Республика Президентін қызметінен босату туралы Мәжіліс қозғаған мәселені қарастыру және оның нәтижесін Палатаның бірлескен отырысының қарауына шығару


Мазмұны
Кіріспе
1 Қазақстан Республикасының конституциялық құқықтық мәртебесі және
оның қалыптасу реті
- Қазақстан Республикасының Парламенті: құрылымы, жұмыс
органдары
- Үкіметтің дәрежелік орны
- Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметінің
іс-әрекет перспективалары
2 Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметінің өзара
іс-қимылының конституциялық негіздері
2. 1 Заң шығару процесіндегі өзара бірлескен іс-қимыл
2. 2 Бюджеттік саладағы өзара бірлескен іс-қимыл
2. 3 Үкіметтің қызметіне деген Парламенттің бақылауы
Қорытынды
Пайдаланылған дереккөздер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің соңғы он жылдағы қол жеткізген экономика мен саясаттағы айтарлықтай табыстары көбінесе Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметінің арасындағы сындарлы (конструктивті) диалогтың арқасында мүмкін болған. Конституция билікті бөлу принциптерін орната отырып, тек мүмкін деген теріс пайдалануды немесе аталған осы органдардың тіпті бүкіл мемлекеттік билікті озбырлықпен басып алуды болдырмай ғана қоймайды, сонымен қатар ортақ мақсатқа қол жеткізу жолында олардың өзара ынтымақтастығы үшін қажетті жағдайды жасайды.
Қазақстанның Парламенті заң шығаратын қызметті жүзеге асыратын республиканың жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Үкіметке мемлекеттің барлық істерін басқару, яғни осыған ұқсас деңгейде атқарушылық өкілеттікті іске асыру жүктелген. Негізгі Заңмен Парламент пен Үкіметтің қызметінің құзіреттілігі және саяси-құқықтық негізі анықталған, бұл дегеніміз мемлекеттік міндеттерді шешуде өкілеттілік пен кәсіби басқарудың рөлін ашып беруге, олардың бірлескен жұмысында органдардың әрқайсысының орнын түсінуге мүмкіндік береді.
Ғылыми жаңашылдығы мен қолдандалық маңызы. Олардың мәртебесіне, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың жалпы принциптерінен шыға отырып, Парламент пен Үкіметтің өзара қарым-қатынасы, олардың арасындағы бар конституциялық тежемелік пен тепе-теңдікті парламенттік органның негізгі заңдылықтары тұрғысынан қараған жөн болады.
Зерттелу деңгейі. Бұл жұмыста көрсетілген мәселелер Зиманов С. З., Ким В., Сапаргалиев Г., Сафинов К. Б. ғалымдар арасында дисскусия тудырды.
Зерттеудің мақсаты. Атқарушылық биліктің жоғарғы органының жұмысына деген Парламенттің бақылауын жүргізу саласындағы Үкімет пен Парламенттің өзара қарым-қатынасын тек тікелей функционалдық мағынасында ғана емес, сонымен қатар олардың арасындағы бар конституциялық тежемелік пен тепе-теңдік жүйесінің маңызды элементі ретінде қарастыру қажет.
Зерттеудің міндеттерің атап айтқанда бұндай заңдылықтар тұрғысынан қарау болып табылатындар:
1) заң шығару қызметі;
2) мемлекеттік бюджетті қабылдау және оның орындалуы (бюджеттік саладағы өзара бірлескен іс-әрекет) туралы есеп беруді бекіту;
3) Үкіметтің қызметіне деген Парламенттің бақылауы.
Бұндай жағдайда, жекелей алғанда бұндай бөлу шартты болады, себебі олардың қызметінің аталған түрлері функциональдық-құзіреттілік мағынада өзара тығыз түйісетіндігін бірден айту қажет. Мысалы, елдің бюджеті заң формасында қабылданады, ал бюджеттің орындалуына деген бақылау заңдарды орындау бойынша министрлер кабинеті жұмысының шегінде Парламенттің жалпы бақылаушылық қызметінен бөлініп алынбайды.
Зерттеудің объектісі ретінде қабылданған заңды іске қосудың мерзімін қысқарту тұрғысынан алғанда барынша табысты болып танылатындар ол заңдар мен оған қатысты актілерді қолдануды қамтамасыз етуші оларды бір мезгілде дайындау бойынша Парламент пен Үкіметтің жоспарлы және келісілген жұмысын ғылыми тұрғыда зерттеу болады.
Теориялық және әдіснамалық негізі. Дипломдық жұмысты жазу барысында ізденуші Парламент пен Үкіметтің заң шығару саласындағы өзара бірлескен іс-қимылы жоғарғы халық өкілеттілігі органының еркі атқарушылық билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың стратегиялық және ағымдағы міндеттерімен қатысты теориялық еңбектерді саралаудан өткізіп, толық пайдалануға ұмтылды. Зерттеу жұмысында қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы әдістер жүйесі: диалектикалық, салыстырмалы, функционалды талдау, жүйелеу, синтездеу, статистикалық тағы басқа әдістер басшылыққа алынды.
Деректік негізі. Практикалық жағынан алғанда бұл принцип мемлекеттік билік органдарының құқықтық мәртебесін айқын анықтауды, олардың арасындағы қызмет пен өкілеттілікті тиімді бөлуді білдіреді. Бұндайда органның бірде біреуіне билік формальды түрде тиісті болмайды, оның құрылтайшысы рөлінде болатын халықтың тапсырмасы бойынша ғана олар іске асырылады.
Бұл жұмыс екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының конституциялық құқықтық мәртебесі және оның қалыптасу реті, оның ішінде Қазақстан Республикасының Парламенті: құрылымы, жұмыс органдары, Үкіметтің дәрежелік орны, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметінің іс-әрекет перспективалары толық қарастырылған; екінші бөлімде Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметінің өзара
іс-қимылының конституциялық негіздері оның өзі бірнеше сұрақтарды қарастырады: заң шығару процесіндегі өзара бірлескен іс-қимыл, бюджеттік саладағы өзара бірлескен іс-қимыл, Үкіметтің қызметіне деген Парламенттің бақылауы. Сондай - ақ қолданылған әдебиеттер мен заңдардың ауқымы кең.
1 Қазақстан Республикасының конституциялық құқықтық мәртебесі және оның
қалыптасу реті
1. 1 Қазақстан Республикасының Парламенті: құрылымы, жұмыс органдары
Қазақстанда екі палаталы Парламент жұмыс істейді, ол тұрақты негізде жұмыс істейтін Сенат пен Мәжілістен тұрады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің құрамын анықтай отырып, Конституция оның Палаталарын қалыптастырудың тәртібін, депутаттардың мәртебесін, жұмыс органдарын бекіткен болатын.
Парламент Палаталарын қалыптастыру әр түрлі жолмен жүреді. Конституцияның 51-бабының 2-тармағына сәйкес Сенат депутаттары жасырын дауыс беру кезінде жанама сайлау арқылы сайланады, ал жеті депутатты Парламент өкілеттігі мерзіміне тікелей Республика Президенті тағайындайды.
Сенат депутаттарына кандидаттарды ұсыну облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың), қалалық, аудандық мәслихаттардың сессиясында жүргізіледі. Саяси партиялар мәслихаттардағы өздерінің өкілдері арқылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутаттыққа кандидаттарды ұсынады. Бұндай жағдайда бірнеше маслихаттардан бір кандидат ұсынылуы мүмкін. Сол сияқты кандидаттарды ұсыну өзін-өзі ұсыну тәртібінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Конституцияның 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының әрбір облыстарынан, республикалық маңызы бар қалалары мен астанадан екі кандидаттан сайланады. Бұл дегеніміз облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасы мәслихаты депутаттарының жалпы санының кем дегенде 50 пайызы қатысқан кезде заңды болып табылатын мәслихат депутаттарының бірлескен отырысында сайлаудың жүргізілетіндігін білдіреді. Сайлаушылардың немесе бір мандатты территорлық сайлау округы бойынша дауыс беруге қатысқандардың елу пайыздан аса дауысын жинаған кандидат сайланған болып есептелінеді. Егер де кандидаттардың бірде біреуі аталған дауыс мөлшерін жинамайтын болса, онда қайталап дауыс беру өткізіледі, оған барынша көп дауыс жинаған екі кандидат қатысады. Қорытындысында сайлаушылардың немесе дауыс беруге қатысқандардың көп дауысын жинаған кандидат сайланады.
Сайлау өткізілмеген немесе шынайы емес деп таныған жағдайда, сондай-ақ екі кандидаттың даусықа түсуі кезінде олар сайланбаған болса, Орталық сайлау комиссиясы қайталап сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.
Алайда Сенаты құруда оның кейбір ерекшеліктері бар. Сенат депутаттарының жартысы 3 жылға, ал депутаттардың екінші бөлігі 6 жылға сайланады. 3 жылға сайланған депутаттар өкілеттілік мерзімі біткен соң егер өзінің тұрақты тұратын жерін өзгертпеген болса қайтадан Сенатқа сайлануға ұсыныс жасауына болады. Тұратын жерін өзгерткен жағдайда депутаттар өзінің кандидатурасын қайталап ұсына алмайды, себебі, республика Конституциясына сәйкес бұл құқын жоғалтады. Бұндай жағдай 6 жылға сайланған Сенат депутаттарына да қатысты болады.
Осының нәтижесінде Сенатқа 32 депутат сайланады, 7 депутатты тікелей Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Түптеп келгенде Сенатқа 39 депутат сайланады.
Сенат депутаттарына қарағанда Мәжіліс депутаттары жалпыға ортақ, тең және тура сайлау құқығымен жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады. Алпыс жеті депутат Республиканың әкімшілік-территориялық бөлінуін есепке алып құрылатын және сайлаушылардың мөлшермен тең саны бойынша бір мандатты территориялық сайлау округы бойынша сайланады. Он депутат теңбе-теңдік өкілеттілік жүйесі бойынша партиялық тізім негізінде және біртекті жалпы ұлттық сайлау округы бойынша (Конституцияның 50-бабының 3-тармағы) сайланады.
Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы саяси паритяларға, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібінде азаматтарға тиесілі болады.
Партиялық тізім негізінде Мәжіліске сайлау қорытындысы бойынша депутаттық мандатты бөлісуге дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кем дегенде жеті пайыз дауыс беруін жинаған саяси партияларға рұқсат беріледі.
Саяси партиялар өздерінің кандидаттарын біртекті жалпы ұлттық сайлау округі территориясы бойынша ұсынады. Бұндайда әрбір сайлау округынан Мәжіліс депутаттығына тек бір ғана кандидат ұсынылады, ол туралы саяси партияның жоғарғы органы мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігінің дауыс беруі арқылы тиісті шешім қабылданады.
Саяси партиялар ұсынған кандидат міндетті түрде оның мүшесі болуға тиіс, бұл туралы республиканың Конституциялық Кеңесінде тиісті түсініктеме бар. Атап айтқанда, «Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін сол партияның мүшесі болып табылмайтын адамды партиялық тізімге қосуға саяси партиялардың құқығы жоқ» [6] .
Екіден артық кандидатураны ұсынған кезде, олардың әрқайсы жеткілікті мөлшерде дауыс жинамаған болса, қайталап сайлау өткізу тағайындалады. Кандидаттардың біреуі шығып қалған кезде сайлау бюллетеніне көп дауыс алған келесі кандидат енгізілетін болады.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ел пайыздан аса дауысын жинаған не болмаса қайталап дауыс беру кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда сайлаушылардың көп дауыс беруін жинаған кандидат сайланған болып саналады. Мәжіліске барлығы 77 депутат сайланады.
Республика Парламенті депутаттарының мәртебесі: Кем дегенде бес жыл азаматтығы бар Қазақстан Республикасының азаматы оның азаматтықты алуының негізіне байланыссыз Сенат депутаты бола алады. «Тиісті адамға азаматтық беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылған күннен бастап азаматтықты қабылдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адам үшін Азаматтықта тұру мерзімі есептелінеді, ол туғаннан азаматтықта тұруы туу туралы куәлікпен расталынады» [7] . Жоғарғы білімі және кем дегенде бес жыл жұмыс өтілі бар отыз үшке толған тиісті облыстың территориясында, республикалық маңызы бар қалада не болмаса республика астанасында кем дегенде үш жыл тұрақты тұратын азамат. Жиырма бес жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы Мәжіліс депутаты бола алады.
Жоғарыда келтірілген жағдайларға қарамастан депутаттыққа кандидат белсенді сайлау құқығына ие болуға, яғни шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген қарым-қатынасына, сеніміне, тұрған жеріне немесе өзге жағдайларға қарамастан 18-жасқа толуы бойынша сайлауда дауыс беруге қатысуға құқығы бар болуы тиіс.
Парламент депутатының өкілеттігі оны Парламент депутаты ретінде республиканың Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәтінен басталады. Осыдан кейін Парламенттің бірінші сессиясында Парламент Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына ант береді.
Парламент депутаты қандай да бір тегеуірінді мандатпен, оның ішінде жазалаумен және тапсырмамен байланысты емес, Парламентте өзінің нанымы бойынша дауыс береді.
Алайда депутатқа бірқатар шектеулер қойылады. Мәселен, Парламент депутаты басқа өкілетті органның депутаты бола алмайды, өзге де ақы төленетін лауазымды иеленуіне болмайды, тек оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, басшылық жасаушы органның құрамына немесе коммерциялық ұйымдардың қадағалаушылық кеңесінің құрамына енуіне болмайды, бұлардың бәрі оның өкілеттігін тоқтатады.
Депуттатықтан кетуі, депутатты қызметке жарамсыз деп тапқан, Парламентті таратқан жағдайда, депутат болып сайланғаннан кейін азамат тастауға тиіс лауазымында жұмысын жалғастырған жағдайларда Парламент депутатының өкілеттігі тоқтатылады. Пардламент депутаты оған қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде немесе Қазақстан Республкасынан тыс жерген тұрақты тұратын жерге көшкен кезде өзінің мандатынан айырылады.
Парламент сессияларында қарастырылатын барлық мәселелер бойынша депутат құрамына кіретін оның органдарының отырысында депутат шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.
Парламент депутатына кең құқық берілген, олардың ішінде: Парламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмыс органдарына сайлауға және сайлану құқығына; қарастыру тәртібі және талқыланатын мәселенің мәнісіне орай сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер жасауға; Парламент Палаталарымен сайланатын немесе тағайындалатын лауазымды адамның кандидатурасы бойынша өзінің пікірін айтуға; Парламент Палаталарының бірлескен және бөлек отырысында қарастыру үшін ұсынылатын мәселелер бойынша Палата Бюросына ұсыныстар жасауға; Парламент қабылдайтын заңдардың, қаулылардың және басқа да актілердің жобаларына және басқаларға түзетулер енгізуге құқығы бар.
Депутат Парламенттің жұмыс органдарына сайлануы мүмкін, онда ол қатысуға міндетті және олардың қарауына кез-келген сұрақтарды және ұсыныстарды жасауға, қарастыруға сұрақтарды дайындауға, оны талқылауға және ол бойынша шешім қабылдауға, сондай-ақ қабылданған шешімді өмірге енгізуді, олардың орындалуына бақылауды ұйымдастыруға қатысуға міндетті.
Егер депутат Палата Бюросының, оның тиісті тұрақты комитеттерінің, Палата комиссиясының және оның Палаталарының құрамына кірмейтін болса, онда депутаттың сол сияқты аталған органдардың отырысына қатысуға, ұсыныстар жасауға, қарастырылатын сұрақтарды талқылауға және кеңесуші дауыс беру құқығымен шешім қабылдауға қатысуға құқығы бар.
Депутаттық сұрау салумен депутаттың ұйымдастыруға деген құқығы айырықша назар аударуға тұрарлық. Қазіргі жұмыс істеп тұрған Парламенттің бес сессиясы ішінде мыңнан аса бұндай сұрау салулар Премьер-Министрге, 400-ден аса - Бас прокурорға, 500-ден аса - Қазақстан Республикасының министрлеріне жіберілген. Бес сессиясы жұмысының барлық кезеңінде депутаттар 2349 депутаттық сұрау салу жіберіген [8] .
Палаталардың пленарлық отырысында лауазымды адамдардың ауызша жауаптарын тыңдау практикасын кеңейту Мәжіліс депутаттарының депутаттық сұрау салумен жұмысының ерекшелігі болып табылады. Парламент Мәжілісінің екінші шақырылымының депутаты С. Дьяченконың пікірі бойынша жұмыстың бұндай формасы депутаттардың бар проблемаларды көпшілікке жария түрде талқылауға салуына және оны шешуге себебін тигізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жауап берудің ауызша формасы лауазымды адамның проблеманы шешуге деген мүлдем жаңа тұрғыдан қарауын қалыптастырады, қызметтік міндеттерін орындауға деген жауапкершілікке және шығармашылық қарым-қатынасын ынталандырады [9] .
Парламент депутаттарының жауапкершілігі: Конституциямен жүктелген айырықша міндеттерді орындау депуттаттың арнайы мәртебесінің бар екендігіне дәлел болады. Осының нәтижесінде Парламент депутаты депутаттық иммунитетті пайдаланады, депутаттық иммунитеттің болуы тек қылмыс жасау орнында ұстау немесе ауыр қылмыс жасау жағдайларын қоспағанда өкілеттіктің барлық мерзімі ішінде оның қамауға алынбайтындығы, сот тәртібінде жасалатын күштеп әкелуге, әкімшілік жазалау шараларына ұшырамайтындығы, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтындығына кепілдік берілетіндігене дәлел болады.
Конституцияның 52-бабының 4-тармағы, 71-бабының 5-тармағы, 79-бабының 2-тармағы, 83-бабының 3-тармағы, 15-бабының 2-тармағы нормаларына сәйкес қылмыстар ауыр және аса ауыр болып бөлінеді. Аталған санаттардың ұғымын саралау және анықтау қылмыстық заңнамалар саласына жатқызылған [10] .
Депутатты қылмыстық жауапкершілікке тартуға, қамауға алуға немесе сот тәртібінде жасалатын әкімшілік жазалау шарасын қолдануға келісім алу үшін Бас прокурор Сенат не болмаса Мәжіліске ұсыным жасайды, оны Палаталар тиісті Палаталардың отырысында қарастыруды дайындау үшін Орталық сайлау комиссиясына жібереді. Ұсыныс жасау депутатқа кінә тағу, қамауға алуға санкция беру немесе әкімшілік құқық бұзу туралы істі сотқа жіберу алдында шығарылады. Бас прокурордың ұсынысы және Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы оның келіп түскен сәтінен екі күн мерзімде қаралады. Осыдан кейін Палата дәлелді шешім қабылдайды және үш күн мерзім ішінде оны Бас прокурорға және анықтау және алдын ала тергеу жүргізуді жүзеге асырушы республиканың мемлекеттік органының басшысына жібереді. Бұндай жағдайда Палатаның депутаттың қол сұғылмаушылығы туралы мәселені қарауына депутаттың қатысуына құқығы бар. Депутатты қылмыс жасау орнында немесе аса ауыр қылмысты жасау кезінде ұстаған жағдайда оны жауапкершілікке тартуға Парламент Палатасының келісімі талап етілмейді.
Депутатқа қатысты қылмыстық істі тек анықтау және алдын ала тергеу жүргізуді жүзеге асырушы республиканың мемлекеттік органының басшысы ғана қозғай алады және іс бойынша өндіріс аяқталғаннан кейін қадағалауды жүзеге асыру үшін Бас прокурорға беруге тиісті.
Орталық сайлау комиссиясы іс бойынша шешім қабылдаған тиісті соттан істі қарау нәтижесі туралы ақпаратты сұрайды және айыптау үкімін шығарған жағдайда депутаттық мандаттан айыру туралы тиісті Палатаға ұсыныс жасайды.
Сол сияқты депутат жауапкершіліктің өзге де түріне тартылуы мүмкін. Мәселен, Палатаның және оның органының отырысында негізсіз себептермен үш реттен артық болмаған жағдайда депутатқа болмаған күндері үшін еңбекақы төлеуден бас тартылады. Депутаттың негізсіз себептермен Парламенттің, Палатаның және оның органдарының отырысында бір айдан аса уақыт болмаған жағдайда депутат осы болмаған мерзімінде оған берілетін материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету жағдайынан айырылады. Атап айтқанда:
- еңбекақы төлеуден;
- көлікте жүру құжаттының кезектен тыс берілуінен;
- іссапарларға шығудан;
- іссапар шығындарын төлеуден;
- автомобиль көліктерін пайдаланудан;
- емдеу-сауықтыру және санаторий-курорттық қызмет көрсетуден.
Парламенттің немесе оның Палатасының пленарлық отырсында депуттатың болмаған жағдайында бұл туралы шешімді республиканың Орталық сайлау комиссиясының ұсынымы бойынша тиісті Палатаның Төрағасы қабылдайды.
Депутаттың негізсіз себептермен Парламент органдарының немесе оның Палатасының отырысында үш реттен артық болмаған жағдайда болмаған күндері үшін оны еңбекақыдан айыру қатысушылардың көпшілік дауыс беруімен тиісті Палатаның Бюро қаулысымен қабылданады және Парламент Палатасы Аппаратына орындауға беріледі.
Парламент, Палата және оның органдарының отырысында депутаттың өзінің дауысын беруі кезінде депутаттың дауысын беруі кезінде болмаған күні үшін еңбекақы төлеуге Палата Бюросының шешімімен оған бас тартылады, ал қайталап дауысын басқаға беру кезінде болмағаны үшін бір айлық еңбекақыдан айырылады.
Парламент және оның Палаталарының регламентімен тағайындалған депутаттық этика ережесін бұзу жағдайында тиісті Палата Төрағасының шешімімен депутатқа жазалау шарасы қолданылуы мүмкін, олардың ішінде:
1) парламенттік кінәсын мойындату;
2) көпшілік алдында кешірім сұрауға көндіру;
3) Палатаның бір реттік бірлескен немесе бөлек отырысында сөз алудан айыру;
4) Палатаның үш бірлескен немесе бөлек отырысында сөз алудан айыру;
5) Палатаның бір бірлескен немесе бөлек отырысы кезінде мәжіліс залынан шығарып жіберу;
6) Палатаның үш бірлескен немесе бөлек отырысы кезінде мәжіліс залынан шығарып жіберу;
7) бір күндік еңбекақысынан айыру.
Сондай-ақ депутат басқа өкілетті органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетін лауазымды иелену, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, коммерциялық ұйымдардың басшылық етуші органдарына немесе қадағалаушы кеңестің құрамына ену құқығы жоқ екендігін қарастырушы ережені бұзған жағдайда депутат өзінің мандатынан айырылуы мүмкін.
Парламент Палаталарының Төрағалары өздері қол қоятын актілердің заңды болуына заңды жауапкершілікте болады. Бұл Конституцияның 45-бабының 3-тармағынан туындайды. Алайда, олар қол қоятын актілердің заңды болуы дегенді қалай түсінуге болады? Конституциялық Кеңестің 1997 жылғы 29-мамырдағы №13/2 қаулысында бұл мәселе бойынша түсіндірулер жоқ. Конституцияға сәйкес Президенттің қол қоюына Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң, конституциялық заң және кәдімге заң ұсынылуы мүмкін. Дәл осы актілер Президент қабылдағаннан кейін Парламент Палаталары Төрағасының қолымен бекітіледі. Осындай жағдайда, егер әңгіме конституциялық немесе кәдімгі заң туралы болатын болса Парламент Палаталарының Төрағалары олардың Конституция ережелеріне сәйкес келуі үшін жауапкершілікте болады. Егер әңгіме кәдімгі заң туралы болатын болса, онда ол Конституцияға және республиканың конституциялық заңына сәйкес болуға тиіс. Егер қалай дегенмен де сәйкес келмеу болатын болса, онда Парламент Палатасының Төрағасына дәл қандай шара қолдануға тиіс екендігі түсініксіз, себебі, Конституцияда және басқа заңнамалық актілерде бұл сұраққа тура жауап жоқ. Бір ғана нәрсе, ол - бұндай жағдайда Президент заңды немесе оның жекелеген баптарын қайталап талқылау және дауысқа салу үшін Парламентке қайтаруы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz