Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым - қатынасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ2

І. Оқушылардың есептеуіш техника мамандығы бойынша еңбек мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері 1. 1. Есептеуіш техника мамандығы туралы жалпы түсінік5

1. 2. Еңбек мәдениетінің мәні мен мазмұны17

ІІ. Тәжірибелік бөлім28

2. 1 Есептеуіш техника мамандығы бойынша еңбек мәдениетін қалыптастыруда пәнаралық байланысты қолданудың сипаттамасы28

2. 2. Оқушыларда есептеуіш техника мамандығы бойынша еңбек мәдениетін қалыптастыруда пәнаралық байланыстың алатын орны33

2. 3. Пәнаралық байланыс негізінде оқушыларда еңбек мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі46

Қорытынды60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі63

КІРІСПЕ

Оқушыларға еңбек мәдениетін қалыптастыру мұғалімдердің басты маңызды жұмыстарының бірі болып табылады. Сонымен, еңбек мәдениетіне тоқталмас бұрын, мәдениет туралы білу қажет болады. Еңбек тәрбиесі - өскелең жастар тәрбиесінің құрамды бөлігі, оқушылардың еңбекке қатынасын және жалпы еңбек мәдениеті дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық ықпал ету жүйесі. Еңбекке тәрбиелеу мен еңбекке үйрету өзара байланысты, бірін бірі толықтырумен мектеп оқушыларын шығармашылық іс-әрекетке дайындаудағы бірыңғай үдерістің екі жағы болып табылады

Мектеп алдына қойылған еңбекке дайындау міндетін шешуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі еңбекке үйрету болып табылады. Еңбекке үйрету үдерісі нәтижесінде оқушылардың дүниетанымы, еңбекке адамгершілік және психологиялық тұрғыдан әзірлігі қалыптасады. Өскелең ұрпаққа тәрбие берудің бүкіл мәселесін шешу белгілі мөлшерде әр мектептің еңбекке үйрету міндеттерін қаншалықты дұрыс түсінуіне және оған қаншалықты байыпты қарайтынына байланысты болмақ.

Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан) . Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы . Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев.

Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан құдайлар берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле жаладан қорғады. Сондықтан эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді.

Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: материалдық және рухани.

  1. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар техника, құрылымдар және тағы басқалар.
  2. Рухани - бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар.

Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі шартқа байланысты Олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайман, басқа құрал-жабдық түріне айналады. Ал жаңадан пайда болған техника, құрылғы, технология, жаңа ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызады.

Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен бірге барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал - саймандар із-түссіз жоғалып кетпейді.

Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әртүрлі түсінеді. Біреулері мәдеениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе, екіншілері - қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның саналы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды.

Мәдениет - тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелі талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті екі тұрғыда қолдануға болады.

1) мәдениет қоғамның оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады.

2) мәдениет жүйе ретінде, яғни, оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.

Жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады:

1) Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен байланысты;

2) Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады.

Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әртүрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба - символдық элемент болып саналады. Халықта «күш - білімде» деген сөз бос айтылманы белгілі.

Білім әр уақытта белгілі бар ұғымдар, түсініктер арқылы қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады.

«Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасының «Білім беру мазмұны мен деңгейлері» -деп аталатын» 4-тараудың 4. 3. 1. -тармағында: Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп белгіленген. [1] Сондықтан заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептерден бастап алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педагогика саласындағы іргелі тың мәселелердің бірі болып отыр.
Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келеді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орны ерекше, ғылыми-әдістемелік тұрғыда көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ғылыми зертеулердің ішінен С. Пейперт, Ж. Пиаже, Ю. Первин, Е. Коган, О. А. Красноперова, А. Витухновская мен А. Семенованың және отандық ғалымдарымыздан Е. Бидайбеков пен Ж. Қараевтың тұжырымдары мен Қ. Әбдиев, Ж. Сардарова және Г. Абдулкаримованың зерттеу жұмыстары төменгі сыныптарда информатика элементтерді пайдаланудың теориялық негізі бола алады.
Алайда, бұл зерттелген жұмыстарда төменгі сыныпта информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөніндегі мәселелер жеткілікті дәрежеде зерттелген жоқ.
Сондықтан, төменгі сынып оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктері мен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуге пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттілігі басты назарда болып отыр.
Мұндай келесі мәселерді шешу, төменгі сыныпта информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруды теориялық психологиялық және педагогикалық жағынан негіздеуді қажет етеді. Жоғарыда аталған мәселелер зерттеу жұмысының көкейкестілігін анықтайды. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнарлық байланыс негізінде төменгі сыныпта оқытудың қажеттілігі мен оның оқу үрдісінде жүргізуге тиімді оқу-әдістемелік құралдармен, оқыту бағдарламалармен жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қарама-қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықтан, төменгі сыныпта информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды еңгізу арқылы оқушыларды алғашқы білім, іскерлік, дағдыларды қалай қалыптастыруға және оның қандай теориялық, психологиялық-педагогикалық алғы шарттарын анықтауға болады?-деген диплом жұмысының мәселесі туындайды.

Зерттеу көкейкестілігі: Мектепте есептеуіш техникасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен еңбек мәдениетін қалыптастыру бағытында информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты.

Зерттеудің мақсаты -орта мектепте есептеуіш техника мамандығының оқыту үрдісін технологияландыруды және еңбек мәдениетін қалыптастыруды теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу, тиімді жолдарын анықтау.

І. Оқушылардың есептеуіш техника мамандығы бойынша еңбек мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1. Есептеуіш техника мамандығы туралы жалпы түсінік


Оқушыларға есептеуіш техника мамандығын танысудан бұрын есептеуіш техниканың даму тарихын білулері қажет болады. Есептеуіш техниканың даму тарихы Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын Д. Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған электронды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын - арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады. Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғылар жасау болды.

Беббидждің аналитикалық машинасы өз заманының озық идеясы болатын. Ол техникалық жағынан алғанда өте күрделі құрылғы болғандықтан, оны құрастыруға қажетті техникалық базаның сол кезеңде болмауына байланысты Беббидждің машинасы 40 жылдан астам уақыт қағаздағы сызба түрінде болды. Алайда осы машинаның жобасында ұсынылған негізгі идеялар ХХ ғасырда алғашқы компьютерлерді құрастыру кезінде басшылыққа алынған болатын. Сондықтан аналитикалық машинаны қазіргі компьютерлердің "арғы атасы" десе де болады.
Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821 жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж өзінің аналитикалық машинасында ұсынған болатын. Беббидждің аналитикалық машинасы - ақпаратты өңдеп қана қоймай, оны жадында сақтап, адамның тікелей араласуынсыз алдын-ала жазылған программамен жұмыс істейтін алғашқы әмбебап құрылғы болатын. Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген программа бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды. Басқару программасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды. Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте күрделі құрылғы болғандықтан, ол кездегі техникалық мүмкіндік мұны жүзеге асыра алмады. Беббидждің машинасы 1860 жылдары ғана құрастырылып іске қосылған болатын. Осы машинаға қажетті программаны 1846 жылы ағылшынның әйгілі ақыны Джордж Байронның қызы Ада Лавлейс жазды. Сондықтан Ада Лавлейсті алғашқы программалаушы десе де болады. ХХ ғасырда электронды-есептеуіш машиналардың (ЭЕМ) пайда болуына байланысты есептеуіш техника бұрын болмаған жылдамдықпен қарыштап дамып, айналдырған 50 жылдың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңін белгілі бір кезеңдерге бөлу қалыптасқан. І кезең (1945-1955 жылдар) ХХ ғасырдың бірінші жартысы радиотехниканың қарыштап дамыған кезеңі болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш машиналарды құрастыру үшін осындай электронды-вакуумды шамдар қолданылды. Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы электронды есептеуіш машина 1946 жылы Америка Құрама Штаттарында құрастырылды

Адамдар есептеуді жүргізуді есептеу аспаптары мен құрылғылары пайда болмай тұрып бастаған. Ол үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп, заттардың санын жерге сызған сызықшалармен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен есептеген. Бірақ бұл есептеулер көлемінің артуы есептеу құралдарының пайда болуына себепші болды. Ең бірінші пайда болған есептеу құралы ол есепшот болды. Есепшоттың жасы 2000 - 5000 жылдар шамасында. Пайда болған жері Ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, ежелгі Греция болуы мүмкін. Гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қтайлықтар «суанпан», жапондықтар серобян деп атаған. Есепшотпен есептеулер орналасқан тастарды жылжыту арқылы жүргізілген. Есепшот Ресейде ХҮІ - ХҮІІ ғасырларда пайда бола бастаған. ХҮІІ ғасырда Джон Непер логарифм түсінігін енгізді.
1761 жылы ағылшын Д. Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасап шығарды. Логарифм құралын жасау идеясын 1660 жылы Исаак Ньютон ұсынған.
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарды. Ол жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық машина болатын. Онда көп мәнді есептерді қосу мүмкін болды.
1694 жылы неміс математигі Лейбниц механикалық есептеу машинасы арифмометрді құрастырып жасады. Онда дөңгелектердің орнына цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Онда көбейту, бөлу, квадрат түбірін табу амалдарын орындау мүмкін болды. Бірақ арифмометр кейін бірнеше жетілдірілді, бұл бағытта орыс өнертапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер көп еңбек еттң. Осы арифмометр қазіргі қолымызда жүрген калькулятордың негізін салды. Есептеуіш автоматтың алғашқы авторы Чарлз Бэббидж болған. Адамдар оны компьютержің атасы деп атайды. 1833 жылы бағдарлама арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады. Оған дүние жүзі алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс болды. Ол ең бірінші бағдарламалаушы деп саналады.
ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші - перфорациялық машина құрастырды.
1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде бағдарламамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген МАРК -1 автоматты машинасын құрастырды.
1946 жылы АҚШ - тың Пенсильван университетінде ENIAC (Эниак) деп аталатын бірінші электрондық есептеуіш машина жасалды. Оның салмағы - 30т, 18000 электрондық шамдардан болды. 300 көбейту амалын орындай алды.
1949 жылы американ математигі Джон Фон Нейманның идеясы негізінде EDSAC машинасы құрастырылды.
Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947 - 1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің МЭСМ (малая электронная счетная машина) жасалды. 1952-1953 жылдары оның жетілдірілген түрі БЭСМ (большая электронная счетная машина) пайдалануға енгізілді. Ол секундына 1 амал орындай алатын.
ЭЕм - нің дамуы бірнеше буындарға бөлінеді.
І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1940-1955) .
электронды шамдармен жұмыс істеді
есептеу жылдамдығы секундына 10-20 мың операция
әр машинаның өз тілі болды
операциялық жүйелер болған жоқ
енгізу және шығару: перфоленталар, перфокарталар, магнитті таспалар
ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1955-1965) .
жартылай өткізгіш элементтер - транзисторлар
(1948, Дж. Бардин, У. Брэттейн и У. Шокли)
жылдамдығы секундына 10-200 мың операция
алғашқы операциялық жүйелер
алғашқы программалау тілдері: Фортран (1957), Алгол (1959)
мәліметтерді сақтау құралдары: магниттік барабандар, магниттік дискілер
интегралды микросхемалар (1958, Дж. Килби)
ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1965-1980) .
есептеу жылдамдығы секундына 1 млн. операцияға дейін
жедел жад - жүздеген мың байт
операциялық жүйелер - жадты, құрылғыларды, процессор уақытын басқару
IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970- ) .
үлкен және аса үлкен интегралды схемалардан (ҮИС, АҮИС) тұратын компьютерлер дербес компьютерлер
қарапайым пайдаланушылардың пайда болуы, графикалық интерфейстің қажеттілігі
әрекет ету жылдамдығы секундына 1 млрд. операциядан жоғары
оперативті жад - бірнеше гигабайт
көппроцессорлық жүйе
компьютерлік желілер
мультимедиа мүмкіндіктері (графика, анимация, дыбыс)
V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар)
Мақсат - жасанды интеллект қызметін атқаратын суперкомпьютер құрастыру
Жобаның негізгі сипаты:
барлық мәліметті логикалық тәсілдермен өңдеу (Пролог тілі)
өте үлкен мәліметтер қоры
параллель есептеулер мүмкіндігін қолдану
бөліп есептеу әдісі
компьютермен дауыстап «сөйлесу»
программалық жабдықтарды аппараттық жабдықтарға біртіндеп ауыстыру
Проблемалар:
жүйенің өздігінен даму идеясы іске асқан жоқ
программалық және аппараттық жабдықтардың балансын қате бағалау
дәстүрлі компьютерлер бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізді
технологиялардың сенімсіздігі
интернеттің дамуы - мәліметтерді сақтаудың жаңа моделі
50 млрд. йен қаражат жұмсалды
Ү. Сергіту сәті

Есептеу Техникасы Ассоцияциясы (ағылш. Association for Computing Machinery, ACM) есептеу техникасы мамандарының қоғамы. 1947-жылы әлемнің ең ірі әрі беделді ғылым және білім есептеу техникасы қоғамдығы. 100, 000-нан астам адам қоғам мүшелері болып саналады. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. Аталған қоғам ЭЭИИ қоғамымен қолма-қолтық жұмыс істеуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс
Адам және мәдениет
ОҚУШЫЛАРДЫ КӨПМӘДЕНИЕТТІ ОРТА АРҚЫЛЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қыздар тәрбиесі
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынасы
Технология мен мәдениеттің байланысы
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
«Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынысы
Көбею және даму. Адам онтогенезінің ерекшеліктерін оқыту(8-сынып) тарауын өткізу әдістемесі
Тұлғаның психологиялық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz