Ақаба сулардың қасиеттері мен құрамы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны: Мазмұны
Мазмұны: Кіріспе
6
Мазмұны: 1. Әдебиеттерге шолу
10
Мазмұны: 2. Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайы
17
Мазмұны: 3. Алматы қаласының ақаба суларын зерттеу әдістері
21
Мазмұны: 3. 1 Механикалық тазалау әдісі
22
Мазмұны: 3. 2 Биологиялық тазалау әдісі
26
Мазмұны: 3. 3 Судың сапасын биологиялық бақылау әдістері
27
Мазмұны: 3. 4 Сорбұлақ су сақтау қоймасы
31
Мазмұны: 4. Зерттеу нәтижесі
35
Мазмұны: 4. 1 Ақаба сулардың қасиеттері мен құрамы
43
Мазмұны: 4. 2 Дала фильтрациясы
45
Мазмұны: 4. 3 Лабораториялық бақылау
48
Мазмұны:

5. Еңбекті қорғау талаптары және техникалық

қауіпсіздік

52
Мазмұны: Қорытынды
56
Мазмұны: Өндіріске ұсыныстар
57
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер тізімі
60

Кіріспе

Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан ол оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды.

Сонымен қатар, қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе - теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі - адам денсаулығына әсері.

Әсіресе, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты.

Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері 6 млрд. 3 деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі Оңтүстік астана атанған Алматы қаласы.

Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет аймағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылған тұрмыстық - коммуналдық суы 70 км жердегі Сорбұлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлге айналды.

Ақаба сулар - бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, соның ішінде елді мекен өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, коммуналдық -тұрмыстық, нөсер т. б ағындылары арқылы өткен су.

Адамның тұрмыста және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейінгі су. Ақаба сулардың әрбір текше метрі таза судың 60 м 3 -ін ластайды. Ақаба сулардың - шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Ақаба сулардың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зор нәжістік - физиологиялық қоқыстармен"лвутвнған және шаруашылық қоқыстармен ластанған және шаруашылық раковина, ванна, монша, кір жуатын жерлерден түсетін сулар; Өндірістік ақаба сулардың құрамы ақаба сулардан түзілетін технологиялық процестермен, сондай-ақ материалдармен шикізаттың химиялық қасиеттерімен анықталады.

Адамзат өмір сүруінде ауыл шаруашылығы айтарлықтай роль атқарады. Сондықтан ауылшаруашылығын арттырып, табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың бір өзекті жоспары пайдаланылған ақаба суларды қайта пайдалану болып табылады. Қазақстандағы тек жануарлар қорынан шығарылатын ақаба сулардың көлемі 2, 5 млн / м 3 /жыл.

Ақаба сулардың көлемі мен ластану сапасының шегі үлкен көлемде халықтың тұрмысты пайдалану дәрежесіне, техникалық процестердің жүргізілуіне байланысты ауытқып отырады. Олар көптеген токсинді заттардан тұздар, ауыр металдар, фенол, фтор, мазут, ртуть, балшық және көптеген биогенді элементтерден тұрады. Күрделі құрамды химиялық ақаба сулар топырақтың суландыратын агрохимиялық құрамына әсерін тигізуі мүмкін. Керексіз құбылыстардың біріне тұздардың химиялық және бактериялық ластанулары кіреді.

Республикамыздың « Қазақстан 2030 » стратегиялық дамуында негізгі орынды Қазақстандықтардың тұрмыс жағдайының жоғарлауына және қоршаған ортаны экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінген.

Қазіргі экологиялық проблемалардың бірі үлкен қалалардан шыққан тұрмыстық және өнеркәсіптік ластанған суларды тазалау мәселелері болып отыр.

Қазақстан Республикасының өндіріс орталықтары мен ірі қала маңайларында 340-қа жуық қалдық су тоғандары бар, олардың көпшілігі кернесінен асып, жер асты суларына инфильтрация жүргізу және т. б экологиялық қауіптер тудыруда. Соңғы жылдары ластанған сулардың пайдалануы мен қайта өңдеу мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Алматы қаласының тұрғын жай және әртүрлі өнеркәсіп орындарының ластанған қалдық сулары Сорбұлақ көліне жиналады. Кейбір авторлардың жүргізген зерттеулерінің нәтижелері бойынша Алматы қаласының ластанған суларының жоғарғы улылығы және тазалау сатыларындағы тазарту дәрежесінің жеткіліксіздігі дәлелденген [33, 34] .

Су экожүйесінің биологиялық тепе-теңдігі гидробионттар мен қоршаған орта арасындағы байланыспен сақталып отырады. Зиянды экологиялық факторлардың әсерінен бұл тепе-теңдік бұзылып, биоценоздың түрлік құрамына әсер етеді. Ал, биоценоздың түрлік және сандық құрамының дамуы судың сапасының негізгі көрсеткіші болып табылады. Сутоғандарының өнімділігі мен биоценоздың қалыптасуында маңызды орынды микробалдырлардың құрамы алатыны белгілі. Соңғы жылдары су экожүйелеріне бақылау жүргізетін зерттеушілердің назарлары сутоғандарындағы микробалдырлардың түрлік құрамының санымен олардың таралуын зерттеуге арналған. Микробалдырлардың белгілі-бір түрінің су ортасында болуы немесе болмауы олардың таралуы ортаның ластану деңгейімен байланысты, сондықтан басқа да көрсеткіштермен қатар альгологиялық көрсеткіштер де индикаторлық мәнге ие. Сонымен қатар, ластанған қалдық суларды тазалау процесінде гетеротрофтармен бірге, жоғары өсу жылдамдығымен, реакцияларды жылдамдататын, органикалық қосылыстарды деструкциялау, металдарды сорбциялау қабілеттігімен сипатталатын фототрофты микроорганизмдер жайлы мәліметтер көп. Бірақ осы ластанған суларды тазарту жүйелеріндегі фототрофты микроорганизмдер, соның ішінде микробалдырлардың түрлік және сандық құрамы, олардың мезгілдік өзгеруі, индикатор-сапробты қасиеттері және биоэкологиялық рөлі туралы зерттеулер өте аз жүргізілген.

Сондықтан, ластанған су экожүйелерінің алғашқы продуценттердің бірі - микробалдырлардың түрлік құрамы және сандық мөлшері, олардың су тоғандарының тазалығын бағалау және тазартудағы рөлін зерттеу қазіргі биология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

Менің дипломдық жұмысымның мақсаты - Алматы қаласының ақаба сулурын тазарту жолдарын үйреніп, игеру.

Тазалаудың үш әдісі бар : механикалық әдіс, биологиялық әдіс және хлорлау әдісі. Тазалаудан шыққан су бастапқы ақаба сулардан әлдеқайда тазаланып шығады.

Мысалға, келіп жатқан судың температурасы 19, 7 0 С болса, тазаланған суда 20 0 С-қа жетеді. Ал, судың мөлдірлігі түскен суларда 7, 9 см болса, тазартылған суда 25 см-ге дейін барады.

Көптеген химиялық элементтер азот аммониі, нитриттер, нитраттар, еріген оттегі, фосфаттар, темір, фенолдар, мұнай өнімдері, хлоридтер, сульфаттар, мыс, қорғасын, хром +6, хром +3 тағы да сол сияқты ақаба суда көптеп кездесіп жатады.

Бұл элементтердің құрамы биологиялық тазалаудан кейін біршама азайғанын көреміз.

1. Әдебиеттерге шолу

Қазақ халқының ежелгі мақалы - « Су бар жерде өмір бар » дейді. Бұл мақал өзен, көл, жылға, бұлақ, қайнар су көздерін адам өзі ұдайы қамқорлыққа алып, қорғап отыруы қажет екендігін еске салады.

Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы өте зор. Ғылым планетамызда алғашқы тіршілік суда дамығанын және оның мұнда өрбігенін дәйектейді. Міне сол кезден бері су мен тіршілік мағынасы бір-бірінен ажыратылмайды. Сусыз тіршілік жоқ. Ол қан мен өсімдік сөлінің құрамына кіреді, сөйтіп зат алмасу процесінің жүруін қамтамасыз етеді [1] .

Судың құрылымы өте күрделі болатындықтан таза суға анықтама берудің өзі қиын. Байкал көліндегі су табиғаттағы ең таза су деп саналады.

Химиялық құрам судың дәмін аз ғана кетіреді, бірақ иісі өткір болғандықтан суды тұтынуға жарамсыз етеді.

Суды тазалау өте қымбат тұратындықтан көптеген өнімдердің өзіндік құнын арттырады. Мысалы, мұнай өнеркәсіптерінде қазіргі заманғы мұнай өндеу зауыттарының құрылысын салу барысында қоршаған ортаның ластануына қарсы жүргізілетін күреске шамамен 8-10 % капитал жұмсалады.

Басты су тұтынушылардың біріне, бұрын айтып кеткендей, ауыл шаруашылығынан кейін өнеркәсіп саласы жатады. Қазіргі заманғы металлургия зауыты немесе целлюлоза қағаз комбинаты 100-200 мың халқы бар қалаға қарағанда суды әлдеқайда көп шығындайды [2] .

Адам баласының мәдениеті мен техниканың, өндіріс құралдарының жетілуі, осы арқылы халық санының артуы суға өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Адам баласының суға деген қажеттілігі арта түсті. Бұл қажеттіліктің артқаны сондай, өндірістер шоғырланған және халық тығыз орналасқан жерлерде тапшылығы анық байқалып отыр. Су әсіресе өндірістерде көп жұмсалады. Бұған мынандай нақты дәлелдер келтірейік : бір тонна шойынды қорытып, болат прокатқа айналдыру үшін - 300 м 3 , бір тонна мыс үшін - 3500 м 3 , бір тонна синтетикалық каучук және жасанды жібек жасау үшін 2100-2500 м 3 су қажет.

Ғалымдардың есебі бойынша жер шарындағы барлық суды адам баласына бөлетін болса, әр адамға 3800 миллиард литрден су келеді екен. Бұл су аз емес қой. Алайда, сонша көп судың екі процентке жетер-жетпес бөлігі ғана ішуге жарайтын тұщы су [3] .

Сулардың транспорттық маңызы да зор. Көптеген сулардың шипалық қасиеті бар. Халқымыздың денсаулығын жақсартуда және оларға эстетикалық тәрбие беруде бірқатар су көздері маңызды рөл атқарып отыр.

Бұдан басқа да адамдарға қатысты тағы бір жайт - су көздерін таза сақтау. Қазіргі кезде ішкі суларымыздың ластану дәрежесі өте қауіпті жағдайға соқтырғалы отыр.

Суларды ластаудың негізгі көздері :

1. Ауылшаруашылығында жерді улы химикаттармен тыңайту, жерді тыңайтудан қалған қалдық сулардың қайта келіп өзендерге, көлдерге құюы. Бұл, әсіресе күріш егістіктерінде, мақта плантацияларында молынан кездеседі.

2. Кен орындарын пайдаланудан болатын өндіріс қалдықтары.

3. Мұнай өндірісінің ластанған сулары.

4. Ағаш материалдарын дайындаудағы, өңдегендегі және су жолдарымен тасымалдағандағы ағаш қалдықтары.

5. Су және темір жолдарының лас қалдықтары.

6. Техникалық өсімдіктерді алғашқы өңдеудің қалдықтары.

Бұл айтылған су қорларының ластану көздерінің ішіндегі ең қауіптісі - балықтарға зиянды әсер ететін, құрамында химиялық улы заттар бар өндірістің қалдық сулары. Оған : целлюлоза-қағаз фабрикалары, химия өндіріс орындары, мұнай өңдеу, металлургия зауыттары, мал шаруашылығы өнімдері - жүнді, теріні өңдейтін зауыттар, т. б жатады [4] .

Ә. Бейсенованың мәліметтері бойынша лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 42 %-тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы МемСт 287482 бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады [5] .

Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өте көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай-ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бұл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан, аминдер, күкірт және фосфор улы қосындылары пайда болы, су саси бастайды. Оттектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына, онан кейін су өсімдіктерінің силеуіне әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасы - су біртіндеп кедейленеді.

Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып есептелінеді. Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту - өте қиын және қымбатқа түсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір заттардан толықтай тазартады деп айту қиын [6] .

Г. С. Оспанова мәліметі бойынша сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әртүрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әртүрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т. б заттар жатады.

Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен ластану үлесі жоғары.

Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады. Қазір бүкіл адамзат мұхиттың дүниежүзілік қоқыс төгетін жер еместігіне көзі жетіп отыр.

Атақты француздың мұхит зерттеушісі Жак Кусто егер оны уландыру тоқталмаса оның тіршілігі жойылуы мүмкін деген қауіп айтады [7] .

Судың сапасы, оның физикалық, химиялық, биологиялық және бактериологиялық көрсеткіштеріне байланысты анықталады.

Су қолдану, оның ластануына, ал бұл суларды су қоймаларына қайтару, қоршаған ортаның ластануына және ондағы тепе-теңдіктің бұзылуына алып келеді. Сондықтан суды ұтымды және үнемді пайдалану арқылы табиғатты ластамау, қоршаған ортаны тазы сақтаудағы негізгі қағидалардың бірі болып табылады.

Су өндірістің басқа салаларында да қолданылады: су транспорты, ағашты ағызу арқылы тасымалдау, балық шаруашылығы, гидроэнергетика.

Су, транспорт қатынасы және ағаштарды ағыза отырып тасымалдауда бұрын көп қолданылып, өте қолайлы және арзан әдістердің бірі деп есептелініп келді [8] .

Қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бүкіл әлем зерттеушілерінің назарын аударуда. Халық санының өсуі, суарма егістік көлемінің көбеюі, сонымен бірге урбанизация және индустриализацияның қарқынды дамуы, су қорларының шамадан тыс қолданылуына алып келді. Сонымен қатар, өндіріс салаларының жаңа түрлерінің дамуы салдарынан су көздерінің әртүрлі қалдық сулармен ластану қаупі де, жоғарылады. Осыған байланысты өзен, көл, тоған сулары жиі экологиялық ластануға ұшырайды. Бұл экологиялық ластанудың нәтижесінен судың сапасы апаттық деңгейге дейін бұзылуы мүмкін. Судың эфтрификациялануы мен ластануы, табиғи суларға әртүрлі антропогенді әсерлердің нәтижесінде пайда болатын күрделі құбылыс. Ластану биотикалық айналымды, оның тепе-теңдік жағдайда болатын жеке көріністерін бұзып, биологиялық өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады. Ал, эфтрофикациялану кезінде табиғи сулардағы биогенді элементтердің шамадан тыс көбеюі нәтижесінде бірінші биологиялық өнімділікті жоғалтады. Бірақ өнімділік процесінің барлық бөлімінде немесе барлық кезеңінде тепе-теңді өнімділіктің жоғарлауы шексіз жүруі мүмкін емес. Осының нәтижесінде судың тұнықтылығы төмендейді, гиполимнионда тотығуы үшін оттегіні қажет ететін органикалық заттар жиналады да, нәтижесінде оттегінің тапшылығы немесе толық анаэробты жағдай пайда болады. Жарық және газ режимінің өзгеруі гидробионттар бірлестігінің құрамы мен құрылымының өзгеруімен қатар жүреді. Тоған суларына органикалық заттардың түсу жолдарын жалпы формада қарастыра отырып Г. Г. Винберг оларды мүмкін 3 жағдайға бөлді.

Бірінші: егер тоған суларына органикалық заттармен биогенді элементтер қалыпты қатынаста С:N:P болса, олар толық минерализацияға ұшырайды, ал олардың өнімдері бірдей мөлшерде оттегі бөліп шығарған және сіңіріп алған, органикалық заттардың эквивалентті санының фотосинтезі үшін жұмсалады. Экожүйенің тұрақтылығы оның соңғы өнімдерін алып тастау мөлшері ортаға түсетін биогенді және органикалық заттардың мөлшеріне эквивалентті жағдайда ғана сақталады. Егер органикалық заттардың түсуі соңғы өнімдерді алып тастаумен толықтырылмаса су тоғандарында эвтрофикациялану жүреді.

Екінші: тоған суларына шамадан тыс көп биогенді заттар түседі. Олардың минерализациялануы және фотосинтезденуі нәтижесінде эквивалентті мөлшерде органикалық заттар түзіледі және органикалық заттардың жаңадан пайда болуына оттегінің эквивалентті мөлшерінің түсуіне қызмет ететін артық биогенді заттар қалады. Продукцияның деструкцияға басымдылығымен органикалық заттардың оң биотикалық теңдігі бақыланып, тоған суларының эвтрофикациялану жылдамдығы бірінші жағдаймен салыстырғанда өте жоғары болады.

Үшінші: тоған суларына биогенді заттардың тапшылығымен органикалық заттар түседі. Олардың минерализацияланған өнімдерін фотосинтез кезінде органикалық заттардың тотығуына оттегінің жеткіліксіз мөлшері бөлініп, органикалық заттар аз синтезделеді. Сондықтан олардың тотығуына егіген оттегі жұмсалып, оның судағы құрамы төмендейді де, керісінше көмірқышқыл газының мөлшері жоғарлайды. Бұл жағдайда деструкция продукциядан асып түсіп, энергетикалық теңдігі кері болып, тоған суларының ластануы пайда болады.

Қатты эвтрофикациялану кезінде, әсіресе екінші жағдайда екінші реттік ластану бақыланады. Бұндай жағдай мысал ретінде, балықтардың жойылуынан, көк жасыл балдырлардың шіруінен және т. б жағдайларда бақылануы мүмкін.

Ластану деңгейі жоғарылаған сайын бір түрдің екінші түрге алмасуы және олардың санының азаюы мүмкін. Бұндай жағдайда дағдыдағыдай оттегінің төменгі мөлшерінде және еріген органикалық заттардың жоғарғы концентрациясында тіршілік ете алатын эврибионтты түрлер ғана сақталады. Тоған суларының эвторфикациялану кезіндегі гидробионттардың саны және олардың өнімдерінің жоғарлауы алғашқы өнімнің жоғарлауына, ал ластану кезінде - органикалық заттардың сырттан келуіне пропорциональды болады [9] .

Көптеген өндіріс және канализация қалдық сулары тұщы су экожүйесінің биотикалық процестеріне тән емес, бір шама заттардан тұрады. Бұл қажетсіз заттар, шектен тыс көп мөлшерде табиғи экожүйесінің автотрофты және гетеротрофты компоненттерінің дауын тежеп, эвтрофикациялану процесінің ең қауіпті жағдайларына ұшыратады. Олар адам өміріне зиянды патогенді және патогенді емес бактериялар мен вирустардың көбеюін туғызуы мүмкін. Соңғы кезге дейін судың химиялық сапасының төмендеуі негізінен улы металдардың ластануымен шектелсе, қазіргі кезде өндіріс процестерімен ауыл шаруашылық әрекеттерінің нәтижелерінде пайда болатын әртүрлі органикалық заттардың микроқоспаларыда қауіп тудыруда [10] .

Шамадан тыс көп органикалық заттарды минерализациялау үшін тоған суларындағы еріген оттегінің көп бөлігі жұмсалады, оның нәтижесі балықтардың негізгі қоректік көзін құрайтын оксидофильді жануарлардың жойылуына алып келеді [11] .

Континентальды тұщы су қорының сапасына жалпы көлемде қауіп тудыратын антропогенді эвтрофикациялану процесі, оған қарсы күресу жолдарын іздеу көптеген зерттеулер жүргізуді қажет етті. Су экожүйелерінің антропогенді эвтрофикациялану кезіндегі қайта құру жылдамдығы, тоған суларының табиғи дамуы жөнінде баяндалған көп мәліметтерде, тоғандардың сапалы өзгерістерінің жолдарын көрсетіп қана қоймай процестің негізгі функциянальды сипаттамасын көрсетуге мүмкіндік береді [12-15] .

Судың биологиялық анализінің негізін ХVІІІ ғасырдың 60-70 жылдары А. Мюллер мен Ф. Кон салып кетті. Ал ХІХ ғасырдың соңында Мец тұщы тоған суларының флора мен фауна өкілдеріне санитарлық және биологиялық анализінің принципі негізінде тоған суларына қалдық лас сулардың құйылуынан бір қатар гидробионттардың тіршілігінің жойылуының нәтижесінде судың әртүрлі ластану деңгейін сипаттайтын арнайы организмдер бірлестігі пайда болуымен аяқталады. 1908-1909 жылдары Кольквитц пен Марсонның сапробты индикатор-организмдердің тізімін жариялағаннан кейін судың сапасын санитарлы-биологиялық болжау практикада кең қолдау тапты [16] .

Саробтылыққа нақты түсінікті Ресейдегі санитарлы-гидробиологияның негізін салушылар профессор Я. Я. Никитинский мен Г. И. Долгов берді, - « Сапробтылық - берілген организмнің әртүрлі органикалық заттардың құрамында, әртүрлі ластану деңгейіне байланысты олардың судағы даму қабілетінің физиологиялық қасиетінің кешені » [16] .

Г. И. Долгов индикаторлы түрлердің тізімін қарастыруда организмдердің ластану аймағына сәйкестілігін қосалқы формаларға тәуелділігімен анықтау қажеттілігіне сүйенеді. Ол ластану деңгейін бағалауда негізгі назарды жеке индикаторлық түрлерге емес, олардың бірлестігіне аударды. Бұл оған индикаторлы организмдердің тізімін 103 түрге дейін қысқартуға мүмкіндік берді [17] .

Қалдық лас су және ауыл шаруашылық қалдық суларының көлдерге құйылуының салдарынан қоректік заттарға байып, балдырлардың кейбір түрлерінің саны жоғарлап (Asterionella Ceratium), ал кейбіреулерінің азайғанын (Oscillataria, Dinobryon, Fabellaria) байқаған. Балдырлардың басқа түрлері дәл осы кезеңде бірінші рет пайда болып, кейіннен жылдық сукцессияда кездесіп отырған. Антропогенді эвтрофикацияға ұшыраған көлдерде судың «гүлденуін» туғызатын прокариотты көк жасыл балдырлардың түрлерінің пайда болуы бүкіл әлемде алаңдату туғызуда [18] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Былғары мен үлбірдің құрамы мен қасиеттері
Көкшетау қаласының ағынды суларын тазарту жөніндегі имараттарға талдау жүргізу және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АҚАБА СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ТОСПА СУ» МЕКЕМЕСІ МЫСАЛЫНДА)
Табиғи суларды микробиологиялық жолмен өңдеу технологиясы ( Қопа мысалында )
Өндіріс әдістерімен суды тазарту
Молдова КСР жемісті-көкөністі консерві өнеркәсібінің ақаба суын тазалау технологиясы
Қалдықтар - потенциалды шикізат көзі
Ақаба суларды биологиялық тазарту
Су құбырларын тазартатын құрылғы
Ауа, су, топырақ құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне әсерін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz