Ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
: I.
Кіріспе: Жалпы бөлім
3: 5
: 1. 1
Кіріспе: Қоймалық операцияларды автоматтандыру
3: 5
: 1. 2
Кіріспе: Қоймадағы өнімдерді пайдалану кезіндегі есептеу техникасын қолдану және ақпараттарды сақтау
3: 12
: 1. 3.
Кіріспе: Ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру
3: 14
: 1. 4.
Кіріспе: Автоматтандырылған жұмыс орнын жобалау
3: 15
: 1. 5.
Кіріспе: Жалпы «Cамал» ЖШС жайлы мағлұмат
3: 18
: 1. 6.
Кіріспе: «Cамал» компаниясының табиға ағашынан жасалған дайын өнімдер
3: 19
: 1. 7.
Кіріспе: Жиһаз өндіруді интенсивтендіру мен индустрияландырудың негізгі бағыттары
3: 23
: 1. 8.
Кіріспе: «Самал» ЖШС қызметінің қағидалары
3: 24
: 1. 9
Кіріспе: Серіктестік көрсететін қызмет тізілімі
3: 24
: II.
Кіріспе: Арнайы бөлім
3:
:

2. 1.

2. 2

2. 3

2. 4

Кіріспе:

MS Access ДҚБЖ-мен жұмыс негіздері. Кестелер арасында байланыс орнату. Қатынас түрлері.

Деректер қоймасын жобалаудың негiзгi этаптары. Деректер қоймасын жобалау этаптарының байланысы.

Инфологиялық модельдердiң компоненттерi

Ақпараттық жүйені жобалау

3:

26

33

37

38

: III.
Кіріспе: Жобалау бөлімі
3: 41
: 3. 1.
Кіріспе: Өңделген программалық жабдықты пайдалануға енгізу
3: 41
: IV.
Кіріспе: Еңбекті қорғау
3: 47
: 4. 1.
Кіріспе: ДЭЕМ операторына әсер ететін қауіпті және зиянды факторлар
3: 47
: 4. 2.
Кіріспе: ДЭЕМ-да жұмыс жасалған кездегі кәсіби аурулар
3: 50
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 51
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 52
:
Кіріспе: Қосымша
3:

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда компьютерлік техника көпшілік қолданысына ие болып отыр. Ол әр түрлі ғылыми және өндірістік салаларда қолданыла бастады. Осыған байланысты компьютерлік бағдарламаларды потенциальды қолданушылар қатары көбейді. Сонымен бірге нақты жағдайда халыққа қызмет көрсету жүйесін жақсарту мәселесі өзекті мәселердің бірі болып тұр. Бұл тікелей қызмет көрсетуші ұйымдардың экономикалық жағынан дұрыс жұмыс істеуімен тығыз байланысты. Кез - келген кәсіп орынды және басқада қызметкерлер орнын автоматтандыруға болады. Барлығымызда күнделікті жаппай қызмет ету жүйесі деп аталатын өзгеше жүйе жұмысымен кездесудеміз. Мұндай жүйелер мысалдары болып телефон станциялары, кітапхана жұмысы, жөндеу шеберханалары, банктер, дүкендер және т. б. алына алады.

Бұл жүйелердің әрқайсысы қызмет көрсету бірлігінен, қызмет көрсету каналдарынан тұрады. Мұндай каналдар болып дүкен сатушылары, кітапхана қызметкерлері сатушылар, байланыс желілері және т. б. бола алады. Кез келген қызмет ету жүйесі кездейсоқ уақыт моменттерінде келіп түскен қандайда бір ағынды басқаруға арналған болады. Талаптарды орындау қандай да бір уақыт жалғасады және содан кейін каналдар босайды. Талаптардың келіп түсуі кездейсоқтығы және қызмет көрсету уақытының белгісіздігі жаппай қызмет ету жүйесі кіре берісінде өте көп талаптар саны жиналып қалады. Ал қалған кезде жаппай қызмет ету жүйесі жұмыссыз тұрып қалады.

Ақпараттық қызмет алушылар саны ұлғайумен оларға қызмет көрсету жүйесін оңтайландыру жолдарын іздеу қажет.

Бүгінгі өмір талабынан туған сауда интеграцияның негізгі мақсаты халқымызға сапалы қызмет көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру болғандықтан, сапалы қызмет көрсету, оны ұйымдастыру міндеті алға қойылып отыр.

Экономикалық ақпараттық өңдеудің автоматтандырылған жүйесі «Cамал» ЖШС-ның бухгалтерлік және қоймалық негізгі функцияларын орындайды. Себебі, бухгалтерия мен қойма өте көп құжаттар мен және ақпараттар ағымымен жұмыс істейді. Сонымен қатар шешімді тез қабылдау, еңбек өнімділігін арттыру, есептеу қателіктерін азайту, ақпаратты автоматтандыру түрінде жүргізілуі ғана тиімді болады. Экономикалық ақпаратты өңдеу автоматтандыру жүйесі бір тұтас ақпаратттық желіні құруды қамтамасыз етеді. Аталған желінің көмегімен қоймадағы операцияларды жүргізуді есепке алу және өнімдерді тұтынушыға жеткізу туралы ақпаратты тиімді қолдануға, өңдеуге пайдасын тигізеді.

Электронды-есептеуіш машинасының көмегімен «Cамал» ЖШС-ның қоймадағы өнімдерін есепке алу, сату, тұтынушылармен есеп айырысу және қоймада қалған өнімдерді есепке алу жұмыстары автоматтандырылған. Автоматтандырудың нәтижесінде ақпаратты өңдеуді тездетуге болады және есепке алынған өнімдердің дәл болуына жағдай жасайды. ЭЕМ жадында нақты жиһаз өнімдері жайлы ақпарат сақталып отырады. Ақпаратты өңдеу құжаттардың негізінде жүргізіледі. Қолмен есептеу кезінде немесе жартылай автоматтандырылған ақпарат өңдеу әр цех бойынша және сатып алу бөлімі, бухгалтерияда жүргізу ЭЕМ көмегімен қажетті құжаттардың негізінде жүргізіледі.

Қазіргі заманның талабына сай жұмыстың тиімді жүргізілуі кез келген компанияның компьютерлік жүйе базасындағы автоматтандырылған бақылауға байланысты болады. Бұл қатарда мәліметтер базасы және басқа да программалық жабдықтаулар арнайы орын алады. Жиһаз өнімдерінің қоймадағы мәліметтері жұмысының тиімді жүргізілуіне және қоймада өнімдердің уақытылы сақталуын реттеуде зор рөл атқарады.

І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1. 1 Қоймалық операцияларды автоматтандыру

Ақпаратты басқару компюьтерлерді қолданудың негізгі сферасы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдендіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді, сондай-ақ глобальды желі бойында орналасқан және де телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланатын компоненттердің бір-бірімен байланыс жасауын қамтамасыз етті.

Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандырылған жұмыс орны деп мамандардың жұмыс орнында орналасқан және олардың жұмыстарын автоматтандыру үшін қолданылатын профессиональды - бағытталған кішігірім есептеу жүйесін айтады.

Жұмыс орнын автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар. Ал қоймада жұмыс істейтін жұмысшылар тауарлар туралы мәліметтерді, яғни тауарлардың кірісі мен шығысы, қалдығы және пайда және т. с. с білу үшін осы бағдарламаны қолданса, керек мәліметтер алдында дайын тұрады. Осыған байланысты қойма қызметкерлерінің
жұмысын жеңілдету мақсатымен «Қойма меңгерушісінің автоматтандырылған жұмыс орны» бағдарламасы құрылды.

Бұл бағдарлама бойынша жоғарыда айтылған деректердің бәрін тез арада компьютер экранында көруге болады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі Microsoft Access ақпаратты сақтау және өңдеу үшін қолданылады. Қолдану шеңбері әртүрлі: жұмыс тобы деңгейі жүйесінен бастап үлкен өндіріс деңгейіндегі жүйеге дейін. Мәліметтер қорын басқару жүйесі Microsoft Access реляциялық мәліметтер қоры болып саналады және де оны пайдалану жаңадан бастаған пайдалушыға да, сондай-ақ маманға да қолайлы.
Ақпараттық технологиялар қазіргі заманда қарқынды және жылдам дамып келе жатыр. Бірақ дегенмен де ақпараттану әлі ғылым деп есептелмейді.

Біз білгендей, әр ғылым дамығанда, адамзатқа небір пайда немесе жақсылық әкелуге бағытталады. Ақпараттық технологиялар адамзатқа деген көмегі - адамзат қозғалысындағы біріңғай процестерді автоматтандыру. Жылдан жылға халық саны өсіп келеді, сонымен бірге олардың сұраныстары өсіп келе жатыр.

Адамзат 21-ғасырға ақпараттық технологиялармен бірге аттанады. Күнделікті өмірде жан жағыңа қарасаң, ақпараттық технологиялар элементтерін әрбір жерден көруге болады. Көшеде тұрған банкоматтар, сатушылар қолданатын компьютерлер, бұлар алғаш пайда болған ақпараттық технологиялар көріністері. Келе-келе бұндай ақпараттық технологиялар адамзат шаруашылығының әр саласына ене бастады. Алдымен интернет, көбімен бізге почта, кітапханаға баруды алмастырды, жазу редакторлары баспа машиналарын алмастырды, сызуды жобалау бағдарламалары үлкен парақтар мен сызғыштарды алмастырды. Ал ең дегенде үлкен жетістік ол - деректер қоры.

Деректер қорылары үлкен-үлкен, талай шаршы метр алатын мұражайларды алмастырды. Бірақ бұл шешімдер тек жергілікті, локалды түрде ғана жауап бере алды. Үлкен жүйелерді автоматтандыратын қажеттілік пайда болды. Яғни кішкене ғана процесті бейнелейтін емес, сол процестерді жиып, бір-бірімен байланыстырып, орталықтан басқарылатын жүйелер жасау керек болды. Мысалға ондай жүйелердің ең жарқын көріністері: теміржол қозғалысын автоматтау, банктік жүйелер.

Қазірігі заман адамы өз өмірін компьютер қолдануынсыз сипаттай алмайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда әлемде таралған ақпараттар легі тым үлкен. Сондықтанда кез келген үлкен немесе кіші ұйымдарда нәтижелі жұмыс жасау мақсатында деректерді басқару үлкен мәселе болып отыр. Бұл үшін кейбір ұйымдар папка толған шкафтар, ал көпшілігі үлкен көлемдегі деректерді жүйелеп, құрылымдап, және тиімді сақтайтын деректер қорының компьютерленген әдісін қалайды. Қазірдің өзінде үлкен қаржылық, өнеркәсіптік және сауда-саттық ұйымдарын деректер қорынсыз көзге елестету қиын. Себебі, олар деректер қорынсыз құйылып жатқан ақпарат тасқынына тұншығып қалушы еді.

Осы ақпараттарды компьютерлік негізге ауыстырудың көптеген себептері бар. Қазіргі кезде ақпараттарды электронды есептеуіш машинада (ЭЕМ) файл түрінде сақтаған, қағаз түрінде сақтағаннан арзан. Деректер қоры қолданушыға ақпаратты сақтауға, жүйелеуге және тйімді түрде шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар клиент/сервер технологиясын қолдану қаражат пен уақытты тиімді пайдаланып, керекті мәліметті уақытында алып отырады. Және ЭЕМ-де деректерді, сызуларды, суреттерді кез келген форматта сақтауға болады.

Жалпы деректерді өңдеу жүйесінің әкімшілігі дами отырып, автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) басқаруға көшеді.

Автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) - ЭЕМ мен адамның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін, программалық-аппараттық құралдар жиынтығы. Ол келесі функцияларды іске асырады:

- ЭЕМ-ге ақпараттарды енгізу мүмкіншілігі;

- ЭЕМ-нен ақпаратты мониторға, принтерге және т. б. шығару.

Енгізу құралдары мәтіндік, координаттық, факсималдық сияқты енгізілетін ақпараттардың кең түрдегі жиынтықтармен қамтамасыз ету керек. Сондықтанда АЖО әмбебап немесе арнайы пернетақта, координатты ақпаратты енгізу құралы (тышқан), әр түрдегі сканерлер секілді құралдармен жабдықталған. АЖО ЭЕМ-не шығарылатын ақпараттарды таныстыру формаларының жиынтығын жоғарлату мақсатында, түсті мониторлар, дыбыс сигналдары және сөйлеу сигналдарын жасау мен басқару амалдарымен қамтамасыз етілген. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру үшін деректер қоры қолданылады. Деректер қорымен жұмыс жасауда программа желілік тұрғыда болу керек. Осыған орай әртүрлі пайдаланушыларға рұқсат құқықтарының бөлінуі, қажетті қамсыздандыру, шек қоюлар және басқа ережелердің іске асырылуы деректер қорының сервер құралдары арқылы іске асады. Деректер қоры білім қорын жүйелендіру функциясын атқарады. Осы жүйелендіру негізінде жаңа білімдер пайда болады. Солай немесе керісінше болсын қандай да бір деректер қоры адамға өткен шақта болып өткен құбылыстарды сипаттауға және осы құбылытарға байланысты ақпараттар, білімдер негізінде келешекке белгілі шешім қабылдауға қызмет етеді.

Деректер қоры дегеніміз - бұл, бәрінен де бұрын, белгілері бойынша ізделетін мүмкіндіктерімен сипатталатын деректер обьектілерін сақтаушы, деректер қорымен сипатталатын пайда болушы құбылыстар немесе түсініктемелер.

Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) - дегеніміз, деректер қорын құру, толтыру, жаңадан құру және өшірілуі үшін бағдарламалы құралдар.

Деректер қорын басқару жүйесі үш түрге анықтауға болады:

- дербес;

- мамандық;

- нақты тапсырыспен арнайы жасалатын.

Дербес деректер қорын басқару жүйесі қолданыстың тура белгіленген жағына ие емес, «өмірдегі бар жағдайға ептелген» және қолданушыдан арнайы білімді талап етеді. Маманды деректер қорын басқару жүйесі сияқты, универсалды өндірісті әріректей арзан, жеткілікті сенімді және жұмысқа жылдам дайын.

Маманды деректер қорын басқару жүйесі бухгалтерлік, банктық және тағы басқа жұмыстардағы деректерді басқару үшін құрылады.

Тапсырыспен жасалатын деректер қорын басқару жүйесі тапсырыс берушінің максималды дәрежеде жұмыс спецификасын есепке ала отырып жасалынады. Бұл жүйе аз емес мәнге ие шығындарды талап етеді және жұмысқа дайындалуы, жетілдіру жұмыстары да аз емес уақыт кезеңін алады, яғни бірнеше айдан бірнеше жалға дейін. Қолданушыдан маманды білімді талап етпейді.

Жалпы осы берілген жүйе құндылығы, оның сақтау және өзгертуі мүмкіншіліктерімен анықталады, сонымен қатар уақыт өте келе жаңа ақпараттарды енгізуге болады.

Шаруашылық есеп бухгалтерлік оперативті және статистикалық бақылаулар тізбегінен тұрады. Бақылаудың ерекшелігі оның көпшілігінде және қажетті қорытынды көрсеткіштердің бірегейлілігіне байланысты болады. Қорытынды көрсеткіштер әртүрлі берілгендердің күрделі есептеулерінің пайдалануынан тұрады. Сату жұмысын ұйымдастыру «Cамал» ЖШС-де мынадай ақпаратты өндірістерден тұрады: өнімнің саны, атауы, өнімнің шығарылған жері, қоймадағы өнімнің түсуінен сатуға жіберілетін және өнімді сақтаудың ақпаратынан тұрады. Ақпараттар «Cамал» ЖШС-нің және басқада тұтынушылар мен өнімді алмастыру ақпаратты өңдеуді қамтамасыз етеді. «Cамал» ЖШС-не кіретін, шығатын, ақпараттық алмастырумен яғни, тұтынушы өндірістерін өнімді жөнелту, сұраныстарын қабылдау, ақпараттарын өңдеуге тікелей байланысты. Осы ақпараттарды уақытында өңдеу шаруашылықтармен сауда ұйымдастырудың қалыпты күйінде болуын қамтамасыз етеді. Өнімдерді есепке алу өнімнің жіберілуін және оған сәйкес құжаттарды тұтынушыларға уақытылы жеткізілуіне байланысты болады. Өнімді сату мынадай схема бойынша жүргізіледі.

Схема 1. Жиһазды сату.

«Cамал» ЖШС-дегі ақпараттар легі мынадай схема бойынша жүргізіледі: тұтынушы, басқарушы-менеджер қажетті өнімге сұраныс жасайды. (факс немесе телефон арқылы ұсыныс жасалады) .

Басқару-менеджері сұранысқа байланысты өнімдердің ақысын төлеуге счет-фактура жазып, тұтынушыға жібереді. Сұранысқа байланысты қоймада қажетті өнім болуын менеджер қадағалайды. Мұнан кейін, сұранысқа байланысты тұтынушылардың өтініштері, қажетті жиһаз өнімдері және жеткізілетін уақытты белгілеп қойылады. Сұранысқа байланысты жабдықтау бөліміне қажетті жиһаз өнімдерінің уақыты, қажетті көлемі және қоймаға даярлап қою уақыты белгіленеді. Осы берілгендерді басқару-менеджері тұтынушымен жеткізу мерзімін келісіп алады. Жабдықтаушылар сұранысқа байланысты төленген счет-фактураға байланысты қоймаға өнімді даярлап қояды. Тұтынушының көрсетілген счет-фактураға байланысты банк арқылы төлемін өткізгеннен кейін өнімдер үшін қоймаға өзі келуіне болады немесе келісім бойынша қоймадан оларға жеткізіледі.

Автоматтандырылған жұмыс орнында «Cамал» ЖШС-де бухгалтердің күнделікті жұмысын оперативті қадағалап отыруы үшін қажет. Оперативті қадағалауға қоймадағы материалдық бағалы заттар енгізіледі. Ақпараттық негізгі бірлігі құжат болып есептелінеді. Құжаттың мынадай түрлері болуы мүмкін: накладная, счет-фактура, актілер және төлем қағаздары. Қалған барлық ақпараттар (мысалы, қоймадағы әр уақыт мезетіндегі өнімнің түрлері, счеттардың жүргізілуі, баланс) «Cамал» ЖШС-дегі негізгі мәліметтер қоймасының базасында сақталады. Мәліметтерді өзгерту құжаттың негізінде жүргізіледі. Негізгі жүргізілетін операциялар мынадай 2 топқа бөлінеді:

  1. өнімділік
  2. есептеу-финанстық операциялар

Өнімнің есептеу операциялары қоймадағы жиһаз өнімдерінің қалған санына байланысты өзгеріп отырады. Бұл операцияларға кіретін өнімді сату, өнімді тастау және қоймаға әкелу өнімнің тұтынушыға қажетті сұранысы кіріс накладнойы арқылы жүргізіледі.

Менеджер көрсеткен счет-фактураны тұтынушы ақысын төлегеннен кейін сол өнімді алып кетуіне болады. Ақысы төленгеннен кейін 1 күн ішінде сұраныста көрсетілген жиһаз өнімдері қоймада әзірленіп қойылады. Счет-фактураның негізінде қоймадан жіберілетін шығыс құжаты толтырылады. Бұл құжат бойынша тұтынушы қоймадан өз өнімдерін алуына болады. Қоймада жиһаз өнімдерінің нақты саны мен атауы көрсетіліп, қоймашының рухсатымен жөнелтіледі. Қоймашы счет-фактураның негізінде жиһаз өнімін жөнелтілме жайлы құжатты дайындап, оны мекеменің мөрімен растайды. Осы берілгендер негізінде есептер жасалады. Қоймада қалған жиһаз өнімдерінің есебі, мұнда нақты күні, қалған жиһаз өнімінің нақты саны мен атаулары көрсетіледі.

Сонымен қатар, кіріс және шығыс құжаттары бойынша есеп жүргізуге болады. Мұндай есеп белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін банкі құжаттары негізінде жасалады. Бұл құжаттар белгілі уақыт мерзімінде өнімдердің жалпы бағасы бойынша дайындалады. Кез келген құжаттар бойынша мәліметтерді берілгендер базасына енгізіп, оларды баспаға шығаруға, түрлі өзгерістер енгізуге немесе алып тастауға болады.

1. 2 Қоймадағы өнімдерді пайдалану кезіндегі есептеу техникасын қолдану және ақпараттарды сақтау

Электронды есептеуіш машинасы көмегімен «Cамал» ЖШС-нің қоймадағы өнімдерін есепке алу, сату, тұтынушылармен есеп айырысу және қоймада қалған өнімдерді есепке алу жұмысы автоматтандырылған. Автоматтандырудың нәтижесінде ақпаратты өңдеуді тездетуге болады және есепке алынған өнімдердің дәл болуына жағдай жасайды. ЭЕМ жадында нақты жиһаз өнімдері жайлы ақпарат сақталып отырады. Сақтауды мынадай схема түрінде көрсетуге болады.

Схема 2. Жиһаз өнімдері жайлы ақпаратты сақтау.

Ақпаратты өңдеу құжаттардың негізінде жүргізіледі. Қолмен есептеу кезінде немесе жартылай автоматтандырылған ақпарат өңдеу әр цех бойынша және сатып алу бөлімі, бухгалтерияда жүргізу ЭЕМ көмегімен қажетті құжаттардың негізінде жүргізіледі.

Экономикалық ақпараттық өңдеудің автоматтандырылған жүйесі «Cамал» ЖШС-нің бухгалтерлік негізгі функциясын орындайды. Себебі, бухгалтерия, өте көп құжаттар мен ақпараттар ағымымен жұмыс істейді. Сонымен қатар шешімді тез қабылдау, еңбек өнімділігін арттыру, есептеу қателіктерін азайту, ақпаратты автоматтандыру түрінде жүргізілуі ғана тиімді болады. Экономикалық ақпаратты өңдеу автоматтандыру жүйесі біртұтас ақпаратттық желіні құруды қамтамасыз етеді. Аталған желінің көмегімен қоймадағы операцияларды жүргізуді есепке алу және өнімдерді тұтынушыға жеткізу туралы ақпаратты тиімді қолдануға, өңдеуге пайдасын тигізеді.

Сауда процесін басқаруды автоматтандыру тұрақты ақпаратты құрылымына байланысты өзгертіп тұруды қажет етеді. Тұтынушылардың өнімге сұраныстарды өндіруді автоматтандыруға, өнімнің қоймаға жеткізілуі мен тұтынушыға жөнелту оперативті басқаруға мүмкіндік жасайды. Әрбір сұранысқа байланысты типтік формада жасалған счет-фактура әзірленеді. Счет-фактура 2 данадан тұрады. Оның біріншісі тұтынушыға беріліп, өнімді қала ішінде 1 күнде, ал аудандандарға жеткізу қашықтығына байланысты жөнелтуге мүмкіндік жасайды. Счет-фактураның тіркелуі автоматтандырылған. Автоматтандырылған жүйеде өнім классификаторы көрсетілген. Классификатор арқылы қажетті жиһаз өнімдерін уақытында жеткізу және оны қоймада уақытылы болуы қамтамасыз етіледі. Менеджер көрсеткен счет-фактураны тұтынушы ақысын төлегеннен кейін сол өнімді алып кетуіне болады. Ақысы төленгеннен кейін 1 күн ішінде сұраныста көрсетілген жиһаз өнімдері қоймада әзірленіп қойылады. Счет-фактураның негізінде қоймадан жіберілетін шығыс құжаты толтырылады. Бұл құжат бойынша тұтынушы қоймадан өз өнімдерін алуына болады. Қоймада жиһаз өнімдерінің нақты саны мен атауы көрсетіліп, қоймашының рухсатымен жөнелтіледі. Қоймашы счет-фактураның негізінде жиһаз өнімін жөнелтілме жайлы құжатты дайындап, оны мекеменің мөрімен растайды. Осы берілгендер негізінде есептер жасалады. Қоймада қалған жиһаз өнімдерінің есебі, мұнда нақты күні, қалған жиһаз өнімінің нақты саны мен атаулары көрсетіледі.

Сауда процесін басқаруда автоматтандырылған өнімдердің сауда желілеріне уақытылы тиімді жеткізу үшін қажет.

Техникалық жабдықтаудың критерийлері мынадай:

  • жүйенің дұрыс жұмыс істеуі
  • жүйенің толықтығы
  • шапшаңдығы
  • ақпараттық жабдықтың базасының аз болуы, қолданбалы жүйелерді адрестеу және жүйелерді тиімді түрде пайдалану

1. 3 Ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру

Жобаланған жүйеде есептерді шешу программалық модульге сәйкес жүргізіледі. Олардың әрқайсысы ақпаратты берілгендерді өзгертіп отыру, оларды іздеу және есебін құру операцияларынан тұрады. Берілгендерді іздеу барлық модульдер үшін бір типті тәсілімен жүргізіледі. Ақпараттық мәліметтерді қосу үшін тұтынушы үшін өнімдерді пайдалану ақпарат туралы дәл мәліметтер болуы оларды қажетті типтерімен салыстыру, мүмкін болатын өзгерістерді және енгізілген мәліметтердің толық болуын қадағалайды. Берілгендерге өзгерістерді енгізу үшін қажетті енгізу өрісі экрандық формада жүргізіледі. Сонымен қатар, басқарушы және түсіндіруші элементтер пайдаланылады. Берілгендерді іздеу үшін түрлі мәндер енгізуге болатындай экран формасы пайдаланылады.

Ақпаратты іздеу таблицаның өрістері бойынша жүгізіледі. Программаның әр моделінде қажетті бақылау формалары және құжаттарының түрлі формалары пайдаланылады. Барлық есептер автоматты түрде мәліметтер базасында сақталып тұрады. Оперативті ақпараттың негізгі құжаттары мынадай: кіріс наклоднойы, шығыс наклоднойы, счет-фактура, банк құжаттарының көшірмелері, қоймадан алынған деректер. Осы берілгендер әр күнге өзгеріп отырады. Берілгендер жүйеге арнайы форма түрінде енгізіліп мәліметтер базасында таблица түрінде сақталады. Тұрақты ақпаратты таблица түрінде сақталып, арнайы анықтамалардың көмегімен жүргізіледі. Бұл берілгендер өзгермелі болады, бірақ, арасында жаңа берілгендер қажетінше енгізіліп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру қызметіндегі ақпараттық технологиялар
Заң тұлғалары
Тіршілік қауіпсіздігі сабағындағы ақпараттық технологиялар
Экономикалық ақпараттық жүйе
Ақпараттық технологияның даму кезеңдері
Байланыс желісінің негізгі түсініктері
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Ақпарат және ақпараттық үрдістер мазмұндық желісін оқыту әдістемесі
DELPHI ортасында мәлметтер қорымен жұмыс жасау
Имитационды модельдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz