Балалық жастағы балалардың агрессиясы


М А З М Ұ Н Ы
К І Р І С П Е . . . 3
- Психология ғылымында агрессияны теориялық зерттеу . . . 6
1. 1. Агрессия туралы ұғым және оны психологиялық зерттеудегі
кейбір мәселелер . . . . . . 6
1. 2. Бала жасындағы агрессиялық көріністер . . . 16
1. 3. Психика дамуыныдағы фантазияның ролі . . . 28
2 . Бала жасындағы агрессиялық фантазияларды
эксперименталды зерттеу . . . 33
2. 1. Зерттеу бағдарламасы . . . 33
2. 2. Әдістер мен әдістемелерге сипаттама . . . 34
2. 3. Зерттеу деректерін талдау және қорытындылау . . . 47
Түйін . . . 56
Ұсыныс . . . 60
Қортынды . . . 64
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . 66
Қосымша . . . 70
К І Р І С П Е
Агрессия әлеуметтік-психологиялық көрністердің бірі. Қазіргі біздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымызда балалардың агрессивті болуына көптеген себептер бар. Олардың ішінде маңыздыларын атап айтсақ ата-ананың балалармен өз ара сенімді, үйлесімді қарым-қатынас жасамауы, әлеумет ортасындағы келеңсіз жайлардың үлкендер балалар болып талқыланбауы және баланың тәрбиесіне, психикалық дамуына тікелей әсер ететін теледидар арнасынан сапасыз, қатыгездікке итермелейтін хабарлардың үнемі көрсетілуі. Осылардың әсерінен елімізде жас балалар арасында қылмыс жасау, наркомания, алкоголдікке салыну сияқты теріс қылықты жүріс-тұрыстың етек жаюы көбейді.
Теледидар хабарларына шек қойылмағандықтан бала әр түрлі кинолардан, видеофильмдерден көрген зорлық-зомбылық, төбелес, шабуыл, ату, өлтіру тағы басқа әрекеттерді ойын кезінде ойыншықтармен еліктеу арқылы жаңғырта отырып, өз әрекетіне айналдырады. Кейін келе бала фантазиясы фантастикалық ойындарды қиялдай отырып, ойын әрекетінде бекітілген қылықтарын шынайы әрекетке айналдырады, оны өзге балалармен ойын кезінде іс жүзінде қолданады.
Баланың қарсы алдындағы экранда адам жаны төзгісіз зорлық, хайуанға тән қантөгіс, ұрыс, төбелес сияқты көрністерді көріп отырып, балалар, әсіресе ұл балалар оған еліктеп, өзін сол кейіпкердей «батыр» болуды армандайды, сол кейіпкер сияқты қылықтар жасауға тырысады. Осындай қылықтарға, әрекеттерге көбіне әлеуметтік жағдайы нашар жанұядан жәбір көрген балалар үйір келеді. Олар жора-жолдастарының арасында қадірі төмен, қарым-қатынасы нашар, физикалық немесе әлеуметтік-психологиялық мән-мағынасы жағынан шектеулік көріп жүргендіктен, экрандағы кейіпкерлер сияқты өзіне зорлық-зомбылық көрсетушілерден өш алуды, өзін қорқытып сыйлатуды армандайды [51] .
Белгілі психолог К. Бюлердің айтуыша әскери ойындар, әскери фильмдер агрессивті, озбырлықты жүріс-тұрыстың қалыптасуына негіз болады дейді [11] .
З. Фрейдтің пікіріне сүйенсек, «фантазия біздің санамыздың тереңінде жатқан, кезінде қанағаттандырылмаған қажеттіліктеріміз, олар әлеуметтік - адамгершілік нормаларына сәйкес келмегендіктен немесе тағы да басқа бір жағдайларға байланысты санадан тыстық деңгейге өткен, сол аймақтан санаға өте алмаса да адам мінез-құлқына, жүріс-тұрысына белгілі бір дәрежеде әсер етіп отыратын тілектер»[53] .
Баланың әлеуметтік базалық қажеттіліктері (түсіністік, сыйластық, сүйіспеншілік, теңдік) жанұяда, мектепке дейінгі және алғашқы мектептегі оқу орындарында қанағаттанбаған жағдайда бала сыртқы дүниеге сенімсіздікпен, қорқынышпен қарап, онымен агрессивті қарым-қатынас орнатады. Ал кинобоевиктер, триллерлер, порнофильмдер бала фантазиясына әсер ете отырып, агрессия деңгейінің ұлғаюына, күшеюіне бірден-бір себепкер болады [63] .
Баланың агрессивті болуына оның ата-анасының тәрбиесі де әсер етеді. Күнделікті жанұядағы зорлық-зомбылық көріністері мен өзінің жан дүниесіне, тәніне тиген қорлықтан баланың бойында агрессиялық фантазиялар туындайды. Өзіне жамандық жасаған адамдардан өш алуға әлі келмегендіктен, ол адамдарды өзінің фантазиясында жазалап, өшін алуға тырысады. Егер бала осындай келеңсіз жағдайда біршама ұзақ уақыт өмір сүрсе, онда өш алуға, агрессиялық қылық көрсетуге деген мүмкіндігі де жоғары болады [40] .
В. П. Пирожковтың зерттеулері көрсеткендей балалық жасында зорлық-зомбылық көп көрген балалар ойын кезінде, басқадай да әрекеттер кезінде өзгелерге күш көрсету, зорлық жасау жағына әрдайым жақын тұрады [6] . Яғни агрессивті балалар өзара әрекет кезінде күш көрсетудің бірден бір оңтайлы тәсілі ретінде фантазиясындағы қабылданған әрекетті қолданады.
Осы проблема бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан өз диплом жұмысымызды бала жасындағы агрессивті фантазияларды оқып-зерттеуді мақсат еттік.
Зерттеудің болжамы: мектепке дейінгі балалар жиі агрессивті фантазияларға беріліп, оны күнделікті ойын әрекетінде қолданады.
Зерттеудің объектісі: - агрессивті фантазия.
Зерттеудің пәні: балалардың агрессивті фантазияларының ерекшеліктері.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеудің тақырыбына байланысты ғылыми-теориялық әдебиеттерді оқып талдау;
- психодиагностикалық әдістерді таңдау;
- балалардың агрессиялық фантазия ерекшеліктерін айқындау;
- теориялық және эмпирикалық мәліметтерге сүйене отырып практикалық ұсыныстар жасау.
Ғылыми жаңалығы: зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер арқылы осы мәселе жайындағы ой-пікірлерді жаңа мағлұматтармен толықтыру.
Практикалық маңыздылығы: теориялық және эмпирикалық мәліметтерге сүйене отырып, тәрбиешілерге, ұстаздарға, ата-аналарға және психологтарға ұсыныстар жасау.
Методологиялық негізі: - С. Л. Рубинштейннің, Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің жеке тұлғалық тәсілі, Б. Г. Ананьевтің, Б. Ф. Ломовтың жүйелілік тәсілі.
Зерттеу әдістері:
психодиагностикалық және статистика-математикалық әдістер.
Диплом жұмысының құрылымы: екі бөлімнен, қортындыдан, ұсыныстан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады.
1. Психология ғылымында агрессияны теориялық зерттеу.
1. 1 Агрессия туралы ұғым және оны психологиялық зерттеулердегі кейбір мәселелер.
Агрессияның мәнін түсінудегі ең бірінші қадамы - терминнің түсінікті және нақты тұжырымын табудан бастау қажет. Жалпы айтқанда, көптеген оқулықтарда агрессия біреуге физикалық және психологиялық зардап әкелуге бағытталған кез келген мінез-құлық формасы деп анықтама берілген [38] . Бұл анықтама осы мәселені зерттеуші ғалымдардан қалданыс тапқанымен, қазіргі кездегі ғылыми жұмыстарда да, ауызекі сөйлеуде де «агрессия» терминінің көптеген жаңа мағыналары ашылып отыр.
Осының нәтижесінде индивидті «агрессивті» деп сипаттағанда оның өзгеге зардап әкелетін әрекетін түсінеміз, бірақ бұл сөздің астарында бірнеше мағына жатыр. Мысалы психологиялық зардап, ар ождан зардабы, экономикалық, құқықтық зардап немесе жасырын, біреулер арқылы т. б. Сондықтан кейбір сөздіктерде келтірілген түсініктер ұғымның толық мағынасын ашып бере алмай қалатын кездері де кездесіп жатады. Яғни олардың кейбіреулерінде «агрессия» сөзі басқаның құқығын зорлап бұзу және қорлаушылық әрекетін ассертивті мінез деп түсіндірсе, кейбіреулерінде психологиялық агрессияны толық ашады. Бұл түсініктер жүйке жүйесі қызыметінің бұзылуына байланысты әр түрлі потологиялық емес психикалық ауытқушылықтағы адамдардың мінез құлқын зерттеуші ғалымдардың жаңа ұғымдарымен толықтырыла отырып «агрессия» терминінің ауқымы кең бірнеше мағыналардан тұратынын дәлелдейді. [36] .
Кей уақытта агрессия анықтамасы кең мағынада қолнылады. Мысалы, психоаналитиктердің көбі көптеген әрекеттік актілердің (бірақ осы актілердің көбісі агрессивті болып табылмайды) себепшісі болатын жалпы агрессивті драйвті бөліп дәлелсіз пікірлер айтады. Осылайша агрессия басқа адамға бағытталған мотивтенбеген шабуыл сияқты ғана емес, сонымен қатар тәуелсіздікке ұмтылу немесе өзінің бисаналық импулстерін білдіру деп қарастырады [39] .
Психологиялық зерттеулер «агрессия» түсінігіне байланысты әрекеттердің кеңдігін дәлелдеді. Ассертивтілік жиі «агрессия» сөзімен атағандықтан, бұл сөздің құрамына ассертивтілік те, осы мағынаға байланысты туындайтын мотивация да, оның энергетикалық жағы яғни қайсарлы мінез-құлық таныту да кіреді. Мысалы, біз «агрессивті бала» дегенде, өзінің еркіндігін, абыройын, ар оджанын энергетикалық (белсенділік) және аса табандылықпен қорғап отырған бала туралы айтамыз. Бұл гипотиза талас тудыруы мүмкін, бірақ В. П. Пирожковтың, А. Бандураның агрессивті балалар арасында жүргізген зерттеулері дәлелдер отыр [24] .
Көптеген ғалымдар агрессияны эмоция, мотив немесе ұстаным (установки) ретінде емес, мінез-құлық моделі ретінде қабылдау керек деп түсіндіреді. Бірақ бұл анықтама үлкен түсініспеушілік тудырды. Агрессия термині жиі негативті эмоция (ашу, ыза), мотив (зиян келтіруге, қорлауға ұмтылу) және негативті қалыптастырушылықтар (тәртіп бұзушылықтар мен ылаң кестік жағыдайлар) деген ұғымдармен бірлеседі. Сондықтан да осылардың барлығы біреуге, өзіне, қоршаған ортасына нұқсан келтіруші мінез-құлықты қарастырғандықтан «агрессия» термині адамның көптеген объективті және субъективті жақтарын қамтитын күрделі ұғым. Сондықтан да «агрессия» түсінігі теорияларды қарастырайық.
Агрессияны психологиялық тұрғыдан ең алғаш зерттеушілердің бірі З. Фрейдтің атымен байланысты. Ол индивидтің фундаментальды инстинктісін екіге бөліп қарастырды: біріншісі - өмір сүру инстинкгісі (Эрос - құру бастамасы, сексуалды құмарлықта көрінеді), екіншісі - өлім инстинктісі (Танатос - бұзу бастамасы, онымен агрессияшылдық байланысты) . Бұл екі инстинкт бір-біріне қарама-қарсы, өмірлік жаулар. Бұдан агрессия адамның табиғи қасиеті ретінде қалыптасатынын түсінеміз.
Агрессияның психоаналитикалық теориясы адамда «агрессиялық драйв» энергиясы адам санасының бисаналық бөлімінде жиналып, белгілі бір уақыт аралығында аргессиялық жарылғыш зат ретінде жарылып сыртқа агрессивті мінез құлық ретінде шығады. Психоаналитиктер адамда өзі бағындыра алмайтын зорлықтарды, өзі бағындыра алмайтын агрессиялық мінез-құлықты алдын алу үшін, адам бойындағы агрессиялық энергияны үнемі босаңсыту үшін сублимациямен айналысуы керек деп есептейді. Мысалға, әр түрлі спорттық жарыстарға қатысу, істелінбей жатқан үй шаруаларын ретке келтіру, таза ауада жүгірі, дем алу т. б. пайдалы ісермен айналысу арқылы агрессиялық энергияны сыртқа шығаруі. Ашу - басқаларға зиян келтіруші күш болса, оған суыққандылық таныту арқылы шектен шыққан эмоцияның қозу кезінде оны пайдалы энергияға ауыстыруды З. Фрейд катарсис терминімен белгілеп «психологиялық тазару» жолын өз теориясына арқау еткен. Психоаналитиктер агрессорлар өзінің әрекеттерін бағыттайтын адамдар жек көру немесе антипатия тудырушы адамдар болу міндетті емес, олар көбіне өзіне қымбат жандарға нұқсан келтіреді. Отбасындағы жақын адамдарына зорлық-зомбылық, достарымен ұрыс керіске келіп ара қатынастары бұзылуына әкелетін болғандықтан әр адам ашу кезінде оны сублимацияға айналдырып отырса, жаны да сау, дені де сау, адамдар арасындағы қатынасы да жарқын болатынын теориялық дәлелдеген. [28] .
Агрессияның нативистік теориясы . Бұл теория адам мен жануарлардың агрессиялық қасиетін тек биологиялық тұрғыдан тұрғыдан түсіндіреді., яғни олар агрессияны басқалармен өмір сүру және өзгелерден қорғану, оларды жеңу және оларға үстемдік ету құралы ретінде пайдаланады. Сондықтан да еркек адам өзінің өмірін (өзінің биологиялық тегін) сақтаушысы болғандықтан, ол агрессияға табиғи түрде бағдарламандырылған.
К. Лоренц адамның агрессиялық мінез-құлқы оның туа біткен реакция ретінде қарастырады. Оның айтуынша, өзі тәрізділерді өлтіруге тиым салатын механиз секілді адам агрессиясының табиғаты инстинктивті жүреді. Бірақ К. Лоренц адам өз агрессиясын басқара алады деп айтты. Адам өз агрессиясын қанағаттандыру үшін арнайы қару жарақ ойлап шығарды. Өз жауларына алыстан (оқ ату, бомба жару) нұқсан келтіреді. Оның осы пікірін серіктестері Т. Лири, Г. Смит т. б. қуаттай отырып, адамдар өзінің агрессивті мінез-құлқын білдірмеуге қаншалықты тырысса да, оны басқара алмайды және сондықтанда да соғыстар мен зорлық-зомбылық әрекеттердің алдын алу мүмкін емес, ең соңында адамдзат өздерінің агрессиясынан туындаған ядорлық соғыста өздерінің көзін жойып тынады деп тұжырымдайды [17] .
Агрессиялық теориялардың ең көп тарағаны «фрустрация-агрессия» теориясы. Оның негізін салушылар Доллард-Миллер әрбір фрустрация агрессияны тудырушы ішкі ынта немесе мотивті құрайды деп еспетейді. Агрессивті мінез-құлықты осы тұрғыдан зерттеген бихевиористер болатын. Олар агрессия мен фрустракцияны өзара байланыстыра қарастырды. Француз ғалымы Г. Селье фрустрация дегеніміз - көздеген мақсатқа жету жолындағы белгілі бір кедергілердің пайда болу жағдайындағы адамның жоғарғы эмоцияналдық күйі, яғни фрустрация - бұл өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алмау («қалаймын, бірақ болмайды немесе алуға мүмкіндік жоқ») деген мағынаны білдіреді. Әрбір агрессия қандайда бір фрустрация арқылы туы мүмкін. Бұлар екеуі де әлеуметтік жағыдайлар негізінде пайда болуы мүмкін («маған басқаларға қарағанда аз берді», «мені басқаларға қарағанда аз жақсы көреді») . Фрустракция адам агрессиясын күшейтеді және оны тұрақтатады немесе адам бойында толымсыздық комплексін қалыптастырады (яғни, өзіне деген агрессия) . Соңында агрессияға фрустракция себепші бола отырып, ″әлсіздерге″ қарай бағытталады. Өйткені өзінен күштіректерге әлі жетпегендіктен әлсіздерді іздейді немесе өз өзіне қол жұмсайды [26] .
«Фрустрация-агрессия» теориясына Л. Берковиц үш мәнді өзгерістер еңгізді: 1) фрустрация агрессия іс-әрекетінде іске асуы міндетті емес, бірақ ол оған дайыдықты ынталандырады; 2) дайын болған кезде де агрессия қажетті жағдайсыз пайда бола алмайды; 3) фрустрациялық жағдайдан агрессия арқылы шығу адамда осындай әрекеттерді қайталау дағдысын тәрбиелейді [45] .
Әлеуметтік оқыту теориясының негізін салушылар Л. Фестингер, Дж. Брунер, К. Халл, Г. Блумер, Дж. Хоманс, г. Гофман т. б. агрессиялық мінез-құлықты әлеуметтік дамудың нәтижесінде мәдени мінез-құлықтармен алмастыру арқылы адам өзін-өзі тәрбиелейді деген тұжырым жаксаған. Бұл теория бойынша фрустрация және тұлғааралық конфликтер агрессияның пайда болуына негіз болғанымен адам оны туа біткен өзін-өзі қорғау инстинктер жүйесінде шешпей, адами қасиеттерін сақтай отырып әлеуметтік үйрену негізінде реттеуге тырысады. Адам тарихи-мәдени дамудың нәтижесі болғандықтан психологиялық икемділік әлеуметтік даму мен оқыту кезінде қалыптасып тұрақталады: басқалардың мінез-құлқын бақылау, туындаған агрессияны пайдалы қолдану, өзгелердің алдында абыройын сақтау кезіндегі өзінің жинақтаған әлеуметтік тәжірибесі арқылы өз мінез-құлқын қоғамдық нормаларға сай реттеп отыруды үйренеді. Осылайша, агрессияны бәсеңдетіп, адам өзін қалыптасқан әлеуметтік ортадағы құндылықтар мен нормалар жүйесінде қалыпты ұстауына әлеуметтік даму негізгі рөл атқарады [50] .
Қазігі кезде бұл теория жеке тұлға психологияда үстем етуші орын алып жатыр.
Нейробиологиялық теория. Бұл теорияның мәні мынада: басқа тәсілдер (дәлелдеу күші) таусылған кезде (немесе болмаған кезде) физикалық зорлық (көндіру күші) көздеген мақсатқа жету құралы ретінде қолданылады.
Осыған байланысты Р. Фишбах құралды агрессия түрін бөліп қарастырады. Агрессияның бұл түрінде агрессия белгілі бір мақсатқа жету құралы болып табылады, мұндағы біреуге нұқсан келтіру мақсат деп қаралмайды, ол тек әсер ету құралы деп есептеледі. Агрессияның пайда болуына көптеген биологиялық фактілер әсер етеді, яғни мидың қыртысасты құрылымы, гипоталамус, лимбиялық жүйе т. б. Мінез тек тұлғалық қасиет ретінде немесе тек ситуация ретінде ғана қарастырылып, анықталатын жағдайларға байланысты талдау жасау. Бірінші жағдайда, бұл арнайы бір психопатологиялық (агрессивті психопат) ауытқушылықты байқатса, екіншісінде, бұл «стимул - реакция» түрі бойынша автоматтанған мінез-құлықты танытады [23] .
Қазіргі кезде көптеген авторлар агрессияға әр түрлі түсініктемелер ұсынған: біріншіден, агрессия бұл активтілік күші, тәуелсіздікке ұмтылыс, сыртқы орта күшіне тойтарыс жасауға мүмкіндік беретін ішкі күш деп Ф. Аллан есептесе, екішіден, агрессия бұл шапқыншылық, бұзушылық, зорлық актілер мен реакциялар, басқа адамға, объектіге немесе қоғамға зиян немесе нұқсан келтірудегі күшті білдіреді деп есептейді Х. Дельгадо [46] .
Қарап отырсақ агрессияның көрініс табуы әр жағыдайда түрліше болғандықтан, енді оның түрлеріне тоқталып өтейік. Адам агрессиясы белгілі бір әлеуметтік мәселені шешуде қолданатын ерекше бір реакция, әрекет ретінде көрініс тауып отырады. Бұл адамның өмір үшін күресу мәселесімен тығыз байланысты. Бірнеше жылдар бұрын Мойер өзінің зерттеулеріне сүйене отырып жануарлар агрессиясынның бірнеше түрін қарастырған. Агрессияның бұл түрлерін адам мінезінде де көруге болады. Мойер осы түрлердің ұқсастықтары бар болғанымен, олардың бір-бірінен айырмашылықтары да бар деп тұжырымдады.
- Жыртқыштық агрессия. Өзінің құрбанына бағытталған жануарлардың шабуылшы әрекеті. Біздің арғы ата-бабаларымыз қорек табу үшін аңшылықпен айналасқан. Ал қазіргі кездегі аңшылар тек көңіл көтеру үшін жануарларды өлтіреді;
- Еркек жыныстылары арасындағы агрессия. Бөтен біреу келгенде еркек жыныстының өз отарын, жерін қорғау мақсатында қорқытуын, шабуылдауын немесе көңуін көрсетуі. АҚШ - та абақтыда отыратын еркектердің 87%-і біреуге нұқсан көрсету немесе зорлық зомбылық үшін кінәларын өтеуде;
- Қорқыныш агрессиясы. Жануарларды «тығырыққа айдап тыққанда» көрінетін мінез-құлық. Шабуыл әрекеті әдетте қашу әдетімен ұштасады. Адамдар да жануарлар сияқты бостандықты ұнатады. Сондықтан да, бостандығына нұқсан келтіргенде адам агрессия танытады. Қылмыскер мен соғыс тұтқындарын бостандыққа қашып кетрес үшін қатаң түрде күзетеді. Осыған қарамастан, кей кезде күзетшілерге шабуыл жасайтындар да кездеседі. 3. Территориялық агрессия. Жануарлардың территориясына бөтен біреу кіргенде, оны қорқыту немесе шабуылдау әрекеті. Үй, офис, аула, жеке меншік жерлер т. б. адамның қорғауға ұмтылатын территориялары. Осы объектілерді қорғау үшін адам қауіп төндірушілерге қарсы агрессиялық мінез көрсетеді.
- Ана агрессиясы. Өз балаларына қауіп төңгенде аналық жануарлар балаларын қорғау үшін жауларына қарсы шабуылшы әрекетін жасайды. Жануарлар болсын, адамдар болсын - барлығы да әрқашан өз балаларын қорғайды, қамқорлыққа алады.
- Қозу агрессиясы. Өміріне, қалыпты жағыдайына қауіп төнгенде жануарлар агрессивті мінезге көшеді. Адамдар да депривацияларға, фрустрация мен зақым тудыратын белгілі бір объектіге бағытталған шабуылшы немесе декруктивті мінез-құлық көрсетеді. Қазіргі кезде адамдарды ашу-ыза мінез танытуға бағытталған әлеуметтік жағыдайлар көбейіп кеткен: кезекте тұру, автобусты күту т. б. Д. Берковицтің айтуынша, негативті сезімдер агрессияға, тіпті ашу-ызаға да әкелуі мүмкін. Сондықтан адамдарға көптеген әлеуметтік жағыдайларға психологиялық бейімделу қажет.
- Сексуалды агрессия. Сексуалды қылыққа әсер етуші стумулдардың қатысуымен пайда болатын агрессивті мінез-құлық. Сексуалды ұштасқан екі жануарлардың да адамдардың да екінші бақталасқа деген қызғаныш сезімі агрессия тудыруға негіз береді.
- Құралды агрессия. Белгілі бір мақсатқа жетуде әртүрлі агрессивті әдістерді қолдануында көрінетін әрекеттер [8] .
Бұл Мойердің ұсынған агрессия түрлері. Одан басқа ғалымдар да агрессияны бірнеше түрге бөліп қарастырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz