Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3-6
І- бөлім. Қазіргі кездегі қоғамда мұғалімнің алатын орны.
1. Мұғалімнің қазіргі кездегі
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-11
2. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым – қатынастың
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..12-19
3. Қазіргі заманда педагог маманына қойылатын негізгі
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...20-26
ІІ- бөлім. Педагогикалық іс - әрекетте мұғалімнің мәдени қарым –
қатынас шеберлігін қалыптастыру.
2.1. Педагогикалық іс - әрекет және мұғалімнің психологиялық
мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...27-3 4
2.2. Педагогтың тұлғалық сапаларының мәдени көрсеткіштері және кәсіби
педагогикалық қарым –
қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35-49
2.3. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың әдістері ... ... .50-
57
ІІІ- бөлім. Тәжірибелік – эксперимент жұмыстары
... ... ... ... ... ...46-70
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..71-72
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . .73-75
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .76-77

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Оқытуда, тәрбиеде және бала тұлғасын
қалыптастырудағы тұлғалық бағдардың өзектілігіне байланысты қарым –
қатынас мәдениеті мәселесі қазіргі психологиялық – педагогикалық
ғылымдардың кеңінен қарастырып отырған мәселелерінің бірі. Мектептің
педагогикалық үрдісінде бұл көзқарасты іске асыру осы мәселенің теориялық
негіздерін талдауды, кіші жастағы оқушылардың жас ерекшеліктерін қайта
қарастыруда осы мәселелерін шешудегі мұғалім мен оқушының ролдерін
анықтауда қажет етеді.
Педагогика ғылымында тұлғалық бағдар тәрбиесі баланың тұлғалық
қалыптасуына педагогикалық көмек көрсетуді, әлеуметтендіруді, өмірдегі өз
орнын анықтауды және балаға өктемдік көрсетпей, оны қамқорлықпен дамытуды
қарастырады.
Дипломның жұмысының мақсаты: тұлғалық бағдар тұрғысынан бастауыш сынып
оқушыларының қарым – қатынас мәдениетін тәрбиелеудің өзектілігін
негіздеу.
Қарым – қатынас мәселелерімен белгілі ойшылдар әл – Фараби, Ж.
Баласағұн, Я.А. Коменский, И.Г. Пестолоцци және т.б. айналысқан.
Қазіргі таңда зерттеушілер қарым – қатынас процесінің әр түрлі
аспектілерін қарастыруда. Бұл мәселенің философиялық негіздеріне В.С.
Библердің, М.М. Бахтиннің, М.С. Коганның, Ж.М. Абдильдиннің, Ш.
Қасабектовтың еңбектері арналған.
Бірақ қазіргі кезде осы аталған түрлі зерттеулер бағыттары арасында
қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеуді балалардың кіші жасынан бастау
мәселесі көп қарастырылуда.
Бастауыш сынып оқушыларының жас кезеңдері балалар дамуындағы өте
маңызды жіне ерекше кезең болып табылады. Осы уақытта адам тұлғасының
негізі қаланады. Аталып отырған кезең танымдық белсенділікпен, білімге
деген құштарлықпен, әсерлі қызығушылықпен, ата – аналар мен мұғалімдер
абыройына деген үлкен сенімділікпен сипатталады.
Тағы бір көңіл аударатын жайт – балалардың мектепке дейінгі кезден
бастауыш сынып оқушылары қатарына өтудегі бірізділік жүйелілік мәселелері.
Педагогикалық тұрғыдан осы жас кезеңнің ерекшеліктері Ш.А. Амонашвилидің
құнды еңбектерінде қарастырылған.
Бастауыш сынып оқушыларын қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу
мәселесін қарастыруда қысқаша мәдениет және қарым – қатынас ұғымдарына
тоқталған жөн.
Философия ғылымында мәдениет ұғымы жайлы бірнеше көзқарастар
қалыптасқан:
- тұлғалық мінез – құлық пен іс - әрекетті бағыттайтын және іске
асыратын әмбебап механизм ретінде (В.П. Тугаринов, Ю. И. Ефимов және
т.б.)
- рухани және материалдық құндылықтар ретінде ( А. Г. Здравомыслов, А.В.
Ядов және т.б.)
- іс - әрекет жасау әдіс - тәсілдері ретінде (М.С. Коган, В.Е. Давыдович
және т.б.)
- тұлғаның қоғам өмірінің түрлі әлеуметтік, рухани салаларында өзін
шығармашылық түрде іске асыру әдісі ретінде (В.С. Библер, А.Н.
Леонтьев және т.б.)
- адам өзінің биологиялық табиғатынан жоғарылау дәрежесі, онда рухани
бастамалардың қарқынды дамуы ретінде ( В.М. Розов, Д.С. Лихачев және
т.б.)
Жалпы алғанда қарым – қатынас адамдар арасында байланыстарды жасаудағы және
дамытудағы өзара іс - әрекет қажеттігінен туындаған және ақпараттармен
алмасуды, басқа адамдарды қабылдауды және түсінуді қамтитын күрделі, көп –
деңгейлі үрдіс.
Педагогикалық қарым – қатынас мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс
- әрекетінің өзегі және оқу үрдісіндегі ынтымақтастықтың негізгі формасы
болып табылады.
Бірлескен іс - әрекет барысында қарым – қатынас оқушымен мұғалімдерге
қандай ықпал жасауы мүмкін, бұл үрдіс нәтижесінде олар қандай әсер алады
екен? Осы сұрақтың жауабын анықтау үшін қарым – қатынасқа қатысушылардың
көзқарастарын ажыратып қарастырған жөн.
Педагогтардың оқушылармен қарым – қатынастары балаларды дамыту құралы
және өзіндік мақсатты іс - әрекет болып табылады.
Іс- әрекеттің нәтижелілігі мұғалімнің қаншалықты тәрбиелік, білім
беру міндеттеріне сай өз көзқарасын өзгерте алуына байланысты болады.
Оқушылармен қарым – қатынас жасауда мұғалім кеңесші де, хабарлаушы да,
тәлімгер де, жетекші де, сыншы да, дос та бола алуы керек.
Мұғалімнің өзін оқушылар орнына қоя алу қабілеті оған балалар іс -
әрекетінің мақсаттарын, ішкі күштерін түсініп, олардың алдағы іс -
әрекеттерін болжап басқаруына мүмкіндік туғызады.
Осы жастағы балалармен қарым – қатынас жасау барысында әрбір
педагогикалық жағдайларға сәйкес мұғалім өзінің іс - әрекетіне жүйелі
рефлексивті талдау жасауы қажет.
Сонымен қатар мұғалімдер оқушылардың өз бойындағы жағымды жақтарын
танытуға, ішкі қабілеттерін ашуға көмектесетінін есте сақтаған абзал.
Мұғалімдердің бала жетістіктеріне деген ұмтылыстары, әр бала үшін қолайлы
психологиялық жағдай жасау осы қарым – қатынас үрдісін жетілдіреді және
балаладың дамуына септігін тигізеді.
Мұғалімнің балаларға сенім артуы, оларды оқу үрдісінде де қолдап
отыруы, балалар жауабын құптап, олардың ойларына, жауаптарына ризашылығын
білдіріп отырса, барлық вербалды және вербалсыз қатынас аппараттарын
қарқынды қолдана алуы қарым – қатынас үрдісін әсерлі де тиімді
ұйымдастыруға көмектеседі.
Ал, бастауыш сынып оқушылары үшін мұғаліммен қарым – қатынас жасау
маңызды қажеттілік. Осы жаста олар мұғалімді пір тұтып, оның абыройына
деген асқан сенімділік танытатыны анық. Бұл сенім балалар бойында
мұғалімнің балалар тұлғасына деген қызығушылығын көрсеткенде, өз
жомарттығын, мейірімділігін, адалдығын, тағы басқа адамгершілік қасиеттерін
байқатқанда ғана пайда болады. Балалар өз сырларын сенетін адамдарына ғана
айтады, ал басқа сенімділік танытпайтын адамдарды интуитивті түрде сезіп
тұрады да, оларға сырын аша бермейді.
Барлық адамдарда қауіпсіздік, қорғаныш сияқты жетекші қажеттіліктер
болады. Осы қажеттіліктер бастауыш сынып оқушылар бойынан байқалады, олар
үнемі үлкендерден қамқорлықты қажет етеді. Балалардың сенімдерін ояту үшін
мұғалім өз сырларын да оларға айтуына болады.
Бастауыш сынып оқушыларының қарым – қатынас мәдениеті ұғымы бірқатар
құрылымдық бөліктерді қамтиды. Қысқаша осы жастық кезеңді сипаттайтын
мінез – құлық мәдениеті, оқу еңбегінің мәдениетіне (оқу мәдениеті және
жазу мәдениеті) тоқталып өтуге болады.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез – құлық мәдениеті баланың мінез –
құлқының қалайша сырт көрініс беретінін қалайша нақты түрде адамгершілік
талаптары орындалатынын, осы нормалары қаншалықты үйлесімді табиғи түрде
баланың өмір сүру салтымен ұштасатынын олардың қаншалықты өмірлік
ережелер ретінде қалыптасуын қарастырады.

1.1. Мұғалімнің қазіргі кездегі рөлі.
Әлеуметтік – саяси реформалардың әлемдік тәжірибесі көрсетіп
отырғандай, қоғамдық өзгерістер кезіндегі мемлекеттің білім беру саясатында
мұғалімдердің кәсіби – педагогикалық даярлығын жетілдіру проблемасы
жетекші бағытқа ие.
Қазіргі қоғамымыздың мұқтажына сай қойылатын талап – қоғамнан,
өмірден өз орнын еркімен таңдай алатын, экономикалық тұрғыдан еркін ойлау
қабілеті бар, тығырықтан жол таба алатын, ісьің нәтижесін болжай алатын,
мәдениетті, іскер, тапқырлық қабілеті бар білгір маманды қалыптастыру,
тәрбиелеу.
Халыққа білім беруді дамытудың қазіргі сатысында мектептерімізге,
әсіресе, білім баспалдағы - бастауыш оқу мәдениетін тиімді ұйымдастырудың
әдістерін іздестіру жақсы нәтижеге жетуге септігін тигізу болып
саналады.жан – жақты білім алған, парасатты, саналы азаматты тәрбиелеп
шығару, олардың жан – дүниесін ұлттық рух пен әлемдік өркениетке сай рухани
қазыналармен байыту – бүкіл халық, отбасы, қоғамдық мекемелер болып
атқаратын жауапты міндет.
Бастауыш мектепте балалар сабақта және сыныптан тыс уақытта оқу
мәдениетінің негізгі шарттарын меңгеруі тиіс. І – ІІ сыныпта оқушыларды
тазалыққа, кітаппен қалай жұмыс істеуге үйретеді. Балалар оқыған
шығармаларының мазмұнымен танысып, авторын біліп, түсінгендерін ой елегінен
өткізіп, кітап пайдалану туралы алғашқы мәліметтерін алады.
Оқудың бірқатар сабақтағы оқуды бағалай білуімен қатар, ол туралы өз
ойын айта білуі қажет. Кітаптағы деректерді (алғы сөз, кіріспе мазмұны,
автор) және өзіне ұнайтын я қызығатын кітаптарының тізімін жаза білуі
қажет.
Ал төртінші сыныптарда ғылыми – көпшілік кітаптарды оқып, анықтамалық
басылымдарды қолданып, кітапханалар мен кітап дүкендеріндегі кітап көрмесі
мен кітап сөрелерінен қажетті әдебиетті таңдап ала білуі қажет. Бастауыш
мектеп жасындағы ер бала осы шартты меңгергенде ол оның оқудағы бағытын
және мақсатын білуге болады.
Бірінші сынып оқушыларынан алғашқы кезде мектепте саған бәрінен де
көбірек ұнағаны не? деп сұрасаң, олардың көбісі ойланбастан, маған
бәрінен де сынып және кітаптар ұнады. Олар әдемі жасалған ішінде көп
суреттері бар деп жауап берер еді. Балалармен өткізілген танымдық оқу
түрлері, мәселен, дидактикалық ойындар, қызықты жаттығулар, тәжірибелік
тапсырмалар, оқу, саяхаттар жасау, кино, деректі филмьдер көру олардың ой -
өрісін кеңейтеді. Жалпы дамуына көмектеседі.кітапханаларға барып оқу да
олардың өздеріне деген сенімдерін, оқуға деген ынтасын арттырады.
Сыныпта мұғалім кім не оқыды, қанша оқыды, кім көп оқыды? және
қызықты кітаптар туралы әңгімелер өткізіп отырса, балалардың тек
қаншалықты көп оқығанын емес, қаншалықты түсініп оқығанын да біліп, бағалап
отыруына болады.
Кітаптармен қатар, балаларға арналған газет – журналдарды да жаздырып
алып, оны әрдайым оқып, ондағы әңгімелер мен жаңалықтар жайлы өз ойын
айтқызып отырубаланың ақыл – ойын, оқуға ынтасын арттырады.
Бастауыш сынып жасындағы балаларды кітап оқу өнеріне тәрбиелеуде
баланың өзінің жеке кітапханасының болуы, жолдастарымен кітап алмастырып
тұруы, бірлесіп оқуы, өз оқығандары жайлы бір – біріне айтып беруі пайдалы.

Әр баланың өзіне ғана тән талғамы, қызығуы бар. Бұл жерде балаға көп
көмек көрсететін мұғалім ғана емес, ата – ана мен кітапханашы да бірлесіп
атқаратын жұмыс. Олар балалармен әңгімелесіп, оны жалықтырмайтын кітаптар
ұсынған жөн. Егер баланы өсімдіктердің немесе жануарлардың өмірі,
саяхаттар қызықтыратын болса, онда олардың оқу пәндерін меңгеруге
көмектесетін әдебиеттерді таңдауды үнемі есіне салып отыру керек.
Бастауыш сынып жасындағы балалар үшін кітаптардағы суреттің тәрбиелік
мәні зор. Олар баланың оқығандарын түсінуіне, есте сақтауына көмектеседі.
Көптеген суреттер бала тікелей көре алмайтын оқиғалар мен заттар жөнінде
мағлұмат береді, суреттер арқылы алыс елдерде, ғарышта, мұхиттарда болып
қайтқандай әсерде болады. Сондықтан да балалардың кітап суреттеріне мән
беруінің маңызы зор екендігін естен шығармау керек. Көп ретте балалар
суреттерді қарағанымен, ондағы оқиғаларды көре білмейді. Үлкендер оларға:
мына суретте нелер бейнеленген? Суреттегі адамдардың аттары қалай? Олар не
істеп жатыр? Олардың әрекеттері дұрыс па? деген секілді сұрақтар қойып,
жауабына дұрыс баға беріп отырғаны жөн. Балалардың өзі оқығандары жайлы
айтып беріп отырғандары дұрыс, өйткені, әңгіме арқылы олардың ойлау, сөйлеу
қабілеті дамиды.
Балаларды өз беттерімен оқуға үйрету үшін мұғалімдер мынадай тәсілдер
қолданады, балаға дауыстап кітап оқып береді де, ең қызықты деген жерге
келгенде өзіне оқуға береді. Кітаптағы оқиғаға еліктеп, одан әрі өзі оқып
кетеді. Әрине, бұдан кейін одан оқыған кітабы туралы сұрау, өзі оқыған үшін
мадақтау арқылы баланың сенімін арттырып, оқуға құштарлығын, тұрақты
мінезін қалыптастырған дұрыс.
Жан – жақты, білікті, кәсіби – педагог мамандарды дайындау жоғары оқу
орынындағы бүкіл оқу үрдісін ақпараттандыру мәселесін жеделдеткенде,
инновациялық оқыту технологиясын енгізгенде, сонымен қатар, оқытудың
әлемдік озық үлгілері мен халқымыздың төл педагогикалық қағидаларын
пайдаланғанда мүмкін болары сөзсіз. Сондықтан, студентке педагогикалық
тәжірибені меңгертудің маңыздылығын ескергенде ғана, бұл міндеттерді
шешудің жолдары ашылады.
Педагогикалық тәжірибелік кәсіби іс - әрекеті технологиялық сипатқа
ие. Бұл тәжірибе қажетті педагогикалық міндеттерді шешу арқылы іске асады.
Көптеген зерттеулер (Сластенин В.А., Кузьмина Н.В., Спирин Л.Ф. және т.б.)
болашақ педагогтардың кәсіби дайындығын жетілдіру үшін педагогикалық іс-
әрекетті дәл осылай қарастырудың тиімділігін дәлелдейді. Педагогикалық
міндеттерді шешудің төмендегідей кезеңдерін атап көрсетуге болады:
- берңілген мәліметтерді талдау;
- осы берілгендерді жоспарланған нәтижемен салыстыру;
- белгілі бір уақытқа қажетті басты тәрбиелік міндеттерді белгілеп, оны
негіздеу, және оқушыларға қажетті перспективалар жүйесін нақтылап
беру;
- осы міндеттерді шешуге байланысты сынып жетекшісі мен белсенді
оқушылардың көзқарасы мен ұстанымдарын анықтау;
- оқушыларға қойылған міндеттерді шешуге бағытталған белсенді әрекетке
жұмылдыру;
- оларды іске асырудың формаларын, мазмұнын, әдістерін анықтау;
- алынған мәліметтерді бағалап, жоспарланған нәтижемен салыстыру.
Аталған кезеңдерді белгілеу мен педагогикалық міндеттерді шешуге
қажетті дағдыларды студенттердің бойында қалыптастырудың бірден бір жолы –
оқыту процесін тиімді ұйымдастыру. ЖОО оқытушысы үшін оқытуды
ұйымдастырудың түрлі тәсілдері мен мүмкіндіктері жетерлік. Оқытушының
кәсіби іс - әрекетінің ішкі мазмұнына үңіліп көрер болсақ, оған әсер теуші
бірнеше факторларды аңғаруға болады: әлеуметтік және тұлғалық. Біріншісіне
қоғамдық мақсаттар мен құндылықтар, соның ішінде кәсіби білім беру, ЖОО –
дағы факультет пен кафедраның профессорлық – оқытушылық ұжымы, студенттік
аудитория, білім беру технологиясы, педагогикалық ойлау, оның өзіндік
стилі, білім берудегі жетекші парадигма және т.с.с. жататын болса,
соңғысына оқытушының кәсіби компоненті яғни, оның Мен – концепциясы,
қолданатын және іске асыратын білім беруінің мәні, педагогикалық ойлауының
стилі, жанұясы және т.б. кіреді. Бұлардың бірігуі оқытушының кәсіби
мүмкіндіктерін анықтайды.
Оқытудың технологиясын жетілдіру мен оқу процесін ұйымдастыруда
қаншама рет жаңартқанымен, оқытушы мен студенттер арасында психологиялық
жағымды байланыс қалыптаспайынша, оң нәтижелерді күтудің жөні жоқ. Себебі,
студенттің оқу пәніне деген ынтасы мен ниеті оқу процесінің сапасына ықпал
етуші бірден – бір фактор. Олай болса, пән оқытушысының оқытудағы басты
мақсаты студенттерді өз пәніне қызықтыру болса керек. Өйтпеген жағдайда,
студент білімді жаттанды түрде, өзі үшін емес, біреуге қажет болатындай
қалыпта меңгереді. Мұның соңы қазіргі студенттен көптің бірі немесе саны
көп сапасы жоқ маман шығаруымен аяқталуы әбден мүмкін. Болашақ педагогты
қалыптастыруда мұндай қателіктерге жол берілмеуі тиіс. Еліміз өркениетті
елдер қатарына қосылып, егемендігін тұғырландырып жатқан тұста, осы елдің
келешегін жалғастыратын, экономикасы мен мәдениетін көтеретін ұрпақты
тәрбиелеуге жауап беретін мұғалімдік мамандыққа баулудың салмағы аур екені
сөзсіз. Мұғалімді дайындау мәселесі қай заманның болмасын ең басты мәселесі
болып саналады. Сол себепті болашақ педагог мамандарды дайындаудың сапасына
тек жоғары оқу орындары шеңберінде ғана емес, мемлекеттік деңгейде көңіл
бөлудің уақыты келді. Бұл мәселе мемлекет тарапынан әрине қарастырылып та
жүр. Бірақ сол қаулы қаралар мен заңдарды іске асыруда оқулықтар аз емес.
Сондай – ақ әлі де болса нақтылай, кеңейтуге түсуіді қажет етеді.
Қазіргі заманғы мектепке педагогикалық жұмыстың жаттанды әдістеріннен
өгеше шығармашылықпен іс атқаратын, педагогикалық іс - әрекетті шындықтағы
өмірмен тікелей байланыста ұйымдастыра алатын оқыту мен тәрбиенің жаңа
заманғы әдіс – тәсілдерін шебер меңгерген мұғалім керек. ЖОО оқу жағдайында
болашақ педагогты дайындау ісі осы талаптардан көрінетіндей деңгейде
ұйымдастырылуы қажет.

1.2. Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым – қатынастың ерекшелігі.
Бүгінгі таңда қарым – қатынас мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып
саналады. Соңғы он жылда басылып шыққан теоретикалық – экспериметалдық
зерттеулерде аталған мәселенің мәнділігі мен көпжоспарлығы аргументті түрде
дәлелденген. Қарым – қатынас түрлері мен типтерінің алғашқы
классификациясын Л.П. Буева, Л.С. Выготский, А.А. Леонтьев, С.Л.
Рубинштейн, т.б. ғалымдар жасаған.
Педагогикалық қарым – қатынас оқушылардың психикалық дамуының қайнар
көзі болып табылады. Бұл құрылымда өзара түсіністік деңгейі
детирменанттың тұтас қатарымен меңгеріледі. Бұған – жас, өзіндік бағалаудың
даму деңгейі, білім деңгейі, икемділік, дағды жатады. Мұғалімдер мен
оқушылар арасындағы өзара қарым – қатынастың дамуына, яғни, мұғалім қарым –
қатынас жасайтын педагогикалық топтың және сыныптың даму деңгейіне әсер
етеді. Қатынастың әрқашан жақсы бола бермеуі ұстазға да, оқушыға да
байланысты. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас әр түрлі. Бұл
тұрғыда Б.Ф. Ломов – қарым – қатынас жоғарғы динамикалықпен және
функционалдықпен сипатталатын көп өлщемді процесс ретінде зерттелінуі тиіс
деген қорытындыға келеді. Қарым – қатынас біздің өмірімізде және қоғамдағы
іс - әрекетте үлкен рөлге ие. В.Н. Панферовтың айтуы бойынша кез келген
адамдық әрекеттер қарым – қатынастан тыс болмақ емес.
Кеңестік психологтар қарым – қатынасты іс - әрекеттің спецификалық
түрі ретінде қарастырады. Мысалы, оларда қарым – қатынас бір жағынан іс -
әрекеттің бір түрі, екінші жағынан іс - әрекеттің өзіндік көрінісі деген
ұғым басым. Қарым – қатынастың іс - әрекетпен байланыстылығы топ
мүшелерінің бір – бірімен үйлесу немесе үйлеспеуіне байланысты
делінетін құрылымы өте күрделі. Бұлар бір – бірімен тығыз байланысты үш
жақтан, яғни, (коммуникативтік, перцептивтік, интерактивтік) тұрады.
Көптеген факторлардың ішінде оқу және оқудан тыс кездердегі
мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қалыптасқан қарым – қатынас айырықша
шешуші фактордың бірі болып саналады. Осы қарым – қатынас мәселелері
жөнінде В.М. Афоньков, А.А. Бодалаев, Н.В. Кузмин, С.В. Кондратьев, А.А.
Леонтьев, Р.Н. Малковская, Н.Т. Полехин, т.б. өз зерттеулерінде өзара
қатынастың шешуші роль атқаратындығы туралы баса айтады. Л.Я. Коломинский
қарым – қатынасқа Бұл процесс барысында жүзеге асып жалғасатын,
қалыптасатын хабарламалық және заттық өзара әсер деп анықтама береді.
Адамның дамып жетілуіндегі ерекшеліктерге байланысты ұстаздар
оқушыларға ілтипатпен көңіл аударып, сеніммен қарау керек. Егер олар
оқушыға әлі де бала деп қарайтын болса, онда оқушы мұндай көзқарасқа қарсы
шығып, өз қарсылығы мен наразылығын сөзі, ісі, мінез – қылығы арқылы
білдіреді. Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық
бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып
саналса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл – қозғалысына, іс -
әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл – кеңесіне, өзге адамдармен қарым –
қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын
көзімен қарайды.
Педагогикалық жұмыста қарама – қайшылықтың тууына екі себеп бар деуге
болады. Оның біріншісі, мұғалімнің өз ісіне немқұрайды қарауы, сондай – ақ
мектептегі білімге сәйкес алға қойған мақсат – міндетін дер кезінде
орындамауы салдарынан туындайды. Сондықтан олар нашар оқытушы саналады. Бұл
немқұрайдылықты олардың қоғамға, ғылымға, болашаққа деген немқұрайлығы деп
есептеуге болады. Нашар ұстаз тек қана ұстаз деген атты сақтап тұрады,
бірақ шын мәнінде олар педагогикалық процесті бұзады. Бұл оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығы мен білімінің төмендігінен көрінеді.
Қарама – қайшылықтың екінші тобына ұстаздардың оқушылардың қалыпты,
іскерлік, адамдық қатынасты (өзінің жұмысына, балаларға ерекше махаббаты
болса да) орната алмауы жатады. Мұндай жағдайда оқытушының өзі де зардап
шегеді. Онда өзінің педагог ретінде шыңдалмағанын сезініп, өз - өзіне
сенбеуі салдарынан кәсіпке деген жағымсыз қатынас туындайды.
Ұстаз - өмір бойы бала оқытатын, тәрбиелейтін адам. Ол барлық адам
үшін үлгі болуы шарт. Оқыту процесі және тәрбиелеу кезінде туындайтын
сұрақтарға жауап бере алуы керек. Ұстаздықтың өзге маман иелерінен басты
айырмашылығы – адаммен жұмыс жасауы және оның пісіп жетілуіне бар күш
қуаты мен білімін жұмсауы. Соған орай, бұл мамандықтың қыры мен сыры қат –
қабат болып келеді. Ұстаздар мен шәкірттер арасында белең алатын
қайшылықтар бір қырынан ұстаздық мамандықтың күрделілігі мен
жауапкершіліктің мол екенін аңғартатын болса, екінші жағынан
қарастырғанда, адам жан дүниесінің сыры, психикасы аса күрделі құрылым
екеніне көз жеткізуге болады.
Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарама – қайшылықтар түрлі
себептерден пайда болады. Атап айтсақ, мұғалім оқушыларға қоятын талабын
үнемі өзгертіп, қалыпты жағдайдан жиі ауытқиды. Мұның өзі шәкірттер
тәртібінің нашарлауына әкеп соғады. Ересек адамдарға қарағанда мұғалімдер
мен оқушылар арасындағы өзара қарым – қатынас едәуір күрделі. Өйткені
мұндағы бірінші жақ – мұғалім толық қалыптасқан мораль, этикалық жағынан
жетілген, мінез – құлқы орныққан адам. Екінші жағынан – оқушылар. Бұлар
небәрі өз ұстазының сезімі мен ақыл – ойына ынтыққандар ғана. Мұғалім мен
оқушының ойлану, түсіну сипаттары да түрлі деңгейде. Ұстазға айдай анық
құбылыс шәкірттеріне нанымды бола бермейді. Олардың бір құбылысқа немесе
сөзге беретін бағалары да түрліше. Екі жақтың қарым – қатынасында қайшылық
туындауына ұстаздық методикалық тұрғыдан қате жіберіп жаңылысуы не оқу
материалын тиянақты түсіндіре алмауы да себеп болады. Сол үшін ұстаз
әрдайым оқушы алдында өз білігі мен біліміне мұқият болғаны жөн.
Жоғарғы оқу орынында халықтық педагогика идеялары негізінде
студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын
ұйымдастыруда мынадай принциптер басшылыққа алынуы тиіс:
- тұлғалық бағыт принципі;
- жеке тұлғалық және қоғамдық бағыттардың бірлігі принципі;
- өмірмен, еңбекпен байланыс принципі;
- өнеге үлгіні сүйеніш ету принципі;
- тәрбиелік ықпалдар принципі.
Болашақ мұғалімдердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырудағы
басты принциптерді талқылай отырып, тәжірибелік – эксперименттік
жұмыстарында түрлі әдіс – тәсілдерді сұрыптауға болады. Көрстеілген
принциптерге сүйене отырып, студенттердің қарым – қатынас мәдениетін
қалыптастыруда мынадай әдіс – тәсілдерді ұсынуға болады. Мынадай шарттар
ескерілуі керек: қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсаттары мен
міндеттері; студенттердің қызығушылығы мен қажеттері; қоршаған әлеуметтік
жағдайлар; қарым – қатынас жасау деңгейлері; күтілетін нәтижелер;
оқытушының өз басының мүмкіндіктері.
Студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыруда сананы
қалыптасттыру әдістері, іс - әрекетті ұйымдастыру және қарым – қатынасты
қалыптастыру әдістері; ынталандыру әдістері деп бөлуге болады.
Сананы қалыптастыру әдістері. Студенттің халықтық педагогика
идеяларына негізделген қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру, оның
қажеттілігін саналы түрде мойындауынан басталады. Осы сипатта дұрыс
ұйымдастырылған оқу – тәрбие процесі студенттің қарым – қатынас
мәдениетінің дамуына ықпал етеді. Сондықтан шәкірттің белгілі бір қасиеттің
мәнін түсінбейінше, оның бойында сол қасиетті қалыптастыру, тәрбиелеу
мүмкін емес. Жеке тұлғаның сананы қалыптастыру әдістері студенттердің
халықтық педагогикадан алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді
қолдануға, яғни қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыруда маңызды. Оқытушы
өз сабақтарында педагогика мұраларын, ақын – жыраулар тағылымдарын, Абайдың
Қара сөздері сияқты тәлімдік мәні зор материалдарды пайдаланып, этикалық
тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, дәрістер, этикалық
әңгіме – сұхбаттар, ақыл – кеңестер, мысалдар қолдану нәтижесін беретіні
дәлелдеді. Бұл әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қолдану
аясы бар, олардың әрқайсысы оқытушының жоғары біліктілігі мен педагогикалық
шеберлігіне байланысты.
Этикалық тақырыптағы әңгіме моральдық бағамдар мен қарым – қатынас
нормаларының мәнін түсініп, ұғуға жәрдемдеседі. Ол адамгершілікті қарым –
қатынас ұғымы түсініктерінің мазмұнын ашып қана қоймай, студенттердің
инабаттылық талаптарына сәйкес болымды тұлғалық әрекеттеріне деген ұнамды
қатынас өрбітіп, қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыруда оңды
өзгерістерге ықпал жасайды. Мұндай әңгімелер бірнеше қызмет атқарады:
1) халықтық педагогика туралы білімін жетілдіреді;
2) тұлғаның адамгершілік сапаларына негізделген қарым – қатынасын
дамытады;
3) тәрбиелік ұнамды үлгі - өнеге, мәдениеттілікті қалыптастырады.
Әдептілік - сұхбатқа студенттердің белсенді қатыса алуы үшін оның
жоспары мен негізгі мәселелері алдын – ала беріледі. әңгіме – сұқбаттан сол
әңгіме кезінде талқыланған мінез – құлық ережелерін жүзеге асыра алатын
шынайы пайдалы іспен ақталуы оң нәтиже береді.
Сондай- ақ алдын ала жоспарланған әңгіме сұқбаттардан басқа қарым –
қатынаста пайда болған қиыншылықтарға байланысты жоспардан тыс - әңгіме
сұқбаттарда өрбіп отырады. Бұл әңгіме – экспролет деп аталады. Мұндай
әңгімені сырласу ретінде жүргізу нәтижелі болады. Егер студент қателігін
мойындаса, әңгіме сұқбат керек болмайды. Мұндағы дұрыс педагогикалық
басшылықтың мәні – студенттерге өз ынта, әрекетімен дұрыс шешім қабылдауға,
ойы мен сезімін түсініп, қарым – қатынаста ілтипатты болу.
Айтыс – сананы, сенімді, мақсат – мұраттарды, құндылық бағыттарды
қалыптастырудың күрделі әдісі.
Айтыстың тақырыбы таңдалынып алынғаннан кейін, өзіндік пайымдауды
қажет ететін 5 – 6 сұрақ белгіленеді. Айтысқа қатысушыларды осы сұрақтармен
таныстырып, әдебиеттер ұсынылады. Айтыстағы баяндама еркін әрі қызу болуы
қажет. Айтыстың жүргізушісі қызметін, әдетте, оқытушы атқарады. Бірақ
ерекше дайындығы бар студенттер жүргізуші бола алады. Айтыс кезінде оқытушы
студенттердің айтысын бағыттап, олардың ойларын тәртіпке келтіріп, дәлелге
сүйене үйретеді.
Соңғы жылдары айтыстың, ізденістің мәселелерге жауап берудің
пікірталас сияқты формасы кеңінен қоладынлуда. Айтыстан ерекшелігі –
пікірталастарға студенттер топтары қатысады. Олар алдын – ала баяндамалар
дайындайды, онда өмірлік маңызы бар мәселені шешудің ең тиімді деген жобасы
студенттің тілегі бойынша жазылады.
Іс - әрекетті ұйымдастыру және қарым – қатынасты қалыптастыру әдістері
жеке тұлғаның халықтық түсініктері мен сенімдерін, білімін нақты іс -
әрекетте қарым – қатынаста пайдалану арқылы көрінеді. Ұжыммен белгілі бір
іс - әрекетте қарым – қатынас барысында пайда болатын жағдайлар белгілі бір
әдетке, мінез – құлықтың белгілі бір бағытын таңдауға әкеліп, қарым –
қатынас мәдениетінің қалыптасуына негіз болады. Әсіресе, қажетті тұлға
сапаларын қалыптастырудың жалпыланған әдісі – жаттықтыру. Жаттығулар
жиілігі, көлемі мен жетіскен нәтижелер арасында тікелей тәуелділік бар:
жаттығулар неғұрлым көп орындалса, олардың жәрдемімен қалыптасушы сапалар
дамуы да соғұрлым жоғары келеді. Жаттығулар талап пен ойын формасында да
жүргізіледі.
Ынталандыру әдістері – мадақтау, жарыстыру, субъектив – прагматикалық
әдістерден тұрады.
Студенттің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырудағы оқытушы
тарапынан болатын педагогикалық қолдаудың мәні мынада: ұнамды психологиялық
жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына
шарт – жағдайлар түзу; ұлтының дәстүрлеріне т.б. мақтан тұтуын қамтамасыз
ету; көмек көрсету, үлгі - өнеге болу; оқытушының кәсіби деңгейі мен
мәдениеттілігінің жоғары болуы.
Студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыруда мынадай жұмы
формалары пайдаланылады.
Дәрісбаяндар – халықтық педагогиканың бай мұраларынан берілген жарқын
ақпарат, деректер, қызықты мысалдар, т.б. негізіндегі дәрісбаяндар
студенттердің ынта – ықыласын тудырып, қарым – қатынас мәдениетінің қыр –
сырын ұғынуға мүмкіндік береді.
Сократтық сұқбат - кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға
жауапты тауып, қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру проблемасының
көптеген балама шешімдерінің кеңінен қарастырумен біртіндеп мәселенің
шешіміне жету жолы.
Ашықө микрафон – болашақ мұғалімдер үшін және қоғамдағы адамдар
арасындағы қарым – қатынас мәдениетінің қалыптасу жағдайлары мен оның
дамуына халықтың педагогика идеяларының ықпалы туралы мәселені талқылау
үшін қолданылады.
Ұлы тұлғалар күні – халқымыздың батыр ұлдары мен қыздары, ұлттық
мақтаныштарымыз болған (Абай, Ыбырай, Міржақып т.б.) мерейтойларына орай
өткізілетін танымдық, құндылық бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара.
Пікір – сайыс (мысалы, Сіз мәдениеттісіз бе? Адам – қоғам – орта
қарым – қатынасы т.б. тақырыптарда) екі топ кезегімен ой толғаныстары мен
шешімдерін ортаға салып, өз жобаларын қорғайды.
Сыр – сұқбат – қазіргі кезеңімізде қоғамымызда болып жатқан
өзгерістерге сай, адамдар арасындағы қарым – қатынастың өзгеруі; халықтық
педагогика идеяларындағы ой – пікірлердің ерекшелігі; жастарымыздың қарым –
қатынас мәдениеті мен төл мәдениетіміздің өзара сабақтастық мүмкіндіктері,
мәселенің шешімін табу жолдары т.б. мәселелерге арналған тәрбиелік әңгіме
сағаты.
Қарсыластар сайысы – алдын – ала жинақталған пікірталас материалдары
негізінде көкейкесті мәселелер жөнінде қарсы 2 топтың пікірлерін ортаға
салу, сараптау, тұжырымдар жасауға арналған сөз – жарыс.
Ұлттық мұралар аукционы – халқымыздың дәстүрлі, мәдениеті, өнері, т.б.
жөніндегі студенттер мен қолөнер бұйымдарын т.б. сатып алу мақсатындағы
білімділік сайыс т.б.
Көрсетілген шараларды оқу – тәрбие үрдісінде тақырыппен сабақтастыра
жүргізу оң нәтижеге жеткізіп, студенттердің қарым – қатынас мәдениетін
қалыптастыруға негіз болады деп есепиейміз.

1.3. Қазіргі заманда педагог маманына қойылатын негізгі талаптар.
Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму деңгейі білім берудің
мазмұны мен формаларын өзгертуді талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының
Білім беру туралы заңы мен көптеген нормативтік – құқықтық актілер осы
талаптарға сай жаңа білімдік – кәсіби бағдарламалар қажеттігін ескертеді.
Болашақ кәсіби маманлдардың жоғары оқу жағдайындағы дайындығы жан –
жақты ұйымдастырылуы тиіс. Теориялық терең білімге қоса тәжірибелік
дағдылары, адамгершілік қалыптасуы, тұлғаның мүмкіндіктері және кәсіби
бағдары жетілген маманды дайындаудың күрделілігі сөзсіз. Дегенмен, жаңа
заман маманын дайындауда атап өтілгендердің барлығы ескерілгенде ғана, ХХІ
ғасырға сай жоғары білімді кәсіби маманды қалыптастырудың мүмкіндігі туады.

Болашақ кәсіби мамандарға білім беруді әр мамандықтың өзіне сай
ерекшелігіне қарай ұйымдастырылудың қажеттілігі анық. Соның ішінде педагог
кадрларды даярлаудың психологиялық – педагогикалық, әлеуметтік –
экономикалық және технологиялық негіздерін нақтылау міндеттері тұр.
Педагогикалық мамандық бойынша, білім алушы жастарды педагогикалық іс -
әрекетке үйретудің қазіргі заманғы көзқарастары бұған дейін қалыптасып
қалған түсініктерге де жаңаша қарауды ұсынады. Педагог ғалымдардың
(Сластенин В.А., Ильин Г., Загвязинский В.И., және т.б.) пайымдауынша,
қазіргі заманғы мектептегі педагогикалық іс - әрекет оқу материалын да,
тіпті оқушыны да объект ретінде қарастырмайды. Ол оқушының тұлғалық
қалыптасуы мен дамуының заңды кезеңдерін, факторларын, жағдайларын қамтитын
күрделі жүйе... (1). Оқушылар - білім берудің мазмұны түсінігі бойынша
білім беруді тек субъективтілік мемс, субъект – объективтілік қатынастар
түрінде қарастыруға болғанымен, М.М. Бахтин адамды объект ретінде
зерттеуге болмайтындығын, оны өзін еркін сезініп, өз ойларымен бөліскенде
ғана танып – білуге болатындығын ескертеді.
Болашақ педагогтың кәсіби қалыптасуы оның педагогикалық
қабілеттілігіне тікелей байланысты. Педагогикалық қабілеттілік дегеніміз –
педагогикалық жүйенің талаптарын сезіне отырып, осы талаптардың оқушыларда
бейнелену ерекшеліктерін аңғару және қажетті нәтижеге жету үшін оқушыларға
әсер етудің мүмкін болатын әдіс – тәсілдерін орынды қолдана білу қабілеті.
Осы талаптардың мұғалімнің жеке іс - әрекетіне сәйкес келуі, жоспарланған
нәтиже мен нақты нәтиже арасындағы байланыс педагогикалық қабілеттіліктің
басты көрсеткіштері. Педагогикалық қабілеттілік екі деңгейде көрінеді:
1. рефлексифтік
2. проективтік
рефлексифтік деңгей үш түрлі сезінуді қарастырады: объектіні сезіну –
оқушының психологиясына ене отырып, нақты болмыстағы объектілердің оған
әсерін сезіну, өлшемді (мөлшерді) сезіну – педагогикалық әсер етулердің
нәтижесінде балада пайда болған өзгерістер мен оның себептерін аңғару;
өзінің қатысы бар екенін сезіну - өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін
және іс - әрекетін бағалауға қабілеттілігі.
Проективтік деңгей де осы тәрізді бірнеше қабілеттілікті қамтиды:
гностикалық – педагогикалық жүйенің талаптарын сезіну, осы жүйенің
нәтижелі, не нәтижесіз жақтарының себептерін байқау; жобалық – оқушыда
болатын өзгерістерді алдын ала болжап, сол өзгерістерге әсер етуші
педагогикалық құралдарды қолдана білу; конструктивтік – оқушылардың
эмоциялық, интеллектуалдық және тәжірибелік ынтасын оятатын оқу – тәрбие
ақпараттарын құрып, қажеттілерін таңдай білу; коммуникативтік – оқушылармен
педагогикалық жағынан тиімді байланыстарды қалыптастыру тәсілдерін меңгеру;
ұйымдастырушылық – оқушылардың әр түрлі іс - әрекетпен айналысуына
мүмкіндік жасай отырып, сынып ұжымын әрбір жеке оқушыға ықпал етуші құралға
айналдыру.
Педагогикалық қабілеттілігі бар студент педагогикалық іс - әрекетті
тез меңгеріп кетері анық. Ал, соңғы уақытта біздің елімізде нарықтық
экономиканың ықпалынан пайда болған, мамандықты таңдау қабілетіне қарай
емес, мүмкіндігіне (әсіресе, материалдық) қарай қарастыру тенденциясы жиі
байқалады. Көбінесе, оқу ағысының төмендегі (орташа тұрмыс
жағдайындағылардың шамасы келетіндей), оқуға қабылдану көрсеткішінің де
педагогикалық мамандықтар үшін аса жоғары болмауы біршама жастар легінің
осы мамандықты таңдауына әкеліп соқтыратыны жасырын емес. Мұның соңы
педагогикалық іс - әрекетке аса икемі жоқ, негізгі мақсаты тек қана жоғарғы
білім алу болып табылатын, болашағы күңгірт жастардың пайда болуына
әкеледі. Ал, бұл кез келген қоғам үшін пайдасыз, тіпті, қауіпті десе де
болады. Ендеше қазіргі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының басты назары
осы жастардың педагогикалық мамандықты өз деңгейінде меңгеріп шығуына
қажетті жаңа технологиялар мен әдіс – тәсілдерді іздестіруде болуы қажет.
Бұл орайда, мамандықты күштеп меңгерту емес, қызықтырып, тартып,
ынталандырып оқыту басты міндет. Атап өтілген себептерді ескерер болсақ,
педагогикалық мамандыққа кездейсоқ келгені үшін жастар көңілді емес.
Сондықтан, жоары мектеп педагогтары әрбір болашақ педагог маманды дайындау
ісіне ерекше мән бергені дұрыс. Бала – адамның, мемлекеттің болашағы
екені қандай түсінікті болса, сол мемлекеттің болашағын қалыптастырушы,
оларға білім мен тәрбие беретін педагог маманның алатын орны да соншалықты
маңызды. Аталған мәселелердің шешілу жолдары өте көп. Солардың бірі –
психология ғылымында ең бірінші болып қабілеттілік өтемі (компенсация)
туралы мәселе көтерген Б.М. тепловтың теориясы. Егер студент мамандығына
қатысты пәні меңгеруіне педагогикалық қарым – қатынасты үйренуге,
педагогикалық процесті ұйымдастыруға байланысты қиындықтарға кездесетін
болса, (педагогикалық қабілеті нашар болса, бұл жиі кездесетін жағдай), бұл
студенттің басқа қабілеттерін осы міндеттерді шешуге пайдалану керек. Б. М.
Теплов қабілеттің өтемін ұйымдастыруды түйсіктер мен жүйке жүйесінің
байланысы арқылы түсіндірсе, К.К. Платонов күрделі қабілеттер құрамына
енетін арнайы қабілеттердің көмегі түрінде қарастырады. Студенттің есте
сақтау ерекшелігі, байқампаздығы, белсенділігі, сондай – ақкейбір мінез
ерекшеліктері (сабырлығы, ұқыптылығы, жоғарғы жауапкершілігі, т.б.) т.с.с.
қасиеттері педагогикалық қабілеттілікті қалыптастыруға негіз бола алады.
Мұғалім мамандығын дайындауда педагогикалық қарым – қатынасқа үйретудің
маңызы зор. Қазіргі таңдағы жаңа ақпараттық технологиялар мен жаңа заман
мұғалімінен ең алдымен оқушымен жан – жақты, терең байланыс орнатуды
міндеттейді. Соңғы зерттеулерге қарағанда таным – білімдегі өзгерістер жыл
сайын, күн сайын, тіпті, сағат сайын байқалатын көрінеді. Сондықтан,
мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық байланыс кеңейген сайын, жаңа
ақпараттармен қарулану да жоғарылайды. Мұғалімдік мамандықтардың
талаптарына сай, болашақ маман педагогикалық қабілеттілігі, психикалық
ерекшеліктері, сөйлеу шешендігі, жүйке жүйесінің мықтылығы (төзімділігі)
сияқты сипаттардан басқа, балалармен тіл табыса білу қабілеті мен де
ерекшеленуі тиіс. Сол себепті көп қырлы педагогикалық қарым – қатынастық
қыр – сырына студенттік кезеңнен мән берген жөн.
Педагогикалық қарым – қатынастағы гуманистік бағытты қолдап –
қорғаушы К. Роджерс мұғалімнің оқушылармен арадағы бір – бірін түсіну
мәселесін басты міндет етіп қояды. Р. Бернс осы мақсаттағы технологиялық
принциптерге толық қосылатынын атап көрсетеді:
Мұғалім оқу процесінің басынан бастап аяғына дейін оқушыларға деген
сенімін көрсете білуі керек.
Ол оқушылар тобының, сол сияқты әрбір жеке оқушының алдында тұрған
мақсаттар мен міндеттерді анықтау мен анқтылауға көмектесуі керек.
Ол әр кезде де оқушыларда оқуға деген ішкі мотивациясы бар
екендігіне сүйенуі керек.
Ол оқушылар қиындықтарға тап болғанда, әрқашанда көмекке даяр
тұратын, оқушылар үшін түрлі тәжірибенің көзі болып табылатындай болуы
керек.
Әр оқушы үшін осындай рөлді орындауы ол үшін өте маңызды.
Ол топтың эмоциялық күйін сезіне білу мен оны қабылдай алу қабілетін
дамытуы керек.
Ол әр оқушының сезімі мен күйзелістерін түсіне алатындай дәрежедегі
эмпатиялық жағдайға ұмтылуы керек.
Ең соңында, ол өзін - өзі жақсы білуі керек.
Болашақ ұстаз бұл жағдайға жетудің күрделілігін сезіне отырып,
тәжірибелі оқытушының жетегімен оған дайындық жасауға мүмкіндік алады. Жан
– жақты, заман талабына сай оқушыны тәрбиелеу техниканың жетілуіне
көмектеседі, мақсатқа сай нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық қабілеттіліктер. Педагогикалық іс - әрекетке қажетті
мынадай жетекші қабілеттерді бөлуге болады: коммуникативтілік,
креативтілік, рефлексия, перцептивті, (эмпатия, интуиция, көрегенді),
интеллектуалды, ұйымдастырушылық қабілеттер. Педагогикалық қабілеттер
педагогикалық процесті жылдамдатып, оның өнімділігін арттырады.
Педагогикалық адамгершілік. Оған оқытушының гуманистілік бағыттылығы
жатады және оның құндылықтық бағдарларын, идеялары мен қызығуларын іске
қосады. Адамгершілік педагогикалық позицияда көрінеді, оқыту және тәрбиелеу
процесінің нақты міндеттерін таңдауды анықтайды, студенттермен өзара
қатынасқа әсер етеді, педагогикалық іс - әрекеттің гуманистік стратегиясын
анықтайды.
Кәсіби және индивидуалды маңызды қасиеттер. Тұлғалық қасиеттер
педагогикалық іс - әрекеттің өнімділігін арттыратын не кедергі келтіретін
католизатор рөлін атқарады. Кәсіби маңызды қасиеттерге: мейірімділік,
объективтілік, талап қоя білу, жоғары деңгейдегі қабілеттер: өзін - өзі
ұстай алу, тәртіптілік, оптимизм т.б. жатады. Әрбір педагог өз бойындағы
жағымды және жағымсыз қасиеттерді білуі керек, біріншілерге сүйеніп, оларды
дамытуды немесе екіншілерін жеңіп отыруы қажет.
Сыртқы мәдениет. Бұл оқытушы жұмысында маңызды роль атқарады, өйткені
ұстаз әрқашанда аудитория алдында. Сыртқы мәдениетке: сыртқы келбет,
сөйлеу, вербальды емес қарым – қатынас түрлері жатады. Сыртқы мәдениетті:
киім, шаш қою, дене бітімін ұстай алу, т.б. қалыптастырады. Сөйлеу
мәдениеті дұрыс, қатесіз сөйлеуге, мәнерлілікке, сөз қорының байлығына,
сөздің бейнелілігіне, дикцияға, тембрге тәуелді. Вербалды емес қарым -
қатынас мәдениетті мимика, патомимика, салмақтылық, өзіне сенімділік,
аудиториямен контакт жасай алу арқылы қалыптасады.
Осы жетекші компоненттер педагогтың кәсіби шеберлігінің негізі болып
табылады. Бұл компоненттер педагогикалық шеберліктің үш деңгейінде
кездеседі, бірақ көріну дәрежесі әр түрлі болады. Сонымен, педагогикалық
шеберлік – күрделі, көп өлшемді ұғым, ол оқытушының бүкіл өмірлік әрекеті
барысында қалыптасады.
Өз дамуында педагогикалық шеберлік үш деңгейден өтеді. Біріншісі –
кәсібилік. Ол жоғарғы мектепті аяқтап отырған, педагогикалық іс - әрекетке
даяр түлектерге тән.
Оқытушы енді оқу орнында өз бетінше жұмысқа кіріседі, онда кәсіби
өсуі интенсивті және мақсатты түрде кемелдене түседі. Оның жылдамдығы мен
эффективтілігі өзін жетілдіруге және өзін тәрбилеуге деген нұсқаудың
болуына да байланысты. Сонымен қатар, жас маман тәжірибелі педагогтерден
үйрене алады. Өзінің әріптестерінің жұмысын талдап, қорытынды шығара
алады, семинарларға, курстарға, ғылыми конференцияларға қатысу арқылы
кәсіби шеберлігін шыңдайды.
Біртіндеп оқытушының психологиялық – педагогикалық мәдениеті
жоғарылайды. Репродуктивті іс - әрекетпен қоса, педагог оқыту және
тәрбиелеу процесінің жаңа элементтерімен оны жетілдіру мен, моделдеумен
айналысады. Бұл жаңа деңгей – педагогикалық шеберлік - үнемі
шығармашылыққа ұмтылу. Мұнымен қатар педагогикалық қабілеттер дамиды,
әдістемелік арсенал баийды. Бірақ педагогикалық шеберліктің құрылымдық
компоненттерінің дамуы бірдей өтпейді, олардың біреулерінің өнімділігі
жоғарырақ болуы мүмкін.
Үшінші деңгей – педагогикалық жаңашылдық. Жаңашылдық – оқытушы оқу –
тәрбие ісіне жаңа идеялар енгізеді. әдістемелік жүйелер өңдеп, жаңа
педагогикалық технологиялар қалыптастырады. Нәтижесінде студенттердің
кәсіби дайындығының өнімділігі ғана жоғарылап қоймайды, оның сапасы да
өзгереді. Жаңашыл – педагог болу үшін теориялық және практикалық
дайындықтың жоғары деңгейі, интеллектуалды қабілеттер, шығармашылық ойлау
қажет.

ІІ бөлім.
2.1. Педагогикалық іс - әрекет және мұғалімнің психологиялық мәдениеті.
Педагогтың білім мен ақпаратты тасымалдаушы болуы бүгінгі күнде
жеткіліксіз. Ендеше бүгінгі мүғалім жоғары педагогикалық және психологиялық
мәдениетті меңгеруі міндетті.
Психологиялық мәдениетке адамның психологиялық сауылғы мен өзін - өзі
және басқа адамды тануы, өзін - өзі ұстау және қарым – қатынас жасау
мәдениеті жатады. Психологялық құзырлыққа педагогикалық іс - әрекеттің
кәсіби міндетті шешуге қажетті психологиялық білімі мен іскерлік кешені
кіреді. Ал адамның өзін - өзі таныта білу іскерлігі қоғамда аса маңызды.
Мұғалімдер шеберлігін арттыру мәселесі қай кезде болсын педагогика
ғылымында алдыңғы орынында тұрғандығы белгілі. Оны зерттеушілер
еңбектерінен айқын аңғаруға болады. Мәселен, мұғалім қызметі формалары мен
әдіс – тәсілі С. Гусев, П. Груздев, С. Иванов, А. Моисеев, М. Рубинштейннің
педагогикалық іс - әрекеттің ғылыми негіздері Н. Александров, В. Ильин, И.
Огородников, А. Пискунов, Н. Кузьмина және т.б. зерттеулерінде кеңірек орын
алған.
Қазіргі таңда да осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстары қызу
жүргізілуде (О. Абдуллина, Б. Айтмамбетова, В. Слатенин, А. Щербаков, Н.
Хмель және т.б.)
Педагогикалық іс - әрекет мәнін ашуда біз, ең алдымен, мұғалімнің
кәсіби іс - әрекеті мен жалпы іс - әрекет мәселесіне назар аударған жөн.
Бұл іс - әрекеттің жалпы теориясы М. Демин, Н. Гордеева, Б. Зинченко, Г.
Батищев, М. Каган, А. Леонтьев т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Дүниені танудың алғашқы түрі ғылыммен көрсетілсе, екіншісі
мәдениетпен анықталады. Білім беру жүйесінің маңызды мәселесі ретінде
көптеген ғалымдар болашақ мұғалімдердің мәдениеттанымдық дайындығын алға
тартады. Өйткені, педагогика ғылым мен мәдениетті негіз ретінде алып
қарастырады, себебі, арнайы зерттеулер мамандардың жоғары дәрежедегі іс-
әрекетін, біріншіден, оның мәдениеттілігіне байланысты деп санайды.
Екіншіден, оқу үрдісі тек арнайы кәсіптік білім алу емес, қазіргі
мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне байланысты болады дейді ғалымда
пікірінше.
Үшіншіден, қазіргі маман – ол ойлау жүйесі жетілген, қоғам мәселесіне
байланысты өз пікірі бар, қарым – қатынас жасай алатын мәдениетті тұлға.
Төртіншіден, көптеген ғалымдар адамның рухани сезімін қалыптастыру
үшін өазіргі әлем мен отандық мәдениетке бейімделу керек деп есептейді.
Бесіншіден, болашақ мұғалімдерді дайындау мақсатында алдымен мәдениет
танымдық дайындығын көтеру үшін жалпы мәдениет деген не? деген іздеуіміз
керек. Қазіргі ғылымда нақтылы мәдениеттің анықтамасы қалыптасқан жоқ.
Себебі, мәдениет жан – жақты қарастыруды талап ететін ілім. Ал философияда
бірнеше пікір қалыптасқан. А. Здравомыслов, А. Ядов, О. Дробницкий мәдениет
тұлғаның іс - әрекетін қалыптастыратын әмбебап механизм деген анықтама
берсе, мәдениет – материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы деген
пікірді В. Пираринов, Ю. Ефимов, И. Гормов, А. Арнольдов, Н. Чавчавадзе
т.б. білдірген. Ал мәдениет – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық процестегі мұғалімнің қызметтері
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру нобайы
Коммуникативтік мәдениеттің құрылымы
Бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негiзi
Педагогикалық мәдениетін дамыту бойынша ғалымдардың теориялық зерттеулері
Болашақ тәрбиешілердің кәсіби шығармашылық белсендігін қалыптастыру
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Қарым – қатынас психологиясының теориялық мәселелері
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың пеагогикалық негізін анықтап, қазіргі жоғары мектеп оқу-тәрбие процесінде пайдалану жөнінде әдістемелік ұсыныстар жасау
Пәндер