Тергеуші функцияларының ара қатынасы


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ . . . 6
1. 1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны . . . 6
1. 2 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұны . . . 13
1. 3 Тергеуші функцияларының ара қатынасы . . . 17
2 ТЕРГЕУШІНІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ . . . 20
2. 1 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыру . . . 20
2. 2 Істің мән-жайын зерттеу . . . 24
2. 3 Қылмыс жасады деп айыптау . . . 29
2. 4 Негізсіз айыптаудан оқшаулау . . . 35
2. 5 Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету . . . 37
2. 6 Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану . . . 43
2. 7 Айыпталушыны іздестіру . . . 47
2. 8 Қылмыстық істі шешу . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Диплом жұмысының өзектілігі. Қылмыстылықпен күрестің нәтижесі, шын мәнінде, әрбір қылмыстың тез және толық ашылуымен, оны жасаған барлық адамдардың әшкереленуімен және сотқа тартылуымен айқындалады. Тергеушілердің әрбір қылмыстық істің дәлелденуіне кіретін мәселелерді дұрыс шешуі көп жағдайларда заңдылықты және соттық үкімді алдын ала анықтайды. Сот қандай да бір процессуалдық заңдылыққа және тәуелсіздікке ие болғанмен де, ол оны қарау үшін прокурорға жіберетін, қылмыстық істің материалдарынан туындайтын өз бағасын айтады. Тек тергеуші ғана ең алдымен қылмыстың құрамын және оқиғасын анықтайды, қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаның кінәсін дәлелдейді, қылмыстың заңды бағасын, материалдық шығынның сомасын анықтайды және т. б.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер қосымша тергеу барысында қаралады.
Қылмысты тергеудің мемлекеттік-құқықтық функциясын жүзеге асырушы мемлекетттің органы тергеуші болып табылатынын атап өту керек. Тергеушілер осы функцияны жүзеге асыру үшін арнайы құрылған. Қылмысты ашу және тергеу, кінәлілерді табу, адамның адамшылық келбетін қалпына келтіру - тергеуші жұмысының мәні. Істің қалай аяқталуы, көп жағдайда, оның істі қаншалықты білетіндігі мен күш-қайратына, бірбеткейлігі мен ширақтығына, бастамасы мен ержүректілігіне байланысты.
Тергеушінің жоғарыда көрсетілген міндеттері жиынтық түрде оның қоғам өмірінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етудегі әлеуметтік-саяси рөлін айқындайды. Алайда, тергеушінің толыққанды рөлі мен оның қызметінің мәні ол жүзеге асыратын функцияларда, құқықтық қағидалар мен оның қызметінің шарттарында ашылады.
Қылмыстарды ашу ісі - шығармашылық, күрделі іс. Ол ғылыми ұсыныстарды, ғылыми-техникалық құралдарды, арнайы ілімдерді, көпшіліктің көмегін пайдалануды көздейді. Тергеуші анықтайтын ақиқат, көбінесе тіпті де мүмкін болмайды. Тергеу жұмысы өте жауапты, өйткені, тергеу сапасына адам тағдыры тәуелді. Тергеуші бәрін де тексеруі қажет: куәгерлердің айғақтарын, құжаттардың тұпнұсқалығын, ревизорлар шешімінің дұрыстығын, мамандар қорытындыларының негізділігін және т. б. Кінәліні әшкерелейтін дәлелдерді ашу. Алайда, тым шектен де шықпау керек: күдікшілдік тергеушіні адастырып, оның адамдармен қарым-қатынасын қиындатуы мүмкін, әрі-сәрі күйге түсіріп, батылсыздық сезімі билеуі мүмкін.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып тергеушіні сол бірі немесе өзге процессуалдық функциялармен жүктеудің орындылығын саралау, осы бағыттағы заңнаманы және доктриналдық ой-пікірлерді талдау және тергеушінің процессуалдық функциялары бойынша белгілі бір ұсыныстар әзірлеу табылды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді шешу белгіленді:
- Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орнын талдау,
- Тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлері мен мазмұнын талдау;
- Тергеуші функцияларының ара қатынасын талдау;
- Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарастыруды талдау;
- Істің мән-жайын зерттеуді талдау;
- Қылмыс жасады деп айыптауды саралау;
- Негізсіз айыптаудан оқшаулаудың мәнісі талдау;
- Қылмыспен келтірілген материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз етуді талдау;
- Қылмыстардың алдын алу және қылмыс жасауға итермелейтін жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдануды талдау;
- Айыпталушыны іздестіруді саралау;
- Қылмыстық істі шешуді таладу.
Дипломдық жұмыстың объектісі болып қазақстандық қылмыстық-процессуалдық заңнамадағы тергеушінің процессуалдық функцияларын айқындайтын нормалар жүйесі мен оларды қолдану тәжірибесі табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні - тергеушінің процессуалдық функцияларын айқындайтын құқықтық қатынастар мен нормалар.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы . Зерттеу барысында қалыптасқан ғылыми қорытындылар, авторлық идеялар мен ұсыныстар қылмыстық іс жүргізу құқығы, қылмыстық құқық салаларындағы мамандар тарапынан сұранысқа ие болады деп ойлаймыз. Сонымен қатар бұл зерттеу жұмысы аталған мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім беру процесінде пайдаланыла алады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу дәрежесі . Тергеушінің процессуалдық функцияларының жекелеген мәселелері туралы отандық авторлардың ғылыми еңбектері бар.
Атап айтқанда, қазақстандық авторлардың ішінде А. Н. Ағыбаевтың, Е. О. Алаухановтың, Т. Айтмухамбетовтың, Н. Ережеповтың, К. Балтабаевтың, М. Қоғамовтың, Е. Тұрашевтің, Ш. Шариповтың, С. Шокатаевтың және т. б. еңбектері бар. Сонымен қатар, тергеу органдарында тәжірибе жүзінде қызмет ететін мамандардың тергеушінің процессуалдық функцияларының түрлі мәселелеріне арналған ғылыми-ақпараттық мақалалары мерзімді басылымдар мен ғылыми журналдарда жиі жарық көретінін атап өткен жөн. Дей тұрғанмен тергеу органары меен тергеушінің қылмыстық қудалауды жүзеге асыру қызметі әр уақытта ғылыми тұрғыдан зерттеу мен саралауды қажет ететіндігін атап өту маңызды. Өйткені тәжірибе жүзінде олардың қызметін құқықтық реттеу мен олардың құқықтық мәртебесін анықтауға қатысты түрлі сұрақтар туындап жатады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін диплом жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келетін ғылыми әдістер кешені құрайды. Зерттеудің әдістемелік негізін бүгінгі таңда оларсыз құқықтық зерттеулер жүргізу мүмкін болмайтын бірқатар ұстанымдар анықтады. Жұмыстың әдістемелік негізі жалпы алғанда жүйелі, салыстырмалы және тарихи талдауға сүйенген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны оның мақсат-міндеттерімен анықталған. Жұмыс кіріспеден, глоссарий, реферет, негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ
1. 1 Тергеушінің процессуалдық функцияларының түсінігі мен олардың тергеуші қызметіндегі орны
Тергеушінің қызметі мен рөлі, оның қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымына еніп, оның барлық құрамдас бөліктерін жеке-жеке және өзара органикалық біртұтастықта қарастырған кезде ғана толығымен ашылады, талданады және дұрыс түсіндіріле алады.
Мұндай көзқарас, егер ғылыми құрал ретінде процессуалдық функцияларды нақтылы бағыт ретінде, қылмыстық-процессуалдық қызметтің дара тұсының ерекше үлгісі ретінде пайдаланса ғана әбден мүмкін және шынайы бола алады.
Мемлекеттің міндеті - өз халқының мүддесін қорғау. Мемлекеттің әр түрлі бағыттағы мәселеллерін зерттеу кезінде осы тезисті негізге алу керек. Осы бағыттардың ішінде мемлекетке аса қауіп келтіретін қылмыстарды және қүқық бұзушылықты зерттеу және ашумен айналысатын мемлекеттің өкілетті органдарының және лауазым иелерінің алатын орны ерекше.
Қылмыспен күрес жүргізуді мемлекеттің арнайы органдары - сот, прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы, Ұлттық қауіпсздік комитеті жүзеге асырады. Соңғы үш ведомствоның құрамында тергеу аппараты іс-әрекет жасайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8- бабында қылмыстық іс жүргізудің міндеттері айқындалады, яғни қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолану.
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Егер ішкі істер органдарының тергеушілері басым көпшілік қылмыстар бойынша алдын ала тергеуді жүргізетін орган болса, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің (қаржы полициясының) қылмыстық ізге түсу функциясын орындау жұмысы 1998 жылдың басынан басталды. Қаржы полициясы 50-ден астам салыққа байланысты қылмыс құрамдарын тергеуде.
Алдын ала тергеу өндірісі бойынша тергеушінің іс жүргізу құзіреті заңмен көрсетілген міндеттерді қамтамасыз ету үшін оның өкілеттігін және алдын ала тергеу әрекеттерін жүргізуде өз бетімен дербестігін арттырады.
ҚР ҚІЖК-нің 64-бабына сәйкес, тергеуші өз құзыреті шеңберінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамы. Қылмыстық процесте тергеуші бір-ақ функция атқарады. Ол функция - қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу. Осыған сәйкес тергеушінің негізгі міндеті - қылмысты тез арада және толық ашу, қылмыс жзасаған адамды тиісті жауапкершілікке тартып, оның сотқа берілуін қамтамасыз ету болып табылды.
Қылмысты ашу, қылмысты жасаған айыптыларды әшкерелеу, істердің көпшілігінде арнайы құралдар мен әдістерді қолданатын ұзақ күрделі жұмыстарды қажет етеді. Қылмыс жасаған айыптыларды әшкерелеу, қылмысты тез арада және толық ашу мақсатында алдын ала тергеу органдары құрылып, өз әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл органдар қылмыстың барлық жасау жолдарын және қылмыстың оқиғасын анықтауға, қылмысты жасауда айыпты адамдарды анықтауға және оларды жазалауға, сонымен қатар айыптының жауапкершілігін ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды бекітеді; қылмыс нәтижесінде келтірілген материалдық зиян мөлшерін және материалдық зиянды өндіру үшін қолданатын шараларды бекітеді; қылмысты жасауға итермелеген себептерді анықтайды. Барлық дәлелдерді тауып, оларды процессуалды түрде бекітеді.
Тергеушілердің барлығының (ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының және қаржы полициясы органдарының) өкілеттіктері бірдей болып табылады. Ол өкілеттіктерінің ішінде тергеушінің процессуальдық дербестігі бар екендігін және оның маңызын атап айту қажет.
Тергеушінің процессуалдық дербестігі - оның тергеудің бағыты мен тергеу әрекеттерін жүргізу жөнінде шешімдердің барлығын өзі дербес қабылдайтындығын және іс бойынша жүргізілетін процессуалдық әрекеттердің заңды, әрі уақытында орындалуы үшін толық жауапты болатындығын білдіреді.
Заңда көрсетілген кейбір жағдайларда ғана тергеуші прокурордың санкциясын немесе соттың шешімін алуы тиіс (мысалы, тінту жүргізу үшін прокурордың санкциясын алу қажет (ҚР ҚІЖК-нің 232-бабының 1-бөлімі), қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамды мәжбүрлі түрде сот-психиатрлық сараптамасын жүгізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру үшін соттың шешімі қажет(ҚР ҚІЖК-нің 14-бабының 2-бөлімі) .
Прокурор немесе тергеу бөлімінің бастығы тергеу жүргізудің барысында қандай шешімдер қабылдау және қандай процессуальдық шаралар қолдану қажеттігі жөнінде тергеушіге шектеу қоя алмайды. Сондықтан да ҚР ҚІЖК-нің 63-бабының 3-бөлімінде былай деп көрсетілген: тергеу бөлімі бастығының қылмыстық іс бойынша нұсқауы тергеушінің дербестігін және оның құқықтарын шектей алмайды. ҚР ҚІЖК 64-бабының 5-бөліміне сәйкес, тергеушінің қызметіне заңсыз араласуға жол берілмейді, оның қызметіне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады. Тергеушінің процессуалдық дербестігін қорғауға бағытталған тағы бір мынадай ереже бар: тергеуші прокурордың қылмыстық іс бойынша нұсқауларымен келіспеген жағдайда ол жөнінде жоғарғы тұрған прокуррға шағымдануға құқылы (ҚР ҚІЖК-нің 64-бабының 6-бөлімі) .
Келесі маңызды мәселе - тергеушінің анықтау органдарымен қарым-қатынастарының процессуалдық тәртібінің заңмен реттелуі болып табылады. Тергеуші өзінің тергеуіндегі қылмыстық іс бойынша: анықтау органдарына орындауға міндетті іздестіру және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқауларын беруге және олардан тергеу әрекеттерін жүргізуге жәрдемдесуді талап етуге; сондай-ақ жедел-іздестіру шараларының материалдарын сұратып алуға, олармен танысуға және қажет болған жағдайларда ол материалдарды заңда белгіленген тәртіп бойынша іске қосуға құқылы.
Тергеушінің құқықтық жағдайына байланысты оның қызметіне биліктік бастама тән екендігін де айту қажет. Яғни, тергеушінің өзінің жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша заңға сәйкес шығарылған қаулыларын орындау басқа мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті болып табылады. Олай болмаса, тергеуші өзінің алдына қойылған міндеттерін, соның ішінде қылмыстарды тез арада және толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды тиісті жауапкершілікке тарту қызметін жүзеге асыра алмас еді.
Алдын ала тергеу жүргізген кезде тергеудің бағыты туралы және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімдерді тергеуші өз бетімен, дербес қабылдайды. Іс бойынша алдын ала тергеу кезінде жиналған, сотқа жіберілген материалдар басты сот талқылауының негізін құрайды. Жан-жақты, объективті, толық түрде жүргізілген алдын ала тергеу сотта іс қарау барысында заңды, негізделген, әділ үкім шығаруға жағдайлар туғызады. Егер тергеуші заңмен белгіленген алдын ала тергеу органдарының дәлелдемелерді жинау, бекіту, зерттеу тәсілдері мен құралдарын толығымен қоланбаса, істің мән-жайын бір жақты, үстірт зерттесе, бұл сотта іс жүргізуді қиындатып жіберуі мүмкін, кейде тіпті заңсыз үкімнің шығуына әкеліп соқтырады.
Тергеушіге тек жасалған қылмыстың бетін ашып, қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеп, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту ғана тапсырылып қоймай, сонымен қатар қылмыстың алдын алу, қоғамға қауіпті әрекеттерді болғызбау, заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтық сана сезімін тәрбиелеу тапсырылады.
Қылмыстық істер бойынша анықтау мен алдын ала тергеу жүргізуді арнаулы органдар жүзеге асырады және бұлардың қызметі сот пен прокуратурадан бөлінген. Алдын ала тергеу органдарының негізгі міндеті - қылмысқа қарсы күрес, қылмыстарды ашу мен алдын ала тергеу жүргізу. Мұндағы негізгі тұлға - тергеуші. Сондықтан тергеуші мәртебесін көтеру кезек күттірмейтін мәселе болып табылады.
Диплом жұмысымның арқауына негіз болатын мәселе қылмыстық іс жүргізу барысындағы тергеушінің өкілеттілігін жан-жақты талдау болып табылады. Осыған орай заң ғылымдарында кездесетін тергеушілердің процессуалдық функцияларына байланысты кейбір ой-пікірлердің, заңда туындайтын қайшылықтарына тұжырым жасау қарастырылады.
Қылмыстық процесстің теориясындағы мына тұжырымды қатып қалған деп айтуға болады: яғни, бұл бойынша қылмыстық-процессуаллдық қызметтің әрбір субъектісі нақтылы функцияларды жеткізуші, соның ішінде, тергеуші, прокурор сияқтылар қылмыстық процесстің негізін құрайды, оның құрылымын және құрылу принциптерін айқындайды.
Алайда, процессуалдық функциялар түсінігі және олардың түрлері туралы мәселе даулы деп айтуға болады. Кейбір ғалымдар қылмыстық сот ісін жүргізуде қылмыстық-процессуалдық қызметтегі қатысушылар (субъектілер) жүзеге асыратын қылмыстық-процессуалдық функциялардың болуын көрсетеді.
Басқалары, керісінше, қылмыстық процессте бір-бірінен оқшауланған қандай да бір процессуалдық функциялардың болуын жоққа шығарады, олардың пікірінше, қылмыстық-процессуалдық заңдылық қылмыстық-процессуалдық қызметті түрлі функцияларға қатаң межелей бөлу үшін негіз бола алмайды.
Дегенмен, қылмыстық-процессуалдық функциялар концепциясының жақтаушылары арасында да бірталай мәнді мәселелер бойынша, мәселен, нақ осы процессуалдық функциялардың түсінігі, олардың мәні, қылмыстық процесстегі саны туарлы көзқарас сәйкестігі жоқ. Тіпті, аттас функциялардың түсінігінің өзіне түрлі авторлар көбінесе әртүрлі мазмұн береді. Кейбір авторлар, қылмыстық-процессуалдық қызметтің алуан түрлі субъектілерімен тең жағдайда жүзеге асырылатын қылмыстық-процессуалдық функциялар жоқ, болуы да мүмкін емес дегенге саяды [1, 97 б. ] .
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында белгіленгендей, Қылмыстық процестiң мiндеттерi қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.
Сондай-ақ, қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуi тиiс.
Қылмыстық істің барлық қатысушыларының қызметі осы міндеттерге бағынған, бірақ жоғарыда аталған мақсаттардың нәтижесі әрбір қатысушылардың функцияларының нақты бөлінуінде ғана мүмкін бола алады, соның ішінде тергеушінің де.
Бұл үшін мемлекет тергеушінің құқықтық мәртебесін анықтап, оған нақтылы құқықтар берді және міндеттер жүктеді. Тергеушінің процессуалдық мәртебесін реттейтін нормаларды жетілдіру үшін, тергеуші немен шұғылдануы тиіс, сот ісін жүргізудегі мақсаттарға жетуде оған қандай рөл берілген, міне, осыларды нақты айқындау қажет.
Тергеуші функциясының заңмен нақты, дәл айқындалуы, әсіресе, заңға маңызды өзгерістер енген кезде, оның реформалануы мен жаңа қылмыстық - процессуалдық кодекс қабылдау кезінде қажет.
Өкінішке орай, қолданыстағы процессуалдық заң нормаларының талдауы көрсеткендей, заңдық тұрғыда тергеуші функияларының бәрі бірдей заңда тура белгіленбеген. Функцияларды айқындау, тергеушіге қандай да бір немесе басқа да функциялардың қатыстылығын, олардың түрлерін анықтау, сондай-ақ олардың заң нормаларында нақты бекітілуін, және осылар жайлы қандай көзқарастар бар - жоғарыды айтылғандардың барлығы осы жұмыстың өзектілігін айқындайды деп ойлаймыз.
Процесстің әрбір қатысушысы тек оның өзіне ғана тән қылмыстық-процессуалдық функцияны жүзеге асырады, және осыған сәйкес процессуалдық функия деп ең басты міндеті көрсетілетін және процесстің әрбір қатысушысының процессуалдық рөлі айқындалатын негізгі процессуалдық міндетті айтады.
Сонымен бірге, процесстің барлық қатысушыларының алдында тең дәрежеде тұрған негізгі процессуалдық міндеттердің ортақтығы бұл міндеттердің процесс кезінде түрліше, олардың әрқайсысының арнайы тәсілдермен, алуан түрлі процессуалдық формада орындалатынын жоққа шығармайды.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде қылмыстық-процессуалдық қызметтің дербес қатысушысы ретіндегі тергеушімен орындалатын процессуалдық функцияларға келетін болсақ, кейбіреулер тергеуші бір мезгілде үш функцияны атқарады деп санайды: айыптау, қорғау және істің шешілуі, - және де айыптау (қылмыстық қуғындау) мен қорғау функциясы тергеушіде процессте кінәлі пайда болғаннан кейін ғана көрінеді деп атап көрсетеді [2, 39 б. ] .
Осы сәтке дейінгі тергеушінің бүкіл қызметі - процессуалдық функциялары жіктелмеген тергеу қызметі, бастапқы тергеу, және де бұл қызмет қылмыстық қуғындауға қажетті дайындық түрінде болады, бірақ қылмыстық қуғындаудың нақ өзі емес. Осының нәтижесінде тергеушінің аса жауапты қызметі көбінесе бастапқы тергеу ісінен айып тағуға дейінге әжептәуір маңызды кезең бойы дербес және қандай да бір процессуалдық функциямен қамтылмаған күйінде қалады.
Дегенмен де, тергеуші жұмысының қылмысты ашуға, қылмыскерді табу мен әшкерелеуге бағытталған зор, тынымсыз, шешуші бөлігі процессуалдық функция теориясында өзінің тиісті көрінісін таппаған.
Қылмысты тергеудің мемлекеттік-құқықтық функциясын жүзеге асырушы мемлекетттің органы тергеуші болып табылатынын атап өту керек. Тергеушілер осы функцияны жүзеге асыру үшін арнайы құрылған. Қылмысты ашу және тергеу, кінәлілерді табу, адамның адамшылық келбетін қалпына келтіру - тергеуші жұмысының мәні. Істің қалай аяқталуы, көп жағдайда, оның істі қаншалықты білетіндігі мен күш-қайратына, бірбеткейлігі мен ширақтығына, бастамасы мен ержүректілігіне байланысты.
Кейбір авторлар тергеушіде бір ғана процессуалдық функция бар, ол - істің жан-жақты, толық және шынайы зерттелуі. Мұндай пікірмен де келісуге болмайды, істі зерттеу тергеушіге ғана тән функция емес; қылмыстық іс бойынша сот та, прокурор да, тергеуші мен тергеу жүргізу ұйымдары бірдей дәрежеде қолданатын ақиқатты орнықтырудың процессуалдық тәсілі.
Сондай-ақ, тергеушілерге бес функцияны бөліп берген авторлар пікірі де бар, соның ішінде жұртшылықты қылмыспен күреске тарту және тәрбиелеу функциясы сияқтылар.
Кейбір авторлар тергеуші қызметіндегі негізгі бір ғана функцияны -тексеру функциясының жүзеге асуын ғана қарастырады.
Бұл пікірді жақтаушылар тергеушінің қылмыстық істі тергеу ісі бойынша процессуалдық қызметінің біртұтас сипаты мен мәнін негізінен іс жүргізудің басқа қатысушыларына тән бірқатар дара функцияларға жіктеу жасанды болып табылады деп есептейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz