Мектеп оқушыларының оқу қызметінің әдістері мен тәсілдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Оқыту әдістерін және оларды топтастыруға жалпы сипаттама . . .

1. 2. Қазіргі мектептерде қолданыс тапқан жаңа әдістер . . .

2 САБАҚТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ - ҰСТАЗ ШЕБЕРЛІГІ

2. 1 Сабақта тиімді әдістерді таңдай білу - педагогикалық шеберлікке апарар жол.

2. 2. Қазіргі мектептердегі оқыту үрдісінде әдістерді тиімді қолданудағы

іс-тәжірибелер . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың көкейкестілігі:

Қоғамда болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзден бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциалын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы біздің ойымызша, ел дамуының әдіснамалық тұжырымдамасы. Ал, бұл өз кезегінде мәртебелі, әдіснамалық мәдениетті жасаушылардан проблемаларды талдауды талап етеді. Осыған орай, бір жағынан алғанда, үздіксіз білім жүйесіні теориялық-әдіснамалық мәселелерін талдау «Қазақстан -2030» бағдарламасын жүзеге асыруды ғылыми тұрғыда қамтамасыз етудің көкейкесті міндеті болып отыр. [16. 1]

Қазіргі кезде білім беру саласында білім кеңістігіне бағытталған қайта құру қалыптасуда.

Білім беру жүйесі білім мазмұнын ұйымдастыруды, қарым-қатынасын және құрылымын түбегейлі өзгертуді, жаңартуды талап етуде.

Білім беру жүйесі жаңаша көзқараспен, ақпаратты қабылдау мен өңдеу қабілеттілігін дамытуды, білім беру мәселелерін шығармашылықпен шешуді, білім бағдарламаларын дербес өзгешіліктермен толықтыруды ұсынады.

Қалыптасқан дәстүрлі оқыту әдістері, компьютерлік оқыту құралдарымен орын алмасуда.

Педагогикалық дамуда оқушы мен оқытушының қарым-қатынасының барысы ең басты негіз болып табылуда. Күннен-күнге ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қазіргі қоғамымызда әрбір мұғалім қажетті ақпараттарды, әр түрлі тәжірибелер жөнінде мағлұматтарды, жаңа әдістерді дер кезеңінде қабылдап, дұрыс пайдалана алуы керек. Сонымен, мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, оқыту

әдістемесі, мұғалім-оқушы арасындағы қарым-қатынас, жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай өзгерістерді қажет етіп отыр. Мектеп тәжірибесі жаңаша жұмыс істеп, жаңашыл технологияларды өз іс-әрекетінде пайдаланып жүрген мұғалімдер баршылық.

Бүгінгі ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүесінің алдына мүлдем жаңа талап қойып отыр. Ол өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушылық тұлғасын қалыптастыру болғандықтан, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Еліміз ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақ тағдыры ұстаздардың қолында» деп, жас ұрпақ бағбандарының алдына зор міндет қойды. Осы жауапкершілікті сезініп, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда. Олар: дамыта оқыту технологиясы; ойынды оқыту технологиясы; сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы.

Бүгінгі таңда жаңа әдіс технологияларын қолдана оқытуда мұғалімнің алдында тұрған мақсат - ең алдымен сабақта, оның әр тақырыбына байланысты жүйелі түрде білім беруді жүзеге асыру. Оқытудың жаңа технологиясын мұғалім басшылыққа ала отырып, сұрыптап пайдалана білген жөн. Тақырыпты өтуде сабақ мақсатын комплекс түрде белгілеу мазмұны туындайды.

Өз ұрпақтарымызды келешекте қандай деңгейде көргіміз келсе, жаңа технологиямен оқытуға сондай талап қойылады. Баланы еңбекке баулуда оның тума қабілетін ескеру соған сай оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын таңдап алу қажет. Пәнді жаңа әдіс технологияларымен оқытуда мұғалімдер алдында қыруар жұмыс күтіп тұр.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдер жаңаша іс-әрекеттердің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі көкейкесті мәселе.

Оқытудың жаңаша әдістерін және олардың қолданылуын зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшу мәселесін И. П. Подласый, И. Т. Огородников, М. А. Данилов, М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер, М. И. Махмутов, Н. А. Сорокин, Н. Ф. Тализина және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық М. М. Поташник, Л. И. Романова, Н. В. Горбунова, П. И. Пидкасистый, Н. Р. Юсуфбекова, М. В. Кларин т. б зерттеулерінде қараластырылған.

Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық үрдістерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсынады.

Мұғалімдердің жаңаша әдістерді қолданудағы іс-әрекеттерінің түрлі аспектілерін, білім берудің мазмұнын дамыту проблемаларын, оқытудағы жаңаша көзқарастарды енгізі мәселелерін И. Я. Лернер, И. П. Подласый, Ю. К. Бабанский, В. С. Лазарев, М. М. Поташник, В. А. Сластенин, В. М. Полонский т. б. қарастырған.

Осы ғалымдардың пікірінше оқытудың жаңа әдіс технологиясының маңызды міндеттерінің бірі педагогикалық жаңашылықты өмірге келтіріп, оны практикада қолдану үрдісіне басшылық жасау.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңаша әдістерін енгізу мәселесіне Қазақстандық ғалымдарымыз да соңғы жылдары басты назарды аудара бастады. Осы мәселеге қатысты Ш. Т. Таубаева, Т. Сабыров, С. Н. Лактионова, Қ. Қ. Қабдықайыров, Р. Айтмамбетова, ал білім берудегі білім мазмұнын жетілдіру, білім стандартын жобалау, оқу-әдістеелік кешенмен қамтамасыз ету мәселелері К. Жүнісова, Қ. Аймағанбетова, Г. Әбдікәрімова, К. Бозжанова, М. Жұбанова, М. Сарыбекова, О. Сатқанов, С. Рахметова ал, жаңа типті мектептердегі мұғалімнің жаңаша әдістерді қолдану мәселері Р. Р. Масыров, Р. Қ. Дүйсенбиновалардың еңбектер қарастырылған.

Бірақ, бұл еңбектерде оқыту әдістерін қолдану технологиялары ғылыми тұрғыдан қарастырылып, жеке проблема ретінде зерттелмеген.

Бұл білім беру жүйесіндегі оқытудың жаңа әдістерін қолдану және оның құрамының өзгеруін қажет ететін ескі мен жаңаның арасындағы әлеуметтік - педагогикалық қайшылықтадың және педагогикалық қауымының «жаңаны» игерудің мүмкіндіктері мен шынайы жағдайының арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік туғызады.

Осы мәселелердің көкейкестілігі зерттеу тақырыбын «Денені шынықтыру сабағын оқыту әдістерін тиімді қолдану - ұстаз- ұстаз шеберлігі» - деп таңдауымызға себеп болады.

Зерттеу мақсаты:

- Оқушыларда оқытудың жаңа әдістерін тиімді қолдана отырып білім берудегі мұғалімдердің іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеу нысаны.

-Оқушыларға білім берудегі мұғалімдердің оқытудың жаңаша әдістерін қолданудағы іс-әрекетін қалыптастыру үрдісі.

Зерттеу пәні:

-Оқушыларға білім берудегі мұғалімдердің оқытудың жаңаша әдістерін қолданудағы іс-әрекеті.

Зертеу болжамы: егер, мұғалімдер(болашақ мұғалімдер) оқыту әдістерінің жаңа технологияларының педагогикалық негіздерін меңгерсе, онда білім беру саласында үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңалықты оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын педагогикалық қызметке ынтасы жоғары маман қалыптасады.

Зерттеудің міндеттері:

-оқушыларға оқытудың жаңа әдіс технологияларымен білім беруде іс-әрекеттің теориялық және практикалық негіздерін айқындау және оның мәнін ашып көрсету.

-бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңа әдіс технологиямен оқыту іс-әрекетін қалыптастыру әдістемесін жасау және оның тиімділігін іс-тәжірибе арқылы тексеру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- мұғалімдердің денені шынықтыру сабағын оқыту әдістерінің тиімді қолдану іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды.

-мұғалімдердің денені шынықтыру сабағын оқыту әдістерінің тиімді қолдану іс-әрекетінің қалыптасуы эксперементтік - іс-тәжірибе арқылы тексерілді.

- мұғалімдердің денені шынықтыру сабағын оқыту әдістерінің тиімді қолдану іс-әрекетінің моделі жасалынды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

-зерттеу материалдарын жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының мұғалімдері, педагогикалық коллеждерде, сондай-ақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби білім жетілдіру саласында пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- мұғалімдердің денені шынықтыру сабағын оқыту әдістерінің тиімді қолдану іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.

-мұғалімдердің дене шынықтыру сабағын оқыту әдістерінің тиімді қолдану іс-әрекетінің моделі.

- мұғалімдердің дене шынықтыру сабағын оқыту әдістерінің тиімді қолдану іс-әрекетінің мазмұны мен әдістемесі.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық мәнділігі және қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.

«Оқу-тәрбие үрдісінде оқыту әдістерін қолдаудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда әдіс түсінігі және оның ғылыми негіздеріне сипаттама беріліп, жаңа технологиямен оқытуда әдістерді топтастыра білу үрдістерінің талабы баяндалады.

«Дене шынықтыру сабағын оқыту әдістерін тиімді қолдану - ұстаз шеберлігі» атты екінші тарауда оқыту әдістерінің оқушыларды оқытудағы алатын орны мен оны тиімді қолдану жағайы сипатталады.

Қорытындыда теориялық және эксперементтік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

  1. ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІОқыту әдістеріне және оларды топтастыруға жалпы сипаттама.

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастылығы болып табылады.

Әдіс деген сөз гректің “metodos” деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.

Қысқаша психологиялық -педагогикалық сөздік “әдіс"- мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет - деген анықтама береді.

Оқыту әдісі - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатнасының тәсіл-амалдары - деген де пікір айтылады.

Оқытудың әдістері - оқытушы - оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту-әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.

Оқыту-әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

Оқыту-әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.

“Әдіске" қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: “белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет". [1. 165]

Олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуге мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім қолданылатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірбиелік әрекетін ұйымдастырудың өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруды оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.

Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.

  1. Оқу кітаптары - оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т. б.
  2. Көрнекі құралдар - кестелер, сызбалар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық -гографиялық картарлар т. б.
  3. Техниаклық құралдар - үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т. б.

Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі оқыту процесінің ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында Л. Н. Толстой былай дейді: “Қандай мұғалім болмасын, әдістердінеғұрлым көп білуге тырысуға, оларды көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінудегі қиыншылығының қандай болса да, оны оқушының кемшілігі емес, қайта өзімнің сабақ оқытудағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қаблетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті. ˮ [5. 129]

Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгеруге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.

Оқыту процесінде оқушыларға ғылыми негіздеріне сай терең де тиянақты білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері, адамдары мен құралдарының біртұтастығын оқыту әдістері демекпіз.

Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.

Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С. И. Архангельский, С. И. Зиновьев, Н. В. Кузьмина, Т. А. Ильина, Н. Д. Никандоров, М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер, М. А. Данилов, Б. П. Есипов, Т. А. Ильина, Ю. К. Бабанский, Р. Г. Лемберг, В. Оконь, И. Т. Огородников, С. И. Перовский, Е. Я. Голант т. б. ) оқыту әдістеріне түрліше анықтама беріп, оларды әр түрлі негізінде топтастыруды ұсынады.

Мақсатты бағытта танымдылық іс-әрекетіне байланысты, негізгі білім көзінің байланысы, оқушылардың танымдылық деңгей белсенділігі, бірлескен оқыту әдістерінің классификациясында қолданады. Олар М. А. Данилов,, М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер, М. И. Махмутов, Н. А. Сорокин, Н. Ф. Талызына, В. Ф. Паламарчук т. б. ғалымдардың еңбегінде берілген. Бұнда кеңес үкіметінің құрылу кезеңдерінде және жалпы білім беретін мектептерде даму процесімен айналысқандықтары жайлы мәліметтер берілген.

Әдістерді белсенді және белсенді емес деп бөліп қарауға болмайды. Бәрі де мұғалімнің танымдық оқу іс-әрекетінің оқыту әдістерін қолданып, іске асыру даярлығына байланысты. Білікті мұғалімнің қолданған оқыту әдісі «белсенді» болады, ал біліксіз мұғалімнің қолында «белсенсіз» болуы мүмкін.

Түрлі оқыту әдістерінің мазмұны талдауда оқушыларға білім беру анықтамасын нақтылап алған жөн. Тәжірибиде мектептің танымдық анықтамасын оқу іс-әрекетін «білім беру» оқыту процесінің негізгі бөлігін құрап, оқушылардың жеке дара психологиялық жағдайда пәндік - оқу ақпаратын сапада игеруін қарастырады, оны еске сақтау, айту және шығармашылықты игеру, түрлі формада мұғалімнің танымдылық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау іске асырылады.

Оқушылардың жеке дара психологиялық қабілеттіліктерінде барлық пәндерді жоғары сапада игеру күрделі мазмұнды жәнетанымдық оқу іс-әрекетті формадағы жалпы және арнайы пәндерге сүйеніп сапалы игеру жағдайларын байқау.

Оқу - танымдық процестеріне зейініне, ойлауына, қиялдауына, есіне, тіліне сонымен қатар оқу мотивінің ерекшеліктеріне, өзінің эмоцияналды жағдайына, оқушылар арасында және мектептегі әлеуметтік - білім беру процесінің мазмұны мен ұйымдастыру формасына көзқарасына байланысты. Оқу материалын сапалы игерту мұғалімнің жеке басы мен оқушымен қарым-қатынасына, сонымен қатар эрудициясына, кәсіпке қызығушылығына, педагогикалық тактикасына, оқушылар мен жеке дара қарым-қатынасына, өзін қоршаған құбылыс және пәннің мазмұнын оқу танымдық іс-әрекетке қызығушылық пен жас ерекшеліктерінің игеру деңгейіне байланысты.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерін топтастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.

  1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай. /М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер/:
  • Түсіндірмелі хабарлау әдісі:
  • Репрудивтік әдіс;
  • Проблемалық баяндау әдісі;
  • Эвристикалық әдіс.
  1. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай. /М. А. Данилов, Б. П. Есипов, Т. А. Ильина/:
  • Жаңа білім беру әдісі;
  • Біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;
  • Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;
  • Өзіндік жұмыс істеу әдісі;
  • Білімді тексеру әдісі;
  • Проблемалық, программаланған оқыту әдісі;
  1. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай/Ю. К. Бабанский/:
  • Оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;
  • Оқуға ынталандыру;
  • Оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері
  1. Әдістердің логикалық және психологиялық сипатына қарай. /Р. Г. Лемберг/:
  • Ауызша баяндама әдісі;
  • Есеп шығару әдісі;
  • Өнер құралдарын пайдалану әдісі.
  1. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай /В. Оконь/:
  • Жаңа білімді игеру әдісі;
  • Өзіндік білім әдісі;
  • Проблемалық әдісі;
  • Көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі;
  1. Солардың ішіндегі ең көп тарағаны- білім берудің көздеріне сәйкес /И. Т. Огородников, С. И. Перовский, Е. Я. Голант/:
  • Сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
  • Көрнекілік әдістер;
  • Тәжірибиелік әдістер.

Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептелінеді т. с. с.

Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.

Оқу процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер:

Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.

Тәжірибиелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.

Оқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баянау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесінде басқа әдістерге қарағанда жетекші рөл атқарады, .

В. А. Сухомлинский: “Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың . . . ˮ - деп оның маңызна ерекше назар аударады. [1. 170]

Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды,, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет.

Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік: “Мұғаліс балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәләмай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлаауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұблаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіруі керекˮ. [10. 214]

Бұл әдісті қолданғанда мұғалім белсенділігін арттыруға /зейін, қабылдау, ойлау т. б. процестерін/ байланысты да әрекет жасайды.

Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнекі және техникалық құралдарды пайдаланумен ұщтастырылады.

Ауызша баяндаудың тағы бір ерекшелігі, оқытушының түсіндіруі мен оқушылардың ұғыну процесінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме, әңгімелесу, ауызша - жазба және лабораториялық жұмыстарын қажетіне сай қатар қолдану керек.

Түсіндіру - оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі заңдылықтар мен ережелерді түсіндіру белгілі дәрежеде логикалық жүйелілікті қажет етеді.

Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгілерін ашып көрсету, фактілер мен құбылыстарды талқылау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын түсіндіруінде әрқашан пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болады.

Түсіндіру әдісінің ең маңызды мәселелері - оқушылардың алдына жаңа айқын, ашық етіп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу. Түсіндіру әдісінің табысы болуы мұғалімнің нақтылы деректерлі қаншама сәтті қолдана білгендігіне де байланысты. Түсіндіру әрқашанда заттар мен фактілердің, құбылыстардың мәнін ашу, қағидаларды түсіндіру, осылардың негізінде оқушыларға жаңа білімді баяндауда оны терең және түсінікті ұғынуларына мүмкіндік туғызады. Бірақ ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сынып және пән ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады.

Әңгіме - мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің неғұрлым қарапайым және түсінікті түрі.

Әңгіме барысында мұғалім құбылыстарды бірізділікпен көркем суреттей отыра, өз сөзін әртүрлі көркем шығармалар /картина, фотосурет/ мен көрнекі құралдарды қолдану арқылы жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың фактілер мен құбылыстарды жақсы түсініп ұғынцына көмектеседі.

Бұл әдісті қолдану барсында мұғалім мен оқушылар арасында диалог пайда болады. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен матералды жаңамен байланыстыру, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау үшін қолданылатын әңгіме.

Әңгіме әдісі көбнесе бастауыш немесе орта буын сыныптарында көбіне қолданылады.

Мұғалімнің дене шынықтыру сабағында әңгіме әдісін қолдану ұзақтығы, берілетін оқу материалының сипатына байланысты болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың ойлау қабілетінің ерекшеліктері
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ АУЫЗША ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Жазбаша жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету
Биология пәнінен оқушылардың білімін тексерудің маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Критериалды бағалау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz