Етістіктердің семантикалық құрылымы
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Предикаттардың рөлді семантикаға және уақыт ара қатынасына
байланысты жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 8
1.1 Қолданыста бар амалдар

... .8
1.2 Эмоционалды-бағалау тобының етістіктерімен берілген предикаттардың
семантикалық түрлері

... ...23
1.3 Нақты және абстрактілі предикат үлгілері. Уақыт ара қатынасынан
ауытқушылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6
1.4 Гештальттық предикат ұғымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
1.5 Күй-жағдайды білдіретін предикаттарды мағыналы предикаттармен
салыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
1.6 Эмоционалды-бағалау тобы етістіктерінің уақыт ара қатынасына байланысты
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .36
2. Етістіктердің семантикалық құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.1 Сөздің семантикалық құрылымының түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
2.2 Қазіргі тіл білімінде валенттілік түсінігін термин және ұғым тұрғысынан
Қарастыру

... ... ... ... ... ... ...42
2.3 Синонимдік топ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
2.4 Эмоционалды-бағалау тобы етістіктерінің семантикалық құрылымы ... 48
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ...65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеліп отырған мәселе өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қазіргі таңда төл тілімізде
ағылшын тілінің типологиялық ерекшеліктерін анықтап, қазақ тілінің бай
предикаттар қорымен аудару мәселесіндегі ғылыми ізденістер әліде жүргізіліп
жатыр. Бұл ағылшын және қазақ тіліне қатысты көптеген мәселелердің ортақ
заңдылықтары мен құбылыстарын тілдік ерекшеліктердің әлі де болса
айқындалмаған тұстарының молдығын көрсетеді. Демек, тіл мамандарына сан
алуан ғылыми зерттеулерді жүргізу, өзекті және даулы мәселелерді шешу
тәрізді күрделі, ауқымды міндеттер жүктеледі деген сөз. Халықаралық және
тіларалық қатынастар дамыған осы кезеңде шетел тілін ана тілімізбен
салыстыра зеттеудің тіл білімінің әрбір саласы, оның ішінде
этнолингвистика, лингвомәдениеттану, елтану ғылымдары үшін маңызы зор.
Сонымен қатар, ағылшын–қазақ тілдеріне қойылатын талаптарға сай, жүйелі
түрде жасалған предикаттар сөздігінің осы кезеңге дейін жасалмауы зерттеу
тақырыбының өзектілігін көрсетер бірден-бір фактор.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Предикативті топтардың ықыласты
салыстырмалы анализі мен олардың аудармасы.
Зерттеу жұмысының мақсатына байланысты төмендегідей міндеттерді шешу
көзделді:
- appreciate, value, cherish етістіктерінің анықтамасын беру;
- предикаттардың негізгі классификациясын келтіру;
- предикаттар аудармасының ерекшеліктері мен қиыншылықтарын анықтау.
Зерттеу нысаны ағылшын тіліндегі appreciate, value, cherish
етістіктерінің талдауы мен оларды аудару тәсілдері, ал зерттеу пәні –
синонимдік предикаттар тобын құрастыру.
Зерттеу әдісі. Зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу, жұмысына
алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалды. Берілген
мәселе бойынша әдебиеттерді талдау, авторлардың түрлі көзқарастарын
қарастыру, материалды салыстырмалы зерделеу жүргізілді.
Ал біздің зерттеп отырған мәселеміз предикаттардың салыстырмалы
түрдегі көрінісі, яғни ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы мәселе болып
табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- ағылшын тіл білімінде алғаш рет грамматикалық категориялардың
концептуалдау және категориялау үдерістерінің нәтижесінде
түзілетіні, яғни әр грамматикалық категорияның негізінде когнитивті
концепт жататыны анықталды, грамматикалық категорияларға негіз
болған ұғымдар математикадағы, философиядағы және психологиядағы
т.с.с. түсініктермен, таным үдерісімен салыстырылып, оның тілдік
категориядағы орны айқындалды;
- алғаш рет предикативті сипаттағы грамматикалық категориялардың (жақ,
рай, шақ) антропоөзектілік көрінісі айқындалып, жақ категориясына
–персоналдылық, рай категориясына – модальділік, шақ категориясына – уақыт
концептілері негіз болатыны анықталды;
- ағылшын тілінде алғаш рет қатынас мәнінің антропоөзектілігі етіс,
септік категориялары арқылы берілетіні көрсетілді;
- алғаш рет жекелік-көптік, шырай категорияларының сан-мөлшер мәнінің
антропоөзектілік сипатын берудегі қызметі айқындалды;
- ағылшын тіліндегі әмбебап сипаттағы негізгі концептілер анықталып,
олардың ұғымдық, бейнелі-ассоциативтік, құндылық мәндері болатыны
көрсетіліп, бейнелі-ассоциативтік, құндылық мәндері сипатталды;
- ағылшын тіл білімінде алғаш рет предикативті негізді, қатынас, сан-
мөлшер мәнді морфологиялық категориялардың концептуалды мазмұндары өзара
салыстырылып, ұлттық діл ерекшеліктеріне байланысты антропоөзектіліктің
көріну сипаты анықталды;
- көркем әдебиет, киноаударма, ғылыми әдебиет пен публицистикалық
мәтіндердегі грамматикалық категориялардың қолданысы талданып, ағылшын
тіліндегі грамматикалық категориялардың синтагмалық және парадигмалық
мәндері көрсетілді.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық құндылығы предикаттардың
көркем, саяси әдебиетте және ауызекі тілде жиі қолданылуында. Аудармашы
оларды жеңіл анықтап, барабар аударма жасау үшін бұл тілдік лексикалық
бірліктерді білуі қажет. Қазіргі ағылшын тілінің предикаттар әлемі ауқымды
және сан алуан, және оны зерттеудің әр аспектісі сөзсіз тиісті көңіл
бөлінуге лайық.
Бұл лексикалық бірліктерді аудару қиындық туғызуы мүмкін, себебі
олардың басым бөлігі белгілі бір тілдік стильге жататын және ұлттық сипатты
сақтайтын эмоционалды-бағалау тобының етістіктеріне толы. Предикативті
тіркестерді тәржімалағанда контекстке назар аудару керек. Көптеген ағылшын
предикативті бірліктеріне басқа тілдерге аударуды қиындататын
көпмағыналылық пен стилистикалық аражіктік тән.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Предикативті қатынас жақ, рай, шақ категориялары негізінде құралады.
Персоналдылық жақ категориясына, модальділік рай категориясына, уақыт шақ
категориясына негіз болған. Жақ категориясы сөйлеуге қатысушылардың бір-
біріне қатысын, көбінесе сөйлеушінің қатысын білдіреді. Антропоөзектілік
тұрғыдан алғанда, жақ категориясында сөйлесушілердің бір-біріне қатысы,
өзара ілтипаты, сыйластығы, қарым-қатынас ерекшеліктері байқалады. Ағылшын
тіліндегі жақ категориясының анайысыпайы түрге жіктелуі ментальдылықтың
көрсеткіші бола алады. Модальділік концептінің мазмұнында шынайылық,
жалғандық сияқты сипаттар түзіледі. Ол шынайы болмыспен сәйкес келу
(объективті модальділік), шынайы болмыспен сәйкес келмеу (субъективті
модальділік) түрінде көрініс тауып, рай категориясына негіз болады. Уақыт
тікелей концептуалданбайды, оған жанама түрде оқиғалар, кеңістік пен
қозғалыс атаулары уәж болады. Оның мазмұны энциклопедиялық білімдерді:
уақыттың философиялық және физикалық сипаттарымен қатар тілдік білімді,
яғни шақ категориясының мәні мен қолданысы туралы білімді қамтиды. Уақыт
концепті осы шақ, келер шақ, өткен шақ мәндеріне жіктеледі. Уақыт мәнін
репрезентациялауда сөйлеуші сөйлеу сәтін меже ретінде ұстанады. Сөйлеу сәті
сөйлесушілердің коммуникацияға түскен уақыты болып табылады. Шақ, рай
категорияларында сөйлеушілердің дүниені, ақиқат болмысты қабылдау
ерекшеліктері көрініс тапса, жақ категориясында олардың тілді тұтыну
ерекшеліктері көрінеді.
- Ағылшын тілінде қатынас мәнінің концептуалды мәні етіс және септік
грамматикалық категориялары арқылы репрезентацияланады. Етіс, септік
категориялары субъектілі-предикаттық, объектілік, меншіктілік қатынас,
мекендік-мезгілдік, көлемдік т.с.с. қатынастарды білдіріп, сөйлеушілердің
ақиқат болмысқа деген көзқарасын көрсетеді.
- Грамматикалық категорияларда ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері
көрініс табады. Морфологиялық категорияларда ұлттық болмыс, ұлттық
дүниетаным, адамдар арасындағы қатынас айқын көрінеді. Морфологиялық
бірліктердің когнитивті қызметі ойлау үдерісімен, ұлттық ділмен, ақпаратты
өңдеу, сақтау, жіктеу ерекшеліктерімен байланысты болады.
- Грамматикалық категориялардың қызметі әр форманың өзіне ғана тән
семантикалық белгілері арқылы айқындалады. Мысалы, жақ категориясының
І жақ жекеше түрінің инвариант мәні сөйлеу актіне нақты сөйлеу авторы
ретінде қатысатын жеке адам, белгі иесі – субъект (агенс не пациенс)
сияқты семантикалық белгілерден тұрады, синтагмалық деңгейде ауыспалы мәнге
ғана ие болып, жалпыланған жақпен сәйкес келуі, адресатпен сәйкес келуі,
персонификация сияқты вариант мәндерге ие болады.
- Ағылшын тілді сөйлеушілердің тілдік санасында өздік, ырықсыз, ортақ
етіс мазмұн межесі мен тұрпат межесі тұрғысынан толық қалыптасқан, ал
өзгелік етіс тұлғалары тілдік санада әлі орныға қоймаған. Ол өзгелік етіс
қосымшаларының сабақты етіс қосымшаларымен ұқсастығына байланысты.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде
зерттеу тақырыбы, оның өзектілігі мен жаңашылдығы, мақсаттары мен
талаптары, зерттеу материалы мен жұмыстың қысқаша мазмұны қарастырылады.
Бірінші бөлімде эмоционалды-бағалау тобы етістіктерін жіктеу тәрізді
лингвистикалық құбылысты баяндайтын әдебиеттердің теориялық шолуы жасалады.
Екінші бөлімде appreciate, value, cherish етістіктерінің аударылу
ерекшеліктері талданады. Қорытындыда жүргізілген жұмыс бойынша негізгі
тұжырымдар шығарылды.

1. Қолданыста бар амалдар
Предикаттардың барабар семантикалық сипаттамасы олардың жіктелуі мен
қолдану аясын анықтау дегенді білдіреді. Соңғы жылдары тіл білімінде
зерттеушілердің етістіктердің семантикасына қызығушылық танытуы етістіктің
ең күрделі сөз табы болуымен және сөйлемде басты мағыналы қызмет атқаруымен
түсіндіріледі.
Предикативті сөз оралымдарын түрлі көзқарас тұрғысынан қарастыруға
болады. Бір жағынан алып қарағанда, етістіктерді сөйлемде қандай қызмет
атқаратындығына байланысты жіктеуге болады. Сөйлемде бұндай қызметтердің
сипаты өте күрделі. Сондықтан предикаттарды рөлді семантика тұрғысынан
жіктеуде көптеген талпыныстар болды.
Екінші жағынан, предикаттардың жіктелуі уақыт ара қатынасына
байланысты. Жіктеудің бұл түрі етістік лексикасының қандай қызмет
атқаратындығын нақтылайды, уақыт ара қатынасына байланысты қалай өзгеріп
отыратындығын көрсете отырып, оның қолданылу аясын анықтайды.
Предикаттарды топтастыру мәселесімен Л.В. Щерба, З. Вендлер, У.Л.
Чейф, Т.В. Булыгина, Л.М. Васильев, О.Н. Селиверстова, Т.Д. Шабанова сияқты
ғалымдар айналысты. Осы мәселеге өздерінің еңбектерінде Л.А. Львов, Г.Г.
Сильницкий, Т.Б. Алисова ерекше көңіл бөлді.
Предикаттар ежелгі дәстүр бойынша жіктеледі. Аристотельдің өзі күй-
жағдай мен қимыл-қозғалыс қасиеттеріне байланысты предикаттардың түрлі
топтарын атап көрсетеді. Аристотельмен ұсынылған предикаттардың
топтастырылуының мазмұны жеткілікті дәрежеде анық ашылмаса да, онымен
енгізілген терминология қазіргі тілдердің формалды және семантикалық
санаттарын сипаттауда күні бүгінге дейін қолданылады. [1, 56]
Предикаттарды жіктеуде Л.В. Щерба ұсынған классификация ерекше орын
алады. Ол атап көрсеткен предикаттың 3 түрі (1) қимыл-қозғалыс, үрдіс, 2)
күй-жағдай 3) мағына) морфологиялық қасиеттеріне байланысты белгілі бір сөз
табына сәйкес келеді. Академик Л.В. Щербаның көзқарасын [2, 122] академик
В.В. Виноградов [3, 21] жан-жақты зерттеп, профессор Б.А. Ильиш ағылшын
тілінің морфологиялық құрылымын сипаттауда жүгініп іске асырған. [4, 89]
Предикаттарды жіктеу мәселесінің екінші амалы көрнекті тіл маманы О.Н.
Селиверстованың атымен байланысты. Ол қосымша зерттеулер жүргізу арқылы
предикаттардың формалды-морфологиялық жіктелуінің семантикалық негізін
қалап, тілдік форма мен мағыналы мазмұнның арасында тіпті жіктелу дәреженің
өзінде-ақ тығыз байланыс бар екендігін дәлелдеді. [5, 228]
Предикаттардың семантикалық түрлерін анықтаудың үшінші амалы мақсаты
семантикада статикалықдинамикалық, ұзақтықсәттік,
басқарылубасқарылмаушылық, атаулыатаулы емес сияқты семантикалық
қасиеттерді анықтау болып табылатын тесттер жүйесін дамытумен байланысты.
Осы зерттеу жұмысының мақсаты ағылшын тілінде эмоционалды-бағалау
тобының етістіктерін әрі қарай ғылыми зерттеулерде қолдану үшін
предикативті сөз орамдарының семантикалық жіктелу саласындағы
лингвистикалық тәжірибесіне шолу жасау болып табылады.
Предикативті сөз орамдарының семантикасы олардың жалпыдан жекеге дейін
түрлі классификацияларын ұсынуға мүмкіндік береді. Субъекттің семантикалық
рөліне ғана емес, бірақ барлық құрамдастарының рөлді семантикасына
негізделетін септіктерге бағытталған предикаттар классификациясы кеңінен
өріс алды. Актанттар түсінігі – етістікке, яғни іс-әрекет жетектеушісіне
тәуелді деген теориясын ұсынған Л. Теньердің синтаксистік зерттеулеріне
негізделген Ч. Филлмордың тереңдеу септіктерінің идеясы кең тарады. [6,
164] Ч. Филлмордың септіктер грамматикасын пайымдаудың алғашқы атауы
түсінікті себептерге байланысты қойылды. Ч. Филлмор етістік пен оның
жетектеушілеріне тереңдеу санаттарын беріп, тереңдеу септіктері ретінде
қолданылатын және предикатты қызметте етістікпен берілетін іс-әрекет пен
күй-жағдай арасында рөл ретінде тәржімаланатын нақты етістіктік
жетектеушілер немесе актанттарды орнатты. Бірақ дәстүрлі және тереңдеу
грамматикасының септіктерін теңестіруге болмайды: септіктік грамматика
шегіндегі дәстүрлі септіктерді тек морфологиялық жүзеге асырылу тұрғысынан
ғана қарастыруға болады. Сонымен тереңдеу барыс септігі дәстүрлі
грамматиканың тек барыс септігіне ғана емес (Петр әкесіне кітап беріп
жатыр), сонымен бірге табыс септігіне (Петр Иванды өлтіріп жатыр) немесе
атау септігіне (Петр өліп жатыр) де сәйкес келеді. Соған қоса тереңдеу
септіктерінің сипаты дәстүрлі емес. Ч. Филлмор кем дегенде төмендегі
тереңдеу септіктерін атап көрсетуді жөн көрді:
Agentive – етістік әрекетімен берілетін айтушыны (өндірушіні)
білдіреді;
Objective – жалпы рөлді тәржімаламайтын және тереңдеу құрылымында
басқа септіктермен қамтылмайтын атаулы топтар немесе бағыныңқы сөйлемдерді
көрсетпейтін септіктер;
Dative – (кейіннен benefactive деп аталып кетті) – етістікпен берілген
іс-әрекет немесе жағдайға байланысты тірі жанды білдіретін септіктер;
Instrumental – етістікпен берілген іс-әрекет нәтижесінде туындайтын
күш немесе жансыз затты білдіретін септіктер;
Factitive - етістікпен берілген іс-әрекеттен туындайтын затты
білдіретін септіктер;
Locative - етістікпен берілген іс-әрекеттің мекен-жайын немесе іс-
әрекеттің бағытталған жағдаяттарын білдіретін септіктер.
Ч. Филлмор бұл септіктерді айналасында болып жатқан және етістіктің
семантикалық мағынасын анықтайтын барлық оқиғаларды талдауға мүмкіндік
беретін әмбебап тіпті табиғи түсініктер ретінде қарастырады. Ол бұл сияқты
классификацияларды жасау бір етістік түрлі септіктермен бірге
қолданылатындықтан қиындық туғызады деп әділ атап көрсеткен. Кейбір
септіктер арасындағы шекара айқын емес, тіпті шартты сипатта болғандығы
біздің назарымызды аударды. Сайып келгенде, хат (письмо) сөзі Петр хат
жазып жатыр деген сөйлемде іnstrumental және factitive септіктер қызметін
атқарады. Objective септігін қамтылмаған атаулы топтар жиынтығы ретінде
бөліп қарастыру күмән туғызады. Бірақ тереңдеу септіктер немесе рөлдер
идеясын асыра бағалауға болмайды. [7, 85]
Сонымен қатар жоғары атап көрсетілген жүйенің төмендегідей нұсқасы
бар:
1) Agence – етістікпен берілген іс-әрекетпен талап етілетін
септік (жандыжансыз атқарушы);
2) Experience – эксперименталды етістікпен (like, enjoy, say)
талап етілетін, сезімге бөленген тұлғаны білдіретін септік;
3) Benefactive – бенефактивті етістікпен (have, acquire, give)
талап етілетін, затты кім жоғалтқанын не алғанын білдіретін
септік;
4) Objective – әр етістік үшін міндетті септік, оның мағынасы
бейтарап;
5) Locative – локативті етістікпен (be in, move, put) талап
етілетін септік;
6) Dative – етістікпен аталатын күй-жағдай не іс-әрекеттің жанды
организмін білдіретін септік.
Бір топ етістіктерді екінші топ етістіктерінен ажырататын қасиеттердің
егжей-тегжейін ашу және бұл қасиеттермен сипатталатын етістіктердің
рөлдерін анықтау үшін қажетті етістіктің түрлі топтарына қарай бұл рөлдерді
жіктеу маңызды болып көрінеді. Демек, предикаттарды рөлді орнына қарай
сипаттау жекеше классификация болып табылады, дәлірек айтқанда
нақтыландырушы, яғни предикаттардың белгілі бір тобының қолданылу
ерекшелігін толық баяндауға мүмкіндік беретін классификация.
Рөлді белгілеріне қарай предикаттарды жіктеудің ең танымал
классификацияларын Дж. Лайонз, [8, 28] Чейф У.Л., [9, 96] Дик Ю.И., [10,
37] Селиверстова О.Н., [11, 185] Шабанова Т.Д. [12, 224] сияқты тіл
мамандары ұсынды.
Дж. Лайонз ең алдымен күй-жағдайды оқиғаларға, үрдістерге, іс-
әрекеттерге, әрекетке қарама-қарсы қояды. Бұл қарама-қарсылықтың негізінде
статикалық және динамикалық жағдаяттар арасындағы айырмашылық жатыр. Күй-
жағдай белгілі бір уақыт аралығында қалыптасатын, дамитын, өзгермейтін
статикалық жағдаят түсінігі арқылы беріледі. Ал туындайтын, пайда болатын,
және орын алатын үрдістер, оқиғалар, іс-әрекеттер мен әрекеттер динамикалық
жағдаят түсінігі арқылы беріледі. Соның үстіне ол созылмалы немесе лезде
болуы мүмкін, агенттің бақылауында болуы не болмауы мүмкін. Осы белгілер
негізінде, атап айтқанда:
- статикалықдинамикалық жағдаят
- жағдаяттың ұзақтығысәттілігі
- жағдаяттың басқарылуыбасқарылмаушылығы
Дж. Лайонз предикаттардың төмендегі түрлерін атап көрсетеді:
1. іс-әрекет activity - агентпен басқарылатын созылмалы динамикалық
жағдаят;
2. үрдіс process - агентпен басқарылмайтын созылмалы динамикалық
жағдаят;
3. күй-жағдай state - агентпен басқарылмайтын статикалық жағдаят;
4. әрекет action - агентпен басқарылатын лезде динамикалық жағдаят;
5. оқиға event - агентпен басқарылмайтын лезде динамикалық жағдаят.
У.Л. Чейф предикаттардың үш негізгі түрлерін атап көрсетеді: күй-жағдай,
үрдіс және әрекет; іс-әрекеттер мен үрдістер, яғни амбиентті әрекет пен күй-
жағдай предикаттары аралық тізбекте орналасады. Предикаттардың бұл түрлерін
көрсету үшін У.Л. Чейф төмендегі белгілерді ескереді: [13, 94]
- агенттің болуыболмауы;
- тұжырымдамалық жағдаяттың өзгеремелілігіөзгеріссіздігі;
- предикат мағынасын happen, do етістіктерінің мағынасына
сәйкестендірудің мүмкіндігімүмкінсіздігі.
Сайып келгенде, У.Л. Чейф бойынша күй-жағдай пациенс, яғни бейтарап
объектісінің семантикалық рөлін білдіретін зат есіммен бірге келетін
етістік ретінде сипатталады, ал толық сөйлем сұраққа ережеге сай емес жауап
ретінде қызмет атқарады: What happened!. Үрдіс субъект өзін бейтарап
объект рөлінде көрсететін оқиға ретінде сипатталады, ал толық сөйлем What
happened? сұрағына ережеге сай жауап қызметін атқарып тұр. Әрекеттер мен
үрдістер ара жігін аша отырып, У.Л. Чейф үрдістердегі пациенстердің рөлін
және әрекеттердегі агенттің рөлін атап көрсетеді, бірақ пациенске ықпал
ету объектісі деген анықтама беру не әрекет, не күй-жағдайға қатысы жоқ
бұндай предикаттар үшін жеткілікті емес.
У.Л. Чейф предикаттардың негізгі семантикалық топтарын дерексіздендіре
отырып, өзгеше рөлді мағынаны білдіретін етістіктер тобын атап көрсетеді:
эксперенциалды етістіктер: Tom wanted a drink, Tom knew the answer;
бенефицианттың семантикалық рөлін білдіретін бенефактивті етістіктер Tom
has the tickets, Tom has lost the tickets, толықтауышы (complement) бар
толықтырушы етістіктер: Mary sang a song, Tom ran a race. Соның үстіне
кейбір эксперенциалды етістіктер (drink, answer) У.Л. Чейфтің түсінігі
бойынша, What happened? деген сұраққа ережеге сай емес жауап қызметін
атқарғандықтан, күй-жағдай предикаты болады, және прогрессивті түрде
қолданылмай, Tom wanted a drink, Tom knew the answer сияқты сөйлемдерде
пациенспен қатар жүреді. Эксперенциалды етістіктерді ол үрдістер ретінде
қарастырады: Tom saw a snake, Tom learned the answer, Tom had an owl.
Чейф оларды What happened? деген сұраққа ережеге сай жауап болып, ал
субъект пациенс (бейтарап объект) қызметін атқаратындықтан үрдістер
предикатына жатқызады. [14, 54]
У.Л. Чейф предикаттардың семантикалық түрлерін жіктеуде субъекттердің
семантикалық рөлдерінің бір текті еместігінің мүмкіндігін атап көрсетеді.
Мысалы, ол күй-жағдай предикаттарына экспериецирдің семантикалық рөлін
білдіретін етістіктерді (Tom wanted a drink, Tom knew the answer, Tom
liked the asparagus), бенефицианттың семантикалық рөлін білдіретін
етістіктерді (Tom has the tickets, Tom has a convertible, Tom owns a
convertible) жатқызады; ал үрдістер предикаттарына сол сияқты
экспериенцирдің семантикалық рөлін білдіретін етістіктерді (Tom had an
owl, Tom saw a snake, Tom learned the answer, Tom remembered the
answer), бенефицианттың семантикалық рөлін білдіретін етістіктерді (Tom
found the tickets, Tom acquired a convertible) жатқызды. Бірақ предикат
түрін анықтауда Чейф тыйым логикасын ашпайтын, қолданылатын тест және
мазмұнды белгілерінің ара-қатынасын көрсетпейтін шектеулі эксперименталды
әдістемені ғана басшылыққа алады: What happened? - Tom has the tickets.
- Tom lost tickets. Берілген контекстте қолдану шектеулігі, Чейф
көзқарасы бойынша, has күй-жағдай предикаты, ал lost үрдіс предикаты
болып табылатындығын көрсетеді. Автор грамматикалық белгілеріндегі
айырмашылықтарды ескермейді, бірақ бұл екі предикаттың морфологиялық
көрсеткіштері бойынша да айқын шектеулері бар.
Демек, жүргізілген зерттеу Чейф ұсынған семантикалық рөлдердің
классификациясы (Agence, Experience, Benefactive) негізінен олардың
әрбіреуінің мазмұны туралы және предикаттың семантикалық түрін анықтауда
шешуші рөл атқармайды деген интуитивті сенімдерге негізделгенін көрсетеді.
Дик Ю.И. еңбектерінде жағдаяттардың екі параметрлері бейнеленген
предикаттардың негізгі төрт түрі көрсетіледі: [15, 82]
- динамикалықдинамикалық емес;
- басқарылушылықбасқарылмаушылық.
Динамикалық предикат дегеніміз - жағдаяттың өзгермелілігі, ал
басқарылушылық дегеніміз – бұл жағдаяттың болу болмауы толығымен еркі мен
жігеріне байланысты қатысушының бар болуы. Осы ережелер негізінде
предикаттардың төмендегі түрлері бөлінеді:
1. Күй-жағдай предикаттары – жағдаятпен басқарылмайтын динамикалық
емес;
2. Үрдіс предикаттары - жағдаятпен басқарылмайтын динамикалық;
3. Жағдайлар предикаттары – жағдаятпен басқарылатын динамикалық;
4. Іс-әрекеттер предикаттары – жағдаятпен басқарылатын динамикалық.
Селиверстова О.Н. семантикасына қарай предикаттардың 7 тобын атап
көрсетеді: [16, 108]
1. іс-әрекет мағынасы бар предикаттар
2. үрдіс мағынасы бар предикаттар
3. күй-жағдай мағынасы бар предикаттар
4. сапа мағынасы бар предикаттар
5. топ және байланыс мағынасы бар предикаттар
6. кеңістікте болу мағынасы бар предикаттар
7. ықтимал предикаттар
Барлық осы топтар бір-бірімен белгілер жүйесі арқылы тығыз байланысты.
Іс-әрекет және үрдіс предикаттары өзара субъекттің
агентивтілігіагентивті еместігі болып ажыратылады, соған қоса үрдіс
субъектісі агентивті емес, немесе ырықсыз қызмет атқаруы мүмкін, яғни
сырттан келетін ықпал үрдіс болып жатқанын анықтайды. Үрдіс және іс-әрекет
арасындағы қарама-қарсылық Селиверстова О.Н. еңбектерінде қарастырылмаған.
[17, 92]
Күй-жағдай предикаттары іс-әрекет және үрдіс предикаттарынан
статикалықстатикалық еместік белгілері бойынша ажыратылады. Күй-жағдай
субъектісі үнемі ырықсыздық сипатында болады. Күй-жағдай үнемі өз
субъектісіне бағытталған. Басқаларынан объект немесе оның бір құрамдасы
құрылған элементтер жиынтығына кіретін объект параметрлерін көрсету бойынша
ажыратылатын бұл күй-жағдай мен сапа предикаттарын жақындатады. Сапа
предикаттары – объект параметрлері, олар уақыт ара қатынасында орналаспай,
онымен ара-қатынаста ғана болады.
Байланыс предикаттары іс-әрекеттерден, үрдістерден, сапалардан,
кеңістікте бар болудан жекеленген байланыстарды білдіреді. Ол өз
субъектісін жаттықтырушы ретінде сипаттайды; агентивті болмаса да, байланыс
сипатын анықтауда белгілі бір рөл атқарады. Оларға қарама-қарсы іс-әрекет
пен күй-жағдай предикаттары субъектке ырықсыздық сипат береді.
Кеңістіктік предикаттар кеңістікте бар болу ұзақтығымен сипатталатын
үстеулермен ғана тіркесе алады және кеңістік түріне байланысты уақытпен ара
қатынаста болады.
Ықтималдылық предикаттары өздерінің денотаттарын уақыт ара қатынасына
байланысты белгілі бір жайылтпаушылық ретінде сипаттайтын немесе бұл қашан
жүзеге асырылу мүмкін сәтін атайтын предикаттар (I could see him for some
time. I can do it know.).
Әр белгіленген предикаттар түрі одан әрі топтастырлуы мүмкін:
1. мөлшерлі және мөлшерсіз
2. лезде және созылмалы
Іс-әрекет мағынасы бар предикаттар арасында жеке әрекеттерді және тек
әрекет топтарын білдіруі мүмкін предикаттар ажыратылады (гетерогенді
әрекеттерді жалпыландыру): e.g. to smoke, to rule (жалпы).
Жоғарыда атап өтілген классификацияларды сынай отырып, Т.Д. Шабанов
семантикалық рөлдердің мазмұнды жағын құрайтын белгілерді анықтаудың
дәлсіздігін көрсете отырып, нәтижесінде түрлі семантикалық топтарды бір
классификацияға біріктіру мүмкіндігін болжайды. Семантикалық септіктерді
элементарлы анықталмайтын мағыналар ретінде қарастыру нақты семантикалық
түсіндіруді қажет етеді, яғни септіктердің семантикасын олардың
көрінісінсіз элементарлы белгілердің жиыны арқылы анықтаудың берілген
әдістемесі жаңылысқа және бір ғана предикат түрін көпмағыналы түсіндіруге
әкеп соқтыруы мүмкін. Предикаттардың кейбір семантикалық түрлерін анықтау
үшін критерийлердің жетіспеушілігі мен семантикалық ұғымдардың толық емес
түсіндірмесі, яғни басқарылушылық, динамикалық, бақылауғыштық және т.б.
денотативті қызметтің бұрмаланып қабылдануына әкеп соқтырады. Берілген
ескертулер предикаттардың семантикалық түрлерінің нақты классификациясын
дамыту керек деген ойға салады, мысал ретінде Т.Д. Шабанованың көру
етістіктерінің классификациясын алуға болады. [18, 86]
Т.Д. Шабанова классификациясының негізінде актанттар иемденетін
семантикалық рөлдердің құрамына кіретін элементарлы мағыналар және бір
жағынан, предикаттың семантикалық түрін анықтайтын, екінші жағынан формалды
грамматикалық белгілерін ескеру принципі жатыр. Элементарлы мағыналар
ретінде күш (энергия), күш түрі, энергия көзі, күш айқындаушысы, күш
айқындауышын бақылау, күш айқындауышты тану сияқты семантикалық түініктер
келтірілуі мүмкін. [19, 23]
Күш түсінігі кеңістікте бағытталғандықпен және айқындауыш нүктесімен
сипатталатын векторлық шама ретінде қарастырылады. Күш айқындаушысы
әрекеттің жаңа фазасы туындауы үшін пайда болды, мүмкін біреу не бір нәрсе
денелер арасындағы байланыс үстінде немесе денелер құрайтын өрістер арқылы
өзгерістің туындауы үшін жіберілетін энергия көзі болып табылады, мұндағы
күш деп қозғалыс, әрекет, өзгеріс туындауына себепкер бола алатын кез
келген энергия түрін айтады: физикалық, еріктік, менталды, рухани. Күш
айқындаушысы субъекттің өзінен де, бөтен жақтан да болуы мүмкін. Басқа
сөзбен айтқанда, күш айқындаушысы түсінігі Т.Д. Шабановамен ықылас,
бақылауғыштық, зерделік сияқты терминдермен қатар қарастырылады, және
Ч. Филлмордың агентативтілік, У.Л. Чейфтің агент және О.Н. Селиверстованың
анықталмаған субъектісі сияқты семантикалық категорияларының мазмұнын ашуға
септігін тигізетін элементарлы мағына қызметін атқарады. Т.Д. Шабановтың
айтуы бойынша, күш айқындаушысымен байланысты семантикалық белгілер
жиынтығы уақыт ара қатынасындағы предикат құрылымын ескере отырып
қарастырған жөн, өйткені әр белгі әрекеттің уақыт континиумының түрлі
кезеңінде өзін әркелкі көрсетеді. [20, 32]
Берілген семантикалық белгілерді нақтырай қарастыралық. Сонымен, ықылас
деп субъектінің жұмысты бастау, жалғастыру, өзгерту, тоқтату бойынша өз
еркін жүзеге асыруды айтамыз. Осылайша, ықылас әрекеттің уақыт
континиумының түрлі кезеңінде көрініп, бақылауғыштықпен байланысты болуы
мүмкін. Бақылауғыштық элементарлы мағына ретінде субъектінің жұмысты
жасаудың кезеңдерін саналы бақылау арқылы барлық күш-жігерін салуын дегенді
білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, егер субъект әрекетті бастай не аяқтай
алса, онда субъектінің семантикалық рөлінде бақылауғыштықтың болғаны.
Әрекетке саналы бақылаудың болмауы бұл қасиеттің жоқтығының көрсеткіші.
Бақылауғыштықтың семантикалық белгісі құрылымның семантикалық рөліне тек
предикат актанты үрдісті басқару үшін күш жұмсай алатын жанды нәрсе болса
ғана кіре алатындығын ескерте кету керек. Оған қоса Х еркін іске асырылады.
Берілген элементарлы мағынаны сипаттауға байланысты Т.Д. Шабанова біздің
назарымызды субъект өз әрекеттерін саналы бақыламайтын, ал бұл бақылау
санасыз түрде жүзеге асатын жағдаятқа аударып отыр. Бақылауғыштықтың бұл
түрі субъект өз әрекеттерін автоматты түрде орындалуына дейін жеткізуі
мүмкіндігімен байланысты және оған бұндай әрекеттерді жасау үшін еркін
білдірудің қажеті жоқ, мысалы, Он машинально открыл дверь – Ол көлік
есігін бірден ашты. Берілген мысалда бақылауғыштық бейсанада орналасқан,
өйткені адам табиғатынан саналы. Автоматты бақылауғыштық егер субъект бір
әрекетті басқа адамның еркімен орындайтын кездер де орын табады, мысалы:
Он заставил меня съесть хлеб – Ол мені нан жеуге мәжбүрледі. Берілген
мысалда ықтимал (потенциалды) бақылауғыштық туралы сөз қозғалып жатыр. [21,
52]
Зерделік семантикалық белгісі Х субъектісі физикалық күшінің негізі
ғана болып, оған ерік жігермен бақылауғыштық жұмсау талап етілмеген
жағдайларға релевантты болып келеді. Зейін салмай күш жұмсау екі жағдайда
ғана мүмкін: субъект рөлінде жансыз зат болса, немесе жанды субъект
жұмыстың орындалуын қамтамасыз ететін биологиялық энергияның көзі ретінде
көрсетсе. Әрине, бақылауғыштықтың семантикалық белгісі толығымен жойылады.
Жоғарыда атап өтілген элементарлы мағыналар негізінде Т.Д. Шабанова көру
етістіктерінің төмендегі семантикалық рөлдерін атап көрсетеді: [18, 64]
1. Ерік-жігерді білдіретін етістікті зерттеу тестпен анықталатын
алдыңғы сатыдағы күш салумен сипатталтын қозғаушы (инициатор): He
wants to look around. Берілген семантикалық рөл төмендегі
семантикалық белгілер жинтығымен сипатталуы мүмкін:
- ерік-жігер салу
- ықылас, бірінші компонент екінші компонент арқылы беріледі.
2. Алдыңғы сатының әрекет етушісі субъект күш жұмсауды алдыңғы
сатыда объектпен қалай қабылдайтындығын бақылаумен сипатталады.
Берілген позицияның семантикасы субъект ерік-жігерін жұмыс
объектісін анықтау үшін емес, оны орындау, яғни үрдісті бақылау
үшін бағыттайтындығына негізделеді. Бұл семантикалық рөл төмендегі
белгілермен сипатталады:
- физикалық күш жұмсау
- ерік-жігер жұмсау
- ықылас
- алдыңғы сатыдағы бақылауғыштық
3. Соңғы сатыдағы әрекет етуші соңғы сатыда жұмысты аяқтау үшін
күш жұмсайтын субъектті бақылаумен сипатталады. Бұндай жағдайда
субъект позициясы белсенді деп қарастырылуы мүмкін, бірақ тек қана
соңғы кезеңде. Берілген семантикалық рөл төмендегі семантикалық
белгілердің жиынтығы ретінде көрсетілуі мүмкін:
- физикалық күш жұмсау
- ерік-жігер жұмсау
- ықылас
- алдыңғы сатыдағы бақылауғыштық
- соңғы кезеңдегі бақылауғыштық
4. Саналы агентив бақылауғыштық ықтимал түрде субъектке тән болғандығымен
анықталады, бірақ шын мәнісінде берілген семантикалық белгі барлық
кезеңдерде жойылады. Т.Д. Шабанованың айтуы бойынша, Агентив терминін
ұсыну кездейсоқ жағдай емес, өйткені ол Әрекет етуші терминіне іс-
жүзіндегі бақылауғыштық бұл етістіктердің семантикалық рөлінде
болмайтындығын көрсету үшін қарама-қарсы қолданылады, бірақ дегенмен де
динамикалық предикатты құрайтын – күштің қайнар көзі. Осы семантикалық
белгілердің жиынтығын төмендегідей сипаттауға болады:
- физикалық күш жұмсау
- ерік-жігер жұмсау
- ықтимал бақылауғыштық
- физикалық күш жұмсалуына көз жеткізу
5. Саналы емес агентив субъект тек қана күш жұмсаудың қайнар көзі болуымен
ғана сипатталады, яғни ол жансыз зат немесе биологиялық ағза, физикалық
энергия көзі болып табылады. Соған қоса жұмысты орындау үрдісінің
зерделігі мен бақылауғыштығы толығымен жойылады. Осы семантикалық рөл
төмендегі семантикалық белгілер жиынтығы арқылы сипатталады:
- физикалық күш жұмсау
- барлық сатыларда ерік-жігер жұмсау
- барлық атыларда күш жұмағандығына көз жеткізу
6. Нәтижеге көзі жеткен агентив. Берілген топтың етістіктер семантикасы
ойлауға қабілетті жанды субъект жұмыс орындау барысында ерік-жігер
жұмсамайтындығына негізделеді, яғни күш жұмсамайды, үрдісті бақыламайды.
Дегенмен жұмысты орындаудың үрдісі күш жұмсаусыз өздігінен жүзеге аса
алмайды. Бұндай күш жұмыстың орындалуын нәтижеге жеткізу үшін даму
үрдісін қалыптастыратын физикалық энергиясы бар субъект болып табылады.
Берілген топтың етістіктерінің субъектілері тұрғысынан актанттың
семантикалық үлгісі төмендегі формуламен беріледі:
- физикалық күш жұмсау
- ерік-жігер жұмсау
- жұмыстың нәтижесіне көз жеткізу
Сайып келгенде, Т.Д. Шабановамен ұсынылған семантикалық рөлдер
жұмыстың орындалуы, дамытылуы, өзгертілуі және аяқталуы үшін қажетті
энергия көзі ретіндегі агентивтің қызмет етуінің көпқырлылығын бейнелейді.
Біріншіден, агентив рөлінде жігері бар, бақылаушы және жұмыстың орындалу
барысында күш жұмсалғандығына көз жеткізетін саналы субъект қызмет етуі
мүмкін. Екіншіден, бұл субъект жағдайды тек бейсана түрде ғана бақылауы
мүмкін. Үшіншден, субъект күш жұмсалуына көз жеткізуге және бақылауға
қабілетсіз биологиялық энергия көзі ретінде әрекет етеді. Актанттардың
семантикалық рөлін сипаттаудың түсініктілік аппаратын қалыптастыру тек әр
семантикалық рөлдің мазмұнын ашып қана қоймай, сонымен бірге формалды-
грамматикалық белгілерді ескере отырып етістікті сөз тіркестерінің
предикаттың нақты бір семантикалық түріне қатыстылығын анықтауға мүмкіндік
береді. [20, 45]
Актанттың семантикалық рөлінің предикаттың белгілі бір семантикалық
түрінің қатыстылығына қалай әсер ететіндігін қарастырып өтейік. Әрекеттер,
үрдістер мен күй-жағдайлар белгілерге қарағанда әр фазалы дамитын объект
ретінде бейнеленеді. Әр фазалы әрекет етеін субъект күш жұмсауы да,
жұмсамауы да (әрекет, үрдіс) арқылы да мүмкін. Демек, күш жұмсаудың
семантикалық белгісі әрекеттер пен үрдістерді күй-жағдайлардан шектейді.
әрекеттер мен үрдістерді шектеу субъект тізіліміне кіретін басқа
семантикалық белгі негізінде жүзеге асады. Бұндай белгі әрекетті субъекттің
физикалық күш жұмсауды басқару мен жұмыстың аяқталу үрдісін бақылау
қабілеттілігімен анықталатын предикаттың семантикалық түрі ретінде
сипаттайтын ерік-жігерді жұмсау болып табылады.
Т.Д. Шабанованың айтуынша, әрекеттер мен үрдістер түрлі сатыларда
бөлінуі мүмкін, және субъект ерік-жігерін әр немесе кейбір сатыларында
жұмсауы мүмкін. Егер етістіктердің семантикалық рөлінде алдыңғы сатыда
ерік-жігерді жұмсау ретінде ықтимал мен бақылауғыштық болса, онда оны
сөзсіз субъект әрекет етуші, яғни жоспарлайды, өз белсенділігін танытады
деген негізде әрекеттерге жатқызуға болады. Бақылауғыштықтың алдыңғы
сатыда болмаған, бірақ соңғы сатыда болған жағдайында Шабанова Т.Д.
предикатты аралық жағдайға жатқызып, оны үрдіс-әрекет деп атайды. Бұндай
жағдайда алдыңғы сатыда физикалық күш жұмсау ерік-жігер жұмсаусыз іске
асады. Барлық сатыларда бақылауғыштықтың болмауы предикат үрдістерге
жататындығын айқындайды. Шын мәнісінде бақылауғыштығы жоқ, бірақ ықтимал
түрде иеленген (субъект – саналы адам) предикаттар бұл классификация
шегінде жүзеге асатын әрекеттер деген атқа ие болды. Яғни күштің
жұмсалғандығына көз жеткізудің семантикалық белгісі предикаттардың одан
әрі жіктелуіне мүмкіндік береді:
1. әрекет - актантына физикалық күш жұмсау, ерік-жігер жұмсау
қасиеттері тән предикаттың семантикалық түрі. әрекеттерге қозғаушы,
әрекет етуші деген семантикалық рөлдегі предикаттар жатады.
2. үрдіс-әрекет - актантына физикалық күш жұмсау, соңғы сатыдағы
бақылауғыштық сияқты қасиеттері тән предикаттың семантикалық түрі. Бұл
топқа Соңғы сатыдағы әрекет етуші деген семантикалық рөлдегі предикаттар
жатады.
3. жүзеге асатын үрдіс - актантына физикалық күш жұмсау, ықтимал
бақылауғыштық тәрізді семантикалық белгілер тән предикаттың семантикалық
түрі. Жүзеге асатын үрдістерге Саналы агентив семантикалық рөліндегі
прелдикаттар жатады.
4. Үрдіс - актантына бақылауғыштық (Санасыз агентив) қасиеті тән
емес немесе актанты жұмыстың нәтижесіне көзі жетпегендігімен сипатталатын
предикаттың семантикалық түрі.
5. Күй-жағдай - актантына физикалық күш жұмсау сияқты семантикалық
қасиеті тән емес предикаттың семантикалық түрі.
6. Қасиет - объектте фазаның болмауымен сипатталатын предикаттың
семантикалық түрі.
Семантикалық рөлдерге негізделген предикаттардың жіктелуі орталық
топтастыру болғанымен, жалғыз түрі емес. Осы жіктеу негізінде предикат
немесе етістік өзегі және предикаттар рөлімен сипатталатын актанттар немесе
дәлелдер формуласы бойынша предикат сөйлемде басты семантикалық және
құрылымдық рөл атқаратындығы анық.
Предикаттардың сөйлемдегі орны – семантикалық рөлдер лексика және
синтаксис бірлігімен сипатталатын кең көлемді кеңістік. Оған қоса
предикаттар уақыт ара қатынасына байланысты нақтылық және абстрактіліктің
қосымша параметрлерімен сипатталады.

Эмоционалды-бағалау тобының етістіктерімен берілген предикаттарды
сипаттау барысында баяндау тілін таңдауда қиыншылық туындайды.
У.Л. Чейфтің экспериенцир семантикасына жағдаят субъектісі ретінде
анықтама беруі оның ақыл шабыты мен сана үрдістері әсерге тәуелді
болатындығына және семантикалық түсініктіреді толық ашпайтындығына
қарамастан эмоционалды-бағалау тобының етістіктерін эксперенциалды
етістіктер тобына жатқызуда негізге алынды. [22, 123]
Эксперенциалды етістіктер күй-жағдайлар ретінде болуы да, болмауы да
мүмкін. Appreciate, cherish, value етістіктері What happened? What is
happening? деген сұрақтарға жауап қайтарғанда қолданылмайды.
Соған қоса тәжірибе көрсеткендей жоғарыда аталған етістіктер созылмалы
түрде қолданылмайды, себебі Progressive шағында етістіктердің қолданылмау
мүмкіндігі олардың динамикалық предикаттар (әрекеттер мен үрдістер) тобына
жататындығының көрсеткіші.
Етістіктердің мағыналық құрылымын дамытуда эксеперенциер терминінің
таңдалынуына көптеген себептер болды.
Осылайша, Т.Д. Шабановамен зерттеулерінде ағылшын тіліндегі көру
етістіктерінің предикаттардың семантикалық түрлерін сипаттауда қолданатын
қозғаушы, әрекет етуші, агентив терминдерін негізге ала алмадық. [23, 36]
Әрекеттер, үрдістер, күй-жағдайлар қасиетт терминіне
қарағанда әр фазада жүезеге асатын субъект ретінде сипатталады. Әр
фазада әрекет етуші субъект субъекттің күш жұмсауы да (әрекеттер мен
үрдістер), жұмсамауы да (күй-жағдайлар) арқылы мүмікн. Бұндай күш ерік-
жігер күші болып табылады.
Күш салумен байланысты (ықылас, бақылауғыштық, көз жеткізу)
семантикалық қасиеттердің жиынтығы эмоционалды-бағалау тобының етістіктерін
қарастыруда негізге алынды.
Субъект әрекетті бастай немесе тоқтата алмайтындығы анықталды, себебі
субъекттің семантикалық рөлінде Progressive шағында қолданылуының басты
шарты болып табылатын бақылауғыштықтың семантикасы жоқ. Бұны өте жеңіл
тесттердің өз көрсетті: Appreciate!, Don’t appreciate! нормативті
құрылымдар болып табылмайды.
Ықылас семантикалық компонентімен байланысты алдыңғы кезеңде өз
еркін білдіру төмендегі мысал көрсетіп отырғандай бұл жерде де мүмкін емес:
I want to appreciate him!.
Көз жеткізу семантикалық қасиеті керісінше, бұл етістіктерде көрініс
табады (Why do you appreciate...?), бірақ ол ерік-жігердің жұмсалуын
бейнелей алмайды.
Осылайша, бізге осы классификация түрі мен оның терминологиясынан бас
тартуға тура келді, өйткені эмоционалды-бағалау тобының етістіктері әрекет
те, үрдіс те бола алмайды.
Сонымен, appreciate, cherish, value етістіктерін күй-жағдай
предикаттарына жатқызуға болады (қасиеттер предикаттарына неге жатқыза
алмайтын себептеріміз 1.3 пунктында толық қарастырылған).
Көптеген авторлар предикаттарды мәтіндерде do, happen
етістіктерінің болымсыз нәтижесі, және may етістігінің рұқсат
мағынасындағы бұйрық райы негізінде статалды (кейбір мәтіндерде стативті)
етістіктерге жатқызады.
Стативті етістіктер қатарына ағылшын тіліндегі know, love,
rule, dominate, like, want, (be) tall, be in, see, have,
desire және т.б. етістіктер жатады.
Осы белгілер негізінде біз appreciate, cherish, value етістіктерін
жоғары аталған стативті етістіктерге жатқыза аламыз.
Бірақ біз бұл қорытындымен қанағаттандыра алмаймыз. Одан әргі
зерттеулер know, love, believe, rule стативті етістіктері күй-
жағдай предикаттары емес, семантикалық предикаттар, олардың ішінде
экзистенциалды нәтижелілік тобына жататындығын көрсетті.
Бұнда біз О.Н. Селиверстова күй-жағдай предикаттарын Вендлер З.,
Лайонз Дж. еңбектерінен айрықша түсіндіретіндігін басшылыққа алдық. Ол күй-
жағдай уақыт аралығында нүктеге емес, белгілі бір бөлікке ие деп есептейді,
бірақ уақыт аралығында орын алмайды.
Предикаттарды осы тұрғыдан алып зерттеу жүргізгенде appreciate,
cherish, value етістіктері күй-жағдай предикаттары емес, ал нақты уақыт
аралығынан бөлектенген предикаттарға, яғни эмоционалды байланыс
предикаттарына жататындығы анықталады.
Уақыт аралығынан бөлектенген, оның ішінде эмоционалды байланыс
предикаттары болып табылатын топтық предикаттар келесі пункттерде
баяндалған.

ауытқушылығы
Етістіктердің семантикалық үлгісінде олардың уақыт ара қатынасынан
ауытқушылық мүмкіншілігі мен мүмкінсіздігін сипаттау маңызды рөл атқарады.
Осы белгіге сай денотаттары тікелей уақыт аралығында жайылдырмаған, яғни
олардың фазалары бір-бірін үздіксіз алмастыратын предикаттар және
денотаттары қалай болғанда да уақыт аралығынан бөлектенбеген предикаттар
арасындағы айырмашылықтар келтіріледі.
Денотаттары тікелей уақыт аралығында жайылдырмаған предикаттар Т.Д.
Шабанова атап көрсеткендей төмендегі белгілер бойынша топтастырылуы мүмкін:
әрекет, үрдіс, күй-жағдай мағынасындағы предикаттар. Әрекеттер мен күй-
жағдайларды белгілерден айрықшалаудағы маңызды фактор олардың
созылмалығында, яғни өзгермейтіндігінде (күш салмайтындығында), ал
әрекеттер мен үрдістер уақыт аралығында өтеді, яғни өзгереді (күш салады).
[24, 82]
Уақыт аралығынан бөлектеу әрекеттің уақытта өтетіндігін сипаттаудың
және фазаларды теңдестіруді талап етпейтін ой операциясы болып табылады.
Уақыт аралығындағы предикат денотаты не нүктеде, не бөлекте орын
алатындықтан, бөлектенген денотат нүкте немесе бөлекке ие болуы мүмкін,
бірақ олардың сипаты бұл нүкте не бөлек жеке, бірақ олардан бөлектенбеген
жағдайларды жалпыландыру болып табылады, мысалы: Мен күйсандықта ойнай
аламын. Әрине мен ойнар алар едім, бірақ ....
Уақыт ара қатынасына сай предикаттың нақтылық және абстрактілік
тұрғысынан барлық етістіктік лексиканы төмендегі топтарға бөлуге болады:
1) нақты формаға ғана ие етістіктер
2) абстрактілі мағынаға ғана ие етістіктер
3) нақты және абстрактылы мағынаға да ие етістіктер.
О.Н. Селиверстова уақыт ара қатынасынан ауытқушылықтың бірнеше
шарттарын қарастырады, атап айтқанда: [25, 63]
1. Жеке бірақ бөлектенбеген жағдайларға сай жалпыландыру. Предикаттың
бұл семантикалық тобы әрекеттер (үрдістер) тобы деп аталды, мысалы: Мен
шылым шекпеймін (жалпы алғанда), және уақыт ара қатынасында белгісіз
орынға ие болумен сипатталады, өйткені оның орын алатын нақты нүктесі
немесе үзігін көрсету мүмкін емес, тек денотат орын алған үзік шегін немесе
оған дейін орын алған нүктені ғана көрсетуге болады.
2. Нақты уақыт ара қатынасында орын алатын жеке әрекетті (үрдіс)
алдыңғы әрекеттің денотаты нақты уақыт орнына ие болса ғана
абстракциялау. Предикаттың осы тобы шексіз немесе шекке жетуді көрсетпейтін
шекті етістіктерге тән, мысалы: Мен әрдайым өзімді бақылаймын.
3. Модальды етістіктерге тән абстракциялау, сонымен қатар әрекет орын
алса жүзеге асатын сапаны көрсететін түрлі синтаксистік айналымдарға тән
абстракциялау. Осы топқа ықтималдылық предикаттары жатады: Мен қалаған
нәрсені жасай аламын.
4. Кеңістікте орын алатын объектілерді нақты уақытта болуынан
абстракциялау, яғни болу, иелену етістігіндегі кеңістіктік предикаттар,
мысалы: Шынын айтқанда менде бұндай кітап бар, бірақ қазіргі уақытта мен
оны досыма оқи тұруға бердім.
5. Уақыт аралығында орын алмайтын, бірақ олармен ара қатынаста
болатын сапа мағынасындағы предикаттар, мысалы: Жас кезінде ол толық
болатын.
6. Мен ойлаймын, Мен білемін сияқты предикаттардың уақыт
арлығында нақты орын алатындығынан абстракциялау. Бұндай предикаттар тек
бейненің жасалу уақыты туралы ғана емес, сонымен бірге бұл бейненің уақытта
созылмалылығы туралы ақпарат береді. Предикаттың бұл түрін О.Н.
Селиверстова экзистенциалды-нәтижелі топ деп атайды. [26, 184]
Т.Д. Шабанова біздің назарымызды бір реттік, көп реттік, итеративті
(қайталама), яғни әрекет (үрдіс) бірнеше үзіктермен қайталана алатын
предикаттарға аударады. Етістіктерді көп реттік предикаттарға жатқызудың
көрсеткіштері анда-санда, оқта-текте, дамыл-дамыл, дүркін-дүркін, кейде
сияқты сөздер болып табылады. Осы предикаттардың семантикасын талдай келе,
ол келесі қорытынды шығарады: фазаларды уақытта бөлуден тек бір реттік
емес, көп реттік әрекеттер де абстракциялана алады, мысалы: Сол күннен
бастап Пелагея көйлек етегіне қарай бастады.
Осылайша, уақыт ара қатынасына байланысты предикаттарды топтастыруда
әрекеттер, күй-жағдайлар, үрдістер уақыт аралығында белгілі бір орын алады,
яғни өтеді немесе созылады (нақты әрекеттер мен үрдістер лезде өтеді).
Бірақ әрекеттер мен үрдістер предикаттар тобын құрып нақты уақыттан
абстракциялануы мүмкін. Күй-жағдайлар бұл қасиетке емес. Соған қоса уақыт
ара қатынасынан ауытқушылықтың түрлі шарттарына сай О.Н. Селиверстова
алдыңғы нақты түрге ие емес жалпыланған семантиканың предикаттарын
бөледі, атап айтқанда: қасиет, ықтималдылық, байланыс, кеңістік,
экзистенциалды-нәтижелі предикаттар, гетерогенді топтар.
4. Гештальттық предикат ұғымы
Предикаттардың көптеген классификацияларында нақты, жалпы және жеке,
абстракцияланған предикаттар (Т.В. Булыгина, О.Н. Селиверстова, Т.Д.
Шабанова) арасында айырмашылықтар келтіріледі. Бұндай айырмашылық
классификация нұсқаларының бірін негізге алу ретінде қабылданып, топ,
топ мүшесі терминдерінде логикада қандай мағынада қолданылатындығындай
түсіндіріледі. Топ конструкт, жалпыландыру ретінде түсіндіріледі. Ол топтың
тек жеке бір мүшесіне ғана емес, сонымен бірге барлық мүшелер жиынтығында
да барабар болып келеді: ол индивидуалды мүшелерге сәйкес келетін жоғары
деңгейдің абстракциясы, бірақ олардың мағынасы емес болып табылады. Басқа
сөзбен айтқанда, топ предикаттар денотаттары уақыт аралығына тікелей
қатысты бола алмайды: уақыттың әр нақты сәтінде тек индивидуалды әрекеттер
өте алады. [27, 165]
Осындай предикаттардың денотаттары ара қатынаста болатын уақыттың кез
келген бөлігіне ақиқат, бірақ олардың бірде-біреуінде орын алмайды. Ағылшын
тілінде топ предикаттарын нақты әрекеттер мен үрдістерден айрықшалау бір
қарағанда морфологиялық деңгейде бекітілген болып көрінеді. Осылайша
Indefinite шағы топ предикаттарымен, ал Continuous шағы уақыт аралығында
тікелей орын алатын предикаттармен ара қатынаста болады. Сонымен бірге
тілдік материалдың талдауы Continuous шағы егер әрекет немесе үрдіс дәл
белгіленген уақыт кезеңіне тән болса ғана қайталанатын әрекет немесе
үрдісті білдіру үшін қолданылатындығын айтады. Басқа жағынан алып
қарағанда, Indefinite шағы белгілі бір шарттар негізінде жеке нақты
жағдайларды білдіруі мүмкін.
Демек, ағылшын тілінде уақытта нақты өтуден абстракцияланған
предикативті денотаттарды білдіру үшін ғана қолданылатын грамматикалық
категориялар жоқ. Бірақ көптеген жағдайларда өз денотаттарын дәл осылайша
сипаттайтын шақтар бар. Бұл Indefinite шағы болып табылады. Керісінше,
Continuous шағы өзінің бастапқы мағынасында уақытта нақты орын алатын
әрекеттер мен үрдістерді бейнелейді.
Топтар предикаттарын сапа және қасиеттер предикаттарынан айрықшалай
білу керек. Оларды абстракциялау семантикасы біріктіреді, бірақ қасиеттер
топтар предикаттарына қарағанда әр фазада орын алатын предикаттар болып
табылмайды, олай болса уақытта өту барысында өзгермейтіндігімен
сипатталады. Топ мағынасындағы предикаттар, керісінше, өзгеру үздіксіздігін
көрсетпей, өздерінің денотаттарын уақытта үнемі дамушы ретінде бейнелейді,
мысалы: Бүгінгі күні ұшақтар әр кез сайын шапшаңырақ ұшады. Кезеңдерге
бөлу бірыңғай мерзімді үзікпен біріккен бір жағдай шегінде мүмкін, ал жеке
кезеңдерде өзгеріс динамикасының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz