ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ДАМУЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ДАМУЫ . . . 7

1. 1 Тәуелсіз Қазақстандағы мәдени үрдістер . . . 7

1. 2 «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы . . . 14

1. 3 Егемен Қазақстан мәдениетінің даму көкжиегі . . . 28

2 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ РЕФОРМАЛАРЫ . . . 56

2. 1 Білім жүйесінің реформалары . . . 56

2. 2 Жаңа әлеуметтік- экономикалық жағдайдағы ғылым . . . 68

2. 3 Елдің бәсекеге қабілетті және индустриялық-инновациялық дамуы жағдайындағы білім мен ғылым . . . 79

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 95

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 97

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Мәдениет - халқымыздың ар - иманының айнасы, ұзақ жылдар ішіндегі сұрыпталып жинақталған асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі, салт- дәстүрі, әдет-ғұрпы, таным-сенімі, саналалық танытатын көзқарастар жүйесі, әлеуметтік топтың, ұлттың, халықтың өмірдегі бет- бейнесі, зиялылығы, біліктілігі, басқа бір ұлттан, халықтан, нәсілден ерекшелеп көрсететін, айырып ажырататын тыныс- тіршілігінің, ғұмыр нәрінің бұлағы.

Ол әдебиетті, өнерді, адамның шығармашылдық, көркемдік, эстетикалық, талғамдарын қалыптастырып дамытатын рухани өмірдің барлық салаларын қамтиды. «Мәдени мұра» ұлттық бағдарламасыда ел мәдениетінің дамуына ерекше серпін беруде.

Қазақ халқының мәдениеті- оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, оқып, өз алдына үйренуқазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс- тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі. Мұндай қажеттілік пен талап ата- бабалары ғұмырлар бойы арман етіп аңсаған елінің егемендігіне, тәуелсіздігінеқол жеткізіп, дербес мемлекет құрып, өз алдына отау тігіп жатқан қазақ халқының тағдырындағы өзгерістерден туындап отыр. Бұл өзгерістердің көп жылдап бойы тогталитарлық басқару жүйесінің қысымы мен қыспағында, езгісінде болып келген халықтың өткенін білуі күңгірттеніп, ұрпағы мәңгүрттеніп, елінің тілінен, дәстүр - салтынан қол үзе бастаған, жартылай орыстанған шала қазақтар көбейіп келе жатқан кезде іске асып жатқанын да ұмытуға болмайды.

Мұның өзі халықтың мәдениетін, оның тарихын білудегі жауапкершілікті ұштай, еселей түсуде. Қазақстан жерін мекендеген халықтар, қазақ халқы өзінің көп ғасырлық тарихында, ерте заманнан күні бүгінге дейін жүріп өткен мезгіл ішінде адамзат қоғамының өсуіне әлемдік өркениетті қанатының қатаюына, мәдениеттің дамуына үздік үлес қосты, оларды өз сана- салтының игі істері мен нәрлі нәтижелерімен байытты. Осы жерден талай ғұлама ғалымдар, ақыл- ойдың асқан алыптары шықты. Олардың рухани мұраларын игеру, солардан күш-қуат алып, қазақ халқының мәдениетін жаңа белестерге көтеру, жақсылығын жарқыратып көрсетіп, оның игі дәстүрлері, өз бойына дарыту бүгінгі ұрпақтың биік мұраты, абзал да асқан мақсаты.

Қазақ халқының мәдениеті - оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, оқып үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі.

Мұндай қажеттілік пен талап ата-бабалары ғасырлар бойы арман етіп аңсаған елінің егемендігіне, тәуелсіздігіне қол жеткізіп, дербес мемлекет құрып, өз алдына отау тігіп жатқан қазақ халқының тағдырындағы өзгерістерден туындап отыр. Бұл өзгерістердің көп жылдар бойы тоталитарлық басқару жүйесінің қысымы мен қыспағында, езгісінде болып келген халықтың өткенін білуі күңгірттеніп, ұрпағы мәңгүрттеніп, елінің тілінен, дінінен, дәстүр-салтынан қол үзе бастаған, жартылай орыстанған шала қазақтар көбейіп келе жатқан кезде іске асып жатқанын да ұмытуға болмайды. Мұның өзі халықтың мәдениетін, оның тарихын білудегі жауапкершілікті ұштай, еселей түсуде.

Әрбір ұлттың тарихы мен мәдениеті өзіндік дастан, қайталанбас қасиеттердің жиынтығы. Осы орайда жекелеген ұлттың мәдениеті жайлы ғылыми зерттеулер көкейтесті мәселе болып отыр.

Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет тек Қазақстан егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өзін-өзі дамытуы үшін аукымды кеңістікке шығып, идеологиялық қасаң қағидалардан еркіндік алды.

Қазіргі кезде осы заманғы білім беру аясында шынайы нарықтық қатынастардың орнығуы байқалады. Білім беру саласындағы қазіргі заманғы реформаларға орай Білім және ғылым министрлігі желісі бойынша оқу орындарын тіркеу; аттестаттау және сараптау жөніндегі түбегейлі іс-қимылдар жүзеге асырылуда. Оқу-білім барысының сапасын жақсарту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру осы іс-шаралардың мақсаты болып табылады. Бірқатар жоғары оқу орындары акцияландырылуда. Жетекші мемлекеттік және коммерциялық жоғары оқу орындары заман талап ететін мамандықтарды ашуға көшті. Оларда мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының қажеттерін қамтамасыз етуге бағдарланған кадрлар даярлануда.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Ел тәуелсіздігінің 1991 жылдан осы кезеңгі уақытына шолу жасауда, елбасымыз Н. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан жолы» еңбектерін негізгі басшылыққа алуға болады. Қазақ өлкесінің, қазақ халқының ғасырлар бойы дамып келе жатқан тарихи, мәдени мұраларының зерттелуі, оның Ресей жерінің ажырамас аймағы, бүтіндігін толықтыратын бөлігі ретінде қарастырыла бастауы қазақ жеріне тарихшы, этнограф, орыс халқының азаттық күресінде тұтасып, айыпқа тартылып, кеткендер қазақ даласын, табиғатын, елін, дәстүрін, әдет - ғұрпын зерттеуге, жергілікті халықты орыс ұлтымен табыстыруға, таныстыруға үлкен күш салды. Оларды шұғыл, мақсаттарына қарай үш топқа бөлуге болатын еді. Алғашқы тобы қазақ халқының тарихын білімділік, ұғыну, түсіну тұрғысынан зерттеп, оны жұртшылық игілігіне айналдыру, зердесіне ұялату болса, екінші топ - бұл зерттеу, қорытындыларын, негіздерін орыс мемлекетінің пайдасына жарату, қазба байлықтарын тауып, қасиетті жерлерінің жемісін орыс қоғамының пайдасы үшін іске асыруды ойласа, оны үшінші бір тобы қазақ жеріндегі халықты орыстандыру мақсатын көздеді.

Қазақ халқының мәдени өмірін зерттеуде мол мұра қалдырған итальян саяхатшысы Марко Поло (1254-1327 ж. ж. ) оның еңбектері ертерек, біз қарастырып отырған кезден көп бұрын шыққанмен, ол дәстүрін терең біліп, олардың болашағы мен келешегі, тозбайтын, азбайтын арнасы туралы айта да, жаза да білді.

Венгер ғалымы А. Вамберидің - «Орта Азияға саяхат» (1865), «Орта Азия очерктері» (1868 ж. ) деген еңбктері қазақ тақырыбына байланысты, оның мәдени тіршілігі туралы көптеген деректер береді. Э. С. Вульфсон, Г. Ю. Клапатро, К. Рихсарт, И. Шильтбергер өз жазбаларымен қазақ мәдениетінің тарихын талдауды жұртшылдық назарына ұсынып, насихаттауға аз үлес қосқан жоқ.

«Қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қазақ далаларының сипаттамасы» атты көлемді еңбегінен мәлім болған А. П. Левшин (1799-1879) қазақ атауының қайдан шыққанына тыңғылықты талдау жасай келіп, қазақ халқының сөз өнері, сәулет мұрасы, халықтың ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері мен белгілері туралы, қазақтың ақындық әлемі, импровизациялық шеберлігі жөнінде көкейге қонымды өмір тәжірибесімен өзектес ойларды айтты. Қазақ тарихын терең зерттеген Левшинді Шоқан Уәлиханлв аса жоғары бағалады.

Қазақ мәдениетінің тарихын зерттеудегі В. В. Радловтың (1837-1918) ролі ерекше.

Оның 1870 жылы шыққан «Түркі халықтарының халық әдебиеті үлгілері» атты жинағы көлемі мен ғылыми мәнділігі жағынан қазақ фольклорына арналған толыққанды еңбек болды.

Қазақ халқының рухани өмірінің өмірінің алыс-жақын шетел оқырмандарына насихатталып, таралуына қазақ даласына жер аударылған демократияшыл көзқарастағы зиялы топтың әсер, ықпалы мол болды. Айталық, революциялық қызметтері үшін қуғын көрген Б. Залесский, Г. Зеленский, А. Сузин, Л. Турно, А. Янушкевич қазақ жерінде болып, ел өмірімен, тұрмыс-тіршіліктерімен танысқан.

Қазақстанда шыққан ғылыми еңбектердің белгілі тобы ұлттық мәдениеттердің өзара байытылуыкеңес кезеңіндегі мәдени қайта өзгерістер т. б. проблемаларды зерттеуге арналған. Бұл бағытта М. Сужиков, Т. Сарсенбаев, Н. Сарсенбаев, Д. Кішібеков, Р. Әбсаттаров, М. Бурабаев т. б. жатқызамыз.

Ұлтымыздың мәдениеті, ұлттық таным мен көзқарас, салт пен дәстүрлер және ұлт рухы жайындағы ізденіс жұмыстарын жүргізген ғалымдардың қатарында Ж. Ж. Молдабеков, Ж. Алтаев, Т. Х. Ғабитов, М. Ш. Хасанов, Ж. К. Қаракөзова, Б. С. Қабыкенова, Н. Ж. Шаханова, А. Қасабек, Ғ. Ақпанбек, С. Кенжеахметов, Қ. Н. Меңлібаев т. б. жатқызуға болады.

Диплом жұмысының мақсаты: Тәуелсіз қазақ елінің ғылымы мен мәдениетінің даму тарихын талдай отырып, оның теориялық - методологиялық негіздерін ашып көрсету болып табылады.

Осы мақсатқа сай зерттеу жұмысының міндеттері:

- Ұлттық мәдениет түсінігі, оның теориялық мәселелеріне тоқталу;

- Қазақ халқының мәдениеті мен ғылымын, оның қалыптасу кезеңдерін, тарихи басатауларын анықтау;

- Тәуелсіздік жылдарындағы даму ерекшеліктеріне талдау жасау;

- Ұлттық мәдениеттің дамуындағы кеңес саясатының қайшылықты сипаттарын айшықтау;

- Еліміздегі жаңа қоғамдық қатынастар ауқымындағы ұлттық мәдениет пен ғылының дамуының жаңаша қырларын ашып көрсету;

Зерттеу объектісі: Тәуелсіз еліміздің ұлттық мәденниеті мен ғылымы оның тарихтағы орны.

Жұмыстың деректік базасы: Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы тарихына арналған ғалымдардың монографиялары, кандидаттық диссертация авторефераттары, оқулықтар мен арнайы еңбектер, ғылыми мақалалар жинағы, сонымен қатар шетелдік ғалымдардың еңбектері алынды.

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі: Диплом жұмысын жазуда ғылыми таным принциптері-тарихилық, объективтілік, жүйелілік кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, отандық және шетелдік көрнекті ғалымдардың ұлттық мәдениетпен ғылымға арналған еңбектері, тұжырымдары мен ғылыми пікірлері құрайды.

Диплом жұмысының практикалық маңыздылығы: Бұл жұмысты жалпы білім беретін орта мектептердегі және орта арнаулы оқу орындарындағы тарих сабағында, тарихи үйірмелер мен ғылыми қоғамдық жұмыстарынла және жоғарғы оқу орындарында мәдениеттану курсының дәрістерінде және практикалық сабақтары мен өзіндік жұмыстарды орындауда пайдалануға болады.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Зерттеу тақырыбына байланысты еңбектер мен зерттеулерде, ғылыми мақалаларда тәуелсіздік алғаннан кейінгі мәдени және ғылымисалалардағы жүзеге асқан орсан зор істерді бір арнаға тоғыстырып, баға беру еліміздің жүріп өткен өзіндік жолын көрсетіп, тың талдау жасау.

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, оның әрқайсысы үш бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ДАМУЫ

  1. Тәуелсіз Қазақстандағы мәдени үрдістер

Қазақстандағы қазіргі заманғы мәдениеттің сипаты сан қырлы және алуан түрлі болып келеді. Оның мәнісі білімнің, ғылымның және мәдениеттің түрлі салаларын, сонымен қатар қазіргі кезде өнердің даму үстіндегі барлық түрлері мен жанрларын қамтитын өзгерістердің, жаңалықтардың, түбегейлі қайта қүрулардың ауқымы кең деген сөз. Қазақстан аумағында тарихи жағдайлардың кешенді сипатта болуы себепті, мүндағы мәдени үрдіс, қазақ және ұлттық мәдениеттердің өзара әсер ету және өзара ықпал етуге байланысты құбылыстарды бойына сіңіреді. Бұл орайда Қазақстандағы әлеуметтік дамудың баска бірде-бір аясында мәдениет саласындағыдай ұлттықдаму өзге ұлттық құндылықтардың бәрін бойына сіңіре отырып, неғұрлым жеке-дара, «таза» деуге болатын түрде көрініс таппағанын айта кеткен жөн. Сонымен бірге Қазақстан қоғамындағы мәдени үрдістер елдің географиялық ауқымындағы ұлттық мәдениеттермен шектелмейді. Қазақстанда, оның аумағында болып жатқан сан алуан саяси, қоғамдық-экономикалык үрдістер мен өзгерістердің арқасында, адамзаттың рухани мұрасының еңтаңдаулысын бойға сіңіруге мүмкіндік беретін қолайлы жағдай қалыптасты.

Қазақстанда 1980 жылдардың екінші жартысынан бастап орныға бастаған мәдени үрдістер, бір жағынан, кеңестік тоталитарлық жүйенің дағдарысын, сол кезеңде дәріптелген таптық, партиялық мазмұн, социалистік реализм принциптерінен арылуды көрсетті. Елдің мәдени дамуы жаңа тәуелсіз мемлекеттің орнауының қиындықтарымен және қайшылықтарымен сипатталды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларынан кейін Қазақстанда қазақ халқына «ұлтшылдық» айыбын тағу да мәдениет мәселелерін шешуге салқынын тигізді. Екінші жағынан, 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында мәдениетте пікір алуандығын, меншіктің түрлі формаларын, қоғамдық-саяси жаңаруды және пікірлердің көп қырлылығын орнықтырудың алғашқы қадамдарының көрінісі байқаладых [1, 45б. ] .

Егеменді Қазақстан мәдениетінің қалыптасуы көптеген қиындықтар мен қарама-қайшылықты бастан кешірді. Жолдың басталуында жоспарлы экономиканы өндіріс көлемінің құлдырауымен қатарласа жүрген нарықтық қатынастар арнасына көшіру «мәдениет, халыққа білім беру және ғылым мекемелерін материалдық-техникалық, қаржылық қамтамасыз етуде елеулі қиындық туғызды. Гуманитарлық зиялы қауым мен өндірістік емес саланың мамандары әлеуметтік жағынан қорғалмаған болып шықты, мұның өзі 1992 жылы Қазақстан мұғалімдері мен дәрігерлердің ереуіл жасауына себеп болды. Сонымен бірге мәдениеттің коммерциялануы үрдісі де байқалды. Қоғамды демократияландыру деген желеумен рухани аяға порнографияны, зорлық-зомбылықты, қатыгездікті насихаттайтын арзанқол бейнелеу өнімдері мен кино өнімдері енді». 1 1990 жылдардың басына қарай Қазақстан ҒА-ның 32 ғылыми мекемесі алты бөлімшеге біріктірілді, олар: физика-математика ғылымдары жер туралы ғылымдар, химия-технология ғылымдары, биология ғылымдары, қоғамдық ғылымдар бөлімшелері мен Орталық Қазақстан ғылыми бөлімшесі. Қызметкерлердің жалпы саны 10 994 адамды кұрады, олардың ішіңде ғылыми қызметкерлер - 4475, соның ішінде 244 ғылым докторы және 1798 ғылым кандидаты болды. Алайда Қазақстан ғылымының жұмысында табыстармен катар ірі проблемалар да орын алды. Ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми-техникалық үрдістердің аса маңызды бағыттары - машинатану, радиоэлектроника, автоматика бойынша ғылыми мекемелерді ұйымдастыру қарқыны артта қалды. Академиялық ғылымның, жоғары оқу орындары ғылымының және салалық ғылымның нашар үйлестірілуі зерделінетін тақырыптардың ұсақталуына, ғылыми күштердің шашырауына, олардың аса маңызды бағыттарды әзірлеуге лайықты шоғырлануының жоқтығына, ғылыми жұмыстардың қатарластығы мен қосарластығына әкеп соқтырды. Ғылыми әзірлемелер тиімділігі күрт төмендеді. Мәселен, 1985 жылы енгізілген бір әзірлеменің экономикалық тиімділігі 1980 жылмен салыстырғанда екі есе дерлік төмендеді. Республиканың бірде-бір ғылыми мекемесі елде кұрылған ғылыми-өндірістік кешендерге кірмеді.

1991 жылдан кейін білім беру жүйесі белгілі бір дағдарысты бастан кешірді. 1993 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 154 мың орындық 303 балабақша жабылды, орта мектептердің саны кысқарды. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік емес оку-білім мекемелерінің - мектептер мен жоғары оқу орындарының пайда болуы үрдісі басталды.

Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет тек Қазақстан егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өзін-өзі дамытуы үшін аукымды кеңістікке шығып, идеологиялық қасаң қағидалардан еркіндік алды.

Қазіргі кезде осы заманғы білім беру аясында шынайы нарықтық қатынастардың орнығуы байқалады. Білім беру саласындағы қазіргі заманғы реформаларға орай Білім және ғылым министрлігі желісі бойынша оқу орындарын тіркеу; аттестаттау және сараптау жөніндегі түбегейлі іс-қимылдар жүзеге асырылуда. Оқу-білім барысының сапасын жақсарту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру осы іс-шаралардың мақсаты болып табылады. Бірқатар жоғары оқу орындары акцияландырылуда. Жетекші мемлекеттік және коммерциялық жоғары оқу орындары заман талап ететін мамандықтарды ашуға көшті. Оларда мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының қажеттерін қамтамасыз етуге бағдарланған кадрлар даярлануда. Тәуелсіздік жылдары жаңа жоғары оқу орындары ашылды, олардың қатарында Түркістандағы Қ. А. Йасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Оралдағы Мәдениет институты, Астанадағы Еуразия мемлекеттік университеті, Алматыдағы Қазақ-американ университеті және басқа бірқатар жоғары оқу орындары бар. Халыққа білім беру жүйесінің халықаралық байланыстары кеңейді. 1991 жылдан бастап 1000-нан астам қазақстандық шәкірттер мен аспиранттар жыл сайын шетелде оқуын жалғастыруда.

Егеменді мемлекеттің қалыптасу үрдісі ұзақ жылдар бойы орнығып калған схематизм, құрылымдық элементтердің және рухани өмір буындарының бірсарындылығын еңсеруге мүмкіндік берді. Бірыңғай еңбек мектебінің орнына мектепте білім берудің әралуандығы көрініс тапты. Гимназиялар, лицейлер, колледждер, жеке меншіктегі және авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. 2001 жылы орта білім берудің 12 жылдық цикліне көшу бағдарламасы эксперименттік деңгейде қолға алынды.

«Ғылым туралы» Заңның қабылдануы Қазақстан ғылымын одан әрі дамыту үшін шешуші мәнге ие болды. Бұл заңның кабылдануы егеменді Қазақстан Республикасының орнауындағы айтарлықтай белес болып табылады. Бұл Отанымызда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы тағы бір қадам болды. Мемлекеттің ғылым мен ғылыми кадрларға қамқорлығының тәуелсіздіктің 10 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар еді.

Заң баптарының қазақстандық зиялы қауым үшін ерекше мәні бар, оларды ғылыми қызметкердің, ғалымның ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің тікелей субъектілері ретіндегі әлеуметтік мәртебесі мемлекеттік деңгейде айқындалды. Сонымен бірге ғылыми кызметкер езінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерінің авторы деп танылады және оған өзінің зияткерлік меншігінің қорғалуына мемлекет тарабынан кепілдік берілді. Оған авторлық ғылыми және ғылыми-техникалық кызметтің нәтижелерін сатудан табыс алу құқығы да қоса берілді. Осы кезден бастап ғылыми қызметкерлер ғылыми және ғылыми-техникалық салаларда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын пайдалана бастады. «Ғылым туралы» жаңа Заң ғылыми қызметкерлерді мемлекеттік материалдык және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне белгілі бір түзетулер енгізді, бірақ олар іс жүзінде өзінің даму жолына түсе алмады және іске асырылмады.

«Ғылым туралы» кабылданған Заңға орай Ұлттық Ғылым академиясы Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің ұйыткысы әрі ұйымдастырушысы болуға тиіс болды. Бұдан былайғы жерде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесіне зияткерлік меншік құқығы берілді. Енді ғылыми ізденістер мен зерттеулердің кез келген ақпарат тасығышта тиянақталған нәтижесі зияткерлік ғылыми меншік құкығының объектісіне айналды. Ғылыми қызметкерге зияткерлік меншік субъектісі болу кұқығы бекітілді, өз кезегінде оның белгілі бір ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет үрдісінде алынған нәтиженің авторы немесе тел авторы деп аталуға құкық берілді. Жаңа заңға сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін алуға жекебасы үлес қоспаған, сондай-ақ техникалық, ұйымдық және өзгедей көмек қана көрсеткен немесе алынған нәтижеге зияткерлік меншік құқығын ресімдеуге жәрдемдескен тұлғалар санаты зияткерлік ғылыми меншік құқығы субъектілерінің қатарынан шығарылды. Қызметкер ғылыми нәтижені нақты ғылыми ұйымның қызмет бабындағы тапсырмасымен алған жағдайда, олардың арасында өзгедей жағдай қарастырылмаған болса, қызметкер осы нәтижені пайдалануға кұқық алады. Айтылған жайт тәуелсіз мемлекеттің қайта түлеуінің және қалыптасуының қиын кезеңінде Қазақстан коғамының алдында тұрған күрделі міндеттерді орындауға қосылған үлес болып табылатын ғылыми еңбектер авторларының алдында мемлекеттің байсалды кепілдік жасауының айғағы болмақ. Ғалым рөлінің өскелең әлеуметтік мәнін мемлекет тарабынан мойындаумен және оған ғылыми қызметте кепілдіктің қамтамасыз етілуімен катар, оның өзінің ғылыми ізденістері мен зерттеулерінің нәтижелері үшін жауапкершілігі де күшейтілуге тиіс болды [2, 78б. ] .

Қазақстан Республикасы академиялық ғылымының ғылыми ізденістерінің құрылымы мен тақырыптары уақыт рухында жаңа талаптарға сәйкес етілуде. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты, ғарыштық зерттеулер, механика және машинатану, акпарат және басқару проблемалары, физика-техникалықт. б. институттар сияқты жаңа ғылыми-зерттеу институттары кұрылды. Салалық ғылым академиялары желісі кеңейтілуде. Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру, диссертациялық еңбектердің сапасын бакылау үшін республиканың жоғары аттестациялық комиссиясы кұрылды. Отандық тарихымызға қоғамдағы тұрақтылыкты, әлеуметтік әділдікті, ұлттык және рухани келісімді орнықтыру жөніндегі мемлекет қабылдайтын шаралар енді. Тәуелсіздіктің әр жылын Қазақстан қоғамының көкейтесті проблемаларына арнау дәстүрге айналды. Президенттің жарлықтарына орай Қазақстанда 1997 жыл - «Ұлтаралық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»; 1998 жыл - «Халықтардың бірлігі және ұлттық тарих жылы»; 1999 жыл - «Ұрпақтардың бірлігі және сабақтастығы жылы»; 2000 жыл - «Мәдениетті қолдау жылы»; 2001 жыл - «Қазақстан Республикасы егемендігі мен тәуелсіздігінің 10 жылдығы» деп жарияланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Егемен мемлекеттің құрылуы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Қазақстан Республикасы саяси жүйесіндегі өзгерістер
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейінгі стратег
Жаһандану процесі және оның Қазақстанға ықпалы
Мемлекеттің биліктің бірегей жүйесі
Қоғамның құқықтық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz