Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынас ерекшеліктері мен негізгі формалары


Мазмұны
Кіріспе3
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰРДАСТАРЫ МЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНА АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЫҚПАЛЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ7
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері мен негізгі формалары7
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастарымен қарым-қатынасының дамуына жанұялық тәрбие стилінің әсері27
2. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰРДАСТАРЫ МЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНА АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЫҚПАЛЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ40
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын, тәрбие ықпалын зерттеуге арналған әдістемелердің сипаттамасы40
2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын, тәрбие ықпалын зерттеудің сандық және сапалық талдауы45
ҚОРЫТЫНДЫ67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ69
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі : жас сәби шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әр адамның өзіндік, қайталанбас психологиялық өмірбаяны басталады. Қоршаған ортаны танып білуге көмек беріп, сүйеніш, қамқоршы болатын оның өз ұясы, жақын туыстары. Баланың ана мейірімін сезінбеуі оның келешектегі ақыл-ой дамуына кенжелеп қалуымен мінез-құлқының нашар болуының негізін қалайды. Отбасында бала үлкендерге еліктеуді үйренеді, өмірге қажет тәрбие жинақтайды. Отбасының балаға ықпалы өзіндік ерекшелігімен көзге түседі, бала өз үйінде ғана шын мәнінде еркін сезінеді, дамиды, ойнайды, ересектерден жылы сөз, мейірім күтеді. Басқа жерде байқала бермейтін шығармашылық ойлау қасиеттерінің бойына сіңіруіне үй іші қарым-қатынасының ықпалы өлшеусіз маңызды.
Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық творчестволық қабілеттерінің қалыптасуына жанұя, жанұялық қарым-қатынас, жанұяның психологиялық ахуалы, тәрбиелеу стилінің маңызы зор екенін естен шығармаған жөн. Бір ортада өскен, бір әке, бір шешеден туған балалардың өзара бір-бірінен тұлғаның саналарымен қатар шығармашылық қабілет икемділіктері табиғат жағынан да бір-бірінен ерекшеленеді.
Баланың дүниеге келгендегі бірінші көретін ата-анасы, жанұясы. Оның әлеуметтік ортасы бала дамуына жан-жақты әсер етеді. Өйткені, әрбір отбасының мүшесі дара тұлға болғандықтан бір-бірінің дамуына едәуір ықпал жасайды. Әсіресе жанұяда ересектердің арасында жалғыз өзі тәрбиеленіп, балабақшаға бармайтын бала өзімен құралпас балалармен қарым-қатынасты қатты қажетсінеді. Олар үшін жырақ жерде құралпас балалармен қарым-қатынас орнату үлкен ресмилікті қажет етеді. Бала қарсыласының «мінез-құлқымен» санасып барып онымен қарым-қатынас орнату керек болады. Баланың өзімен құралпас балалармен қарым-қатынасты қалай орнатқанына байланысты оның болашақ қоғамдағы адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Қолымызда бар деректер балалардың өзімен құралпас балалардың қарым-қатынасы туралы ерекшеліктерді қарастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу мәселесін жан-жақты талдау осы мәселенің теориясы мен тәжірибесін қарастыруда ғалымдардың елеулі үлес қосқанын көрсетеді. Сонымен қатар бүгінгі күні балалардың отбасындағы тәрбиесі, қоғамның ықпалы мәселелері бойынша арнайы жүргізілген зерттеулердің аз екенін атап көрсетеміз. Тәжірибедегі қажеттілік ғылым мен қоғам талаптарынан анағұрлым алға кетті. Қазіргі қоғамның дені сау ұрпақ, тәрбиенің құндылығын ұғынуға зәрулігі мен теориялық негіздеме және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеудің болмауы арасында өткір қарама-қайшылық туындап отыр.
Анықталынған қарама-қайшылық диплом жұмысын зерттеудің негізгі мәселесін: қазіргі ата-ана мен бала тәрбиесіне қарым-қатынасының қандай екені зерттеудің қажеттілігі көрсетеді.
Мәселенің психологиялық-педагогикалық маңыздылығы мен оның мектеп теориясы және тәжірибесінде қарастырылуының жеткіліксіздігі зерттеу тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастары мен қарым-қатынасына ата-аналарының тәрбие ықпалын зерттеу » деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты : жанұялық тәрбие стилінің мектеп жасына дейінгі балалардың бойында қарым-қатынас қабілетінің дамуына әсерін психологиялық зерттеу.
Зерттеудің нысаны : мектепке дейінгі жастағы балалардың құрдастары мен қарым-қатынасына ата-аналарының тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні : мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастары мен қарым-қатынасына ата-аналарының тәрбиесінің негізгі формалары мен ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің болжамы : мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас қабілетінің қалыптасып дамуы жанұялық қарым-қатынаспен тәрбие стилінің ерекшеліктеріне тікелей тәуелді болады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларға ата-ана тәрбиесін анықтауға байланысты жазба жұмыстар мен, әдебиеттері мен танысу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастары мен қарым-қатынасына ата-аналарының тәрбие стилін теория жүзінде қарастыру;
- мектепке дейінгі жастағы балаларға ата-аналарының тәрбие стилін зерттеуге тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері : отбасы ұғымына анықтама беру, отбасындағы тәрбие ықпалын анықтау, оның атқаратын қызметін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселелерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Соған байланысты Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Д. Денсанның, М. И. Лисинаның, Г. М. Андрееваның, З. М. Богусловскаяның, Б. О. Смирнованың көзқарастары қарастырылды. Баланың құрдастары мен өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін қарастыруда А. В. Запорожецтің ерекшеліктерін қарастыруда А. В. Запорожецтің, Я. М. Коломинскийдің, Т. А. Режинаның, В. С. Мухинаның және ғалымдардың ойлары негізге алынды.
Зерттеу әдістері:
1. Ата-ана бала қарым-қатынасының сұрақнама тесті(А. Я. Варга, В. В. Столин) ; 2. Рене Жиля әдістемесі; 3. Проективті интервью. 4. Жанұя суреті; 5. Үй-Ағаш-Адам тесті; 6. Қазақтың ұлттық ойындары
Зерттеу кезеңдері: Зерттеу жұмысы үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбы таңдалып, оны теориялық тұрғыда саналы ұғыну жүзеге асырылды; зерттеудің мақсаты мен міндеті құрылды; зерттеудің жұмыс болжамы құрастырылды; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдіснамалық және оқу әдістемелік әдебиеттер зерттелінді және талданды. Аталынған кезеңде констатациялық эксперимент жүргізілді.
Екінші кезеңінде зерттеу тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүзеге асырылды;
Үшінші кезеңде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтежелеріне талдау жүргізілді, зерттеу нәтежелері жалпыланды, тұжырым жасалды, зерттеу нәтежелері жалпыланды, тұжырым жасалды, зерттеу нәтежелері көрнекі графикалық түрде безендірілді.
Зерттеудің практикалық базасы: мектеп жасына дейінгі балалары бар 15 жанұя
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: қазіргі заманда адам өмірінде аса маңыздысы ол тәрбие болып табылады. Сол себепті ата-ана мен бала арасындағы қатынасты зерттеу барысында яғни әрбір ата-ана балаға 100%-ды дұрыс тәрбие бере алмайтынын анықтадық. Сондықтан бала кейбір жағдайларда мазасызданады яғни өзіндік бағалаулары төмендейді.
Бұл жұмыстың көмегімен мектепке дейінгі жастағы балалардың құрдастары мен қарым-қатынасына және ата-аналарымен арадағы қарым-қатынасқа тәрбие стилінің әсері бар.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы : қазіргі кезде отбасы мәселелерінің арасында ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасында орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастары мен қарым-қатынасына ата-аналарының тәрбие ықпалын зерттеу» деп анықтадық.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰРДАСТАРЫ МЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНА АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЫҚПАЛЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері мен негізгі формалары
ХХ ғасырдың ортасында дүниенің әр түкпірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамамен бір уақытта пайда болып тарала бастады.
Мұндай зерттеулердің ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты еңбектер ерекше орын алады. Ғылымда мектеп жасына дейінгі балалар психикасының дамуындағы қарым-қатынас аса маңызды фактор ретінде тағайындалған.
Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы [1] .
С. И. Ожегов сөздігінде қарым-қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы анықталады. Нақты әлеуметтанулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Сонымен қатар қарым-қатынас контексінде өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырылады. Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтену, этика, психолингвистика - осы сияқты, әр саладағы ғылымдар әр жақты зерттейді [4] . Мысалы, Л. П. Буева [28] іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты, сонымен қатар өзбетті деп тұжырымдайды, М. С. Каган [6] қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрылым мен атрибутына тән деп қарастырады, М. В. Соковин [5] адамның қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет, қатынас, өзара түсіну және өзара әсер ретінде қарастырады.
Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде өзекті мәселе болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым-қатынасқа анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.
«Қарым-қатынас» ұғымының көп анықтамаларының арасында біз «коммуникативті іс-әрекет» ұғымымен синоним деп қарастыратын (А. Н. Леонтьев [8], М. И. Лисина [13], Х. Т. Шерьязданова, Б. М. Ломов [12], Д. А. Исмаилова, Ж. А. Абишева және т. б. ) позицияларына жүгініп, М. И. Лисинаның [15] анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас деп екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз. Олай болса, біз зерттеуімізде қарым-қатынастың мазмұнды жағына іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына, 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас байланысын анықтауға, балалардың қарым-қатынас қажеттілігі мен мотивтерін анықтауға баса назар аудардық. А. Н. Леонтьев іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А. Н. Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы [8] . Б. Г. Ананьевтің, А. А. Бодалевтің [39] коммуникативтік әрекет жайлы ілімдер біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі болды.
Ал отандық ғалым С. М. Жақыпов бүтіндей оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі және оқытушы мен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетті тиімділік критериі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, қарым-қатынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісіне жетекшілік жасау мүмкіндігі пайда болатындығы дәлелденеді.
Б. Г. Ананьев, А. А. Бодалев концепциялары қарым-қатынаста «субъект-субъект» жазықтығында қарастыруды негіздейді, басқаша айтқанда оқу-тәрбие үрдісіндегі ұйымдастырылатын қарым-қатынас тең позициялы түрде жүргізу басты мәселе болады. Осы тұрғыда қарым-қатынасты жетілдірудің өзі баланы коммуникативті қарым-қатынастың субъектісі ретінде қарау, тану, дамыту қажет болады.
Қарым-қатынас мәселесін талдауда оның құрылымдық компоненттерін анықтап алу зерттеуге арқау болатынын білдік. Бұл мәселені 1977 ж. В. В. Давыдов көтергенді. Г. М. Андреева, П. Яноушек зерттеулерінде қарым-қатынас мақсат-бағдарлы, индивидтердің бір-бірін қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп іс-әрекет жасауы және ақпарат алмасу үрдісі деп қарастырылады.
Балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасауы әртүрлі ғылыми позициядан түсіндіріледі. Сол кезден бүгінге дейін «балалар мен ересектер» жүйесіндегі қарым-қатынас «бала-балалар» жүйесіндегі зерттеулерден көш ілгері және жан-жақты қарастырылған.
Балалардың 7 жасқа дейінгі кезеңдегі қарым-қатынас сферасының ерекшеліктері мен дамуын эксперимент түрінде зерттеу және теориялық тұрғыдан жалпылау үшін А. В. Запорожец жетекшілігімен педагогика ғылымдары академиясының жанындағы жалпы және педагогикалық психология ғылыми-зерттеу институтында арнайы лаборатория ашылды. Бұл кеңестік ғалымдардың қарым-қатынас механизмдері мен оның өзгеріп, даму, жетілу жағдайлары философтар мен социологтардың М. С. Каган, Д. Б. Парыгин, И. С. Кон [37], психолингвистердің (А. Н. Леонтьев [8], әлеуметтік психология (Б. Ф. Поршнев, Г. М. Андреева, жас ерекшелік және бала психологиясы (В. С. Мухина, Я. Л. Коломинский, педагогикалық психология (В. А. Кан-Калик саласындағы мамандардың зерттеу пәніне айналды.
Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрылымдық компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында Г. М. Андрееваның қарым-қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне жүгіндік. Ол қарым-қатынасты бір-бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативтілік, интерактивтілік және перцептивтілік. Коммуникативті жағы мәлімет беру-алмасу мәселесімен анықталады; интерактивті жақтың мәні қарым-қатынас жасаушы жұптастардың өзара әрекеттестігінде болады, ал перцептивті компонент - адамдардың бірін-бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты ғана екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның 3 жағы да көрінетіндігін дәлелдейді. Біздің зерттеуімізде осы позицияны арқалана отырып, балалардың ересектермен, басқа балалармен қарым-қатынас жасауын зерттеуде коммуникация, интеракция және перцепция ерекшеліктерін дамытуды алға қойды. Бұл контексте қарым-қатынастың теориялық негізіне іс-әрекеттің құрылымы жайлы түсінікті қабылдаймыз. Біз балалардың қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет деп қарастыратын А. Н. Леонтьев [8], М. И. Лисина [15] концепцияларына сүйенеміз. Сонда қарым-қатынастың құрылымын анықтайтын коммуникация, интеракция және перцепция коммуникативті іс-әрекет деп қарастырылады.
Әдебиеттерде қарым-қатынастың пәні, қарым-қатынасты жүзеге асыруды қажетсіну, қарым-қатынас құрудағы мотивтер, қарым-қатынас әрекеті, міндеттері, құралдары мен нәтижесі де қарым-қатынас элементтері ретінде қарастырылады. Біз олардың әрқайсысын жекелей айқындадық.
Мұнда Т. В. Драгунова бойынша қарым-қатынастың пәні қарым-қатынасқа субъект рөлінде болатын басқа адам, яғни қарым-қатынас жасаудағы жұптас адам болады.
Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғалымдардың көпшілігі (А. Г. Ковалев, М. И. Лисина, А. В. Петровский, К. Обуховский, В. С. Мусина, В. С. Мухина және т. б. ) адамдардың қарым-қатынасты жүзеге асыруда қажетсіну, басқа адамды танып-білуге ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктерін тағайындаған.
М. И. Лисина, А. Г. Рузская, С. Ю. Мещерякова, және т. б. еңбектерінде қарым-қатынас мотиві «затталған қажеттілік» деген А. Н. Леонтьев түсіндірмесіне негізделіп, адамның қарым-қатынаста танымдық іскерлік және жеке бас мотивтері болатындығы, баланың коммуникативтілік мотивтерінің топтары мен генезисі сипатталады.
Психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі. (А. А. Леонтьев)
М. И. Лисинаның қарым-қатынас құралдарының үш тобын экспрессивті-мимикалық, заттық-әрекеттік және тілдік құралдарына бөліп қарастыруы біздің зерттеуіміз үшін де маңызды.
Қарым-қатынас құралдарын қолданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де талдау жасалды. Қарым-қатынас тәсілі оның бірлігі деп танылады. Әдебиеттерде қарым-қатынас тәсілі әрекеттік формада «коммуникациялық біліктілік» (Т. В. Антонова), әсер ету, реттеу, байланыс жасау, ақпарат беру тәсілдері (Е. Г. Макарова), жалпы нәтиже алуды қамтамасыз етуге бағытталған әсерлер жүйесі, әдіс пен амалдар жиынтығы (Д. А. Исмаилова, Ж. С. Абшиева), ретінде анықталады. Ал А. А. Бодалев қарым-қатынас әсер ету тәсілдерін интеллектуалдық эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі. Біздің зерттеу аспектімізде қарым-қатынас тәсілдерін жетілдіру ең негізгі мәселе болып табылады.
Қарым-қатынас анықтамасындағы (М. И. Лисина бойынша) оның жалпы нәтижесі ретінде қарым-қатынастың шығатын материалдық және рухани сипаттағы құрылым алынды. Нақтыласақ жалпы нәтиже - өзара қатынас (Я. Л. Коломинский, таңдамалы бауырластық (С. В. Корницкая, Р. А. Смирнова), қарым-қатынас субъектілерінің бейнесі (А. А. Бодалев, Н. Н. Авдеева, А. Н. Силвестру) деп қарастырылады.
Әдебиеттерге талдау жасай отырып қарым-қатынас механизмдерін қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсінікті сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В. С. Агеев, А. А. Бодалев сынды ғалымдар топ ішіндегі және өзара қарым-қатынастың механизмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия, стереотипизация, каузалды атрибуция, ореол эффектісін жатқызады.
Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде интегралды, тұтас құрылым пайда болады. Ол коммуникативті іс-әрекеттің даму деңгейін анықтайды. А. В. Запорожец, М. И. Лисина бұл ерекше құрылымдарды «қарым-қатынас онтогенезінің сатылары», «қарым-қатынас формалары» деп атаған. Біздің зерттеуде осы тұжырымдарға сүйенеміз.
Ал М. И. Бобнева қарым-қатынас барысында жеке адамның ішкі жан дүниесі қалыптасатындығын қарым-қатынас формаларын зерттеу арқылы көз жеткізген. Көп ретте қарым-қатынас жайлы қарастырғанда «қарым-қатынас стилі» деген ұғым да анықталынады, «қарым-қатынас стилі» деп адамдардың байланыс жасау тактикасын, не болмаса позициясын айтады [17] .
В. С. Мухина қарым-қатынас стилін «әлеуметтік» психологиялық әсер етудің дара - типологиялық ерекшелігі деп түсіндіреді. 1930-шы жылдары Н. Левин үш стилін ұсынған. Осыдан соң Р. Липпит, К. Уйтд қарым-қатынас стилінің авторитарлық, демократиялық және либералды - босаң деген классификациясын жасаған еді. Қазірде Г. Андерсон, А. А. Бодалев, Р. С. Буре, И. М. Юсупова, т. б. ғалымдар қарым-қатынас стилінің классификацияларын ғылыми қорда берген [21] .
Біздің зерттеу жұмысымызда 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасындағы стиль ұғымын, ересектердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға психологиялық әсері, ықпалы деп тағайындаймыз.
Кезі келгенде авторитарлық, демократиялық және либералды-босаң стильдерге арнайы тоқталамыз.
Қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары, формалары, стилдері мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынастарын жетілдіру, коррекциялау мәселелері үшін аса мәнді деп санаймыз.
Балалармен жүргізілетін зерттеу, әсіресе диагностикалық жұмыс, олармен қарым-қатынас саласында профилактикаға және коррекцияға негіз болатындығымен маңызды. Осыған орай педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде балалардың қарым-қатынасын анықтау әдістемелерінің тиімді түрлері жасалынған. Біз зерттеу барысында мұндай еңбектерді талдай отырып, 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынасын айқындау мақсатында жасалынған әдістемелерді бірнеше топқа бөлді. Баланың коммуникативті іс-әрекетінің тиімділігін оның жеке бас, когнитивті қасиеттерімен байланыстырып, осы қасиеттерді зерттеп, бағалауға мүмкіндік беретін әдістемелер жасалынды.
1. Әртүрлі қарым-қатынас жағдайларын талдауға негізделген зерттеу тәсілдерінің тобы белгілі. Мұнда қарым-қатынас жағдайы экспериментатор вербалды түрде немесе көрнекі құралдар көмегімен жасайды. Қарым-қатынас жағдайын талдау әдістемелері балалардың жас және даралық ерекшелігін, әлеуметтік ортасын және қарым-қатынас сферасын ескеруге мүмкіндік береді.
2. Қазіргі кезде нақты қарым-қатынас жағдайын талдау әдістерін диагностикалық мақсатта қолданудың өрісі кеңейген. Мұнда қарым-қатынас субъектілерінің коммуникативтілік біліктіліктерін тиімді қолдана алуын анықтау мүмкіндігі бар.
Осы тұжырымдар негізінен зерттеу жұмысымызға арқау болды.
Сонымен, қарым-қатынас категориясын сипаттайтын қарым-қатынастың қажеттілігі, мотивтері, формалары, тәсілдері, стильдері-интегралды.
Ғылымда қарым-қатынастың деңгейлері де қарастырылады. Б. Ф. Ломов үш - макродеңгей, мезадеңгей және микродеңгейді сипаттайды.
Макродеңгей индивид басқа адамдармен қалыптасқан қоғамдағы қатынастарға, дәстүрге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді.
Мезадеңгей тақырып мазмұнымен анықталады.
Микродеңгей - мазмұны және сыртқы көрсеткіштері (сұрақ-жауап, ым-ишара т. б. ) арқылы көрінетін контактілік байланыс.
А. Б. Добрович қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетті реттейтін, таным мен сананы қалыптастырудың құралы болады деп анықтайды да, қарым-қатынастың конвенционалды, қарапайым, манипуляциялық, стандартты, іскерлік, ойын рухани деңгейлерін бөліп көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz