Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі


МАЗМҰНЫ
1. 3 Болашақ мұғалімдерді мектеп жасындағы қыздарды халық педагогикасы арқылы тәрбиелеуге даярлаудың
жағдайы . . .
- Болашақ мұғалімдерді қыздарға тәрбие беруге даярлаудың педагогикалық жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие . . .
- Болашақ мұғалімдерді оқушы қыздарға қазақтың халықпедагогикасы арқылы тәрбие беруге даярлаудың мазмұны менәдістемесі . . .
- Болашақ мүғалімдерді қыз баласына тәрбие беруге даярлаудағы тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ халқының көне дәуірден сақталып келе жатқан ұлттық тәрбиесі және оларды қазіргі таңда зор қоғамдық мәнге ие болып отырған мектепте қыздар тәрбиесін ұйымдастыру барысында пайдалану, сонымен қатар болашақ мұғалімдердің даярлық процесінде көмегі мол. Осыған байланысты бүгінгі мектеп мұғалімінің қыздарды тәрбиелеудің жаңа жолдарын іздестіріп, іс жүзіне асыру міндеті қойылады. Ал оны шешудің құнды педагогикалық құралы қыздар тәрбиесінде халық педагогикасы материалдарын ой елегінен өткізіп пайдалану талаптарын қояды.
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып, қоғам өміріндегі ізгілендіру мен демократияландыру процестерінің жағдайында үздіксіз білім беру жүйесінің барлық кезеңдеріне қазақ халық педагогикасын ендіру көкейкесті проблемалардың біріне айналып отыр. Себебі халық педагогикасы - ғасырлар бойы елекген өткен тәрбие мәйегі. Ел Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына Жолдауының 4-ші ұзақ мерзімді басымдығында («Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты») : «Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейте түсуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін аландамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет», - деген болатын [1, 3 б. ] .
Ұстаз - қоғамның болашағын жасаушы. Мемлекеттің дүние жүзілік деңгейде шоқтығының биік болуы мұғалім еңбегінің тікелей көрінісі, сондықтан мектептегі педагогикалық процестің жоғары дәрежеде болуы мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығына байланысты. Педагогика тарихында ұлттық мектептің ғылыми негізін салушы ретінде ұлы педагогтар Я. А. Коменский, Ф. А. Дистервег, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский [2, 3, 4, 5] саналса, ал ұлттық мектептің негізін қалап, оған мұғалімдерді даярлау құралы қазақтың ағартушы-педагогтарының Ы. Алтынсарин, М. Дулатов, Ж . Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. О. Әуезов, Х. Досмұхамедов т. б. маңызды ой-пікірлері қазіргі кезде де жалғасын табуда [6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15] . Мұғалім жеке басының рухани келбеті, жоғары кәсіби сапалары, әлеуметтік белсенділігі этнопедагогикалық даярлығы дәрежесімен ерекшеленеді деп есептейміз. Демек, халықтың құнды педагогикалық идеясын қыздарды тәрбиелеуге болашақ мұғалімдерді даярлауды кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Ұлттық мектепте қыздарға тәрбие беру ісін болашақ мұғалімдердің жүйелі педагогикалық білім негізіндегі кәсіби даярлығынсыз жүзеге асыру мүмкін емес, ол ең алдымен, болашақ ұстаздардан теориялық тұрғыда терең педагогикалық білімді меңгеруді қажет етеді. Қазіргі кездегі мектептің дамуы мұғалімдердің кәсіби қалыптасуы төңірегіндегі мәселелерді зерттеумен анықталады. Маман мұғалімдер даярлау мәселесі қай кезенде болмасын педагогика ғылымы мен практикасында алдыңғы орында болып келген.
Осы тұрғыда қазақ этнопедагогикасы ғылымы мен болашақ
мүғалімдерді ұлттық тәрбиеге даярлаудың негізін жасағандар
Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Ж. Ж. Наурызбай, К. Қожахметова, М. Балтабаев, I. Халитова, Ә. Табылдиев, ЖАсанов, Қ. Бөлеев, Р. Дүйсембінова, Р. Төлеубекова, Т. Әлсатов, С. Ғаббасов, т. б. педагог - ғалымдар ұлестерін қосты [16-17, 18-20, 21-25, 26, 27, 28, 29, 30-31, 32, 33, 34, 35, 36-37, 38] .Халқымыз әйел - ана дүниеге тіршілік әкелуші, барша тіршіліктің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, оған көңілінің төрінен орын беріп, ардақтап аялаған. Өйткені әйел-ана әрбір үйдің отбасының алтын діңгегі, ажары, шамшырағы, берекесі. Сондықтан да, қазақ халқы негізгі байлықтың бірі, негізгі даудың бірі - жесір дауы, ағайын бірлігінің тұтқасы - әйел деп есептеген.
Әйел-ана тағдырын ойланбаған, бұл тақырыпты өз еңбектеріне арқау етіп қалам тартпаған не ақын, не жазушы, не ғалым жоқ.
Қоғамдағы әйел мәселесі, қыз тағдыры әр салада зерттеліп өз орнын таба білді: философиялық тұрғыдан - В. Н. Лупанов, Н. Н. Семке, К. А. Ганиев, О. М. Вовенко, Л. И. Цыганкова, т. б. ; саяси жағынан - Л. И. Швецова, Е. ИАржиловская, Г. А. Алтынбекова, т. б. ; әлеуметтік қырынан - Н. Шеденова, Н. АТрошева, Д. ААбусаидова; заң тұрғысынан - Ш. Е. Құрманбекова; филологиялық тұрғыдан АӘ. Кенжебаева, Қ. Жарылқап, З. Сағыбай, Қ. Ә. Жанатаев[39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54] .
Қыз бала үшін адамгершілік талғамдар мен әдеп-дағдылар, яғни жеке бастың қалыптасуының барлық әлеуметтік-психологиялық негіздері отбасында қалыптасады. Демек, отбасылық шарттарын, мүмкіндіктерін қарастырмай, тәрбие процесінде оң нәтижелерге жету мүмкін еместігіне көз жеткізіп, оның тәлім-тәрбие алуда атқаратын педагогикалық негіздерін көрсету бүгінгі өмір үшін өте қажет. Отбасылық тәрбие мәселесін АС. Макаренко, А. В. Петровский, В. Дружинин, Маргарет Мид және тағы басқалалар еңбектерінде терең және тиянақты зерттеген.
Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге даярлауға Н. С. Верещагина, З. Ө. Жантекеева, Ж. Сакенов, Б. Ж. Құлжанова және тағы басқалардың зерттеулері арналды.
Соңғы кездері Қазақстан Республикасы ғалымдарының қыздар тәрбиесі саласындағы ғылыми-педагогикалық зерттеулерін бірнеше топқа біріктіруге болады: ғылыми еңбектердің бірқатары қазақ қыздарының тәрбие және білім алу мәселесіне арналса (К. Садвакасова, М. Қозғамбаева, К. Қүнантаева, Ш. Жалғасова) [64-68, 69, 70, 71] ; енді бірқатары қыз-тәрбиесіндегі адамгершілік-жыныстық тәрбие мәселелеріне (И. Қарақұлов, З. Ө. Жантекеева, А, Кисымова, А, ААманжолова, З. Мейірханова) [72, 73, 74, 75, 76], халық педагогикасындағы қыздар тәрбиесі мәселесіне (АЕ. Дайрабаева, Ж. Б. Сәдірмекова, Л. С. Сырымбетова, Д. С. Қүсайынова) [77, 78, 79, 80], тәртібі нашар қыздарды қайта тәрбиелеу мәселесіне (Р. К. Мамбетова) [81] көңіл бөліп зерттелген.
Жоғарыда аталған еңбектердің талдауы көрсеткеніндей, бұлардың барлығы дерлік жалпы білім беретін орта мектептегі қыз тәрбиесінің теориялық негіздерін, мазмүнын, әдіс-тәсіддерін, ұйымдастыру формаларын, сабақ, сабақтан тыс жүмыстарды жүргізу, отбасымен жүмыс түрлерін қарастырып, тәрбие міндеттерін шешуге көңіл бөлген. Дей түрғанмен, бұл міндеттердің орындалуы мектеп мүғалімдеріне жүктелгендіктен, педагогтың кәсіби даярлығын бүгінгі қоғамның талабына сай, жаңа мектепке лайықты, жаңа мүғалімді қалыптастыру қажеттігі туындайды. Ал, бұл жоғары оқу орнындағы педагогикалық процесті жаңартуды керек етеді, ягни студенттердің меңгеретін теориялық және практикалық білімін мектепте қыз тәрбиесін ұйымдастырудың іскерліктеріне болашақ мүғалімдерді арнайы даярлау керектігін нүсқайды.
Болашақ мүғалімнің мектепте қыз бала тәрбиесін жүзеге асыруға әзірлігі - кәсіби даярлықтың аса маңызды бөліктерінің бірі. Осыған байланысты қыз тәрбиесін жан-жақты ұйымдастыруға болашақ мүғалімнің әзірлік деңгейі жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінің сапасына тікелей тәуелді болып табылады. Демек, болашақ мүғалімді оқу-тәрбие процесінде қыз баланы тәрбиелеуге даярлауды жоғары оқу орнындағы түтас педагогикалық процесті жетілдірудің бір бағыты ретінде қарастыру қажет.
Сонда да қазақ халық педагогикасы мүраларының қүндылықтары арқылы қыз тәрбиесі мәселесіне арналған ғылыми зерттеулер мен ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау негізінде болашақ мүғалімдерді қыз тәрбиесш ұйымдастыруда халықтық педағоғиканың қүндылықтары негізінде тәрбиелеу проблемасы назардан тыс қалып отырғанына көз жеткіздік.
Бұл, бір жағынан мектеп мүғалімдерінің және болашақ
мүғалімдердің қыз тәрбиесін ұйымдастыру жайлы білімінің
жеткіліксіздігі болса, екінші жағынан, қыздарды тәрбиелеуге
студенттерді даярлауда бұл мәселенің ғылыми-әдістемелік
үсыныстардың аздығының арасында қарама-қайшылықтарды негізге ала отырып, қыздар тәрбиесінде жалпы адамзаттық құндылықтарының тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануға студенттердің кәсіби даярлығын қамтамасыз ететін идеялар зерттеу проблемамызды айқындап, тақырыпты «Мектеп жасындағы қыздар тәрбиесінде халық педагогикасының мүмкіндіктерін пайдалану жолдары» деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеу нысанасы: Педагогтік мамандықтар даярлайтын жоғары оқу орындары жағдайында студенттерді тәрбие жүмысына даярлау процесі.
Зерттеу пәні: Қыз тәрбиесінде халық педагогикасы материал-дарын пайдалануға болашақ мүғалімдерді даярлау процесі.
Зерттеу мақсаты: Қыздар тәрбиесінде қазақтың халық педагогикасы материалдарын пайдалануға болашақ мүғалімдерді даярлауды теориялық түрғыдан негіздеп, практика жүзінде әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер болашақ мүғалімдерді мектепте қыз тәрбиесін ұйымдастыруға даярлауды жоғары оқу орнында қазақтың халық педагогикасы арқылы жүйелі түрде жүзеге асырса, онда зерттелетін даярлық деңғейін жоғарылату мүмкіндігі туып, мектептегі қыздар тәрбиесін ұйымдастырудың тиімділігі артады.
Зерттеу міндеттері: - болашақ мүғалімдерді педагогикалық іс-әрекет процесінде қыздарды тәрбиелеуге даярлау жағдайларын теориялық тұрғыдан
қарастыру және оның жалпы кәсіби даярлықтағы орнын анықтау;
- «қыз тәрбиесі», «қыз әдебі», «болашақ мұғалімдердің қызтәрбиесін ұйымдастыруға даярлығы» ұғымдарының мәніннақтылау;
- педагогикалық іс-әрекет процесінде оқушы қыздарды тәрбиелеугеболашақ мүғалім даярлыгының нобайын жасау, оның құрамдасбөліктері, критерийлері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
- педагогикалық іс-әрекет процесінде оқушы қыздарды тәрбиелеугеболашақ мүгалімдерді даярлаудың мазмүны мен әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-педагогикалық жүмыстар арқылытексеру.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамуына, отбасы мен мектеп, жғгары мекгеп пен қогамның байланысына таным теориясы түргысынан келу; қазақ халық педагогикасы тұжырымдамалары; түтас педагогикалық процесс теориясы; зерттеу проблемасы бойынша тарихи-педагогикалық еңбектер.
Зерттеу нәтижесінің практикалық мәнділігі:
- зерттеудің практикалық-әдістемелік нүсқауларын болашақ мүғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында жоғары оқу
орнындағы оқу-тәрбие процесінде және мектепте, педагогикалық
колледжде қыз тәрбиесін ұйымдастыру іс-әрекеттерінде, сондай-ақ педагог-мамандардың біліктілігін арттыру мекемелерінде қолдануға болады;
- мектептің түтас педагогикалық процесінде қыздар болашақ мүғалімдерді сатылы даярлаудыңәдістемесі қүрылды;
- «Қыз тәрбиесінде халықтық тәлім-тәрбиенің өнегелі жолдарынпайдалану» арнайы курсының бағдарламасы жасалып, практикадатексерістен өтті;
- болашақ мүғалімдердің мектепте қыз тәрбиесін ұйымдастыруғакәсіби даярлығын жетілдіру жөнінде әдістемелік үсыныстаржасалынды.
Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперименттік жүмыс Шымкент қаласының ОҚПУ жанындағы гуманитарлық- педагогикалық колледжінде және ОҚПУ нің педагогикалық факультеті.
Магистрлық диссертацияның құрылымы. Магистрлық диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І Мектеп жасындағы қыздарды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеудің теориялық негіздері
1. 1. Қыз баласын тәрбиелеудің әлеуметтік және психологиялық - педагогикалық мәні
Ұрпақ тәрбиесі әр заманда халықтың басты міндеттерінің бірі болған. Ұлттық тәрбие - рухани сабақтастықтың негізі. Тәрбие - ұлттық қалыптасудың ұдайы дамуы, жаңаруының бастауы. Ол - өмір сүрудің мәні мен мазмүнын, ұлттық өркениеттің тарихи тағдырын айқындайтын жүйе. Осыны ескере отырып, қазақ халқы ертедегі жазба деректер мен зерттеу еңбектерінде қыздарға ұлттық тәрбие беру ерекшеліктері орын алғанын, тәрбие тағылымдарын үсынғанын көреміз.
Халқымыздың арғы тарихына үңіліп, әлеуметтік: түрғыдағы ой-тұжырымдарына барлау жасасақ, балаларға қүрметпен қарауға айрықша мән бергенін байқаймыз. Қазақ халқы өз үрпағын, оның ішінде қыз бойында адамгеріпілік, ізгілік, инабаттылық, имандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруды және олардың болуын ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған. Ата-бабаларымыз жазу-сызудың кем соғып жатқан шағында, көшіп-қонып жүріп-ақ үрпақ қамын, оның болашағын жан-жақты ойластырған. Халқымыздың мәңгілік мүрасын сарыла зерттеп, тамсана жазғандар көп болғаны тарихтан белгілі. Ата- бабаларымыз қалыптастырып, Халқымыздың бұлжымас тіршілік заңына айналған сол ғажап салт-дәстүрімізді ерте заманда-ақ өзінің мәнділігімен, озық ұлгісімен қыз баласын тәрбиелеуде таптырмайтын ұлгі-өнеге, әдіс-тәсілдер мол екеніне көз жеткіздік.
Демек, тәрбие беру ісінде қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесінің мәні теренде жатыр. Ғұлама ғалымдар, шешендер мен билер, ақын-жыраулар мен сал-серілердің өзіндік сара жолдары болғанын, олардың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері мен өнегелі істері бүгінғі қыз баланың рухани-мәдени жетілуіне, саналы, білімді, мәдениетті тұлға болып қалыптасуына ықпалы зор екенін ескердік.
ҮІІ-ҮІП ғасырда пайда болған оғыз-қыпшақ мемлекетінің оғыз тайпасынан шыққан әйгілі ақын, күйші, дарынды данышпан Қоркыт тағылымдарының тәрбиелік мәні күшті. Өпшейтін із қалдырған «Қорқыт ата» кітабының мән-мазмүны төмендегідей.
Олар: отбасындағы ең әуелі ананы сыйлау, әкені қүрметтеу, отбасындағы жарасымды қарым-қатынас, ұл мен қыз тәрбиесі, әйел-ананың ақыл-ойы ерге беріліп, ел үіпін ерлік жасауға, ана абыройы, отбасының татулығы қастерлене баяндалады.
Ата-ердің инабаты, ұлттың ұлағаты, қасиеті, - деп біледі Қорқыт атамыз.
Қорқыт ата әйелді терт түрге бөледі: Тұқымды аздыратын әйел, өмірін тоймен тоздыратын әйел, үйдің тірегі болатын әйел, не айтсаң да қозғалмас әйел сияқты түрлерін салыстыра сипаттап, әйел - ананың қоғам дамуына негіз болатынын дәлелдейді [83, 57 б. ] .
Үйдің тірегі болатын әйел даладан бір қонақ келсе, үйінде ері болмаса да, оған сусын беріп, бар дәмін алдына қояды, сыйлап аттандырып салады. Бұлар Айша мен Бөтимадан бата алған әйелдер. Хан нем, мүндай әйелдер мындап эссе де көп емес, бәлки аз. Сіздің ошағыңызға сондай әйел кез болсын.
Ендігісі - тұқымды аздыратын әйел. Мүндай әйел таң атпай орнынан түра салып, ас үйге жүгіріп, беті-аузын жумай, тоғыз тоқаш пен айранды басына қотарып, ашқарақтыққа салынып, өз қарнын тойдырып, ерін жамандап, осы шаңырақтан еш жақсылык көрмегендей, ендігі көңілі әлі де болса қарын тойдырар, көк көйлек кигізетін ер табармын деген пасық ойын ойлап, үрпағын ойламай, тұқымын аздыратын нысапсыз әйелдер мың болса да өсіп - өнбесін, хан ием, сіздің ошағыңызға кез бола көрмесін.
Кейінгісі - тоймен тоздыратындары. Бұл да ас үйдеғісін басына көтеріп, қарнын сипап, түске дейін қыдырып, өсек айтып, бірді - бірғе соғып, ойын-сауық іздеп, тойлап жүргенде үйіне келсе, үйі тоналып, қазан-аяғын ит жалап, қорадағы малы жайылымға шықпай байлаулы күйінде қалған. Енді шаптығып, көрші - қолаңынан ілік іздей бастайды. «Көрші ақысы - тәңір ақысы», - деген қайда, менің үйіме коз салсаңдар қайтеді? - деп безектейді. Уа, хан нем, мүндай әйелдердің қатары өспесін, ошағыңа мүндай әйел келмесін.
Соңғысы - не айтсаң да қозғалмас әйел. Үйіңе жапан түзден үятты қонақ келе қалса, ерінің жүмсағанына құлақ аспай өзінің пейілі тарылғанын көрсетіп, үйде түк жоқ, не береміз? - дегенге келтіріп тапжылмай, үялмай, аузын сылп еткізіп отыра береді. Әкелген күнде де бәрін лақтырып, долданып, еріне теріс сөйлеп, аузы жабылмай, ерінің әбиірін жерге төгетіндер. Бұларды Нүх пайғамбардың нағыз есегі деу орынды. Мүндайлар, хан ием, алла сақтасын, ошағыңызға жақын келмесін.
Қорқыт атаның нақыл сөздері:»Кеудесіндегі ақ сүтін бөбегіне емізіп, тойғызған асыл аналарға - қүрмет! Анасыз қыз ақылға жарымас, атадан тағылым алмаған ұл жаман, ұлдың кімнен туғанын ана білер, иесінің исін ат білер», - деген терең ойларының бүгінгі күнде маңызы зор.
Демек, әйел баласының міндеті жан жағындағы жүртына, ерше, балаларына рух беріп, жақсылықты жаңғыртып, жамандықты отбасынан аластап отыру керек екендігін үмытпауы абзалдығын ескерткен.
Осы тағылымның әрқайсысына зер салсақ, біздің ұлттық педагогикамыздың теренде жатқанына көз жеткізе аламыз [83, 56 б. ] .
Адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші үстаз Әбу-Насыр Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзатгың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі « - деген [84, 85, 78 б. ] .
Әрбір халықта адамдар арасындағы қарым-қатынасты, бала тәрбиесін, отбасылық өмірді сипаттайтын жазба ескерткіштер болганын тарихтан білеміз. Сол сияқты, Жүсіп Баласагүнидың біздің заманымызга дейін жеткен ірі туындысы «Құдатғу білік» /қүт әкелетін білім, гылым поэмасы/ адамзатты ойландырып келген қызды тәрбиелеу сүрақтарына жауап беретін болады.
Жүсіп Баласагүнның ерекше көңіл аударуга түратын, бүгінгі педагогикалық қагидалармен терезесі тең түрып пікір таластыра алатын пайымдауларының бірі - баланы бөтен жерге бермей, өз қолында, үйде тәрбиелеу мәселесі.
Әрине, ғұлама өз еңбеғінде қандай әйел алу керектігі жайлы ерлер жағына ақыл-кеңес береді. Ең бірінші - тегі, заты дүрыс үйдің қызы болсын, екінші - үятты, тәрбиесі түзік болсын, өзіңнен пәстеу, тегі төмендеу, ақылдысын танда, үшіншісі - асыл текті болмасын, оған құл боласың, көркіне де көз салма, жаман, тексіз, қылықсыз қызға қарама, төртінші - құлқы жақсы, кемелі келісті, жібек мінез, қылықты болсын, - деп әйел бойындағы жаман және қасиетті қылықтарды ата-бабаларымыз ерекше бағалап, ер жіғітке жар тандауды ескеретін жайттарды өнеғе етіп қалдырған [88, 450 б. ] .
ХУ-ХІХ ғасырларда қазақ ақын-жыраулар еңбегінде де қыз тәрбиесі, қыз әдебі, отбасы тәрбиесі терең қарастырылған [20, 43 б. ] .
Суырып салма ақын-жыраулардың бірі Шал ақын, «Әйел - Ана» табиғатына байланысты байламдарын жыр жолдарымен зерлеген. Ол өз заманында көшпелі халық, қыз бала - келіншек - сүйген жар -әйел тегіне қатаң сын көзбен қараған. Және де оларды жас кезеңге бөліп, психологиялық ерекшелігін және жыныстық толысу кезеңін бейнелеген. «Қыздар туралы» өлеңінде он беске келген қыз баланың физиологиялық жағынан жетіліп, елегізіп, ісі, мінезі өзгеріп, жабырқау, өз үйіне жатырқау сезімі біліне бастағанын көрсетеді [20, 45 б. ] .
Осы жаста жаман мен жақсыны түсініп, бойын түзеп, үсті-басына карап, қасы-көзін түзеп, сәнді киінуге үмтылып, көзге әдемі көрінуге ынталануын бейнелеп, эстетикалық бейнесіне мән берген. Сонымен қатар, Шал ақын он бес жасқа жеткен қыз баланың іс-әрекеті мен ой-санасына да толық сипаттама беріп, дене бітімінің жетілу, психикасының қалыптасу кезеңін терең суреттеген.
Бұл идеяны әрі қарай жалгастырушылар Ш. Уәлиханов, АҚүнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтүрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жүмабаев, М. Дулатов, М. Әуезов және т. б. қүнды еңбектер жазды [6, 7, 8, 9, 11, 13, 15] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz