялық жəне теориялық қарсыластарының саяси ангажирленген жұмыстарын оқумен шектеліп қоймай, тікелей бастапқы дерек көздеріне, оның ішінде исламизмнің саяси экономиясының теоретиктерінің еңбектеріне назар аудару қажет. Осындай жолмен ғана экономикалық исламизм туралы толық, объективті мағлұмат алуға жəне оның дерек көзін, теориясын жəне саясатын талдауға болады.
Ислам экономикасы институтын батыстық зерттеулерден айырмашылығы мұсылман (араб, азия etc) елдерінде бұл тақырып бойынша жан-жақты материалдар жеткілікті жинақталған. Ислам экономикасы теориясының проблемасын зерделейтін ресейлік экономистердің ішінде Р. И. Беккин, А. Ю. Журавлев, Г. Ф. Нуруллина жəне басқа да авторларды атап айтуға болады.
Оған қоса, ресейлік зерттеушілердің ислам экономикасы проблемасына көңіл бөлуі балама парадигма, ал кейбір жағдайда дағдарысты бастан кешірген маркстік саяси экономияның қисынды жалғасы ретінде қаралатын институционалдық бағыт аясындағы экономикалық ойды дамытудың жалпы үрдісіне де байланысты. Институционалдық экономикалық теорияның ізбасарлары Қазақстанда да бар.
«Ислам экономикасы» терминін алғашқы рет мұсылман (үнді) теоретигі С. М. А. Гилани 1947 жылы ғылыми айналымға енгізді. Алайда қазіргі заманғы экономистерге сол кездерден бері қарайғы уақытта мұсылмандық экономикалық əдебиетте жалпыға ортақ бірегей жəне айқын анықталған «ислам экономикасы» деген ұғымның ұсынылмағанын атап айтуға тура келеді. Р. И. Беккин атап айтқанындай, мұсылмандық экономистер қалыптастырған айқындама, «…көп жағдайда сыңаржақтылығымен қолайсыз болып табылады жəне ислам экономикасының капиталистік немесе социалистік экономикадан айырмашылығы қандай екендігі туралы айқын түсінік бермейді».
Мəселен, «Тұран - Астана» университетінің ректоры профессор У. Ж. Алиев былай деп жазады: «Қазіргі кезде шетелдік жəне отандық теоретиктердің арасында бірқатар теориялық пəндерді, атап айтқанда: «институционалдық экономика», «даму экономикасы», «компаративистика», «Эволюциялық экономика», «эксперименталдық экономика», «ауыспалы экономика» немесе «ауыспалы экономиканың теориясы» жəне басқаларын негіздеуге талпыныс бар. Олардың ішінде классикалық саяси экономияның дəстүрлерін жалғастырушы ретінде «əлеуметтік экономия» маңызды орын алады».
Қараңыз: Ресейлік сол автор «…шариғатқа сəйкес келетін қандай да бір идеология, іскерлік мінез-құлыққа қатысты көзқарастардың қалыптасқан жүйесі бар екенін, бірақ тұтастай алғанда экономика ауқымында осы механизмді қалай қолдану туралы айқын пікір жоқ.
Басқаша айтсақ, жүйенің элементтері қалай жұмыс істейтіні туралы түсінік бар, бірақ осындай жүйе тұтас қалай жұмыс істейтіні туралы ұғым жоқ. Сонымен қатар, ислам экономикасы өзінің макроэкономикалық мақсаттары үшін микроэкономикалық негіздерді қажет етеді» деп жазады.
Соңғы тұжырыммен дауласуға болады. Мəселе мынада, ислам экономикасы, атап айтқанда, микроэкономикалық деңгейде əлемдік қаржы кеңістігінде өзінің нақты іске асырылу нысаны - ислам қаржыландыру жəне ислам банкингі тетіктері арқылы табысты өрістейді, оның макроэкономикалық, жүйелік-шаруашылық аспектісі туралы бұлай айта алмаймыз. Жоғарыда келтірілген, шырғалаңы жеткілікті цитатадан автор шын мəнінде онда айтылғанға керісінше - ислам экономикасының макроэкономикалық негіздерінің жоқ екеніне түсінік береді.
Қаржы-кредит саласындағы макроэкономика орталық банктердің ақша-кредит саясатында шоғырландырылған ұғымға ие болатындықтан, de facto ислам экономикалық саясатының макроэкономикалық негіздерін жоққа шығару ислам экономикасы елдерінің орталық банктерінің монетарлық стратегиясын да мойындамауды білдіреді. Сонымен қатар, ислам бағдарындағы орталық банктердің саясатына жəне жұмыс істеуіне арналған бірқатар теориялық жарияланымдар бар.
Аталған жарияланымдарды талдау басты проблема олардың мазмұнында емес, басқада, атап айтқанда - зерттеу методологиясының қателігінде болып табылатынын көрсетеді. Интернетте жарияланған осы теориялық құрылымдардың көбіне бірікпейтін - базалық монетарлықты жəне «экономикс» неоклассикалық қағидаттарды жəне ақша теориясына шариғаттық тəсілдерді біріктіруге тырысудан көрінетін қисындық қарама-қайшылық пен эклектицизм тəн. Бұл ретте кредиттеудің жоғарғы шегіне шектеу қоятын жəне атап айтқанда, Иранда неғұрлым табысты қолданылатын, пайыздық ставкаға, сыйақыға (мүддеге) негізделген орталық банктердің дəстүрлі құралдарын ауыстыруға арналған Мушаракаа сертификаты (пайда нормасы құралдары), агрегирленген ақша құралдары сияқты ұғымдар қолданылады.
Ислам экономикасы жағдайында орталық банктердің ақша-кредит саясаты теориясын жəне практикасын зерделеу проблеманың ауқымдылығы жəне тартымдылығы тұрғысынан алғанда өз алдына бөлек мақаланың тақырыбы болып табылады. Бұл жерде ислам экономикасының дефинициясына қайта оралған дұрыс.
Ислам экономикасының негізгі міндеттері, М. Н. Сиддикиға жүгінсек, барлық адамдардың: тамаққа, киімге, баспанаға, медициналық күтімге жəне білімге негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру; бірдей мүмкіндіктер беру; байлықты шоғырландыруды болдырмау жəне кіріс пен байлықты бөлудегі теңсіздікті жою; барлығына бірдей рухани өзін өзі жетілдіруге мүмкіндік беру; жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыру үшін тұрақтылықты жəне экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады».
А. Ю. Журавлев мынадай лапидарлық анықтама береді: ислам экономикасы - «бұл мұсылмандардың қоғамның шаруашылық өмірін ұйымдастыру қағидаттары мен механизмдеріне көзқарастарының жүйесі».
«Осылайша, - деп, Р. И. Беккин бар айқындауларды жинақтайды, - біз ислам экономикасын сипаттай аламыз, немесе, дұрысында, ислам экономикасының үлгісін мұсылмандық құқық нормаларына жəне қағидаттарына сəйкес шаруашылық жүргізу жүйесі ретінде сипаттай аламыз … Тиісінше, осы феноменді зерделейтін ғылым да сондай-ақ ислам экономикалық ғылымы деп аталуы мүмкін».
Экономистер ислам экономикасын дəстүрлі түрде қоғамның дамуын формациялық кезеңдеудің тұрғысынан қарайды (капитализм - социализм) жəне оны орта бөлікке «орналастырады», бұл төменде көрсетілгендей, аса дұрыс емес. Ислам экономикалық үлгісінде капиталистік жəне социалистік шаруашылық жүргізу жүйелерінің кемшіліктерін жеңуге болады делінеді.
Р. И. Беккиннің пікірі бойынша, ислам экономикасының баламалылығы онда капиталистік қана емес, сонымен қатар социалистік экономиканың ортақ белгілері бар екендігін жоққа шығармайды. «Демек, ислам экономикасын базалық қағидаттары, тиісінше социализмнің жəне капитализмнің белгілі бір даму сатыларында шаруашылық жүргізудің кейбір социалистік жəне капиталистік əдістеріне қайшы келмейтін шаруашылық жүргізу жүйесі ретінде сипаттауға болады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz