Аймақтағы күріш шаруашылығының экономикалық потенциалын бағалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1 ӨНІМ ӨНДІРІСІ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 9

1. 1 Өнім өндірісінің тиімділігінің мәні мен мазмұны, оның

негізгі көрсеткіштері . . . 9

1. 2 Экономикалық тиімділікке әсер етуші факторлардың теориялық

аспектілері . . . 22

2 СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДАҒЫ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ. …27

2. 1 Аймақтағы күріш шаруашылығының экономикалық потенциалын

бағалау . . . . . . … . . . …27

2. 2 Күріш өндірісінің рентабельділігін жоғарылату факторларын

анықтап бағалау және жіктеу. ………40

3 ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖҮРГІЗУДІҢ ӨНДІРІСТІК ТҮРЛЕРІ ЖАҒДАЙЫНДА

КҮРІШ ӨНДІРУДІҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ

МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ. 50

3. 1 Күріш өндірісі тиімділігін арттырудың шарттары мен факторлары…. . …50

3. 2 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында күріштің сапасын

жақсарту және нарықтық баға құрылымының ерекшеліктері…… . . . … . . . 59

3. 3 Өзіндік құнды төмендету - күріш шаруашылығының рентабельділігін

жоғарлатудың шешуші факторы . ……. …67

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 78

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика жағдайында өндірістің тиімділік категориясы жағынан жаңа мағынаға ие болды. Шаруашылықты рентабельді жүргізу оның бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық субъектілерінің жарысқа түсуін талап етеді. Сөйтіп, сол шаруашылықтарды өз алдына жасаған әрекеті олардың әрқайсысының белгілі бір тұтынушыға қажетті тауарлар өндіріп сатудың жалпы жағдайына әсер ету мүмкіндігін тиімді түрде тежейді.

Өндірісті жүргізу рентабельді тәсілі қолданған кезде барлық жұмсалған шығынның орны өз өнімін сатудан алынған түсім есебінен толады және қажетті таза пайда алу қамтамасыз етіледі.

Нарықтық экономика кезінде, оған көшкенге дейінгідей, еркін бюджеттік қаржыландыруға сенім артуға болмайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржыландыруда негізгі тірек өзінің меншік қаражатына жұмыс істеп тұрған өндірістік-әлеуметтік және барлық өндірісті тиімді пайдалануға жасалуы тиіс. Кәсіпорынның өзін-өзі ақтауы мен таза пайда табуы шаруашылық жүргізудің нарықтық тетігінің бастапқы және айқындаушы ұстанымы болып табылады, өйткені бұл шығынды қайтару мен таза пайда өз өндірісі мен өнімді сату және ақылы қызмет көрсетуден алынатын меншікті табыс есебінен жасалынғанын көрсетеді.

Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында күріш, жүгері және басқа да дәнді дақылдар өндіруге қолайлы жағдай бар. Астық өндіру тек қана аймақтың ішкі қажетін қанағаттандыруға ғана бағдарланбауы тиіс. Себебі, оның экспорттық әлеуметінің де болуы тиіс. Осыған байланысты, Сырдария ауданындағы ауыл щаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар өз өнімдерінің сапасын арттыруға тиіс.

Бүгінгі таңда күріш өндіру объектілерінде негізі техникалық қордың төменгі жағдайы, нарықтық жағдайда басқару тәжірибесі, қажетті қаржы құралдарының жетіспеуі және сапа менеджменті саласындағы өнім сапасын басқаруда жаңа жүйелердің енгізілмеуі, отандық өнімнің бәсекеге қабілетсіздігін айқындап, кәсіпорын жұмысының тиімділігін, тұрақтылығын, рентабельділігін шешуде жаңа жолдардың шараларын қарастырудың мүмкіндігі туындайды.

Мемлекет экономиканың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің нашарлаған жағдайында күріш шаруашылығында меншіктің және шаруашылықтың әр алуан түрлерінің пайда болып дамуы барысында осы айтылған барлық мәселені шешу ерекше сапалық және ғылыми-тәжірибелік маңызға ие болуда. Түптеп келгенде дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға осы жағдайлар негіз болды.

Экономикалық әдебиеттерде өндірістік экономикалық тиімділікті, өнім сапасын, өндіріс рентабельділігін көтеру мәселелері туралы көзқарастар қолданбалы және теориялық тұрғыдан жеткілікті түрде баяндалған. Әсіресе бұл мәселелер Л. И. Абалкин, Р. Р. Аутов, С. Ә. Әбділдин, Л. Е. Әбділдина, Қ. М. Белгібаев, Е. Б. Байбарақов, С. Б. Байзақов, В. В. Григорук, Т. А. Есіркепов, Ө. Есқараев, Т. И. Есболов, А. Н. Захаров, Ғ. Ә. Қалиев, С. Қасымов, Р. Ж. Қуатов, М. Р. Расулов, К. Ә. Сағадиев, М. И. Сигарев, К. С. Сыдықов, С. С. Сатыбалдин, А. Ж. Сапарбаев, П. Л. Шевчик және басқа отандық және шет елдік экономист ғалымдар еңбектерінде жақсы шешімін тапқан.

Аталған авторлардың ғылыми еңбектерінде шаруашылық жүргізудің алуан түрлерінің және олардың рентабельділік деңгейі мен өндірістің тиімділігін көтерудің мән-мағынасы, құрылуы мен қызмет істеуінің қағидалары жүйеленіп, нарықтық қатынстар жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді рентабельді жүргізудің теориясы мен тәжірибесі жинақталған. Бірақ нарықтық экономика жағдайында күріш өндірісінің рентабельділігін көтеру өнім сапасын жақсарту мәселесі теориялық, әдістемелік, жекеменшік және шаруашылық формаларының есебінен терең зерттеуді талап ететін санқырлы, өзін-өзі зерттейтін мәселе болып табылады.

Орындалған зерттеу жұмыстарында күріш өндірудің аумақтақ ерекшеліктерін ескере отырып, күріш шаруашылығының рентабельділік деңгейін және сапасын көтеру үшін қолдануға қажетті нақты ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік әзірлемелер жеткіліксіз. Аталған кемшіліктің орнын толтыру, соның ішінде Сырдария ауданы аумағындағы күріш өнімінің өндірісінің экономикалық тиімділігін көтерудің аумақтық мәселесін зерттеу үшін осы дипломдық жұмыс негізге алынды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтық экономиканың талабына сәйкес өндіріс тиімділігі категориясының экономикалық мазмұнын зерттеп, Сырдария ауданындағы күріш және күріш ауыспалы егістігінде өндірілетін өнімдердің өндірісінің экономикалық тиімділігін жоғарылату жөнінде ұсыныстар жасау.

Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылды:

  • нарықтық категория ретінде өндірістің тиімділік түсінігі мен мағынасын анықтау;
  • Сырдария ауданы бойынша күріш шаруашылықтардың өндіріс тиімділігін көтеру жөніндегі шаралар жүйесін жасап, дәлелдеу;
  • өндірісті рентабельді жүргізу тұрғысынан қарағанда Аудан күріш өсіретін құрылымдарында өндірістің қолайлы мөлшерлерін анықтау;
  • Сырдария ауданы бойынша шаруашылық жүргізудің түрлерін белгілеп, рентабельді кеңейту жолдарын анықтап бағалау және жіктеу;
  • әр түрлі меншік формалары мен шаруашылық жүргізуші ауыл шаруашылық құрылымдарының экономикалық механизмінің үдемелі дамуын қамтамасыз ету.

Зерттеу объектілері ретінде аудан бойынша құрылған нарықтық типтес шаруашылықтар: өндірістік, ауыл шаруашылық, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, шаруа серіктестіктері, шаруа қожалықтары алынды.

Зерттеу пәні күріш және күріш өсіретін ауыспалы егістегі өнім өндірісінің тиімділігін көтеру мақсатында тауар-ақша қатынастары негізінде аграрлық өндірісті жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, сапа менеджментінің қалыптасуы, сондай-ақ өндірісті сапалы жүргізуге ықпал ететін факторларды және ДСҰ-на кіру жағдайында осы мәселені шешудің жолдары болып табылады.

Дипломдық жұмысқа ақпараттық база ретінде республикалық ұлттық статистика агенттіктің материалдары, ауылшаруашылығы басқармасының материалдары, Қызылорда статистика басқармасының материалдары, әр түрлі күріш шаруашылығы агроқұрылымдарының жылдық есептерінің деректері, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының материалдары пайдаланылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиет тізімінен, 26 - кестеден, 3 - суреттен, мәтіні машинкаға басылған 84 беттен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың жалпы сипаттамасы, оның зерттелу дәрежесі көрсетіліп, мақсат пен міндеттер тұжырымдалған, зерттеудің объектілері мен әдістері айқындалып, зерттеудің ғылыми жаңалығы берілген, мақұлдануы мен зерттеу нәтижесінің жүзеге асырылуы жайлы мәліметтер келтірілген.

Бірінші тарауда жаһандық экономиканың даму барысында ауыл шаруашылық саласында саласында нарықтық экономикалық категория ретінде өнім өндірісі тиімділігінің түсінігі мен мәнінің теориялық мазмұны анықталды және жүйеленді.

Екінші тарауда ауыл шаруашылық күріш компанияларының өндіріс тиімділігін бағалау және оны арттыру жолдарына талдау жүргізілді, күріш өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік ресурстарды толық пайдалану және күріш өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында әр түрлі шараларды іске асыру жолдары анықталды. Сондай-ақ, күріш егістігіндегі өнімді өндірудің рентабельділігін көтеру факторлары көрсетіліп, жіктеледі.

«Шаруашылықты жүргізудің өндірістік түрлері жағдайында күріш өндірудің рентабельділігін арттырудың мәселелері мен жолдары» атты үшінші тарауда күріш шаруашылығын дамытудың мәселелері зерттеліп, өндіріс өлшемдері мен тиімділік факторлары бағаланады. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында күріштің ерекшеліктері көрсетіледі.

Соңында зерттеу нәтижелерінен туындайтын негізгі қорытындылар мен ұсыныстар баяндалады.

1 ӨНІМ ӨНДІРІСІ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Өнім өндірісінің тиімділігінің мәні мен мазмұны, оның

негізгі көрсеткіштері

Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңіне көшті. Нарықтық экономика өзінің мәнісі бойынша еңбек өнімділгінің өсуін, өндіріс тиімділігінің барынша артуын ынталандыратын құралы болып табылады. Дегенмен, осындай жағдайда да өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын, оның өсуіне әсер ететін факторларын, тиімділікті анықтау әдістерін айқындау маңызды болып табылады.

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын дұрыс анықтау үшін тиімділіктің өлшемі мен көрсеткіштерін тұжырымдап алу қажет. «Өнді-рістің экономикалық тиімділігі» ұғымына әлеуметтік тиімділік те кіреді (қол еңбегі үлесінің төмендеуі, еңбек жағдай-ларын жақсарту және т. с. с) .

Анықталған көлемі мен сапасы бар белгілі бір өнімді (жұмыс орындау, қызмет көрсету) белгіленген мерзімде шығару кез келген өнеркәсіп орнының іс-әрекетінің мақсаты болып табылады. Бірақ өндіріс көлемдерін анықтағанда бұл өнімнің халық шаруашылығы мен жеке бастың қажеттілігімен қатар оның тиімділік деңгейінің неғұрлым жоғары болғанын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан өнеркәсіп орны жұмысы-ның сапасын, ең алдымен, өндірілген өнімнің экономикалық тиімділігін аныктау арқылы бағалаған дұрыс[1, 2, 3] .

Нарыққа өтумен байланысты Қазакстандагы экономикалық қатынастардың өзгерісі өндіріс тиімділігін аныктаудың әдістемелік негіздерін нақтылап алуды талап етеді. Жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға ауысу өндіріс тиімділігінің мәнінен гөрі шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайындағы тәжірибесін қайта бағалаудың қажеттілігіне алып келіп отыр.

Қазіргі кезде кәсіпорындар, әсіресе өнеркәсіптік, әр түрлі себептерге байланысты күрделі жағдайда тұр. Олардың ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

- инфляция мәселелері;

- ресурстардың болашақтағы бағаларының белгісіздігі;

- төлеу қабілеті бар сұраныс;

- ел экономикасының дағдарыстан шығуының нақты бағдарламасының жоқтығы;

- инвестициялық саясатты қалыптастыру тәжірибесінің нашарлығы;

- инвестициялық бағдарламаларды құрастырудың әдістемелік мәселелерінің жеткіліксіз зерттелмегендігі;

- қаржыландыру көздерін іздестірудің күрделілігі және т. б.

Осы жағдайда кәсіпорынның ұзақ мерзімді болашаққа арналған, терең ойластырылған және мұқият өңделген, өндірістік-шаруашылық саясатын қалыптастыру ерекше маңызға ие болып отыр. Кәсіпорынның саясаты керісінше емес, болашақтан қазіргі уақытқа қарай құрылуы қажет. Айтылған кәсіпорын бірінші кезекте белгілі мерзімнен кейін жеткізгісі келетін даму деңгейін және оны қалайша жасауға әрекеттенетінін аныктайды деп түсіну қажет.

Экономикалық реформаны өткізу, өнеркәсіп өндірісінің өсуі, оның тиімділігінің артуы, алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық күрделі салымдарды іске асырудың нәтижесінде қамтамасыздандырылады.

Өндірістің жоғары тиімділігі жүйелі түрдегі ұлғайтылған ұдайы өндірістің қажетті және шешуші алғы шарты болып табылады.

Өндіріс тиімділігі жалпы өндірістің және әрбір жеке кәсіпорынның дамуының негізгі мақсатына жетуімен тікелей байланысты болатын нарықтық экономиканың басты санаттарының біріне жатады[2, 3, 4] .

Экономикалық теория тиімділік санатын өндіріс үдерісін, өндіріс жүйесін немесе шаруашылықты жүргізудің нақты түрінің нәтижелілігі ретінде көрсетеді. Жалпы түрде өндірістің экономикалық тиімділігі екі шаманың - шаруашылық іс-әрекет нәтижелері мен жұмсалған шығындардың (кез келген пропорциядағы) сандық өзара қатынасын білдіреді. Тарихи түрғыдан қарағанда өндірістің барлық тәсілдерінде меншік нысанның айырмашылықтығына карамастан өндірушіні шығындар мен өз іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қатынас қызықтырады. Өндіріс тиімділігін арттыру мәселесінің мәні: барлық ресурстарды пайдалану үдерісіндегі экономикалық нәтижелерді шығындардың әрбір бірлігіне шаққандағы шамасын арттыруды қамтамасыз ету.

Экономикалық тиімділікті арттыру - экономиканың басты мәселелерінің бірі. Көп түрлі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді табысты шешу үшін бүкіл қоғамдық өндірістің тиімділігін шұғыл арттырудан басқа жолы жоқ.

Сонда «экономикалық тиімділіктің мәні неде және оның ел экономикасы үшін ерекше маңыздылығы немен ұйғарылады?» - деген сұрақ туады.

Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні қоғамның мүдделеріне сай ең аз мүмкін болатын шығындармен барынша жоғары нәтижелерге жету ретінде экономистердің көпшілігімен түсіндіріледі. Сондықтан өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау өндірістің нәтижесін, осы нәтижені қамтамасыз ететін нақты және алдыңғы уақыттағы еңбектің тұтас шығындарымен салыстыруға негізделуі қажет.

Өнім өндірісі еңбек затқа айналмай және нақты еңбек шығындарынсыз мүмкін емес. Әрқашан және барлық жерде, шаруашылықтың кез келген саласында, өнім өндіру үшін бір мезгілді және ағымдағы шығындар қажет болады. Мұндағы шығындардың шамасы көптеген жағдайлар мен факторларға байланысты болады. Өнім шикізат пен материалдардың көптеген түрлерінен, әр түрлі техникалық қүралдардың көмегімен, көлемдері, саласы, құрылымы бойынша ерекшеленетін кәсіпорындарда, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың әр түрлерін пайдалана отырып өндірілуі мүмкін.

Қажетті өнімнің халық шаруашылығының және жеке бастың кажеттіліктерін қанағаттандырудың жолдары мен әдістерін тандау барысында оның өндірісіне кететін ең аз шығындарға негізделу, яғни осы шығындардың жұмсалуы ең үлкен экономикалық тиімділік әкелуі керек.

Кез келген экономиклық жағдайда ұйым іс-әрекетінің шығындары мен нәтижелерінің арасындағы қандай қатынас болатыны үлкен кызығушылықты тудырады. Қоғамдық еңбекті барынша үнемдеудің шынайы қажеттілігі көбінесе уақыттың әрбір берілген бөлігінде қоғамдық кажеттіліктердің онда бар материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардан асып түратындығымен анықталады. Осыдан бар ресурстармен, оларды барынша үнемдеу арқылы ең үлкен дәрежеде өсіп жаткан қоғамдык қажеттіліктерді қамтамасыз ету талабын қамтитын экономикалық тиімділіктің мәні шығады.

ҒТП-тің өндіріс тиімділігіне әсер ету нәтижесін, сонымен қатар еңбектік, материалдық және қаржылық ресурстардың әр түрлі бағыттағы өзгерістерінің өндірістің экономикальщ тиімділігін көрсететін қорытынды көрсеткіштеріне тигізетін әсерін неғүрлым толық және дұрыс зерттеуге мүмкіндік беретін экономикалық талдау әдістемесінің кең таралмауы бүл мәселені тез шешуге мүмкіндік бермей отыр.

Өндіріс тиімділігі мәселесінің ерекше маңыздылығы: нақты өндірістің барлық құралдары мен әлементтерінің тиімділік деңгейі мен көлемдерін дұрыс есепке алу және талдау қажеттіліктің көлемін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Өндіріс тиімділігі әрқашан нәтиженің, оны алу үшін жұмсалған шығындарға қатынасын білдіреді. Бүл тиімділікті анықтау сандық талдау және өлшеу әдістерін қолдануды талап ететіндігін көрсетеді, ал ол үшін экономикалық тиімділік өлшемі белгілі болуға тиісті.

Өндіріс тиімділігін анықтау үшін оның өлшемін, яғни мәнін ашып көрсететін бағалаудың басты белгісін анықтаудан басталады. Өндірістің экономикалық тиімділік өлшемінің мағынасы кәсіпорынның алдына қойылған даму мақсаттарына сәйкес алынатын нәтижелерді барынша көбейту немесе жұмсалған шығындарды мүмкіншілігіне карай аз жұмсау қажеттілігінен шығады. Мүндай мақсаттар ретінде өмір сүруді және тұрақты өсуді қамтамасыз ету, құрылымдықты қайта құру, әлеуметтік стратегия және т. с. с. түрлері болуы мүмкін. Осы мақсаттардың алуан түрлілігіне қарамастан ең жоғары экономикалық нәтижелерге жету, ұзақ мерзімді даму болашағын ескере отырып, пайданың мол көлемін табуға үмтылу мақсаттары үстем болып табы-лады[1, 2, 5] .

Осыдан өндіріс тиімділігінің негізгі сандық өлшемі ретінде жұмсалған капиталға шаққандағы пайданың жылдық мөлшері болып табылады:

Е = П х 100 / К = (Б - ӨҚ) х 100 / К, (1)

мұнда: Е - жұмсалған капиталға шаққандағы пайда мөлшері, %;

П - жылдық пайда, тенге;

К - пайда алуды қамтамасыз ететін күрделі каржылар, тенге;

Б - өнім өндірісінің жылдық көлемі, тенге;

ӨҚ - бір жылда шығарылған өнімнің толық өзіндік қүны, тенге.

Пайда мөлшерінің есептеп тапқан сандық мәндері капиталдың құрылымына, бағалардың деңгейіне, сұраныс көлеміне және басқа да факторларға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Өндіріс тиімділігінің өлшемі ретінде жұмсалған капиталға шаққандағы пайданың мөлшері кәсіпорынның дамуының әр түрлі нұсқаларын салыстыру үшін және нарықпен жалғыз ғана нұсканы таңдау үшін де қолданылады. Қабылданған өлшеммен шығындар және нәтижелердің негізгі сипаттамаларын көрсететін өндіріс тиімділігінің накты көрсеткіштері анықталады.

Экономикалық тиімділікті санмен өлшеудің қажеттілігі нәтиженің шамасын және оған қол жеткізуге кететін шығындарды анықтауға көмектесетін көрсеткіштер жүйесін кұруды талап етеді.

Шаруашылықты жүргізудің тиімділігінің қажетті деңгейін, сонымен қатар еңбектік, материалдық ресурстар мен негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігіндегі өзгерістердің корытынды бағасын беруге мүмкіндік беретін өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштер жүйесін жасау қажет[6, 7] .

Кәсіпорынның қол жеткізген тиімділік деңгейін, сонымен бірге өндіріс нәтижелерінің өсу қарқындарын оған кеткен шығындардың өсу каркындарымен салыстыруын, қарқынды факторларының есебінен нақты және өткен уақыттағы еңбектің тұтас шығындарының жалпы үнемделуін, осындай үнемдеудің есебінен өнімнің және пайданың өсімін аныктауға мүмкіндік беретін өндірістің экономикалық тиімділігінің қорытынды көрсеткіштер тобьін негіздеп алу керек.

Әр түрлі нүсқалардың экономикалық тиімділігі мен жалпы тиімділік туралы ең дұрыс түсінікті өнімнің белгілі түрінің шығаруына кеткен еңбек шығындары, яғни қүн бере алады.

Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау үшін әр түрлі құндық көрсеткіштер қолданылады. Олардың жиынтығы шығындар шамасымен қатар мүмкін болатын нәтижені көрсетеді.

Өндірістік үдеріске қатысудың сипаты мен өтеу көздері бойынша барлық шығындар ағымдағы және бір мезгілді болып бөлінеді.

Ағымдағы шығындар өз қозғалысын әрбір өндірістік циклден бастап, сол циклде аяқтайды, тұракты түрде қайта жаңарып тұрады және өндіріс шығындарын құрайды (өзіндік қүн) . Олар шикізатқа, материалдарға, отынға, әлектр энергиясына, жұмыскерлердің еңбекақысына, негізгі қорлардың амортизациясына кеткен шығындарды қамтиды және тұтынылған ресурстар түрінен тұрады.

Ағымдағы шығындармен салыстырғанда бір мезгілді шығындар әрқашан негізгі және айналмалы қорларды толықтыру үшін сатып алынатын және күрделі салымдар түрінде алдын ала қолданылған ресурстар түрінде болады. Бір мезгілді шығындар негізгі қорларды іске қосудан көп бұрын жүмсалады, үзақ уақыт мерзімге каржылық айналымынан алынып тасталынады және осы уақыт кезінде накты нәтиже бермейді. Оларға кіретіндер: пайдаланылып жатқан еңбек қүралдары түріндегі негізгі өндірістік қорлар, кәсіпорын қоймаларындағы өндірістік қорлар түріндегі айналмалы қорлар, материалдық резервтер және құрылыста келешекте керек болатын материалдар жатады. Демек, өндіріс тиімділігінің өсуіне ағымдағы шығындарды (түтынылып жатқан ресурстарды) үнемдеу есебінен басқа қызмет істеп жатқан капиталды және капиталға (қолданылған ресурстар) жүмсалған жаңа салымдарды неғұрлым жақсы пайдалану арқылы қол да жеткізуге болады.

Жүмсалған капиталдан ең көп пайда алу кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму болашаган қамтамасыз ететін нарыктық іс-әрекетінің маңызды экономикалық нәтижесі болып табылады. Пайда мен бір мезгілді шығындардың арақатынасы өндірістің тиімділігін шын мәнінде арттырудың бастапқы негізі болып табылады. Бірақ нарық заңдарына сәйкес өндіріс тиімділігін еңбек өнімділігімен бірдей деп қарастыруға болмайды.

Ақырында экономикалық тиімділігін еңбек өнімділігінің өсу арқасында көруге болады. Демек, еңбек өнімділігінің деңгейі өндірістің экономикалық тиімділігінің өлшемі болып табылады. Еңбек өнімділігі жоғары болған сайын өндіріс шығындары темен, ал еңбек шығындарының экономикалық тиімділігі жоғары болады[8-11] .

Еңбек өнімділігі - нақты еңбек шығындарының көрсеткіші. Оны өндірілген өнім көлемін өнерәсіптік-өндірістік персонаддың бір жұмыскеріне (бір жүмысшыға емес) бөлу ар-қылы аныкталады. Экономикалық тиімділікті күндік немесе айлық еңбек өнімділігі емес, сағаттық еңбек өнімділігі арқылы сипаттаған дұрыс, себебі еңбек уакытының пайдаланылуына себептердің әсері әр түрлі болғандықтан, бүл уақытта оны дәлірек анықтауға мүмкіндік туады. Өнімді бағалаған кезде пайда болатын еңбек өнімділік деңгейінің кателіктерін болдырмау үшін өнімді табиғи немесе шартты-еңбектік көрсеткіштермен өлшеген дұрыс.

Материалдық өндірістің накты салаларында еңбек өнімділігі тауарлық өнімнің көлемі бойынша есептелінеді. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қарқындарын салыстыру кезінде көрсеткіштердің салыстырмалы болуын камтамасыз ету қажет. Бүл жағдайда үлттық табысты салыстырмалы бағалармен өлшеген дұрыс.

Қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі қоғамдық өндірістің алдыңғы кезендерінде жұмсалған еңбек шығыны және ши-кізатта, материалдарда, отында, әнергияда, еңбек құралдарында затқа айналған еңбектің экономикалық тиімділігінің қорытынды өлшемі болып табылады.

Өнімнің еңбек сыйымдылығы - нақты еңбек өнімділігінің көрсеткішіне кері шама, ол материалдық өндіріс саласында шығындалған еңбек шығынының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы арқылы аныкталады:

ЕС = Е / Q, (2)

мұнда: ЕС - өнімнің еңбек сыйымдылығы;

Е - материалдық өндіріс саласында шығындалған еңбектің шамасы;

Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі (әдетте жалпы өнімнің) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Агробизнес кешенінің экономикасы мемлекеттік реттеу объектісі ретінде
Қызылорда облысы Сырдария ауданында күріш шаруашылығының дамуына экономикалық-географиялық талдау
Қазір нағыз кооперацияға бірігуге қолайлы кезең
Сырдария өзенінің төменгі жағындағы суармалы жерлер және оларды күріш суару жүйелерінде пайдалану
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоспарлау
Арал экологиясының ахуалы
Сырдария өзені атырауының физикалық-географиялық жағдайын талдау арқылы iрi сауармалы егiншiлiк аймағының геоэкологиялық мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдары
Ауыл шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz