Ақша қаражаттарының есеп айырысу нысандары
ЖОСПАР
Кiрiспе
1 Ағымдағы және корпоративтік шоттардағы ақшалардың есебі 3
1.1 Ағымдағы ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы 6
1.2 Ағымдағы ақша қаражаттарының есеп айырысу нысандары мәні12
мен мақсаты
1.3 Қолма қол ақшасыз айналымның мәні және түрлері 25
1.4 Қолма – қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру 30
принциптері.
1.5 Ақша қаражатының есебінің жетілдіру жолдары 32
2 GAHTREID ЖШС ақша қаражаттарының есебі
2.1 GAHTREID ЖШС жалпы экономикалық - ұйымдастыру 37
сипаттамасы және есеп саясаты
2.2 Кассадағы қолма-қол ақшаның және ағымдағы банктік 43
шоттардағы ақшаның есебі
2.3 Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi 54
2.4 Корпаративтің ақша айналымы және есеп 59
айырысу жүйесі.
2.5 Есепшоттардан төлемдерді төлеудің тәртібі және банктік 61
есепшот келісімі.
2.6 Ақша айналымын басқару және ақша ағындарын талдау. 70
3 Ағымдағы және корпоративтік шоттардағы ақшалардың аудиті
3.1 Ақша каражаттарының қозғалысына ішкі бақылау жасау 74
жүйесі.
3.2 Ақша қаражаттарының аудиті және қозғалысын талдау 77
3.3 Кассалық операциялардың аудиті 86
3.4 Банк операцияларының аудиті 92
ҚОРЫТЫНДЫ 96
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 99
Кіріспе
Жұмысқа жалпы сипаттама. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз
ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және
міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз
нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің
нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді
жузеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы айлық
есептік керсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте
айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың
арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде
пайдаланылады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп айтылады, зерттеу
жұмысының мақсаты мен міндеттері, жұмыстың маңыздылығы айтылады.
Бірінші бөлімде Ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебi. Нарық
жағдайындағы ақша қаражаттарының мәні мен маңызы және жетілдіру мәселелері
қарастырылған.
Екінші бөлімде Ақша қаражаттарының есебі кассадағы, банктегі арнайы
шоттардығы ақша қаражаттарының есебінінң негізгі мәселелрі қарастырылған
оларды есептеу жолдары.
Үшінші бөлімде Ақша қаражаттарының аудиті мен қаржылық жағдайы, ақша
қаражаттарының қозғалысын талдау, ішкі бақылау жүйесі қарастырылған.
Қорытындыда дипломдық жұмысты зерттеу барысындағы нәтижелер берілген.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі Ақша қаражатының қозғалысы
туралы есеп пайдаланушыларды операциялық, инвестициялық және қаржы қызметі
бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы
ақпаратпен қамтамасыз етіп, олардың заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы
өзгерістерді бағалауына мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке
дара жауапкершілігі турапы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа
да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа
адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шартгар жасалынады.
Бірнеше себептермен кассалақ операцияларының аудитінің әдістерін
меңгеру негізгі болып келеді:
– Ақша қаражаттары кәсіпорынның тез өтетін активтерінің
бірі болып келеді;
– Ақша опреациялары массалық және тез таратылған болып
келеді;
– Ақша опреациялары массалығы және тез таратылғаны
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің осы учаскесінде
көптеген зияндарға және бұзуларға әкеледі. Қолма-қол
ақшалардың жылжуы кассалық операциялар арқылы
жүргізіледі;
– Еңбек ақысын төлеу;
– Административтік шаруашылық шығындарды төлеу үшін
қаражаттарды беру;
– Есептегі тұлғаларға қаражаттар беру.
Кассалық операциялардың аудиторлық тексерістері еңбекті көп қажет
етеді. Кассаның және кассалық операциялардың аудиті үш бағытта болады:
1) Қолма-қол ақша қаражаттарының инвентаризациялауы;
2) Кассаға келіп түсетін ақша қаражаттарын уақытысында тексеру;
3) Шығынға ақшаны дұрыс жазуды зерттеу.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті – келесі сұрақтарды зерттеп
талдау:
• Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
• Ақша қаражаттарының есеп айырысу нысандары
• Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
• Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу
Дипломдық жұмыстың объектісі ТОО GASTREID жауапкершілігі шектелген
серіктестік болып табылады.
Осы жоғарыда айтылғанның бәрі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға
әсер етті. Ақша қаражаттары мен операциялардың есебі және аудиті.
Оқулықтар мен ТОО GASTREID Ашық Акционерлік Қоғамының мәләметтеріне
сүйене отырып жасалынды.
Бұл дипломдық жұмыс ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, бухгалтерлік
есепті түсініп, оны игеруге мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық-методологиялық негізі – Дипломдық жүмыста
төмендегі авторлардың әдебиеттерін пайдаландым:Қ.К. Кеулімжаев З. Н.
Әжібаева, Н. А. Құдайбергенов, В.К.Родостовец,Т.Ғ.Ғабдуллин,В.В.
Родостовец, О. И. Шмидт “Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп”; Г.В. Савицкая
“Анализ хозяйственной деятелности предприятия”, сонымен қатар Бюллетень
бухгалтера және Заочная школа бухгалтера мерзімдік басылымдарын
қолдандым Дипломдық жұмыс қолданыстағы заңдар мен нормативтік базаларға
сәйкес жазылған.
1 БӨЛІМ Ағымдағы және корпоративтік шоттардағы ақшалардың есебі
1. Ағымдағы ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.
Қаржы нарығының күрделенуіне байланысты ақша қаражаттарын басқарудың
маңыздылығы арта түсуде. Қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістік
жаңалықтарды енгізу және шаруашылық процестерін ары қарай дамыту үшін
кәсіпорындардың ақша қаражатттары болуы тиіс. Ақша қаражаттары мен олардың
эквиваленттерін дұрыс ашып көрсету және оларды жіктеу кәсіпорынның
өтімділік деңгейін дәл бағалау үшін қажет.
Бухгалтерлік есептің №4 Ақша қаржаттарының қозғалысы туралы есеп
беру стандартында атап көрсеткендей: ақша қаражаттары – бұл кассадағы және
банктегі шоттардағы нақты ақшалар.
Бухгалтерлік есептің №7 Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп
беру деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақшалай қаражаттарға,
оның эквиваленттеріне нақты ақшалар және талап етілгенге дейінгі салымдар
жатады.
Ақша қаражаттарының эквиаленті деп ақшалай қаражаттардың белгілі бір
сомасына жеңіл айнала алатын және құндылықтың өзгеру қаупіне аз ұшырайтын
қысқа мерзімді, өтімлділігі жоғары алымдарды айтады.
Ақша легі деп – ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттерінің келіп
түсуі мен шығуын айтады.
Таза ақша легі (таза ақшалай қаражаттар) – есеп беру кезеңіндегі
түсімдер мен төлемдердің айырмашылығы. Таза ақша легі оң және теріс мәнде
болуы мүмкін. Таза ақша легінің оң мәні ақшалай қаражаттар өсімін немесе
олардың құйылуын, ал теріс мәні олардың ағылуын растайды.
Операциялық қызмет деп субъектінің табыс алу жөніндегі негізгі
қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ
басқа да қызметін түсінеміз.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып
алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.
Қаржылық қызмет бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз
қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі
болып табылады. Субъекті қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының
келіп түсуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.
Берілген анықтамалар халықаралық тәжірибелерге, оның ішінде
халықаралық стандарттарға негізделген.
Операциялық қызмет ақшалай қаражаттарынының легі ережеге сәйкес
ұйымның таза табысын анықтауға ықпал жасайтын шарушылық операциялардың
нәтижесі болып табылады. Оған келесілер жатады:
- өнімдерді, тауарларды өткізуден, жұмыстар орындаудан және қызмет
көрсетуден түскен, сондай-ақ сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің аванс
түріндегі түскен ақшалай түсімдері;
- жалға беруден түскен түсімдер;
- басқа да түсімдер (жабдықтаушылардан, бюджеттен, есеп беруші
тұлғалардан қаражаттардың қайтарылуы, сақтандыру компанияларынан түскен
түсімдер, комиссиялар, сот шешімдері бойынша түскен сомалар және басқалар);
-жабдықтаушылар мен басқа да контрагенттерге ақшалай төлемдер;
- қызметкерлердің ақшалай нысандағы еңбекақылары мен басқа да
төлемдері;
-бюджеттік емес қорларға аударымдар;
-инвестициялық немесе қаржылық қызмет бойынша операцияларға жатпайтын
салықтар мен алымдарды төлеуге тиісті бюджетпен есеп айырысу;
- қысқа мерзімді қаржы салымдары;
- қысқа мерзімді несиелер бойынша сыйақылар төлеу;
- басқа да төлемдер (сақтандыру компанияларына аударымдар, есеп
беруші тұлғаларға ақшалай қаражаттар беру және т.б.).
Ақшалай қаражаттардың қозғалысы бойынша қандай да бір операцияны
операциялық қызметке қосуға мүмкіндік беретін шарттардың бірі оларды
инвестициялық немесе қаржылық қызметке қосу мүмкін болмауы.
Бір кезеңдегі ақшалай қаражаттардың жалпы өзгерісі оңды болуы мүмкін,
қанағаттанарлық өтімділік коэффициенттерін қабылдауы, бірақ сол сәтте
операциялық қызмет бойынша таза ақша легінің шамасы теріс болуы мүмкін. Бұл
кәсіпорын негізгі қызметінің нәтижесі ақшалай қаражаттардың ағыны екенін
көрсетеді, ал ақшалай қаражаттардың өсімі негізінен қаржылық немесе
инвестициялық қызмет арқылы қамтамасыз етіліп отырғанын көрсетеді. Егер
мұндай жағдай қайталана беретін болса, келешекте кәсіпорынның қаржылық
міндеттемелерін өтей алмайтын күні пайда болатынын түсіну қажет.
Инвестициялық қызметтің ақшалай қаражаттарының легі келесілер болып
табылады:
-негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, басқа да айналымнан
тыс активтерді сатудан түскен ақшалай қаражаттар;
-басқа ұйымдардың үлестік және міндеттемелік бағалы қағаздарын
сатудан түскен ақшалай түсімдер;
- бір жылдан жоғары берілген қарыздардың қайтарылуы;
-қарапайым серіктестіктің жасалған мәмілелерге сәйкес ақшалай
қаражаттарының қайтарылуы, басқа да осы тектес түсімдер;
-басқа ұйымдардың капиталына қатысудан алынған дивидендтер түрінде
түсетін ақшалай қаражаттар;
- айналымнан тыс активтерді (негізгі құралдар мен материалдық емес
активтер құнының өсіміне салынған салымдарды қоса алғандағы) сатып алуға
жұмсалған ақшалай қаражаттар;
- ұзақ мерзімді қаржы салымдары.
Негізгі құралдарды эксплуатациялауға жұмсалатын қаражаттар құрамында
есеп беру кезеңінде, сондай-ақ өткен кезеңдерде құрылыстар салуға жұмсалған
шығындар қамтылуы мүмкін. Аталмыш шығындар өткен кезеңдерде жұмсалғандықтан
таза ақша легін есептеуде инвестициялық қызмет бойынша ақша легінен
шегерілуі тиіс.
Қаржылық қызметте қарастырылатын меншікті капиталдың өзгерістері акция
эмиссияларынан ақша түсімдерімен, сондай-ақ алынған эмиссиялық табыстармен
бйаланысты болады. Табыс алу немесе зиян шегу нәтижесіндегі меншікті
капиталдағы өзгерістер есепке алынбайды, себебі олар қаржы нәтижесімен
байланысты және операциялық қызметте көрініс табады.
Қаржылық қызметтің ақшалай легіне келесілер жатады:
- акцияларды және басқа да үлестік құралдарды шығарудан, сондай-ақ
меншік иелерінің қосымша салымдарынан ақшалай түсімдер;
- облигациялар, займдар шығарудан, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
несиелерден түскен түсімдер;
- мақсатты қаржыландыру және түсімдер;
- алынған несиелер мен займдар бойынша қарыздардың негізгі сомасын
өтеуге қаражаттарды аудару;
- меншікті акцияларын сатып алуға бағытталған қаражаттар.
Шаруашылық субъектілердің нақты ақшалай қаражаттары, әдетте, кассадағы
нақты ақшаларынан, есеп айырысу, валюталық шоттардағы және банкте ашылған
арнайы шоттардағы нақты ақшаларынан тұрады. Аталмыш мәселе келесі кезекте
қарастырылады.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойьшша
төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жузеге асырады. Егер де заңды
тұлғалардың арасындағы төлем сомасы айлық есептік керсеткіштен (АЕК) асып
түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл
келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,
келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы
көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы
керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-
тен аспауы керек.
Ақша каражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп
айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын
ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың
қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен
де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып
белінеді.
Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар,
бірақ олар жеке және занды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның
оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу
үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол
сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын
субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын
және басқаларын субъектілер ақша каражаттарын оқшаулап сақтау үшін және
тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен
шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы каражатты есептен шығаруға
соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген
зандарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше
көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды келесі
әдістермен жүзеге асырылады:
– қолма-қол ақшаны аударуды, төлем тапсырманы ұсынуды;
– чектерді беруді;
– вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы
беруді;
– төлем карточкасын пайдалануды, тікелей дебеттік банкі
шоттарына аударуды;
– төлем-талап тапсырмаларын ұсынуды;
– инкассалық жарлығын ұсынуды;
– республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да
әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:
– төлем тапсырма;
– чек;
– вексель;
– тапсырма-талап төлемдері;
– кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық
жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт
негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен
міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда
көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет
көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.
Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп
айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған
кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем
тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі
бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын
растайтын басқа да кұжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып
берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке
алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда
ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз
ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес
анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте
қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал
екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол койылып, штамп басылып
қайтарылады. Төлем тапсырманың нысаны келтірілген.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері)
көрсетіледі:
төлем тапсырмасының нөмірі;
төлем тапсырмасының жазылған күні;
жеке теңестірілген немесе тендестірілген (вдентификацияланған) коды (ЖТК
немесе ИИК)
жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе
КОд) — бүл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі — резиденттік
белгісін, ал екіншісі — экономиканың секторын керсетеді;
бенефициар — аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы — банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы
көрсетіледі;
- бенефициар банкісі — бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген
(идентификацияланган) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) — филиал аралық
айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
- төлем арналымыныц коды - ҚР ¥Б нормативтік-құқықтық актісімен
белгіленген және соның непзінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтықбелгілер,
ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
бюджеттік классификациясыныц (жіктемесінің) коды — салықтарды кері
қайтаруда қойылатын код;
валюттелген күні — ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына
ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің. түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша
төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге
қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады:
аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни
тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі
ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық
қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп
жасалуы керек.
Субъектілер:
• жеке ездеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалакы, іс-
сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына;
• жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының
атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс
болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді.
Тапсырмаға каражат алушылардың тізбесі коса беріледі, онда кім, қандай
мақсаттарға ақша алатыны керсетіледі. Байланыс көсіпорындары кәсіпорындарға
жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына
төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Кәсіпорынның күнделікті ағымдағы шаруашылық іс-әрекетінде нақты
ақшалай қаражаттары қажет болып тұрады. Сондықтан нақты ақшалай
қаражаттарын кәсіпорын кассада сақтап, керекті бағыттарда жұмсап отырады.
1.2 Ақша қаражаттарының есеп айырысу нысандары мәні мен мақсаты
Кәсіпорындар сонымен қатар нақты ақшасыз да есеп айырысулар жүргізе
алады. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаржаттарын банк
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды
тұлғаларды арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып
түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте есеп айырысуларды жүзеге асырады. Бұл
келтірілген мәлімет заңды тұлғаларды арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты
түрде пайдаланылады. Егер де мәміле сомасы лимиттен асатын болса, онда
төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да
әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.
Ақшалай қаражаттарды сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп
айырыысу үшін Қазақстан Республикасының мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арсындағы келісім-шарттың

бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар,
бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның
оқшауланған бөлімдері үшін де ашылады.

үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық
қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъекті үшін
ашылады. Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын
субъектілер ақшалай қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті
операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъекті шоттарындағы қаражат олардың иелерінің бұйрығы бойынша
есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен
шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып
жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

көзделмесе, субъетінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу ен аударуды жүзеге
асыруда кеолесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы
ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индосаменттері арқлы
беруді; төлем картчкасын пайдалануды; тікелей банкі шоттарына аударуды;
тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды;
республиканың заң актілерінде белгіленген басқа да әдістерді пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек;
вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының
инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзра есеп айырысу нысандарын келісім-шарт
негізнде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен
міндеттемелерді есепке жатқыза алады.
Нақты ақшасыз есеп айырысу нысандары жүзеге асырылғанда төмендегі
негізгі түсініктер қолданылады:
Ақшаны жөнелтуші банк және сол ақшаны қабылдаушы банк арасында
құрылған келісім шарт негізінде ақша каражаттарын қабылдап алатын банк —
бенефициар банкі деп аталады.
- Бенефициар банкі аударылған ақшаны қабылдауга берілген тапсырманы
және екі жақты (жөнелтуші банк жөне бенифициар банкі) келісім шартта
анықғалган басқадай шарттарды орындауы қажет;
- Кәсіпорындардан ақшаны аудару немесе ақшаны төлеу жөнінде тапсырма
алатын банк – тапсырма алушы банк деп аталады;
- Ақша аудару процессіне қатынасатын, бірақ не ақшаны жөнелтуші банк,
не бенефициар банкі болып табылмайтын кез-келген банк – делдал деп аталады.
- Ақша аударымы немесе нақты ақшасыз есеп айырысу жүзеге асырылғанда
төлем тапсырмасында немесе талап-төлем тапсырмасында ақшаны алушы ретінде
көрсетілген тұлға бенефициар болып табылады.
- Ақшаны төлеуге тиісті тұлғаның келісімінсіз, оның ақша қаражаттарын,
құрылған келісім-шарттың негізінде немесе заң бойынша, төлеуге тиісті
түлганың қызмет көрсетуші банкке ақшаны өзіне (бенефициарға) аударуға
тапсырма берген тұлға - өндіріп алушы болып табылады, ал төлем жасаушы банк
өз тарапынан ол тапсырманы орындауы тиіс.
- Ақша аудару жөнінде банкке бірінші болып тапсырма беретін тұлға -
ақша аударымын жасаудың инициаторы болып табылады. Инициатор болып төлем
жасаушы тұлға да және бенифициар өзі де болуы мүмкін.
- Инкассалық өкім - төлем жасаушы тұлғаның банктегі шотынан оның
келісімінсіз ақшаны төлетудің әдісі.
- Чек - төлем жасау нысандарының бірі, бұл нысан чек берушінің өзіне
қызмет көрсетуші банкке чек үстаушыға онда көрсетілген соманы төлеуіне
берген қағаз жүзіндегі бұйрығы.
- Чек беруші - чекті жазьш беретін түлға.
- Чек беруші тұлға өзінің шешімі бойынша чек құжатында көрсеткен
ақшаны алатын тұлға - чек үстаушы болып табылады. Сондай-ақ, чек беруші
өзіне чек жазған жағдайда, чек ұстаушысы бола алады.
Енді Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын нақты ақшасыз
есеп айырысу нысандарына кеңірек тоқталайық.
Төлем тапсырмасы. Ал мұндай тапсырманы алған банк осындай нұсқауды
алғаннан кейін оны акцептеуге немесе акцептеуден себепті түрде бас тартуы
тиісті. Төлеуші банк төлем тапсырмасын акцептеген жағдайда, кәсіпорын
акцептелген төлем тапсырмасының орындалуын талап етуге құқылы.
Аккредитивтегі ақша қаражаттары бойынша есеп айырысу басқа қаладағы
(субъекті орналасқан жерден басқа жерден тұратын) жабдықтаушылармен қолма-
қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа
қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Бұл есеп айырысу
құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы
жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив
ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді.
Аккредитивтегі ақшалай қаражаттар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға
төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемеснің осы
кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет
көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе
қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу
жайлы тапсырмасы.
Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал
аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-
шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі қажет:
1.Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің (банк
иитенттің) аталуы.
2.Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдаланылуының әдісі
мен тәсілі.
3.Аккредитив бойынша қаржы (ақша) алу үшін жабдықтаушының өзіне
қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты
сипаттары.
4.Тауарларды, материалдарды тиеп-жөнелткеннен немесе жұмыстарды,
қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мкемесіне тапсырылу мерзімі
және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушылар аккредитив
жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.
5.Басқа да керекті құжаттар мен шарттар.
Аккредитивтердің Өтелінген (депоненттелген) және өтелінбеген
(депоненттелмеген) – деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонымен
қатар кері шақырылатын және кері шақырылмайтын болып екі түрге
бөлінеді.
Тапсырыс берушінің өзінің шотындағы ақша қаражаты есебіне немесе оған
қызмет көрсететін банкінің берген несиесінің есебінен жабдықтаушы
кәсіпорынға қызмет көрсететін банкке келісім-шарт бойынша алдын-ала
аударылған қаржысы - өтелінген (депоненттелген) аккредитив болып
есептеледі.
Ал сатып алушы кәсіпорын мен жабдықтаушы кәсіпорындарға қызмет
көрсетуші банк мекемелері арасында акредитивті көрсетілген қаржы сомаларын
аударуға тек қана келесім-шарт жасалынып келісілген, яғни ақша әзірге
аударылмаған болса, онда бұл - өтелінбеген аккредитив түрі қатарына
жатқызылады.
Аккредитив ашу жайлы келісім-шартта қарастырылған келісімдерді
өзгертуге, жоюға тек сатып алуша, яғни қаржы төлеуші шаруашылық субъектінің
ғана құқы болса, ондай аккредитив - крі шақырылатын аккредитив түрінің
қатарына жатқызылады.
Аккредитив ашу туралы екі субъектінің арасындағы келісім-шартта
қарастырылған келісімдерді жадбықтаушы кәсіпорынның келісімінсіз жоюға
немесе өзгертуге болмайтын аккредитив - кері шақырылмайтын аккредитив
болып саналады.
Аккредитивті ашу үшін төлем төлеуші кәсіпорын өзніе қызмет көрсететін
банк мекемесіне арыз береді және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулері
қажет:
1. Жабдықтаушы шаруашылық субъектісінің аты.
2. Аккредитив ашылатын келісім-шарттың көшірмесі.
3. Аккредитив ашылатын банктің аты.
4. Аккредитивтің орындалатын уақыты және жері.
5. Аккредитивтен төлем төлеуге қажет болатын құжаттардың толық
және нақты аты.
6. Аккредитивтің түрі.
7. Аккредитивтің жаңа тауарға, затқа немесе орындалатын жұмысқа
төлем төлеуге арналғандығы және оны төлеу үшін банк мекемесіне табыс
етілетін құжаттардың тізімі.
8. Аккредитивтің сомасы.
Аккредитивтен қаржы алу үшін жабдықтаушы кәсіпорын тауарды тиеп
жібергеннен кейін аккредитивтің шартында қаралған құжаттарды банк
мекемесіне табыс етеді. Бұл құжаттар аккредитивте көрсетілген шарттарды
толық қанағаттандыратындай болуы керек. Егер аккредитивте қарастырылған бұл
шарттың біеруі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы төленбейді. Егер
аккредитивте қарастырыған шарт бойынша сатып алушы кәсіпорынның өкілі шотты
акцептеуі керек болатын болса, онда ол адам орындаушы, яғни қызмет
көрсетуші банкке мына құжаттарды көрсетуі қажет:
1.Төлқұжат немесе оның орнына жүретін басқадай құжаттар.
2.Аккредитив ашқан кәсіпорын берген іс-сапарлық куәлік пен
сенімхат.
3.Өзінің қолтаңбасының үлгісі.
Жабдықтаушының банкісінде аккредитив мынандай жағдайларда
жабылады:
1.Аккредитивтің мерзімі біткенде.
2.Аккредитивті жабу туралы жабдытаушының арызы бойынша.
Чек. Чек беру - төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі, бұл жағдайда
төлем, чек кітапшасының иесі өзінің серіктесінің (кредиторының) атына,
жазып берілген чек арқылы жасалады. Яғни, чек иесі (чек беруші) серіктесіне
(кредиторына) ақшаны есеп айырысу шотынан алуға тапсырма береді, бұл
тапсырма партнердың атына жазылған чекпен рәсімделеді, чекті алған серіктес
(чек ұстаушы) төлем жасаушы банкке чек кұжатын ұсынады. Ал төлем жасаушы
банк чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға тиісті тәртіп бойынша төлеп
беруі қажет. Чек беру сәті, чек берушінің төлем міндеттемесін
орындалғандығын білдірмейді, төлем міндеттемесі чек бойынша ақша алынған
кезде ғана орындалады. Чектер жабылған және жабылмаған чектер болып
бөлінеді. Чек төлемі бойынша есеп айырысу үшін, чек кітапшасын аштырған
түлға, банкке алдын ала салынған депозитпен қамтамасыз етілген чектер
жабылған чектер болып табылады. Депозитпен алдын ала қамтамасыз етілмеген
чектер жабылмаған чектер болып табылады. Чектерде олардың төлемі жөнінде,
оның ішінде жабылмаған чектер бойынша да, банктің кепілдемесі болуы мүмкін.
Чекті пайдалануға байланысты кұқықтары мен міндеттер, чек кітапшасын
аштырған тұлға мен қызмет көрсетуші банктің арасындағы, чектерді пайдалану
туралы келісім шарт негізівде айқындалады. Ал, атына чек жазылған тұлғаның
құқықтары чек иесінен чекті алған сәттен бастап туындайды.
Аталған қүқықгар мен міндеттер чек беруші чекті берген сәттен бастап
іске асырылады.
Чек ұстаушы онда көрсетілген ақша сомасын чек берушінін банкінен талап
етуге қүқылы. Чек үстаушы ұсынған чекті чек берушінің банкі төлейді немесе
оны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде
көзделген мерзімде және Ақша төлемі және аударымы туралы Заңның 18 -
бабында белгіленген негіздер бойьшша төлеуден себепті түрде бас тартады.
Банк шотын тікелей дебеттеу. Банк шотын тікелей дебеттеу арқылы төлем
жасау, тауарлардың жеткізіліп берілгенін, жұмыстың орындалғанын,
қызметтің көрсетілгенін растайтын, бенефициар ұсынған құжаттар негізінде
жүзеге асырылады. Банкке үсынылатын құжаттардьщ тізімі акша төлеуші мен
бенфициар арасында жасалған келісім-шартта анықталады.
Ақша төлеушінің және оған қызмет көрсетуші банктің банк шоттарын
тікелей дебеттеу арқылы төлемді жүзеге асыру бойынша құқықтары мен
міндеттері, екі жақтың өзара құрған келісім-шарты жасалған сәттен бастап
туындайды. Банк осы келісім-шартта көзделген ақша сомасының мөлшерін және
белгіленген уақыт кезеңі шегінде төлем тапсырмасын ұсынған үшінші
жақтың тапсырмасын орындауға міндет алады.
Талап - төлем тапсырмасы. Төлем жасаушының банкі талап-төлем
тапсырмасын төлем жасаушының акцепті болғанда ғана орындауға тиісті.
Талап-төлем тапсырмасын пайдалану бойынша кұқықтар мен міндеттер,
төлем жасаушының талап-төлем тапсырма қүжатын қызмет көрсететін банкке
ұсынған соттен бастап, туындайды.
Ақша төлеушінің банкі талап-төлем тапсырмасын алған күннен кейінгі бір
жүмыс күнінен кешіктірмей, қужатты ақша төлеуші көсіпорынға акцептеу үшін
беруге тиісті. Ақшаны төлеуші кәсіпорын төлем-талап тапсырмасын алғаннан
кейін оны акцептеуге немесе оны акцептеуден дәлелді түрде бас тартуға
тиісті.
Ақша төлеуші талап-төлем тапсырмасын акцептеген жағдайда, төлемді
талап етуші үшінші жақ ақша аударымын жүзеге асыру жөнінде банкке талап
етуге қүқығы бар.
Инкассалық өкім - төлем жасаушы тұлғаның банктегі шотынан оның
келісімінсіз ақшаны төлетудің әдісі.
Инкассалық өкімдер – клиентгің банк шотындағы ақшасын оның
келісімінсіз алып қою, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген
негіздер бойынша және заң актілерінде айқындалған реттілікті сақгай отырып,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Инкассалық өкімнің бастамашысы (инициаторы) төлеушінің банкіне
инкассалық өкіммен бірге, мұвдай шешімді кабылдауга негіз болған дәлелді
қүжаттардың түп нұсқасын немесе көшірмесін міндетгі түрде үсынуы керек.
Инкассалық өкімде төлемнің мақсаты жөне төлеушінің келісімінсіз ақшаны
төлетуде кандай зандық актіге сүйенгендігі анықтап жазылуы қажет.
Төлемді талап етуші тұлға банкке инкасалық өкімді ұсынған сөттен бастап
толемге қатысушылардың құқықгары мен міндеттері іс жүзіне енеді.
Төлем жасаушының банкі инкассалық өкімді алғаннан кейін, оны акцептеуі
тиіс немесе жазбаша тұрде себептерін айқындап, акцептеуден бас
тартады. Егер банк, төлемді талап етушінің инкассалық өкімін акцептеген
болса, онда төлемді талап етуші тұлға ақшаны аударуын банктен талап ете
алады. Төлем жасаушының келісімінсіз, ақша төлемін жүзеге асыру
процессіне төлемді талап етуші тұлға жауапкершілік алады.
Әрине төлемдер жүргізу барысында ақшалай қаражаттардың түсімі мен
жұмсалуының уақыты бір-бірімен сай келмей жатады. Сонымен қатар кәсіпорын
өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында несиелер қатыстыруы мүмкін.
Осы арқылы кәсіпорында дебиторлық қарыздар мен міндетемелер пайда болады.
Осы аталмыш мәселелер келесі кезекте қарастырылады.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі
болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру
жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай
міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ, ол соны орыңцау үшін
жазылган болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны
алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді.
Біріншісі — депозиттермен қамтылған, ал екіншісі — қамтылмаған болып
бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі женінде банктердің кепілдік
беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен
байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы
жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартга, банк өз
клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек
берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген
(демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сактауға міндетгі. Чек
ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады.
Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие
тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы
болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету
және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе,
онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан "бүлінген" деп жазу жазылады,
мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы койылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге
қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке
ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі,
жазылған күнін есептемегенде, әдетте,10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады,
егер де мынадай жағдайлары анықталса:
егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
чектің мерзімі өтіп кетсе;
телем кұжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
чек әртүрлі қолмен және ертүрлі сиямен жазылған болса;
чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе;
чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес
келмесе;
чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады.
Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік
палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өнделуін тез арада тоқтатады.
Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі — банкте қалса;
екіншісі — көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі — Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі— чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшаларьі пайдаланбауына байланысты чекті
беруші банкке қайтарылады.
Вексельдер арқылы есеп айырысу. Вексель — біржақты сөзсіз орындал атын
ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай
және аударма болып келеді.
Жай вексель (соло-вексель) — талап етуі бойынша немесе белгіленген
мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға
төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен
тұрады.
Аударма вексель (тратта) — вексель берушінің (трассанттың) үшінші
тұлғаға (трассатка) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның
бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде
көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы баскаша ешбір шарт қойылмайтындығы
туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша "бұйрыққа" ұқсас
болып келеді.
Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, қүжат қай тілде
толтырылса, онда сол тілде "вексель" деп жазылған атауды, белгілі бір ақша
сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның
(төлеушінің) атауы — тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын
орнын көрсетеді; кімге немесе кшнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын,
сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда
вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек
төмендегі белгіленген жағдайларды коспағанда, вексельдің күші болмайды.
Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін
вексель ретінде қарастырылады.
Ерекше нұсқауы болмаған кезде төлем жасаушымен катар белгіленген орны,
төлем жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының тұратын орны болып
есептелінеді. Вексельдің жасалган орны көрсетілмеген жағдайда вексель
берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.
Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы телеуге жататын
вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші
тұлғаның есебінен берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде
немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында
төленуі мүмкін.
Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік ставкасы) көрсетілуі тиіс,
мұндай нұсқау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған (жазылмаған) деп
саналады. Пайыздың есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған
күннен бастап есептелінеді.
Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол
өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.
Егер вексель беруші аударма вексельде "Бұйрыққа емес" немесе осыған
ұқсас мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым
цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент3 вексель берушінің пайдасына, не
вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді
акцептегеніне, не акцептемегеніне карамастан төлем жасаушының пайдасына,
жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына
болады.
Индоссамент қарапайым, алдын ала ешбір келісім-шарт қойылмаған болып
келеді. Оның шартты жағдайларының бірі шектелетін болса, онда оған қол
қойылмаған, яғни жазылмаған болып акцептелінеді.
Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар индоссамент болып табылады.
Индоссамент аударма вексельде немесе оған қосылған параққа (аллонажға) қол
қойылуы тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды
иелік етеді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті
өз атына немесе басқа бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде
вексельді банк арқылы немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк
толтырмай және индоссамент жасамай-ақ вексельді ушінші адамға бере алады.
Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцепт пен төлемге жауап
береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады, бұл жағдайда вексель
кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың алдында
жауап бермейді.
Қолында аударма векселі бар тұлғаның қүқығы үздіксіз бірқатар
индоссамент жасау арқылы негізделсе де, соңғы индоссамент бланктік
болғанымен, занды аударма вексель ұстаушы тұлға ретінде ждрастырылады.
Бүл ретте сызылып тасталған индос саменттер жазылмаған деп
есептелінеді. Бланктік индоссаменттен кейін басқа индоссамент жасалса,
соңғысына кол крйған тұлға бланктік вексельді сатып алған индоссамент болып
есептелінеді.
Аударма вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін вексель ұстаушы
немесе қолында вексель тұрған қарапайым тұлға да төлем жасаушыға акцептеу
үшін тұрған жерінде ұсына алады.
Егер де толем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель үстаушыға немесе
кол койған адамдардың біріне хабарласа, снда ол олардьщ алдында ез
келісімінің шарттарына сәйкес өз міндетгерін орыкдаған болып саналады.
Аударма вексель бойынша толем толыктай немесе вексель сомасының бір бөлігін
аваль аркылы қамтамасыз етуіне болады. Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам
немесе типті вексельге қол қойған адамдардың бірі бере алады.
Аванс аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аванс
берілген орын керсетілсе, онда ол жеке актімен де берілуі мүмкін. Ол "аванс
деп есептелсін" деген сөздермен немесе осындай маганасы бар белгілі
мәтіндегі формуласымен білдірсе, онда оған аванс берген адам қол койады.
Аванс үшін төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса,
аударма ве ксельдің бет жағына авансшының қойған қолы жеткілікті. Авальда
ол кімнің есебінен берілгені керсетіледі. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль
вексель беруші үшін берілген деп есептелінеді.
Авансшы ол үшін аванс берген адаммен бірдей жауап береді. Аударма
вексельге акы төлей отырып, авансшы кепілдік берген адамға карсы жөне
аударма вексельге байланысты осы соңғы тұлғаның алдында міндетті адамдарға
қарсы вексельден туындайтын кұкықтарды иеленеді.
Аударма вексель ақы телеу үшін ұсынғанда; ұсынғаннан кейін белгілі бір
уақытта; вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір күнде берілуі мүмкін.
Тағайыңдалған өзге мерзімдер немесе телемнің бір ізді мерзімдерін қамтитын
аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған
мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем
жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде төлемге
ұсынылатын мерзім белгіленуі мүмкін, бірак белгіленген мерзімнен бұрын
теленуін талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен
бастап жүреді. Ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта жасалған аударма
вексель бойынша төлем мерзімі не акцептелген күнімен, не қарсылық білдіру
күнімен айқындалады. Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні қойылмаған
акцеп акцептантқа қатысты акцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы
күнінде жасалған болып есептелінеді.
Мерзімі белгілі бір күнге немесе жасалғаннан кейін немесе ұсынғаннан
кейін белгілі бір уақытқа белгіленген аударма векселді ұстаушы вексельді
төлеу күнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде үсынуға тиіс. Аударма
вексельді есеп айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынғанмен бірдей болып
есептелінеді. Вексель ұстаушы беліп төлеуден бас тарта алмайды. Бөліп
төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы білген болса, онда ол
бұл туралы қолхат беруі тиіс.
Вексель ұсатушы аударма вексель бойынша төлемді мерзімінен бұрын алуға
мәжбүрленбеуге тиіс. Мерзімі келгенге дейін телем жасауды төлем жасаушы өз
тәуекелділігіне алады.
Вексель ұстаушылар индоссанттарға қарсы тұрған регрестерге өз құқығын
телем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады:
акцептен толық немесе ішінара бас тартқан орын алса;
егер де телем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептемегеніне
қарамастан банкрот деп танылған болса, онда телем жасауды тоқтатады, тіптен
оның жағдайын сот аныктамаса да немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесіз
болмаған жағдайда;
вексель беруші акцептке жатпайтын, вексель бойынша банкрот деп танылған
жағдайда.
Вексель бойынша жасалатын телем мен акцепт үшін жауапты тұлғаға
регрестік талабы (искы) вексель бойынша телем мерзімінен кешіктірілмей
үсынылуы мүмкін.
Акцепт немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz