Негізгі қор кәсіпорынның негізгі капиталы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ 3

1 НЕГІЗГІ ҚОРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Негізгі қор кәсіпорынның негізгі капиталы 6

1. 2 Амортизациялық шығынның амортизациялық мәні 10

1. 3 Нормативтік - құқықтық база және негізгі қорды бағалау 19

2 НЕГІЗГІ ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ

2. 1 «Отау құрылыс» ЖШС - ның ұйымдық құрылымы 30

2. 2 «Отау құрылыс» ЖШС - ның экономикалық - шаруашылық іс -

әрекетін талдау 33

2. 3 «Отау құрылыс » ЖШС - ның қаржылық жағдайын талдау 39

3 НЕГІЗГІ ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Негізгі қорды жаңартудың тиімділігі 42

3. 2 Бірфакторлы модель жүйесінде негізгі қорды қайта бағалау 49

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қосымша А Негізгі қордың сапалық және сапалық жағдайының

микро және макроэкономикалық нәтижеге тигізетін

әсерінің имитациялық моделі

Қосымша Б Амортизациялық қордың құрылу мен таратылуы

КІРІСПЕ

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі - кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше қалай және не өндіру, қандай мақсатқа және оның қарамағындағы ресурстарды қайтіп пайдалануды шешеді. Ондай материалдық ресурстарға: материалдық-техникалық, еңбек, қаржылық және ақпараттық т. б. жатқызуға болады.

Сонымен, экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек.

Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы он жылдықта әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.

Ұлттық экономика тиімділігінің негізін елдің табиғи және еңбек ресурстары мен ғылыми-техникалық әлеует құрайды. Экономиканың жаңа сапалы жағдайына өту инновациялық қызметтің маңыздылығын, ғылым сыйымды өндіріс дамуын жоғарылатты, бұл - экономикалық дағдарыстан шығудың және экономикалық өсім үшін шарттарды қамтамасыз ететін маңызды фактор. Экономикалық сферада инновациялық қызметтің мазмұны материалдық салада жаңашылдықтарды құру және тарату болып табылады. Ол - ғылым мен өндірістік сфера арасын байланыстырушы буын.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметі - қоғамның жаңашылдықтарда қажеттілігін қанағаттандыру үшін олардың өндірісінің жаңа әдісін, тауар не қызметтің жаңа түрін алу мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетін қолдану бойынша шаралар жүйесі.

Қазіргі заманғы экономика материалдық қамсыздандыруды өзіндік күштермен құруға бағытталған экономикалық тәуелсіздікке ұмтылатын адамдардың бірлестігі болып табылады. Осындай адамдар болу үмітінен өркениетті, тиімді нарықтық экономикаға өту басталады. Экономикалық революцияның нақ осы түрі бүгінгі күні қоғамға қажет. Инновациялық жоба - инновацияларды енгізуге бағытталған және инвестициялар қарастырылатын, сондай-ақ белгілі уақыт ішінде жүзеге асырылып, аяқталған сипаттағы шаралар. Жаңашыл жобаны құру - ұзақ, қымбат және өте тәуекелді үрдіс. Инновациялық жобалар инновациялық циклдің барлық кезеңдерінде жоғары анықталмағандықпен сипатталады. Сонымен қатар, тәжірибеден өткізу және өндіріске енгізудің барлық кезеңдерінен өткен жаңашылдықтар нарықта қабылданбай, олардың өндірісін тоқтату керек болады. Көптеген жобалар құрудың алғашқы кезеңінде үміт еткен нәтижелер беріп, кейін анық емес немесе техникалық-технологиялық перспективада жабылуға тиісті. Тіпті сәтті деген жобалар сәтсіздіктерден кепілденбеген: өмірлік циклінің кез келген сәтінде олар бәсекелесінде жаңа перспективалы жаңашылдықтың пайда болуынан сақтандырылмаған.

Жаупкершілігі шектеулі серіктестіктердің жаңашыл үрдістердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi. Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін мынадай негізгі мәселелерді көрсетуге болады:

  • тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды нарыққа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi;
  • технологиялық жаңа әзірлемелерді енгiзудiң және оларды нарыққа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа әзірлемелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi;
  • инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлық қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;
  • ішкі нарықта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа әзірлемелерге төлемқабілетті тапсырыстың болмауы.

Мемлекетіміздің аталған экономикалық саясатын іске асыруда кәсіпорындардың атқаратын ролі өте зор, себебі олар қоғамдық өндірістің негізгі буыны болып табылады. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында әртүрлі меншік түріндегі кәсіпорындар техника мен технологияны пайдалана отырып өз қызметін бәсекеге қабілетті етеді. Ал олардың бәсекеге түсетіндей өнім өндіруі (қызмет көрсетуі), осы өндірілген өнімдердің (көрсетілген қызметтердің) жоғары сапада болуы сөзсіз.

Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.

Жаңа құрылысқа көп күрделі қаржы жұмсау, өндіріске қосымша еңбек ресурстарын тарту, шикізат және отын-энергетика базасын ұлғайту - осының әр қайсысының өзіндік шегі бар. Ал керісінше, экономикалық өсудің интексивтік негіздерінің: еңбек өнімділігі мен қор қайтарымын арттырудың, өнімге жұмсалатын материалды азайтудың және өнімнің сапасын жақсартудың, шын мәнінде, шегі жоқ деуге болады. өндірістің тиімділігін бейнелейді әрі осы тиімділікке себепші болады.

Техникалық прогресс жағдайында құрал-жабдықтар жаңарып, ескі жабдықтарды ауыстырып өнімділігі биік механизмдер пайда болуда. Негізі қорды қайта құруға жұмсалған қаржы-қаражаттын тиімді болуына құрал-жабдықтардың қызмет ету мерзімі көп әсер тигізеді. Сондықтан негізгі қорларды тиімді және үнемді пайдалану - кәсіпорынның басты мақсаты болып отыр.

Зерттеудің мақсаты: Кәсіпорынның бәсекелестік деңгейін көтеру мақсатында негізгі қорлардың жаңару және қайта құрылу сұрақтары негізгі мәселенің бірі болып табылады. Осыған орай негізгі өндірістік қорлардың пайдалануын және қайта құрылуын қарастыру зерттеудің мақсаты болып қойылды.

Зерттеудің міндеттері:

  • негізгі қордың теориялық сұрақтарын қарастыру;
  • амортизацияны экономикалық категория ретінде зерттеу;
  • “Отау құрылыс” ЖШС-нің негізгі қорларын, шаруашылық және қаржылық жағдайын талдау.

Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасының кәсіпорындарға, олардың негізгі қорларын ұйымдастыру шараларына негізделген нормативтік-құқықтық базасы, “Отау құрылыс” ЖШС-нің есеп беру жүйесі.

Зерттеу пәні: Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді басқару.

Зерттеу әдістері: анализ бен синтез. Кәсіпорынның негізгі қорды пайдалану жағдайлары зерттеліп, оған тиісінше тұжырымдамалар беріледі. Жәнеде статистискалық және бухгалтерлік әдістер қолданылды.

Зерттеудің болжамы: Негізгі қорларды тиімді пайдаланып, үнемді амортизациялық саясат арқылы жаңарту өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеруде басты роль атқарады.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1 НЕГІЗГІ ҚОРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Негізгі қор кәсіпорынның негізгі капиталы

Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі өндіріс қоры - ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз.

Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.

Қордың әртүрлі әлементтері айналымда болуы бірдей емес. Міне, осындай жағдайға байланысты өндіріс шеңберінде болған қорлар немесе өндіріс қорлары негізгі және айналым болып бөлінеді.

Қазіргі кезде негізгі қор кәсіпорынның негізгі капиталы болып табылады. Оны дәлелдеу үшін келесі мәліметтерге сүйенейік. Бұрынғы жоспарлы экономика кезінде негізгі қор мемлекеттік жеке меншікте болып қоғам игілігіне жұмсалған еді. Қазіргі уақытта әрбір компаниялар негізгі қорды тиімді пайдаланып одан неғұрлым көбірек пайда алғысы келеді, басқаша айтқанда, негізгі қорды капиталдандырады. Ол үшін шоғырланымдық немесе кемитін қалдық әдістерін қоланылып, сонымен негізгі қордың тиімділігін арттырады. Бұл кезде “негізгі қор” түсінігі “негізгі капитал” түсінігіне айналады, өйткені негізгі қорды жұмсау кәсіпорынның пайдалылығын арттырады. Сондықтан негізгі қорды кәсіпорынның негізгі капиталы деп санаған дұрыс көрінеді .

Сонымен, негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады.

Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.

Қордың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес. Міне, осындай жағдайға байланысты өндіріс шеңберінде болған қорлар немесе өндіріс қорлары негізгі және айналым болып бөлінеді.

Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі өндіріс қоры - өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді:

өндірістік - бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Бұған жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Олардың шамасы мен техникалық күйіне шаруашылық субъектісінің, жалпы елдегі салалардың экономикалық куаты тәуелді.

өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек-жарақтар, ТКШ, денсаулық сақтау, спорт, білім, мәдениет) . Қор шығын орнын толтыра алмайды. Ұдайы өндіріс ұлттық есеп шотына кіреді.

Негізгі өндіріс қоры - бұл қор өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын - машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі қормен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыстпайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер) - өндірістік емес қорларға жатады. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін - тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен құрылыстар, спорттық құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп т. б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі өндіріс қоры төмендегідей болып бөлінеді:

  1. Кәсіпорынның жеке меншігіндегі жер учаскелері және табиғипайдалану объектілері. Бұған су, жер қойнауы, басқада табиғи ресурстар жатады.
  2. Өндіріс ғимараттары. Бұл топқа кәсіпорынның негізгі, көмекші, қызмет ететін цехтар, әкімшілік ғимараттар жатқызылады.
  3. Ірі құрылыстар. Бұған өндіріске қызмет ететін инженерлік-құрылыс объектілер кіреді: жерасты және ашық түрдегі таулы кең орындары, мұнай және газ құбырғылары, гидротехникалық және басқа да құрылыстар.
  4. Беріліс қондырғылар. Осы қондырғылар арқылы электр және басқа да энергия жеткізіледі.
  5. Машиналар мен жабдықтар. Бұл топқа технологиялық құрал-жабдықтардың барлық түрлері енеді:

а) Күш машиналары мен жабдықтар (парлық және гидравликалық турбиналар, трасформаторлар, желқозғалтқыштары, электромотор, іштен жанатын және қозғалтқыштардың басқа түрлері) .

б) Жұмыс машиналары мен жабдықтар (станоктар, пресстер, химиялық аппараттар, домен және мартен пештері, басқа да машиналар)

в) Өлшеуіш және реттеуші приборлардың барлық түрлері, зертханалық жабдықтар

  1. Шаруашылық және өндіріс инвентарлары. Жұмыс жағдайын жақсартуға арналған инвентарь түрлері.
  2. Инструменттер, аспаптар. Бұған кескіш, бұрылғы, соққы инструменттер түрлері жатады.
  3. Көлік машиналары. Бұлардың құрамына көлік машиналардың барлық түрлері кіреді: цехтердің ішкі, сыртқы машиналар, өзен және теңіз кемелері, магистралды құбырлар.
  4. Басқадай негізгі қорлар түрлері.

Әрбір топтағы негізгі өндіріс қорының құндарының жалпы өндіріс қорына үлес салмағын (%) өндірістегі құрылымын көрсетеді. Негізгі өндіріс қорының құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарында өзінің қолдануына, бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады.

Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді:меншікті - бұл субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар; жалданған - жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа субъектілерден алынған негізгі құралдар.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған (тоқтатылған) - консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар

запаста тұрған - қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар.

Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:

инвентарлық - бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын объектілер (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар)

инвентарлық емес - бұл жер, орман және су дақылдарына (ғимараттан басқа) арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, егістік алаңдарын өндеу) .

Өндірістік негізгі қорлар кәсіпорынның өнеркәсіптің қай саласына жататына байланысты, мысалы, ауылшаруашылық-өндірістік және ауылшаруашылық емес деп бөлінеді [] .

Графикалық түрде негізгі қорлардың құрамын келесідей болады (сурет

Сурет 1 - Негізгі қорлардың жіктелуі

Экономика саласы мен қызмет түрлері бойынша негізгі құралдар осы қорлардың қатысуымен өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет жатқызылған экономика саласы мен қызмет түріне жатады.

Өнеркәсіп саласына экономиканың барлық салаларында өнеркәсіптік өнімдерді өндіру процесімен тікелей байланысты негізгі қорлар жатады.

Инвентарлық объект - барлық тиесілі керек-жарақтарымен және керек заттарымен бірге жекеленген объект.

Инвестициялық объект - басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін заттар.

Түгендеу объектісі - қандай да бір инвентарлық объектінің бөлігі болып табылмайтын және өзіндік мәні бар заттар.

Негізгі өндіріс қорының кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін - ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялық үрдісін дамытуына көмектеседі. Мұндай негізгі өндіріс қорының бөлігін - енжарлы бөлігі дейді. Ал, беріліліс қондырғылар, ішкі зауыт көліктері, әсіресе өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс қордың белгілі бөлігі өндіріс бөлімшелерінде өнім өндіруде шешуші рөл атқаратын өндіріс қорларын - белсенді бөлігіне жатқызады.

Негізгі қордың белсенді бөлігінің құны арқылы кәсіпорынның мүмкіндігіне қарай дамыған сайын қордың тиімділік көрсеткіштері жоғарлап, кәсіпорынның техникалық деңгейі және қуаттылығы артады. Бұның барлығы өнімнің өзіндік құны мөлшерін азайтып, сонымен пайда табысын көбейтіп, кәсіпорынның өндіріс жағдайының тиімділігіне әсер етеді. Негізгі қордың саналық және сапалық жағдайының әсер етуін келесі суреттен көруге болады (Қосымша А, сурет 1) .

Өндірістік емес негізгі қорлар өндіріс көлеміне тікелей әсер етпесе де, бұл қордың үнемі өсуі кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік жағдайларының жақсаруы, материалдық-мәдени деңгейінің өсуі айналып келгенде кәсіпорынның іс-әрекетене тікелей байланысты болып келеді. Сонымен, негізгі құралдардың бағасы кәсіпорынның белсенді бөлігінде неғұрлым жоғары болса, өнім өндірісі соғұрлым жоғары болады. Сондықтан негізгі өндірістік қорының құрамының жетілдірілуі өндірістің пайдалылығының шарты болып есептеледі.

Негізгі қордың құрамын жақсартуға әсерін тигізетін келесілер:

  • Құрал-жабдықтарды жаңарту;
  • Жаңа заманға сәйкес машиналар және жабдықтардың бөлігін көбейту арқылы негізгі қордың құрамын жетілдіру;
  • Үйлер мен ғимараттарды тиімді пайдалану, қосымша жабдықтар орнату;
  • Құрылыс жоспарын дұрыс өңдеп, оны сапалы орындауды ұйымдастыру.

Қорыта келгенде, негізгі қорлар өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қаруландыру деңгейіне байланысты болады.

1. 2 Амортизациялық шығынның амортизациялық мәні

Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.

Негізгі өндіріс қорының ұзақ уақыт жұмысқа қатысу үрдісінде немесе жұмысқа қатыспай тұруынан тозып, өзінің пайдалы қасиетінен айырылып, яғни табиғи және сапалы тозуға душар болады.

Тозу - бұл физикалық және моральдық сипаттамаларын жоғалту процесі, яғни еңбек құралының тұтыну бағасын жойған кез.

Физикалық тозу мына жағдайда болады:

  • Дайын өнімнің құнымен қалпына келтіретін еңбек құралының пайдалану процестері
  • Еңбек құралдарының іске пайдаланылмай тұруына құралдардың құны жойылады.

Табиғи тозу - негізгі өндіріс қорларын өндірісте ұзақ жылдар бойы қолданудың салдарынан сынуын және тозуын айтады. Тозудың бұл түрі пайдаланудың және табиғаттың әсерінен болуы мүмкін. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді.

Негізгі қордың бірдей элементтері физикалық тозу теңсіздігінен шығарылған. Толық және ішінара тозудың негізгі қордағы айырмашылығы: толық тозу үшін қорға жаңадан тарату немесе айырбастау (негізгі қордағы капиталдық құрылыстың тозуын ағымдық ауыстыру), ішінара тозу -жолдық ремонттарды өтеу.

Сапалы тозу - негізгі қордың толық тозбай жатып құнсыздануы немесе өндіріс үрдісінен шығып қалуы. Ғылыми-техникалық прогрестің даму әсерінен кәсіпорындағы техникалар мен жабдықтар көп жағдайда сапалық тозуға ұшырайды, яғни сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сапалық тозу табиғи тозуға қарағанда тозуы ерте келеді, ондағы техниканы әліде болса өндірісте қолдануға болады, бірақ оны қолдану экономикалық жағынан алғанда тиімсіз. Сапалық тозуға көбінесе машина, техника және жабдықтар ұшырайды. Сапалық тозудың екі түрі ажыратылады.

Сапалық тозудың бірінші түрі - баланстық және қалпына келтіру құндарының ара қатынасы негізінде анықталады [3, 93] :

мұнда ТоЗ (С 1 ) - сапалық тозудың бірінщі түрі;

Бқ - баланстық құн, мың теңге;

Ққ - қалпына келтірілген құн, мың теңге.

Сапалық тозудың екінші түрі - көбінесе ескі және жаңа жабдықтардың өнімділігін салыстыру арқылы анықталады:

мұнда ТоЗ (С 2 ) - сапалы тозудың екінші түрі;

Ө н1 - істеп тұрған негізгі қордың өнімділігі;

Ө н2 - жаңа ендірілген негізгі қордың өнімділігі.

Физикалық тозу өндірістік қызмет мерзімін пайызбен белгілейді, яғни мына формуламен анықталады: (ТоЗ ф )

ТоЗ ф =T ф /T н *100,

мұндағы T ф - өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл

T н - нормативті қызмет мерзімі, жыл.

Кездейсоқ, нақты қызмет мерзімін салыстыру нормативі немесе оның алдын-алу, физикалық тозу проценті мына формуламен анықталады:

Тоз ф ф ф в *100,

мұндағы Т ф - өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл

Т в - өндірістік негізгі қордың қызмет мерзімінің мүмкіндігі, жол экспортын санау, жыл.

Моралдық тозу көнеруден туады. Негізгі қаржы конструкциясы өнімділігі, тиімділігі, үнемділігі бойынша анықталады.

Моралдық тозу көлемін бағалау:

  1. негізгі капиталдың толық және алғашқы құны = еңбек құралын оны пайдалану бағасы бойынша сатып алу.
  2. Негізгі капиталдың қалдық құны - толық құны - амортизация
  3. Негізгі капиталдың қалыпқа келтіретін құны - іс жүзіндегі еңбек құралдарының сол периодтағы, бағадағы құны.

Моралдық тозудың алғашқы үлгісінде (ИМ 1 ) бастапқы құнды қалпына келтіру, негізгі қордың салыстырмалы бағаса мен немесе процентпен анықталады. Оның формуласы мынадай болады:

ИМ 1 н с н *100

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын капиталының құрылымы
Меншiкті капитал туралы
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
ААҚ «Тұк казхром» экономикалык қызметін талдау
Ақша капиталының айналымы
Қосымша төленген капиталдың есебі
Фирманың қаржылық ресурстары
Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
Айналым капиталының элементтері
Айналыс қорлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz