Арам пиғылды қылмыстардың ішінде кең тарағаны ұрлықтар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Kіpіcпe . . . 3

I -ТАРАУ. Үй-жайға ұрлық жасау қылмыстарды тергеудің жалпы жағдайы.

1. 1. Үй-жайды ұрлау қылмыстарының түсінігі мен мәні . . . 5

1. 2. Үй-жай ұрлығының криминалистикалық сипаттамасы . . . 9

1. 3. Үй-жайды ұрлау қылмысын алдан-ала тергеуге дайындалу және оларды жүргізу . . . 18

ІІ -ТАРАУ. Үй-жайға ұрлық жасаудың криминалистикалық зерттеу әдістері мен тергеу тәсілдерінің ерекшеліктері.

2. 1. Пәтерді ұрлау қылмыстары бойынша оқиға болған жepдi қарау тәсілдері мен әдістері . . . 31

2. 2. Пәтерді ұрлау қылмысы бойынша бастапқы тергеулік әрекеттер . . . 48

2. 3. Пәтерді ұрлау қылмысы бойынша кейінгі тергеулік әрекеттер . . . 57

Қорытынды . . . 67

Қолданылған әдебиеттер тiзімi . . . 69

Кіріспе

Қазақстанда кең тараған қылмыстардың біріне бөтен адамның мүлкін жасырын ұрлау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіның 175-бабына сәйкес ұрлық қылмысы болып табылады. Соңғы жылдардың тәжірибедегі материалдарын қарап зерттеген кезде ұрлық қылмысының өсіп отырғандығы және оның ішінде бұл қылмысты топпен жасауының ұлғайғандығы байқалады. Сондықтан, осы тақырыпты зерттеу және жан-жақты қарастыру бастапқы мақсатқа қойылды.

Қылмыскерлердің көбici ұрлық объектісін таңдауда ол туралы ақпарат жинайды, бақылау жүргізеді, арнайы құралдар дайындайды, қылмыстың құрбанын таңдайды. Қылмыс жасау үшiн ыңғайлы уақытты белгілейді және қылмыстық топтардың конспиративтік дәрежеде жүргізуді жоспарлайды.

Қылмыстың өсу қарқыны мен ауқымы оны әлеуметтік реформаларды icкe асыруға бөгет болатын, азаматтардың өз өмірлері мен әл-ауқаттарына аландаушылығын туғызатын, өкімет пен басқару органдарына, жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа сенімді төмендететін басты факторлардың бipiнe айналдырды. Қылмыс құрылымы мен динамикасындағы кepi тенденциялар соңғы бip жарым жылда ерекше байқалды, өйткені оның жалпы деңгейінің өcyiнe тұрғындардың тұрмыс деңгейінің қатты төмендеуі және қоғамдық өмірдің барлық саласына қылмыстың дендеп eнyi ceптігін тигізген.

Жасалған қылмыстардың қатыгездігі күшеюде және олардың салдары да артуда, қылмыскерлердің әшкерлеуде өз өзін қорғау деңгейі өсуде, құқыққа қарсы жауапкершілікке тұрғындардың көп бөлігі тартылуда. Қaзipгi замаңғы қылмыстың жарқын бip тенденциясы ол қылмыстық құрылымдардың экономикада, саясатта, мемлекеттік билік және басқару жүйесінде беку талпынысы болып отыр. Халық шаруашылығы қызметінің пайдалы салаларымен ресурсқа бай территорияларды иелену үшін болатын қатты бәсеке кезінде қылмыстық орта ұйымдасады және қаруланады, өз қызметіне басқару аппаратын тартады және заң шығару, атқару органдарына енеді. Бұған едәуір дәрежеде капиталдың, қаржы және материалдық ресурстардың пайда болуы мен қозғалысына мемлекет және бүкіл қоғам тарапынан тиімді бақылаудың жоқтығы ceптігін тигізуде.

Азаматтардың көпшілік бөлігінің мемлекеттік мүлікті жекешелендіру үрдісінен тыс қалуынан және қылмыстанған нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық мінез кұлықтық амалдардың жоқтығынан тұрғындардың экономикалық құқык бұзушылықтармен қылмыстарға қатысты виктимділігі өcтi. Елдегі жүргізіліп отырған өзгерістердің әлеуметтік мәртебелерінің тез өзгepyі әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешудің қылмыстық күш қолдану әрекеттерінің кеңінен таралуына әкеліп отыр.

Осы жұмыстың мақсаты осы саладағы өте маңызды мәселелерді қойып, қарауға деген талпыныс. Теориялық білім мен құқықтық қолданушылық практикалық аралық ұстанымен бір ізділікпен жүзеге асыру, жасалатын ұрлықтардың сипаты мен құрылымы туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға, ашкөздік қылмыстың бүгінгі жағдайын талдауға, осы қылмысқа қарсы әрекеттердің формасын қалыптастыру мен жүзеге асыруға әсер ететін басты факторларды даралауға мүмкіндік береді.


1. Үй-жайға ұрлық жасау қылмыстары бойынша тергеу ерекшелігі.

1. 1. Үй-жайды ұрлау қылмыстарының түсінігі мен мәні

«Үй - жайға ену» сияқты біліктілік белгісінің және мұндай ұрлық үй - жайға ену арқылы жасалумен байланысты азаматтардың жеке мүліктерін ұрлаудың біліктілігің басқа мәселелерінің пайда болу тарихын қысқаша қарастырып өтуді жөн көріп отырмыз. Сондықтан, басқа заңнамасының дамуының оң тәжірбиесін пайдалана отыра заң шығарушы жоғарыда көрсетілген біліктілік белгісін басқаша мемлекеттердің қалыптастырады.

Біріншіден, «үй - жайға ену түciнiгi» заңнамада қолданылып жүрген (бұрынғы кеңестік республикалардың заңнамасымен салыстырғанда) «үй - жайға ену» түсінігімен салыстырғанда кең ұғымды білдіреді. Екіншіден, осы біліктілік белгісінің орны өте жақсы шешілген: ол өте қayiптi рецидивистпен бip нормаға бipiктipілмеген. ҚР ҚК 175 - бабының бipiншi тармағында ұрлық былай сипатталған: ұрлық бұл бөтен біреудің мүлкін жасырын ұрлау. Заң ұрлықты «жасырын ұрлау» деп анықтайды. Ұрлықтың қымкырудың басқа нысандарынан басты ерекшелігі мүлікті алу және иелену әдісінде. Бұл ұрлық туралы көпшілік кабылдаған анықтамаға дәлірек келетін жасырын әдіс ретінде сипатталады. «Ұрлау» eтicтiгi «жасырын», «тығылып» қимылдау дегенді білдіреді. Жасырын ұрлық мүлік тиесілі меншік иесінің келісімінсіз, одан тасалау арқылы мулікті иемдену болып табылады. Жай пәтер тонау немесе өндірістік ғимаратқа, кеңсеге, қоймаға заңға қарсы кipy соған мысал бола алады. Ұрлық иесінің көзінше де жасала береді, мысалы қалта тонау. Ұрлық жәбірленушіден оның дәрменсіздігін пайдалана отырып немесе ес - түссіз жатқандығын пайдалана отырып мүлкін иелену боп табылады1.

Ұрлық бөтен адамдардың көзінше де жасала береді, өйткені олар ұрының ic - әрекетінің заңсыздығын анғармауы да мүмкін. Ұры мүліктерге өзi ие екендігін көрсете білсе көпшілік сырт адамдар ешнәрсе сезбей қалады. Ұрлықты ашық түрде жасалатын тонаудан жекелеп алған дұрыс. Егер қылмыскер ұрлықты құпия жасадым деп қате есептесе, яғни он да қылмыс көпшіліктің көзінше жасалған, ал жәбірленуші бәpiн көрсе, онда жасалған әрекет оны пиғылына орай ұрлық, ретінде қабылдану керек. Ұрлық зорлықсыз жасалған қылмысқа жатады. Сондықтан оның әрекетін бақылау мүмкіндігінен күштеу арқылы айрылған (есінен танған, басқа бөлмеге камалған) тұлғаның мулкін иеленуді көрсетілген зорлықтың сипатына орай біліктеу (саралау) қажет2.

Енді қымқыраудың не екенін қарастырайық. Қымқыраудың астары ҚР ҚК-тің баптары бойынша бөтен біреудін мулкінің осы мулік иесіне зиян келтіріле отырыла құқыққа қарсы, қайтарымсыз ашкөздік мақсатпен алынуы түсіндіріледі. Алу дегеніміз меншік иесінің немесе басқа заңды иесінің мүлігін кінәлі тараптың ic жүзінде иеленуі. Бөтен мулікті өз кәдесіне жарату дегеніміз кінәлінің заңсыз алған мүліктерді иеленіп, жұмсау болып табылады3. Қымқыраудың ең маңызды екі белгісін қарастырайық - бұл заңға қарсылық пен қайтарымсыздық. Бөтен мүлікті алудың заңсыздығы мен өз пайдасына жаратуы, кінәлінің ол муліктерді иeciнiң немесе заңды қожайынының келісімінсіз ic жүзінде иемденуі.

Мүлікті қымқырған адам оны иемденсе де, пайдаланса да өз меншігіні сияқты бәpiбip заңдық тұрғыдан меншік иeci боп табыла алмайды. Қымқыру, меншік иесінің қымқырылған мүлікке деген құқығының жоғалғанын білдірмейді. Заңдылығы субъектімен дауға түciп жатқан мүлікті алу қымқырауды қалыптастырмайды. Мұндай іс - әрекеттер мысалы өз бетімен басқару сияқты басқа қылмыстар үшін жауапкершілікке тартқызуы мүмкін.

Бөтен мүлікті алудың қайтарымсыздығын егерде кінәлі оны тегін иеленсе орнына ештеңе бермесе (мысалы тауардың бағасын заңсыз төмендету) сонда байқауға болады. Бөтен мүлікті алудың қайтарымсыздығы меншік иесіне немесе муліктік зиянның басқа иесіне тиетіндей қоғамдық қayiптi салдардың пайда болғаның білдіреді. Әpi қарай ұрлық ұғымына кipeтiн «бөтен мүлік» сөз тipкeciн қарастырамыз. Қымқыруды жүзеге асырғанда бөтен мулікті иемдену оны меншік иесінен (немесе басқа біреудің күзетіндегі мүлік) алуды білдіреді. Егер мүлік белгілі бip себептермен меншік иeciнiң қарамағынан шығып қалса ондай затты иемдену қымқыру болып есептелмейді4. Тауып алғанды немесе кінәліде кездейсоқ болған мүлiктi иелену қылмыс ретінде қарастырылмайды. Meншiк иeciнiң қарамағындағы деп тек қана арнайы қозғалатын, жасырылған мүлік қана емес, оның шаруашылық аумағындағы уақытша қараусыз қалған мeншiк иесімен жоғалтылмаған мүлiк саналады.

Қымқыруды анықтаудағы басты түciнiктepдiң бipi мүлік анықтамасы. Меншікке қатысты қылмыстық мүліктік қылмыстар қатарына жатқызылуы тегіннен тегіс емес. Мүлік, қымқыру заты болып табылады, оны мүлiктiң қоғамдық қатынастар объектісінен айыра білген жөн. Қымқыру заты әркез материалдық әлeмнiң бөлшегі болып табылады, яғни заииық белгісіне ие. Бұл мәселе жөнінде идеялар, көзқарастар, адам зердесінің көpiнicтepi мүлiктiк қылмыстағыдай қышқыру заты болып табыла алмайды. Интеллектуалдық меншіктің қымқырылуы туралы бейнелік мағынада ғана, мысалы авторлық құқықтың бұзылуы сияқты айтуға болады5.

Электр немесе жылу энергиялары (заттық белгісінің жоқтығынан) қымқыру заты болып табыла алмайды. Қымқыру заты болып өзінің шынайы жағдайына байланысты табиғи байлықтар да бола алмайды. ҚР ҚК-тің 175-бабы ұрлықтың үш түpiн қарастырады: қарапайым (негізгі кұрам, 175-бап, 1-тармақ), бiлікті (175-бап, 2-тармақ) және аса білікті (175-бап, 3-тармақ) .

Ұрлықты сараптау көп жағдайда ұрлықтың бip түрін eкiншi түрінен ерекшелендіретін белгілерді дұрыс түсінуге байланысты, ол өз кезегінде ауырлататын мән-жайды дұрыс түсінуге әкеледі. Ұрлықтың өлшемі - қылмыстың қоғамдық қаупінің дәрежесін анықтайтын негізгі және жазалаудың өлшемі мен сипатына әсер ететін критерилер. Іpi өлшемдер - ұрлықты аса ауырлататын үш жағдайдың біpeyi. Ұйымдасқан топпен жасалған немесе бұрын екі немесе бipнeшe рет ұрлық, үшiн сотталған тұлға мен жасалған ұрлықпен қоса ipi көлемдегі ұрлық ауыр қылмысқа жатады. Іpi көлем деп қылмыс жасалған сәтте Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ең теменгі жалақыдан 500 рет жоғарғы мүлік құны мойындалады. Сот-тергеу практикасы көрсеткендей біліктi ұрлықтар ең кең таралғанға жатады6. Мұндай ұрлықтарға: алдын ала келісім бойынша топпен жасалған ұрлық, азаматқа едәуір зиян тигізе отырып жасалған ұрлық, заңсыз ену арқылы жасалған ұрлықтар жатады.

Ауырлатпайтын мән-жайы бар ұрлықтарға бip тұлғамен ipi емес көлемде бipiншi рет үй-жайға заңсыз ену арқылы жасалған ұрлықтар немесе бұрын ұрлық пен қорқытып-үркіту екі-үш рет сотталмаған тұлғамен жасалған ұрлықтар жатады. Мұндай ұрлықтар орта ауырлықты қылмыстарға жатады. Ұрлықтар мемлекеттік, ұжымдық, жеке меншіктегі құқықтағы азаматтар мен ұйымдардың мүлкіне қол сұғатын қымқырудың негізгі түрлерінің бipi болып табылады. Өз сипатына сай ұрлықтар әр түрлі. Пәтерлерден, мемлекеттік объектілерден, дүкендерден, қоймалардан ұрлау, көлік құралдарын ұрлау, калтаға қол салу сияқты ұрлықтар бар. Көбінесе жасалған ұрлық туралы хабарлар азаматтарда немесе дүкен директоры, үй басқармасы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басшылары сияқты лауазымды тұлғалардан көп түседі. Көбінесе жасалған ұрлық туралы ақпарат анықтау органдарына жедел қайнар көздерден белгілі болады. Бұл көбінесе ұрлық аз сомаға жасалғанда немес жәбірленушілер қылмыскерлердің ұсталуына және ұрланған мүліктердің қайтарылуына сенім болмайды, сондықтан ұрлық туралы олар айта қоймайды7. Сауда ұйымдарында осындай қылмыстар жасалғанда лауазымды тұлғалар ұрлыққа байланысты тексерудің жүргізілуінен кауіптенулері себепті тиicтi жерге хабарлай қоймайды, өйткені мұндай тексерістер «артық» тауарларды сату, тауарларды сұрыптау, ұрлық сияқты өз былықтарын ашуы мүмкін.

1. 2. Пәтер ұрлығының криминалистикалық сипаттамасы

Қазіргі уақытта «қылмыстың криминалистикалық сипаты» деген түсінік қазіргі заманғы криминалистикалық теорияға және қылмысты тексеру әдістемесімен байланысқан практикаға берік болып енген. Ол қазіргі заманғы криминалистикалық ғылымның негізгі алынатын түсініктерінің бірі болып табылады және теориялық және оқу-әдістемелік әдеьиеттерде кеңінен қолданылады. Жекелеген қылмыс түрлерін тексеру әдістемелерін құрастыру және жетілдіру кезеңінде авторлар бұл сұрақтарды қозғамай кете алмайды және шамасынша оларды өздерінің мақалаларында, монографияларында және диссертациялық жұмыстарында пайдаланады.

Криминалистикалық сипаттаманың мәні мен мағанасын Ф. Ю. Бердичевский келтірген қылмысты ашу анықтамасы ең тиімді болып табылады. Оның ойлауынша, криминалистикалық мәндегі қылмысты ашу «қылмыскердің тұлғасын анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттың жоқ болуы кезіндегі және шешуші факторларды дәлелдеуге керекті ақпаратты іздеумен және оны қолданумен қорытындыланатын жағдайлармен жүзеге асырылатын қылмысты тексеру әрекеті секілді анықталуы мүмкін»8.

1967 жылы А. Н. Колесниченко өзінің докторлық диссертациясы авторефератында көбірек болатын жағдайлар қатарына «қылмыстың берілген түрінің сипаттамасын» енгізді, және кінәнің қылмыстық сипаттамада ерекше орында және жалпы негізде болатынын атап көрсетті9.

Кейінірек, 1973 жылы С. П. Митричев қылмыстың әрбір түрлерін зерттеу әдістемелерін оқытуда олардың қылмыстық-құқықтық сұрақтарымен сипатталатынын белгіледі. Сонымен қатар, «үлгілік белгілеріне» көбінесе назар аудару керек екендігін ескертті. Қылмыстық құқықтың ең негізгі қағидаларының бірі- қылмыстық жазаға және қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс жасаған кінәлі адам ғана тартылады. Адам қылмысқа қатысты кінәсі белгілі бір қоғамдық қауіпті әрекет және пайда болған қоғамға қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жазаға тартылуы тиіс10.

Соңғы жылдары қылмыс сипаттамасына ғалымдар өте көп назар аударуда. Қылмысты тергеу кафедрасының жетекшілерінің 1974 жылы бүкілодақтық семинарында қылмыс түсінігін заң факультеттерінің оқу бағдарламасына енгізу ұсынылды. Қылмыс түсінігінің дамуы жөніндегі сұрақтар көптеген авторлардың жұмыстарында алынды. В. Г. Танасевич пен В. А. Образцов екеуінің біріктірген анықтамаларында «қылмыс түсінігі- бұл кінәнің объективті берілген жүйесі. Қылмыстың субъективті жағы негізінен адамның психикалық іс әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады»11.

И. Ф. Герасимов қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтілік жаққа қарағанда субъективтілік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіретінін атап өткен. Бұдан шығатын қорытынды- қылмыстың субъективті және объективті жақтарының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Сондықтан да қылмыстың суьөбъективтілік жағына барынша тығыз талдау жасалуы керек12.

Қылмыс негативті, қоғамға қауіпті құбылыс ретінде әр жағынан сипатталуы мүмкін. Оның әлеуметтік, этикалық, тарихтық, криминологиялық, психологиялық, қылмыстық-құқықтық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистикалық және басқа да аспектілері бар. әр жағдайда оның сипатында бұл құбылыстың сәйкес ғылымды адам білімінің саласы ретінде зерттеу бағытында мәні болатын қандай да бір белгілері мен ерекшеліктері болып көрсетіледі. Қылмысты әр түрлі жағынан сипаттайтын бұл аспектілердің әрқайсысының өзіндік мәні зор. Сол уақытта олар осы аспекттерлің әр қайсысының ішінде зерттеу тақырыбы туралы түсінікті жетілуіне әсер ете отырып қандай да бір шамада шектеседі, өзара байланысады.

Қылмыстың қылмыстық-құқықтық сипаты өзінің құрамына қоғамға қауіпті, құқыққа қарсы, айыпты және жазаланатын әрекеттерді сипаттайтын белгілерді қылмыстық заңмен қарастырылған бір қылмыстың құрамын басқалардан бөлетін ерекшеліктерді айқындай отырып енгізеді.

Қылмыстың криминалистикалық сипатының құрамына оның ортаның сыртқы факорлары және бұл қылмыстық бағытты байланыстыратын ішкі үрдістері мен психикалық күйінің әсерін айқындайтын қылмыстық әрекеттің типтік механизмінің көзқарасы бойынша бейнесі кіреді.

Қылмысты жүзеге асыру механизмі: қылмыс әрекетін криминалистикалық талдау кезінде қылмысты жүзеге асыру тәсілімен бірге қылмысты жүзеге асыру механизмі деген түсінің қолданылады. Егер қылмысты жүзеге асыру тәсілі қылмыстық нәтижеге жету, оны дайындау және жүзеге асыруға бағытталған әрекеттер туралы ақпараттан тұрса, ал қылмысты жүзеге асыру механизмі қылмыстық әрекеттің барлық элементтерінің өзара байланысы мен өзара шарттасуының динамикасын айқындайды. Қылмысты криминалистикалық талдау кезінде қылмыстық әрекеттің мазмұнын айқындайтын әр түрлі байланыстарды көрсету өте маңызды. Р. С. Белкин қылмыс механизмін қылмыстық әрекеттің мазмұнын айқындайтын күрделі динамикалық жүйе деп сипаттайды. Басқа да жүйелер сияқты қылмыс механизмі белгілі бір заңдылықтар әссерінен қалыптасады. Олардың ішінде Р. С. Белкиннің айиуынша криминалистік маңызы бар қатарға «қылмыс механизмінің ішіндегі байланыстар мен қатынастардық пайда болуы және дамуы, қылмысты жүзеге асыру тәсілінің қалыптасуы және жүзеге асырылуы заңдылықтары жатады»13.

Пәтер ұрлығының криминалистикалық сипаттамасының келесі элементтері атауға болады:

  • қылмыстық әрекет;
  • қылмысты жасауға дайындалу, қылмыс жасау және жасыру әрекетінің тәсілдері;
  • із түсіру механизімі;
  • қылмыскердің және жәбірленушінің жеке басының ерекшеліктері;
  • осы аталған элементтерінің бір бірімен байланысы.

Бұл жерден қылмыстық әрекет деген қылмыскердің қылмыс жасау барысындағы әрекетінде қылмыстың құрамының болуы деп түсінуге болады. Ал қылмыс жасауға дайындалу қылмыс жасау мен жасыру әрекетінің тәсілдерін түсінуде - қылмыс жасау барысында қолына қолғап киіп жасауы, ізін жасыруы, оқиға болған жерде ешқанда заттау дәлелдемелер қалдырмауы және т. б. деп түсінуге болады. Қылмысты жасау механизімінен қылмыскердің нақты әрекеті сол пәтерге кіру және шығуы, қандай әрекеттер арқылы кіру әдісі, қылмысты жасау әдісін түсінуге болады. Қылмыскердің және жәбірленушінің жеке басын анықтау барысында оларға жеке-жеке сипаттамама береміз. Ол жөнінде төменректе кеңінен тоқталатын боламыз.

Үй жайға ұрлық жасау қылмыстың құрамын және оның криминалистикалық сипаттамасын анықтау және дәлелдеу барысында:

а) қылмыстың субъектісіне - ұрлықты қылмысты кім жасады, кінәлінің жеке басы, жасы, бұрын бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын жасағандығы (бір неше рет қайталануы), қылмыстық топтың сипаттамасы мен құрамы, оның ұйымдасыушылық дәрежесі қандай, олардың мүшелерінің арасында қандай әрекет жасауын бөлісуі; азғырушылар мен қылмысқа көмектесушілер және т. б. жатады;

б) субъективтік жағына байланысты - қылмыскерлердің алдын ала келісуі, ымырласуы немесе тіл байланысуы, ол келісу қашан, қандай жағдайларда жүргізілді, ол келісудің заты не, оның сипаттамасы жатады;

в) объектісіне байланысты - ұрланған заттардың мәліметтер, қандай зат ұрланды, оның көлемі бұл жерде (ірі көлемде орта көлемде немесе нақты қылмыспен келген зиянның көлемі анықталуы қажет), ұрланған заттар кімде және қай жерде сақталған, ұрланған заттар қалай жасырылған ол зат қалай өткізіліп жіберілген немесе қалай өткізбек болған және осыған байланысты қандай әрекеттер жасаған немесе жасамақ болған, ұрланған заттарды іздеуге немесе табуға не кедергі болады (қиындатады) ;

г) объективтік жағына байланысты - ұрлық болған жерге қалай кірген, кім қандай әрекеттер жасаған; кінәлілердің қылмыс жасау барысындағы және қылмыс жасағаннан кейінгі қылмыстың ізін жасыру әрекеті;

Ұрлық қылмысын жасау жағдайының криминалистикалық элементтерін қарастыра келіп төмендегідей атауға болады:

  • ұрлықты жасау уақыты мен орны;
  • қылмыстық жолмен әсер еткен зат (ұрланған зат немесе қылмыстың объектісі деп қарастыруға болады) ;
  • қоршаған ортаның материалдық элементтері (ұрланған заттың оңай жерде тұруы немесе қол жетерлік, күзеттің болмауы, көп адамның жүруі әсерінен ешкімнің байқамай қалуы және т. б. ) .

Қылмыскердің ұрлық жасауға алдын-ала дайындалуын анықтауда:

а) қылмыс жасаушыларды дайындау оның ішінде: мекемелер мен кәсіпорындар және басқа да ұйымдар жөнінде мәліметтерді білетін, ұрланған заттарды жақсы өткізуге арнайы орындары мен ұрланған заттарды тасымалдайтын көлігі бар, оны қоюға, сақтауға арналған орындары мен жерлері бар азаматтар, белгілі бір қылмыс жасауға икемділігі бар азаматтар (көліктің есігін ашып алуға оны айдап кетуге), қылмыстық ортада арнайы бір беделі бар (арнай қылмыстық топ жинап жіберуге, оларды ұйымдастыруға және т. б. ) ;

б) қылмыс жасау орынын таңдап алу (пәтер, дача, көлік құралдары, мекемелер мен кәсіпорындар және т. б. ) ;

в) ұрланған құнды бағалы заттарды қоятын жер қарастыру (ақша, бағалы заттар, күнделікті қажетті тауарлар мен заттар) ;

г) ұрлауға қажетті арнайы заттар мен құралдарды даярлау (радио қабылдағыштар, ұялы телефон, құрал-саймандар, кілттер) ;

д) арнайы ұрланған затты тасмалдауға арналған көлік құралдарын;

е) ұрланған заттарды жасыруға арналған орындар іздеу әрекеттерін қылмыскерлер жүргізеді14;

Пәтер ұрлығын қарастыра отырып ол қылмыстың жасау әдістеріне кейбір түрлеріне белгілі бір бөлмеге кіре отырып (бүлдіріп сындыру арқылы бөлмеге кіру, бүлдірмей белгілі бір бөлмеге кіру, ашық түрде кіру арқылы (жәбірленушінің келісімімен, мекемеге кіру арқылы ұрлық жасау), белгілі бір бөлмеге кірмей ұрлық жасау түрлерін айтуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қараудың тактикасы
Ұрлықты тергеу әрекеттерін жүргізу мәселелері
БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША КӨРСЕТУЛЕРДІ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУДЫҢ ТАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Ұрлық қылмыстарын криминалистикалық тергеу әдістемесі
Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы. Анықтауға жататын жағдайлар
Алаяқтық пен заңсыз иемденудің арақатынасы
Құрылысы жағынан қылмыс құрамы материалдық
ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
БӨТЕННІҢ МЕНШІГІН ҰРЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ
Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz