Жаңа өзендегі оқиғалар



Алматыдағы желтоқсан оқиғалары, Кенес Одағының әр түрлі аймақтарында болып жатқан жанжалдар партия және кенес органдарын ойлантуға, жылдар бойы қордаланып қалған проблемаларды шешудің тәсілдері мен жолдарын іздестіруге мәжбүр етуі тиісті еді. Осындай шешімін таппаған түйіннің бірі Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы ірі толқуға әкеліп соқтырды. Мұнда тұрғын үй алу кезегі, мектепке дейінгі балалар ме-кемелеріне деген кезек өте баяу жылжыды, жастар арасында жұмыссыздық өсті. Осы аймақтың мұнайы мен газын сорып жатқан орталық ведомстволар жергілікті жерде кадрлар даярлаудың орнына, жұмыс қолдарын республикадан тыс жерлерден әкелді. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысыңда ірі кемшіліктер болды. Үй бөлуде, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын бөлгенде әлеуметтік әділеттілік принциптері жиі бұзылып отырды. Қалаға вахталық әдіспен жұмыс істеуге келгендер казақ халқының дәстүрлерімен санасқысы келмеді, оларды дерекілікпен кемсітті. Әлеуметтік жағдайлардың шиеленісуі ұлтаралық қатынастардағы, әсіресе байырғы тұрғындар мен Жаңаөзен қаласында тұратын Кавказ ұлттарының өкілдері арасындағы шиеленіспен астыртын ұштаса бастады. 1989 жылдың маусымында қалада екі жақтан да қан төгілген жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Бұл жанжал құқық қорғау органдары мен арнайы тапсырмалы әскерлердің көмегімен ғана басылды. Вахтамен жұмыс істейтіндердің көпшілігі қаладан әкетілді. Осындай оқиғалардан кейін де көптеген проблемалар шешімін таппай қалды. Басқа да қалалар мен жұмысшы қалашықтарывда жекелеген жан-жалдар аз болған жоқ және оның түп-төркіні барлық уақытта әлеуметтік себептерде жатты.

ҚАРАҒАНДЫ: КЕНШІЛЕР ЕРЕУІЛДЕРІ
1989 жылы шілдеде Донбасс және Кузбасс кеншілерінің ізінше Қарағанды көмір алабының кеншілері ереуілге шықты. Күн сайын ереуілге 10—15 мыңға дейін адам қатысты. Кеншілердің талаптары алғашқыда экономикалық сипатта: еңбекақыны көбейту, шахталардағы жұмыс жағдайларын жақсарту, азық-түлік тауарларының түрлерін өзгерту болды. Кейіннен әлеуметтік

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖАҢА ӨЗЕНДЕГІ ОҚИҒАЛАР
Алматыдағы желтоқсан оқиғалары, Кенес Одағының әр түрлі аймақтарында болып
жатқан жанжалдар партия және кенес органдарын ойлантуға, жылдар бойы
қордаланып қалған проблемаларды шешудің тәсілдері мен жолдарын іздестіруге
мәжбүр етуі тиісті еді. Осындай шешімін таппаған түйіннің бірі Маңғыстау
облысының Жаңаөзен қаласындағы ірі толқуға әкеліп соқтырды. Мұнда тұрғын үй
алу кезегі, мектепке дейінгі балалар ме-кемелеріне деген кезек өте баяу
жылжыды, жастар арасында жұмыссыздық өсті. Осы аймақтың мұнайы мен газын
сорып жатқан орталық ведомстволар жергілікті жерде кадрлар даярлаудың
орнына, жұмыс қолдарын республикадан тыс жерлерден әкелді. Сауда, қоғамдық
тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысыңда ірі
кемшіліктер болды. Үй бөлуде, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын бөлгенде
әлеуметтік әділеттілік принциптері жиі бұзылып отырды. Қалаға вахталық
әдіспен жұмыс істеуге келгендер казақ халқының дәстүрлерімен санасқысы
келмеді, оларды дерекілікпен кемсітті. Әлеуметтік жағдайлардың шиеленісуі
ұлтаралық қатынастардағы, әсіресе байырғы тұрғындар мен Жаңаөзен қаласында
тұратын Кавказ ұлттарының өкілдері арасындағы шиеленіспен астыртын ұштаса
бастады. 1989 жылдың маусымында қалада екі жақтан да қан төгілген жаппай
тәртіпсіздіктер басталды. Бұл жанжал құқық қорғау органдары мен арнайы
тапсырмалы әскерлердің көмегімен ғана басылды. Вахтамен жұмыс
істейтіндердің көпшілігі қаладан әкетілді. Осындай оқиғалардан кейін де
көптеген проблемалар шешімін таппай қалды. Басқа да қалалар мен жұмысшы
қалашықтарывда жекелеген жан-жалдар аз болған жоқ және оның түп-төркіні
барлық уақытта әлеуметтік себептерде жатты.

ҚАРАҒАНДЫ: КЕНШІЛЕР ЕРЕУІЛДЕРІ
1989 жылы шілдеде Донбасс және Кузбасс кеншілерінің ізінше Қарағанды көмір
алабының кеншілері ереуілге шықты. Күн сайын ереуілге 10—15 мыңға дейін
адам қатысты. Кеншілердің талаптары алғашқыда экономикалық сипатта:
еңбекақыны көбейту, шахталардағы жұмыс жағдайларын жақсарту, азық-түлік
тауарларының түрлерін өзгерту болды. Кейіннен әлеуметтік талаптарга Семей
адролық полигонын жабу, одақтық ведомстволардың монополиясын тоқтату
қосылды. Кеншілер құрған ереуілдік комитеттердің басывда Д. Тегісов, П,
Шлегель, М. Рамазанов, П. Перебойнос және басқалар тұрды. Кеншілерді
тыныштандыру үшін Қарағандыға келген КСРО көмір өнеркәсібі министрі М. И.
Шадовтын жауаптарына кеншілер қанағаттанбады. Осы кезде Қарағандыға
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н. Ә. Назарбаев
шұғыл ұшып келді. Бірнеше кездесулерден соң республика үкіметі кеншілерді
тыныштандыра алды. Істің мұндай шешім табуына септігін тигізген ереуілге
шыққан кеншілер мен бірінші хатшы көзқарастарының бір жерден шыкқандығы
болды: екі жақ та орталық ведомстволардың монополиясына наразы еді және
экономикалық дербестікті жақтады. Кеншілердің көптеген, әрі әділетті
талаптарын орындауға республика басшылары уәде берген соң ғана ереуілдер
тоқтатылды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ
Бұрынғы уақыттарға қарағанда 80-жылдардың соңында Қазақстан сыртқы рынокқа
неғұрлым белсенді шыға бастады. Экспортқа шығарудың көлемі жағынан
Қазақстан КСРО-да 5-орыңда тұрды. Республика экспортының 97 проценті
шикізаттар, материалдар және жартылай дайьш өнімдер болды. Қазақстан КСРО
экспортқа шығаратын сары фосфордың 90 процентін, мыстың 72 процентін, іс
жүзінде барлық хром кенін, қорғасын, мырышты дайындады.
Байқап отырғанымыздай республика экспортқа негізінен шикізат және қуат
көздерін, қара және түсті металлургия бұйымдарын, мұнай, уран, т. б.
шығарды. Нақты егемендік алу жағдайында республика үкіметі бірқатар аса
маңызды экономикалық заңдар қабылдап, олар неғұрлым дербес сыртқы саясат
жүргізуге мүмкіндік берді, "Қазақ КСР-індегі меншік туралы", "Қазақ КСР-і
сыртқы экономикалық қызметінің принциптері туралы", "Қазақ КСР-індегі еркін
экономикалық аймақ туралы", "Қазақ КСР-індегі шетел инвестициялары туралы"
және т. б. заңдар осының айғағы. Республикада Сыртқы экономикалық
байланыстар министрлігі ұйымдастырылып, республикалық Сыртқы экономикалық
банкі құрылды. Республика үкіметінің мұндай шаралары әр түрлі сыртқы
экономикалық ассоциациялардың, корпорациялары мен консорциум-дарының
құрылуына алып келді. Мұның барлығы қарсы сауданың өсуіне қолайлы әсер
етіп, оның көлемі 1991 жылдың ішінде 1,5 есе артты. Іскерлік белсенділіктің
өсуі жаңа банктік құрылымдардың жасалуымен қатар жүрді. 1990 жылдың
қарашасында Сауд Арабиясымен бірге шетелдіктердің қатысуымен тұңғыш
"Аль-Барака-Банк Қазақстан" банкісі құрылды.
Корея республикасымен, атап айтқанда "Самсунг",
"Голд Стар" және басқа корпорациялармен байланыстар
белсенді түрде дами түсті.
1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда 24 ел қатысқан 35 біріккен
кәсіпорынның жұмыс істейтіндігі тіркелді. Мүның ұтымдылығы сонда, ендігі
жерде республика ешқандай делдалсыз шетелдік кәсіпорындармен келісімдер
жасап, халық шаруашылығы үшін үлкен пайда келтіреді. Қайыршылық жағдайға
дейін титықтаған республика экономикасы шетелдердің көмегі және валюталық
жәрдемінсіз оңала алмайтын еді. Кәсіпорындарды көптеп тарту үшін
республиканың жаңа заңы бойынша шетелдік инвесторлар 5 жылға дейін пайда
салығынан босатылды. Біріккен кәсіпорындар негізінен халық тұтынатын
тауарлар шығаруға бағдарланды. Қазақстан сыртқы экономикалық
байланыстарының маңызды бағыттары: Жәйрем — Атасу, Қарағанды, Маңғыстау,
Алакөл және Жәркент еркін экономикалық аймақтары болды. Қазақстан мен
Қытайдың арасындағы сауда байланыстары да күшейе түсті. Олардың арасындағы
шекаралық саудадағы тауар айналымы 1986 жылғы 4 млн. сомнан 1990 жылы 21,7
миллионға дейін,г өсті. Република Ғылым академиясы мекемелерінің, ғылыми-
зерттеу институттары мен жоғары сауда байланыстары оқу орындарының Қытаймен
тікелей ғылыми-техникалық байланыстары едәуір кеңейді. 1990 жылы
студенттердің алғашқы тобы оқуларын жалғастыру үшін Қытайға жіберілді.
Алматы — Үрімші — Алматы жаңа әуежелісі ашылып, Жәркент қаласы мен Инин
(Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы) қаласының арасында автобус байланысы
жолға қойылды.
1991 жылдың басыяа қарай экономикалық дағдарыс тереңдей түсті. Өнім өңдіру
мен шығарудың көлемі қысқарып кетті. Өндірістің онан әрі құлдырауы республи-
кадағы өңдірістік ұлттық табыс көлемінің қысқаруына әкеліп соқтырды; енбек
енімділігі 8,7 процентке төмендеді. Басқа республикалардың аумақтарындағы
кәсіпорындардың келісім-шарт міндеттемелерін орындамауының салдарынан
көптеген кәсіпорьшдар мен бүтіңдей бір салалар құлдырау жағдайында болды.
Мысалы, 1991 жылдың қараша айына қарай келісім-шарт бойынша жеткізілмеген
бұйымдардың көлемі 273 млн. сомнан асып, өткен айларға қарағанда орташа
алғанда 2 еседен астам көп болды. Барлық өнеркәсіп салалары кәсіпорындарына
материалдық байлықтардың, оның ішінде электр куатының да берілуінің күрт
қысқаруы орасан зор жұмыс уақытын жоғалтуға, кейде тіпті жекеле-ген
өндірістерді ұзақ мерзімге тоқтатуға мәжбүр етті. Бүкіл халық шаруашылығы
бойынша 1991 жылы 553-тен астам (11 проценттен жоғары) кәсіпорындар мен
ұйымдар зиянмен шықты. Өндіріс өнімдері мен қызмет көрсетудің заттай
көлемінің төмендеуінен кәсіпорындар мен халықтың табысы күрт өсіп, қаржы
жағдайын және ақша айналымын қиындатты. Ақша эмиссиясы ышқына өсіп,
инфляцияны шарықтатты, бағаны өсірді және басқа ұнамсыз құбылыстарды
тудырды. 90-жылдары өндірістік және мал шаруашылығының өнімдерін өндіру
одан әрі құлдырады. Қалалар мен қыстақтарда ет, сүт, жұмыртқа тұрақты түрде
жетіспеді.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің төмендеуіне, жалпы мал санының кемуіне,
әсіресе колхоздар мен совхоздарда оның енімділігінің төмендеуіне жол
берілді. Оның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1986—1990 жылдары
жемшөп дайындаудын көлемі күрт темендеді. Екіншіден, ауыл шаруашылығы
техникалары паркі қатты ескірді. Үшіншіден, экономикалық шаруашылық
жүргізудің ескі формалары салдарынан мал шаруашылығы өнімдері мен дәнді
дақылдардың рентабельділігі арттырылмады. Нәтижесінде азық-түлік
тауарларына деген кезек ұлғайып кетті. Көптеген өнеркәсіптік қалаларда азық-
түлік карточкалары енгізілді.

ҚАЗАҚСТАН АУЫЛДАРЫНЫҢ 80—90-ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ
1991 жылдың бас кезіне қарай Қазақстанның ауылдық жерлерінде 7124,6 мың
адам, яғни бүкіл республика тұрғындарының 42,4 проценті тұрып жатты. 1980
жылдың бас кезінен былай қарай Қазақстандағы ауыл тұрғындары 325,9 мың
адамға немесе 4,8 процентке, ауыл тұрғындарының баланы көп тууы есебінен
артты.
Қалалар мен ауылдардың тұрмыс жағдайының айырма-шылығы алдын ала
болжанғандай 80—90-жылдарда да жойылған жоқ. Әлеуметтік мәдени мекемелердің
даму дәрежесі, тұрғын үйлермен, мектепке дейінгі балалар мекемелерімен,
дәрігерлік қызмет көрсету, көркейту жағынан ауылдық елді мекендер
республиканың қалалық тұрғындарына қарағанда едәуір артта қалды. Егер қала
адамдарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бүкіл XII бес-жылдық бойына ұлғайып
келген болса, ауылдық жерлерде бүл үздіксіз кеміп отырды. Мұның негізгі
себебі, ауылда материалдық-техникалық базалардың ұдайы нашар күйінде қалуы,
тұрмысқа қолайлы үйлерді салуға құрылыс материалдарының қымбат болуы және
қарызға қаржының жеткіліксіз белінуі — ауылдағы тұрғын үй құрылыстарының
тоқырауына әкеп соқтырды. 1991 жылдың бас кезіне карай ауыл тұрғындарын
тұратын үймен қамтамасыз ету жөнінен Қазақстан көптеген республикалардың
соңыңда қалды. Мысалы, 1989 жылы Балтық бойының әрбір ауыл тұрғынына жалпы
тұрғын алаңы 24,0—25,9; Грузияда — 21,2 шаршы метрден келсе, Украина мен
Беларусьте 20 шаршы метрден асып түсті.
XII бесжылдық тұсында Қазақстанның беті қатты автокөлік жолдары 67,5 мың
шақырым болды. Соған қарамастан, ауыл тұрғындарын көлік қатынасымен
қамтамасыз ету жұмыстары бірте-бірте нашарлай түсті. Автокөлік катынасының
жалпы ұзындығы да, соған сай жолаушылар айналымы да азайды.
Жетпісінші жылдарда белең алған, "болашағы жок" шағын ауылдарды жойып,
сауда нүктелерін, бастауыш мектептерді, дәрігерлік мекемелерді қысқартқан
теріс пиғылды саясат ауыл қыстақтардың әлеуметтік дамуын кері құлдыратып
жіберді. Совхоздар мен колхоздардың үштен біріне жуығында типтік жобамен
салынған жалпы білім беретін мектептері, клубтары болмады, шаруашы-
лықтардың 400-ден астамы тасымал сумен күн көрді, ауылдық жерлердін сауда
жүйесі дамытылмады. Кейінірек өріс алған шаруашылықты жалға беру, жаңашыл
әдіспен жүргізу дейтін қатынастар онсыз да тапшылыққа ұшыраған тауар
жетіспеушілігін асқындырып жіберді. Күнделікті игілікке тұтынатын
тауарлардың, балалар бұйымдарының тапшылығы өте-мөте байқалды: киімдер, аяқ
киімдер, мектеп оқушыларының құрал-жабдықтары жетіспейтін болды. Осындай
келеңсіз құбылыстар және оның үстіне бөлшек сауда бағасының арттырылуы,
арзан азық-түліктер мен тауарлардың "жоғалып кетуі" әсіресе көп балалы
үйлерге, зейнеткерлерге, соғыс және еңбек мүгедектеріне ете ауыр тиді.
Осынау өзгерістер ауылдық жерлерде халықка білім беру саласына да кері әсер
етті. Мектеп бөлмелерінін жетіспеуіне байланысты ауыл мектептерінің
жартысынажуығы екі ауысыммен, ал бірқатары тіпті үш ауысыммен жұмыс істеді.
Туудың кеміп кетуіне байланысты орта мектептерде оқитын оқушылар саны азая
түсті. Кәсіптік бағдар беретін және есептеу техникалары кабинеттерін
жабдықтау женінен ауылдық мектептер қалалық мектептерден кейін қалды,
бірқатарында дәмханалар мен асханалар жетіспеді.
Ауылдық жер тұрғындарын мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз
ету дәрежесі де айтарлықтай төмен болды. Ауылдарда ауруханалар, дәрігерлік
пункттер жетіспеді, денсаулык сақтау мекемелері дәрігерлермен және орта
медицина мамандарымен едәуір төмен дәрежеде қамтамасыз етілді, ал
республика елді мекендерінің бестен бір бөлігінің жалпы денсаулық сақтау
мекемелерінің қызметіне қолдары жетпеді. Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде
ауылдарға қызмет көрсететін келік (979-дан 189-ға дейін), монша және душ
(4202-ден 3482-ге дейін), телерадиоателье (334-тен 226-ға дейін) мекемелері
едәуір қысқарып кетті. Ауылдағы тұрмыс қажетін етеу мекемелері жүйелерінің
даму дәрежесінің төмендеп кетуінің бірден-бір себебі, олардың әр түрлі
ведомстволарға бағынуынан болды — бірқатары тұрмыс қажетін етеу
министрлігіне бағынышты болса, қалғандары бұдан басқа 10-ға жуық
ведомстволарға бағынды. Маңғыстау, Атырау, бурынғы Жезқазған, Қызылорда
сияқты облыстарда байланыс, жолаушылар көлігі, мәдениет, тұрмыстық-
шаруашылық қызметінің көлемі ең темен дәрежеде болды.
Мәдениет, ғылым, ағарту. Толғағы жеткен мәселелерді езі шешуге
республиканың құқылы болуы Қазақстанның еткен кезеңінде жіберілген
ағаттықтарын түзетуге мүмкіндік туғызды.
Нақ бүгінгі таңға шешілуге тиісті, алайда ең бір күрделі проблемаларға
душар болған мәселелердің бірі — қазақ және Қазақстандағы басқа да ұлт
тілдерін одан әрі дамыту мәселесі болды. Республикадағы қазақ тілінін;
жағдайы сын көтермейтін дағдарысқа ұшыраған еді.
Қалыпты жағдайда дамыған тіл 80 қоғамдық функцияны атқаруға жарайтын болса,
қазақ тілі небәрі 10 түрлі функцияда пайдаланылып келді. Қазақ тілі іс
қағаздарын жүргізуден, әсіресе калаларда шеттетілді. 60—90-жылдары қазақ
мектептерінің саны, әсіресе бүрынғы Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола,
Қостанай және Шығыс Қазакстан облыстарында күрт қысқарып кетті. Қазақтың,
әсіресе қалада тұратын жастары, ана тілін нашар білетін немесе тіпті туған
тілінде сөйлей алмайтын жағдайға тап бодды. Қалыпты дамыған қоғамдық өмірде
тіпті кешірімсіз, келеңсіз құбылыс көрініс берді. Немересі ата-анаға,
керісінше атасы немересін түсінбейтін бодды, ал ата-аналары мен бауырынан
ерген балалары әр түрлі тілде сөйлейтін жағдайға жетті. Тіл мәдениетіне
деген мұндай теріс көзқарас қазақ халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан
әдебиетіне, тарихына және салт-дәстүріне салқынын түсірді. Мұндай құбылыс
Қазақстанда тұрып жатқан ұлттық топтар: ұйғырлардың, украивдардың,
немістердің, месхеттік-түріктердің, татарлардың арасында да көрініс берді.
Орыс тілінің мәдениетін көтеруге деген талап та темендеді, оңда жаргондық
сөздер көбейіп кетті. Мәдениеттің бұлай құлдырауы көптеген ұрпақтардың
алаңдаушьшығын туғызатындығы табиғи құбылыс еді. Қоғамды жаңарту
жағдайында, ақыры осының бәрін ашық талқыға салу мүмкін болды. "Тілі туралы
Заңның" жобасы жарияланып, жұртшылықтың талқылауына ұсынылғаннан кейін ол
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы қыркүйектің 22-сіндегі кезектен тыс
он төртінші сессиясывда қабылданды. Бұл Заң талқылаудан кейін: "Қазақ КСР-
ындағы тілдер туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы" деген
редакциямен қабылданды.
Бүл қүжаттың 1-бабында егеменді Республиканың мемлекеттік тілі — қазақ
тілі, ал 2-бабында орыс тілі — республиканың ұлтаралық қатынас тілі болып
жарияланды,
Республикада қазақ тілін қайта түлету және дамыта түсу жөнінде бірқатар
жұмыстар атқарылды. Бір жылда, 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына
дейін қазақ тілінде тәрбиелейтін балабақшаның саны 482-ге жетті, сөйтіп
барлығы республикада 1677 болды. Жаңадан қазак тілінде жалпы білім беретін
155 мектеп, 4 кәсіптік-техникалық училище ашылды. Республикада іс
қағаздарын қазақша дайындайтық және қазақ тілінде басатын машинисткалар
даярлайтьш бірінші қалалық кәсіптік-техникалық училище пайда болды. Араға
ұзақ жылдар салып Қазақстан шығыс халықтары: түрік, араб, қытайдың
мәдениетіне араласуға мүмкіндік алды.
Алматы қаласында, Қарағанды және Ақмола облыстарыңда татар және неміс
тілдерінде оқытатын мектептер ашылды. Республикалық теледидар мен радио 6
тілде хабар таратып, көрсетуде.1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің қаулысымен 30-—40-жылдары және 50-жылдардың бас кезінде
сотталған және жазаға ұшыраған халқымыздың даңқты өкілдерінің есімі халқына
қайтарылды. Әсіресе Шәкәрім Құдайбердіүлының, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан
Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Міржақып Дулатовтың шығармашшіық
мұраларының ақталуы жұртшылық арасында зор қолдауға ие болды. Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің 40-жылдардың екінші жартысында және 50-
жылдардың бас кезінде идеология және ғылым мәселелері жөнінде қабылданған
бірқатар қаулыларының өзінің мәні жағынан терең қателікке ұрынған және
ғылымды дамытуға біліксіздікпен араласқан құжат ретінде күші жойылды. Бұған
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жарамсыз деп табылған 1947 жылғы
қаңтардың 21-індегі "Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет
институтының дөрекі саяси қателіктері туралы" қаулысын жатқызуға болады.
Күші жойылған осы қаулының негізсіз деп табылуы казақ фольклорының,
әдебиеті мен өнерінің бұған дейін тыйым салынып келген көптеген көркем
шығармаларын тереңірек зерттеуге мүмкіндік туғызды.
Тоқсаныншы жылдардың өнері мен әдебиеті өзінің иbbbbbbbииииииидеологиялық
тыйым салу азабынан босану кезеңін бастан кешірді. Халықтың өзінің еткен
тарихына, жеке тұлғаларға деген қызығушылығын және жеке адамға табынудың
сыр-сыйпатын білуге ынтасын туғызды. I. Есенберлин, Ә. Кекілбаев, С.
Жүнісов, Қ. Жұмаділов, М. Мағауин сынды және тағы басқа жазушылар қазақ
халқының қиын тағдыры туралы күрделі шығармалар жазды. Олардың кітаптарын
халық өте сүйсініп оқитын болды. Ш. Мұртазаның, И. Щеголихиннің, Д.
Исабековтың, т. б. еңбектерінде қоғам мен жеке тұлғалардың өзара қарым-
қатынасы, тұрмыстың қилы мәселелері терен зерттелді. Ж. Молдағалиевтің, Қ.
Мырзалиев, М. Шаханов, т. б. ақындардың поэзиялық шығармалары халықтың
өткен тарихындағы қасіретін жырлаған азаматтық үнге толы болды. Республика
тұрғындары арасында айтыс ақындарының мүшайрасы зор құрметке ие болды. Кене
дүниеден бүгінгі заманға жеткен халықтық өнер — айтыс дәстүрі М. Кекенов,
Ә. Беркенова, Ә. Қалыбекова, Қ. Әбілов сынды дарындардың және басқа да
көптеген ақындардың есімдерін елге паш етті.
1991 жылдың аяғына қарай Қазақстанда бес тілде
жұмыс істейтін 48 кәсіптік театрлар, 26 концерттік ұйымдар, 9 мыңнан аса
клубтар, 10 мыңға жуық кепшілік
кітапханалар, 145 мұражайлар болды. Алматыда Абай
атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, М. Әуезов
атындағы Қазақ мемлекеттік драма
театрының, М. Лермонтов атындағы Орыс мемлекеттік
драма театрының, неміс, ұйғыр, кәріс театрларының, 2
жасөспірімдер театрының, республикалық қуыршақ театрының шығармашылық
ұжымдары жұмыс істеуде. Ұлттық
мәдениет күндері мен фестивальдарды, "Наурыз" және
басқа да өзіндік ерекшелігі мол халықтық мерекелерді
еткізіп тұру дәстүрге айналды. Тұрғындардың өздерінің
белсенділіктерімен жемісті рөл атқарып отырған және зор
маңызы бар 49 ұлттық-мәдени орталықтар құрылды. 06-лыстарда жаңа театрлар
ашылып жұмыс істеуде.
Идеологиялық тыйым салу мен бақылаудан құтылған театрлар көптеген дарынды
шығармаларды сахналады. Мысалы, жасөспірімдер театры (қазақ тобы)
жұртшылықтың зор ілтипатына ие болған Ш. Мұртазаның "Сталинге хат", ал М.
Әуезов атындағы театр Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" пьесаларын қойды. "Отырар
сазы", "Сазген", "Адырна" сияқты ұжымдар халықтық музыканы қадірлеушілердің
лайықты ілтипатына бөленді.Тоқсанының жылдардың өнерінде бірқатар таңдаулы
есімдер пайда болды. Қ. Байбосыновтың, Қ. Ахмедияровтың, Ж. Кәрменовтің, А.
Мүсақожаеваның, Ж. Әубәкірованың, Е. Құрманғалиевтың, Н. Өскембаеваның
жарқын өнерлері ашыла түсті. Жетпісінші жылдары Қазақстанның кино
жасаушьшары шығармашылық дағдарыста болды. Бұл кезеңде экранға шығарылған
"Қала қалқаны", "Даладағы қуғын", "Алатаудың күміс тәжі", "Қан мен тер",
"Гауһартас" сияқты және басқа фильмдер жаттанды тақырыпты бағдарға алумен
бірге ұлттық ойлау мен режиссураның ескерілмеуінен сүреңсіздікке ұшырады.
Сексенінші жылдардың аяғында ұлттық киноға өзіндік көркемдік ойы және
идеялық принциптері бар кино жасаушылардың жаңа ұрпағы келіп қосылды.
Олардың қайсыбірінің жұмыстары шығармашьшық жаңашылдығымен және әлеуметтік
күйзелістерді шыншыл көрсетуімен ерекшеленіп, республика мәдени өмірінің
ерекше оқиғаларына айналды. Атап айтқанда, бұл режиссерлер С. Апырымовтың
"Соңғы аялдама", Т. Теменовтың "Адамдар арасындағы бөлтірік", Ф.
Мансұровтың "Бейбарыс сұлтан" фильмдері еді. О. Рымжановтың, С. Азимовтың,
В. Рерихтың өткір проблемаға, шыншылдыққа құрылған соңғы деректі кино
шығармалары ерекше туындылар болды.
ТАМЫЗ ТӨҢКЕРІСІ
1991 жылгы тамыздың 19-ында Кеңес Одағының радиостанциялары таң азаннан
КСРО-ның вице-президенті Г. И. Янаев, КСРО-ның премьер-министрі В. С.
Павлов және КСРО Қорғаныс министрі төрагасының бірінші орынбасары О. Д.
Бакланов қол қойған мәлімдемені жария етті. Мәлімдемеде денсаулығына
байланысты КСРО Президенті М. С. Горбачевтің міндетті қызметін атқаруға
мүмкіндігі жоқтықтан, Президенттің екілеттігі КСРО-ның вице-президенті Г.
И. Янаевтің қолына кешетіндігі жөнінде айтылды. Елді басқару мен төтенше
жағдайдың тәртібін тиімділікпен жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы мәні
Су алғыш құрылымдар түрлері мен топтары. Су алғыш құрылымдардың түрлерін таңдап оны өзен бойына орналастыратын жерді анықтау
Төтенше жағдайлар критерийлері
Сырдария
Өзен арнасын реттеу мақсаты және реттеу тәсілдері түрлері
Өзендердің қоректенуі
БАТЫС ТҮРІК ЖӘНЕ ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: сырғымалар, сел, тастың құлауы
Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау
Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері
Пәндер