Сарайшықта билік еткен хандарды анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қазақстандағы қала мәдениетінің гүлденуі мен дамуы . . . 6

1. 1 Қалалық орталықтардың пайда болуының алғы шарттары . . . 6 1. 2 Сарайшық қаласының қалыптасуы мен өркендеуінің негізгі себептері . . . 13 1. 3 Сарайшықтың табиғаты мен қорымында жерленген тұлғалар . . . 22

2 Сарайшық - тарихи астана . . . 30

2. 1 Қазақ хандығы кезіндегі Сарайшық . . . 30

2. 2 Сарайшық- қол өнер өндірісінің орталығы . . . 41

2. 3 Сарайшық шаһарының күйреуі себептері . . . 52

Қорытынды . . . 62

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 64

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақ елінің территориясында орта ғасырлық қалалардың жиі пайда болып, өмір сүрген аймағы-Сырдария өзенінің орта ағысының тұсы. Мысалы, бұл аймақтағы қалалардың ең белгілілері: Сығанақ, Сауран, Созақ, Иасы (Түркістан), Отырар, Сайрам, Үзгеңд және басқалар. Бұл қалалардың кейбіреулері орта ғасырдың өзінде өмір сүруін тоқтатты да, ал кейбіреулері осы күнге дейін елге игілікті қызмет атқаруда.

Тарихымыздың өзекті түйіндерінің бірі Сарайшықтың ғасырлар көшіндегі орнын айқындау, ұлттық тарихымыздың жоғалғанын түгендеу жолыңдағы талпыныстардың бірі. Өйткені, Сарайшық-орта ғасырдағы Қазақстан аумағындағы далалық-Жалқы қала. Ол-Алтын Орданың және одан кейінгі құрылған мемлекеттердің қалаларына карағанда мүлдем өзгеше жағдайда тұр. Сарайшық шаһарының жағдайы неліктен өзгеше? Алтын Орда құлауына байланысты және Шығыс Дешті-Қыпшақтағы хандардың өзара қырқыс-тартыстарынан да аман қалған өміршеңдігін немен түсіндіруге болады? Сарай тағы басқа қалалар Алтын Орданың ыдырауымен бірге құрып кетсе. Сарайшық бұдан кейінде бірнеше ғасыр өмір сүріп, өз өңіріне елеулі ықпал жасаған еді. Сонымен, Сарайшық қаласының өміршендігін қандай пайымдаулармен дәйектеуге болады? Оның Шығыс Дешті-Қыпшақ даласының батыс бөлігіндегі сауда, қол-өнер орталығы болғандығынан ба? Әлде, Жошы ұлысының мәдени, әкімшілік орталығы екендігінде ме? Тарихи деректерден Сарайшыққа Алтын Орда және одан кейінгі мемлекеттердің, яғни Ноғай Ордасы мен алғашқы Қазақ хандығының астанасы болғандығынан да, белгілі хандар мен бектердің жерленгендіктерінен бе? Сарайшық шаһарының қалай пайда болғанын, оның өсу, көркею, құлдырау және күйреу тарихымен танысып, зерделеу - Қазақстан көне қалаларының тарихын зерттеуге қосылған үлес болар еді. Өйткені, Қазақстанның өзге аймақтарының орта ғасырлық қалаларының өткен тарихын зерттеуге қарағанда Батыс өңірлері қалаларының зерттелуі кенжелеп қалған. Бұған ең басты себеп -қазақ елінің Ресей ықпалына енуін бастаған Кіші жүзге байланысты екпінді жүргізілген отаршыл саясаттарды бүркемелеу болатын. Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы Сарайшық қаласының тарихын зерттеудің ғылыми маңыздылығына дәлел. Демек, дипломдық жұмыстың өзектілігі де осында деп ойлаймыз.

Объектісі: Орта ғасырлық Қазақстандағы Сарайшық тарихы.

Пәні: Сарайшықтың құрылуы мен дамуы, Астана кезіндегі жағдайы, қолөнері мен табиғаты, күйреуі.

Жұмыстың мақсаты: ғылыми айналысқа түскен жазбаша деректерге, тарихи және археологиялық зерттеулерге сүйене отырып, Сарайшық қаласының тарихына қатысты материалдарды жинақтап, зерттеп жүйелендіре отыра, ұлттық тарихымыздың күні бүгінге дейін ескерусіз қалып келген қомақты түйіні және ұлттық болмысымыздың орта ғасырлық аса маңызды көріністерінің зерттеу. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:

  • Сарайшық қаласының пайда болуы мен қалыптасуы зерттеу;
  • жоғарыдағы зерттеу еңбектерді және жазбаша, заттық жәдігерлерді пайдалана отыра, ұлттық тарихымыздың арқауы тарқатылмаған асыл түйіндерінің бірі туралы белгілі-бір тұжырымдар мен тиянақты пікірлерге келу.
  • Сарайшықта билік еткен хандарды анықтау;
  • Сарайшықтың табиғаты мен онда жерленген тұлғаларды қарастыру;
  • Қолөнері мен сауда-саттығын ашу;
  • Қаланың күйреу себептерін анықтау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Біздің сөз өткелі отырған Шығыс Дешті-Қыпшақтың көрнекті қалаларының бірі-Сарайшық тарихы туралы - Кеңес дәуіріне дейін дәл мағынасында жүйелі ғылыми еңбек болмады. Тек қана, қысқа мәлімдемелер түрінде төмендегі авторлардың мақалалары ғана баспа беттерінен жарық көрді. Сарайшық қаласының тарихы - орта ғасырлық Қазақстан тарихының күні бүгінге дейін арнайы түрде зерттелмеген қомақты бөлегі болғандықтан да, дипломдық жұмысымызды жазу барысында орта ғасырлық Қазақстан тарихын зерттеген және тақырыбымызға тікелей, жанама қатысы бар көптеген белгілі тарихшылардың еңбектерін пайдаландық. Сарайшық қаласының пайда болуы мен «Сарайшық » сөзінің мағынасы туралы алғашқы деректер Н. Ибрагимовтың «Ибн Баттута и его путешествия по Средней Азии» еңбегі, онда «Сарайшық» сөзінің мағынасы «кіші сарай» деген мағынаны береді. Өйткені ол ханның демалатын орны болды деп аталған [1. 15 б. ] . Құрылуы мен өркендеуі туралы мәліметтерді К. Бапаковтың «Қазақстанның ежелгі қалалары» [2. 85 б. ] . -деген энциклопедиясы, онда қала мәдениеттері, жетісудағы қалалар, жалпы қалалардың құрылуы мен өркендеуі және қол өнері туралы мәліметтер, «Қазақ тарихы» «Сарайшық қаласының қалыптасуы» атты [3. 27 б. ] . журналдан Сарайшық қаласының құрылуы дамуы туралы айтылады Сауда-саттық туралы ақпаратты «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақ ССР тарихы» [4. 11 б. ] . деген кітаптың 2 томынан «Описание киргиз-казачьих или киргиз -кайсацких орд и степей» [5. 17 б. ] . Хандардың билік еткен кездегі жағдайы өмірі туралы қасқаша мәліметтерді «Түрік шежіресі» [6. 71 б. ] . «Бес ғасыр жырлайды» 1томы [7. 27 б. ] . кітаптарын қолдандық. Және де Жібек жолындағы жағдай және басқа елдермен қатынастары туралы «Ұлы Жібек жолы және орта ғасырлық Қазақстан» [8. 76 б. ] . Қалада табылға жәдігерлер туралы «Атамекен-Ай» «Сарайшық қаласы» [9. 20 б. ] . және «Қазақстан: тарихи- публицистикалық көзқарас» [10. 151 б. ] . деген кітаптардан аламыз. Сол кездегі қазақ хандығының жағдайы туралы «Түркістан және қазақ хандығы» [11. 13 б. ] . Алтын Орда тарихына байланысты өте құнды. Әсіресе, олардың Алтын Орданың әлсіреу, тоқырау және ыдырау себебін жан-жақты саралаулары маңызды. Қираудың себебі Иван Грозныйдың кесірінен екені айтылады. Бұл әдебиеттер дипломдық жұмысымыздың негізгі әдебиеттері болып саналады. Біздің дипломдық жұмысымызда осы әдебиеттер негізгілеріне жатады.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі: Қазақстан тарихында орта ғасырлық дәуір қым-қуыт тарихи уақиғаларға толы, сондықтан да бұл дәуір тарихынан ғылыми зерттеу жүргізу-қызықты да, күрделі іс. Демек, дипломдық жұмысымыздың методологиялық негізіне

-обьективтілік;

-тарихилық;

-жүйелілік;

-сұрыптау;

-Талдау әдістері қолданылды.

Диптомдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Біріншіден, Сарайшық шаһарының тарихына қатысты түрлі жазба деректер мен мәліметтерді, тарихи хабарларды жинақтап, аса маңыздыларына сүйене отыра, қала тарихын жүйелі түрде жазу және кейбір гипотеза, ой-пікірлер мен тұжырымдарға келу. Екіншіден, өткен ғасырдың 50-60 жылдарыңда Сарайшық тарихы-үш кезеңнен тұрады деген тұжырымды кеңейтіп, шаһардың алғашқы Қазақ хандығының құрылып, орнығуындагы мәніне сәйкес, қала тарихының төрт кезеңнен тұратындығын дәлелдеу. Үшіншіден, осылардың барлығы аркылы Шығыс Дешті-Қыпшақтың орта ғасырдагы саясн-экономикалық тарихын Сарайшық шаһары тарихымен толықтыру, байыту.

Тақырыптың хронологиясы: Шығыс Дешті-Қыпшақтың бірден-бір орта ғасырдағы Жалқы кіндігі ретінде тағдырында өрлеулі өркениетті де, шабытты шарықтауды да, еңісті құлдырауды да басынан кешіп, ұлттық тарихымыздың мәңгі мәйегінің біріне айналған. Демек дипломдық жұмыстың хронологиялық шегі - XIІІ-ХVI ғасырдан мың жылдық тарихы бар Сарайшық шаһарының сырға толы базарлы болмысы мен қайырымды сахи қасиетін, киелі имандылығын жүйелі, ғылыми негізде жинақтау және бүгіні мен ертеңгі заман талаптарымен ойластыра кіріктіруді қамтиды.

Жұмыстың практикалық маңызы: Зерттеу жұмысы-орта ғасырдағы Қазақстан тарихының күні бүгінге дейін өз деңгейінде жан-жақты зерттелмей келген түйіндерінің бірі -Сарайшық қаласының тарихын жазу арқылы орта ғасырлық ел тарихын жаңаша ой-түйіндермен толықтыра түседі. Яғни, шаһардың Ұлы Жібек жолының жанды буыны ретінде Шығыс Дешті-Қыпшақтың даңқын жарты әлемге таратуы-халқымыздың өткеніне деген заңды құрметін нығайтумен бірге, туған елге, жерге сүйіспеншілігін күшейтеді. Және студенттерге де пайдалануға болады. Дипломдық жұмыстың негізгі тұжырымдарының қолданбалық, тәжірибелік маңызы да зор, әсіресе, бүгінгі қоғамымыздың өскелең талаптарына сай Ұлы Жібек жолының бойындағы халықаралық туризмді жандандыру бағыттары жөніндегі ұсыныстарды жүзеге асыру, сол арқылы әлемнің өзге өркениетгі елдері сияқты мол пайда табу мүмкіндігі ашылып, жергілікті халықтарға мыңдаған жаңа жұмыс орындарының пайда болуына да игі ықпал жасауға болатынын дәлелдеу;

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында әдебиеттер тізімі берілген.

1 Қазақстанда қала мәдениетінің гүлденуі мен дамуы

  1. Қала орталықтарының пайда болуының алғы шарттары

XVIII ғасырдың алғашқы жартысында, Қазақстанның Ресейге қосылар кезеңінде ұшы-қиырына көз жетпес қазақ даласында бар-жоғы бірнеше қала болған. Сол заманғы саяхатшылар кең-байтақ жазық даланы «көшпелілер бесігі» деп ұққан. Бұл пікір ұзақ жылдар бойы сақталып келген. Мысалы, 1913 жылы жарыққа шыкқан «Туркестанский край» кітабында: «Шын мәнінде, Орта Азияның (оның ішінде Қазақстанның да) тарихы - даланы мекен еткен көшпелілер мен тау етегіне, өзен бойына қоныстанған отырықшылардың мыңдаған жылдар бойғы күрес тарихы. Ұшы-қиырсыз дала, кең жайылымды қажет ететін мал шаруашылығына тәуелділік пен басқа да өмір салты көшпелілерді ерте заманнан отырықшы халыққа дұшпан етті, еркін көшіп-қонуға кедергі болар кесірдің бәрін қирату сезімін тудырды. Көшпелі ел үшін ең қажеттісі - мал жайылып жүрер шексіз дала, сондықтан ол жайылым болуға жарар жерге қоныстануына кедергі тудырғанның бәрін жер бетінен жоқ қылуға бар. Бақтар, үйлер, тамаша ғимараттар мен өнер туындылары көшпелі халыққа түсініксіз, әрі керек емес те. Қолынан келсе, олар бар әлемді « жайылымға айналдырып жібермек», - деп жазылған. Бұл сөздердің негізсіздігін дәлелдейтін деректер бар. Ортағасыр тарихынан көшпелі мен отырықшының, малшы мен диқаншының «мәңгілік күресін» емес, керісінше қарым-қатынасын байқауға болады. Көрнекті археолог, ежелгі Хорезмді зерттеуші С. П. Толстов өз еңбектерінде: «Қалалық өркениетті тек жер өңдеудің, отырықшылықтың нәтижесі деп санау үлкен қателік»-деген түйін жасайды. Қалалар көшпелілер мен отырықшылардың шаруашылығын ұштастырып отырған, сондықтан да олар сол кезеңде өзінің даму шыңына жеткен деп санаған ғалым пікірінің дұрыстығьш уақыт дәлелдеп отыр. [1. 15 б. ] .

Жалпы, «таза көшпелілер» туралы тарихта дерек жоқ. Шығыс халықтарын біреулері мал шаруашылығымен, біреулері егіншілікпен айналы-сатын адамдар тобы құраған. Олардың арасында тек мал шаруашылығымен айналысып, болмаса бір ғана егіншілікті кәсіп еткен адамдардан басқа екеуімен де қатар шұғылданатындар да болған. Уақыт өте келе, бұл тепе-теңдік ауа райының әсерінен немесе соғыс салдарынан өзгеруі мүмкін еді. Бұл жағдай ортағасырлар кезеңінде керемет архитектуралық құрылыстары, сарайлары мен мешіттері, медреселері мен қолөнершілер шеберханалары бар ондаған гүлдеген қалалар болған Қазақстанға да тән еді.

Мың жыл бұрын Иерусалимде дүниеге келіп, мұсылман елдерінің көпшілігін аралап шыққан ұлы араб географы Мұхаммед йон Ахмёд ежелгі Испиджаб (қазіргі Шымкент) аймағы жайлы былай деп жазған: «Испиджаб аймағы Мәуереннахрдың (бұл жерде Оңтүстік Қазақстан) орта тұсында орналасқан. Оның Құрлұк, Жұмышлағу, Арсубаникет, Бараб, Шабғар, Сауран, Тұрар, Зерах, Шағылжан, Баладж, Барукет, Бұрұқ, Яғанкент, Азақкент, Дех Нуд-жикет, Тараз, Балу, Жікіл, Барысхан, Атлах, Жамукат, Шелжі, Көл, Сұс, Тақабкет, Дех Науи, Құлан, Мирки Нушкет, Лакра, Жамүқ, Урду, Науакет, Баласағүн, Ла-бан, Шүй, Абалық, Маданкет, Барсиан, Балық, Жарқан, Яқ, Яқалық, Рауанжам, Қатақ, Шүр, Чашма, Діл, Ауас, Жаркент қалалары бар. Ал бас қаласы - Испиджаб». Қазақстанның алғашқы қалаларын салған кімдер? Ол қалаларда кімдер тұрды? Олар қашан пайда болды? Қалай дамыды? Неліктен жоғалып кетті? Міне, өткен күннің тарихын білгісі келген адамды қызықтыратын сауалдар осылар. Оларға жауап беруге географтар мен археологтардың зерттеулері көмектеседі. [1. 35б. ] .

Ұлы Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығындағы Месопотамия жеріндегі «қалалардың атасы» саналатын алғашқы қалалар б. з. д. IV ғасырда пайда болған. Ал Қазақстан жеріндегі қалалық өмірдің басталуы бізден қаншалықты алыс екендігін елестетіп көріңдерші.

IV ғасырдың ортасында Шумер мемлекетінің Урук аймағында 17 елді мекен мен қалашықтар болса, ал IV ғасырдың аяғына таман Урук олардың арасындағы ең ірі қалаға айналды. Қалада аксүйектер мен қарапайым халық тұратын үйлер және биік цоколь-платформаларда орналасқан, ізбес таспен қапталған көптеген храмдар бар еді. Сонымен қатар түрлі қолөнер, сауда, суармалы жерлерді өңдеу, архитектура өнері дамып, жазу тарала бастайды.

Археологтар б. з. д. VII - VI мыңжылдыққа жататын ежелгі Чатал-Құйық қаласын зерттей отырып, орталық калалар Кіші Азияда (қазіргі Түркия жерін-де) пайда болып, дамығанына көз жеткізді. Иорданиядағы ежелгі қалалардың бірі - Библияда аты аталатын Иерихон қаласы. Бұл қала VIII ғасырдың өзінде биік те калың кабырғалармен қоршалған еді. Үндістан түбегінен б. з. д. 2400 - 1800 жылдар аралығына жататын Мохенжо-Даро деген тамаша қала табылған. Тұрғындары 40 мыңға жуық бұл қала тарамдалған көшелермен бөлінген кварталдардан тұрған. Сондай-ак қалада құдыктар мен су құбырларының жүйесі, жұртшылық жиналып, кеңес өткізетін ғимараттар мен астық қоймалары болған. [2. 85б. ] .

Қытайда б. з. д. XIX ғасырдың ортасы мен XVII ғасырдың алғашқы жартысындағы ірі сарай кешені бар Эрлитоу қаласының орны зерттелді. Қоладан заттар жасау өндірісі мен қыш ыдыстар жасау өнері өзінің шырқау шыңына жеткен бұл қала үйіндісінен жазу жазылған жануарлардың сүйектері де табылды.

Орта Азия аймағындағы ежелгі қалалардың орны Оңтүстік Түркіменстаннан, Копет-Даг тауының етегі мен Мургаб өзенінің сағасынан ашылды. Қазіргі күні бұл қалалардың орны Алтынтөбе, Гонур-депе, Тоғылық деп аталады. Алғашқысы б. з. д. 2100 - 1850 жылдар аралығында өмір сүрген. Алтын-төбенің құрылыстары арасынан ерекшеленіп көрінетін сатылы мұнара түрінде салынған діни орталық, ақсүйектер үйлері, қоймалар болған. Сонымен қатар осы арадан шеберханалардың орындары, алтын мен піл сүйегінен жасалған заттар табылды. Бұл - қала қолөнер, мәдениет, дін және халықаралық сауданың орталығы болғандығының дәлелі. Ал Маргиан мемлекетінің орталығы саналатын Гонур-депе мен Тоғылық қалалары б. з. д. 1500 - 1000 жылдар арасында өмір сүрген. Қазба жұмыстары барысында сарайлар мен храмдар, қолөнершілердің көшелері аршылып, қыш ыдыстар, күміс пен қоладан жасалған мөрлер, құдайлар мен абыздардың кішкене мүсіндері табылды. Бұл заттар қалалардың Үндістан және Месопотамиямен сауда-саттық, мәдени қарым-қатынаста болғандығын айқындайды.

Қазақстандағы Оралдан Ертіске дейін созылып жатқан далалық белдеудегі ең ежелгі қалалардың іргетасы қола дәуірінің басында (б. з. д. 1800 - 1600 жж. ) қаланған. Осындай қалалардың бірі - Арқайым. Ол Қостанай мен Челябинск облыстарының шекарасында орналасқан. Археологтар ол жерде көптеген жылдар бойы зерттеу жүмыстарын жүргізіп, Аркайым қаласының екі қатар шеңбер түріндегі қорғаныс құрылыстарымен қоршалғанын анықтады. Шеңберлене тұрғызылған осы екі қабырғалардың арасында тұрғын үйлер, ал ортасында алаң болған. Сыртқы шеңбердің диаметрі - 160 м. Сыртқы қабырғаның қалыңдығы 4 м-ге жуық, ал биіктігі 3 м-дей. Қабырғаны жағалай ағаш бөренелерден екі қатар қада қағылған. [ 3. 27 б. ] .

Иасы-Түркістан қаласының ежелгі атауы. Археологтар ертедегі Иасының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7-12 ғасырларда Иасы төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір түрік қағандығына қарады. 9-ғ-да қарлұқтан мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 ж Хорасан билеушісі әл-Манун, 10-ғ-дың соңында Самани әулетінің билеушісі Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12ғ -дың 1- ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннағ кейін, Иасы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Иасауи осында келіп қоныс тепкен кезде, Иасы атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Иасауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірінің басына қабір тұрғызды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлығы, сонымен бірге адамдардың мазарға тәуәп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал жасады. Иасы туралы деректер 13- ғ-да жарық көрген киракос Гандзакенцидің «Армения тарихы» атты еңбегінде кездеседі. Бұл еңбекте Иасы Асон деген атаумен берілген. 14- ғ-дан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд- Дин Йездидің хабарларына қарағанда, 1388 ж. Иасыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған қожа Ахмет Иасауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір бөлігін қожа Ахмет Иасауи кесенесін салуға жұмсайды. Иасы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шаһристан, рабад қалыптасты. 15-ғ-дың 1- жартысында Шараф әд-Дин Йезди Иасыны шағын елді мекен деп атап көрсетсе, ал 16-ғ-да Рузбехан Исфахани «Михманнаме -и Бұхари » атты шығармасында Иасыны былайша суреттейді: «Аса қасиетті Қожаның сағанасы орналасқан Иасы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Иасы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталды. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын елге аттандыратын орын болды». 15-17 ғ-да зираттың төңірегіне ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабиға Сұлтан Бегім(15ғ), Есім хан (17ғ) күмбездері ерекше маңызыды. 1579 ж Иасы Ақназар ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден бастап Иасы Түркістан деп атала бастады. [4. 11 б. ] .

XVI ғасырдың ортасынан бастап Яссы қазақтардың қолына қарады. Тап осы уақытта Түркістан облысының карамағында орналасқан қалаға жаңа атау берілді. Ол да Түркістан аталып, қазақтар каланы өз орталықтары етіп алды. Қаланың Түркістан деп аталуы облыстың атын шығарудан туса керек. Осы Түркістан қаласы XVIII ғасырға дейін (ара-тұра үзіліс болмаса) қазақ хандарының ірі орталығы және ресми ордасы болды. Бұрынғы қалашықтың аймағын қазір жаңа қала құрылыстары басып жатыр. Алайда ежелгі Түркістан қалдықтарын әлі күнге дейін Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің жанынан көруге болады.

Ескі Түркістанның үйлері біздің заманымызға дейін сақталмады. Тек, XIV ғасыр архитекторларының тамаша туындысы - Қожа Ахмет иассауи кесенесі ғана бізге қаланың көне тарихынан сыр шертеді. Қожа Ахмет Түркістанда туып, өмірінің көбін осы арада өткізген.

«Кесене салдыруда Әмір Темір саяси есепті көздеді, - деп жазды археолог М. Е. Массон. - Көшпелі халықтың қасиетті санайтын затына назар аудару, оның жанына жағымды нәрсе істеу ислам дінін уағыздаушы жұрттың рухани бірлігін баса көрсету, сонымен бірге сезімтал көшпенділерге осы қылығы арқылы әсер ету, осы ойын орындап, өз империясының құдіретін көрсету - міне, мемлекеттің киыр шетіне ортағасырлық архитектуралық тамаша ескерткіш орнатудағы оның мақсаты». [5. 17 б. ] .

Кесене іргетасының үш жағынан сары құм тастан жасалған белдеушелер жүргізілген. Оның үстіңгі жағы бір жарым метрлік шыны таспен қапталған. Ал шыны тастан жоғаргы бөліктері - қабырғаларды, барабандар, күмбездер сары-көк түсті кірпіштердің аясындағы ірі оюлар түрінде берілген көгілдір, көк, ақ сырлы шыны тастармен безендірілген. Тек ұлы бас портал өрнексіз қалған. Құрысшылар Темірдің тірі кезінде бас порталды сырлы кірпіштермен көмкеріп үлгермеген, ал Әмір мүрагерлері бүған көңіл аудармаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сарай Бату
Асан қайғы Сәбитұлы
Түргеш монеталарын зерттеу мәселесі
Қырым хандығының қалыптасуы
Есім ханның өмірі, отбасы
XVIIІ-XX ғғ. бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті
Батыс Қазақстанның ортағасырлық қалалары
Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ тарихының дерек көзі ретінде
Қорқыт ата кітап
Әбілқайыр хандығының күшеюі және әлсіреуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz