Негізгі құралдардың жөндеу шығындары есебінің аудиті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5

  1. Негізгі құралдар есебінің теориялық мәні . . . 5
  2. Шаруашылық субъектінің экономикалық сипаты . . . 9
  3. Субъектінің есеп саясаты . . . 14

2 НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ . . . 21

2. 1 Негізгі құралдарды бағалау және тану . . . 21

2. 2 Негізгі құралдардың қозғалысының есебі мен талдауы . . . 27

2. 3 Негізгі құралдардың амортизациясы және есептен шығарылуы . . . 32

3 НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ АУДИТІ . . . 48

3. 1 Негізгі құралдардың қозғалысының аудиті . . . 48

3. 2 Негізгі құралдардың амортизациясы есебінің аудиті . . . 56

3. 3 Негізгі құралдардың жөндеу шығындары есебінің аудиті . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67

АННОТАЦИЯ . . . 69

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі күні әлем адамдарға қарағанда жылдамырақ өзгеруде. Бүгінгі күннің реалийлері шекараларды өшіріп, арақашықтықты жақындатып, қазіргі заманғы коммуникациялар құралдарының мүмкіндігін арттыруда, әртүрлі елдердегі адамдардың күнделікті өмірін қазіргі заманның бүкіл сан-алуандығымен байытумен олардың арасындағы байланыстарды кеңейтуде. Бұл әлем өзінде аса бағалы құндылықтарға жылдамдық пен уақыт айналып келе жатқан, ресурстар мен ақпаратты, қаржылық және адамдар ағынын белсенді түрде шоғырландырып жатқан ортақ жаһандық кеңістікке айналып келеді.

Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін негізгі қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, ма-териалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек кұралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек кұралдарының құрамы сырткы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте кайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

Негізгі кұралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді. Осы негізгі кұралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және кұрал-жабдық) ; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен кұрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.

Кәсіпорын мүлкінің есебі мен бастапқы бақылауын дұрыс жүзеге асыру үшін есеп саясаты қабылданады. Онда таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық мөлшері, ағымдағы топтасыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қортынды шолу фактілері кәсіпорындардың есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат-бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

Егер бүгінгі күнге дейін біз көптеген Қазақстандық компаниялардың халықаралық қаржылық есептілігінің стандартына (ХҚЕС) өтуіне қатысты болашақтағы уақытпен айтып келген болсақ, міне, сол уақытта келіп жетті. 2007 жылғы 1 қаңтарынан бастап «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы ұйымдарының барлығы дерлік ХҚЕС-қа сай қаржылық есеп жасауға тиіс. Заңнаманың осы талабының шын мәнінде іске асуы көптеген қиыншылықтарды туғызып отырғаны жасырын емес.

Сондай қиыншылықтардың бірі негізгі құралдардың амортизациясын есептеуде де туып отыр. Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуіне байланысты амортизацияны есептеуде де көптеген өзгешеліктер пайда болды. Субъект негізгі құралдар объектісінің құнын жинақталған амортизацияның және құнсызданудан жинақталған залалдың бүкіл сомасын шегергендегі оның өзіндік құнымен ескеруге тиіс.

Үлкен кәсіпорындарды санамағанда, өндірістік қызметпен айналысатын көптеген кәсіпорындар азғантай негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді пайдаланады. Сондықтан ұзақ мерзімді активтер мен оларға сәйкес шаруашылық операцияларға ішкі бақылау процедуралары жеке көлемді жасалмайды, өйткені арнайы бақылауға кететін шығындар көлемі өзін-өзі ақтамайды. Осы айтылғандардың барлығы дипломдық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - негізгі құралдардың маңыздылығын ашып көрсетіп, оның есептелуін, талдауын және аудитін халықаралық қаржылық есеп стандартының заңдылықтырына сәйкес қарастыру.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды: негізгі құралдар есебінің теориялық аспектілерін; субъектінің экономикалық сипатын; есеп саясатын ХҚЕС сәйкес ұйымдастыру; негізгі құралдардың жекелеген түрлерінің есебіне талдау, негізгі құралдары бағалау, тану, қозғалысының есебі және олардың аммортизациясы мен есептен шығаруын; негізгі құралдар есебінің аудитінің ерекшеліктері мен туындайтын қателіктерді жете зерттеу болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде АҚ «Казпошта» алынды. Оның негізгі қызметі байланысы саласында уәкілетті органмен бекітілген түрлері мен көлеміне сәйкес мемлекеттік пошта төлемдерінің белгілерін шығаруды ұйымдастыру болып табылады.

Бухгалтерлік есеп жүйесіннің тәжірибесі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру процесін талдауға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді. Осы мәселелерге төмендегі қаржы ресурстары мен бухгалтерлік есеп мәселелеріне қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған: Радостовец В. К., Габдуллин Т. Ғ., Шмитд О. И., Әбдіманапов Ә. Ә., Кеулімжаев Қ. Қ., Әжібаева З. Н., Құдайбергенов Н. А., Назарова В. А. т. б.

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Негізгі құралдар есебінің теориялық мәні

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек кұралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек кұралдарының құрамы сырткы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте кайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

Негізгі кұралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді. Осы негізгі кұралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және кұрал-жабдық) ; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен кұрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 ХҚЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік баскару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін кажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) . Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шакқандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) кажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған [1, 21б. ] .

Иелігіне қарай негізгі құралдар - меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі кұралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған кұралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аякталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 2411 "Жер", 2412 "Үйлер мен ғимараттар", 2413 "Машиналар мен жабдықтар", 2414 "Көлік құралдары", 2415 "Компьютерлер, перифериялық қондырғылар және деректерді өңдеу жөніндегі жабдық", 2416 «Кеңсе жихазы», 2417 «Өндірістік құрал - саймандар мен керек жарақтар» шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі кұралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уакытша пайдаланбайтын негізгі кұрал - жабдықтар. Қордатұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал - жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі [1, 37 б] .

Заттық кұрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) керінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі кұралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне карай мынандай түрлерге (топтарға) белінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық, көлік кұралдары, кұрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:

  • жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;
  • ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге катысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
  • өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу кондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
  • машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген кұралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті коса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
  • күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер) .
  • жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) ;
  • өлшеу жане реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;
  • есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, баскарушы және басқа есептеу машиналары) ;
  • басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) ;
  • көлік кұралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
  • құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
  • өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
  • шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінін заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік объекті бола алады;
  • жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
  • көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
  • жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту) ;
  • басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі құралдардардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Кәсіпорында негізгі құралдардыңесебін дұрыс жүргізуі үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралға түгендеме номері беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді. Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір обьектісіне типтік ведомствалық түгендеу карточка ашылады [2, 56 б] .

Негізгі құралдар - өнім өндіру, қызмет көрсету және жұмыс орындау кезінде еңбек құралдары ретінде қолданылатын мүліктердің бөлігі.

Негізгі құралдар есебі бойынша қарастырылатын сұрақтар:

  • Негізгі құралдарды активтердің топтары бойынша топтастыру, жою құнын анықтау туралы және негізгі құралдарды әділ құны бойынша бағалауды кімнің жүргізуі тиіс. ХҚЕС-на көшу кезінде осы мәселелердің қалай шешілетіні қарастырылады . ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдарды есепке алу тақырыбының жалғасы ретінде шоттар корреспонденциясын ұсынылған.
  • Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау.
  • Жалпы кәсіпорынның негізгі құралдарының сатып алуы, есептеу ерекшеліктері, тозу және жөндеу есебі және есептен шығару және т. б. Шаруашылық субъектінің экономикалық сипаты

Кербұлақ ауданының АҚ «Казпошта» - бұл Қазақстанның барлық тұрғындарының тікелей байланыс жасайтын жүйе болып табылады.

АҚ «Казпошта» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы «Республикалық мемлекеттік пошта байланысы кәсіпорынның және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы»№1940 Қаулысына сәйкес құрылған.

Қоғам Жарғы капиталына 100% мемлекеттік қатысуымен ұйымдастыру- құқықтық нысанындағы акционерлік қоғам болып құрылған заңды тұлға. Өз қызметін осы Жарғыға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

Қоғам мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. Пошта байланысы саласында уәкілетті органмен бекітілген түрлері мен көлеміне сәйкес мемлекеттік пошта төлемдерінің белгілерін шығаруды ұйымдастырады;
  2. Хаттардың (жай, тапсырысты, құндылығы жарияланған), пошта карточкаларының (жай, тапсырысты), бандерольдардың, сәлемдемелердің (қарапайым, құндылығы жарияланған), ұсақ пакеттер мен пошта контейнерлерінің қабылдануын, өңделуін және табыс етілуін қамтамасыз етеді;
  3. Пошта арқылы ақша аударуды жүзеге асырады;
  4. Жеделдетілген және курьерлік пошта қызметін көрсетеді;
  5. Дүниежүзізілік пошта конвенциясында және оның Атқарушы регламентінде Дүниежүзілік Пошта Одағының басқа да актілерінің, арнайы баланыс жөнелтілімдерін алмасуды тоқтату туралы үкіиетаралық келісімдерде қарастырылған міндеттемелерге сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерінің қабылдануын, жөнелтілуін, жеткізілуін және табыс етілуін табыс етілуін қамтамасыз етеді;
  6. Және басқа да көптеген қызметтер атқарады.

Бүгінгі ТМД территорияларында бірінші рет пошталық - жинақтық жүйе Қазпошта құрылған және қазіргі таңға дейін орталықтандырылған және дамыған жүйе болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан пошталарында - 21000 адамдар, 3200 бөлімдер басқа да мемлекеттермен байланыс жасайтын, 14 облыстық және 4 филиалдары бар . Қазақстандық пошталарды көп функционалды қаржылық супермаркетке айналдыру үшін тыңғылықты жұмыстар атқарылуда. Ол үшін бірыңғай база құрылды. Халықаралық рейтингтік агенттіктің көмегімен «STANDARD BOOS» 2005 жылы АҚ «Қазпошта» ұзақ мерзімді рейтингтің ВВ+, «Стабильный» KZAA - айтуынша Қазпошта жақсы дамып келе жатқан кәсіпорын ретінде танылады. 2006 жылы қаңтарынан бастап, АҚ «Қазпошта», «Самұрық» мемлекеттік холдинг құрамына кірді. Бұл құрылған институттың дамуының басты мақсаты - бұл корпоративті басқару, мемлекеттік қызығушылықтарды қорғау және макроэкономикалық тұрақтылықты болашақта қамтамасыз ету.

Компаниялардың Директорлар Кеңесінде 2007-2009 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы жасалынды, онда ұлттық пошта операторларының кұрылымын модернизациялауды қарастырды. Бұл модернизациялаудың мақсаты - пошталық байланыс бөлімдерін, ақпараттық, коммуникациялық және банктік жабдықтармен қамтамасыз ету.

2006 жылы мамырда Қазпошта нарықта бағалы қағаздармен трансфер - агенттік қызметтерді жүзеге асыруда лицензия алды. Қазіргі таңда АҚ «Қазпошта» бағалық қағаздар нарығында өз қызметін жетілдіріп келеді. Бұл жерде екі негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады. Бірінші, «Қазпост - секьюритиз» деп аталатын уникалыды пошталық сектор жобасы жасалды. Ол Алматы қаласында Аймақтық қаржылық орталығында бағалы кағаздармен жүргізілуге бағытталған. Екіншіден, АҚ «Қазпошта» бағалы қағаздар нарығында трансфер - агенттік жолы арқылы АҚ «Қазтелекомның» жай акцияларының көлемі 4, 6% мемлекеттік холдинг «Самұрыққа» сатуы болып табылады.

Қазақстан Республикасында ЕМS халықаралық қызметтерінің автоматтандырылған жүйесінің дамуы болып табылады, 2006 жылғы қорытындысы бойынша «ЕМS КАZРОSТ» қола деңгейіне ие болды. Қазіргі таңда «IРS-LIGНТ» халықаралық жүйесі барлық облыс орталықтарында орнатылған. Және бұл жұмыс «INТЕRNАТIONАL РОSТ СОRРОRАТION» компаниясы арқылы жүзеге асырылады.

Компанияларды басты орында - өндірістік фондтарды

модернизациялау болып табылады. 2006 жылы пошта жинақтық құрылымды дамыту үшін 2, 5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде, өндірістік объектілерді, компанияларды, пошталық жабдықтар мен көліктік парктерді жаңартылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар есебінің аудиті
Шығындар аудитінің экономикалық сипаттамасы
Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы
РПК Бектау ЖШС
Аудит
Көмекші өндірістің сипаттамасы
Өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы және кәсіпорынның негізгі сипаттамасы
Шығындар аудиті
Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығарудың аудиті
Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz