Балалар қайырымдылық қорлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І. АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
1.1 Қайырымдылық түсінігі 6
1.2 Алғашқы қамқорлықтар мен көмек көрсетулер 11
1.3 Қазақстандағы қайырымдылық қорларының ұйымдастырылуы 13
ІІ. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ
2.1 Зиялылардың әлеуметтік көмек көрсетудегі рөлі және оның 29
пайда бола бастауы
2.2 Қазақстандағы қайырымдылық қорлардың ерекшеліктері 43
2.3 Шет елдегі балалар қоры жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асуы62
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 76

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленгендей, Қазақстан
Республикасы әлеуметтiк мемлекет.Яғни мемлекет өзiнiң бар
мүмкiндiгiн,қамқорлығын өз қоғамының дамуына,ондағы азаматтардың өмiр сүру
деңгейiн көтеруге мiндеттi.Бүгiнге дейiнгi қол жеткiзген табыстарымыз-
егемендiк,тәуелсiздiк бiзге тек қана iлгерiлеуге және өркениетке қарай жол
ашты.Дербес мемлекетке айналған тұста бiздiң Республика аграрлық ел едi.
Ендi халықтың жартысына жуығы қоныстанған жерлердегi ұжымшарлармени
кеңшарларға қажеттi қаржы тауып беруге жас мемлекеттiң шамасы жетпей қалды.
Содан Үкiмет амалсыздан ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын жекешелендiрдi.
Нәтижесiнде жұмыссыздық басталды. Халық, әсiресе жастар үлкен қалаларға
көше бастады.
...Қазақстанның гүлденуi үшiн Республиканың барлық халықтарының
ынтымақтасуына,әр адамның бақыты мен бостандығына,барлық азаматтардың
материалдық және рухани мәдениетiн көтеруге қамқорлық жасау,-дейдi ел
Президентi Н.Ә.Назарбаев. Әлеуметтiк қолдау,ең алдымен,халықтың онсыз өмiр
сүре алмайтын тобына мақсатты әрi нысаналы сипатта көрсетiлуде.Оған дәлел
Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996жылы шiлденiң 18-де Мiндеттi
әлеуметтiк сақтандыру туралы заңына,1997 жылы маусымның 16-да Мүгедектiгi
бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы және жасына байланысты берiлетiн
мемлекеттiк жәрдемақылар туралы “заңы осы жылдың 20 маусымында
“Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы”заңы және 1997 жылдың 10 желтоқсанында
Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау
жөнiндегi Жалпы Ұлттық қщр туралы”жарлығы қабылданып,онда Қазақстан
Республикасының Үкiметi тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi
жалпыұлттық қор құру арқылы,оның қызметiнiң негiзгi бағыттарын,яғни тұрмысы
төмен азаматтарға материалдық,қаржылық ресурстарды беру,қызметтер
көрсету,әлеуметтiк бағдарламалардың iске асырылуына жәрдемдесу,обылыстарда
халықтың табысы аз топтарын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аймақтық
қайырымдылық қорларын құру қарастырылған.Өткен 1999 жылы да әлеуметтiк
сипаттағы шараларға мемлекет тарапынан ерекше маңыз берiлдi.Еңбек,жұмыспен
қамту,әлеуметтiк қорғау салаларының мамандары жергiлiктi билiк орындарымен
бiрлесiп,соғыс және еңбек ардагерлерiне, мүгедектерге, зейнеткерлерге
“қайырымдылық” акцияларын өткiзу барысында ақшалай,азық-түлiктей көмектер
көрсетiлдi,әлеуметтiк қолдау айлықтары ұйымдастырылып,кiрiптар жандарға
материалдық жағынан түрлi жәрдемдер берiлдi. “Қайырымдылық”
республикалық акциясының өткiзiлуi Батыс Қазақстан облысында жалғыз басты
қарттарға киiм-кешек жинауға ықпал етiп 177739 адамға материалдық көмек
көрсетiлген.Жамбыл облысында 1576 адам материалдық көмек алып,97 бекетте
868 адамға арнап күнделiктi тегiн тамақтандыру орындары ашылған.Шымкент
қаласында 40 коммерциялық нүктеде 85 жалғыз басты қарттар мен мүгедек
жандарга күнделiктк түскi ас тегiн ұйымдастырылған.Қаржы көлемi мен тегiн
тамақтандыру,өзге де көмектер қомақты болғанымен,осындай қиын уақытта адам
тағдырына деген жанашырлыққа үндеген шаралардың маңыздылығында күмән жоқ.
Осынау қоғамдық және ұлттық мәселелердi шешу мақсатында оған қол ұшын беру
үшiн Республикамызда көптеген қайырымдылық қорлары жұмыс iстейдi.

І. ТАРАУ
АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
КЕЗЕҢДЕРІ

1.1.Қайырымдылық түсінігі

Қайырымдылық дегенiмiз, ол адамға материялдық көмек көрсету,жақсылық
жасау, яғни филантропия.Филантропия деген сөз грек тiлiнен аударғанда
“адамды сүю” деген мағынаны бiлдiредi екен. Ал ендi бұл қайырымдылықтың
негiзi қайдан шыққан? Ертеде грек тiлiнде мағынасы игi қайырымдылық
кiшiпейiлдiк, рақымшылық деген ұғымға ұқсас сөз болған. Ол “ eleemon” –
қайырымды, мейiрiмдi,iзгiниеттi деген мағынада,ал шiркеу тiлiнде осы сөз
басқа “caritabilis” деген сөзге айналып қайырымдылық мағынасын
бiлдiрген.Олай болса,ертедегi христиандар грек тiлiнен ''eleemsyne'',яғни
бiреудiң қайғысына ортақтасу,аяушылық бiлдiру деген мағынадағы создi алып
қолданған. Иерусалимде және одан басқа жерлерде,алғашқы христиандар ең
әуелi шағын қауым болып,барлығы бiрiгiп,тiптi өмiр сүруге қажеттiнiң олар
үшiн бәрi ортақ,әркiм өз қажетiне қарай бөлiп алып отырған.Тiптi көптеген
дiнге нанушылар өздерiнiң жүрегi мен қанын да бiр деп
есептеген,сөйтiп,олардың араларында мұқтаж адамдар болмаған.Сол кездегi
достықпен туысқандық қамқорлық деген ұғымды уағыздаушылар (дiндарлар) және
дiни кiтап “Библияның” осы заманғы аудармасында қайырымдылық шынайы
қамқорлық деп түсiндiрiлген.Сонымен қатар,олар оны тек христиандарға тиiстi
деп есептеген.Әлемге қайырымдылық атты идеяны алғаш танытқан христиан дiнi
емес оның қажетi де болмаған. Себебi көне заманғы қалаларда, бiздiң
эрамызға дейiнгi жүздеген жылдар бұрын қайырымдылық өзiнiң кең
жомарттығымен, мейiрiмдiлiгiмен қарқынды дамыған,ал христиан дiнiнiң бұл
туралы түсiнiгi де болмаған. Афина, Рим, Греция мен Италияның кейбiр
қалаларында бай адамдар күнделiктi не аптаның белгiлi бiр күндерi өз үйiнiң
есiк алдында кедейлерге арнап тамақ берудi дәстүрге айналдырған.Сонымен
қатар,кедейлердi тамақтандыру және азық-түлiкпен қамтамасыз ету ауқатты
адамдарға салық ретiнде жүктелген.Соның арқасында кедейлер әрдайым тамақсыз
қалмайтын болған.Оларға азық-түлiкпен қоса ақша да таратып отырған. Ол
қорларды атқарып жатқан қызметi мен алдына қойған мақсат,мiндеттерiне қарай
төмендегiше топтастыруға болады.
1.Балалар қайырымдылық қорлары:
а) Республикалық ''Бөбек'' балалар қайырымдылық қоры.
б) Елiмiздiң облыс орталықтары мен iрi қалаларда ашылған балалар
қайырымдылық қорлары.
2.Мүгедектерге қайырымдылық көмек қорлары:
Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау.
• Жалпы ұлттық қайырымдылық қоры.
• Республикалық “Бибi-Ана” мүгедек әйелдер қоры.
3.Рухани қорлар:
• “Шапағат” қоғамдық қайырымдылық қоры.
• ''Иман'' қайырымдылық қоры.
• ''Қазығұрт'' қайырымдылық қоры.
4.Халықаралық қайырымдылық қорлар.
• “Сорос-Қазақстан” қоғамдық қайырымдылық қоры.
• Халықаралық американ қайырымдылық корпусы
5.Тұрмысы төмен азаматтарға қайырымдылық көмек қорлары.
Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi жалпы ұлттық қор.
Республикадағы халықаралық ''Бөбек'' балалар қайырымдылық қорының тындырып
жатқан iсiн айрықша айту керек. Алғаш 1992 жылдың 27 наурызынан бастап
жұмыс iстей бастады.Қордың президентi Сара Алпысқызы
Назарбаева.''Бөбектiң'' негiзгi мақсаты - әлеуметтiк тұрмыс жағдайы нашар
отбасындағы балалардың жағдайын жақсартуға жәрдемдесу,әсiресе,ата-ананың
аялы алақанына зәру жетiмдерге, экологиялық апат аймақтарында тұрып жатқан
ауру-сырқау және мүгедек балаларға қамқорлық жасау.қордың құрылтайшылары –
мемлекет және қоғамдық iрi ұйымдар,әлемдегi iскер адамдар,банктер мен
коммерциялық құрылымдар.
Тағы бiр үлкен мәселе:елiмiздегi өнерлi балалардың талабын
қолдау мақсатында ''Айналайын'' ,''Шығыс маусымы'' атты фестивальдар өткiзу
осы ''Бөбек'' қайырымдылық қорының бастамасымен дүниеге келдi.
Мемлекет тұрмысы нашар азаматтарға шамасы келгенше қамқорлық жасауға
тырысуда.Елiмiзде көптеген қайырымдылық қорлары құрылып,қайырымдылық
акциялары өткiзiлуде. Республикамызда құрылған қайырымдылық қорларымен қоса
елiмiзде халықаралық қайырымдылық қорлары қызмет етуде. Бiздiң елiмiздегi
шетелдiк компаниялармен халықаралық қорлар қай елде болмасын адамдардың
ұлты,нәсiлi,дiнiне қарамастан көмектесудi өздерiнiң принциптерi етiп алған.
Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге
бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету
кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер
алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын
ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens
– тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам
баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі
жетістіктерді басынан өткізді
Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, алғашқы қауым кезеңін, яғни
антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және биологиялық даму барысында
адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік тарихи
процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға болады. Алғашқы қауымдық туыстық
қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы реттелген түрлері – туыстар
мен туыстық қауымлар пайда болды. Дәл осы кезеңде алғашқы қауымдық туыстық
қауымдық құрылымның негізгі белгілері - өндірістегі ұжымшылдық, жалпы
меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу, т.б. пайда болды. Бұл белгілер әсіресе
ертедегі алғашқы қауымдарда анық байқалып, кейінгі алғашқы қауымдарда да
сақталып қалды. Бұл кезеңнің ең төменгі шегі – ортаңғы палеолит
(палеонтроптар кезеңі) және неолит.
Алғашқы қауымдық кезең - қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық
туыстық қауым – кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі – алғашқы
қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-
әрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының
өсуімен сипатталады.
Туыстар мен қауымның ортақ меншігі жеке үй шаруашылығы меншіктері мен
теңдей бөлу еңбегіне қарай бөлумен алмасып, қауымдық-туыстық байланыстар
үзіліп, алғашқы қауымдық - көршілік түрлері пайда болды. Эксплуатацияның
алғашқы нысандары пайда болып, олармен бірге негізгі өнім қоры - қосалқы
өнімге айнала бастады, яғни жеке меншіктің, қоғамдық таптар мен
мемлекеттіліктің бастамасы түзіле бастады. Кезеңнің төменгі шегі, кейбір
қарқынды дамыған қоғамдарда неолит кезеңіне, ал нашар дамыған қоғамдарда
металдық кезеңнің біршама бөлігіне сәйкес келеді. Кезеңнің жоғарғы шегі -
қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің пайда болуы – 5 мыңдай жыл бұрын
байқалған делінеді. Ал нашар дамыған қоғамдар бұл кезеңді әлі күнге дейін
өткен жоқ.
Жалпы дәуірдік кезеңдерді археологиялық және палеоантропологиялық
схемалардың аса маңызды буындарымен төмендегіше салыстыруға болады. Бұл
кезеңдердің абсолютті (нақты) жасын айту қиын, себебі, біріншіден, олардың
археологиялық және палеоантропологиялық кезеңдермен арақатынасы жөніндегі
көзқарастар түрліше, екіншіден, ертедегі алғашқы қауымдық кезеңінен бастап,
адамзат қоғамы біртекті дамыған жоқ, соның әсерінен жоғарыда айтылған
әртүрлі қоғамдар қалыптасты.
Садақа, қайырымдылық – бір мағынаны білдіретін, ауыспалы мағыналарда
да қолданылатын түсінік.  Дінге сенушілер,  сенбеушілер, басқа діндегілер
яғни әлемдегі барлық тірі адамзат қолданатын құбылыс, саналы ішкі сезім
қорытындысы. Әр елдің салты басқа демекші, түрлі елде садақа түрліше
таратылғандығы белгілі, бірақ қайырымдылықтың түпкі  түйсік соғар мағынасы
– жан ләззаты. Сол себепті  адамдар қауымы көбіне  үрей, қорқыныш сияқты
сәттерде,  жан толғаныстар, толқулар болып, сабырлылық іздеген кездерде
садақаға жүгінеді.  Жаңа ғасырда пайыздан табыс көру үшін қайырымдылық
істейтін немесе істететін адамзат өкілдері де қалыптасып,  жер планетасында
бізбен бірге, бақытты күй кешуде. Бірақ жаратылыс бір, жүрек бар болғаннан
кейін, кез келген  адам жалғыздықта қараңғылыққа үңіліп,  үрейленеді,
қайырымдылық жасайды.
Қайырымдылық ол өзіңнен артылып жатырған, артық деп есептелінетін
қоғамның  мұқтаж өкілдеріне  қайтымсыз берілетін қаржылай немесе заттай
көмек.  Өз басым жарнамаланған қайырымдылықтарға, шоттарын ұсынған қорлар
мен жалынышты хаттарға сенбеймін, ат басын бұрмаймын, бірақ көше
қайыршысынан аттап өте алмаймын.  Шын екі аяғынан айырылған мүгедек,
панасыз қалған қарт, бағусыз қалған жетім, яғни шын мұқтаждар- адам
баласының  иманын селк еткізеді. Сол себепті қайырымдылық жүректен шынайы
шығу керек, себебі жанары түсіңкі адам жанына барып қуаныш сыйлаған
секілді, жүректен шығатын сезім ілтипаты – жан ләззаты болып табылады. 
Яғни, жасалған көмектің нәтижесінде  адамның үстіңнен жүк түскендей әсер
алуы, жанның ләззат алғандығы. Қысқаша қайырымдылық  туралы осы, сөзімді
қорытындылай келе, жиғаныңыз өзіңізден артылып, ысырапты байқамай көп
қылатын болсаңыз қайырымдылық жасаңыз. Киілмей қалған ескі киіміңіз болсын 
жетім балаларға, мүгедектерге қолғабыс, үлкен қарттарға ізет пен көмек
секілді,  яғни кәдімгі бірінші қажеттіліктерге шынайы мұқтаждар бар.
Жыл сайын қарашаның соңғы бейсенбісінде жер шарында Қайырымдылық күнін
атап өтеді. Бүгін осы мейрам өзінің басты міндетін орындау үшін еліміздің
Бірінші Ханымы С.А. Назарбаеваның қолдауымен бізге Қазақстанға келді.
Қайрымдылық мерекесі әсем безендірілген балалар үйлерінің залдарында
барша балалар мен қонақтарды қарсы алудан, директорлардың
тәрбиеленушілердің атынан өз туған атамекеніне, Президентке, өздерінің
игіліктері және көркейуіне атсалысқан меценаттар мен барлық азаматтардың
жақсы істеріне алғыс айту, құттықтау сөдерімен басталды.
Жетім балаларға зор қолдау көрсеткен демеушілер болды.
Әдемі де нәзік әуезді әндердің әуенінің, өлеңдердің, жалынды билердің
ырғағында қонақтар мен тәрбиеленушілердің арасында сырласу өтті. Жылы ауа
райы және жарық зал достық қарым қатынасқа, жақсылық жасауға ықпал
еткендей, айналадағыларға бақыт таратып, үлкен отбасының одан сайын нығая
түсуіне, бақытты да байи түсуіне көмектеседі.
Концерттен кейін меймандар мен балалар тәттіге, жемістерге,
балмұздаққа толы салтанатты мерекелік түскі асқа шақырылды. Түскі ас
кезінде балалар еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысовнадан тілек- құттықтау
хат алды. Соңынан барлығы Алғыс Әнін шырқады.
Астан кейін бүлдіршіндер ән-күй залында Сара Алпысовнаның сыйға тартқан үй
кинотеатрының алдына жайғасып мультипликациалық фильмдерді тамашалады. Ал
үлкендер топтарындағы балалар акты залында өздерінің сүйікті әндерін
караокеде орындай жүріп, ырғалып би биледі. Қарағанды қаласының балалар мен
жасөспірімдер сарайының акты залына Ризашылык! Доброта во благо детям!
қайырымдылық акциясының барлық қатысушыларын Рахмет бүгін үшін, Рахмет
қазіргі үшін! Мерекелік концертіне жинады. Концерт бағдарламасында
облыстың артистері қатынасты, әсіресе балалар Super Star Kz конкурсына
қатысқан Романа Кимді ерекше жылы қарсы алды. Мерекелік концерттен кейін
барлық балалар шырағданмен әрленген жанұялық мерекелік кешкі асқа балалар
үйлеріне тарады. Қайырымдылық мерекесіне жетім және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға араналған мекемелердің 1441 тәрбиеленушісі,
600 қызметкері және 40 қонақ –меценаттар қатысты. Облыстың барлық газеттері
мен телеканалдары ақпараттық қолдау көрсетті. Благодарим за праздник С.А.
Назарбаеваға, Бөбек Қорына, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау
комитетіне, облыстың, қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне, балалардың
құқықтарын қорғау департаменті, білім басқармасы мен бөлімдеріне,
Китайстрой ЖШС, Ren-milk ЖШС, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-
атқарушы жүйесі комитетінің басқармасына, Айза ЖШС, Транс-комир ЖШС,
Нұрәсем сән ательесі, Көркем дүкені, Медицина университеті, Воинская
часть Астана Республикалық әскербасылық әскери бөлімшесі, № 2 Музыка
мектебі, Жанар Кондитер фабрикасы, Нугербекова ЖК, Махаббат АҚ,
Альберт шіркеу Пастері, Қазақмыс Корпорациясының Футбол академиясы,
Шарайна қалалық газетінің алқасы, Импекс ЖШС, Сәтпаев қ. әлеуметтік
қорғау бөлімі, Қазақмыс Корпорациясының жастар одағы, ГЦВП, Нұр жол
-астана Новая столица ЖШС, Алтынбек ЖК, Қазақмыс Хоккей клубы және
Қазақмыс Корпорациясы ЖШС, СТА Сәпаев телеканалы, Сәтпаев қ. өнер
мектебі, НДП Нұр Отан, Сәтпаев Диагностика орталығы, Импекс Фирмасы,
Керимкулов К. ЖШПТ бастығы, Даулетбаева ЖК, Балқаш Нан ЖШС, Балқаш-
Сүт АҚ, Меркулов А.Г. ЖК, Кузьменко А.Г. ЖК, Жилстойсбербанк, Қазақстан
Халық банкі, Ақнар ЖШС, Теміртау электрометаллургиялық комбинаты,
Арселор Миттал Темиртау Корпорациясы, Теміртау Восток Кабельдік
теледидарына мереке үшін алғыс алғыс айтамыз.

1.2.Алғашқы қамқорлықтар мен көмек көрсетулер
Kіріспеде Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі принциптері және адам
құқығына байланысты кейбір пактілермен декларациялардың негізгі қағидалары
атап өтіледі. Онда балалар өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше
қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігі, әсіресе басты қамқорлық пен
жауапкершілік от басы иелеріне жүктелетіндігі расталады. Сондай-ақ онда
баланы туылғанға дейін және туылғаннан кейін құқықтық және басқалай қорғау
қажеттігі, оның туған халқының мәдени құндылықтарын құрметтеу маңыздылығы
және бала құқығын қорғау жолында халықаралық ынтымақтастықтың ролі
мақұлданады.
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер, Біріккен Ұлттар Ұйымының
Жарғысында жария етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән
қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде
бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып
табылады деп есептей отырып, Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің
адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қасиеті мен
құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең ауқымды бостандықта
әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге
бекем бел буғанын назарға ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей
адам құқығы декларациясында1 және Адам құқықтары туралы халықаралық
пактілерде2 жария еткен құқықтар мен бостандықтардың бәріне және әрбір
адамның нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге де сенім-
нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы
сияқты белгілері немесе өзге де жағдайлары бойынша қандай да бір айырмасыз
ие болуға тиіс екендігіне келіскендігін тани отырып, Біріккен Ұлттар
Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында балалардың ерекше
қамқорлық пен көмекке құқылы екендігін жариялағанын еске ала отырып,
отбасына қоғамның негізгі ұясы ретінде және оның барлықмүшелерінің, әсіресе
балалардың өсіп-жетілуінің және игілігінің табиғи ортасы ретінде, қоғам
шеңберінде өз міндеттерін мойнына толық ала алатындай қажетті қорғау және
жәрдем көрсетілуі тиіс екендігіне кәміл сене отырып, баланың жеке басы
толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және
түсінушілік ахуалында өсуі қажет екендігін тани отырып, бала қоғамда
өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының
Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет,
төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс
деп санай отырып, баланы осындай ерекше қорғауға деген қажеттіліктің 1924
жылғы Бала құқықтарының Женева декларациясында3 және 1959 жылғы 20
қарашадағы Бас Ассамблея қабылдаған Бала құқықтары декларациясында
қамтылғанын және оның Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында,
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 23
және 24-баптарда) 2, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарытуралы
халықаралық пактте (атап айтқанда, 10-бапта) 2, сондай-ақ балалардың
игілігі мәселесімен айналысушы мамандандырылған мекемелер мен халықаралық
ұйымдардың жарғыларында және тиісті құжаттарында танылғанын назарға ала
отырып, Бала құқықтарының декларациясында бала туылғанға дейін, сондай- ақ
туылған соң да тиісті құқықтық қорғауды қоса алғанда, оның тәні мен ақыл-
есінің жетілмегендігіне байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты қажет
етеді деп көрсетілгенін назарға ала отырып, балаларды қорғауға және
олардың игілігіне қатысты, әсіресе балаларды ұлттық және халықаралық
деңгейлерде тәрбиелеуге және асырап алуға беру кезінде, Әлеуметтік және
құқықтық қағидаттар туралы декларацияның ережелеріне 5, Біріккен Ұлттар
Ұйымының жасы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу жөніндегі
(Пекин ережелері6) Минимальды қалыптық ережелеріне және Төтенше жағдайлар
мен қарулы жанжалдар кезінде әйелдер мен балаларды қорғау туралы
декларацияның ережелеріне сілтеме жасай отырып, дүниежүзінің барлық
елдерінде аса ауыр жағдайларда өмір сүріп жатқан балалар бар екенін және
мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып,
баланы қорғау және оның үйлесімді дамуы үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен
мәдени құндылықтарының маңыздылығын тиісті түрде ескере отырып, әрбір елде,
атап айтқанда, дамушы елдерде балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін
халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып, төмендегілер туралы
келісті.

1.3 Қазақстандағы қайырымдылық қорларының ұйымдастырылуы
Бүгінде денсаулық сақтау саласы мемлекет тарапынан үлкен қамқорлыққа
ие болып отыр. Себебі, дені сау адам - мемлекеттің басты байлығы. Елбасының
өзі медицинаны жіті назарда ұстауынан жиі реформаланып, бұл бағытта елеулі
өзгерістер, оңды нәтижелер ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде. Мамандар
деңгейі мен медициналық қызмет көрсетуде заманауи дамудың сатыларына
көтеріліп келеді. Мақсат - аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын кеңінен
насихаттау болып табылады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2005-2010 жылдарға арналған
денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын
басшылыққа алып, жұмыстар атқаруда. Бағдарламаның бірінші сатысында
аймақтың емдеу, алдын алу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы
толықты. Қазіргі, екінші сатысында алғашқы медициналық көмек беру
мекемелерін нормативке сәйкестендіру мен медициналық қызмет көрсету сапасын
арттыру, аурудың алдын алуда салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын
жүйелей отырып, насихат шараларына ден қоюға назар аударылып жатыр.
Қашанда іс тетігін қаражат шешеді десек, жыл сайын бөлінетін қаржы
көлемі қомақтылана түсуде. Мәселен, облыстың денсаулық сақтау саласының
биылғы бюджеті 17,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 30,5 пайызға
артты. 2008 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі 10,8 млрд. теңге
болса, үстіміздегі жылы 14,2 млрд. теңгені құрап, 31,5 пайызға өсті. Тегін
медициналық кепілді көмек көрсетуге арналған шығыстар бір тұрғынға шаққанда
былтыр 17268 теңге болса, биыл 22181 теңгеге дейін көбейді.
Аймақта аталған саланың оңды нәтиже көрсетіп, жемісті жұмыс жасауы
облыс әкімі Болатбек Қуандықов тарапынан баса көңіл бөлінуінен деп айта
аламыз. Әсіресе, соңғы екі-үш жыл көлемінде аталған салада орын алып жатқан
оңды өзгерістерді байқамау мүмкін емес. Облыста туу көрсеткіші жақсарып,
табиғи өсім артты. Мемлекеттің басты саясаты болып табылатын ана мен бала
саулығын сақтау бағытында өңірімізде айтарлықтай ілгерілеушіліктер бар
екенін дәрігерлер қауымы қуана жеткізуде. Мысалы, үстіміздегі жылдың
алғашқы жартысында ана өлімі екі есеге төмендеді. Сәбилер өлімі 1000 балаға
шаққанда 22-ні құрап отыр. Тұрғындар денсаулығы аймақтағы әлеуметтік
науқастар көрсеткішімен өлшенетіні белгілі. Бұл орайда облысымызда
туберкулез ауруына шалдығушылық жыл өткен сайын төмендеп келеді. Мәселен,
2008 жылы көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 83,5 болса, биыл 65,1-ге түсіп,
республикада 6-орынға жылжыдық. Қатерлі ісіктермен аурушаңдық 70,7-ден 67,8-
ге төмендеген. Ал жұқпалы аурулармен аурушаңдық деңгейі 687-ден 590,8-ге
түсіп отыр.
Бүгінде денсаулық сақтау саласын дамыту мен медициналық қызметтің
сапасын арттыруда жаңа қадамдар жасалды. Атап айтқанда, барлық ауданда
телемедицина желісі іске қосылып, олар облыс орталығына, одан әрі
республикалық мамандандырылған орталықтармен байланысуға қол жеткізді.
Саладағы түйткілді мәселенің бірі - ауылдық жерлерге дәрігерлер тарту.
Бұл тұрғыда түрлі шешімдер мен пікірлер қайшылықтары орын алды.
Республикада әр облыс өзінше қадам жасап көрді. Мысалы, оңтүстіктегілер жас
мамандарын коммуналдық төлемдерден босатып, алдына мал, үстіне үй тікті. Ал
бізде аймақтың денсаулық сақтау саласын мамандармен толықтыру, әсіресе, жас
мамандарды ауылдық жерлерге тұрақтандыру үшін облыс әкімінің қолдауымен
жергілікті бюджеттен ауылға баратын жас мамандарға 50 млн. теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта облысқа 89 жас маман оқуын бітіріп келсе, 41-і ауылдық
жерлерге орналасты.
Өңірімізде денсаулық сақтау нысандарын жаңартуда да едәуір қозғалыс
бар. Өткен жылдың соңына қарай басталған 9 елді мекендегі дәрігерлік
амбулатория құрылысына жергілікті бюджеттен 361,8 млн. теңге бөлінген.
Бүгінде олардың көпшілігі пайдалануға берілді. Сонымен қатар 187 млн.
теңгеге 22 елді мекенде медициналық бекеттер салынуда. Тағы 10 медбекет
құрылысына қаржы қаралып отыр. Сондай-ақ облыс орталығындағы перинаталды
орталық пен қалалық емхана құрылыстары қарқын алуда. 100 аурухана
бағдарламасы бойынша салынып жатқан Байқоңыр қаласындағы 80 төсектік
перзентхана құрылысы да аяқталып, қазан айында пайдалануға беріледі деп
күтілуде. Жол картасы іс-қимыл жоспары аясында 11 емдеу мекемесінің
күрделі жөндеуіне республикалық және жергілікті бюджеттен 596 млн. теңге
бөлініп, жұмыс жолға қойылды. Үкіметтің ҚР 2007-2009 жылдарға арналған
кардиохирургиялық және кардиологияны дамыту бағдарламасын бекіту туралы
шешіміне сәйкес жақын күндері жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу
және өлім-жітімді төмендету мақсатында облыстық медициналық орталығы
жанынан 20 төсектік кардиоорталық ашылмақ. Орталықты жабдықтауға
республикалық және жергілікті бюджеттен қомақты қаржы қаралды. Өңірімізде
ана мен бала денсаулығын қорғау және қолжетімді медициналық көмек көрсету
мақсатында перинаталды орталық пен қалалық перзентханадан 6, аудандардағы
босандыру мекемелері жанынан 3 төсектік жаңа туған нәрестелер
реанимациялары ашылып, олар тиесілі штаттық бірліктермен, заманауи құрал-
жабдықтармен жарақтандырылды. Оған жергілікті бюджеттен 42,4 млн. теңге
бөлінді.
Саланы алға жетелейтін кадр екені белгілі. Оның үстіне медицина күн
сайын жаңаруда. Әлемдік стандарттарға сәйкес келу үшін талап деңгейінде
тұру шарт. Бұл орайда, әрине, алдымен маман біліктілігі бірінші кезекте.
Ендеше, бұл жағынан келгенде де денсаулық сақтау саласында нәтижелі істер
көп-ақ. Яғни, мамандарды шетелдерде және республикалық ғылыми-зерттеу
институттарында қайта даярлау жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Мәселен, ана
мен бала саулығына тікелей көмек көрсететін акушер-гинекологтар мен балалар
дәрігерлерінің біліктілігін жетілдіру мақсатында халықаралық ЮСАИД
мамандарын екі рет шақырып шеберлік класы ұйымдастырылса, Санкт-Петербург
қаласындағы мамандандырылған клиникада 15 дәрігер білімін жетілдіруде. 3
маман Литва Республикасының Каунас қаласында кардиохирургия мамандығы
бойынша 10 айлық курста білімін көтеруде. 20 кардиолог дәрігер алғашқы
маманданудан өтті. Медициналық орталық базасында мамандарды жұмыс орнынан
алшақтатпай оқыту үшін арнайы оқу-тренинг орталығы ашылды.
Бағдарламаға байланысты емдеу, алдын алу мекемелерінің материалдық-
техникалық базасы нығайтылды десек те, осы жылы бұл мақсатқа да 562,8 млн.
теңге қаралып, оған 44 автокөлік алу жоспарланды. Өздеріңізге мәлім,
медицина дәлдікті, аса мұқияттылықты қажет етеді. Бұл, әсіресе, ота жасау
кезіндегі мұқтаждық. Облыстағы жалғыз томографиялық компьютердің істен
шығып тұрғанына біршама уақыт болған еді, облыс әкімінің назарына іліккен
мәселенің түпкілікті шешілуіне 20 млн. теңге қаражат бөлініп, жақын арада
қайта іске қосылмақ.
Араға 20 жылдан аса уақыт салып, санитарлық авиация қайта жасақталды.
Яғни, шалғай елді мекендердегі тұрғындар, әйелдер мен балаларға дер кезінде
шұғыл дәрігерлік көмек көрсетуді қамтамасыз ететін қызмет қалыпқа
келтірілді. Оған 16,2 млн. теңге жұмсалды. Санавиация қызметі өз кезегінде
тиімділігін дәлелдеп, алғашқы жарты жылдықта ауыр науқастар үшін аудандарға
7 ұшу және 167 шақыртуға барып, көмек көрсетті. Сонымен бірге Арал
ауданының Құланды, Ақбасты сияқты алыс ауылдары тұрғындарын толық
медициналық тексеруден өткізу мақсатында қажетті құрал-жабдықтармен
жабдықталған мамандандырылған топтарды жеткізуде.
Денсаулық сақтау саласының күрделі мәселелерінің бірі - жекелеген
санаттағы тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамту. Үкіметіміз тегін дәрі-
дәрмекпен алғашқы кезекте ана мен баланы, созылмалы науқасы бар, ұзақ дәрі
қабылдайтын жандарды қамқорлыққа алғаны баршаға белгілі жай және бұл аса
құптарлық іс. Биыл дәрілік заттармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен
680 млн. теңге бөлініп, бұрынғы алынып жүрген тегін дәрі-дәрмек қатарына
тағы да 8 науқас түрі қосылды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы республикалық
мақсатты трансферт есебінен жедел инфарктпен ауырған ауруларға
тромболтикалық дәрілерге 632 мың теңге көлемінде қаржы қаралды.
Міне, бұл айтылғандардан біз денсаулық сақтау саласының күн өтіп,
жылдар жылжыған сайын өркенін кеңге жайып келе жатқанын байқаймыз. Соңғы
екі-үш жыл көлемінде атқарылған оңды істер, қол жеткізген жетістіктер
қатары көбейе түсуде. Денсаулық сақтау саласының алға қойған мақсаттары
ауқымды. Кезегімен келер толайым тірліктер көп. Мұның барлығы қоғамның
басты факторы - адам үшін жасалып жатқан игі тірліктер. Себебі, мемлекеттің
басты байлығы адам дейтін болсақ, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы.
Атақты педагог В.Сухомлинский бір кездері балалық шақ кезеңі бұл ең
алдымен жүректі тәрбиелеу кезеңі деген-тін. Қайырымдылықты елден, ал
пайымдылықты қариядан үйрен дейді халқымыз. Ұлтымыздың кемел келешегі жас
ұрпақты тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні
боларлық адами қасиеттер мен әдет-ғұрыпты бойларына сіңіруді біз үлкендер
арқылы үйренеміз. Егер балаларымыз айналамыздың көзқарасы мен
мейірімділігін қаншалықты ерте сезінсе, ол соншалықты құндырақ бола түседі.
Осыны ерекше ескерген іс-шараны ұйымдастырушылар салтанатты кешті “Жетім
балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін” номинациясын алдыңғы кезекке шығарудан
бастады. Бұл аталымдағы “Алтын жүрекке” 10 адам ұсынылған екен. Олардың
арасындағы мысалы, Қызылорда қаласындағы “Ұмай” мектепке дейінгі балаларға
арналған сауықтыру-тәрбиелеу қайырымдылық баспанасы” мекемесінің
басқарушысы Анар Ізден тұрмысы төмен отбасылардың ата-аналары мен
балаларына, сондай-ақ өз балаларын тәрбиелеп ұстауға уақытша мүмкіндігі жоқ
отбасыларға әлеуметтік қолдау арқылы мемлекетке үлкен көмек көрсеткен. Атап
айтқанда, психоневрология ауруларына шалдыққан 103 балаға Арал қаласында
тегін стационар ашып беріпті. Ал Ақтөбе облысындағы, Әйтеке би ауданының
азаматы, сондағы “Комсомол” ЖШС басшысы Виталий Волынец Х.Ақчурин атындағы
балалар үйіне қамқорлық жасауды өз мойнына алған. Балалар үйінің
қажеттіліктері мен шығындарын В.Волынец отбасының жеке қаражатынан бөледі
екен. Мұндай жаны жайсаң азаматтарымыз қаншама. Дегенмен, бұл сала бойынша
жоғары марапатқа алматылық “Перзент” отбасы типтес қайырымдылық балалар
үйі” жеке меншік мекемесінің президенті Әмина Әжібаева ие болды. Соңғы 15
жыл ішінде ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға
көмек көрсетіп жүрген бұл жылы жүректі жан ісінен еліміздің көпшілігі
хабардар. Бүгінде “Перзентте” 40 бала тәрбиеленуде. Әмина Әжібаеваға жүрек
тәріздес қан тамшысы бар мүсін мен шыныдан жасалған жан тазалығын
білдіретін дипломды “Дәуір” баспа үйінің президенті Светлана Назарбаева мен
өткен жылғы осы номинация бойынша жеңімпаз атанған Есіркеп Есімханов табыс
етті. “Алтын жүректі” алуға сахнаға көтерілген Әмина қажының соңынан
томпаңдай ерген бүлдіршіндер бір-бірден гүл ұсынды.
Қандай да бір қайғы оның алдындағы үрейден қорқынышты емес. Келесі
номинация өзгелердің қиындығы алдында өз абыржушылығын жеңіп, оларға күн
сайын көмек көрсеткен жандарға арналды. Дәлірек айтсақ, “Мүгедек жандарға
көрсеткен қамқорлығы үшін” тапсырылатын “Алтын жүректі” еліміздің Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мен “Эйр
Астана” өкілі Ербол Оспанов “Джей Ти Ай Қазақстан” ЖШС өкіліне табыс етті.
Бұл серіктестік “Болашақ” жасөспірім балалар клубының жағдайы төмен
отбасыларына демеушілік көрсетіп келеді екен. “Зағип мүгедектерді кәсіби
оқыту” атты жобаны жүзеге асырыпты. “Қазақ соқырлар қоғамы” ЖШС мекемесін
іске қосқан. “Талғар психоневрологиялық” үй-интернаты” ММ-ге қаржы бөліп,
Қызылағаш ауылында зардап шеккендерге материалдық қолдау көрсеткен. Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова осыларды тілге
тиек ете келіп “Алтын жүректі” ұйымдастырушыларға үлкен алғысын жеткізді.
Өйткені осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасымыз Н.Назарбаев “Парыз” әлеуметтік
марапатын ұсынған болатын. Ал бұл жоба осындай жобалардың жақсы жалғасы. Өз
кезегінде “Алтын жүректі” иемденуші JTІ компаниясының басшысы шараны
ұйымдастырушысы “Бауыржан” қорына зор алғысын жеткізді. Әлеуметтік
жауапкершілік бұл – Қазақстанда еңбек ететін барлық компанияның алдындағы
міндет. Көп айтқымыз келмейді, керісінше, көп іс тындырғымыз келеді деген
ол бұл сыйын өмірден озған Иран Омарбековке атайтынын жеткізді. Бұдан соң
тумысынан құлағы естімейтін Алматы мемлекеттік қызмет көрсету және
технология колледжінің студенттері “Ым арқылы” ән айтып берді. Жан дүниеңді
астан-кестен қылып жіберетін көрініс. Сымбатты, бой-сойлы үш жас бала
ортаға шықты да ана туралы әнді қол-қимыл қозғалыстарымен көрсете бастады.
Әуені жаныңды тербейтін анаға арналған сағыныш әнін дыбыстап айтпаса да,
жүрек тұсы мен құшақтағанды көре отырып, көзге жас келді.
Парламент Мәжілісі депутаттары белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов
пен Майра Айсина өз әріптестері Нұртай Сабильяновқа “Білімді дамытуға
қосқан үлесі үшін” номинациясын тапсырды. Лауреат Алматы облысының
Қызылағаш ауылындағы мектеп оқушыларының киімдеріне қаржы аударып,
жекелеген жандарға шәкіртақы түрінде қолдау көрсетіп келеді. Семей өңірінің
Баршатас, Ақтоғай, Бозай, Құндызды Архат ауылдарына музыкалық аспаптар алып
берді. Нұртай Салихұлының азаматтығын көрген жандар көп екені шындық.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демей ме қазақ атамыз. Төлеген
Мұхамеджанов сыйлықты ұсына тұрып, қазақ қайырымдылыққа ерекше көзбен
қараған, үйіндегі тәтті нәрсені балаларына бермей, құрметті қонағына
сақтаған баба жолы бүгінде ең қымбатын өзгеге беру, жомарттық таныту болып
табылады дей келіп, бүгін Нұртайдың көпті сыйлағаны үшін бағы жанған күн
деген жүрекжарды сөзін айтты. Халық қалаулысы бұл марапатқа асып-таспай,
салиқалылық көрсетті. “Ұйымдастырылып отырған іс-шара қоғамға да,
халқымызға да қажетті іс-шара. Мұндай іске барлығымыз атсалысуымыз қажет.
Жалпы, осы елдің байлығын осы елге, осы елдің жастарына, өз қоғамына
арнауымыз керек. Қызметте жүрген, қалтасында қаржысы бар, атқа мінген
азаматтарымыздың барлығы басты қағида-қайырымдылықты естен шығармауымыз
тиіс деп ойлаймын”, – деді.
Әрбір номинацияға лауреат болудың өзі жеңіспен пара-пар. Өйткені,
қайырымды жанның дер кезінде жасаған жақсылығының құны өлшеусіз. Жадыраған
күлкі оның ең жақсы қайтарымы. Кез келген ғылымның негізінде қарапайым
ақиқат жататыны секілді, білім алудың негізінде оның алғышарттары жатады.
Ал осыларға қамқорлық жасау үлкен жүректілікті білдіреді. Мемлекеттіліктің
бір белгісі, төрткүл дүние спорттағы жетістіктерің үшін назар аударады.
Мықты бәсекелестік те осы салада туады. Қазақстандықтардың халықаралық
деңгейдегі спорттық жетістіктері еліміздің көшбасшы елдер қатарында болуына
ұмтылыс береді.
Сондықтан спорт саласын қолдау қоғамдық қызметтің қашанда басты
назарында. “Спортты дамытуды қолдағаны үшін” Парламент Мәжілісі депутаттары
Ирак Елекеев пен Айгүл Соловьева “Богатырь Көмір” ЖШС-на “Алтын жүрек”
мүсіншесін табыс етті. Бұл мекеме ел бадминтоны ұлттық құрамасына, сондай-
ақ “Саңыраулардың спорт одағы” ҚБ, “Спортшыларды қолдау қоры” ҚБ-ға 19 млн.
теңге қаржылай көмек көрсеткен. “Екібастұз футбол клубына” 30 млн. теңге
бөлген. “Алтын жүректің” “Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін”
номинациясына Алматы қаласы мәслихатының депутаты Құсман Шалабаев ие болды.
Ол ҰОС ардагерлері мен Ауған соғысы ардагерлеріне үнемі көмек қолын созып
келеді. Қайырымдылыққа жалпы көлемі 35 млн. 280 мың теңге көлемінде қаржы
жұмсаған жан шынайы құрметке бөленуге әбден лайықты деді тілек
білдірушілер. Осы орайда ардагерлерге үнемі көмек көрсетіп жүретін жандарды
айта кетпеске болмайды. Олардың қатарында Альянс Банкі, қарапайым зейнеткер
Роза Кунирова, “Кар-Тел” ЖШС, қызылжарлық Сайран Хамзин бар. Сайран
Шайсұлтанұлы ҰОС ардагерлеріне жыл сайын “Егемен Қазақстан”, “Казахстанская
правда” сынды басылымдарды тегін жаздырып береді. Ал ОҚО облыстық қарттар
қоғамының төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов 10 ай ішінде 4 420 ардагердің тегін
емделуіне көмек берді. Жыл сайын оларға материалдық көмек жасап келеді.
Құрметтің бағасы шексіз. Сондай-ақ шымкенттік жеке кәсіпкер Абдукахар
Пайзахметов “Достық” және “Қызылжар” аудандарында мүмкіндігі шектеулі
жандарға арналған үй салып, “Жұлдыз” ауылында медресе ашқан. Сол үшін де ол
“Жыл меценаты” номинациясы бойынша марапатталды. “Время” газеті “Ақпараттық
қолдаушы” номинациясы бойынша “алтын жүректі” атанды. Газет аяқсыз дүниеге
келген Әли Тұрғынбаевқа протез жасауға 40 мың евро көлемінде ақша жинауға
көмектескен. “Қазақ мұнай және газ институтының” бас директоры Ұзақбай
Қарабалин мен халық әртісі Роза Рымбаева “Жылдың қайырымды адамы”
аталымымен Болат Әбіловті марапаттады. “Жыл ұйымы” номинациясы бойынша
“Қазмұнайгаз барлау және өндіру” АҚ марапатталды. Ал Сарқыт Төлеуішова
“Өнер және қайырымдылық” номинациясымен жеңімпаз атанды. “Алтын жүректі
азаматша” өнер саласында ауылдық жерлерге жасайтын қайырымдылық істерімен
белгілі.
Ерік-жігері мықты адам ғана қайырымды бола алады дейді халық даналығы.
Мінез еркіндігі мен жүрек жұмсақтығын қатар алып жүрген жан ғана
қайырымдылықпен айналыса алады. Ал осындай шараны ұйымдастырған Жұлдыз
Омарбекова мен “Бауыржан” қайырымдылық қоры алтын жүректі таныған нағыз
“Алтын жүректер
Жетімдері жоқ Қазақстан" жобасы Алматы қаласының Қайырымдылық Қорлары
Қауымдастығының жұмысы шеңберінде өтіп жатыр және "Дара", "Аяла" және "Дом
Милосердия" қайырымдылық қорларының бірлескен жобасы болып табылады.
Жобаның мақсаты - Қазақстанда жетімдікті түп-тамырымен жою. Алматы
қорларының көп бөлігі өз жұмысының барысында мемлекеттік сектордың, ҮЕҰ-дың
және жеке демеушілердің барлық күш-жігерін салуына қарамастан, балалар
үйлерінің түлектерінен көбі балалар үйлерінен тыс жердегі өмірге
бейімделмеген болып қала беретініне тап болды. Осындай түлектердің арасында
өзіне-өзі қол салу, қаңғыбастық, бас бостандығынан айыру орындарына түсу,
есірткі мен алкогольге тәуелділік және бұрынғы түлектердің өз балаларының
да балалар үйлеріне түсу пайызы жоғары болып отыр.
Қауымдастық АЯЛА және ДАРА қорларының бастамасы бойынша 2009 жылы
27 қаңтарда Қазақстан Республикасының қайырымдылық қорларының ерікті
бірлестігі ретінде ұйымдастырылған. ҚҚҚ құрылтай конференциясында 27 қаңтар
ҚР-дағы Қайырымдылық күні деп жарияланды.
Қауымдастық заңды тұлғаны құрмайды, демек ҚҚҚ-ға мүшелік
қауымдастықтың басқару аппаратын ұстауға ақшалай жарналарды, және осындай
аппараттың болуын мүлдем көздемейді.
ҚҚҚ шарларына жеке қорлардың қатысуына мәжбүрлеу адамгершіліке жат
және оған жол берілмейді.
ҚҚҚ мүшелігіне кіру және одан шығу, қайырымдылық жобаларына қатысу тек
жеке қорлардың адамгершілігі, мақсаты мен мүмкіндіктерімен ғана
реттемеленеді.
Қайырымдылық қорлары қауымдастықтың міндеттері:
Ақпарат - бір-бірінің жұмысымен және жай ғана бір-бірімен танысу. Жаңа
жобалар, Жобалардың қайталануын болдырмау.
Үйлестіру – қаражат жинау бойынша бірлескен шараларды өткізу. Қордың
өз бетінше шеше алмайтын мәселелерін шешу үшін күш біріктіру.
Тәрбие – қоғамның, БАҚ, көмек алушылардың қорларға деген қатынасын
өзгерту. Қайырымдылықтың өркениетті тәсілдеріне баулу. Нәтижелі
қайырымдылық. Ерікті көмекті көтермелеу. Еріктілер корпусын құру. Ақша
ағыстарының мөлдірлігі.
Стратегиялық мақсаттар (Мемлекеттік деңгейдегі
Бизнесмендерде қайырымдылықты ынталандыру үшін қайырымдылыққа қатысты
салық заңнамасын өзгерту.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың еңбекпен қамтылу саласындағы
заңдарды өзгерту. Мүгедектерді жалдайтын жұмыс берушілерге жеңілдіктер
ұсыну.
Баланың асырап алушы отбасына ертерек келуі үшін ҚР неке және отбасы
туралы кодексінің асырап алу туралы бөлігіне түзетулер енгізу.
Балалар үйлерінің, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған
интернаттардың түлектеріне кәсіби бағдар беру және жұмысқа орналастыру.
Жалпы мүгедектердің тіршілік жағдайларын өзгерту.
Ұйымдастырушылармен әрлендірілген креативті футболкалардың шектелген
таралымын өндіру бағдарламасы – бұл Қайырымдылық Seimar Social Fund пен
Komanda SOS Еріктілерді біріктіру орталығының (Қор мен БҰҰ Еріктілер
Бағдарламаларының бірлескен ынтасы) кезекті әлеуметтік бағдарламасы.
Футболкалардағы принт – бұл Қазақстанның жетекші әрлендірушілерінің,
сонымен бірге атақты адамдардың және қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарының
авторлық жұмыстары. Футболкалардың сатылуынан жиналған барлық қаражаттар
жедел емделуде мұқтаж балаларға жәрдем ретінде жұмсалады.
Бағдарламаның маңызы эксклюзивті суреттермен немесе жазулармен
безендірілген өнім шығаруда негізделеді. Суреттер мен жазулар жетекші
әрлендірушілердің және Қазақстанның белгілі адамдарының шығармашылық бұйымы
болып табылады, олар футболкаларға өзгеше құндылық пен қайталанбастықты
береді. Бағдарламаның бастаушысы мен дем берушісі Қайырымдылық Seimar
Social Fund пен Komanda SOS (Қор мен БҰҰ Еріктілер Бағдарламаларының
бірлескен ынтасы) болып табылады. Бас серіктесі – fabs сауда маркасымен
Alatau Invest Construction мата тоқитын компания мен әрине, авторлардың
өздері:
• URKER тобы мен Айдос Сағат және Орталықтың волонтеры - Наталья
Полывянная;
• Mirbilis әрлендірушілер ұжымы мен Элина Алтынбекова;
• Manifest әрлендіру студиясы және Neolab’s Web Solutions компаниясы;
• Komanda SOS Орталығының волонтеры – Руслан Турдибаев.
Футболкалардың бірінші топтамасының фронт-принты – Наталья
Полывяннаямен құрастырылған URKER тақырыбындағы түрлендірме болды.
URKER тобының ойлары, олардың әлемге деген көзқарастары, сезімдері мен
қарым-қатынастары қайырымдылық салындысы бар, басқаларға ұқсамайтын
футболкаларды ойлап шығаруға шабыт пен мақсатнама болған. Кез келген
қазақстандық және біздің еліміздің қонағы өзінің эксклюзивті үзіндісінің
иегері бола алады және Қайырымды істер қобдишасы: Кімге, Қайда,Қалай көмек
көрсету... бағдарламасы негізінде жедел емделуде мұқтаж балаларға өмір
сыйлай алады.
Бағдарламаның мақсаттары келесілерден тұрады:
• Қайырымды істер қобдишасы: кімге, қайда,қалай көмек көрсету...
бағдарламасы негізінде жедел емделуде мұқтаж балаларға
мақсатталған көмек көрсету үшін қайырмалдық жинау;
• Республикамыздың халқы арасында қайырымдылық және еріктілік ойды
көпшілікке тарату, сонымен бірге қоғамның әрбір дарасы *леуметті
жауапты болған жағдайда ғана әлеуметті жауапты қоғамның пайда
болуы мүмкін. Қайырымдылықтың және еріктіліктің дараландыру
үдерісі;
• Әлеуметтік мәселелерді шешу үдерісіне Қазақстанның атақты
тұлғаларын (әртістерді, әншілерді, спортшыларды,
әрлендірушілерді және т.б.), сонымен бірге өндіруші компаниялар
мен сауда желістерін тарту.
Футболкалардың ұшқыштық топтамасы 200 дана таралыммен шығады. Егер
бірінші топтама сәтті сатылса акция ұйымдастырушылары авторлық принттердің
таралымын және санын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл Қайырымды істер
қобдишасы: кімге, қайда,қалай көмек көрсету... бағдарламасы негізінде ДЦП-
ден қиналып жатқан балалардың емделуіне көбірек қайырымдылық қаражат
тартуға мүмкіндік береді.
Қайырымдылық футболка сапалы матадан, ыңғайлы қалып формалармен,
халықаралық үлгіге сай өлшемдермен жасалған. Бұл стилді, сәнді және ыңғайлы
киім, оны әр қазақстандық жасөспірім өзінің киім шкабында бар болуын
қалайды. Бағдарламаның болашағы өнімнің белгілігіне сертті болады. Футболка
– бір заманда иесізденген американдық әскери өнеркәсібінің жетістігі, ол
бүгінгі таңда уақыттан тыс, стильдан тыс, бәсекелестіктен тыс өз қуысына
төзімді түрде кіріп алды. Бүгінгі күні осы әлемде киім шкабында футболкасы
жоқ бірде бір адам табыла қоймас. Бірақ жақында ғана футболка солдаттардың
ішкиімі болып саналған, кейін Джон Уэйн, Марлон Брандо және Джеймс Дин
әлемге бұл ішкиімді сыртқы киімсіз киюге болатындығын дәлелдеді.
Креативті принты бар және қайырымдылық себебі бар дизайнерлік футболка кез
келген стильды тұлға үшін ең жақсы сый бола алады. Бұл эксклюзивті
дизайнерлік киім, онымен клубқа, қонаққа немесе серуенге баруға болады және
осындай сәнді және стильді киім тек сіздің үстіңізде болатындығына сенімді
боласыз. Komanda SOS майкалары әр принтке 50 данадан шектелген таралыммен
шығарылады, бұл өнімнің эксклюзивтігі мен қайталанбастығына себеп болады.
Футболканың бағасы 3400 теңге. Қайырымдылық футболкалардың сатылуынан
жиналған барлық қаражаттар жедел емделуде мұқтаж балаларға жұмсалады.
Біртума әрлендірілген футболкаларды Сіз жақын арада Меломан дүкендер
желісінде таба аласыз.Қайырымдылық футболкалардың сатылуынан жиналған
қаражаттардың мақсатталған қолдануы туралы барлық ақпарат www.seimarfund.kz
, www.volunteer.kz сайттарында, сонымен бірге Komanda SOS Еріктілерді
Біріктіру Орталығының әр жылдық есептемесінде жарияланады.
Бала- тең құқылы тұлға. Ол өмір сүруге, толық дамуға, кері
әсерлерден, қатал қарым - қатынас және эксплуатациядан қорғануға, сондай ақ
толық отбасылық мәдени және қоғамдық жұмыстарға қатысу құқылы. Дегенмен ата
- аналарды балаларының білі алуы мен материалдық қажеттіліктерімен
қамтамасыз етуге құқылы. Барлық жас балалар білім алуға,өмір сүруге,
медициналық көмек алуға құқығы бар.
Кедейшілік жағдайында өскен және жетім баланың психологиялық және физикалық
денсаулығы нашар, үлгерімі төмен басқа балалармен қарым - қатынас жасауға
мүмкіншілік жоқ болады. Осы ретте Республикамыздағы Халықаралық Бөбек
қайырымдылық қорының тындырып жатқан ісін айрықша айтуға болатыны ақиқат.
Республикалық Бөбек қайырымдылық қоры алғаш рет 1992 жылы 27 наурызда
Республикалық Бөбек қайырымдылық қоғамдық балалар қоры Қазақстан
Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелді. Қазақстандықтардың
болашағы, ұлттық генофондты сақтау жолында аналық жүрекпен, ұлтжанды
сезіммен жұмыс ісету парасаттылық пен ақниеттілікті қажет етеді- дейді
республикалық Бөбек қайырымдылық қорының президенті. Содан бері бұл
қор Республика жеткіншектерінің дұрыс қалыптасуы, дамуы жолында өз жұмысын
жемісті жалғастырып келеді. Оның негізгі мақсаты- әлеуметтік тұрмыс жағдайы
нашар отбасынадғы балаларға, олардың ұлтына және дініне қарамастан көмекке
мұқтаж ұл- қыздардың жағдайын жақсартуға қайсыбір мәселелерді шешуге қоғам
мен үкіметке жәрдемдесу. Әсіресе, ата- ананың аялы алақанына зәру
жетімдерге, экологиялық апат аймақтарында тұрып жатқан ауру- сырқау және
жалпы мүгедек балалрға қамқорлық жасауды өз жұмыстарына басты бағдар еткен.
Қордың құрылтайшылары мемлекеттік және қоғамдық ірі ұйымдар, қорлар,
әлемдегі іскер адамдар, банктер мен коммерциялық құрылымдар. Олардың
әрқайсысы Қазақстан балалары және олрадың болашағы үшін қаржылай, заттай
көмектесіп, елдің болашақ азаматтарының аяғынан тұрып кетуіне жәрдем
беруде. Бөбек халықаралық балалар қоры осы он ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері
Әлеуметтiк жұмыс жүйесiндегi қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар
Қазақстандағы қайырымдылық қорлардың ерекшеліктері
Қазақстандағы қайырымдылық негіздері
Балалар уйі
Жетімдік. Жетім балаларды асырап алу
Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы
Көше балаларының пайда болуы және олардың құқығын қорғау
Қайрымдылық балалар үйі
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік саясаттың негізі
Пәндер