Басты сот талқылауының қысқартылған тәртібі бойынша сот ісін жүргізудің қағидалары мен шарттарына сипаттама


Мазмұны:
Кіріспе . . .
Негізгі бөлім . . .
I тарау. Басты сот талқылауының қысқартылған тәртібі бойынша сот ісін жүргізудің қағидалары мен шарттарына сипаттама . . .
II тарау. Сот тергеуінің қысқартылған тәртібі- қылмыстық істі қараудың тиімді процедурасы . . .
III тарау. Қысқартылған тәртіптің шетел мемлекеттеріндегі өзге ерекшеліктері . . .
а) Ресей Федерациясы қылмыстық іс жүргізу заңындағы «Ерекше тәртіп» институтының орны . . .
б) «Кінәні мойындау туралы мәміле»- АҚШ- та қылмыстық сот тәжірибесіндегі тиімді модель . . .
IV тарау. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша қылмыстық істі сот талқылауында қысқартылған тәртіппен қарау мәселелері . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Мемлекет үшін адам құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылса [1, 4б. ], ал сот осы негізгі құндылықтарды қорғауға бағытталған. Сот билігі- бұл тек құқықтық қана емес, сонымен қатар қоғамдық құбылыс, яғни сот төрелігі әрбір азаматтың мінез- құлқының, заңды сыйлау және орындау қабілетінің және заңға қайшы әрекеттерге әділ шешімін бере отырып, қоғамдық қатынастардан туындап, құқықтық қатынастармен реттеледі.
Қылмыстарды жедел ашу, дәлелдемелерді анықтау және тексеру, кінәлі тұлғаны әшкерелеу және жазаға тарту немесе керісінше, кінәсіз тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту және соттауға жол бермеу мемлекеттің уәкілетті органдарын заң нормаларын қатаң қолдануды міндеттейді. Осыған негізделе отырып, қылмыстық іс жүргізу саясатының мынадай міндеттері бар:
− маңызы шамалы және орташа ауырлықтағы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау арқылы қылмыстық юстиция органдарының күшін және құралдарын үнемдеу;
− айыпталушыны (сотталушыны) қылмыстық қудалау органдарымен ынтымақтастыққа мәжбүрлеу және оның көмегімен қылмыстың басқа да қатысушыларын оқшаулау, жедел және аздаған шығындармен қылмысты ашу, оны жасаудың барлық мән-жайларын анықтау және т. б. ;
− қылмыс жасалған сәттен бастап соңғы қылмыс жасалған факті бойынша шешім қабылдауға дейінгі уақыттың арасын қысқарту;
− қылмыстық сот өндірісін рационализациялау, процестің ұзақтығын және неғұрлым тиімді ету [2, 56б. ] .
Мемлекетіміздегі құқықтық жүйенің − ондағы құқықтық қатынастардың туралануы, нақты қалыптасуын және белгілі бір шешімін табуы үшін сот ісін жүргізудің формалары зор маңызға ие.
Қылмыстық іс жүргізудің ұтымды процедуралары үшін іс жүргізушілік форманың мазмұнын қарастыру керек. Іс жүргізушілік форма- материалдық құқық нормаларын қолдану кезінде процесс субъектілерінің әрекеттерін жаңғырту үшін неғұрлым мақсаттылық тәртіптің талаптарын таңдаған заңмен анықталған заңдық модель (конструкция) .
Сондай-ақ, іс жүргізушілік форма қылмыстық іс жүргізудң мазмұнының және қалыптасуының әдісі болып табылады, сот ісін жүргізудің жеделдетілген және тиімді мақсаттарына жетуге көмектеседі. Профессор А. М. Лариннің пікірі бойынша, қылмыстық іс жүргізудің мақсаттары келсідегідей элементтермен сипатталады:
- іс бойынша шындықты анықтау;
- қылмыс жасаған тұлғаның кінәлілігін анықтау;
- кінәліні әділ жазаға тарту;
- кінәсіз тұлғаны ақтау;
- азаматтарға тәрбиелік әрекет көрсету [3, 184б. ] . М. Л. Якубтың пікірі бойынша, қылмыстық сот ісін жүргізудің формаларының дифференциациясына келесі факторлар әсер етеді:
а) заңмен көрсетілген қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі және жазаның ауырлық мөлшері;
ә) нақты, сондай- ақ құқықтық тарап ретінде шешілетін іс күрделілігінің дәрежесі;
б) істің қоғамдық- саяси мәні;
в) арнайы тұлғалардың, ұйымдардың мүдделері үшін қылмыстың маңызы [3, 189б. ] .
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастыққа белсенді түрде ыңғайланып келеді. Бұл яғни, демократиялық қоғамдастықтың жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес бағытталған мемлекетіміздегі құқықтық жүйенің нәтижесінен көрініс табады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу процесінде қылмыстық іс жүргізушілік форманың басты сот талқылауының үш түрі жіктеліп көрсетілген: жай, күрделі (алқа билердің қатысуымен жүргізілетін сот ісін жүргізу) және қысқартылған (сот талқылауы қысқартылған тәртіппен) [4, 25б] . Көрсетілген жіктеудегі форманың бірі − яғни, істің қысқартылған тәртіппен сотта талқылануы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 363-бабында көрсетілген.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің жолдауында азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту үшін сегіз бағытты айқындап көрсеткен. Соның бір бағыты − соттың ісін жеңілдету, қылмыстық істерді қарауды жеделдету, процеске қатысушылардың арасындағы шиеленісті шешу, сот ісін жүргізумен байланысты сот шығындарын азайтуды көздейтін сот ісін жүргізудің бір формасы − қысқартылған қылмыстық істі сотта қараудың тәртібі [5, 2б] . Жалпы, еліміздегі заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттары, соның ішінде қылмыстық іс жүргізу саласы бойынша Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының Концепциясы анықталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 20 қыркүйек 2002 жылы қабылдаған «Қазақстан Республикасының құқықтық Концепциясы туралы» Жарлығында былай деп көрсетілген: «қылмыстық іс жүргізу заңнамасы алдағы уақытта жетілдірілуге, нығайтылуға тиісті, яғни алқа билердің қатысуымен сот ісін жүргізу принциптерін іске асыру, сотқа дейінгі сатыларда қылмыстық істі қараудың және тергеудің қысқартылған және жеңілдетілген процедураларын қолдану, сот мәжілісінде қылмыстық істі қараудың қысқартылған тәртіппен жүргізілуін жүйелеу».
Демек, жоғарыда айтылған тұжырымдамалардан шығатын қорытынды- бүгінгі құқықтық жүйеде қылмыстық істі сотта қараудың қысқартылған тәртібінің кейбір қырларын ашу, теориялық талдау, практикалық сараптама жүргізу мен зерделеу. Сондай-ақ, осы жұмыстың басты тақырыбының негізі де осы болмақ. Сот талқылауының қысқартылған тәртібінің тарихына қысқаша тоқталып өтетін болсақ, осы жұмыстың өзегі болып табылатын істі сот тергеуінің қысқартылған тәртібінде қараудың мән- жайы ҚР ҚІЖК- нің 363- бабында көзделген. Аталған тәртіп жан жақты, толық зерттелмегенімен, сот ісін жүргізудің бұл тәртібі А. С. Нуралиеванның пікірінше, бұл жаңа өзгеріс емес. 1923 жылғы РСФСР ҚІЖК- нің 16 қазан 1924 жылғы редакциясы бойынша 282- бабында сот тергеуінің қысқартылған тәртібі қарастырылған. Осы бап, « Егер сотталушы айыптау қорытындысында баяндалған мән- жайлармен келіссе, оған дұрыс тағылған айыпты мойындаса және айғақтар берсе, сот алдағы сот тергеуін жүргізбей және тараптар жарыссөзін тыңдауға көшуі мүмкін » деп анықтайды.
Бірақ, қылмыстық сот ісін жүргізудің негіздерін қабылдау кезінде 1958 жылы ССР Кеңесі және одақтас республикалар заңнамаға жоғарыда аталған ережені енгізуден толығымен бас тартты. Мұндай норма одақтас республикалардың қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде және 1959 жылғы Қазақ ССР ҚІЖК- не енгізілмеді. Нур. дис. 117
Кейінгі уақыттарда әділ сот төрелігін жүзеге асыруға бағытталған түрлі реформалар жалғасын табуда. Соның бір бағыты ретінде дипломдық жұмыстың басты тақырыбы - қылмыстық істі басты сот талқылауында қысқартылған тәртіппен қарау [2] .
Аталған тақырыптағы жұмыс- кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қысқартылған тәртіппен қылмыстық істі сотта қарау дегеніміз- қылмыстық процеске және оның қатысушыларына сот ісімен байланысты тиімді жақтарын негіздей отырып, сот талқылауының қысқартылған тәртібінің басты белгілерін, шарттарын белгілей келе, заңға сәйкес ұтымды әрекеттерді жүзеге асырудағы қылмыстық іс жүргізу институты.
Сот тергеуін қысқартылған тәртіппен қараудың басты шарты - бірінші инстанциядағы сотта қылмыстық істерді жеделдетілген процедура бойынша шешудің құқықтық негізі болып табылмақ. Сонымен, басты сот талқылауының қысқартылған тәртібін қолданудағы негізгі талап- сот ісін жүргізудің тәртібі, сот алдына қойылған мәселелерді орындау үшін сотта істің мән-жайын жан-жақты, толық, объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормаларды басшылыққа алу деп санаймыз.
Осы институттың негізгі идеясы - соттың ісін жеңілдету, қылмыстық істі қарауды жеделдету, процеске қатысушылардың арасындағы шиеленісті шешу, сот ісін жүргізумен байланысты сот шығындарын азайтуды көздейтін жағдайларды ескере отырып, қазіргі қылмыстық іс жүргізу заңнамасына өз пікірін ұсыну және ұтымды өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында өз үлесін қосу.
Жұмыстың басты мақсаты- қылмыстық істі сотта қараудың қысқартылған тәртібінің кейбір қырларын ашу, теориялық талдау жасау, практикалық сараптама мен зерделеу жүргізу.
Негізгі бөлім
I тарау
Басты сот талқылауының қысқартылған тәртібі бойынша сот ісін жүргізудің қағидалары мен шарттарына сипаттама
Қоғамдық құқық бұзушылықтардың нәтижесінде белең алған қылмыстық істердің заңды және негізді, толық және обьективті қағидалар арқылы әділ шешілуі - тек соттың ғана шешімі негізінде көрініс береді. Осы орайда қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған қылмыскерлерді әшкерелеу және қылмыстық заңның дұрыс қолдануы туралы ережелер қатаң сақталуы тиіс. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудін заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтыры мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда- оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын-алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс (1) . Тергеу органдарымен толық, жан- жақты, обьективті зерттелен қылмыстық іс сотқа келіп түскеннен кейін іс бойынша заңды және негізді үкім шығару- сот сатыларында ақырғы маңызды саты. Біріншіден, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген, басты сот талқылауын бастауға мүмкіндік беретін нормаларға тоқталайық.
ҚР ҚІЖК- нің 299-бабына сәйкес, сот өзіне келіп түскен қылмыстық іс бойынша істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы төмендегі мәселелерді шешеді: 1. Бас сот талқылауын тағайындау туралы 2. Істі қосымша тергеуге қайтару туралы
3. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы
4. Істі сотталуы бойынша жіберу туралы
5. Істі тоқтату туралы 6. Қылмыстық істерді біріктіру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Осыдан келе, судья жоғарыда аталған шешімдерді қаулы нысанында шығарады, онда: 1) қаулы шығарылған уақыты мен жері 2) қаулы шығарған судьяның луазымы мен тегі 3) қабылданған шешімдердің негіздері мен мәні көрсетілуі тиіс.
Жалпы, судьямен қабылданған белгілі бір қаулы басты сот талқылауы сатысында белгілі бір дәрежедегі оның сапасын анықтайды. Басты сот талқылауына дайындық іс материалдарын толық, жан-жақты және обьективті зерттеуді қамтамасыз етуге, өз кезегінде заңды, негізді үкім шығаруға және де өзге шешім шығаруға арналған. Сот бұл сатыда істі сот талқылауында қарау үшін жетілікті негіздердің барлығын тексеруге міндетті.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, сот заң нормасында көзделген бір ғана шешімді қабылдауға құқылы, соған сәйкес, іс бойынша судья қаулы шығарады. ҚІЖК -нің 300-бабына сәйкес, судья сотқа келіп түскен іс бойынша анықтауға жататын мәселелердің оң немесе теріс жауабын табуы тиіс.
ҚІЖК-нің аталған бабының 3-тармағында мынадай мәселелер көрсетілген: анықтау және алдын-ала тергеу жүргізу кезінде сот мәжілісін тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуға жол берілген- берілмегендігін анықтау. Бұл деп отырғанымыз, ҚР ҚІЖК - нің ерекше бөліміне берілген түсіндірмеде төмендегідей жазылған: басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын мәнді бұзушылықтар деп, соттың басты сот талқылауын тағайындауда ұйымдастыру және тағайындау мүмкіндіктері және оның шегін анықтау кезінде жіберілетін қателіктер. Оған көбінесе келесілер жатады:
- мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысымен келісімін мазмұндамауы;
- айыпталушының сотқа берілмеуі;
- айыпталушыны сотқа беру туралы қаулыда айыпталушы ретінде жауапқа тартылған барлық тұлғалар толық көрсетілмей, соларға қатысты айыптау қорытындысы құрылса, сотқа берілмеген тұлғаларға қатысты қылмыстық ізге түсуді тоқтату туралы қаулы жоқ болуы;
- сотпен түзетуге келмейтін сотталушының анкеталық мәліметтерін толтыру кезінде жіберілген қателіктердің болуы;
- қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотқа берілген айыпталушының жазасын көздейтін ҚР ҚК - нің белгілі бір бабы, бөлімі, тармағы көрсетілмеуі;
- қылмыстық іс материалдарының несь туралы жоқ болуы;
- сотпен шеттетуге мүмкін болмайтын іс мәліметтерінің оладың толық зерттелуінің мүмкіндігінен айыратын тәсілмен орындалуы.
Жоғарыда аталғандар - қылмыстық іс жүргізу заңын өрескел бұзушылық, басты сот талқылауын тағайындау кезіндегі салдарлар болып табылады. Сонымен, тақырыптың басынан бері қозғалып келе жатқан бірінші мәселе, осы тараудың жалпы мазмұны- істі қысқартылған тәртіппен қарауда қылмыстық іс жүргізу қағидаларының және басты сот талқылауының жалпы шарттарының алатын орнында, олардың жалпы сипаттамасында. Қылмыстық іс жүргізудің негізгі, шешуші, орталық сатысы болып табылатын басты сот талқылауының сот процесінде алатын орны ерекше. Басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім үш жағдайда қабылданады: 1) істі алдын -ала тергеу кезінде қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген айыпталушы ретінде тартылған азаматтың құқықтары қамтамасыз етіліп, барлық талаптар сақталған жағдайда;
2) басты сот талқылауында істі қозғауда өзге салдарлардың болмауы;
3) қылмыстық іс жүргізу заңына қайшы құқық бұзушылықтар болмаған жағдайда. Қылмыстық іс жүргізу нормаларында басты сот талқылауының өзге сатыларға қарағанда, заңда бекітілген негізгі салмағы басым. Жоғарыда атап өткендей қылмыстық сот ісін жүргізуде негізгі, басты шешуші саты - басты сот талқылауы екені даусыз болып табылады. Басты сот талқылауының ерекшелігі жөнінде В. И. Радченконың пікіріне сәйкес былай делінген: «Сот талқылауы - қылмыстық іс жүргізудің негізгі, шешуші, орталық сатысын иелене отырып, соттың қылмыстық іс бойынша бірінші инстанциядағы келесі сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді: қылмыстың болған - болмағандығын, қылмысты жасағандығы жөнінде, айыталушының жеке басының және қоғамдық қауіптіліктің дәрежесін, құқықтық қайшылығын сипаттай келе, сотталушының кінәлілігі анықталады. Осы әрекеттердің нақтылығына көз жеткізу үшін қылмыстық істі жүргізу жан-жақты, толық, обьективті зерттеу әділ - соттылықтың принциптерін сақтай отырып жүзеге асырылады. Әсіресе, сот талқылауында қылмыстық сот ісін жүргізудегі азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауды мақсат қыла, сот билігінің басты функциялары шынайы және нақты жүргізіледі» [3] . Сонымен қатар, айыпталушының сотталушыға таққан айыбының мәнісін баяндау - қылмыстық істің негізгі "формуласы" болатын болса, мәселен, ол сот тергеуінен басталады. Қылмыстық істің шешуіне басты бағыттардың бірі болып, дәлелдемелер, жауап алу, айғақтар жататыны белгілі. Демек, сотталушы, жәбірленушіден жауап алу немесе (және) айғақтарын жария ету тергеу барысында жүргізіліп, іске тігілген тергеу іс-әрекеттері соттың жеке бағалауы бойынша процесте қайта зерттеледі.
Басты сот талқылауы сатысында қылмыстық сот ісін жүргізу институты ретінде ҚР ҚІЖК- нде бүгінгі таңда келелі мәселелердің бірі болып табылатын норма көрсетілген. ҚР ҚІЖК-нің 363-бабына сәйкес, істің қысқартылған тәртіппен сотта талқылануы көзделген. Қылмыстық істі қысқартылған тәртіппен сотта қарау мәселелері кезінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасының кейбір қағидалары өз ерекшеліктерін табады. Бұл- қылмыстық іс жүргізу нормасы сотқа жекелеген санаттағы қылмыстық істерді жеңілдетілген процедура бойынша шешудің құқықтық негіздерін белгілеген. Бап жалпы тәртіпке сәйкес, сот талқылауын жүргізбестен іс бойынша үкім шығару жөнінде қаулы қабылдауға құқық беретін негіздерді және шарттарды реттейді. Басты сот талқылауының жалпы шарттары ҚР қылмыстық іс жүргізу заңнамасында арнайы нормалармен мазмұндалып көрсетілген. Соттың, сот процесіне қатысатын басқа тұлғаның сотта іс қарау кезінде басшылыққа алатын әрекеттердің жалпы ережелері не принциптері - сотта іс қараудың жалпы шарттары ретінде де көрінеді. Басты сот талқылауының жалпы шарттарының мәні - оларды дұрыс қолдану, сот билігінің әділ өту, заңдық шешім шығару, іс бойынша обьективті шындықты анықтау сот билігінің демократиялық принциптерін сақтаудың кепілі.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің қағидалары қылмыстық іс жүргізу қатынастарын толық мазмұндайтын, қылмыстық іс жүргізу сферасында мемлекеттік саясатпен тығыз өзара байланыста және қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларына жалпы болып табылатын, қылмыстық іс жүргізудің өзге номаларымен қатынасы бойынша реттеушілік және қорғаушылық ықпал жасайтын қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасында құқық салаларының туындауына және бағытталуына негіз болып бекітілген.
Қылмыстық іс жүргізу қағидалары ҚР Конституциясына негізделе отырып, ҚР ҚІЖК - нде бекітілген. ҚР ҚІЖК - нің 9 - бабына сәйкес, қылмыстық процесс принциптерінің мәні мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында барлық құқыққа бірдей танылатын заңдылық қағидасынан бастау алатын принциптердің қатары көрсетілген.
Соттардың адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолдануға жататын немесе өзге де нормативтік құқытық акт адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп ұйғарса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және сол актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті ( ҚР ҚІЖК- нің 10- б. 2- б. ) . Сондықтан да соттың және өзге органдардың қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде ҚР Конституциясының, осы Кодекстің 1- бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті деп, ҚР ҚІЖК - нің 10 - бабы 1- бөлімінде айтылып кеткен. Соттың заңсыз әрекеттері жауаптылыққа, заңсыздыққа әкеліп соғады және де олардың шығарылған заңсыз актілері жарамсыз деп танылып, заңды күшін жояды. Істі қысқартылған тәртіппен қарау барысында және сот талқылауының жалпы тәртібінде де заңдылық принципі қатаң сақталуы тиіс.
Сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыру қағидасы өзінің нормативтік мазмұндығын ҚР Конституцисында қалыптастырған. Судья бірден бір сот билігі орган бола отырып, қылмыстық істер бойынша әділ сотты жүзеге асырады (ҚІЖК- нің 57- бабы) . Сот билігінің иесі бола отырып, оның өкілеттігі заңмен айқындалады. Ешкім де жасалған қылмыс бойынша ҚР ҚІЖК- нде бекітілген тәртіппен шығарылатын соттың үкімінсіз кінәлі деп танылып, қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиісті емес. Заңға сәйкес республика аумағында өзге де төтенше немесе арнаулы соттар құруға жол берілмейді. Тең дәрежеде ешбір орган сот төрелігін жүзеге асыруды өкілеттігіне ауға құқығы жоқ. Сот шешімі шығарылғаннан кейін өз сипаты бойынша әрекет етеді. Демек, ол зңды күшіне енді дегенді білдіреді және оның орындалуына кез- келген мемлекеттік органның ешбір қосымша шешімдері талап етілмейді. Заңды күшіне енген сот үкімі преюдициалдықтың жиынтығын иемденеді. Қылмыстық іс бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі, басқа да шешімдері анықталған мән- жайларға, олардың құқықтық бағалауына да қатысты барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар үшін міндетті. Аталған Кодекстің 11- бабы 3- бөліміне сәйкес, соттың құзіреті, оның заңды құқығының шегі, оның қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыру тәртібі заңмен айқындалады және өз бетінше өзгертуге болмайды.
Адам мен азаматтың құқытары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау; жеке адамның абыройымен қадір қасиетін қорғау; адамның жеке басына тиіспеушілік; Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және өзге де, Конституцияда бекітілген қағидалардың қатаң сақталуы сот ісінің заңды, негізді, әділ жүргізілуіне көмектеседі.
ҚР Конституциясының 1- бабында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, өмірі мен денсаулығы- басты құндылық деп белгіленді. Қылмыстық іс бойынша қылмысқа қатысушы тұлғалардың абыройын төмендететін, қадір- қасиетін кемсітетін немесе өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төндіретін әрекеттер мен шешімдерге тыйым салынады. Қадір- қасиет пен абырой тұлғаның әлеуметтік статусының маңызды элеметі болып табылады. Абырой- оның кіршіксіз беделі болса, қадір- қасиет- тұлғаның жоғары моральдық сапасының жиынтығы, сондай- ақ, өз- өзіне сыйластықты білдіреді [Гриненко, Уг. пр. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz