Студенттердің білімдермен алмасуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 Жоғары оқу орнында оқыту барысында - коучингтік технологияларды қолдану аспектісін теориялық тұрғыдан талдау5
1. 1 Болашақ психолог мамандарды даярлауда жаңа оқыту технологияларының психологиялық аспектілері5
1. 2 Жоғарғы оқу орнында оқыту барысында коучинг элементтерін қолдану психотехникалық тиімді құралы ретінде16
1. 3 Оқыту барысында коучинг элементтерін қолдану мәселелері30
2. Оқытудың интерактивті әдісі - коучингтің психолог мамандарды даярлауда тиімділігін эксперименттік зерттеу38
2. 1 Эксперименттік зерттеу жұмысының жұмыстың барысы38
2. 2 Эксперименттік зерттеу жұмысының нәтижелерін талдау40
ҚОРЫТЫНДЫ59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ61
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еліміздегі Жоғарғы оқу орнында студент - жастардың оқу білім процесін арттыру қазіргі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің оқу білім сапасын арттыру бүгінгі күннің елеулі мәселелерінің бірі. Елбасының халыққа арнаған жолдауында да еліміздің оқу-білім сапасын арттырмайынша біз ауқымды экономика құра алмаймыз деп айта кеткен. Сол себепті де қазіргі таңда оқытудың жаңа технологияларына сүйене келе осында өзекті тақырыпты сөз етеміз.
Біздер болашақ психологтар ретінде біздің мамандығымыздың аса қажетті, адам жанын емдеудегі бірден бір басты құрал екендігін баршаға мойындатқымыз келеді.
Қазіргі таңда жоғарғы оқу орнында мұғалімнің студенттерге дәріс беруінде Коучинг әдісінің алатын орны орасан. Оқу білім процесін тиімді етудегі қайнар көздердің бірі ретінде коучинг әдісін психология сабақтарында қолдану үлкен нәтижеге жетіп отыр. Қазіргі таңда экономикалық жаңарулар мен жаһандану процестері психология ғылымынан тыс қалып отырған жоқ. Білім беруде тәжірибелік біліктілікпен жастарды қаруландыруда инновациялық оқыту дәстүрлерінің алатын орны орасан. Оқу білім процесін тиімді етудегі қайнар көздердің бірі ретінде коучингтің негізгі элементтерін психология сабақтарында қолдану үлкен нәтижеге жетіп отыр. Осы тұрғыда студенттерге қатысты қолданып, сабақ барысында бірлескен іс-әрекет жеке интерактивті әдістер арқылы белгілі бір мәселені қарастыратын болсақ, студенттің тақырыпқа деген стимулын арттыру мақсатына жетеміз.
Кәсіби құзіреттілік, жеке сапалары ол психологтың имиджінің негізгісі болып табылады. Н. А. Аминов және М. В. Молокановтың көрсеткіштері бойынша психолог - практик үшін ең қажеттісі болып : қарым - қатынасқа дайындық, жалпы білімділігі, қарым - қатынаста демеу бере алу қабілеттілігі, эмоционалды әсері, эмпатия т. б сол сияқты қасиеттерге ие болуы қажет.
Психологияның кез-келген сабағында интерактивті әдістерді қолдану үлкен қызығушылық пен қолдау тудыруда.
Зерттеу мәселесі: С туденттер сабақ барысында барлық мүмкіндіктері мен негізгі қиындықтарын анықтау барысында, студенттердің білім алу кезіндегі жетістікке жету процесінде қолдану. Сонымен қатар студенттердің жеке тұлға ретінде өмірден алатын орнын анықтау қажеттілігі.
Зерттеудің мақсаты: Коучинг элементтерін қолдану, оқытудың интерактивті технологиясы ретінде тиімділігін қарастыру.
Зерттеу нысаны: Коучинг элементтері оқыту психотехнологиясы ретінде.
Зерттеу пәні: Жоғарғы оқу орны барысында интерактивті оқыту технологиясының психологиялық аспектілері.
Зерттеу болжамы: Оқыту процесін арттыруда коучинг әдісін қолдану тиімді; Сабақ барысында теориялық білімді практикалық тұрғыда дамытуға коучинг әдісін қолдану тиімді;
Негізгі міндеттері:
- Жоғары оқу орнында оқыту барысында коучингтік технологияларды қолдану аспектісін теориялық тұрғыдан талдау;
- Коучинг - тренинг студенттердің мүмкіндік ресурстарын дамытудың қазіргі психотехникалық тиімді құралы ретінде мәселерді теориялық және практикалық тұрғыда қарастыру;
- Оқытудың интерактивті әдісі - коучингтің психолог мамандарды даярлауда тиімділігіне эксперименталдық зерттеу жүргізу;
- Зертеуден алынған алғашқы эмперикалық мәліметтердің нәтижелерін сандық және сапалық талдау, өңдеу, интерпретатциялау, қортындылау;
Зерттеу жұмысының теориялық - әдіснамалық маңыздылығы ретінде К. Рудестамның топтық психотерапия теорияларын, А. Маслоудың іс-әрекет теориясын ұстандық. Коучингтің пайда болуы мен дамуы әртүрлі ұғымдармен түсіндіріледі: Психотерапиядағы гуманистік бағытпен қатар, Дэниел Гоулменнің жұмысы көбіне жеке тұлғаның эмоционалдық қалыптарымен; Сократтың диалогтық әдісімен; білікті спорт тренерлердің әдістерінің теориялық-әдіснамалық негіздері басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістері:
- Жетістікке жету мотивациясын анықтау тесті;
- Коучинг және интерактивті әдістерді қолдану тиімділігін анықтау барысында арнайы құрастырылған сауалнама.
Зерттеудің практикалық базасы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Психология - Педагогика факультетінің 3 және 4 курс студенттері алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысы студенттердің оқу-білім процесінде жаңа әдістерді қолданудағы біліктілігінің маңыздылығы. Коучинг әдісін қолдануда дәріс беру кезінде студенттердің сабаққа қатысу белсенділігінің артуы. С. И. Макшановтың психологиялық тренингте даму процесіне сүйендік. Ал білімге байланысты кейбір авторлар тәжірибе ретінде қарастырады. Кьелл Рудестам тренингтік форманы «оқыту тәжірибесінің ядросы; ал кей жағдайларда студенттің дәріс алу кезінде және оқуындағы өзгерістердің сәтті өзгерісі» деп қарастырады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: З ерттеу жұмысын оқыту тәрбие процесінде түрлі салаларда қолдану мүмкіндігін көруге болады. Сонымен студенттердің өзара мүмкіндіктерін коучинг арқылы анықтау үшін келесі бес негізгі элементтер арқылы анықтауға болады:Сабақта дәріс алу барысында пайда болатын сұрақтар; Студент пен мұғалім арасында пайда болатын кері байланыс; Студенттердің мұғалімге өз дәйектерін анық түрде көрсету мүмкіндіктері; Мұғалімнің ұсыныстарына өз пікірлерін білдіру;
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы 2 бөлімнен, кіріспеден, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан, кестелерден тұрады,
1 Жоғары оқу орнында оқыту барысында - коучингтік технологияларды қолдану аспектісін теориялық тұрғыдан талдау
1. 1 Болашақ психолог мамандарды даярлауда жаңа оқыту технологияларының психологиялық аспектілері
Қазіргі таңда студент жастардың бойына білім беруде тек құрғақ дәріспен немесе семинар сабақтары мен дәріс беру мүмкін емес. . Қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында студенттер бойына білім нәрін беру мақсатында оқудың интерактивті әдісін қолдану тиімді болып отыр. Ең негізгі инновациялық әдістер дәл осы интерактивті әдістерді қолдануымен байланысты. Осы кезде интерактивті термин оқу әр түрлі мазмұны болып қарастырылады. Осыған сәйкес түсінік 1990 жылдары пайда болған, яғни ол ең алғашқы веб-браузе түсінігімен және интернет ұғымдарының пайда болуымен түсіндіріледі. Көптеген мамандар бұл ұғымды интернет арқылы білім алу деп түсіндіреді. Бұл әдісті кең тұрғыда қарастыратын болсақ, ол біреумен диалог құру деп қарастыруға болады. Н. Суворова Интерактивті әдіс - ол жаңа әдіс. Интерактивті әдіс - ол ағылшын тілінен аударғанда «interact» («inter» - «жауапты», «act» - «әрекет») . Интерактивті оқыту ол таным әрекетінің арнайы ұйымдастырылған формасы болып саналады. Ол нақты және болжамды мақсаттарды көрсетіп береді. Осы мақсаттардың бірі оқудың комфортты шартын түзіп, осы сәтте студент немесе тыңдаушы оқу процесінің продуктивті болуына себеп болған - өзінің сәтті әрекетін, интеллектуалды деңгейін сезінеді.
Сабақ барысында оқытудың бірнеше оқу формасы бар:
1) Пассивті- оқушы оқуда «объект» рөлінде орын алады. (тыңдайды немесе көріп отырады) ;
2) Активті - оқушы «субъект» рөлінде болып, ол (өзіндік жұмыспен немесе
творчестволық) тапсырмалармен айналысады;
3) Интерактивті - өзара әрекет [1] .
Интерактивті әдістің негізгі мазмұны, оқу процесінде қатысушы студенттердің барлығы танымдылық танытып, олар өздерінің білгендері мен ойлайтындарын жаңғыртуға мүмкіндік алады.
Жүргізуші жаттықтырушы - мұғалім қосылған жаңа ақпаратты ескере отыра, студенттерді өз бетімен әрекет етуге үйретеді. Мұғалімнің белсенділігінің орнын студенттердің белсенділігі басып, оның принциптері студенттердің инициативасына шарт болып қалады. Мұғалім жаңа ақпаратты өз сараптауынан өткізіп, ақпарат берушінің оқу ақпаратын жұмысында қолданады. Интерактивті әдіс ең алдымен жоғарғы оқу орны студенттерге қолдану керек деп ұсынылған. Психология мамандығында оқитын студенттер тек творчестволық тұрғыда білім алуы мүмкін емес, себебі мамандықтың өзі тәжірибелік зерттеулерді талап етеді. Мысалы, дәріс беру барысында қолданылатын талқылау сұрақтары, студенттердің сауалнамалары, дөңгелек үстел, сонымен бірге мұғалімдердің талдаулары және т. б
Коучинг - бұл өзінің мақсаттары мен міндеттерінен тұратын арнайы әдіс. Коучинг терминнің пайда болуына келетін болсақ, бұл студенттің мақсатқа жетуіндегі және студенттердің белсенділігін арттыру үшін қолданылаты ең жаңа терминдерінің бірі болып саналады. Оқытушының дәріс беруі кезінде коучинг әдісі тиімді және интерактивті әдіс болып табылады.
Шет елдерде бұл әдісті тек оқыту процесінде емес, сонымен бірге бизнесте де үнемді етіп қолданады, тіпті кейбір тұлғалар өздеріне арнайы мамандық та алған. Оның негізгі технологиясы студенттердің жаңа белестерге жетіп, білікті маман болуына көмектеседі.
Павел Безручко пікірінше, «Коучингтің бір ерекшелігі ол белгісіз бір қиындық жағдайдан шығуда өзі шешім қабылдауына көмектеседі. Кейіннен ол сол арқылы өзге адамдарға өз үлесін қосады».
Tim Gallwe көзқарасы бойынша, «Коучинг әдісі - ол әр студенттің өз мүмкіндіктері мен білім деңгейін сараптауына, бағалауына өз әсерін тигізеді».
Коучинг әдісінің алғашқы негізін қалағандардың бірі Джон Уитмор пікірінше, студенттер өткенде алған білімдерін болашақпен байланыстырып үйлестіреді.
The Wall Street Journal бұл журналдағы мақалада коучинг әдісіне "Коучинг студенттердің шешім қабылдауда тиімдірек, әрі нақты қабылдауын талап етеді", - деп түсінік береді,
"Dragon Pathways"атты тренерлер тобында да келесідей түсінік береді: "Коучинг -студенттердің маманын білікті, әрі қолжетерліктей жетік білуі үшін қолданылады".
Қазіргі таңда коучинг термині тиімді, әрі жаңа термин болып табылады. Дегенмен де, көптеген адамдар коучинг терминін жай ғана психотерапия немесе тренингтік жаттығулар деп санайды, алайда ол әдіс оқыту процесінде қолданатын тиімді, әрі қолжетерлік әдістердің негізгілері болып есептелінеді.
Коучингтің негізгі белгілері:
"Сoaching"(Коучинг) - жаттықтыру, дем беру, машықтандыру деген мағынада қарастырылады. (Қысқартылған түрдегі оксфордтық сөздік) .
"Coaching" - Студенттерді жарыстарға немесе емтиханға даярлау, жаттықтыру (В. К Мюллердің ағылышын-орысша сөздігінен. ) [2] .
Коучинг - Студенттердің белгісіз білімді шешуде ізденуіне өзіндік көмегін тигізеді.
Коучинг - ол студентке тиімді көмек беріп, өмірлік әрекеттерін орындауда әсерін тигізетін жағымды әрекет.
Коучинг - болашақ психолог мамандарының көзқарасы бойынша ол клиентке жетістікке жетудегі мақсаттарын шешуіне өзіндік ықпалын тигізуші әдіс.
Коучинг - ол студенттердің топ арасындағы қарым-қатынасын зерттеуге әсер етуші, өзінің жеке өміріне көмегін тигізуші әдіс. Коучинг әдісі адам өміріндегі барлық келеңсіз жағдайларды шешуге әсерін тигізеді, мысалы: білім алуда, отбасында, қиындық ситуацияларда және т. б.
Коучинг оқу процесінде ол студенттердің бір - бірімен араласу барысында білім деңгейін жақсартуға, ақпарат алмасуға ықпалын тигізеді.
Студенттердің топ ішіндегі мәселелерімен жеке мәселелері де сәйкестене бастайды. Коучингті ХХ шы ғасырдың негізгі мамандығы деп санауға әбден болады. Ол бірнеше бағыт бойынша дамиды: жеке коучинг, кәсіби коучинг, бизнес - коучинг және т. б.
Оқытудың мақсаттары:
Оқыту - бұл студенттердің білім мен қабілеттіліктерін арттыру мақсатында қолданылады. Қабілеттіліктер астарында студенттердің тек психологиялық емес, сонымен бірге физикалық жақтары да көрінеді. Студенттердің сабаққа деген бағыттылықтарының белсенділігі нәтиже береді.
Студенттердің сабақ оқуындағы мақсаттары келесі негіздер бойынша ерекшеленеді
- Студенттердің ұйымдасуы мен бағыттылығы;
- Студенттердің мәселені шешу қабілеттіліктері;
- Студенттердің қабілеттіліктері;
- Студенттердің ізденуі;
- Студенттердің ақпаратты жылдам қабылдауы;
- Бейімделуі;
- Жаңа ақпараттарды бұрынғымен байланыстыра алу мүмкіндіктері.
Бартц және Шайбл үздіксіз білім алудың келесі жақтарын көрсетіп береді:
- Студенттердің жаңа ақпараттарды ұстанып, өзара алмасуы;
- Студенттердің кәсіптік біліктерін сабақтан тыс қолдана алуы;
- Студенттердің өмірге қажетті білімдерін меңгеруі;
- Студенттердің оқу-білім барысында жаңа ақпараттармен жабдықталуы.
Оқыту, студенттердің білім алуы ол мұғалімнің берген дәрістерінің нәтижелігінен байқалады.
Студенттердің білімдерінің нәтижесі :
- Білімінің артуы;
- Студенттердің білімдермен алмасуы ;
- Студенттердің өзіндік ізденістерінің артуы;
- Студенттердің білімдерінің артуы мен жаңа ақпараттарды жетік меңгеруі;
- Сабаққа деген пассивтіліктің күрт төмендеуі
Болашақ психолог мамандарды даярлауда коучинг элементтерін қолдану аспектілері. Психолог әрбір студенттің немесе адамның жеке адам екенін, оның өзіндік жеке ерекшеліктері, қабілетті мінез - құлық ерекшеліктері бар екенін ескере отырып, студенттің барлық көрсеткіштік мүмкіндігін дамыту керек. Психолог жалпылап, жүйелі түрде жауап ала алатындай етіп, сұрақ қояды. Ал кеңесші жауапкершілігін сезіне отырып жауап беруі керек. Психолог жеке адамдардың барлық кешендік негіздеріне сүйене отырып қорытынды жасайды.
ХХI ғасыр психологтар ғасыры деп аталғандықтан, психолог маманы жан - жақты адам баласына жоғарғы дәрежеде көмек бере алатын, бәсекеге қабілетті жан. Рухани байлығы мол ішкі сезім эмоциясы жоғары нағыз жан дауысын емдей білетін тұлға. Жалпы адам баласының барлық қажеттілігін қанағаттандыра алатын жоғарғы дәрежелі маман иесі болып табылады.
Л. К. Көмекбаева, З. Б. Мадалиева «Білім жүйесі мекемелеріндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру» атты еңбектерінде жарияланған кәсіптік психограмманы да, осы коучинг әдісіне психологтарға тиімді интерактивті оқыту барысына ұсынуға болады:
Кәсіптік психограмма
- Тұлғалық ерекшеліктер, кәсіптік білу.
- Өзгелердің жағдайын түсінуге тырысу, назар аудару.
- Қарым - қатынасқа бейімділігі, жылышырайлығы.
- Жетекші болуға қабілеттілігі.
- Жарқын жүзділігі.
- Шыдамдылығы, төзімділігі.
- Үлкен жауапкершілікті сезінуі.
- Әртүрлі жұмыстарды толық орындау қабілеттілігі.
- Еңбек іс-әрекетіне ынтасы.
- Әрекеттегі ұқыптылығы.
- Жаңа идеяларды тез игеруі, пікірдің өз еркіндігі.
- Өз ойын еркін айтуға қабілеттілігі.
- Есте сақтауы [3] .
В. Н. Карандашевтың пікірі бойынша маман компетенттілігі ол студенттің кәсіби біліммен, қабілеттіліктермен, ғылымдармен біліктілігінің болуы деп қарастырады.
Кәсіби білім ол тек психолог маманына ғана емес, сонымен бірге басқа ғылым саласына да сәйкес келеді.
Кәсіби біліктілік практик психологтың сәттілігін көздейді, оның психологиялық білімдерін практика жүзінде қолдана алуы болып табылады.
Кәсіби ғылымдылықтары осы білім нәтижесінде психолог өзіне сенімді, әрі жеңіл жұмыс істей алуына мүмкіндік болады [4] .
Қазіргі таңда болашақ психолог мамандарды даярлауда факультетте студенттерді белсенді әрі, жан-жақты даярлау қажет. Студенттер сабақ барысында әр түрлі практикадан өтеді. Төменгі курстарда - оқу (танысу) практиакасы, жоғарғы курстарда дипломға дейінгі практикалардан өтеді. Маман даярлауда әр практика өзіндік орнына ие болады. Қазіргі таңда психолог маманын даярлауда қажет етілетіндердің бірі -ол әлеуметтік өзгерістерге бейімді және жаңа шарттарда кәсіби мәселелерді шешуге дайын болуға тәрбиелеу. Сол себепті де психолог маманының негізгі сәттілігі болып оның жеке сапалары жатады. Кәсіби компетенттілік, жеке сапалары ол психологтың имиджінің негізгісі болып табылады.
Н. А. Аминов және М. В. Молокановтың көрсеткіштері бойынша психолог - практик үшін ең қажеттісі болып: қарым - қатынасқа дайындық, жалпы білімділігі, қарым - қатынаста демеу бере алу қабілеттілігі, эмоционалды әсері, эмпатия т. б сол сияқты қасиеттерге ие болуы қажет.
Біздің көзқарасымыз бойынша практик - психолог келесі қасиеттерге ие болуы шарт. Олар: өзге адамдарды түсіну қабілеттіліктері, оларға психологиялық тұрғыдан әсерін тигізу. Психологтың комуникативті жағына оның : сыпайылығы, тыңдай алу қабілеттілігі, өзге адамды түсіну қабілеттілігі. Психологиялық тілмен бұл ұғым қарым - қатынас қабілеттілігі деп танылады. Ол өзінше бес блоктан құрылады:
- Объектіні дұрыс, әрі толығымен қабылдау қабілеттілігі, ситуацияда жедел реакциясының болуы.
- Объектінің ішкі жан толғанысын сезіне алу қабілеттілігі, ең бастысы гуманисттік бағытты ұстану.
- Адам қиындығына байланысты ол адамға өз көмегін көрсету, сыйластығын таныту болып табылады.
- Өзіндік талдау қабілеттілігі, өзіне деген қызығушылықтың өзге адамдар көзқарастарымен болуы.
- Қарым - қатынас процесі кезінде өзімен басқара алуы, зейінді болу, тыңдай алу, сенімге кіре алу.
Сонымен болашақ маман даярлауда психологтың жеке қасиеттері мен маман компентенттілігіне аса назар аудару қажет.
Тренинг термині «қабылдау, үйрену, дайындық» ағылшын психофизиологы Р. Д. Кобсон жүйкелік-психикалық шешу үшін қолданылады деген мағынаны білдіреді. Топтық психологиялық тренингтер осы тұрғыда қолданылып, кең мағынада даму мақсатында, психикалық түзету және үйрену саласында қолданылады. [6] .
С. И. Макшановтың психологиялық тренингте даму процесіне сүйенетін болсақ, ол айқын өзгеріске түседі. Ал білімге байланысты кейбір авторлар тәжірибе ретінде қарастырады. Кьелл Рудестам тренингтік форманы «оқыту тәжірибесінің ядросы; ал кей жағдайларда студенттің дәріс алу кезінде және оқуындағы өзгерістердің сәтті өзгерісі» деп қарастырады. Сонымен бірге тренинг процесі кезінде әртүрлі ғылымдарды қолдануына және сол жинағанын өмірде қолдануына болады. «Өмірлік тәжірибе» түсінігін ең кең мағынада қарастыруға болады. Біздің әрқайсысымыз өз тәжірибемізді жинаймыз. Студенттің білім алуда өзгелерге деген қатынасы, көзқарасы, қылған әрекеті өмірлік тәжірибесіне байланысты болады. К. Левин мен Бетел студенттермен жүргізілген топта қарым-қатынаста компетенттілікті арттыру мақсатында қолданылған тренингтік жаттығулар Т-Топ атағына ие болады. Сабақ барысында көптеген студенттер тек сабаққа қатысушы ретінде деп өзін бағаласа, олардың айтқан ақпараттарын өзгелер қаншалықты қабылдайды және олардың орны қандай болатынын байқау қажет. К. Левин адам бойындағы өзгерістер көбінесе эффективті өзгерістер топтық қарым - қатынастар барысында жүретіндігін анықтаған, яғни әр адам өзін оны өзгелер көретіндей етіп қарастыруы қажет деп қарастырған. 1960 жылдары гуманисттік психология саласы бойынша К. Роджерс тренингтік ағымына тоқталушылар оны әлеуметтік тренингтер және өмірлік тәжірибеге сәйкес болашақ мамандарды даярлауда үнемді қолданған. Бірінші жүйе жеті өмірлік категорияға негізделеді: мәселені шешу, қарым - қатынас, тұрақтылық, өзіне деген сенімділік ойлаудағы талқылаушылық, Мен-тұжырымдамасындағы өзін-өзі басқару қабілеттілігі.
Тренингті жүргізудің келесі нұсқаулары:
Өзіндік даму топтары.
Студенттер топтағы өзге студенттердің пікірін тыңдап, өздері келешекке жоспар құруға кіріседі .
Іс-әрекет арқылы оқыту.
Топтың әрбір мүшесі өзінің жеке басының мәселесін шешеді. Бірақ шешу барысында өзге қатысушылардан кеңес сұрап, ақыл бөліседі.
Арнайы дағдылар.
- Индивидумның жалпы дамуы;
- Өзара тұлға аралық қатынастың зерттелуі және құрылуы;
- Ұжым әрекетінің оптимизация жолымен еңбек қатынастарының жақсаруы.
Тренингтік топ қатысушылардың ойлағандай өзгерістері мен тәсілдері болып табылады.
Топтағы қатысушылардың өзгерістері келесі факторларымен көрсетіледі:
- Топқа мүше болу. Топқа мүше болудың өзі тиімді түрде әсер етіп, өзгеріс тудыруы мүмкін. Топқа жақындау адам проблемасы аса күшті еместігі және өз проблемаларымен өзі жалғыз еместігін көрсетеді.
- Топтың эмоциялық көмегі. Топтың эмоциялық көмегі өзара қызығушылықты тудырады. Көмекті сезіну студент бойындағы ауыртпалықты түсіреді, сенімділікті тудырып, студентті белсендіреді.
- Топтың өзге қатысушыларына көмек. Өзгелерге көмек беру - өзінің қажеттігін сезінуге көмектеседі. Бұл фактор өзіне деген сенімділікті тудырып, өз проблемаларымен ат салыса алатынына көмектеседі.
- Эмоциялық әсер ету мүмкіндігі. Эмоциялық әсер ете алу ол өз ауыртпалығын шешуге көмектеседі. Эмоционалды көмек топтың өзара қатысушы студенттерінің проблемаларын ашуға сәйкес келеді.
- Кері байланыс. Бұл адамның өзіндік мен түзеуінің пайда болуына әсер етуші, сол жайлы топтан алған ақпаратты негізгі қажетті факторлардың бірі болып табылады. Кері байланыс ол вербальды немесе вербальды емес, жалпы және спецефикалық болуы мүмкін.
- Бақылау және ойластыру. Тіпті енжар бақылау соның ішінде белсенді қатысу топтағы жұмыс қатысушының өз тәжірибесін, қылығын өзінің эмоциялық әсер етуінде әртүрлі жағдайларды байқай алады.
Болашақ мамандарды даярлауда тренинг:
- Жетіспейтін білімдерді толықтыруда қолданылады;
- Студенттердің қателіктерін түзетуде;
- ЖОО-да алынған білімдерді бекіту.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz