Балалар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І Тарау Балалар ұжымы және оның даму процесі

1. 1 Ұжымдастыру туралы ұғым және оның ерекшеліктері . . . 5

1. 2 Сабақ процесінде балалар ұжымын қалыптастырудың

мүмкіндіктері . . . 6

1. 3 Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері . . . 8

1. 4 Ұжым мүшелерінің имиджін тәрбиелеу . . . 11

1. 5 Ұжымның шығармашылық белсенділігін өзіндік жұмыс арқылы

дамытудың кейбір мәселелері . . . 17

ІІ Тарау Мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығы мен байланысының әдістемелік жолдары

2. 1 Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің

кәсіби қызметтері . . . 23

2. 2 Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі . . . 26

2. 3 Ұжымдық оқыту тәсілін қолдану арқылы балалар

ұжымын қалыптастыру . . . 28

  1. Бастауыш сынып ұжымының танымдық қызығушылығын

арттырудың әдістемелік бағыттыры . . . 35

Қорытынды . . . 49

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 51

Қосымшалар . . . 53

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Балалар ұжымының жеке тұлғаның қалыптасуына қосатын үлесі, яғни балалар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала ұйымдастырудың негізгі формасы. Тәрбиенің басты міндеті - балаларды дамытудың әр түрлі деңгейіне бара - бар қатынастың қазіргі кездегі тәжірибесін форма есебінде беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жаңа, неғұрлым жоғары қоғамдық қатынас деңгейіне бағыттап дайындау. Адамның тұтас жеке басын қалыптастырудың аса маңызды шарты мен құралы - балалар коллективі болып табылады. Ол жалпы да өзіне тән белгілердің жиынтығын сипаттайды. Психологиялық көзқарас тұрғысынан « коллектив-ұжым» баланың қоғамдық байланысы, қатынасы қалыптасатын, оның психикалық дамуы жүретін, ғылыми дүниетанымы және өзіндік мінез - құлқы қалыптасатын қоғамдық организм.

Балалар ұжымының ерекшелігі - ересектердің балаларды біріктірген кезде, олармен қатынас құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында. Балалар ұжымы өсіп келе жатқан жеке адамды біріктіре отырып, бұл тұрғыда тәрбие функциясын жүзеге асырудың шарты мен құралын жасайды .

Қазіргі заманның жағдайдың талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмірмен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Сонымен қатар, балалар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбек жасампаздырын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы болу осы өзекті мәселесі болып табылады.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің биылғы халыққа арналған «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн» деп атап көрсетті.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының ұжымдық іс - әрекетін қалыптастыру, оларды әртүрлі іс - әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

Сондай - ақ балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін балалардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық балалардың күш - қуатын нығайту.

Зерттеудің міндеті :

- ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;

- топта да, бүкіл мектепте де балалардың ұжымдық белсенділігін арттыру;

- болашақ үміт дүниесі яғни іс - әрекет жүйесін құру, осы іс - әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып, бір міндет шешімімен екіншісіне ұжымды қозғалту;

- әрбір баланың өз тобының өмірі мен бүкіл мектеп ұжымының өмірімен жұмысын байланыстыруға ынталы болуына ықпал ету;

- барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуін анықтау;

- ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;

Зерттеу әдісі: Сабақ кездерінде балалар ұжымын дұрыс ұйым-астыруда психологиялық - педагогикалық әдістердің бірі - әңгіме әдісі, тест әдісі, байқау әдістерін қолдану.

Теориялық қолданымы: Балаларды ұжымдастырудың тиімді жолдарын табуды және ұйымдастыруды жалпы ұжымдастыру әрекетін жүзеге асыру.

Практикалық қолданымы : Зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы білім беретін мектеп оқушыларын оқыту процесінде енгізілген жағдайда, балалардың ұжымдық іс - әрекетін қалыптастыруға кең мүмкіндік жасайды. Педагогикалық жетекшілікті балалардың өз қызығушылығына, ынтасына, тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру.

І Тарау Балалар ұжымы және оның даму процесі

  1. Ұжымдастыру туралы ұғым және оның ерекшеліктері

Ұжым (коллектив) - балалардың жеке басының тұрақты адамгершілік қасиетін неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалып-тастырудың шарты. Балалар ұжымы (коллективі) тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. Әрбір бала осы ұжымның (коллективтің) мүшесі, сондықтан да балалар тобына ұжымдық (коллективтік) іс - әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыру керек. Ұжымда әрбір баланың дербестігін, инициативасын көрсетіп, даралығын дамыту үшін жағдай жасалынып, сонымен қатар оның адамгершілік өрісі, оның моральдық ерік сапалары да қалыптасады [1] .

Ұжым балаға екі жақты: жеке адамға терісті ғана емес, оңды да әсер етуі мүмкін. Бала басқа адамдармен қарым - қатынассыз өзіне қажетті адами қасиеттерді игеруі мүмкін емес. Сондықтан «ұжым» оған қажет . Әр педагог практикада мынадай күрделі мәселеге тіреледі: ұжымды басқара отырып оның оңды жағын қалай көтеруге және оның терісті жағының балаға әсерін төмендетуге болады. Баланың жеке басына оңды әрі жан - жақты әсер ету үшін - топтық ұжым жеке адамның дамуына әсер ететін іс - әрекет түрлерін енгізу керек. Практикада көптеген топтық ұжымдар бір ғана іс - әрекет түрімен айналысады . Мұнда бала жан - жақты, жеке адам болып дамуына мүмкіндік ала алмайды. Бұдан шығудың бірден - бір жолы - баланы бірнеше топтық ұжымға ендіру, іс - әрекеттің әр түрлі түрімен айналыстыру. Әр түрлі іс - әрекет түрлеріне қатыса отырып бала әр түрлі жекелік маңызды сапалар түрін игереді. Мұнда әр бала ұжымын адам іс - әрекетінің әр түрлі аймағынан хабары бар 2-3 педагог басшылық етуі керек [ Қосымша 1 ] .

Балалар ұжымының ерекшелігі - ересектердің балаларды біріктірген кезде, олармен қатынас құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында. Балалар ұжымы өсіп келе жатқан жеке адамды біріктіре отырып, бұл тұрғыда тәрбие функциясын жүзеге асырудың шарты мен құралын жасайды [2] .

Топ ұжымының жұмысы негізінде мектеп басшылығымен жүргізіледі. Топты ұжым деп атау үшін мұнда тәрбие жұмысының дұрыс жолға қойылуы шарт және оның белгілі бір критерилері кездеседі:

  1. Ұжымдағы балалардың мақсаты мен талабы бір келуі керек;
  2. Балалар топтың мүддесін өзінің жеке мүддесінен жоғары санап, өзінің ісін ұжымның талабына бағындыруға ұмтылуы тиіс;
  3. Балалар ортасында өз пікірін еркін айту;
  4. Ұжымда белгілі - бір істер туралы шешім аларда мұны әкімшілік ретінде жүргізбей, көпшіліктің пікірімен санаса отырып алынуы шарт.

Осы критерилердің бірі болмаған жағдайда, сыныпта ұжымның негізі толық қалыпта[17, 18] . сқан деп айту қиын.

Ұжымның балалар үшін өзінше қоғамдық орта болғандықтан, мұның әрбір жеке оқушының тәрбиеленуіне әсері үлкен.

Баланың өз мүмкіншілігін өзі дұрыс бағалауы үшін ұжымның атқаратын ролі зор .

1. 2. Сабақ процесінде балалар ұжымын қалыптастырудың мүмкіндіктері

Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Бастаукыш мектеп балалар ұжымы - бұл іс-әрекетімен ( оқу еңбек т. б. ) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.

Бастауыш мектепте ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар балалардың еңбек бірлестіктері т. б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.

Балалар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым не қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді [3] .

Балаларды тәрбиелеуде және олардың бос уақытын мазмұнды өткізуде бұл жұмыстың көпшілікті қамтитын түрін таңдаған тиімді.

Бастауыш мектепті басқару және педагогикалық ұжымның қызметін жақсарту үшін жыл сайын бастауыш мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспары жасалуы тиіс. Бұл жоспарда мектеп директорының, оның орынбасарларының және оқу-тәрбие жұмысының барлық буындарының қызметі ескеріледі. Осыған орай жылдық жоспар мынандай бөлімдерден құрылуы тиіс [ Қосымша 2 ] .

1. Кіріспе бөлімі. Өткен жылғы тәрбие жұмысын
талдау және алға қойылған оқу-тәрбие үрдісінің негізгі
мақсатгарын белгілеу;

2. Педагогикалық кеңестің қызметі;

3. Педагогикалық ұжымның балалардың жаппай оқуға тартылуын қамтамасыз етуі;

4. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оны сапасын жетілдіру;

5. Сыныптан және мектептен тыс басшылық жасау;

6. Балалардың өзін-өзі басқаруына бийлік жүргізу, кеңес беру;

7. Балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу.

Жоспардағы әр бөлімнің мақсатына лайықты жұмысының формасы аныкталады. Бастауыш мектеп жоспары педагогикалық кеңесте бекітіледі. Орындалуына мектеп басшылары тарапынан бақылау жасалады.

Педагогикалық ұжымның күш-қуатын жасау арқылы оқу-тәрбие үрдісінің аса маңызды міндетін орындауға, балалар ұжымына басшылық кабілетті, өз айналасына ата-аналар мен жұртшылық топтастыра алатын іскер, біртұтас мектеп ұйымдастыруға бар ынта-жігерін арнау - басшының негізгі міндеті. Бұл міндет -бастауыш мектептің педагогикалық ұжымының әрбір мүшесінің міндетіне де айналуы тиіс.

Тәрбие жұмысына басшылық жасағанда бала отбасында, ұжым және ұжымнан тыс тәрбиелену жәйін ескеріп отырғаны абзал [4] .

Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінін керек екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда ұжым - тәрбиенің манызды кұралы.

1. 3 Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері

Балалар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А. С. Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты [5, 7] .

Бірінші кезеңде балалар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім топ өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептегі іріктірілген окушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.

Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқуларға сүйену керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл топ белсенді ынталы жұмыс істейтін балалар тобың көбейтуге және балалар тәрбиешілердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.

Бірінші кезеңі аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:

- ұжымды нығайтуға бағытталған (мақсаттарды анықтау)

- ұжым іс әрекетінің дамуы;

- жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік гуманистік қатынастардың пайда болуы;

- барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобын
бөлінуі.

Бұл кезеңде мұғалімгің негізгі қызметі - балалардың ұжымдық іс-әрекетгн ұйымдасгыру, оларды әр түрлі іс-әреттеріне қатыстыру ұжымды балаға педагогикалық ықпал жастайтын құралға айналдыру.

А. С. Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбиелік ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қызметімен тұрақты органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс- әрекеттерін бақылау т. б.

Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен, байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін балалардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық балалардың күш қуатын нығайту.

Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау прниципті қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық, (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, балалар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.

Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір ұғымдар және кұбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік - қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.

Балалар ұжымын нығайту мен калыптастыру аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты перспективаны таңдау. Осыған орай, А. С. Макаренконың территориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн [9, 10] .

Жақын перспектива - бүл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс - әрекеттіне ынталандыру, қызықтыру. «Егер балалар алдында куанышты, қызықты істер болмаса, да олар өмір сүре алмайды. А. С. Макаренко адам «өмірінің шын ымталандыруды ертеңгі қуаныш» - деді.

Жақын перспективаға жарыс, саяхат жексембілік серуен, цирк, музей және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т. б. жатады.

Орта перспектива - бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарна қатысу әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікір талас өткізу т. б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға балалар өте куанышты болады.

Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына жатады.

Қоғам адамдары кашық перспектниа арқылы мүмкіндігін ше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.

Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің, міндеттері:

  • Біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін тандап білу;
  • Екіншіден, балалардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.

Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы А. С, Макаренконың сезімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді.

Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде түрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, сонғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т. б. Барлық дәстүрлер үшін жалпы мәселе ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылыкпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.

Дәстур - бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдары адамдардың қатынастарын керсететін нормалар мен принциптер болып табылады.

1. 4 Ұжым мүшелерінің имиджін тәрбиелеу

Бастауыш мектеп ұжымдағы педагогтар арасында түрлі қарым-қатынастылықтар орын алады, соның ішінде өнегелілік. Ұжымның имиджі жекелей тұлғалық ерекшеліктерден тәуелді болады: адалдық, адамгершілік, өз ісіне беріле қарым - қатынасушылық. Сонымен қатар, ұжымда өмір сүрудегі өнегесіздік стереотиптері қалыптасады. Осы мәселелерге байланысты, өнегелілікпен өнегесіздікті нақтылай анықтау қажеттілігі туындайды. Егер, осы ұғымдар мейірімділікпен қиянаттылықтың нақтылай тұрғысында қолданылатын болса, онда ұжымның жұмыс істеу тиімділігімен өнегелілік көрсеткіштері жақындайды. Тиімділік өнегелі бола алады, егер тиімдсіздікке қарсы тұра алатын болса. Адамның тағдыры өз мақсаттылықты болып, ол адамдар арасындағы қарым - қатынастылықтар осы идеалға, ұжым имиджін құруға қажетті шарттарды құруға қызметтелетін болса тиімді, нәтижелі қол жетістіктерге жетуге болатыны сөзсіз. Ұжым имиджінің негізгі құрамы ұжымдағы қалыпты өнегелі - психологиялық орта. Ол орта адамдардан өзара қарым - қатынастылықтарына байланысты. Әдебиеттерде, менеджердің өз қызметшілерімен араласуы, қарым - қатынасуының үш негізгі стилін бөліп қарастырады: директивті (авториторлы), қылмысқа жол берушілік (либералды) және демократиялық [12] .

Ұжымдағы қарым -қатынастылықтың директивті стилінде барлық белсенді іс - әрекеттер жаншыла отырып, жеке тұлғаның өз бетінше іс - әрекеттелуіне мүмкіншілік бермейді. Қылмысқа жол берушілік стилі - орындалатын ісімен қызметіне толық селқостылық ерекшеленеді. Адам өз ісімен қызметінің нәтижелігіне қызықпайды. Өндірістік ұжымдағы демократиялық стиль қолайлы өнегелі - психологиялық ортаны қалыптастыруға мүмкіншілік жасайтын жұмысшылар мен қызметкерлердің өзара тығыз араласуына жағдай жасайды. Осы бағытта жеке тұлғаның ерекшеліктері мен білім деңгейлері тиімді қолданылады.

Осы аталған ұжымда қызмет бабы бойынша алған қозғалу, мақсаттылық бағытында әрбір адамның, ұжым мүшесінің үлес қосу қызметтерінен негізделген. Егер мектеп директоры оның қол астындағы қызметкерлер үшін мақсаттылық түсінікті болмаса, позитивті имиджге жету мүмкін емес. Бастауыш мектеп ұжымымен іскер қатынастылықты ауызбіршілікті табу, оңтайлы еңбек ету сезімдерін ояту, әрбір оқушыны білікті тәрбиелеу үшін, мектеп директоры ұжым алдына әлеуметтік маңызы зор мақсатты қояды. Бірлесе, әрекеттесе, қызметтесе отырып, ұжым осы мақсаттылыққа жету жолын анықтап алады. Позитивті имиджге жету және оны құра білу, қоғамдық алаптың көзқарастары жеке тұлғаның өз білімі мен тәжірибесін толықтыруға, тәжірибелер алмасуға, мақсаттылықты іске асыруға, өзге адамдарды өзара түсіністілікке үйретуге жетелейді. Ұжымда тиімді құрылуында жүктелген іске, қызметке жекелей жауапкершілік пен қарау, оны өз уақытысында орындай білу ерекше мәнге ие. Мектеп директоры мен қызметкерлердің жауапкершіліктері парыз ретінде көрініс таба отырып қызметтелуі тиісті, атап айтатын болсақ, ұжымдағы талаптарға байланысты жеке тұлғаның дара іс - әрекеттерінің әлеуметтік маңыздылығын ой - саналуы, нақтылай шарттарды есепке ала отырып талаптарды орындау, жүктелген міндеттемелерді шешу. Мектеп директорының жауапкершіліктері бірқатар артықшылықтарменен ерекшеленеді. Ол артықшылық кәсіби іс - әрекеттіліктер мен кәсіпорынның, мекеменің жалпы және жекелей мәселелерін шешудегі шығармашылық әдістемелермен, тәсілдерменен болжанады. Ол өнегелілікпен сипатталды, себебі өндірістік іс - әрекеттіліктер, қызметтер моралды - этикалық мазмұндала отырып тұлғалық құнды ерекшеліктерді дамытуға бағытталған. Басты құндылық адамның өзі болып табылатын демократиялық шарты қоғамда, адамдар арасындағы қарым - қатынастылықты және жеке адамның өзін жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттер басты әлеуметтік маңыздылыққа ие. Ал мұның өзі, өндірістік немесе өндірістік емес ортадағы маманға терең гумманитарлы міндеттемелер мен жауапкершіліктерді жүктейді [13] .

Қазіргі заманғы экономикалық қатынастылықтар жеке тұлғаның ұжым мүшелерімен өзара қатынасуындағы жоғарғы моралды жауапкершіліктерді талап етеді. Егер, мектеп директоры мен қызметкерлерінің бойындағы жауапкершілікке деген сезімдері тиісті дәрежеде болса, психофизиологиялық деректері (ептілік, ой-өрісі, санасы) жоғары болғанымен де, ондай тұлға қажетті дәрежеде жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ете алады. Қызметкерлепмен жұмыстар атқаратын тұлғаның бойындағы жауапкершілікке деген сезімінің жоқтығы орны толтырылмас шығынға жетелуі мүмкін.

Жұмысшы мен қызметшінің жауапкершілік сипаттары оның іс -әрекеттілік мазмұнымен анықталады. Атап, айтатын болсақ, директордың жауапкершілік спецификасы, жекелей мінез - құлықтарымен ғана емес, сонымен қатар, оның жұмыстағы әріптестері, ұжым мүшелерімен сапалы, жауапкершілікті ерекшеліктері мен көрсеткіштері арқылы сипатталады. Сонымен, өз қол астындағы педагог-қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне деген жауапкершілік -мектеп директорының жекелей тұлғалық жауапкершілігі.

Бастауыш мектепте ұжымды дамытудағы ең маңызды шарт - ол тәртіптілік, тұлғалардың жауапкершіліктері. Осы аталған деректі ерекшеліктердің жоқтығы тиімді іс-әрекеттіліктің мүмкіншілігін кемітіп қана қоймай, сонымен қатар, ұжымның қоғамдық ортада қызметтелуін проблемаландырады. Тәртіптілік -бастауыш мектеп ұжымының арасында сенімділік, ізгілік, өнегелік қарым- қатынастарды құруға шарттастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Оқушылар ұжымы — тәрбиенің шешуші факторы
Бастауыш сынып оқушыларына бiлiм беруде ұжымдық iс-әрекетке тәрбиелеу
Оқушылар ұжымы
Адамгершілік тәрбие механизмі
Ұжымдық тәрбиенің обьектісі мен субьектісі
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызы құралы
Оқушылар ұжымын зерделеу әдісі
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz