Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі көрсеткіштерінің жағдайын талдау


Мазмұны
Кіріспе6
1 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық аспектілері10
1. 1 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні мен мазмұны10
1. 2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі - мемлекет саясатының маңызды саласы ретінде17
1. 3 Әлемдік тәжірибе тұрғысынан мемлекеттің әлеуметтік саясат басымдылықтары мен ерекшеліктері27
2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік саясат мәселелерінің жағдайын талдау30
2. 1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясаттың құрылу кезеңдері30
2. 2 Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі көрсеткіштерінің жағдайын талдау35
2. 3 Мемлекеттiк әлеуметтiк саясатты жүзеге асырудың мәселелерi48
3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік саясат жүйесін жетілдіру жолдары55
3. 1 Әлеуметтік салаларды дамыту жолындағы мемлекеттік шараларды жетілдіру жолдары55
Қорытынды75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі78
Кіріспе
Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғам мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды. Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді.
Дипломдық жұмыс тақырыбының маңыздылығы. Ел басы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясындағы әлеуметтік міндеттері орынды қойылған. Қазақстан мүше болып табылатын халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынандай шаралар кешенін қамтиды: тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру; негізгі әлеуметтік қателердің алдын алу, туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру, қатердің салдарынан айырылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру; халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдерін енгізу; азаматтардың білім, медициналық көмек сияқты құқықтармен қызметтерге қол жеткізу.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен тәжірбиелік маңызы. Адам тіршілігі қашан да тек еңбекпен ғана жұмыс істеу арқылы тек өзіміздің құнды екені кімге болмасын түсінікті жайт. Елімізде соңғы жылдары нарықтық саясатқа көшумен байланысты еңбек қатынастарының реттелуімен жалпы әлеуметтік-экономикалық құлдыраушылар орын алады. Ендігі кезекте адам үшін осынау ең маңызды да міндетті мемлекеттік тұрғыдан шешу еліміздің «Қазақстан-2030» стратегиялық бағытымен үкіметіміздің іс-қимыл бағдарының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Елбасы Жолдауы - ел мүддесі 2012 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Бұл жолдау халықтың жыл сайын ерекше ықыласпен күтетін басты құжаты. Аса маңызды осы құжат мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттер мен мақсаттарды белгілеп, саясаттың басым бағыт-бағдарын айқындайды. Елбасы өз Жолдауында 10 бағытты ерекшелеп өткен. Ол қазақстандықтардың жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, өңірлерді дамыту, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, кадрлар әлеуетін жақсарту, зейнетақы жүйесін жетілдіру, индустриалды-инновациялық жобалар, ауыл шаруашылығын дамыту - міне, осы он бағыт бойынша Елбасы тапсырма берді. Қазіргі таңдағы жұмыссыздық проблемасын шешу жолдарын қарастыру, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту, жұмысқа орналасуға көмектесу шараларын жүзеге асыру мәселесі халықтың көкейінде жүрген сауалға жауап берді. Жастар мен жас отбасылар үшін ерекше толқыныс тудырған тағы бір жайт - қолжетімді баспаналар соғу мәселесі. ХХ ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.
Халықты әлеуметтік қорғау - мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар әлеуметтік қорғалады.
Қазақстан Республикасы Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен. Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функциясы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау - бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау - саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы». [1]
Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі мынадай принциптері бар: баға көтерілгенде компенсацияның түрлі формаларын енгізіп және индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру, оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің басты бағыттарының бірі. Әлеуметтік саясаттың мәні қоғамның әлеуметтік топтары мен тараптарының арасындағы қатынастарды қолдау, әл-ауқатын жақсарту, қоғам мүшелерінің тұрмыс деңгейін көтеру үшін олардың қоғамдық өндіріске қатысуына қажетті экономикалық ынталануын қалыптастыратын әлеуметтік кепілдіктер жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасын саяси жағынан жетілдіру өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнын сипаттайды. Мұның өзі - әлеуметтік үдерістерді бір арнаға түсіруге және ойлаған тиімділікке қол жеткізу мақсатындағы іс-қимылды реттеп отыруға жәрдемдесу деген сөз. Сондықтан, Қазақстанның әлеуметтік саясатын зерттеу айтарлықтай ынта-ықылас туғызады. Өйткені, бұл мәселе саясатқа ғана емес, қоғам дамуының экономика, тарих, заңнама сияқты басқа да салаларының мәселелерін қамтиды.
Әлеуметтік саясат пен жалпы әлеуметтік дамудың түпкі мақсаты - қай елде болсын, қоғамның әл-ауқатын барынша жақсартуға қол жеткізу. Қазақстан мемлекеті әлеуметтік саясатының арнаулы мақсаты халықтың «өмір саласы» және «әлеуметтік қорғалуы» тәрізді ұғымдарды білдіреді.
Халық өмірі сапасының жоғары стандартына қол жеткізу және тиімді әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету әлеуметтік саясаттының мақсаты ғана емес, сонымен бірге оның тиімділігін шешуші шара. Өмір сапасы деген мәселенің ауқымында басты орында жалпы азықтанудың тиімділігі, айналадағы ортаның жағдайы, денсаулықты, білім мен мәдениет - тұтас алғанда, адам қарекетінің күллі мәнін айқындайтын экономикалық компоненттерден тұрады.
Әлемдік ауқымда салыстырар болсақ, Қазақстан әлеуметтік құрылымының өзгеруі ойлаған деңгейге көтерілді деуге келмейді. Нашар дамыған елдер сияқты, мұнда да аса байлар және тым кедейлер бар. Соған қарамастан, дамыған елдермен салыстырғанда, республикамыз шапшаң қарқынмен өркендеп келеді.
Халқымыздың әлеуеті жақсармай, жұмыссыздардың саны да азаймай - еліміз алға қарай қарыштап дами алмайтыны, экономикамыздың көтерілмейтіні белгілі. Елімізде күннен күнге көбейіп келе жатқан жұмыс адамдардың санын қалайша азайтуға болады? Міне, осындай сауалдарға жауап іздеп, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу - Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Елбасының тікелей тапсырмасымен маңызды құжатта жүктелген міндеттер негізінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы қабылданған болатын. Үкімет басшысы К. Мәсімов: «Осы бағдарлама арқылы халықты лайықты еңбек орнымен қамтамасыз ету - халықты әлеуметтік қорғаудың негізі. Осы арқылы адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шартын құру, қоғамдық байлықты арттыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға тиіспіз», - деп атап көрсеткен еді.
Қазақстан қоғамын ілгерілетіп, үлгілендіру көп ұлтты халқымыздың өркендеуіне қажетті әлеуметтік алғышарттарға баса көңіл бөлінді. Қазақстанда әлеуметтік бағдарға негізделген экономиканы өркендетудегі ең маңызды әлеуеті халықтың өмір сапасының деңгейін көтеруге қол жеткізіп, оны одан әрі дамыту деп біледі. Әлеуметтік бағдар ұстанған нарықтық экономика негізінен әлеуметтік мәселелерді шешуді міндет санайды. Соған сәйкес, мемлекет экономикалық мүмкіндіктерге орай өзгеріп отыратын әлеуметтік бағдарлама жасақтап отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайындағы әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік басқарудың теориялық және тәжірибелік сұрақтарын талдау, сонымен бірге мәселелерді шешу жолдары мен дамыту бағыттарын ұсыну, осыған сәйкес Республикамыздағы, облысымыздағы жүргізіліп жатқан шараларды анықтау.
Берілген дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен құралып, суреттермен, кестелермен толтырылған.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету барысында жұмыста келесідей міндеттер қойылды:
- әлеуметтік салаларды мемлекеттік басқарудың ілімдік негіздерін анықтау;
- Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы әлеуметтік сфера салаларының дамуын талдау;
- нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Респуликасының әлеуметтік сфера салалары жүйесін жетілдіру бағыттарын бағалау;
- қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әртүлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру.
- халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру.
- халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету.
- қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету.
- қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету.
- әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық үй т. б. ) дамыту.
- еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету.
1 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық аспектілері
1. 1 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні мен мазмұны
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық іс-әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады. Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілетін жұмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс көлемін алу туралы кепілдік береді. Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүмкіншілігін іске асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті болады. Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизімінің орны ерекше. Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмыссыздық пен кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т. б. Әлеуметтік сақтандыру - мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бөлігі әртүрлі себептерге байланысты, мысалы, өндірісте жарақат алған, жұмыскер жұмыс істеуге жарамсыз болып қалуы мүмкін. Бұл жағдайда ол табыс табу мүмкіндігінен айрылады. Осындай жағдайда қалыптасқан мәселені екі жолмен шешуге болады. Біріншісі - жұмыскер денсаулығынан келтірілген зақымға қарай белгілі салада көмек көрсетеледі. Бірақ бір жолғы жәрдем ұзақ уақытқа жеткіліксіз. Демек, екінші жолды - әлеуметтік сақтандыруды таңдаған дұрыс болады. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы - еңбекке қабілетсіз азаматтарға материалдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олармен тығыз байланысты заңдық фактілерін анықтау және дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқықтық саласы. Зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер көрсету мен бағып күтудің нақты түрлері болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің алуан түрлілігі әлеуметтік қамсыздандыру құқығын мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен мемлекеттік органдардың қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып қоймайды. Кең мағынасында әлеуметтік қамсыздандыру азаматтарды қартайғанша және еңбекке қабілетсіз болған жағдайда қамсыздандырумен, аналар мен балаларға қамқорлық жасаумен, азаматтарды сауықтырудың профилактикадан өткізудің және олардың еңбек қабілеттілігін қалпына келтірудің маңызды құралдары ретінде медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен байланысты мемлекет жүргізіп және қолдап отырғаны белгілі бір әлеуметтік-экономикалық шаралардың жиынтығын сипаттайды.
Сонымен, бүгінгі күндері Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғаудың және халыққа әлеуметтік кепілдік берудің жаңа мехенизмдері қалыптасуда. Республикалық және аймақтық деңгейде, өндіріс ұжымдары мен жеке адам деңгейінде әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктер түрлері мен нормаларын анықтау, олардың есептеу-жоспарлау әдістемелерін жетілдіру, заң жүзінде бекіту жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік нормативтер жалпы мемлекет, өндірісі әртүрлі әлеуметтік топтар мен еңбек ұжымдары деңгейінде анықталып, бекітіледі. Әлеуметтік нормативтер жүйесін үш салаға бөліп қарастыруға болады: 1) тұрғындардың барлығына ортақ әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер мен әлеуметтік қорғаулар; 2) қоғамның экономикалық белсенді мүшелеріне, яғни еңбекпен қамтылғандар мен уақытша жұмыссыздарға арналған әлеуметтік кепілдіктер мен қорғау шаралары; 3) қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің мүддесін қорғайтын және оларға белгілі мөлшерде әлеуметтік кепілдік беретін мемлекет шаралары. Нақты алғанда, бұлар: мемлекет тарапынан кепілдік беретін және анықталып, заң жүзінде бекітілетін жалақының, окладтар мен ставкалардың, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдем-төлемдердің шекті (ең төменгі) мөлшерлері.
Әлеуметтік мәселелерді реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді. Әлеуметтік саясат - бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз ету.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары:
- қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әртүлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру.
- халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру.
- халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету.
- қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету.
- қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету.
- әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық үй т. б. ) дамыту.
- еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету.
«Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады.
«Әлеуметтік саясат» ұғымы ежелден бастау алады. Адамзат дамуының тарихында бұл ұғым түрлі қоғам мүшелерінің қажеттіліктеріне байланысты өзінің негізгі функциясын орындап отырды. Оның астарында қоғам мәдениеті мен дініне негізделген әлеуметтік әділеттілік жатады.
Саяси тарихты талдау барысында көптеген ойшылдардың зерттеу пәні мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы және мемлекеттің атқаратын қызметі екенің көреміз. Бірқатар ғылыми мектеп өкілдері мемлекеттің құрылудағы басты мақсаты - ол өз тұрғындарының жағдайын жасау деген тұжырымға келді. Платонның айтуы бойынша «кез келген билік, ол билік болғандықтан, өзінің қамқорлығын басқа біреуге емес, тек өзінің бағыныштыларына жасайды», ал «берілген билеуші өзіне тиімдіні емес, бағынушыларына тиімдіні көздейді». Платон еңбек бөлінісіне негізделген, әлеуметтік бөліну мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Демек, ежелден-ақ қоғамның әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері көрінген.
Аристотель еңбектерінде «мемлекет өмір сүру үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін жаратылады», «мемлекет - …көмек көрсету мақсатындағы одақ», ал ең жақсы мемлекеттік құрылым деп, ұлы ғұлама әр адамның ізгілікте және бақытта өмір сүруіне мүмкіндік берген құрылымды мойындауды ұсынған. [2]
Т. Гоббс, И. Кант, Ф. Гегель және т. б. мемлекеттің өзінің азаматтары алдындағы міндеттерін әлеуметтік және ұнамды құндылықтардың негізі ретінде қарастырады. В. Гумбольдт «Идеи к опыту, определяющему границы деятельности государства» [4] мемлекеттің бейбітшілік, қоғамдағы қауіпсіздік, индивидтердің еркіндігі мен құқықтарын қорғау секілді заңды функцияларымен қатар әркімнің әл-ауқаты мен бақытын қамтамасыз ету деген әлеуметтік міндеттерін де көрсетті. Яғни, мемлекет қоғам тұрақтылығын, азаматтардың еркіндігін ғана басты міндетке алмай, сонымен бірге әрбір қоғам мүшесінің қажеттіліктерін қанағаттандырып, олардың бақытының баянды болуын да назардан еш тастамағаны дұрыс болып табылады.
И. Фихте мемлекеттің азаматтардың өмір жағдайының кезеңдерінде әлеуметтік қамсыздандыруға максималды қатысуы керек туралы «Замкнутое торговое государство» еңбегінде кеңінен талдап өтеді. [3]
О. Хеффе бойынша, «егер адамзат тұрмысы легитимди сипатта болса, онда ол біріншіден, құқықтық сипатта, екіншіден, құқық әділеттілік сапасында болуы керек, ал үшіншіден, әділетті құқық әділетті мемлекет сипатындағы қоғамдық тәртіппен қорғалуы тиіс». [4]
Т. И. Заславская «әлеуметтік саясат» ұғымын тар және кең мағынада қарастырады. Оның түсіндіруінше әлеуметтік саясат барлық халықты емес, оның ішінде мемлекет тарапынан қолдауларды қажет ететін белгілі бір әлеуметтік топтар жатады. «Әлеуметтік саясат» тар мағынада - бұл түрлі себептермен өмірдің қиын жағдайларында күн кешіп, жағдайларын түзеуге шамалары келмейтін қоғамдық топтар мен тұрғындарды қолдауға арналған мемлекеттік іс-шаралар кешені. Ал кең мағынада Т. И. Заславская негіздеуінше, әлеуметтік саясат аса күрделі және ауқымды мақсатты, яғни қоғамдық құрылым мен институттарды социалистік қатынастар орнатуға бағытталады. Әрине, бұл тұжырымның сол уақыт талабына сәйкес идеологиялық астары бар. [5]
«Әлеуметтік саясат» ұғымына Р. Барнер мынадай анықтама береді: «Әлеуметтік саясат - индивидтер, топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік мекемелер арасындағы қатынастарға араласатын, реттейтін және қалыптастыратын әдістер мен қоғамның қызметі мен принципі». [6]
«Әлеуметтік ұғымы» біздің әдебиетімізде ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды зерттеумен айналысқан неміс ғалымдары еді.
Әлеуметтiк мәселелер мемлекет үшiн ең басты мәселе болып табылады және солай бола бермек. Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-ші бабының 2-тармағына сәйкес «әркімнің еңбек шартын қорғауға, еңбек ақысын алуға және жұмыстың гигиеналық талаптар мен қауіпсіздікке» жауап беруіне құқығы бар. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары экономиканың тұрақтануы және жоспарланған экономикалық өсу тиiмдi әлеуметтiк реформаларды өткiзу үшiн алғышарттар жасалынды. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең басты басымдылығы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін әбден жетілдіру. Осыған байланысты негізгі жағдай жасайтын еңбек белсенділігін арттыру және еңбекке жарамсыз халықты қолдау, тұрмысы төмен әлеуметтік топтарды қамтамасыздандыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz