Әлемдік мұнай нарығының даму үрдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Мұнай өнімдерінің әлемдік нарығының теориялық негіздері

  1. Әлемдік мұнай нарығының даму үрдістері
  2. Сала құрылымы және мұнай өнімдерінің негізгі жеткізушілері
  3. Әлемдік нарықтағы Қазақстан Республикасының мұнай әлеуеті

2 Қазақстан Республикасының әлемдік мұнай нарығындағы рөлі және оған қатысуы

2. 1 ҚР мұнай өнімдері өнеркәсібінің жағдайы мен дамуын талдау

2. 2 ҚР мұнайөнімдерін өңдейтін кәсіпорындарының әлемдік мұнай нарығындағы бәсекегеқабілеттігі

2. 3 ҚР мұнай өңдеу өнеркәсібінде шетел инвестицияларының пайдалануын талдау

3 ҚР мұнай өнімдерін әлемдік нарықта нығайтудың негізгі бағыттары

3. 1 Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың даму стратегиясы және оның басымды нысандары

3. 2 Қазақстан мұнайын шетке шығаруды дамыту келешегі

3. 3 Қазақстанның мұнайөнімдерінің сапасын басқарудың нормативтік базасын жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Қазақстандағы келешегі бар, жоғары табыс беретін бағытардың бірі және бірегейі мұнай саласы болып табылады. Осы себепті, Қазақстан әлемдік нарықта өз мұнайын тасымалдаудың асықпай, мүдделі түрде ең соңғы талдауын қарастырды және қарастырып келеді. Бұл мәселеде біздің мемлекеттің саясаты қабылданған “Қазақстан -2030” стратегиялық бағдарламасында “Мұнайды шетке шығарудың тек саналуан бағыттары бізді бір көршіге тәуелдіктен және бір тұтынушыға басыбайлы бағалық тәуелдіктен құтқара алады” деп анық көрсетілген. Президент Н. Назарбаев Қазақстан мұнайын тасымалдау мәселесінде “Көпвекторлық саясатты” ұстанады деп атап айтты [1, б. 23] .

Қазақстан көмірсутек стратегиялық қорларына ие мемлекетке жатады және әлемдік нарықтың энергия ресурстарын қалыптастыруға әсер етеді. Елімізде көмірсутек шикізатының 200-ден астам кен орындары бар. Бұрынғы КСРО республикалары ішінде Қазақстан мұнай өндіруден Ресей Федерациясынан кейін екінші орынды иеленеді.

Кез келген ел үшін сыртқы сауданың алатын орнын бағалау қиын. Дж. Сакстың анықтамасы бойынша: «әрбір елдің экономикадағы жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Әлі күнге дейін бірде бір ел әлемдік экономикалық жүйеден шектеле отырып, жағымды экономика құрған жоқ». Сыртқы сауда халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі әрі ерекше дамыған түрі болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастардағы сыртқы сауданың алатын үлесі - 80%. Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық іс - әрекеттің орталығы және бүкіл экономиканың жетекші звеносы - кәсіпорын. Міне осы деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қажетті қызметтер көрсетіледі. Кәсіпорында маманданған кадр жинақталған. Шикізатты үнемді жұмсау, өнімділігі жоғары техниканы қолданып, жаңа технологияларды енгізу де осында жүзеге асырылады. Бұдан аңғарғанымыздай, әлемдік нарықта бүгінгі қажетті тауарлар қатарына энергетикалық ресурстар кіреді. Негіздей кетсек мұнай, газ, көмір және уран. Қазақстан әлемдік нарықта мұнай мен газ қоры бойынша жетекші орындардың бірінде.

Көптеген елдердің әл - ауқаты мен экономикалық өсуі көп жағдайда мұнай өндіруші өндірістің даму деңгейіне тәуелді. Мұнай өндіруші кәсіпорындар қызметінің тиімділігіне әсер ететін процесстердің даму мәселесі мұнай өндіруші елдердің экономикалық тұрақтануы үшін өзекті негіз болып табылады. Мұнай кендерін қолданғанда, мұнай өндірудің тиімділігін көтеру мәселесінің экономикалық мағынасы өсе түседі. Бұл мәселелерді шешу үшін мұнай саласында нақты ұйымдастырылған экономикалық шарттар құру қажет. Өз кезегінде бұл шарттар әлемдік мұнай нарығын жетілдіруге негіз болады.

Соңғы 5 жылдағы мұнай өндірісі жаңа мұнай көздерінің өсуінен 2 есеге асып түсті. Ол мұнай қорының жедел таусылуына әкелуі мүмкін. 1100 мұнай кен орны өндірістік дайындау кезеңінде болса, онда 150 мың скважина орнатылған. Мұнай өндірісі саласының дамуы үшін жылына 10 млрд. доллар инвестиция қажет.

Мұнайөңдеу өнеркәсібін сапалы басқарудың және стратегиясының дамуын анықтайтын факторларының бірі тұтастай мұнай ресурстарымен қамтамасыз ету және қажет көлемде және дер уақытында белгілі сапада мұнай жеткізілімін кепілдендіру болып табылады. Қазір республикада соңғы энергетика өнімінің тапшылығы бар, бұл ел ішінен гөрі, Қазақстан энергетикалық жүйелерінің көрші елдермен байланысты болуында. Өз мұнай қорларымыз және мұнай шикізатының, оны өңдеу қуатының жеткілікті болғанына қарамай, еліміздің экономикасы жоғары сапалы мұнай өнімдеріне мұқтаж. Халықаралық Қайтақұру және Даму Банкінің бағалауы бойынша, Қазақстан Республикасының мұнай, газ және көмір ресурстары мұнай эквивалентінің жобамен 13, 0 млрд тоннасын құрайды, бұл осы индекс бойынша республикаға дүниезжүзі елдерінің бірінші ондығына енуге мүмкіндік береді. Мұнай ресурстары негізінен республиканың батыс өңірінде 2, 1 млрд т жуық. Мұнайдың барланған қорлары бойынша Қазақстан әлемде 13 - орын алады.

Негізінен геологиялық барлау жұмыстары 5 белгілі мұнай-газ өндіретін: Каспий маңы, Оңтүстік Маңғышлақ, Үстірт Бозашы, Оңтүстік Торғай және Шу Сарысу бассейндердің аймағында жүргізілді, бұлардың шегінде шамамен 240 көмірсутегі шикізатының кен орындары барланды. Бүгінгі күні бұл бассейіндердің шегінде 100-ден астам көмірсутегі шикізатының кен орындары игерілуде. Пайдалы қазба қорларының мемлекеттік балансында ескерілген мұнай қорларының 65% астамы, табиғи газдың 70% астам пайдалануға тартылған.

Қазақстан Республикасындағы көмірсутегі шикізатының жалпы болжамды шығарылатын ресурстары 17 млрд. тонна құрайды, олардың 8 млрд. тоннасы Каспий теңізінің қазақстандық секторына тиесілі.

Мұнай нарығының жұмыс тетігінде мұнай сапасы маңызды рөлге ие болады. Мұнайдың берілген сортының стандарттық сапасы үшін баға белгіленімдері келтіріледі. Егер мұнай партиясының нақты сапасы стандарттан өзгеше болса, онда мәміле жасауда шегерім баға белгіленімде немесе сапа үшін сыйлықақыда ескеріледі.

Әлемдік мұнай және мұнайөнімдері нарығындағы Қазақстанның рөлі, оның аталмыш нарыққа белсене қатысуы және әлемдік нарықта ұсынатын тауарларының сапасы әр кезеңде өзекті мәселе болып табылады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейтестілігі әлемдік мұнайөнімдері нарығында Қазақстан өнімінің сапасы мен бәсеке қабілеттілігі, Қазақстанның осы нарыққа қатысу перспективалары. Бұл факторларды ретеу өз өніміміздің әлемдік нарықта кең таралуына ғана емес, алдыңғы орындарды иеленіп, мол табысқа жетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының өсуі негізінен шикізат ресурстарын шет елге, әсіресе мұнай шығару есебінен қамтамасыз етіледі. Бірақ басты жүктемені тек қана шикізат шығаруға аударсақ, онда Республиканың шаруашылық өмірін тоқырауға ұшыратар едік. Сондықтан шикізатты сыртқа шығару, тек уақытша тактикалық басымдық деп қарастырған жөн. Шетке шығару әлеуетін нығайту шикізатты өңдеу дәрежесін арттыру және оның сапасын жақсартумен байланысты. Бұл жағдайда бірінші кезекте мұнай өңдеу өнімінің сапасын арттыру поблемасын шешу қажет. Кез келген жекеменшік кәсіпорны өз өнімінің сапасы мәселесіне жеткілікті көңіл аудармаса, онда оған ешбір мемлекет шаралары көмек ете алмайды, күйзеліске ұшырайды. Осы себепті мұнай өнімдірін өңдеу кәсіпорындарында сапа басқарудың тегершігін тиімді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күні олар үшін диниежүзілік нарыққа шығуға практикалық мүдде тудырады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының мұнай өңдейтін кәсіпорындарының жағдайын талдау, олардың әлемдік нарықтағы мұнай өнімдерінің орнын қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыста қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер шешілді:

- әлемдік нарықта Қазақстан мұнайгаз әлеуетін және Қазақстан мұнайын шетке шығарудың даму келешектерін қарастыру;

- ҚР мұнай өңдейтін кәсіпорындарының қазіргі жағдайын талдау;

- мұнай өңдеу кәсіпорындарының өнімдерінің сапасының деңгейін және бәсеке қабілеттілігін талдау;

- мұнайөңдеу өнеркәсібінде шетелдік инвестицияларды пайдалануды талдау;

- мұнай өңдейтін кәсіпорындарды дамыту стратегиясын қарастыра отырып, шығаратын қнімнің сапасын, жетілдіру жолдарын қарастыру;

- республиканың мұнай өңдеу өнеркәсібінің дамуы бойынша және әлемдік нарықта өз позициямызды тұрақтандыру бойынша ұсыныстар жасау.

Жұмыстың объектісіне әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы бірқатар жетекші МӨЗ (Шымкент, Атырау, Павлодар МӨЗ), мұнай саласындағы АҚ, ірі холдингтер, біріккен кәсіпорындар жатады.

Жұмысты жазу барысында бірқатар отандық және шетелдік ғалымдардың жұмыстары, әдебиеттер, мерзімді баспасөз шығарылымдары қолданылды.

Зертеудің пәні болып әлемдік мұнай және мұнайөнімдері нарығы және ондағы Қазақстанның алатын рөлі табылады.

Дипломдық жұмыстың 1 - ші бөлімінде мұнайөнімдері әлемдік нарығының дамуы, ондағы жетекші мемлекетер, мұнайөнімдері саласының қалыптасуы мен ондағы негізгі жеткізушілер және әлемдік нарықтағы ҚР мұнай әлеуеті, отандық мұнай нарығының өткеніне шолу жасалған.

Ал екінші бөлім әлемдік мұнай нарығындағы ҚР рөлі, нарыққа араласу деңгейі мен маңызы, Қазақстандық мұнай өңдеуші кәсіпорындар өнімдерінің әлемдік нарықтағы бәсекелестігі талданады. Бұған қоса аталмыш бөлімде ҚР мұнай өңдеу өнеркәсібінде шетел инвестицияларының таралуын, олардың республика аумағында жіктелуін талдау да көрсетілген.

Жұмыстың 3 - ші бөлімінде отандық мұнай өнімдерін әлемдік нарықта нығайту бойынша бағыттар, елімізде бар кәсіпорындардың даму стратегиясын жетілдіру жолдары мен мұнайөнімдерінің сапасын басқару жөнінде жалпы анықталған кемшіліктер бойынша мүмкін болатын шешімдер ұсынылған.

1 Мұнай өнімдерінің әлемдік нарығының теориялық негіздері

1. 1Әлемдік мұнай нарығының даму үрдістері

Әлемдік нарықта мұнайға сұраныстың қолайлы келешектері жағдайларында мұнай өңдіру өнеркәсібіне ұзақмерзімді ауқымды инвестицияларды жүзеге асыру үшін мұнай қорларының сәйкесті геологиялық қорларының нақты бір аймақта, сондай-ақ тұтастай дүниежүзінде барлығы болып табылады.

Геологиялық - ізденіс және зерттеу жұмыстарының қажет ауқымдары бірінші кезекте мұнайдың күнделікті өсіп келе жатқан сұранысы мен, мұнайға деген әлемдік бағалардың ұзақ мерзімді үрдісімен, сондай-ақ, әлбетте, сәйкесті кен орындарының барлығымен, ал соңғы онжылдықта оларды зерттеудің өте тиімді жаңа технолгияларының қарқынды дамуы мен және одан әрі мұнай өңдірумен анықталады.

Елдің осы немесе басқа пайдалы қазбалардың гоелогиялық қорларымен, соның ішінде мұнаймен қамтамасыз етілуі, қазіргі қол жеткен мұнай өңдіру деңгейінде осы қорлардың неше жылда алынып болатындығымен бағаланады. Бірақ ескерте кету керек, бұл маңызды көрсеткіш осы немесе басқа елде немесе әлемде тұтастай табиғи қорлардың толық алыну мерзімімен анықталатын статикалық сипат емес, бұл бір жағынан, сәйкесті территорияның және кен орындарының нақты зерттелу дәрежесімен сипатталады, екінші жағынан келешекте жылдан жылға пайдалы кенді өңдірудің қарқынымен және көлемімен сипатталады [2, б. 86] .

Жоғарыда келтірілген факторлар әр түрлі халықаралық және ұлттық басылымдарда жарияланатын мұнайдың нақты биологиялық қорлары туралы статистикалық көрсеткіштерін бағалауда айтарлықтай алшақтыққа соқтырады. Бұл көздердің талдауы - ең шындықты және толық статикалық болжамды мұнай запастарының 105 дүниежүзіндегі елдерінде Oil and Gas Journal (OGJ) журналы, Халықаралық энергетика агенттігі, Minerals yearbook, Бүкілресейлік геологиялық қоғам келтіретінін көрсетеді.

Жалпы әлемдік нақты мұнай геологиялық қорларын бағалауда, тіпті жекелеген елдерде айтарлықтай ауытқулар болғанның өзінде, тұтастай соңғы үш онжылдықта арту үрдісінде екені ерекше маңызды. Мысалы, OGJ 2001 жылдың 1 қаңтарында келтірген соңғы мәліметтерінде 1970 жылмен салыстырғанда, 1, 32 трлн барр жетті немесе 153, 56 млрд. т болып, екі есе артты. Тек қана соңғы жылда өсім біршама аздау болды (бар жоғы 0, 06 %) (қосымша 1) .

Қолда бар бағаларды ескере отырып, мұнай өңдірудің қазіргі деңгейінде оның әлемдік геологиялық қорлары, ең көп айтқанда, 42 жылға, соның ішінде Сауд Арабиясында - 43 жыл, Иранда - 69 жыл, Венесуэлада - 58, Ливияда - 56, Мексикада - 43, Ресейде -22, Қытайда -21, Алжирде -19, АҚШ - 10, Норвегияда - 9 және Ұлыбританияда - 5 жылға жетеді.

Осыған ұқсас деректерде British Pettoleum компаниясының сарапшылары өзінің Statistical Review of Word Energy (2009 жылдың қараша) келтіреді: өңдірудің қазіргі қарқынында Кувейттің мұнай кенорындары 128 жылдан кейін, Сауд Арабиясының - 85 жылдан кейін, Иран - 68, Ресей - 20, Түркіменстан - 12, АҚШ -10, Азербайжан - 67 жылдан кейін түгесіледі. Ирактың мұнайы 129 жылға жетеді. Қазіргі уақытта дүниежүзі елдерінің мұнай сұранысы жылына 3, 85 млрд. т құрайды.

Лондонның Smith Rea Energy Associates Ltd. зерттеу компаниясының бағалауы бойынша әлемдік мұнайөндірушілер өзінің қазіргі зерттелген қорларына, егер мұнайды өңдірудің соңғы технология жетістіктерін пайдаланған жағдайда, ең көп дегенде 350 млрд. барр. (50 млрд. т жуық) қоса алады. Көрсетілген цифр қазіргі әлемдік мұнай тұтынудың деңгейінің қосымша 14 жылына балама бола алады [3, б. 9] .

Жиырма бірінші ғасырдың басында мұнай қорларының қарқынының жаңа маңызды сатылары қолданыстағы зерттелген кен орындарын нақтылау есебінен өсім беріп отыр. Қорытындысында, жаңа мұнай кенорындарының ашылу санының жалпы қысқаруында және олардың қорларының орташа өлшемінін азаюында қазіргі белгілі және оған жанаса жатқан мұнай аудандарындағы жалпы көлем айтарлықтай өсуде. Бұл орайда геологиялық алаңдарда компьютерлік үлгілеуді жаңа геофизикалық жабдықта қолдану дәстүрлі зерттеу бұрғылауына қарағанда елеуліктей арзан және үлкен коммерциялық тиімділік береді. Сонымен қатар, жаңа технологияларды пайдалана отырып, әлемдік мұнай өңдіретін жетекші компаниялар бұрын зерттелмеген және әзірлеу үшін ең алдымен тиімсіз деп есептелген, шалғай аз игерілген аудандарға жетуде.

Бұл процестердің дәлеліне соңғы жылдары, атап айтқанда, Катарда, Венесуэллада және басқа елдерде геологиялық қорлардың деңгейі туралы деректерді асыра бағалауға жол берілуде.

Әлемдік геологиялық мұнай қорларының 2/3 жуығы Таяу және Орта Шығыста елдерінде, соның ішінде 2001 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Сауд Арабиясында 25, 4 %, Иракта - 11 %, Кубейтте - 9, 2 %, Иранда - 9, 2 % және Абу Дабиде - 9, 0 % орналасқан. Сондай-ақ осы аймаққа соңғы 30 жылдағы нақты жаңа қорлар өсімі 9/10 болады.

Мұнайдың геологиялық қорлары көлемі бойынша дүниежүзінде екінші орынды Батыс жарты жершары иеленеді (15, 2), мұнда ең алдымен Венесуэллада (7, 0 %), Мексикада (3, 9 %), АҚШ (2, 2%), Канада мен Бразилияда (0, 5 %-тен) . Соңғы жылдары АҚШ зерттелген мұнай қорлары күрт төмендеп келеді, жеке алғанда, бұл АҚШ мұнай өңдірудің өзіндік құны өте жоғары болуымен, осы себепті мұнай компанияларының іздеу-зерттеу жұмыстарына аз белсенділігін анықтайды. Сонымен бірге Венесуэллада соңғы 5 жылда, керісінше, зерттеу 14 % өсті. Үшінші орында Африка тұр, мұнда мұнайдың әлемдік барлық геологиялық қорларының 6, 8 % шоғырланған. Құрлықта жетекші қатарды Ливия (2, 9 %), Нигерия (1, 6%), Алжир (0, 9%) және Ангола (0, 5%) иеленеді.

Әлемде төртінші орынды бұрынғы КСРО аумағы алады, мұнда әлемдік мұнай қорының 5, 6 %, ең алдымен Ресей (4, 7 %) иеленеді. Бірақ соңғы жылдары бұл аймақта зерттелген мұнай қорлары 80 жылдардың аяғынан төмен түсе бастады, дегенмен соңғы уақытта (2001-2010 жж) өсу тенденциясы байқалады.

Одан әрі Азия-Тынық мұхит аймағы (4, 1 %) және Батыс Европа (1, 8%) болып келеді. Азия-Тынық мұхит аймағында жетекші орынды Қытай (дүниежүзілік 2, 4% және аймақтық қорлар 57%) алады, одан кейін Индонезия (0, 5 %) , Индия мен Малайзия (0, 4%-тен) келеді. Бұл елдер 1999 -2009 жылдары өз қорларын бағалауын азайтты, бұл ретте Индия оны төрт бөлікке қысқартты.

Батыс Европада, мұнда негізгі қорлар Норвегияда (1, 1 %) және Ұлыбританияда 1999 -2009 жылдары үштен астамға қысқарды, бірақ 1999 -2009 жж елеулі өсу байқалады -18%. Бұл аймақтың мұнай қорларының 4/5 астамы Солтүстік теңіздің құрлықтық жағалау кен орнына келеді. Құрлықтық теңіз жағалауларында әлемдік мұнай қорларының қазіргі бөлігінің 1/5 жуығы шоғырланған, және соңғы онжылдықта олардың үлесі, оларды өндірудегі шығындардың жоғары деңгейіне салыстырғанда, тұрақты өсу тенденциясы байқалады.

Қолда бар бағалар бойынша қазіргі әлемдік нақты мұнай қорларының астамы ОПЕК - ке мүше елдерінде шоғырланған, ал 9/10 жуығы дамушы елдерге жатады, бірақ олардың кейбірі, мысалы, Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ әр жанға келетін ұлттық мұнай табысының мөлшері бойынша, өндірістік дамыған елдердің алдында келеді.

Әлемдік мұнай өңдіру саласының оның табиғи қорларымен қамтамасыз етілуіне байланысты ұзақ мерзімді келешектік даму тұжырымдары бойынша әртүрлі көзқарастар бар. Соның ішінде кейбір радикалдық болжамдар да айтылады, ол келешектіктер өз позицияларын 21 ғасырдың бірінші үштігінде жоғалтады және тұтастай алдағы ғасыр газ бен көмірдің ғасыры болады дейді. Шындығында, газдың дәлелденген әлемдік геологиялық қорлары және болжамдық ресурстары мұнайдың шикізаттық әлеуетінен айтарлықтай асады. Бірақ, оның пайдалану ерекшеліктері, атап айтқанда, көмірді пайдалану, экологиялық проблемалар позициясынан оның қолдану саласын айцтарлықтай тарылтады. Бүгінде мұнай көптеген онжылдықтар бойы ең тиімді және ыңғайлы энергия тасушы ретінде бұрынғысынша жетекші рөлге ие болады дейтін пікір басым, мұны көпшілік те қолдайды. Мұнай ғасырының ұзақтығы тек қана қазіргі зерттелген ағымдағы геологиялық қорларды талдау негізінде ғана бағаланбай, алдағы болжанатынды ескере отырып, әзірге ашылмаған ресурстарды қазіргі жер қойнауларынан мұнайды алудың, іздеудің, барлаудың дәрежесін, жаңа әдістерін ескеру де қажет [4, 6. 49] .

Сонымен бірге, мұнай, әлбетте, қайта жаңғыртылмайтын ресурс болып табылады, оның қорлары жақын не алыс болашақта бәрібір таусылатын болады. Бірақ та бұл орайда түйінді мәселе табиғи мұнай қорының абсолют қысқаруы әлемдік нарық ұсынысына және сәйкесті сұранысына қанағаттанарлық болуының нақты сәтін анықтауда болып отыр.

Әлемдік мұнай өңдіру шарықтауы өтіп кетті немесе бұл таяу келешекте өтуі мүмкін деген пайымдаулар болса да, кейбір теорияларға сәйкес әлемдік мұнай өңдіру көлемі алдағы онжылдықта ең шарықтау шегіне дейін өсе алады. Сонымен бірге, Американың Геологиялық зерттеулер орталығының 2009 жылы жарияланған есебі бойынша әлемдік мұнай өңдіру өзінің шарықтау шегіне бірнеше ондаған жылдардан кейін ғана жетеді. Өз кезегінде World Energy Outlook (Халықаралық энергетикалық агенттігінің) соңғы болжамы бойынша, әлемдегі тұтынудың қазіргі деңгейінде қолда бар мұнай қорлары ең азы 2025 жылға дейін жетеді. Exxon/Mobil Рене Даан әлемдегі ең ірі мұнай өңдіруші компаниясының жетекшілері дүниежүзілік нарықта мұнай тапшылығы ең кем дегенде 70 жылға дейін болмайды деген сенімді ұстанады.

Торығушылар мен оптимистердің дауындағы осынау сұрауға: іздеу, барлау және өңдіру әдістерінің жаңа ең тиімдірек технологияларының пайда болуы қолжетімді мұнай қорларының көлемдерінің елеулі өсуіне келтіре ала ма деген жауап болады. Пессимистік бағалаулар бойынша мұнай индустриясы инновацияларына миллиардтаған долларлар шығындады, және бүгінде мұнай өңдіру көлемін айтарлықтай арттыруға әсер ететін қандай да бір жоғары тиімді технологияны елестету тым күрделі. Бірақ, көптеген оптимистердің пікірлері бойынша, мұнай өңдіруде инновациялық революция енді ғана басталуда. Шынтуайтында, қолданыстағы технологиялар әзірге бар мұнайдың жалпы көлемінің 30-35 % кенішін өңдіруге мүмкіндік береді. Аналитик оптимистер жақын онжылдықта жалпы көлемнің 50-60% шығара алатын технологиялар пайда болатынын есепке алады. Халықаралық энергетика агенттігінің сарапшыларының пікірлері бойынша, егер жаңа технологияларға салымдар қажетті деңгейде қолдау тауып отырса, онда бұл әлемдік мұнай өңдіру құлдырауына таяу екі онжылдық деңгейінде жол бермейтінін айтады. Әрине, бұл қосымша көптеген қаржы талап етеді: агенттіктің есептеулері бойынша, ОПЕК-ке енбейтін мұнай өңдіруші елдерде таяу онжылдықта инвестициялардың көлемі 1 трлн. долл. құрауы қажет.

Бүгінде, тұтас алғанда, мұнайдың зерттелген және болжалған қорларының орта әлемдік қамтамасыз етуі 30-40 жылды құрай отырып, сақталуымен бірге, тіпті одан әрі артады деген пікір басымдыққа ие болып отыр.

Сөйтіп, болжалды келешекте мұнайдың әлемдік геологиялық қорларының азаю проблемасы мұнай қабаттарының өнімділігінің деңгейін арттыруға, сондай-ақ аз зерттелген қиыншылықты аудандарда мұнайды ойдағыдай коммерциялық өңдіру мүмкін болуына қол жеткізетін жаңа кен орындарын ашу және қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін пайдалану сенімге жол ашады.

Әлемдік тәжірибеде құрлықтық қайраңның мұнай ресурстары мұнай өңдірудің өсімінің негізгі көздеріне айналып отыр. Қазіргі уақытта құрлықтық қайранда өңдірілетін мұнайдың үлесі әлемдік мұнай өңдірудің 35 % астамын құрайды, және ол жыл сайын өсу үстінде. Бұл Антарктида және Антарктикалық қайраңда мұнай іздеу бойынша жұмыстарды айтпағанның өзінде. АҚШ Энергетика департаменттінің бағалаулары бойынша Росс пен Уэнделл теңіздерінің қайраңындағы ғана мұнай кен орындарының болжалды қорлары жобамен 50 млрд. барр., яғни бұл өз көлемі бойынша атышулы Алясканың мұнай кен орындарынан кем емес. Америка мамандарының алдын ала есептеулері бойынша Антарктидада сынамалы мұнай өңдіруді 2050 жылдан әріде еместе бастау мүмкін болады. Бірақ іздеу және геологиялық зерттеу жұмыстары өте үлкен капитал салымдарын қажет етеді, оның үстіне жаңа ашылатын және зерттелетін кен орындарынан мұнайды одан әрі тасымалдау өте күрделілігімен және қиыншылығымен байланысты, осы себепті оның өзіндік құнының шапшаң арту тенденциялары бар [5, 6. 138] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік экономикалық қызметтің теориялық негіздері
Мұнай компанияларында франчайзингтік жүйенің дамуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖУМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ
МҰНАЙ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДА
Қазақстанның көлік қызметтері саласындағы интеграциялық үрдістердің ерекшеліктерін ашып көрсету
Қазақстан Республикасының қаржы секторларының негіздерін талдау
Нарық: мәні, құрылымы, кеңесітік заманнан кейінгі экономикадағы қалыптасу механизмі
Дағдарыс жағдайында мұнай өнімдері нарығының жағдайы мен даму болашағын талдау
Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі
Қазақ-Қытай сыртқы экономикалық байланыстары: даму ерекшеліктері мен болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz