WEB технологияда электрондық оқулықтарды жасаудың құралдарын жіктеу


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. WEB ТЕХНОЛОГИЯДА ЭЛЕКТРОНДЫ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ЖАСАУДЫҢ ҚҰРАЛДАРЫН ТАҢДАУ . . . 5
1. 1. Электрондық оқулықтар туралы жалпы мәліметтер. . … . . . 5
1. 2. WEB технологияда электрондық оқулықтарды жасаудың құралдарын жіктеу . . . 6
1. 3. Әдеттегі алгоритмдік тілдер мен жалпы міндет жүктелген
құралдар . . . 8
1. 4. WEB технологияда электронды оқулықтарды жасауға қолданылатын бағдарламалар . . . 11
2. WEB ТЕХНОЛОГИЯДА ЭЛЕКТРОНДЫ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ЖАСАУДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ . . . 30
2. 1. Жүйенің құрылымын әзірлеудің негізгі функциялары . . . 30
2. 2. Оқулықтың құрылымын қалыптастыру . . . 31
2. 3. Оқулықты құру ережелері . . . 31
2. 4. Құрылымды қалыптастырудың алгоритмі . . . 32
2. 5. Macromedia Dreamweaver MX бағдарламасының әдістемесі . . . 33
2. 6. Электронды оқулықтарды жасау кезеңдері . . . 46
3. WEB ТЕХНОЛОГИЯДА ЭЛЕКТРОНДЫ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕХНИКО - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТҮСІНІКТЕМЕСІ . . . 51
3. 1. Еңбек шығыны . . . 51
3. 2. Еңбек сыйымдылығы . . . 53
3. 3. Эксплуатациялық шығын . . . 53
3. 4. Программалық қамтамасыздандыруды құрудың бағасы . . . 55
3. 5. Программалық өнім сапасының көрсеткіші . . . 56
3. 6. Еңбекті қорғау . . . 57
Қорытынды . . . 66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 67
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Қазіргі заманның білім беру жүйесі ақпараттық технологияларды және компьютерлік коммуникацияларды белсенді түрде, кеңінен қолдана бастады. Әсіресе, қашықтықтан білім алу жүйесі кеңінен қолданыла бастады, оған бірқатар фактор себепші болады, ол - ең алдымен, білім беру мекемелерін компьютерлік техникамен қамтамасыз ету және Интернетпен байланыс жүйесін жетілдіру болып табылады.
Лекциялық-семинарлық білім беру түрі өзінің тиімділігін жоғалтты деп танылды, тәжірибе көрсеткіштері бойынша оқу уақытының 50 пайызы босқа жіберілетіні анықталды. Шет елдік тәжірибені зерттей отырып, келесіні ерекшелеген жөн болады, ол - оқытушы оқытылушыға ақпаратты тасымалдаушының ролін емес (бұл бізде кеңінен қолданылады), консультант, ақылшы, тіпті оқытылушының әріптесі ретінде қызмет атқарады. Бұл кейбір тиімді жақтарын сипаттайды: студенттер оқыту процесіне белсенді қатыса бастайды, өздігінен ойлау қабілетін ширатады, өзінің пікірін алға тартуға және шынайы құбылыстарды модельдеуге көп септігін тигізеді.
Ақпараттық технологиялардың дамуы - сабақты берудің жаңа, бірден-бір мүмкіндігін берді, ол - қашықтықтан білім алу түрін құру болып табылады. Ол біріншіден, оқытылушының өзіне білім алудың уақыты мен жерін таңдауға мүмкіндік береді, екіншіден, әдеттегі білім алу мүмкіндігін белгелі бір себептермен ала алмайтын тұлғаларға осы әдіспен білім алу мүкіндігін тудырады, үшіншіден, білім алуда жаңа технологияларды пайдалануға, төртіншіден, білім алудың шығындарын біршама төмендетуге септігін тигізеді. Бір жағынан қашықтықтан білім беру әдісі білім алудың жеке бас әрекетінің мүмкіндігін күшейтеді.
Әдетте қашықтықтан білім беру әдісінде веб технологиядағы электронды мультимедиялық оқулықтар қолданылады. Бұл оқулықтардың жағымды ерекшеліктері болып, менің пікірімше, келесілер болып табылады, олар: біріншіден, әрекеттілігі, екіншіден, компьютер жүйелерінің дамуының арқасындағы оларға қол жеткізудің шынайы мүмкіншіліктері, үшіншіден, қазіргі кездің ғылыми біліммен сәйкестілігі. Ал бір жағынан электронды оқулықтарды жасау ақпараттық материалдарды үздіксіз жаңалауда өте қажет болып табылады. Сонымен қатар онда көптеген жаттығулар мен мысалдар келтіріліп, ақпараттардың әр түрінің динамикасы кеңінен таныстырылады. Одан басқа электронды оқулықтар арқылы компьютерлік тестілеуде білімді бақылау шаралары жүргізіле алады.
Қазіргі заман кезеңінде қашықтықтан білім алу әлемдегі білім берудің өте танымал түрі болып табылады. Бүгінде қашықтықтан білім беру әдісімен білім беретін университеттер мен колледждер жүйесі бес құрлықты қамтиды. Ақпараттандырудың Халықаралық Академиясы құрылды, ал оған 1998 жылы Бүкіләлемдік Үлестірілу Университеті құрылды, ол бүгін үш елде тіркелген, олар: Ресей, Қазақстан және Бельгия елдері.
Тестілеу қорытындылары электронды оқулықтар қолдану тәжірибесінде студенттердің берілген материалды сапалы түрде меңгеретіндігін көрсетті. Сонымен ақпараттық технологияларды дамыту білім берудің жаңа әдістерін ойлап табуға және олардың сапасын жоғарылатуға үлкен және пайдалы әсерін тигізеді деп айтуға болады.
1 WEB ТЕХНОЛОГИЯДА ЭЛЕКТРОНДЫ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ЖАСАУДЫҢ ҚҰРАЛДАРЫН ТАҢДАУ
1. 1 Электрондық оқулықтар туралы жалпы мәліметтер
Қашықтықтан білім беру бұл - арнайы ақпараттандырылған білім беру ортасының көмегімен еліміздегі және шет ел халқының әртүрлі әлеуметтк топтарына ұсынылатын, белгілі бір арақашықтықта оқу мәліметтерін алмасудың құралдарына (спутник теледидары, радио, компьютерлік байланыс, т. б. ) негізделетін, білім беру қызметтерінің кешені. Қашықтықтан білім беру ақпараттық пайдаланушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бейімделген, білім беру жүйесі мәліметтерді берудің, ақпарат қорларының, арақатынастар протоколы, аппараттық-программалық жүйелік ұйымдастыру құралдарының арақатынастарынан тұрады. ДББ - адамның білім және ақпаратты қатынас құру құқығын қамтамасыз етуге бағытталған білім алудың үздіксіз әдісіне жатады.
Немесе ДБ алу деп − білім беруші мен білім алушы уақыт пен немесе кеңістікте бір-бірінен алшақ болатын кездегі білім берудің кез-келген түрін айтуға болады. Бұл анықтамамен келісетін болсам, онда “ескі салттағы” сырттай білім беру түрі ДББ-дің “арғы атасы” болып табылады, бірақ сырттай білім беру жүйесі жеке бастық әрекетті қарастырмаған болатын. Сонымен қазіргі заман компьютерлері бізге осы уақытқа дейін белгілі болған ақпаратты жеткізудің барлық түрін үлкен тиімділікпен ұдайы қосу мүмкіндігін тудырады, сонымен қатар біз маңызды деп табатын тек қана солар білім алудағы бағдарлану алгоритмдерін іске асыра алады және оқытушыны оқу материалын меңгеру кезінде объективті және оперативті қері байланыспен қамтамасыз етеді, бұл әдеттегі сырттай білімнен қазіргі кездегі түсініктегі ДБ ұстанымды ерекшелігі − “қағаз бен қаламды” - компьютер және “көгершін поштасын” - Интернет алмастыратынында ғана емес болып табылады. Мультимедиялық компьютер бұл − тек қана интеграциялық ақпарат тасушы ғана емес, сонымен қатар ол - “fase to fase” (бетпе - бет) моделін сәйкес және айқын сипататтайтын құрал болып табылады. Сонымен қатар тек қана компьютерлерде гипермедиялық сілтемелерге негізделген ақпараттық анықтамалық жүйелер іске асырыла алады, ол да оқытуды жеке басқа бейімдеудің негізгі құрамы болып табылады.
Әдетте веб технологиядағы электронды мультимедиялық оқулық оқытулық, бақылаулық, модельдеуші, және ПЭЕМ-нің магнитті тасушы беттерінде (қатты немесе иілгіш дискілерде) орналастырылған, басқа бағдарламалардан тұратын кешен, онда оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұны сипатталған. ЭО жиі жай оқулық қосымшаланады, ал бұл әсіресе келесі жағдайларда тиімді болып табылады:
- кері байланысты өте тез болуын қамтамасыз етеді;
- жай оқулықта табу қиындыққа соғатын, керекті ақпаратты тез табуға көмектеседі (сонымен қатар контексті іздеу) ;
гипермәтіндік түсіндірмелерге бірнеше қайтара соғуда уақытты өте үнемдейді;
- қысқа мәтіндермен бірге көрсетеді, әңгімелейді, модельдейді және т. б. (дәл осында мултьимедиялық технологиялардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері айқын көрінеді), белгілі бір жеке бастың жылдамдық ерекшеліктеріне байланысты анықталған бөлім бойынша тез арада білімін тексеруге мүкіндік береді.
ЭО басты кемшіліктері - ақпаратты қабылдаудың құралы ретіндегі дисплейдің дұрыс физиологиялық болмауы (мәтіндік ақпаратты экраннан қабылдау, кітапты оқуға қарағанда, әлдеқайда ыңғайсыз және тиімсіз болып табылады) және кітапқа қарағанда әлдеқайда қымбат тұратындығы.
1. 2 WEB технологияда электрондық оқулықтарды жасаудың құралдарын жіктеу.
Электронды оқулықтарды жасау құралдарын келесі топтарға жатқызуға болады: мысалы, тағайындалатын және іске асырылатын функциялар, техникалық жасақтауларға қойылатын талаптар, қолдану ерекшеліктер сияқты көрсеткіштерден тұратын кешенді критерийлерді қолдану. Аталған критерийлерге сәйкес келесі жіктеу болуы мүмкін:
- әдеттегі алгоритмдік тілдер;
- жалпы тағайындауға арналған құралдар;
- мультимедия заттары;
- гипермәтіндік және гипермедиялық құралдар;
Төменде әрбір ерекшеленген топтың ерекшеліктері мен оларды шолу келтірілген. Техникалық негіз ретінде бұдан әрі қарай біздің елімізде ең көп қолданылатын және университет пайдалануындағы ІВМ компьютерлері қарастырылады.
Электрондық оқулықтың жұмыс режимі
Электрондық оқулықтың 3 негізгі жұмыс режимін бөлуге болады:
- тексерусіз оқу;
- тексерумен оқу, бұнда әрбір тарауды өткенде тарау (параграф) аяғында оқушыға бірнеше сұрақ қойлады. Ол метриалды меңгеру деңгейін көрсетеді.
- тестілік бақылау қорытындылық білімнің деңгейін көрсетеді, және баға қойылады.
Қазіргі кезде оқулықтарға келесі талаптар қойылады: құрылымдылық, қолданудағы қолайлылық, берілген материалдың көрнекілігі. Жоғарыда аталған талаптарды орындау үшін гипермәтіндік технологияларды қолданған дұрыс болып табылады.
Бақылау − оқытудың басты мәселесі болғандықтан, оқулықтың электрондық нұсқасында бақылаудың барлық құралдары бар. Көп жылдар бойы отандық білім беру жүйесінде білімді бақылау әдетте ауызша түрде болды. Ал қазіргі кезде тестілердің әртүрлі әдістері қолданады. Әрине тестілеудің де қарсыластары бар, олар тестілерді талдау, салыстыру сияқты қабілеттерді дамытпайды деп санайды. Қашықтықтан оқыту жүйесінде бұл мәселелерді жаңа көзқарастармен шешуге мүмкіндік пайда болды. Мен оқулықтың электрондық нұсқасын алдым. Сонымен мен оқуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқытудың тиімді әсері жоғарылайтындығы және ол оқушының өзіндік дайындығы кезінде пайдалы құрал болатынына сенемін. Белгілі бір пәндік саланы меңгеру үшін теорияны зерттеумен қатар есептерді шешудің практикалық қабілетін де дамыту керек екендігі айқын. Бұл үшін оқылып отырған процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін құрып, шешімдердің алгоритмдерін жобалап үйреніп, оны программалар түрінде іске асыру қажет. Бұл мақсаттарға жету үшін ЭО құрылымның графикалық иллюстрациясын және графикалық алгоритмдерді көрсететін бірқатар модельдеу программалары қосылған, бұл оларды түсіну деңгейін жоғарылатумен қатар студенттің интуициясы мен ойлау қабілетін арттырады.
Анықтаудың дұрыстығын тексеру
Анықтау − ол өзі арқылы анықталмай және өзі арқылы анықталатын түсініктер арқылы анықталмаса, корректілі болып саналады. Басқаша айтқанда бұны түсініктер графына қолданса, онда графада түсінік контуры болмауы тиіс. түсініктер графасында контурларды табу үшін жолды сақтау арқылы тереңінен іздеу әдісі қолданылады.
Тереңінен іздестіру алгоритімінің мәні келесіде анықталады: бізде G=<V, E> графы бар.
1) еріктік шыңды іздестіреміз ν 0
2) ν 0 сыбайлас и еріктік шыңды таңдап алып, и шыңын ідестіруді жалғастырамыз;
3) жалпы алғанда біз белгілі бір ν шыңында болсақ дейік. Егер ν шыңына сыбайлас, әлі қарастырмаған и шыңы бар болса, онда іздестіруді и шыңынан қайтадан бастаймыз. Егер ν шыңына сыбайлас, әлі қарастырмаған и шыңы жоқ болса, ν шыңын қолданылған деп қарастырып, ν шыңына келген шыңға қайтамыз. Егер қайту кезінде ν = ν 0 алынса, онда алгоритм аяқталған болып саналып, барлық шыңдар қолданылған болады.
Тереңінен іздеу әдісін қолдану арқылы, контурларды іздестіру идеясының мәні келесіде жатыр. Іздестіру кезінде қарастырылған шыңдардан тұратын жол сақталады, ал егер біз анықталған шыңды қайта кездестірсек, бұл контур табылғандығын білдіреді. Сонымен бірге біз сақталған жол бойынша, берілген контур шыңдарын қалпына келтіре аламыз.
Тізімнен бастапқы түсініктерді ерекшелеу
Бастапқы түсініктер деп − анықтау үшін оқулықта басқа түсініктерді қолданбайтын түсініктерді атайды. Түсініктер графасында ондай болып кіресілі доғалары жоқ графаның бастапқы шыңы болады.
Ондай қателіктерді анықтаудың алгоритімі өте қарапайым болып табылады, графаның барлық шыңдары қарастырылып, кіресілі доғалары жоқ шыңдар осы тізімге енгізіледі.
Құрылым ішіліктерді ерекшелеу
Берілген көпшілік түсінік бойынша құрылым іші екі әдіс бойынша бөлінеді. Бірінші әдіс − бастапқы түсініктерден графа бөлімін саралаған шыңдарға дейін ерекшелеу. Екінші − графа бөлімін саралаған шыңдардан түсініктердің соңғы шыңдарына дейін бөлу.
Алғашқы вариантта графаның әрбір бастапқы шыңдары үшін әрбір сараланған шыңға жолдары іздестіріледі. Осының нәтижесінде алынған жолдар біріктіріледі, нәтижесінде - біз іздеген құрылым бөлімі табылады.
Екінші вариантта айырмашылық − әрбір сараланған шыңға соңғы шыңдарға жолдар іздестіріледі. Алынған жолдардың бәрі дәл солай біріктіріледі.
Екі шыңның арасындағы жолды іздестіруде жоғарыда сипатталған тереңге іздестіру әдісі қолданылады. Олардың жолдарын іздестіру келесі тәртіппен жүргізіледі. ν және и шыңдарының арасындағы жолды іздестіру үшін іздестіруді ν шыңынан бастап, и шыңына дейін жүргіземіз. и шыңына жеткенде қарастырылған (бірақ қолданылмаған) шыңдардың кезегі ν шыңынан бастап, и шыңына дейін жолды анықтайды.
Ұйымдастырылған электрондық оқулықтың мысал терезелері
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы компьютердің тұтынушылардың шектеулі санының қолданатын қол жетпес құралдан, күнделікті өмір құбылысына айналуы, интернеттің пайда болуы және т. б.
Электрондық оқулық − ол екі нұсқада жасалған: интернет арқылы ашық мүмкіндік алу және аудиториялық оқу барысында қолдануды қарастырады.
Бірінші, оларға оқыту программалары түріндегі, анимацияларды қолданатын, (сонымен қатар, мультимедиялық) ақпаратты жөнелту әдістері. Екінші, интерактивті бақылау құралдарын қосу мүмкіндігі, сонымен қатар өзін−өзі тексеру. Үшінші, қазіргі замандағы оқулық тапшылығына байланысты электронды нұсқаны дискетаға “көшіріп”, үйде дайындалу мүмкіндігінің болуы
1. 3 Әдеттегі алгоритмдік тілдер мен жалпы міндет жүктелген құралдар
Тура бағдарламалау құралдарының жасаған веб технологиядағы электронды мультимедиялық оқулықтардың негізгі мінездемесі болып келесілер табылады:
- өткізудің әртүрлі стильде болуы (бояу палитрасы, интерфейс, ЭО құрылымы, материалды беру әдісі және т. б. ) ;
- модификациялау және сүйемелдеудің күрделілігі;
- уақыт шығындарының көп болуы және көп еңбек етуді қажет ететіндігі;
- қолда бар техникалық негізге бейімделген, ЭО жасаудың немесе аппараттық шектеулердің болмауы;
Жалпы міндет жүктелген құралдар (ЖМЖҚ) - білікті программист емес, ЭО тұтынушыларына арналған. ЭО жасау кезіндегі қолданылатын ЖМЖҚ әдетте келесі мүмкіндіктерді береді:
- ЭО құрылымын құруға;
- мәтінді редакциялау, енгізу, пішімдеу (мәтіндік редактор) ;
- көркемдік жағын статикалық бөлімін дайындау (графикалық редактор) ;
- динамикалық көркемдік бөлімін дайындау (дыбыстық және анимациялық фрагменттерді) ;
- басқа да іске асыру заттары көмегімен жасалған орындалатын модульдерді қосу және т. б.
Жалпы міндет жүктелген құралдардың ерекшелігіне келесілер жатады:
- білікті программист емес болып табылатын тұлғалардың ЭО жасай алатындығы;
- ЭО жасаудың мерізімі мен жұмыс көлемін азайту мүкіндігі;
- компьютерлер мен бағдарламалық жасақтамаларына қойылатын талаптардың жоғары болмауы;
Сонымен қатар ЖМЖҚ бірқатар кемшіліктері бар:
- достық болып табылмайтын интерфейс;
- мультимедиялық және гипермедия жүйелеріне қарағанда кіші мүмкіндіктер;
- қашықтықтан оқытуды қарастыратын бағдарламаларды жасау мүмкіндігінің болмауы;
Біздің елімізде көптеген отандық ЖМЖҚ бар, олар: Адонис, АосМикро, Сценарий, ТесСис, Интегратор және т. б.
Мультимедия және гипермәтіндік құралдары құралдары
Жаңа ақпараттық технологиялар пайда болғанға дейін сарапшылар көптеген тәжірибелерді жасағаннан кейін материалды меңгеру әдісі мен бірнеше уақыттан кейін алынған білімді қайта келтіру қабілетінің арасындағы тәуелділікті анықтады. Егер материал дыбыстық болса, адам оның 0 бөлігін есте сақтайды. Егер материал бейне түрінде берілсе, онда оның 1/3 бөлігі есте сақталады. Әсерлерді үйлестірген кезде (көру және есту) есте сақтау жартыға дейін жоғарылады, ал егер адам әсер ету кезінде белсенді іс-әрекетте болса, материлды меңгеру 75 пайызға дейін көтерілген болып анықталды.
Сонымен мультимедия ақпаратты жөнелтудің бірнеше әдісін қарастырады: мәтін, қозғалыссыз бейне (сурет немесе фотобейне), қозғалыстағы бейнелер (мультипликация немесе видео) және дыбыс (цифрлік және МІDI ) - интерактивті өнімге айналдырады.
Аудио ақпарат - сөз, музыка, дыбыстық әсерден тұрады. Оның негізгі мәселесі болып, тасуыштың ақпататтық көлемі болып табылады. Аудиоға қарағанда бейне ақпаратты қолданылатын элементтердің көптігімен ерекшеленеді. Ең алдымен оған: статикалық видеоқатардың элементтері, жатады, оны да екі топқа бөлуге болады: графика (салынған сурет) және фото. Бірінші топқа әртүрлі суреттер, интерьерлер, кеңісітік беттері, графикалық режимдағы символдар жатады. Екіншіге - фотосуреттер мен сканерленген бейнелер жатады.
Динамикалық видеоқатар әдетте статикалық элементтердің (кадрлар) кезектесігінен тұрады. Бұнда оның үш түрі бөлінеді: әдеттегі видео (секундына 24 фото), квазивидео (секундына 6 - 12 фото), анимация. Мильтиорта құрамында аудионы қолдануға қарағанда, видеоқатарды пайдалану көптеген мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Ол мәселелердің бірі - экранның шешу қабілеті мен түс саны, сонымен қатар ақпарат көлемі болып табылады.
Мультимедияның өзіндік ерекшелегі болып, басқа ақапаттық ресурстар өнімдерінен айрықшалайтыны, айқын көрінетін, үлкен ақпарат көлемі болып табылады, сондықтан қазіргі кезде бұл өнімдердің тасушысы болып, стандартты көлемі 700 Мбайт, CD-ROM оптикалық дискі болып табылады. Кәсіби қажеттіліктерге пайдалану үшін бірқатар басқа құрылғылар (CD - R, CD - RW, DVD және т. б. ) қолданылады, бірақ олар өте қымбат бағамен сатылады.
Гипермәтін - бұнда белгілі бір мәтіндік фрагметттерге байластырылған, мәтінде белгілі бір әдіспен сөздерді бөлгенде, мәтіндік материалды сызықсыз берудің тәсілі болып танылады. Сонымен, тұтынушы мәтін беттерін кезек бойынша аударыстырып қана қоймай, сонымен қатар, ол кез-келген сілтеме бойынша сызықтық сипаттаудан ауытқи алады, немесе, басқаша айтқанда, ақпаратты жөнелту процесін өзі басқарады. Гипермедия жүйесінде фрагмент ретінде, бейнелер қолданыла алады, ал ақпарат мәтіні, графика, видеофрагменттер мен дыбыстан тұра алады.
Гипермәтіндік технологияларды пайдалану - құрылымдылық қолданудағы қолайлық сияқты оқулықтарға қоятын талаптарға сай бола алады. Қажеттілік туындаған жағдайда бұндай оқулықты кез-келген серверге “шығаруға” болады және оны түзету қиынға соқпайды. Бірақ оларға әдетте келіссіз дизайн құрастыру құрылымның және т. б. сәтсіздіктері тән болады.
Қазіргі кезде көптеген гипермәтіндік пішімдер бар:
HTML, DHTML, PHP және т. б.
Құралдарды таңдау критерийлері
Құралдарды таңдау кезінде келесілердің болуын бағалау керек:
- жабдықтардың белгілі бір конфигурациялары;
- сертификацияланған программалық жүйелердің;
- қажетті деңгейдің мамандарының болуын.
Сонымен қатар жасалып жатқан ЭО тағайындалуын есепке алу қажет, модификациялау қажеттіліктері, жаңа мәліметтермен толықтыру, сақтау көлемін шектеуді еске ала отырған жөн.
Қазіргі кезде қарқынды дамып келе жатқан мультимедия және гипермедия құралдары арқылы көптеген персоналды компьютерге құрылу мүмкіндігі туды немесе арзандады деуге болады. Сонымен қатар аппарат құралдарының қуаттылық және әрекет жылдамдығы жоғарыда аталған заттарды қолдануға мүмкіндік туғызады.
1. 4 WEB технологияда электронды оқулықтарды жасауға қолданылатын бағдарламалар
HTML тілі - (гипермәтінді белгілеу тілі) - құжаттарды құруға және оларды броузер бағдарламалары бойынша көруге түсінікті қалыпқа келтіруге арналады, мысалы Netscape Navigator немесе MS Explorer. Оны құру кезіндегі негізгі мақсат болып, документтерді қарастырған кезде компьютердің түріне тәуелді болмайтын, оның жұмысының тоқтап қалуын болдырмайтын, құжаттардың жаңа бір түрін жасау болды.
HTML-ді Тим Бернерс-Ли CERN-де жұмыс істеп жүргенде жасап шығарды және оны NCSA құрған, Mosaic броузері таратты. 1990 жылдары ол Web қарқынды дамыған себебінен ереше жетістіктерге жетті. Осы кезде HTML кеңейтіліп, толықтырылды. Web-те, Web - беттерінің HTML авторларының және өндірушілердің бір келісімдерін қолдану өте маңызды болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz