Ұлттық білім беруді дамыту стратегиясы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 10
1. 1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың теориялық тұжырымдамасы 10
1. 2 Қазақстандағы білім берудің қазіргі жайы 17
І. 3 Білім беру деңгейінің сапасы мен мазмұны 20
2 ОБЛЫСТЫҚ КӨП САЛАЛЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІНІҢ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАЛЫ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ 35
2. 1 Облысық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп - лицейінің әлеуметтік - экономикалық сипаты 35
2. 2 Мектеп - лицейдің білім беру існің барысы, оқыту жүйесінің мақсаты мен міндеттері 39
2. 3 Қала мектептерін дамытуда тиімділікті арттыратын іс шаралар 59
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ 63
3. 1 Жалпы білім беретін мектепті басқарудың қазіргі кезендегі өзекті мәселелері 63
3. 2 Білім берудің инновациялық технологияларын іс - әрекетке қосудың әдіснамасы 66
3. 3 Ұлттық білім беруді дамыту стратегиясы 75
ҚОРЫТЫНДЫ 78
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 80 ҚОСЫМША А - Оқушылардың контингенттік құрылымы 82 ҚОСЫМША Б - Мектеп - лицей мұғалімдернің бітіргені, диплом бойынша мамандығы жетістіктері мен санаттары 83
ҚОСЫМША В - Лицейдің білім беру үрдісімен басқару құрылысы 87
ҚОСЫМША Г - Үш жыл бойынша оқушылардың абсолюттық және сапалық үлгерімі жайлы мәліметі 88
ҚОСЫМША Д -2006-2008 жылдары «Алтын белгі» және үздік аттестатқа бітірген оқушылар жөнінде мәлімет 89
ҚОСЫМША Ж - қалалар бойынша ҰБТ қорытындысы бойынша ақпарат 90
ҚОСЫМША З - 2008-2009 ж сапалы білім беру жүйесін дамыту 91
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақтастығы мемлекеттердің қатарына тұғыры биік тәуелсіз, өз саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған ел ретінде мүше болып енуі, дербес деп танылуы отандық білім берудің алдына жаңа міндеттер мен талаптар қойып отыр. Сондықтан білім беруді дамыту мәселелері, білімнің сапасы, жоғары және жалпы білім берудегі қалыптасқан дәстүрлерді жетілдіріп, өткен тәжірибені ескеріп, шетелдік мемлекетердің білім беру жүйесіндегі озық үлгілерімен ерекше тұстарын өзіміздің ұлттық білім беру жүйемізге ендіру болашақтағы бастамасы игі жоспарлардың біріне айналмақ.
Кез келген елдің білім беру жүйесінің алдында қоғам дамуының қай кезінде болмасын үлкен міндеттер тұрғаны белгілі. Өйткені білім беруді дамыту арқылы, мемлекеттің өсіп - өркенденуіне жақсы жол ашылары сөзсіз. Мемлекеттің қалыптасып, саяси экономикалық бағыттардың дамып гүлденуі, білім беру жүйесімен тікелей байланысты болып отырған. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұстаздары және студенттерімен кездесуде сөйлеген сөзінде: «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі маңыздылығы жағынан стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Білім беру ісі елдің даму деңгейі арқылы бағаланатын болады» - деп, оқу, ағарту, білім мен ғылымнан жас қазақ елінің Орталық Азия барысына айналуы маңызының ерекше зор екенін айтып, жастардың жан - жақты білім алуының қажеттілігіне кеңінен тоқталады. Елбасының сөйлеген сөзінен білім берудің мемлекет дамуының аса маңызды факторы екендігіне көз жеткізу қиын емес. Осылайша әр уақыттың, әр заманның ұрпақтары алдында белгілі бір жоспарлар, міндеттер тұратынын айтпаса да белгілі.
Білім берудің маңыздылығы сөз болған уақытта ең алдымен білімнің сапасы да міндетті түрде алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады. Білім сапасы жайында қазіргі уақыттың өзінде ұстаздар, студенттер, жалпы оқу - ағарту ісіне қатысы бар адамдардың арасында кеңінен пікір - таластар ұйымдастырылып, ғылыми - теориялық болжамдар көптеп айтылуда. «Білім беруді қоғамның әлеуметтік - экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды. Сонымен қатар онда ғылым мен техниканың, педагогиканың соңғы жаңалықтары да барынша ескерілуі тиіс. Бұл реттте еліміздің білім беру жүйесінің реформаланып, заман талабына сай өзгеруі - заңды құбылыс. Өйткені халыққа білім беру, еш уақытта қоғамдағы жағдайдан, мемлекеттің саясатынан тыс дамымаған, қайта жаңа қоғам құрып, мемлекеттің дамытуда білім берудің орны ерекшеленіп, оған жақсы мән беріліп отырған. «Білім жүйесіне уақыт талабына сай өзгерістер енгізу - қоғам өміріндегі аса маңызды міндеттердің бірі». Қазіргі кезеңде республикада іске асырылып жатқан білім реформасы оның ұйымдық - экономикалық компоненттерін түбегейлі өзгертуге бағытталған.
Бұл дипломдық жұмыс барысында еліміздегі білім беру, оны дамыту, қалалық мектептердегі оқыту үрдістерін басқару мен ұйымдастыру қалай жүзеге асатынын зерттеуге тырыстым. Зерттеуді облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп - лицей қабырғасында жүргіздім. Мектеп - лицейінің білім берудегі әдіс - тәсілдері мен жеткен жетістіктерін сараптап талдадым. Дипломдық жұмысты жасай отырып басты қойылатын міндет, жаңа ақпараттық технологияларды үйрене отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімді қосу екенін ескердім.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ -ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың теориялық тұжырымдамасы
XXI ғасырдың басындағы адамзат қоғамының тұр сипаты және дамуының бағыттары төмендегідей ғаламдық масштабтағы құбылыстармен айқындалып отыр:
- барлық адамзатқа ортақ гуманитарлық, экономикалық және экология-
лық проблемалардан туындайтын қарама-қайшылыктардын көбеюі.
- қоғамдык-экономикалық қарым-қатынас жүйесіндегі жаһандану және ірі геосаяси өзгерістер үрдісінің кеңеюі.
- ақпаратқа, білімге, көп мәдениеттілікке негізделген қоғамның құрылуы.
- постиндустриалдык, ноосфералык, даму деңгейіне өтудің жылдамдауы
-адам капиталы құнының артуы.
Қазіргі кезеңде елдердің бір-бірінен салыстырмалы тұрғыдағы артықшылығы, бәсекелестік күш-қуаты олардың табиғи ресурстарымен емес көбінесе адам капиталымен, инновациялық технологияларды және ақпарат ағымын ұтымды пайдаланумен анықталып отыр. Дүниежүзі көлемінде постиндустриалдық қоғамға көшудегі білім беруді жаңарту қазіргі заманғы маңызды әлеуметтік құндылыктар мен қоғамдық бағыттар жүйесін дұрыс қалыптастырудың шешуші жағдайы есебінде көрінеді. Білім құндылыктары тұлғаның, қоғамның және табиғаттың игіліктеріне сәйкестендіріліп, ашық, вариативті, рухани және мәдени қаныққан толерантты, отаншылдық және шынайы азаматтықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін жүйеге бірігуі тиіс. Білім беру экономикаға мамандар даярлау емес, қоғамның интеллектуалдық және мәдени деңгейін көтеру, оның бәсекелестік қабілеттерін инновация мен демократиялық прогреске лайық дамыту, өмірдің қазіргі заманғы стилін қалыптастыру құралына айналуы тиіс [11, 10] .
Адамзат дамуының осындай кезең әлемнің 100-ден аса елі өздерінің де стратегиясы есебінде "Тұрақты даму тұжырымдамасын қабылдап отыр. Бұл елде жоғары мемлекеттік деңгейдегі Ұлттық тұрақты даму кеңестері құрылып, өзіндік жоспарлар жасалған. Тұрақты даму мәселесіне Қазақстанда тиісті көңіл бөлініп, 2000 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Б¥¥ ДБ-мен бірлесе отырып, 2001 -2004 жылдарға арналған тұрақты дамудың құрылымдық шарттарын нығаю бағытында арнаулы бағдарлама қабылдады. Осы бағдарлама аумағында қазір "XXI ғасырдың тәртібіндегі тұрақты даму" атты ¥лттық комиссияны кұру жоспарланып отыр.
2000 жылы сәуір айында Дакарда өткен білім жөніндегі Әлемдік форумда баршаға білім беру стратегияларын жүзеге асырудың жылдық қорытындысы жасалып, білімді адам дамуының негізгі факторы деп есептейтін тұжырымды одан әрі тереңдетті. Форумның «Дакарлық әрекеттер шектері "Баршаға білім беру: біздің міндетімізді орындау" атты негіз құжатында білім алу адамның негізі құқықтарының бірі деп атап көрсетіліп, ол тұрақты дамудың, елдер ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың, олар арасындағы қарым қатынастың кілті болады және XXI ғасыр экономикасы мен қоғам өміріне тиім қатысудың міндетті кұралы деп атап көрсетеді[11, 10] .
Әлемдік тәжірибе білім беру ұлттық немесе ғаламдық саясаттың жеке саласы болы есептелмейді, ол адам құқығын сыйлауға, жақсы тұрмыс пен тиімді басқаруға, қазіргі қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялы тұрақтылық даму процестерінің негізгі шарты және сенімді құралы, әлеуметтік құбылыс пен процесс, әлеуметтік жүйе, ұлттық бірегейлік пен рухани мәдениетті сақтау және дамытудың бірден-бір кепілі есебінде дәлелденіп отыр.
Тұрақты даму талаптарына сәйкес білім беру жүйесінің құрылымын және мазмұның дамытудың басты бағыттары негізінен төмендегідей сипатта анықталуда:
жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттердің, қоршаған табиғи ортаның, сонымен катар бүгінгі және келешек ұрпактың мүдделері мен қажеттіліктеріне үйлесімді болуын қамтамасыз ету.
Ғылым мен технологияның, нарық экономиканың өзгермелі және өскелең талаптарына сәйкес үздіксіз, пәрменді, дамымалы және үнемі жетіліп отыруға бейімді болуын қамтамасыз ету.
Адамзат қоғамының мол ауқымды, кең аспектірлі, көп векторлы полимәдениетті сипатына сәйкес ашықтығын, демократиялығын, интеграциялануға бейімді болуын қамтамасыз ету.
Жер көлемі кең, халкы аз, табиғи байлығы мол, бірақ білікті ұлттық мамандары және өндірістік жаңа технологиялары қалыптасып үлгермеген Қазақстан мемлекетінің жаһандану үрдісіндегі бәсекелестікке төзіп, саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік іргелі және түйінді проблемаларын шешуді, ел ішінде және басқа елдермен бейбіт өмір сүруді, яғни тұрақты даму жолына түсуді қамтамасыз ету үшін ең пәрменді және сенімді құрал есебінде отандык білім жүйесін дамытудың өзектілігі ерекше екендігі анық[12, 8] .
Осы мақсаттарда төмендегідей іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс:
Білім жүйесіне мемлекеттің идеологиялык және экономикалық саясатында басымдылық беру, оны ұйымдық-құрылымдык жаңарту, қаржылық, ғылыми-әдістемелік, материалдық, акпараттық, технологиялық базасын нығайту, мамандармен қамсыздандыру, кұқықтык-нормативтік, әлеуметтік статусын көтеру, бүкіл қоғамдык қолдау жүйесін қалыптастыру.
Білім жүйесінің ішкі мүмкіндіктерін ашылуын және олардың пәрменді қолданылуын қамтамасыз ету, білім жүйесінде жинақталған онды іс-тәжірибені талдап, пайдалану, білім мазмұның, оқыту мен тәрбиелеудің технологияларын жетілдіру, басқарудың, білім сапасын арттыру мен бағалаудың және білімге ынталандырудың пәрменді әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру.
Білім жүйесіне мемлекет тарапынан тікелей әсер ету - оның негізінен материалдық-техникалық базасын нығайту, экономикалық-материалдық ресурстарын жетілдіру мен жаңғыртуға келіп саяды. Ол әрбір елдің мемлекеттік басқару саясатында білімді дамытуға дер уақытында басым бағыт берілуіне, елдің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты.
Көптеген дамыған елдер өткен ғасырдың ортасында-ақ білімді дамыту мәселесін мемлекет саясатының басым бағыты есебінде белгіледі.
Өкінішке орай. Қазақстанда жалпы ішкі өнімге шаққанда білім беруге жұмсаған мемлекеттің қаржы шығыны 1990-2003 жылдары аралығында кауырт қысқарды. Айталық, 1990 ж. ол ІЖӨ-нің 8, 2% құраса. 1995-4, 5%; 2003 -3, 1 %-ге дейін төмендеген.
Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында Қазақстандык білім мен ғылымның сапалық жаңа деңгейге көтерілуін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан кешенді іс-шараларды өткізу және оларға тиісті қаражат бөлу мәселелері қарастырылып отыр. Оның ішінде үздіксіз білім жүйесінің құрылымын өзгерту, ақпараттандыру, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын жетілдіру, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту, мұғалімдерді даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту қарастырылған[17, 9] .
Ең күрделі және маңызды нәрсе - білім жүйесін мазмұндық өзгерту, оның ішкі мүмкіндіктерін пайдалану, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын жетілдіру болмақ. Білім жүйесінің ішкі мүмкіндіктерін дамыту білім жүйесінің жаңа моделін жасау, окушыларға берілетін білімінің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқыту технологиясын өзгерту арқылы жүргізіледі. Ал мұның өзі жаңа мазмұндағы оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды әзірлеуді, педагогикалық университеттердегі мұғалімдерді даярлау мазмұнын өзгертуді, мұғалімдерді және басшыларды қайта даярлауды, білім жүйесінің барлық сатыларының үздіксіздігі мен үндестігін қайта қарауды талап етеді.
Қазіргі кезде қолданыстағы білім жүйесі жан-жақты сынға алынғанда, орта мектептегі білім мазмұны көбіне өмірге жарамсыз білім жиынтығын беруге лайықталып келгендіктен, ол білім жүйесі сапасының сын көтермейтіндей дәрежеде төмендеуінің және оның қазіргі қоғам талаптарына сәйкес келмеуінің негізгі себебі деп есептелуде. Осыған байланысты еліміздің орта мектебін әдіснамалық құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан түгелдей қайта құру ұсынылуда.
Дегенмен де біз білім жүйесінің аса күрделі және жауапты сала екендігін, оны реформалауда қателіктер жіберілсе, бірнеше ұрпақтың тағдырына, мемлекетіміз бен ұлтымыздың тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне зиянын тигізуі мүмкін екенін, сондықтан білімнің пәрменділігін және сапасын арттыру үшін бүкіл білім жүйесінде қысқа мерзім ішінде күрт өзгерістер жасаудың қауіпті де, қатерлі екенін әрқашан ескергеніміз жөн.
Білім жүйесіне тікелей және жанама тұрде бүкіл қоғамның қатысы бар. Білім жүйесін өзгерту қоғамның және жеке тұлғаның көзқарасын, ой-санасын, психологиясын, мүдделерін, қарым-қатынасын кешенді тұрде өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Осындай кең ауқымды. Күрделі реформаны жасау мол қаржылық, кадрлық ресурстарға қосымша реформа бағыттары мен мазмұның әдіснамалық негіздеуді, жан-жақты байыпты даярлық жасауды, ғылыми-теориялық зертеулер мен практикалық сынақтар еткізуді, білім жүйесінің басшыларының, мұғалімдердің, окушылардың, жалпы қоғамының арасында психологиялық даярлык, бейімдеу, ынталандыру жұмыстарын өткізуді қажететеді. Сондықтан да жаңа білім моделін ғылыми-зерттеу зертханаларында ғана әзірлемей, озат мектептердің тәжірибелерін саралау, жаңашыл педагог-мамандарды, ата-аналарды, қоғам қайраткелерін, білім саласына қатысы бар барлық мекемелер мен ұйымдарды кеңінен катыстыру, олардың қызметтерін өзара үйлестіру арқылы жасауға тиістіміз. Осындай аса маңызды да ауқымды жұмыстарды кешенді және іргелі турде жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен Қазақ Білім академиясының жанында тұрақты және кешенді жұмыс істейтін Ғылыми-қоғамдық үйлестіру кеңесінің құрылғаны барынша тиімді болар еді[1, 8] .
Қазіргі білім жүйесінің басты кемшілігі оның білім жиынтығын беруге бағытталғандығында ғана емес, сол білім мазмүнының шашыраңкы, қазіргі өркениеттің өзгермелі сипатына, ғылыми жаңалықтарға, тез жетілдіріп өндіріске еніп жатқан жаңа технологияларға сәйкес дер кезінде жаңарып, жетіліп, бейімделіп отыруға кабілетсіз, консервативті, орталықтандырылған, жабық және шектеулі түрде болуында деп есептеймін. Оның үстіне, соңғы он бес жылдың көлемінде мектептердің оқу-материалдық, кадрлық базасының моральдық та, материалдық та жағынан барынша ескіріп, құлдырап кетуі білім сапасына орасан зор зиянын тигізгені белгілі.
Окушыларға берілетін білімнің іргелілігі -бұл жарты ғасырдан астам уакыт бойы Кеңестік білім жүйесінің қол жеткен және басқа дамыған елдер қазіргі кезде мойындап отырған басты жетістіктерінің бірі. Егер білімнің жаңа моделін жасау берілетін іргелі білімнің көлемін қысқартып, оның тек қолданбалы сипатын арттыруға бағытталатын болса, бұл Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты тұғырларының бірін темендетуге, білім жуйесінің салмақсызданып, осалданып, әлемдік бәсеке талаптарына төзімділігінің әлсіреуіне әкеліп соғатынын болжай білуіміз қажет. Әлемнің ең қуатты елі Америка Құрама Штаттарының Конгресінде білім мекемелерінде берілетін білімнің тым таяз, үстірт болуының салдарынан сауатсыз ұрпақ пайда болады, бүл мемлекеттің кауіпсіздігіне нұсқан келтіретін факторға айналады деп есептей келе, "Ұлтымыз қатерлі жағдайда'" деп жариялауының үлкен мәні бар екенін катаң ескергеніміз жөн[2, 4] .
Сондықтанда тұрақты даму талаптарына сәйкес келетін жаңа білім жүйесін қалыптастыру оқушыларға берілетін білімнің іргелілік мазмұнын сақтай отырып, оның:
- акпарттық жүйелілігін, кешендігін, үздіксіздігін, өзара және өмірлік ортамен байланыстылығын, үйлесімділігін, үндестігін, өзіндік дамып отыруға кабілеттілігін арттыру;
- неғұрлым өмірлік құнды, әр тулғаның жеке сұраныстары мен қабілеттіліктеріне сәйкестей отырып, білім мазмұны мен бағдарламаларын диверсификациялау;
- пәрменді интерактивті, акпараттык шығармашылык дамыту өзіндік іздену сипатындағы технологияларды ендіру;
- практикалық бағыттылықпен, нақты нәтижелерге бағдарлылықпен толыктыру арқылы жургізілуі тиіс деп есептеймін.
Бұл үшін қазіргі орта мектепте берілетін білім мазмұнын ғалымдар, әдіскерлер және практиктер бірлесе отырып сараптап, екшеп жүйелеуі керек, білім сатылары бойынша қазіргі талаптарға сәйкес емес, артық, сыныптар бойынша қайталанып берілетін дүниелерден тазартып, соңғы ғылым жаңалыктарымен, жеке тұлғаның, адамның, қоғамның табиғаттың өзара үйлесімді даму мүдделері мен кұндылыктарына сәйкес келетін материалдармен толықтыру қажет.
Алған білімді өмірдегі қажеттілікке айналдыру және оны сауатты және пәрменді қолдана білуге үйрететін ең жаңа оқыту технологияларына және құралдарына негізделген тәжірибелік-зертханалық сабақтарды өткізуге тиісті жағдай жасалуы тиіс. Орта мектепте берілетін білімнің грамматикалық мазмұнын және практикалық бағыттылығын 12-жылдык орта мектептің 8-10сыныптарында профиль алды даярлык жасау, ал соңғы профильдік сатыдағы білім мазмұнын және окыту технологиясын мамандыктарға сәйкес терендетіп, практикалык бейімдеп беру арқылы жүзеге асыруымыз қажет.
Ең бастысы жаңа білім моделін жасауда табиғаты халқымыздың болмысына сәйкес келмейтін, жат, шетелдік нұскаларды эталон, үлгі есебінде кабылдауға болмайтынын естен шығармаған жөн. Жаңа мектебіміздің басты философиялык тұғырнамасы тарихи-ұлттык, рухани-мәдени құндылыктарымызға негізделіп кұрылуы тиіс. Сонан соң Қазақстандык және жалпы адамзаттык мүдделеріміз үйлесетін жаңа мазмұнда жасалуы керек. Жаһандану үрдісі белең алып, батыстық өркениетке еліктеу психологиясы өрістеп бара жатқан қазіргі кезенде отандық білім жүйесін жаңарту ісімен айналысушылардың ұлтымыздың рухани жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың: «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің кандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға кабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ак серттесуге болады» - деген даналық өсиетінің мәні мен мағынасын білгені және ешқашан қаперінен шығармағаны дұрыс болар еді[11, 13] .
Адамзат қоғамының қазіргі даму кезеңінде адамгершілік пен мейірімділік құндылыктарының орнына материалдык байлыкка негізделген сипаттағы қоғам калыптасып отырған жағдайда білім берудің тұлғаны әлеметтендіру функциясы басым бағытқа ие болып, басты міндетке айналуы тиіс. Еліміздің білімі мен ғылымын, техникасы мен технологиясын жасайтын, халкының тілін, рухани қадір-қасиетін, табиғи байлығын сақтайтын Қазақстанның елжанды азаматы. Сондықтан сол азаматтың, азаматтық тұлғасын және ішкі жан дүниесін орнықты тұрде қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеті бола бермек. Тұлғаны әлеуметтендіру арқылы ғана білім мен қоғамның тұрақты даму жолын қамтамасыз ете аламыз. Жаңа білім моделінің басты ерекшелігі, артыкшылығы ол адамды білімді және сол білімді өте ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір де білікті етіп калыптастыратын болса, осы тұлғаның адамгершілік, рухани ұстанымдары, басшылыққа алатын құндылықтары қандай, оларды жасөспірім бойына дарытудың, тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің, қазіргі адамзаттық қоғамға, Қазақстандағы қоғамдык-әлеуметтік жағдайға сәйкестендірілген тұжырымдамасы, тұр сипаты, мазмұны, құндылыктары, өмірге ендіру әдістері мен құралдары қандай, соны дұрыс аныктау кажет. Білім беру мен әлеуметтендіру үрдісін бөліп қарауға болмайды. Білімнің де, қоғамның да тұрақты дамуын қамтамасыз етудің басты ұстанымы адамды білімдендіру, біліммен қаруландыру ғана емес. Сол білімді және біліммен қарулануды адамгершліктендіру болуы тиіс.
Еліміздің білім моделі ұлттық идеяға, ұлттық кұндылыктарға негізделіп құрылып, ұлт мүддесін басым бағытта бере отырып дамытылуы тиіс. Жасөспірім балаларымызға берілетін білім мен тәрбие мазмұны, ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі даналығынан. Тарихи мәдени мұраларынан, асыл дәстүрлерінен, ұлы педагогтеріміз бен ғұлама-гуманистеріміздің классикалық философиялық ой толғауларынан, ғұламалық бұлақтарынан, яғни тереңге бойлаған түп тамырынан нәр алып, табиғи таза мәдени-рухани құндылықтармен қаныққан болуы тиіс. Білімі мен технологиясы жедел өрлеп, экономикалық және қоғамдык тұрақты даму жолына түскен Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Франция, Финляндия, Швеция сиякты елдердің тарихи тәжірибелері осының айқын дәлелі.
Бір сөзбен айтқанда қазіргі жахандану заманында заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтың: «Ал енді, қазақ, мешел ел ұлт болып қаламын демесен бесігінді түзе» деген сөздің өзектілігі барынша арта түсіп отыр[11, 14] .
1. 2 Қазақстандағы білім берудің қазіргі жайы
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан әлемдік өркениетпен ықпалдаса, жаңа прогресшіл технологияларды пайдалана отырып, экономикада сілкініс жасады. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары айқындалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz