ҚҰЖАТТАРДЫ ЖӘНЕ ЖАЗУДЫ КРИМИНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 КРИМИНАЛИСТІК ҚҰЖАТТАРДЫ ТАНУ ҰҒЫМЫ, МАЗМҰНЫ, МІНДЕТТЕРІ . . . 7
1 1 Құжаттар, криминалистік маңызды ақпараттардың түпнұсқалары . . . 7
1. 2 Тергеу барысында құжаттарды қарау . . . 13
2 ҚҰЖАТТАРДЫ ЖӘНЕ ЖАЗУДЫ КРИМИНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ . . . 15
2 1 Құжаттарды өзгерту фактісін анықтау және құжат мазмұнының өзгеру түрі . . . 15
2 2 Қойылған қолдың жалғандылығын анықтау……… . . . 25
2. 3 Жалған таңбалар, мөрлер, мөртабандар жасау фактілерін анықтау . . . 26
3 ҚҰЖАТТАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ-КРИМИНАЛИСТІК САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ . . . 31
3 1 Құжаттарға техникалық-криминалистік сараптаманың пәні, объектілері . . . 31
3 2 Құжаттарға техникалық-криминалистік сараптаманың жеке міндеттерін шешу әдістемесі . . . 44
3. 3 Құжаттарға техникалық-криминалистік сараптама бойынша сарапшының қорытындысы . . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
ҚОСЫМШАЛАР . . . 61
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Елімізде әлеуметтік және экономикалық қатынастарға өзгерістер еніп, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері іздестіріліп, оларды іс жүзінде толық пайдалануға қызу кірісіп жатқан қазіргі мезгілде, құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінен криминалистика жетістіктерін қылмыспен күресте кеңінен қолдануын талап етеді.
Қандай да бір тәсілмен мазмұнды мәліметтер жөнінде жазылған объектілер құжат болып табылады. Олар жазба құжаттары, кино, фото және электрондық болып бөлінеді.
Құжаттар - мөлшері, пішіні, материалдардың түрлері, қорғау әдістері, мәтіні, колтаңбасы, мөртаңбалары бойынша және бұрыштамалардың болуымен сипатталады. Кәсіпорындар мен мекемелер атынан берілетін көптеген ресми құжаттардын міндетгі элементтері белгілі бір мемлекеттік стандарттарға және нұсқауларға сәйкес болуы керек. Ресми емес құжаттардын элементтері олардың колдануына байланысты аныкталады. Кейбір жағдайда кылмыстык процеске түсетін құжаттар, бір элемент - «мәтіннен» ғана тұрады.
Тәжірибеде кездесетін құжаттарды келесідей түрлерге бөлуге болады:
- тағайындалуы бойынша (қандай да бір фактілер мен құқықты куәландыратын және белгілі бір мәліметтерден тұратын құжаттар, мысалы: аныктамалық сипаттағы) ;
- шығу тегі бойынша (мемлекеттік мекемелерден шығатын, ресми және жеке тұлғалардан шығатын - ресми емес) ;
- дайындау тәсілі бойынша (колмен, машинкамен, компьютермен жазылған, баспаханалық, құрама, жеңіл баспаханалык құралдармен дайындалған және фотосурет көмегімен жасалған) ;
- шығу кезектілігі бойынша (түп нұсқа және көшірме) .
Кейбір жағдайда сараптамаға құжаттық емес сипаттағы объектілер де түседі (жазулары бар бөшкелердің ағаш қақпактары, тақтай бөліктері, жәшіктердін бөлшектері, маталар, металдан жасалған пластиналар) . Аталған объектілерді құжаттардың накты түсінігі бойынша құжаттарға да, олардың жасалу әдісіне де жаткызуға болмайды. Бұл объектілер құжатгардың криминалистикалык сараптамасывда зерттеледі, өйткені құжаттарды жеке зерттеуге арналған әдістер құжаттык емес сипаттағы объектілерді зерттеген кезде жаксы нәтиже береді. Құжаттар қылмыстың құралы болған немесе кылмыстын іздерін сақтап қалған немесе кылмыстық әрекеттің объектілері болған жағдайда Қылмыстык іс жүргізу кодексінің баптарына сәйкес заттай дәлелдеме бола алады.
Заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттар Қылмыстык іс жүргізу кодексіне сәйкес қарау хаттамасында толық сипатталып жазылып, мүмкіндігінше суретке түсіріліп және іске тіркелуі керек. Қандай да себептерге байланысты құжаттар кылмыстық істе сақталуы мүмкін болмаса, олар міндетті түрде суретке түсіріледі, буып-түйіледі, мөрленеді және аныктаушы, тергеуші, сот көрсеткен жерлерде сакталады.
Егер оқиға болған жерді карау, тінту және т. б. да тергеу әрекеттерін жүргізу барысында құжат табылып, оған карау әрекеті жүргізілмеген немесе кұжаггы тергеушіге - сезікті, айыпталушы, жәбірленуші немесе куә ұсынған жағдайда құжатгарға жеке тергеу қарауы жүргізіледі.
Тергеушіден алынатын құжаттар, яғни заттай дәлелдемелердің бұзылып, закымдануынан немесе қандай да бір өзгеріске ұшырауынан сактауға барлық шараларды колдануын талап етеді. Мұндай құжаттарды іске тігуге болмайды, олар бүктеме сызығы бойынша бүктеліп, жеке конвертте сакталады. Ескірген және жыртылған құжаттарды қағаз беттерінін астыңғы жағына жабыстыруға, қыстырғышпен қысып коюға, карындаш, қаламсап немесе үшкір затпен оларға белгі салуға болмайды. Көне (ескірген) және жанған (өртенген) құжаттарды мүмкіндігінше екі әйнектін арасына салып сақтау қажет.
Құжаттарды сараптамаға жібергенде оларды таза қағаздың арасына койып тығыз конвертке салу үсынылады.
Құжаттарды қарауды екі кезеңге бөлуге болады: біріншісінде - кайшылыктардың болу мүмкіндігін аныктау мақсатында құжаттардын мазмұны зерттелінеді, ал екінші кезеңде - оның қандай да бір өзгерістерге ұшырағандығы анықталады.
Құжаттың мазмұнындағы қайшылықтар, оның жекелеген реквизиттерін салыстыру жолымен анықталады. Атап айтқанда: бланктерін, мөр және мөртанбаларын, құжатты беру және бланкті дайындау мезгілдерін. Құжаттағы қайшылыктар, дұрыс дайындалған құжат үлгісімен салыстыру арқылы ғана анықталады. Егер құжат бірнеше данадан жасалған болса, олардың барлығын салыстыру керек.
Құжатгарды криминалистикалық сараптаудың пәніне құжаттың түп нұскасын немесе жалғандығын анықтау жатпайды. Бұл кұқыктық мәселе болып табылатындықтан, оны тек қана тергеуші мен сот шешеді. Құжаттардың криминалистік сараптамасы - анықтама өндірісінде, алдын ала тергеуде және қылмыстық істер бойынша сот талкылауында және істерді азаматтық процесте карау кезінде тағайындалады. Егер де ұсынылған құжаттың түпнұскасына құқығы мемлекетгік нотариусқа және нотариалдық әрекетті жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға (мемлекеттік нотариат туралы заң) беріледі.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты тергеуге маңызды құжаттың алғашкы мазмұнын өзгертудін және құжатты дайыңдаудың әдісі мен жағдайларын анықтау.
Осы аталған мақсаттарды орындау үшін алға мынандай міндеттер қойылды:
- арнайы ғылыми білімдерді және криминалистикалық әдістеме негізінде әр түрлі ғылым саласындағы әдістерді қолдану;
- құжаттың түпнұсқасын анықтау;
- құжаттың жалғандығын тексеру;
- құжаттарды өзгерту фактісін анықтау;
- тергеуде құжаттарды мұқият қарау;
- құжаттың мазмұнына мән беру;
- құжаттың көшірмелерін салыстыру;
- құжаттың дұрыстығын тексеру;
- құжаттарға техникалық-криминалистік сараптама тағайындау негіздерін анықтау;
- құжаттарға техникалық-криминалистік сараптама объектілерін дайындау;
- сарапшыға қойылатын сұрақтарды нақтылау;
- құжаттарға техникалық-криминалистік сараптаманың тергеу үшін маңыздылығын анықтау.
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Диплом жұмысының теориялық негізін М. А. Арыстанбеков, А. Ф. Аубакиров, Р. С. Белкин, А. Я. Гинзбург, С. Е. Еркенов, Е. Ғ. Жәкішев, Ә. А. Исаев, М. Ч. Когамов, Б. М. Нұрғалиев, А. Г. Филиппов, К. Н. Шакиров, А. О. Шакенов және ресейлік ғалымдардың еңбектері құрайды.
Диплом жұмысының әдіснамалық негізі ретінде салыстыру, талдау, саралау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының объектісі оқиға болған жерден табылған заттай дәлелдеме болатын құжаттар болып есептеледі.
Диплом жұмысының пәні техникалық-криминалистік сараптамаға тағайындалған құжаттың мазмұны болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы сегіз бөлімшеден тұратын төрт бөлімнен, кіріспеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КРИМИНАЛИСТІК ҚҰЖАТТАРДЫ ТАНУ ҰҒЫМЫ, МАЗМҰНЫ, МІНДЕТТЕРІ
1. 1 Құжаттар, криминалистік маңызды ақпараттардың түпнұсқалары
Криминалистика - бұл қылмыс тетігінің заңдылықтары, қылмыс және оның қатысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, бағалау мен қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және алдын алуға бағытталған әдіс-тәсілдерінің танымдылық заңдылықтары туралы ғылым.
Криминалистикада қолданылатын тәсілдер мен әдістер дәлелдемелерді жинақтауға бағытталған. Дәлелдемелерді жинақтау төрт кезеңнен тұрады, олар:
- дәлелдемелерді немесе іздерді іздептабу;
- оларды бекіту;
- оларды алу;
- алынған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді алу барысы мен қорытындысын рәсімдеу.
Заттай дәлелдемелерді немесе іздерді табу дегеніміз - ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Айғақ заттарды іздеуге арнаулы әдіс-тәсілдер және техника-криминалистік құралдар қолданылмаса, арнайы дайындықтан өткен маман болмаса, қылмысты дәлелдеуге қажетті іздерді, микрообъектілерді жай көзбен қарап тез арада тауып алу оңайлықпен келетін жұмыс емес. (Мәселен, қолдың майлы тер іздері) .
Дәлелдемелерді зерттеу - деп қылмыстық іс бойынша жинақталған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді құзырлы тұлғалар заңды түрде қабылдап, олардың пайда болу тегін және қаралып отырған қылмыстың басқа да материалдарымен қарым-қатынасын тексеруін айтамыз. Іс бойынша заңды түрде жиналған және бекітілген заттай дәлелдемелер криминалистік тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, қайдан қалайша пайда болғандығы тергеудегі қылмысты оқиғаға қандай дәрежеде қатысы бар екендігі анықталады. Сонымен қатар жеке іздерді, кейбір заттай дәлелдемелерді тексеруге арнаулы білімділік қажет болған кезде, күрделі криминалистік техниканы қолданып сарапшы зерттеуінен өткізеді. Сарапшылық зерттеуде дәстүрлі басқа да күрделі физикалық, химиялық әдістер спектрографиялық талдау, газды, сұйық хроматографиялық зерттеулер және басқа да көптеген ғылыми-техникалық арнайы әдістер мен құралдар бар [1, 125б. ] .
Адам баласының жазуды меңгергеннен кейінгі ісінің басы құжат жасау болған. Бұған адамзат тарихында затты-нақты айғақтар жеткілікті. Түрлі болжамдар мен салмақты ғылыми ізденістер нәтижесінде жарық көрген сүбелі дүниелер де көп. Оның барлығына тоқталып жатуды былай қойғанда, атауларын тізіп шығудың өзі мол көлемді талап етеді. Сондықтан біз бұл жерде тақырыпқа қатысты негізгі мәселелерді қысқаша тұжырымдап берумен шектелгенді жөн көріп отырмыз. Сонымен, іс қағаздарын жүргізудің басты өзегі құжат дегеніміз не?
Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат - ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер дискісі, фото және кинопленка және т. б. қызмет етуі мүмкін. Іс құжаты әкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді.
Фабрика өнім шығаратыны секілді, әкімшілік басқармалары құжат шығарады. Мұның айырмасы фабрика үшін өнім шығару оның мақсаты болса, әкімшілік басқарудың мақсаты басқару қызметі болып табылады. Оны іске асыру үшін ол құжатпен ресімделуі керек.
«Құжат» ұғымы білімнің көптеген саласында қолданылып, тұтас бір ғылыми пәндер қатарындағы зерттеу объектісі болып табылады. Бұл ғылымдардың әрқайсысы құжатқа анықтама беруде қандай өлшемдер (құжаттың мәні, нысаны, ақпаратты жазу мен дыбыстап бейнелеу тәсілі т. б. ) негіздеме ретінде алынғанына қарай өз тәсілдерін ұсынады.
Құжат ұғымына берілген анықтамаларды көктей шолғанда, зерттеу нысанасы мен міндеттеріне қарай айырмашылықтардың да бар екендігін байқаймыз. Құжат ұғымын деректану саласы кең ауқымда түсіндіреді. Ол бойынша, құжат - объективті өмір шындығы мен адамның ой қызметіне қатысты ақпараттарды арнайы материалға кез келген тілде, кез келген тәсілмен бекіту құралы. Деректануда құжат -арнайы ақпарат жеткізуге арналған объект.
Бұл ретте, біз құжаттың пайда болу тарихы мен эволюциясына көз жүгіртіп көрейік. «Құжат» ұғымы өзінің даму жолында айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Латын сөзі doceo алғашында «үйретемін», «хабарлаймын» деген мағынаны берген. Кейіннен туындаған, сөздің тар мағынасында алатын болсақ «айғақ, дәлел», «куәлік» мағынасын беретін documentum түрі ғылыми және практикалық қызмет саласының көпшілігінде ұзақ уақыт пайдалануда тұрақтап қалған.
Орыс тілінде «документ», яғни «құжат» ұғымы 17-ғасырда пайда болды. І Петр оны «письменное свидетельство», демек, «жазбаша куәлік» ретінде аударып, сол арқылы құжаттың құқықтық мәнін белгіледі. «Хаттамаларға қол қою туралы» деген Жарлық шығарған.
ХІХ ғасырда құжаттың басқару ісіндегі мәніне деген жаңа көзқарас пайда болды. Нысан бойынша белгіленіп, басқару процесін жүргізуге арналған ақпарат құжат деп саналды.
Төңкеріске дейінгі Қазақстан жағдайына келетін болсақ, XIX ғасырдың алғашқы жартысында Бөкей хандығында іс қағаздарын жүргізетін кеңсе болғандығы мәлім. Жәңгір хан ұйымдастырған бұл арнайы кеңсе екі бөлімшеден тұратын. Біріншісі ханның өз қол астындағы сұлтандармен, екіншісі - ресейлік шенеуніктермен қызметтік байланыстарын түркі-шағатай және орыс тілдерінде әзірленетін іс қағаздары арқылы жүргізіп отырды.
Құқықтық күшке ие жазбаша дереккөз тұрғысындағы құжат ұғымы ХХ ғасырда да сақталған. Мәселен, С. И. Ожеговтың Орыс тілі сөздігінде «құжат» ұғымына үш түрлі мәнде түсінік беріледі:
1) Қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге қатысты құқықты растайтын іс қағазы.
2) Ұсынушы тұлғаны ресми куәландыратын нәрсе (төлқұжат және т. с. с. ) .
3) Жазбаша куәлік.
Шетелдік сөздердің түсіндірме сөздігінде аздаған өзгешеліктер болғанымен, жалпы мағынасы жоғарыдағы анықтамаларға келіп саяды:
1) Жазбаша куәлік, айғақ - мысалы, оның тарихи құжаттық сипаты бар.
2) заң. заң жүзінде белгіленген тәртіппен жасалып, заңды фактіні куәландыратын (туу, некеге тұру) немесе қандай да бір іске құқық беретін (диплом, өсиет) акт, сөздің кең мағынасында - заңды күші бар немесе қызметтік сипаттағы кез келген жазбаша акт.
3) Төлқұжат, жеке куәлік.
«Мұрағат терминдерінің қысқаша сөздігінде» «құжатқа» берілген анықтама бойынша: «Құжат - шын мәніндегі объективті және адамның ой қызметі барысындағы фактілерді, оқиғаларды, нысаналарды, құбылыстарды жазу, кескіндеу, суретін салу, фотоға түсіру, дыбыстап жазу немесе басқа тәсілмен арнайы материал (папирус, пергамент, қағаз, фото үлдір және т. б. ) арқылы көрсетудің нәтижесі».
Мұнда «құжатты» сипаттау объектісі ретінде, сондай-ақ оны жеткізуші негіздердің кейбір түрлерін ашып көрсетуге деген талпыныс айқын байқалады.
Л. П. Крысинаның шет тілдерден енген сөздер түсіндірме сөздігінде қарастырылып отырған ұғымға қандай анықтама берілетінін келтіре кетейік: «Құжат. -
1) Қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге қатысты құқықты растайтын іс қағазы.
2) Ұсынушы тұлғаны ресми куәландыратын нәрсе (төлқұжат және т. с. с. ) .
3) Қандай да бір жағдайды жазбаша куәландыру.
Ақпарат бекітілетін «негіз» («носитель») ұғымы ғылыми айналымға алғаш рет социалистік елдердің қазіргі заманғы мұрағат терминологиясы сөздігі арқылы енгізілді. «Құжат» ұғымы мынадай сипатта берілді: «Құжат - жазу, кескіндеу, фотоға түсіру, дыбыс жазбалары немесе өзге де тәсілдер арқылы объективті шындыққа қатысты нәрселер жайлы және адамның ой қызметі туралы ақпаратты бекіту нәтижесі».
Құжат анықтамасының даму барысын талдай отырып, бұл терминді түсіндірудің негізгі үш тәсілін бөліп атауға болады. Біріншіден, құжат қандай да бір материалдық объект болып табылады, екіншіден, жай ғана материалдық объекті емес, сонымен қатар, ақпарат жеткізгіш, үшіншіден, әрі ол құжатталған ақпарат (яғни, қайта өңдеу және сақтау мақсатында материалдық негізге бекітілген қандай да бір әлеуметттік ақпарат. Басқаша айтқанда, биологиялық ақпараттың, жанды және жансыз табиғат ақпараттарының адам ойы жететін деңгейде жазылған немесе осы деңгейде өңделген түрлері мен формалары) болып табылады.
Осылайша, құжаттану тұрғысынан алғанда құжат дегеніміз мәтін, дыбыс жазу мен бейнелеу түріндегі ақпарат енгізілген материалдық объект болып саналады.
Соңғы кезде құжат анықтамасының мағыналық жүгі ауырлап, материалдық құрамнан ақпараттық құрамға ауысып келеді. «Құжатталған ақпарат» ұғымының өмірге келуі ақпарат (мәлімет) пен материалдық негіз (рәміздер, белгілер, әріптер, толқындар т. б. түрінде) ұғымдарының екіжақтылық сипатына негізделген. Құжаттау нәтижесінде мәліметтердің өзіндік сипатта материалдану және заттану процесі жүреді. Ақпарат негізге бекітіледі немесе оған тіпті «байланып қойылады», сол арқылы ақпарат өз жасаушысынан жекеленеді. Осылайша, құжат екі қосындының тұтастығы деп қабылданбақ. Рас, ұзақ жылдар бойына бұл бірліктегі басты орынды ақпарат жеткізуші негіз иеленіп келген-ді.
М. В. Ларин «Управление документацией в организациях» (Ұйымдарда құжаттаманы басқару) атты еңбегінде құжатты мынадай үш басты компонент құрайтынын атап көрсетеді: ақпарат, негіз (материал жеткізгіш) және ақпараттың сәйкестендірілу мүмкіндігі. Ақпарат негізіндегі сәйкестендірілу мүмкіндігі құжатты басқа ақпарат негіздерінен түпкілікті түрде ерекшелендіреді.
Қазақстан Республикасында «құжат» ұғымының ресми түсіндірмесі ҚР Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеттің 2001 жылғы 14 мамырдағы №140 бұйрығымен бекітіліп, күшіне енгізілген 1037-2001 ҚР СТ-да былай баяндалады: «Құжат (құжатталған ақпарат) - сәйкестендіру мүмкіндігі бар материалдық жеткізгіште тіркелген ақпарат». Қазіргі заманғы отандық құжаттану ісі дәл осы анықтамаға сүйенеді.
«Құжат» стандартталған термин, яғни бұл осы ұғымды айқындауға арналған жалғыз термин болып табылады. «Құжатталған ақпарат» термині синоним-термин рөлін атқарады. Аталмыш стандартта ол деректер анықтамалығы тұрғысында келтірілген.
Сонымен қатар, осы стандартпен белгіленген барлық терминдер заңды тұлғалар қызметінде түзілетін құжаттама түрінің бәрінде, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік, нормативтік-әдістемелік, іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі жөніндегі анықтамалық пен оқулық әдебиеттерде міндетті түрде қолданылуы қажет. Қазақстан Республикасындағы «құжат» терминіне берілген ресми түсіндірме Ресей Федерациясы мемлекеттік стандарты бекіткен (Мем СТР 51141-98) анықтамаға қарағанда өзгешелеу. Толықтай беріп, салыстырып көрелік: «құжатталған ақпарат (құжат) - материал жеткізгішке тіркелген сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар ақпарат».
Анықтамадан көріп отырғанымыздай, Қазақстанда қабылданған түсіндірмеден айырмашылығы, ресейлік анықтамада құжаттың деректемелері ескеріледі. Бұл материал жеткізгішке тіркелген ақпарат анықтамасында айқындаушы орында тұр.
Өнеркәсіптік, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы дәстүрлі құжаттау тұрғысынан алғанда жаңа, тек өзіне ғана тән ерекшеліктері бар, өзгеше электронды құжат түрінің түзілуіне алып келді.
Кеңселік қызмет барысында құжат еңбек құралы ретінде де әрі жұмыс нәтижесі ретінде де көрінеді. Осыған сәйкес ұйымның тиімділікпен қызмет етуі құжат бойынша жұмыс жүргізу ісін дұрыс ұйымдастыруға тікелей байланысты.
Құжат функцияларын жалпы және арнайы функциялар деп екі салаға бөлуге болады. Жалпы функциялар құжаттардың бәріне ортақ. Ал арнайы функциялар - құжаттардың тек шектеулі топтарына ғана тән.
Құжаттың жалпы функцияларына мыналарды жатқызуға болады:
1) әлеуметтік - құжат әлеуметтік мәнге ие объект болып табылады, өйткені ол әлеуметтік қажеттіліктен туындаған әрі сол әлеуметтік жүйеде жүзеге асырылады;
2) ақпараттық - құжат ақпаратты жазып алу, сақтау және тарату құралы ретінде қызмет етеді;
3) қарым-қатынастық - құжат қоғамдық құрылымдар мен жеке адамдар арасында байланыс құралы ретінде жүреді, ол жай хабарландырып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық сананы шоғырландырып, бірыңғай пікір қалыптастыруға, ұжымдық реакция туғызуға, бүкіл қауымды жұмылдыруға ықпал етеді;
4) мәдени - құжат әлеумет тәжірибесі мен мәдени дәстүрлерді бекіту және оларды болашаққа қалдыру құралы ретінде қызмет етеді;
Құжаттың арнайы функцияларына мыналар жатады:
1) құқықтық - құжат қоғамдағы құқықтық нормалар мен құқықтық қарым-қатынастарды бекіту және өзгерту құралы ретінде қызмет етеді. Хабарланып отырған мәліметтерге, оқиғаларға баға беру арқылы құжат құқықтық сананың қалыптасуына, мінез-құлықтың әлеумет тарапынан қолдау тапқан үлгілерін әзірлеуге, моральдық-этикалық нормаларды игеруге ықпал етеді;
2) дәрістік - құжат жинақталған әлеуметтік тәжірибелерді ой елегінен өткізе отырып, бұл жөніндегі білім қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге көмек береді, тұлғаның қалыптасу процесіне қатысады;
3) танымдық - құжат ой елегінен өткізіліп жазылған мәтін негізінде шындықтың неғұрлым ауқымды, абстрактылы, теориялық үлгісін жасауға мүмкіндік береді.
4) басқарушылық - құжат басқару құралы болып табылады, қоғам мүшелерінің ұжымдық қызметін мейлінше тиімді ұйымдастыру мақсатына сәйкес жоспарлау, үйлестіру және реттеу ісіне көмектеседі;
5) мемориальдық - құжат қоғамның, ондағы жекелеген құрылымдардың дамуы туралы және дербес тұлғалар жайлы тарихи дерек көзі ретінде көрінеді;
6) есептік - құжат өндірістік және шаруашылық қызметтің барлық кезеңдерінде атқарылған жұмыс процестерін сүзгіден өткізіп отыратындықтан, оның нәтижелерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
7) эстетикалық - құжат өзінің материалдық негізі құрамына болмысты образды-көркем игеру нәтижелерін түсіру арқылы жинақтап қорытылған эстетикалық тәжірибелерді сақтайды және таратады;
8) релаксациялық (ойын-сауықтық, компенсаторлық) - құжаттардың бірқатар түрлерін эмоционалдық шиеленісті ширығуларды өзге нысандарға аудару арқылы түсіруге, сөйтіп артық ширығу деңгейін көздеген дәрежеге дейін азайтуға пайдалану;
Ұйымда құжаттарды түзу, қолжазбадан қайта басу, оқу, есепке алу, сұрыптау, сақтау, іздестіру, ақпараттарды ұқсату т. б. жөнінде қыруар жұмыстар атқарылады.
Ұйымның коммерциялық қызметі табысты жүргізілуі үшін ақпараттардың сақталу жағдайы ондағы мәліметтер құпиялылығы сенімді түрде қамтамасыз етілетіндей дәрежеде болуы шарт.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz