Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты ретінде құралы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 АЙМАҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1.1 Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Басқару – аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі
құралы ... ... ... ... ... 11
1.3 Қазақстан Республикасында жергілікті өзін – өзі басқарудың
қалыптасуы16
1.4 Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану
мәселелері ... ... 24

2. СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ
БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1Семей қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесі қызметінің жалпы
сипаттамасы мен құрылымдық
бөлімшелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.2  Семей қаласында білім беру жүйесінің 2009-2011 жылдар аралығындағы
дамуын стратегиялық
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..48
2.3 Білім беру жүйесін дамытудағы бағдарламаның мақсаты мен
міндеттері...57

3 АЙМАҚТАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН - ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫН
ЖЕТIЛДIРУ
3.1 Қазақстан Республикасының аймақтарындағы басқару жүйесін жетілдіру
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
3.2 Аймақтық дамудың негізгі басымдылықты бағыттарын анықтау
... ... ... ... 69

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..77

Кіріспе

Қазақстан Республикасында халық шаруашылығының нарықтық қатынастарға
көшуге байланысты жүргізіліп жатқан терең экономикалық өзгерістер,
реформалар, мамандар даярлау ісінде де талаптарды қайтадан қарауды қажет
етеді. Жоғары мектеп алдына қойылған міндет - болашақ мамандарды
шаруашылықтың жаңа әдістерін жүргізуге үйрету, жеке муниципальдық
құрылымдарға кіретін - қалалық, аудандық, селолық, ауылдық және басқа елді
мекендерде басқарудың жаңа әдістері, түрлері мен прициптерін игеру. Бұл
орайда әр жердің өзіндік табиғи-экономикалық, тарихи, ұлттық ерекшеліктерін
ескеріп, меншіктің әр түрі мен басқарудың түрлі формаларын қалыптастыру
механизмін терең ойластыру қажет.
Аймақтық саясатты нақты қалыптастыру үшін еліміздің кеңістікті
айырмашылық себептерін көрсету қажет. Оларға жататындар төмендегілер:

Еліміз аймақтарының табиғи – климаттық жағдайының айырмашылығы;

Аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты,
саласы мен ауқымы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, сондай – ақ пайдалы
қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың
өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

Аймақтың орналасуның күрделі жағдайы , соның әсерінен шығындар артып,
бағаның өсуі туындайды. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің
дұрыс дамуына , оның экономикалық даму деңгейіне ықпал етеді;

• Инновация еңгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;

• Елдің экономикалық даму тенденциясы;

• Тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;

• Инстуционалдық фактор: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси
жағдайы, аймақтың даму тарихы және т.б.;

• Орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі,
өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс
жүйелерімене қамтамасыз етілуі, өндірістік инфрақұрылым;

Жалпы алғанда еліміздегі саяси ахуал мен әлеуметтік-экономикалық
өсудің тұрақтылығы, қоғамдық өмір сүрудің демократиялық негіздерін нығайту
шаралары, жаһандану жағдайына орай бейімделу мәселелерін ұтымды шешуде және
т.б. жағдайлар Әкімшілік басқарудың пісіп-жетілген проблемаларын уақытында
аныктап, оны одан әрі жетілдіре беруге толыкканды негіз бола алады.
Жергілікті өзін-өзі басқару формасы экономиканы және қоғамды
басқарудағы ең ежелгі басқару формасы болып табылады.
Муниципалды басқарудың аймақтық бірлігінің объектілеріне жатады.
1)жергілікті өндірістің, құрылыстың, ауылшаруашылықтың және басқа да
өндірістік объектілері жатады. Осының бәрі муниципалды жеке меншікке
жатады.
2)халықтың өмірін қамтамасыз ететін объектілер, оған жататындар:
қоғамдық тұрғылықты қорлар, тұрғын-коммуналдық шаруашылық ұйымдары мен
кәсіорындары, жергілікті транспорт, өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымның объектілері, әлеуметтік қорғау ұйымдары, демалу үшін
арналған рекреациондық объектілер.
3)әлеуметтік-мәдени сферадағы объектілер: Яғни мәдениет үйі, білім
беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт ұйымдары секілді.
Диплом жұмысының мақсаты – Қазақстан аймақтарында жергілікті өзін -
өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы ұйымдастыру болып табылады..
Диплом жұмысын зертеу барысында Қазақстан Республикасының заңдары мен
нормативтік актілер, оқулық, оқу құралдары, қосымша тақырып бойынша
материалдар, статистикалық мәліметтер қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде аймақ мемлекеттік басқару объектісі
ретінде яғни қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері, басқару –
аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы, Қазақстан Республикасында
жергілікті өзін – өзі басқарудың қалыптасуы сонымен қатар
аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану мәселелері
қарастырылған
Екінші бөлімде Семей қаласының білім бөлімі мемлекеттік
мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырылуы, Семей қаласының
білім бөлімі мемлекеттік мекемесі қызметінің жалпы сипаттамасы мен
құрылымдық бөлімшелері, Семей қаласында білім беру жүйесінің 2009-2011
жылдар аралығындағы дамуын стратегиялық жоспарлау, Білім беру жүйесін
дамытудағы бағдарламаның мақсаты мен міндеттерінің ерекшеліктері мен
мәселелері қарастырылған.
Үшінші бөлімде аймақтағы жергілікті өзін - өзі басқарудың
қалыптасуы мен дамуын жетiлдiру яғни, Қазақстан Республикасының
аймақтарындағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары ,аймақтық дамудың негізгі
басымдылықты бағыттарын анықтау қарастырылған

1 Аймақ мемлекеттік басқару объектісі ретінде

1.1 Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері

Елдің әлеуметтік – экономикалық дамуыны ұзақ мерзімге арналған
стратегиясы табиғи, әлеуметтік-эеономикалық және т. Б. Аумақтық
факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясатты барлық
бағыттарында нақтыланғанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген жеке жүзеге асу
мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму
жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық
саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының
мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға
толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей
араласпағанмен де, жанама түрде(салықтар, экологиялық, монополияға қарсы
шектеулер т. Б )араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді
қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс
өзара қарым- қатынасорнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін
қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының
дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан
реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтың дамуын
мемлекеттік реттеу – бұл олардың дамуыны қажетті шарты.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын
аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге
асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды
саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті
мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін
тигізетін негізгі жағдайларды сипаттауға жүгінейік.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілетін реформалар
аймақтық саралауды тым күшейтіп жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы
жалпы аймақтық өнімді өндіру көлемі бойынша республика халқының
айырмашылығы он есеге дейін жетті. Ал АҚШ- та ең алдыңғы және ең артта
қалғаан штаттарыны арасындағы айырмашылық –небәрі 1,8 есе ғана. Кесте
деректері көрсетіп отырғанындай, жан басына шаққандағы жалпы
Облыстар жылдар:
1999 2000 2001 2002 2003
Қазақстан Республикасы 121,5 157,8 168,4 172,3 266,9
Ақмола 87,1 94,7 95,8 98,1 157,6
Ақтөбе 124,2 162,5 185,4 200,1 285,9
Алматы 58,5 72 74,6 85,7 120,8
Атырау 288,6 581,7 698,2 701,5 1099,4
Шығыс Қазақстан 125,6 143,3 152,4 164,8 196,7
Жамбыл 44 50,2 56,4 60 91,2
Батыс Қазақстан 115,9 203,4 240 258,9 323
Қарағанды 150,8 197,2 201,4 202,5 272,2
Қызылорда 122,6 144,1 145,6 158,3 217,1
Қостанай 58,8 93,4 100,7 103,4 189,5
Маңғыстау 247,4 432,1 458,3 504,3 566,5
Павлодар 136,7 175,2 198,3 203,4 289,9
Солтүстік Қазақстан 55,1 61,1 67,5 71,3 147,8
Оңтүстік Қазақстан 55,4 61,1 67,5 71,4 110,3
Астана қаласы 243,3 254 259,4 302,5 510,6

Алматы қаласы 283,1 329,9 331,2 367,1 625,7

аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі – Атырау облысына, ал ең төменгі көлем
Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 2003 жылғы деректер бойынша осы екі
облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ- дегі айырмашылық 12 есе болған.
Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей
ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету
механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама – қайшылықтардың өсуіне
алып келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік –экономикалық
саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық
теңсіздіктер көбінесе объективті сипаттағы себептермен байланысты
болғанымен де, оларды жұмсарту қажеттілігі айқын. Мемлекеттің тұтастығын
сақтауға ұмтылған бірде бір мемлекет аймақтық теңсіздіктердің соншалықты
алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі де
дәлелдей түседі. Сондықтан қазақстан үшін әлеуметтік – экономикалық даму
қарқынын тігістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу
стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты
өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша
мүмкін емес . Республиканың қазіргі экономикалық кеністігі әлеуметтік,
экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі
аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың төрт топқа бөлуге
болады:
• Шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;

• Индустриялық дамыған;

• Агроөнеркәсіптік;

• Дағдарыстық.

Бірінші топ –стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай
қорларын иеленетін және ғылыми – өндірістік әлеуметінің қарқынды дамуына
жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аймақтарының эконогмикалық –
әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен
ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан
шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін
төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:

• Минералдық шикізат және көмірсутек шикізатттарын кешенді өндіру мен
өңдеудің жаңа технологияларын еңгізу негізінде стратегиялық шикізат
түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;

• Отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты
анықтайтын және әлемдік станадартқа жауап беретін жоғары дамыған
өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды құру;

• Ауылдық аумақатардың дамуындағы жинақталған күрделі
проблемаларды(әлеуметтік, экономикалвқ, экологиялық, т.б.) шешу.

Екінші топқа ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары
технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық
жағдайлары және жоғары ғылыми –өндірістік әлеуеті бар, негізінен
қаржылық ресурстармен өзін – өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.

Бұл аймақтарды дамытуда шешуді тлап ететін проблемалар қатарына
төмендегілерді жатқызуға болады:

• Шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;

• Жаңа ғылымды қажетсінет ін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа
технологиялар негізінде құрал – жабдықтар мен машиналар, электроника
құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын
дамыту;

• Нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.

Үшінші топ – ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді
аймақтар. Бұл топтағы аймақатр үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз
ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған
сабақтас дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.

Олардың әлеуметтік- экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей
мәселелер өз шешімін табуы тиіс:

• Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге
асыру;

• Ауыл шаруашылық өнімнің жоғары сапалығын және экспорттық әлеуметінің
өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жааңа технология мен
техникалаларды еңгізу және пайдалану;

• Тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын
өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-
техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымдарды құру.

Төртінші топқа – қысылшаң табиғи – климаттық, әлеуметтік – экономикалық
және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құқрылымы
ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа
ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған проблемалардан арылу
үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы
аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:

• Экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;

• Осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін
көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;

• Қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық
аймақтардан , кіші және шағын қалалардан және басқада тұрғылықты
жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін
халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;

• Шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды
тиімді пайдалану.

Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін
тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға
мүмкіндік береді.

Проблемалық аймақтаардың қатарына бір қатар себептердің салдарынан
экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе
төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған құрылымымен, нашар
дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар
олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж.
Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан
үшін шешілуі тиіс басты міндет – аймақтар үшін жағымсыз салдарларды
бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру
негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.

Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:

• Өндіріс қарқының төмендеуі;

• Халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі жан басына шаққандағы табыстың
төмендеуі

• Жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі
жұмыссыздықтың жоғары деңгейі

• Демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы
проблемалардың күшеюі және т.б.

Аймақатардың біркелкі дамумауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір
елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар – бұл
әлеуметтік – экономикалық, табиғи – климаттық, ресурстық және басқа да
жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы
мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу
болып табылады.

Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс айырмашылықтар көбінесе
аймақтардың экономикалық, табиғи –климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық
ерекшеліктерімен анықталады, сондай –ақ олар мемлекеттің теңестіру
саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың
басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына артта қалған
аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең
болмағанда орташа деңгейге біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі
міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың
әлеуметтік бейімділігін қолдау артта қалған аймақтарға капитал мен
инвестициялардың ке,луін ынталандыру және т.б. болып табылады.

Аймақ дамуының кез келген аясындағы жою, бір жағынан алғанда,
экономикалық белсенділік деңгеімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы
түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық
мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне
байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға
зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі
нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады.
Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларды
тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы
олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтық тұрмыс жағдайының деңгейін
көтеруге болады, бұл халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады,
бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін
анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.

Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың
өзіндік механизмдері бар 1-сурет. Макроэкономикалық саясаттың құрамдас
бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының
тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың
тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа
жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен
жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамуыдың әрекетті
механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтық дамудың әрекетті механизмін
жасақтау, сонымен қатар аймақтық ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша
пайдалану жатады. Осы суреттен көрініп тұрғанындай, аймақтық саясаттың
мақсаты, міндеттері мен жүзеге әдістері мемлекеттік реттеудің басқа
бағыттарымен өзара тығыз байланысты жүзеге асырылады.

Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен – өзі жеке дами алмайды, өйткені
басқа аймақтардың даму барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де
ескеруі тиіс. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі
аймақтық саясаттың маңызы ерекше бола түседі. Мемлекет әрбір аймақ үшін
бағдарлама жасап, сол бойынша аймақтар өзінің даму бағытын жүзеге асырады.

Аймақтық саясатты нақты қалыптастыру үшін еліміздің кеңістікті
айырмашылық себептерін көрсету қажет. Оларға жататындар төмендегілер:

Еліміз аймақтарының табиғи – климаттық жағдайының айырмашылығы;

Аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты,
саласы мен ауқымы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, сондай – ақ пайдалы
қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың
өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

Аймақтың орналасуның күрделі жағдайы , соның әсерінен шығындар артып,
бағаның өсуі туындайды. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің
дұрыс дамуына , оның экономикалық даму деңгейіне ықпал етеді;

• Инновация еңгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;

• Елдің экономикалық даму тенденциясы;

• Тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;

• Инстуционалдық фактор: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси
жағдайы, аймақтың даму тарихы және т.б.;

• Орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі,
өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс
жүйелерімене қамтамасыз етілуі, өндірістік инфрақұрылым;

Әлеуметтік –мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім
деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.;

Орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық
ерекшеліктердің есепке алынбауы.

Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық
саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және
оларды тегістеу саясаты болуы тиіс. Бұл жағдайда орталықтандыру мен
орталықсыздандырудың тепе-теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамудың
шешілуін әлеуметтік , экономикалық,саяси, құқықтық , мәдени, демографиялық
және т.б. шаралар жүйесін талап ететін саңқырлы проблема ретінде
қарастыруға болады.

Нарықтық экономика өту барысныдағы аймақтық саясат біршама өзгермелі
болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне қарай, кейбір аймақта
мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасуы үшін жалпы құқықтық
режимді қолдау жеткілікті болса, басқасына экономикалық белсенділікті
ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикаға экономикалық және
әкімшілік әсер ету әдістері қажет т.б.

Экономикалық саясат, еліміздің және оның жекелеген аймақтарарының
экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге және қойылған мақсаттарға жетуді
көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Ал, аймақтық саясаттың мәні
жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды басқару болып табылады.

1.2. Басқару – аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы.

Тәуелсіз мемлекетіміздің аймақтық саясатын жүзеге асыру тиімді
басқару жүйесін қалыптастырмайынша жоғары нәтижеге жеткізбейтіндігі
көптеген дамыған мемлекеттердің тәжірибесімен дәлелденіп отырған ақиқат.
Қазіргі уақытша ешбір мемлекет ел ішндегі тиімді аумақтық басқару
жүйесінсіз, басекеге қабілетті болып, әлемдегі өзінің лайықты орнына ие
бола алмайды. Өздерінің мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі талаптарға
сай жаратқан мемлекеттер өз аумақтарында шаруашылық кәсіпорындарын
орналастыру үшін, шет ел инвестицияларын тарту үшін тартымдырақ бола түсті.
Ал бұл қазіргі ғаламдану үрдісі белең алып отырған әлемдік бәсекелестік
жағдайында аса маңызда.

Экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған елдерде аймақтық
дамуға мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:

- Әділдік, яғни барлық аймақ тұрғындары үшін жақсы тұрмыс-жағдайына
жетудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

- Тиімділік. Жалпы ұлттың тұрмыс жағдайын көтеру мақсатында әр аймақтың
өндірістік әлеуметін тиімді пайдалану талап етіледі.

Бұл екі мақсат қарма-қайшы да біріңғай да болуы мүмкін. Мысалы,
экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат басымдылыққа ие болса, дағдарыс
кезеңінде екінші мақсат алдыңғы орынға шығады.
Қазіргі кезеңде әлеуметтік-экономикалық жүйенің күрделенуіне орай
басқарудың көп деңгейлі жүйесі кеңінен таралып отыр. Соған сәйкес
қалыптасқан теориялық негіздерге жүгінейік. Жоғары деңгейдегі басқару
құрылымы өзінен кейінгі басқару құрылымдарына үш негізгі тәсілмен ықпалын
тигізеді:
- Мақсаттар кою арқылы;

- Белгілі бір күтілетін нәтижені жүктеу арқылы;

- Ресурстарға шектеу кою арқылы.

Басқарудың әр түрлі деңгейлерінің арасында өкілеттіліктер,
жауапкершіліктер және функциялар болып бөлінеді. Бкетітілген өкілеттілік
аясында әрбір басқару құрылымы өз бетінше басқару шешімдерін қабылдауға
құқықтық бар. Басқарудың жоғары деңгейі ағымдағы қызметке, соңғысы өзінің
функцияларын орындай алмаған жағдайда ғана араласа алады. Бір деңгейдегі
басқару құрылымдары тікелей бір –бюірімен өзара әрекеттесе отырып,
басқарудың жоғары деңгейлерінің көмегінсіз өздерінің мәселелерін шеше
алады. Басқару деңгейлері арасындағы өзара әрекеттесу бөлінген
өкілеттіліктер мен функциялар шегінен шығып кететін болса, келісімшарт
түрінде жүзеге асырылады. Өкілеттіліктерді бөлгенде функциялардың қайсысын
ерекше орындау қағидасымен, ал, қайсысы үшін басқарудың әр түрлі
деңгейлеріне ортақ жауапкершілік бекіту керектігін ескеріп, соған сәйкес
оңтайлы шешімдер табу маңызы болып табылады.

Аймақтық басқарудың кез келген деңгейі басқарушылық қызметтің нақты
түрлерін орындаумен сипатталады, яғни құрылымның әрбір деңгейіне қатысты
нақты функциялардың болуы. Аймақтық басқарудың нақты функциялардың
жиынтығы басқару деңгейінің негізгі сипаттамасы болып табылады. Олардың
бөлудегі бастапқы негіз – аймақтық басқарудың нақты деңгейінің мақсаттары
мен міндеттері. Әр деңгей жоғары деңгейімен келесі отырып, өзінің
мақсаттарымен қалыптастырады.

Аймақтық басқару құрылымының деңгейлері бойынша функциялар мен
міндеттерді бөлу және қалыптастыру төменнен яғни басқару объектісінен, сол
сиякты жоғарыдан – басқару субъектісінен де таралуы тиіс. Функциялармен
міндеттер тым орталықтандырылу негізінде қалыптастырылса, төменггі
деңгейлерге артық немесе жүзеге асырылмайтын функциялардың берілу қаупі
туындайды, сол сияқты оларды орталықсыздандыру арқылы қалыптастырылған
жағдайда маңызды стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ескерілмей қалу
қаупі бар. Басқару деңгейлері бойынша нақты функцияларды бөлгенде төменгі
басқару деңгейлерінің басымдылығы немесе теңдігі сақталуы тиіс. Бөлу
барысында басқару органдарының міндетті өкілеттілігін аймақты басқару
мақсаттарына жауап бермейтін және нарықтық қатынастар арқылы шаруашылық
жүргізуші субъектілер өздері жүзеге асыратын функциялар енгізілмеуі қажет.

Осыған байланысты аймақты басқарудың көптеген функцияларын бөлудің
негізгі ережесі болып субсидиарлық қағидасы табылады. Ол қағидаға сәйкес
басқарудың нақты функциясы оны тұтынушыға барынша жақын болуы тиіс. Демек,
басқару деңгейлері арасында бөлінген функциялар басқару объектісінің
мақсатына қаншалықты сай болса, басқару да соншалықты нәтижелі болады.
Сонымен, қатар басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлгенде сақталуы
қажет бірқатар қағидаларды атап өтейік:

• Өкілеттіліктердің жеткілікті болу қағидасы, оған сәйкес функцияны
орындайтын басқару деңгейінің өкілеттілігі оны тиімді жүзеге асыру
үшін қажет жеткілікті болуы тиіс;

• Өкілеттіліктер мен жауапкершіліктердің сәйкестік қағидасы, белгілі бір
функцияны орындаудағы жауапкершілік берілген өкілеттіліктер шегінен
асып кетпеуі қажет, сондай – ақ бұл өкілеттіліктерден кем болмауы да
шарт.

• Ресурстармен қамтамасыз етілу қағидасы, басқару деңгейіне сәйкес нақты
жүзеге асыру қажетті материалдық, қаржылық, еңбек және ақпараттық
ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет.

Басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу бағалаудың сарапшылық
әдістерін қолдану негізінде белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
Басқарудың белгілі бір деңгейінде функцияны тиімді жүзеге асыру
мүмкіндігін бағалауда аумақтық бірліктердің түрлі сипаттамаларын ескеру
талап етіледі, атап айтқанда халық саны не ғұрлым көп болса, соғұрлым
функциялар жоғарыға берілмейді, басқарудың аймақтық деңггейлерін қалады.
Аумақтық бірліктерін экономикалық және әлеуметтік даму қаншалықты жоғары
болса, дамуға қатысты функциялардың көбі сол аймақтың басқару органдарының
құзіретінде қалдырылады.

Нақты функцияның жүзеге асыруының тиімділігін бағалау әрбір деңгейде
тиімділіктің әр түрлі экономикалық және техникалық көрсеткіштермен
анықталады. Функцияны жүзеге асырудың жоғары тиімділігін 0амтамасыз етуге
мүмкіндігі бар деңгейге сол функция бекітіліп беріледі. Аймақтық басқарудың
әрбір нақты функциясының жүзеге асырылуына және оның тиімділігіне басқару
объектісінің қанағаттандырыду деңгейі үнемі сарапшылық бағалау негізінде
анықталып отырылуы тиіс.

Осы теориялық негізге сүйене отырып, Қазақстан Республикасындағы
аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы ретіндегі басқару
ерекшеліктерін қарастырайық.

Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты
ретінде құралы. Осыған орай, аймақтық экономикалық саясат, орталық
үкіметпен қоса аймақтық билік органдармен жүргізілуі тиіс. Тек орталық
билікті ғана жалпы елдің экономикалық өсуін ынталандыру, жалпы әлеуметтік
шиеленісуді азайту үшін аймақ пен салалар арасындағы пайданы тиімді қайта
бөлу, елдің экономикалық дамуындағы терең аймақтық және салалық теңіздікті
қысқарту мүмкіндік беретін тұрақты экономикалық өсу траекториясына шығу
тәрізді күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік бар. Ал аймақтық деңгейдегі
билік болса өз мүдделеріне сәйкес, өз өкілеттілктегі шегіндегі
мәселелермен айналысады. Аймақтық дамуды осы орталық пен аймақтар
арасындағы мүдделерді үйлестіруді нысандарымен әдістерін қолдануды,
аймақаралық және аймақішілік материалдық ресурстар мен қаржылық
ағындарды пайдалану арасындағы өзара байланысты күшейтуді, республиканың ,
әсіресе дағдарыстық аймақтардағы субъектілерді әлеуметтік-экономикалық
дамуына мемлекеттік қолдау механизмін жетілдіру тәсілдерін көздейді.
Қазіргі кезіндегі аймақтар дамуының негізгі басқарушылық астары ретінде
Республикалық және аймақтық бағадарламалардың өзәра әрекеттесуі мен
үйлесуі, болып жатқан өзгерістерге сай олардың оңтайлы сәйкестігі
қарастырылады.

Аймақтық саясаттың екі деңгейлілігі екі басқару субъектісі –орталық
(Үкімет) пен аймақты (аймақтық басқару органдары) анық болып көрсетуімен
байланысты болып отыр. Бұл деңгейлердің әрқайсысы өздерінің басқару
аясында, функцияларын орындауда толықтай дербестікке ие . Барлық мәселе-
осы аялар мен функциялардың қалай бөлінетіндегінде, аймақтық басқару
органдарына қаншалықты бостандық берілгендігінде және басқару
субъектілердің арасында қандай қатынастар орнатылғандығында. Жалпы
алғанда екі түрлі нұсқа болуы мүмкін: -бірншісі, орталық аймақпен
салыстырғанда артықшылықты жағдайға ие болады; екіншісі, аймақтардың
мейлінше дербес бола отырып орталықпен айқын қатынастар орнатуы.

Аймақтық саясатты жасақтаудың мәні аймақты басқару функцияларын бөлу
қағидаларын, мемлекеттік және жергілікті деңгейде аймақтық саясатты жүзеге
асыру қағидаларын, сонымен қатар нақты экономикалық механизмдерді жасақтау
болып табылады.(2-сурет) .

Орталық үкімет аймақтық саясатты елімізді дамытудың жалпы ұлттық
мақсаттары шегінде жүзеге асырады және экономиканың даму жағдайына
тәуелді. Экономикалық дағдарыс кезеңінде- экономикалық мақсаттар, ал
экномикалық өсу кезеңінде әлеуметтік мақсаттар артықшылыққа ие болады.
Қазіргі уақытта, Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде
төмендегілерді айтуға болады:

Әрбір аймақтық халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін теңестіру;

Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру.Бірінші мақсаттан
айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін
жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Дағдастық аймақтарды құрылымдық қайта
құру тек ірі, жалпы мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады,
кеәбір аймақтарда аталмыш міндеттерді орындау үшін қажет ресурстардың
жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы, артта қалған
аумақтарды даму деңгейі жоғары аймақтардың деңгейіне жеткізу, бірақ мұндай
жағдай халыққа өз зардабын тигізбеу тиіс;

1. Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру;

2. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

Мемлекеттік басқару функциялары рөлінің өсуіне алып келеді.
Осыған орай билік деңгейлері арасында өкілеттілктерді,
жауапкершіліктер мен функцияларды бөлу жүзеге асырылуы тиіс. Биліктің
барлық деңгейлері:

• Халыққа әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуы және негізгі конституциялық
құқықтарын қамтамасыз етуі тиіс;

• Шаруашылық жүргізудің әр түрлі механизмдерін қолдануды реттеуі қажет;

• Халыққа қажетті , бірақ пайдасы аз және тиімділігі төмен
кәсіпорындарды ұйымдастыру мен қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге
асыруыц тиіс;

• Басқару органдары аймақтық артта қалған аудандарын дамыту саясатын
жүргізуі керек.;

• Табиғат қорғау шараларын жүргізуі тиіс.

Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтық
ерекшеліктерін, олардың шештін стратегиялық және тактикалық
міндеттерінің сипатын ескеретін, икемді және сараланған болуы керек.
Сонымен аймақтарды басқару келесілерді талап етеді:

Республикалық жэіне аймақтық деңгейлерді басқару органдарының
функциялары мен өкілеттіліктерін шектеу. Бұл басқару фунциялардың
қайталануына жол бермеуге, басқарудың ұйымдық құрылымның иерархиялығын
белгілеуге әрбір деңгейдің шаруашылық жүргізу нәтижелеріне
жауапкершіліктерінің шамасын анықтауға мүмкіндік береді;

Республикалық басқару органдарының, сондай-ақ шаруашылық жүргізудің
аймақтық жүйелерін басқаруға аймақтық басқару органдарының қатысуының
негізгі нысандарын табу.

Аймақтық басмқарудың маңыздылғымен қайырымы әлемдік шаруашылық жүргізу
тәжірибесіменде дәлелденіп отыр. Атап айтқанда, экономикалық даму
тұрғысынан алдыңғы қатарға шығу үшін міндетті түрде нарықта сұранысқа ие
аймақтық ресурстардың жеткілікті болуы, экономикалық әлеуетке ие болу шарт
емес. Көбінесе дамудың, оның ішінде аймақтық дамудың да жоғары деңшейінің
кепілі басқарудың озық түрлерін қолдану, басқару өнерін игеру, шаруашылық
айналдымға аумақтағы экономикалық әлеуетті тарту, аймақтың өзі үшін, басқа
аумақтар үшін экономикалық қызмет нәтижелерін пайдалана білу екендігі шет
ел тәжірибесімен айқындалған.

Қазіргі кезеңдегі аймақтағы басқарудың тиімділігін арттырудың
мемлекеттік стратегиясы ең алдымен, халықтың өмір сүруінің жеткілікті
деңгейін қамтамасыз етуге, елдің экономикалық кеңістігінің тұтастығы мен
бірлігін сақтауға, экономиканың нақты секторының тұрақты дамуы үшін
жағдайлар қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Аймақтық экономиканың қызмет
етуінің айқын белгіленген шекарасының болуы, аумақтардағы шаруашылық
жүргізу мен әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы дарбестіктің барған
сайын арта түсуі аумақтық тұрақты, тиімді дамуын қамтамасыз ететін
экономикалық саясатты жасақтаудағы аймақтық басқарудың жауапкершілігін
күшейте түседі. Нақ осы аймақтық басқару халықтың өмір сүру жағдайы мен
деңгейіне, қоршаған ортаның қорғалуына, аймақ экономикасының инвестициялық
тартымдылығына, оның бәсекеге қабілеттілігіне жауапты болады.

1.3 Қазақстан Республикасында жергілікті өзін – өзі басқарудың
қалыптасуы

Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-
аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті
істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы
Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына,
мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы
бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар
мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті
өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей
сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық
және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті
өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі
басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда
көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі
шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың
өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді.
Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді.
Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша
ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері,
әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі
болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің
ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-
өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады.
Англосаксондық үлгідегі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, т.б. елдерде жергілікті
өкілді орган коммитеттері жергілікті басқару органдары мемлекеттік
механизмінің құрамдас бөлігі болып саналып, барынша кең өкілеттілікке ие
болады. Бұл үлгі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті
мемлекеттік басқарудан айырмасы оның жергілікті сипатында ғана. Еуропа,
Африка, Латын Америкасының бірқатар елдерінде жергілікті өзін-өзі
басқарудың француздық үлгісі кеңінен таралған. Жергілікті өзін-өзі
басқарудың кеңестік үлгісінің әр түрлі көріністерін қазіргі Қытай, Куба,
ҚХДР-дан көруге болады. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдер арасында
Эстония, Латвия және Қырғызстанда 1991 — 95 жылдар аралығында жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесін үйлестіретін заңдар қабылданып, жүзеге асырылды.
Қазақстанда жергілікті басқарудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру жолында
бірқатар түбірлі өзгерістерге қол жеткізіліп келеді. Қазақстан
Республикасындағы саяси билік пен қоғамдық өмірді демократияландырудағы
басты мәселелердің бірі — жергілікті мемл. басқару мен жергілікті өзін-өзі
басқаруды реформалау болып табылады. Бұл ретте шетелдік тәжірибелерді
пайдаланумен қатар, Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени дәстүрлері
ескеріледі. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан өзіндік дәстүрлі басқару
жолдарында жергілікті өзін-өзі басқарудың алғышарттары болғандығы белгілі.
Рубасылары мен тайпа көсемдері көшпелілердің құрылтайлары мен жиындарында
сайланды. Оларға тартыс-таластарды шешуге, өз алдына әскер жасақтарын
құруға құқықты өкілет беріліп, рулық қауымдастықтар кең көлемде автономияға
айналды. Қазақ даласы Ресей патшалығының отарына айналғаннан кейін,
қалыптасқан дәстүрлер түбірлі өзгерістерге ұшырады. 1867 — 68 жылдардағы
реформалардан кейін қазақ даласы ауылдық, болыстық, округтік әкімшілік-
территориялық бірліктерге бөлініп, Ресей империясының қатаң бақылауында
ұсталынды. Аға сұлтандар мен болыстарды, билерді сайлау шартты түрде
жүргізілді. Басқарудың тиімділігін арттыру үшін жергілікті қалыптасқан
дәстүрлі басқаруды ішінара сақтап қалды. Сол арқылы қазақ халқының
жергілікті маңызы бар мәселелерді ауыл және болыстық жиналыс арқылы өз
бетінше шешуіне мүмкіндік берілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң
Қазақстан біртұтас кеңестік басқару жүйесінің құрамына енгізілді. Бір
орталықтан басқаруға негізделген қоғам жергілікті өзін-өзі басқаруды іске
асырмауға, барынша шектеп ұстауға тырысты. Қазақ КСР-ның 1937 жылғы
Конституциясында жергілікті басқару органдары туралы “Облыстық, аудандық,
қалалық, поселкелік, селолық және ауылдық жерлердегі мемлекеттік билік
органдары Халық депутаттары кеңесі болып саналады” деп жазылып, жергілікті
кеңестердің құрылуына жол ашылған болатын. Алайда, шын мәніндегі жергілікті
өзін-өзі басқару болмады, жергілікті мемлекеттік басқарудың жетегінде кетіп
отырды. 1978 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясында бұрынғы жүйеге көп
өзгеріс енгізілген жоқ, мұнда да: “Мемлекеттік биліктің органдары болып
еңбекшілер депутаттарының кеңесі саналады” деп жазылып, жергілікті өзін-өзі
басқарудың қоғамдық сипатының негіздері көрініс таппады. Қоғамдық-саяси
өмірді қатаң бақылауда ұстаған тоталитарлық мемлекет жергілікті өзін-өзі
басқару тәрізді мемлекеттік емес институттардың қызметіне мүдделі болмады.
Жергілікті кеңестер партиялық бюрократияның бет пердесіне айналды. Меншікті
түгелдей мемлекет иелігіне алу мен бір партиялық идеология жергілікті
халыққа өз бетінше іс-әрекет етудің, өзін-өзі басқарудың ешқандай
мүмкіндігін қалдырмады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кейбір нышандарының
(жолдастық соттар, аудандық, облыстық, қалалық бақылау коммитеттері, т.б.)
қызмет аясы мен құзыреті реттелінді. КСРО тарихында тұңғыш рет 1990 жылы
сәуір айында жарияланған “КСРО-дағы жергілікті өзін-өзі басқару мен
шаруашылық жүргізудің жалпы бастаулары туралы” заң жергілікті жерлердегі
билікті демократияландыруға қарай жасалынған маңызды бетбұрыс болған еді.
Қазақстанда “Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық
депутаттарының жергілікті кеңестері туралы” 1991 жылғы 15 ақпандағы Қазақ
КСР Заңымен жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуге бірінші қадам жасалынды.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті
кеңестері, аумақтық-қоғамдық өзін-өзі басқару органдары, жергілікті
референдумдар, жиналыстар (жиындар), азаматтардың конференциялары, өзге де
демократияның тікелей нышандары енді. 1992 жылы 13 қаңтарда аталған заңға
өтпелі кезеңге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы
атқару коммитеттерін алмастырған жергілікті әкімдер институты, іс-жүзінде,
өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерінің бірі — жергілікті дербестікке
көшуді білдірді. Қазіргі уақытта (2000) Қазақстанда жергілікті өзін-өзі
басқарудың толыққанды құқықтық негізін қалыптастыратын жаңа заң жобасы
әзірленуде.
жергілікті билік органдарының өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді өз
бетінше шешуге Конституциямен немесе өзге мемлекеттік актілермен берілген
құқығы;
жергілікті билік органдарының өздеріне берілген өкілеттіліктерін жүзеге
асыру бойынша қызметі;
сайланбалылықтың демократия принциптеріне және басшылықтың сайлау
негізіндегі ауыспалылығына сүйенетін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың
ағымдағы әкімшілдік, шаруашылық, кадр, т.б. мәселелерді шешу тәжірибесі;
қысқышы Жергілікті өзін-өзі басқару.
Жергілікті өзін өзі басқару – бұл халықтың қызметін жеке ұйымдастыруды
қамтамасыз етіп, өзінің жауапкершілігіне жергілікті маңызы қалада, ауданда,
ауылда және т.б. бар мәселелерді шешудің, яғни халықтық биліктің түрі.
Жергілікті өзін өзі басқарудың ұйымдық құқықтық негіздерін
жергілікті өзін өзі басқарудың сұрақтары мен жергілікті өзін өзі басқарудың
жарғысын реттейтін, Қазақстан Республикасының заң актілері мен Жарғысы
құрайды.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының ұйымдастыру мен қызметтерінің
тәртібі жергілікті өзін өзі басқару жөніндегі жарғыда көрсетіледі.
Жергілікті өзін өзі басқарудың сайланатын органдары қалалық және
аудандық мәслихат, ауылдық кеңес түрінде болады. Жергілікті өзін өзі
басқарудың сайланушы органдары заңды тұлғалар болып табылады.
Жергілікті өзін өзі басқарудың қызметкері – бұл жергілікті өзін өзі
басқару органдарының өкілеттілігін қамтамасыз етуді кәсіпкерлікпен жүзеге
асырушы тұлға.
Өзін өзі басқару қызметкерлерінің басқалардан басты ерекшеліктері
мыналарда:
- жергілікті өзін өзі басқару органында сайланбалы немесе
орындаушылық лауазымдық міндетті атқарады;
- құқылық құзыры жергілікті өзін өзі басқару органдарының заңдарымен
және актлерімен айқындалады;
- материалдық, әлеуметтік жағдайы жергілікті өзін өзі басқарудың
мүмкіндіктеріне қарай айқындалады;
- лауазымды міндет жергілікті өзін өзі басқаруда көзделгенге орай
(аттестация, конкурс бойынша өту, тағайындалу т.б.) жүктеледі;
- біліктілігіне және басқадай талаптар қамтамасыз етілуі заң бойынша
белгіленеді.
Аталған белгілерді тегжей келе жергілікті өзін өзі басқару
қызметкерінің құқықтық статусы мыналардан тұрады:
- қызметтің әлеуметтік-құқықтық тағайындалуы;
- алатын лауазымның сипаты;
- негізгі құқы мен міндеті;
- жергілікті өзін өзі басқару қызметінің кепілділігі;
- орган мен жергілікті қоғамдастықтың алдындағы жауапкершілігі.
Жергілікті өзін өзі басқару қызметінің әлеуметтік-құқықтық болмысын
сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті өзін өзі басқару
органдарында жұмыс істеулеріне жағдай туғызу;
- муниципалдық қызметке қатысуға бірдей құқық берілуін қамтамасыз
етуді;
- бір-біріне жақын тұратын қоғамдастықтардың мүдделеріне сай келетін
жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуды.
Жергілікті өзін өзі басқару қызметінің негізгі принциптері:
1. Қызметтің жергілікті қоғамдастықтың мүддесіне бағыныштылық принципі;
2. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының лауазымды қызметтеріне ұлтына,
жынысына, тіліне, әлеуметтік тегіне, қоғамдағы орнына, дініне қарамастан
қатысуларын қамтамасыз ететін азаматтардың тең құқылық принципі;
3. Жергілікті қоғамдастық жұртшылығы алдында қызметкерлердің бақылауда
болып және есеп беріп отыратындықтары;
4. Муниципалдық қызметкерлерге міндетті түрде қойылатындай жергілікті өзін
өзі басқару органдарының қызметкерлерінің де кәсіби шеберліктері мен
компетенттіліктері қажеттілігі;
5. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының аппаратын мезгіл-мезгіл
жаңартып отыруға мүмкіндік беретіндей ауыспашылық пен тұрақтылық
қажеттілігі;
6. Жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметкерлерінің құқық бұзуға жол
берген жағдайдағы жеке жауапкершіліктері болуының керектігі.

Жергілікті өзін өзі басқару органдарының қызметкерлері – бұлар
кәсіптік міндеттерін атқаратын және жергілікті өзін өзі басқару
органдарының қызметін қамтамасыз етуші азаматтардың категориясы.
Тиісті кәсіптік міндеттерді және муниципалдық қызметкерлерге сай
келетін өкілеттілікті олар егер жергілікті өзін өзі басқару органдарында
істеп, жергілікті басқару органдарының заңдылықтары мен актлеріне сай, әрі
осы органның немесе муниципалдық құрылымның, яғни, муниципалдық үкіметтің
мүддесіне орай атқарады.
Қызмет аялары немесе қызмет түрлері категориялар бойынша атқарылатын
мемлекеттік қызметкерлерден жергілікті өзін өзі басқару органдарының
қызметкерлері мыналарға байланысты жіктеледі:
- органның түріне (өкілетті, атқарушы, аумақтық- қоғамдық) қарай;
- жергілікті өзін өзі басқарудың құқықтық режиміне қарай (жалпы
мемлекет белгілеген аумаққа тікелей жақын орналасса);
- жергілікті өзін өзі басқару органдарының қызметін іріктеп сайлау
әдісіне қарай.
Комплектілеудің дәстүрлі ұғымы муниципалды қызметтің кадрларын
даярлауға, іріктеуге және орналастыруға саяды.
Қызметкерлерді даярлау – кәсіптік (қоғамдық-аумақтық органдар үшін)
мамандарды арнайы оқытып, жергілікті өзін өзі басқару органдарындағы
лауазымдарды атқаруға даярлау. Қызметкерлерді жергілікті өзін өзі басқару
органдарында, оқу орындарында, факультеттерде даярлауға болады.
Қызметкерлердің даярланған резервін қалыптастыру кадрларды жаңарту
процесінде орын басушылықты қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді іріктеу деп жергілікті өзін өзі басқару органдарының
жаңа қызметкерлермен толығуын айтады.
Күшіндегі заңдылықтар жалпы және арнаулы талаптарды тұжырымдайды,
олар қызметкерлікке кандидаттар болуы мүмкін, оларға жататындар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- кандидаттың жасы 18-ден кем болмауы керек;
- кәсіптік білімі және біліктілігі атқаратын лауазымына сай болуы
керек.
Бұл талаптар мемлекеттік лауазымдарға қойылатын талаптарға сай
болғанымен екеуігің арасында бірқатар өзгешелік бар.
Егер мемлекеттік қызметкер мемелкеттік басқару органдарында заңды
нормалар мен әкімшілік-үкіметтік жағдайларға қарай ашық араласатын болса
муниципалдық қызметкер муниципалдық нормалар, сондай-ақ жергілікті
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтай отырып араласады.
Мысалы француз эксперттері Францияның мемлекеттік қызметінің
принциптеріне қалыптасу жағдайын ұсына келіп, мемлекеттік қызметкерлерге
мынадай талаптар қояды:
- қызметтің үздіксіздігі;
- тұрақты жұмыс қабілеттілігі және қойылған міндеттерді орындай
алатындығы;
- саяси, идеологиялық және әлеуметтік қалтқысыздығы;
- қызметкерлердің іс-әрекеттеріне ұлттық кемсітушілік тұрғысынан
қарамау.
Муниципалдық қызметкер өзінің статусын жергілікті өзін өзі басқару
органында немесе жергілікті қоғамдастықта өз қызметімен бекемдеуі, яғни
кәсіптік қажеттілігін жұртшылыққа іспен көрсетуі керек.
Құқықтың кейбір салалары (әкімшілік және басқа да) мыналарды бөліп
көрсетуге негіз бола алады:
1) белсенді құқық субъектлігі, оған үкімет субъектлері
бағыныста;
2) пассивті құқық субъектлігі, оған бағыныстағы субъектлер
жатады.
Муниципалдық құқықта егер осындай құқықтық схемалар орын алатын болса,
онда бұлай жіктеу тым айқын белгілермен көрінбейді, яғни құқық
қабілеттілігі дегеннің өзі құқықпен пайдаланудың абстракты мүмкіндігін
көрсетеді.
Күшіндегі заңдылықтар лауазымға ауыстырып тағайындаудың төрт түрін
тұжырымдаған, олар: есепке алу, тағайындау, сайлау және конкурс. Жергілікті
өзін өзі басқарудағы қалыптасқан дәстүрлерді және жаңа тенденцияларды еске
ала отырып, неғұрлым тиімді әдістер – сайлау мен тағайындау екенін көреміз.
Әрине конкурстық негізде алу өте керек-ақ, бірақ ол әлі кең тарала қойған
жоқ.
Сайланған тұлға – жергілікті өзін өзі басқарудың өкілетті органдарына
белгіленген тәртіппен сайланып қойылатын тұлға, ол осы органның жергілікті
өзін өзі басқарудың мүдделерін жүзеге асыруға құқылы болады.
Есепке алу – вакантты орындар бар болған жағдайда және қойылған
талаптарға кандидаттың сай болуы ескеріле отырып, жергілікті өзін өзі
басқару қызметін жасақтауда қолданылады.
Тағайындау – бұл мемлекеттік жүйеде ежелден қалыптасқан негізгі тәсіл,
алайда оны муниципалдық қызметте де қолданады. Тағайындау арқылы атқарушы
органның лауазымды қызметкерлері жасақталады.
Конкурс – бос орынға қызметкер алудың бір жолы, мұнда көп
кандидаттардың біреуі таңдап алынады. Конкурстық комиссияның немесе
басқадай органның шешімі еңбек қатынастарын реттеудің негізі болады.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарына қызметке қабылданушы мыналарды
береді:
- өз арызын;
- кім екені көрсетілген құжат (паспорты немесе куәлігі)
- кәсіптік мамандығы көрсетілген құжат;
- меншігі саналатын табысы мен мүліктері туралы деректері жазылған
мемлекеттік салық органдарының анықтамасы;
- денсаулығы туралы дәрігерлік анықтама;
- жергілікті өзін өзі басқару органының көздеген басқа да құжаттары.
Жергілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Мемлекет нысаны ұғымы
Мемлекет нысанының ұғымы
Мемлекеттің фискалдық саясаты
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жайлы
Мемлекеттің территориялық құрылымы мен түрлері
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Мемлекетің құрылым нысаны
Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы
Пәндер