Астананың туристік имиджін дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1 Қазақстан Республикасындағы туризмнің даму деңгейіндегі негiзгi үрдістер (Астана қаласы негізінде)

1. 1 Астана қаласындағы туризмнің даму кезеңдері . . . 10

1. 2 Астанадағы туристік инфрақұрылымның қалыптасуы . . . 16

1. 3 Туризм дамуындағы әлемдік үрдістердің Қазақстан туризміне ықпалы . . . 22

2 Астана қаласынағы туризмнің қалыптасу аспектілері мен мәселелері

2. 1 Астана қаласындағы туристік саланың қазіргі кезеңдегі жағдайы (әлеуметтік талдау) . . . 26

2. 2 Астана қаласындағы туризм индустрия қалыптасуының негізгі аспектілері . . . 31

2. 3 Астана аймақтарының туристік тартымдылығын арттыру мәселелері . . . 36

3 Қазақстан Республиксындағы туристтiк қызметті мемлекеттiк қолдау

3. 1 Мемлекеттік реттеудің тусінігі, мақсаттары және әдістері . . . 42

3. 2 Қазақстандағы туризмнің даму стратегиясы және туристік индустрия саласы үшін мамандарды жетілдіру . . . 44

3. 3 Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру . . . 50

Қорытынды . . . 56

Әдебиеттер тізімі . . . 61

Қосымша . . . 63

КІРІСПЕ

Туризм - әлемдiк iрi индустрия. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 10-бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9-ыншы жұмысшы орнын қамтамассыз етеді.

Туризм - демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жеке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.

Біздің жұмысымыз елордамыз Астана қаласының негізінде туризмнің дамуы тақырыбында өрбімек. Жас қаламыздың туристік саласының дамуы, оның қазіргі жағдайымен мәселелері және келешекте одан әрі дамыту бағдарламасы жөнінде талқыланады.

Бұл жұмыстың өзектілігі Астана қаласы экономикасындағы туризмнің үлесін ұлғайту, қала маңайындағы аймақтардың туристік тартымдылығын және туризм саласында көрсетілетін қызметтер сапасының деңгейін, осы сала үшін білікті мамандарды қазіргі заман талабына сай етіп көрсету.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан бойынша оның ішінде Астана қаласындағы туристік саланың болашақтағы дамуын анықтау, елордамызда туристік инфрақұрымын жетілдіру жолдары, қала маңайындағы аймақтардың туристік тартымдығын жетілдіру, олардың мәселерелері және шешу жолдары. Сондай-ақ еліміздегі туристік имиджді қалыптастыру және әлемдік деңгейдегі стандарттарға сай болу жағдайларын жетілдіру. Осы салада кадрлар мәселесін шешу жолдары қарастырылады.

Қазақстанда туризмнің даму тарихы жалпы әлемдік үрдістермен ерекшеленеді. Себебі, көптеген жағдайда оның дамуы елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерімен анықталады. Туризм Астананың экономикалық дамуындағы маңызды саланың бірі болып отыр. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев ҚР экономикасын кластерлік дамытудағы басым бағыттың бірі ретінде туризм индустриясын дамытудың маңызын атап өтті. Астана туристік кластерін дамытудағы басты міндет Қазақстан астанасында туристік инфрақұрылым жасау, оның ішінде, мәдениет және демалыс саябақтарын, қонақ үйлер, сауда, ойын-сауық және басқа тынығу нысандарын салу, туристік қызметті әлемдік стандарттар талабына үйлестіру, сондай-ақ туристік саланың мамандарын даярлау болып табылады.

Астана - Қазақстанның бас қаласы, инфрқұрылымы қарқынды дамып келе жатқан, іскерлік елдердің орталығы. Қала ең ірі сауда-өнеркәсіптік, ғылыми-мәдени, білім беретін, қаржы-кәсіпкерлік мемлекет орталығы болып табылады. ҚР-ның жаңа бас қаласы орталық аймақтың солтүстігінде орналасқан. Соңғы он жыл ішінде қала жылдам қарқынмен өсті. Астана мемлекеттердің саяси және іскер қаласына айналды. Мұнай, газ және құрылыс кәсіпорындарының көпшілігі дәл қазіргі уақытта Астанада жұмылдырылған. Қаланың дамуы 2030 жылға дейінгі мерзімге дейін жоспарланған.

Астананың архитектуралық келбетінің жыл сайын жаңғырып, сондай-ақ туристік нысандардың көбейюіне орай, туристерге сауатты ақпар беру мақсатында Астана туризм ассоциациясы (АТА) қала бойынша саяхат жүргізетін гидтерге арнап әдістемелік құрал шығарып тұрады. Астананы шетелдерге жақынырақ таныстыру, туристік саяхатпен келемдеушілердің ынтасын арттыру мақсатында шетел ақпарат құралдары мен баспа беттерінде Астананың көз тартар көрікті жерлері мен оны қоршап жатқан курортты өңірлері туралы мақалалар мен эссе-әңгімелер ұйымдастырып тұру қолға алынды. Негізінен, Жапония, АҚШ, Германия, Голландия, Оңтүстік Корея, Туркия, Франция, Малайзия, Италия, Испания елдері басты нысана болмақ. Астана қаласының туристік қызметін жетілдіре түсу үшін, ол жайында ақпарат аламын деушілерге жарнама-ақпараттық материалдар, астана туралы панорамалы туристік карта, фотоальбом, брошюралар, әлемнің жетекші тілдерінде жолнұсқау кітапшалары шығарылып тұрады.

Астана кейінгі үш жыл ішінде Қазақстанның өз аймақтары және көршілес республикалармен ішкі туризмді дамытып, оны астана маңайында орналасқан қорықтармен таныстыру турларына ұластыру жағын қолға алып отыр. Экологиялық туризм кезінде бір нәрсені естен шығармаған жөн, табиғат аумағындағы демалыс орындарының адамға қызмет ету қаблеті шексіз емес. Бұған бұрыннан келе жатқан «Ақмалотурист» туристік фирмасының іс-тәжірбиесі мысал бола алады. Олар Сарыобаны қолға алып, аялап, қайтадан жан кіргізу ісімен шұғылдануда. «Саят» фирмасы да Астанада ірі турфирма санатына жатады, олар «Ел жүрегі - Астана» сити-тур ұйымдастырды.

Ғаламтордағы мәлiметтерге сүйенсек, дүниежүзi бойынша туризмнен түсетiн пайда 4 триллион долларға жетедi екен. Бизнестiң осы түрi әлем елдерiнiң қазынасына 800 миллиард доллардан астам салық түсiредi. Мiне, осылайша туризм - жаһандық экономиканың қозғаушы күшi болып табылады. Оның пайдасын жете түсiнгендер бұл саланы дамытуға қаржысын аямайды. Ал бiзде ше? Елiмiздiң елордасы - Астана қаласындағы туризм саласы қандай деңгейде? Шаһарымыз бас қала атанғалы туризм саласында қандай өзгерiстер болып жатыр? Қолға алынған игi iстер мен шешiлмей жатқан мәселелер қаншалықты?

Осы міндетті жүзеге асыру мақсатымен Астана әлемдегі туристік салаларды дамытудың 2010-2011 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаның мақсаты: ішкі және сырттан келетін туризмнің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын жетілдіру арқылы туристік сектордың бәсекелестік қабілетін арттыру және Астана қаласы экономикасындағы туризмнің үлесін ұлғайту. Бағдарламаның басты міндеттері:

1. Туристік кластер негізін қалыптастыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру;

2. Астананың туристік имиджін дамыту;

3. Туристік кластердің негізгі құрамды саласы туристік инфрақұрылым болып табылады.

Туристік инфрақұрылымды ұлғайту бойынша қала әкімдігі ұдайы жұмыс атқарып келеді. Қаланы дамыту бас жоспарына сәйкес Астанада таяу жылдарда бірқатар демалыс-көңіл көтеру кешендері бой көтерді. Олардың қатарында «Ханшатыр», «Астана Мега Орталығы» ірі демалыс сауда кешендері; 30 мың орындық жабық стадион, жабық велотрек секілді спорт құрылыстары бар.

Осы бағытта Астана қаласы әкімдігі астанадағы туристік ұйымдармен бірлесе отырып, тәжірбие жинақтау базаларын қалыптасыруды және студенттерді туристік мамандыққа баулитын тәжірбиелік сабақтар жүргізуді жүзеге асыруда. Бұған қосымша туризм менеджерлері үшін практикалық конференциялар, оқыту семинарлары мен практикумдар өткізу, сонымен қатар Дүниежүзілік туристік ұйымның ұйғаруымен туризм саласындағы жетекші сарапшыларды қатыстыру практикалық конференциялар қолға алынып отыр.

Болашақта елорда өзінің көлемі бойынша өсуін тоқтатпай, тек ТМД деңгейінде ғана емес, Дүниежүзілік дәрежедегі туристік ресурстардың көзі болып қалыптасуы көзделіп отыр. Оған жаңа салынған халықаралық аэропорт өз ықпалын тигізбекші. Астананы көгалдандыру, экологиялық тазалығын сақтауға бағытталған стратегиялық жоспарлар өз жұмысына кіргізілді. Туризмді дамыта отырып, қала тұрғындарының әлеуметтік, танымдық, экономикалық жағдайларын көтеру көзделіп отыр.

Дипломдық жұмыста өткiзiлген зерттеулер Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлiгiнiң ақпараттық базасымен статистика мәліметтері болды. Сондай-ақ әдiстемелiк және теориялық негiзде отандық және шетел ғалымдарының еңбегi, баспасөз материалдары және тағы басқа мәліметтер қызмет еттi.

Дипломдық жұмыс дәстүрлi құрылым бойынша кiрiспеден, 3 тараудан және қортындыдан тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ НЕГIЗГI ҮРДІСТЕР (Астана қаласы негізінде)

1. 1. Астана қаласындағы туризмнің даму кезеңдері

Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.

Туризм қоғамда, белгілі шектеулері бар саяхаттың кездейсоқ жағдайы болып табылады. Оның саяхаттан басты ерекшелігі, саясат және экономика, табиғаттың ішкі құбылыстарына әсер ететін категория негізімен ерекшелінеді. Туристтің әрбір іс-әрекеті барысында атқарылатын нақты мақсаты бар саяхатшылық ерекше массалық бұйымдар қызметі, туристік қызмет. Туризм нақты жағдайда, ХІХ ғасырға, ал интенсивті даму қарқынына жетуі ХХ ғасырдың екінші жартысында кең етек алды. Оның дамуы техниканың, технология, қоғамдық қатынастардың даму ғасырына сәйкес келеді. Бүгін де туризм әлемдегі ең ірі және әлемдік жалпы табыстың 10 пайызын, жұмысшылардың жұмыстарын, негізгі құралдарының ірі капиталдарға тартылуы болып табылатын әлемдік индустрия.

Қазақстанда туризм дамуының ең перспективті бағыттарын анықтау үшін оның соңғы жылдардағы эволюциясын талдау қажет. Туризм экономикалық қызмет сферасы ретінде қаржылық және ұйымдастырушылық өзгерістерге бейім болып келеді. Ұлттық туристік компаниялар бұл өзгерістерді туристік ағымдардағы және туристік қызметтерге қойылатын бағалардағы болып жатқан өзгерістерді түсіну үшін ескеруі тиіс. Жүргізілген талдау қазіргі туризмнің даму тенденцияларының және онда болып жатқан өзгерістердің толық суреттемесін береді.

Бірінші кезең Қазақстанда туризмнің дамуында өтпелі кезең болып табылды, нарықтық экономикаға өту саланың қайта құрылуына, туристік фирмалар санының өсуіне, туризмде жеке кәсіпкерлікті дамытуға арналған жағдайларды құратын жаңа заңдардың, нормалар мен ережелердің пайда болуына септігін тигізді. Ерекше көңілді екінші кезеңге бөлу қажет, себебі оған туризм көрсеткіштерінің экстенсивті өсуі тән. Жүргізілген қайта қалыптастырулар, нақты айтқанда, визалық формальділіктерді жеңілдету, шетелдік инвесторлар үшін Қазақстан шекарасының ашылуын тез өсуге, ең алдымен халықаралық туризмнің өсуіне септігін тигізді. Әсіресе Қазақстан азаматтарын шетелге жіберу бойынша қарқыны тез көрсеткіштерге тән. Қазақстанға шетелдік туристердің бизнес-сапарларына үлкен көңіл бөлінді. Бұл республикаға инвестициялық белсенділіктің көтерілуімен байланысты [1] .

Туризм - әлемдiк iрi индустрия. Бұл сала әлемдiк iшкi өнiм көлемiнiң 10 пайызын құрайды. Ғаламтордағы мәлiметтерге сүйенсек, дүниежүзi бойынша туризмнен түсетiн пайда 4 триллион долларға жетедi екен. Бизнестiң осы түрi әлем елдерiнiң қазынасына 800 миллиард доллардан астам салық түсiредi. Мiне, осылайша туризм - жаһандық экономиканың қозғаушы күшi болып табылады. Оның пайдасын жете түсiнгендер бұл саланы дамытуға қаржысын аямайды. Ал бiзде ше? Елiмiздiң елордасы - Астана қаласындағы туризм саласы қандай деңгейде? Шаһарымыз бас қала атанғалы туризм саласында қандай өзгерiстер болып жатыр? Қолға алынған игi iстер мен шешiлмей жатқан мәселелер қаншалықты?

Қазақстанда туризмнің даму тарихы жалпы әлемдік үрдістермен ерекшеленеді. Себебі, көптеген жағдайда оның дамуы елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерімен анықталады. Туризм Астананың экономикалық дамуындағы маңызды саланың бірі болып отыр. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев ҚР экономикасын кластерлік дамытудағы басым бағыттың бірі ретінде туризм индустриясын дамытудың маңызын атап өтті. Астана туристік кластерін дамытудағы басты міндет Қазақстан астанасында туристік инфрақұрылым жасау, оның ішінде, мәдениет және демалыс саябақтарын, қонақ үйлер, сауда, ойын сауық және басқа да тынығу нысандарын салу, туристік қызметті әлемдік стандарттар талабына үйлестіру, сондай-ақ туристік саланың маман кадрларын даярлау болып табылады.

Осы міндетті жүзеге асыру асыру мақсатымен Астана әлемдегі туристік салаларды дамытудың 2010-2011 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаның мақсаты ішкі және сырттан келетін туризмнің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын жетілдіру арқылы туристік сектордың бәсекелестік қабілетін арттыру және Астана қаласы экономикасындағы туризмнің үлесін ұлғайту. Бағдарламаның басты міндеттері: туристік кластер негізін қалыптастыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру; Астананың туристік имиджін дамыту. Туристік кластердің негізгі құрамды саласы туристік инфрақұрылым болып табылады. Туристік инфрақұрылымды ұлғайту бойынша қала әкімдігі ұдайы жұмыс атқарып келеді. Қаланы дамыту бас жоспарына сәйкес Астанада таяу жылдарда бірқатар демалыс-көңіл көтеру кешендері бой көтерді. Олардың қатарында «Ханшатыр», «Астана Мега Орталығы» ірі демалыс сауда кешендері; 30 мың орындық жабық стадион, жабық велотрек секілді спорт құрылыстары бар. Мұнда туристер мен қала тұрғындарын Есіл бойымен сейілдету ескерілген. Кемемен жолаушыларды қыдырту сапары қайық стансиясы айлағынан басталып, Бейбітшілік және келісім сарайының тұсынан аяқталады. Бұл жобаны іске асыру астана туристік әлеуетінің бір саласы болып қана қоймайды, туристік бизнес субъектілері арасында адал бәсекелестіктің алғышарттарын тудырады. Туристік кластердің тағы бір маңызды элементтерінің бірі туризм саласының маман кадрларын даярлау.

Осы бағытта Астана қаласы әкімдігі астанадағы туристік ұйымдармен бірлесе отырып, тәжірбие жинақтау базаларын қалыптасыруды және студенттерді туристік мамандыққа баулитын тәжірбиелік сабақтар жүргізуді жүзеге асыруда. Бұған қосымша туризм менеджерлері үшін тәжриебелік конференциялар, оқыту семинарлары мен практикумдар өткізу, сонымен қатар Дүниежүзілік туристік ұйымдар ұйғаруымен туризм саласындағы жетекші сарапшыларды қатыстыру қолға алынып отыр.

Астананың архитектуралық келбетінің жыл сайын жаңғырып, сондай-ақ туристік нысандардың көбейюіне орай, туристерге сауатты ақпар беру мақсатында Астана Туризм Ассоциациясы (АТА) қала бойынша саяхат жүргізетін гидтерге арнап әдістемелік құрал шығарып тұрады. Астананы шетелдерге жақынырақ таныстыру, туристік саяхатпен келем деушілердің ытнасын арттыру мақсатында шетел ақпарат құралдары мен баспа беттерінде Астананың көз тартар көрікті жерлері мен оны қоршап жатқан курортты өңірлер туралы мақалалар мен эссе-әңгімелер ұйымдастырып тұру қолға алынды. Негізінен, Жапония, АҚШ, Гермения, Голландия, Оңтүстік Корея, Туркия, Франция, Малайзия, Италия, Испания елдері басты нысана болмақ. Астана қаласынанң туристік қызметін жетілдіре түсу үшін, ол жайында ақпарат аламын деушілерге жарнама-ақпараттық материалдар, астана туралы панорамалы туристік карта, фотоальбом, брошюралар, әлемнің жетекші тілдерінде жолнұсқау кітапшалары шығарылып тұрады [2] .

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Қазақстан аймақтары балалар топтарын қалыптастыру шаралары жүргізілді. Осы жобаға арналып Астана қаласының сол жағалауын аралататын, оның асем ғимараттары, демалыс орындарымен таныстыратын арнайы туристік маршрут енгізілді. Балаларды бұл маршрут бойынша сейілдету жаз айларындағы каникул кезінде лайықталған. Бұл жобада негізгі назар әлеуметтік бағытқа, көпбалалы отбасы, мүгедек балалар мен оқу үздіктерін қамтуға аударылған. Туристердің өз алдына серуен жасауы ойластырылып, Қазақстанда тұңғыш рет «108» қызметі Астанада ұйымдастырылды. Бұл қызмет астанаға келген шетел қонақтарына қаладағы мемлекеттік, қаржы, демалыс нысандары, сондай-ақ туристік, тілмаштық, риэлторлық және тұрмыстық қызмет көрсетумен айналысатын фирмалар жайында ақпарат берумен айналысады. Туристік кластер жұмысын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ туристік мекемелер шеңберін бір мақсатқа жұмылдыру қызметімен АТА айналысады.

Аталмыш ассоциациясының міндеті туристік фирмалар, отельдер, рестораторлардың бірлесіп қызмет жасауын ұйымдастыру, туристік секторда іске кіріскен кәсіпкерлер құқығын қорғау, туризм саласындағы нормалық-құқықтық актілер мен қолданыстағы заңнамаларды әзірлеу және сараптау, туризм саласы қызметкерлерінің кәсіби мамандығын арттыратын оқу семинарлары мен курстарын өткізу. Мұнымен қатар астаналық АТА жаңа туристік мүмкіндіктерді зерттеу ісімен де айналысады.

Астана ең алдымен, іскерлік туризм орталығы ретінде қалыптасып келеді. Астанада жылына республикалық, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі 30-дан астам көрме ұйымдастырылады. Астанадағы туризм күн санап сұраныс тудырып отырған сыртқа саяхат жасау туризм бизнесін жандандырумен бірге, қаланың өзі де аса тартымды туризм нысандарына айналып отыр. Ол астаналық инфрақұрылымның жедел дамуы, жаңа артитектуралық кеңістіктер мен әкімшілік билік иелігі аясында қалыптасып келеді. Өкілеттілік қызметті Алматыдан Астанаға көшіру, астанада әр түрлі тұсаукесерлік шаралардың көбеюіне тікелей әсерін тигізіп отыр. Қаладағы пайдалануға берілген, сонымен қатар салыну үстіндегі алаңдар көрме, конференциялар, халықаралық басқосуларға пайдаланылып және қызмет көрсету деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр.

Астана - жаңа елорда ретінде Қазақстанның басқа қалаларына ұқсамайтын өзінің тартымдылығы жағынан әлемдегі озық астаналармен тең түсетін, қайталанбас келбеті бар қала. Астана қ. архитектурасы мен қала құрылысы тұжырымының өзіндік ерекшелігі осындай. Таяу шетелмен ақпараттық біте қайнасып жатқан шақта Астананың өзіндік бейнесі жаңа Қазақстанның серпінді дамуы мен өмір салтын көз алдыға келтіреді. Елдің әлемдік аренадағы белсенді саяси рөлі астананың аса жоғарғы деңгейдегі халықаралық форумдарды қабылдау және өткізу мүмкіндіктерін арттырып отыр. Сол арқылы Астана халықаралық жаңа деңгейге көтерілді. Алайда астананың қазіргі кезде қолға алып отырған іскерлік туризмі сұранысты түгел шеше алмайды, қазіргі кезде экологиялық туризм көзқарасымен алғанда - Астана нағыз қолайлы өңірде, Қазақстанның солтүстік орта бөлігінде орналасқан. Бұл өлке табиғи байлығы, орман-тоғайлы көлдермен ерекшеленеді.

Алайда турфирмалар арасында бір кездердегі жаппай сырқы саяхат жасау деген ұғым саябырлап, астана бойынша саяхат өзінің алуан түрлі бағдарлама мен қонақтарды тарту жағынан басымдық танытуға бет бұрып отыр. Туристік фирмалар қазіргі кезде фототуризм, аңшылық, жертану, архелогиялық қазба, тарихи ескерткіш орындарына «Байқоңыр» космодромында саяхат жасау секілді, т. б. туристік қызмет көрсету бағыттарын ұсынады [3] .

Экологиялық туризм алуан түрлі қорлар мен жергілікті қоғамдастықтардың бірлескен жобаларының арқауы болуда. Экотуризм танымдық табиғат турларымен тығыз байланысты, міне, осы сегментке мектеп каникулы туризмін тартуға мол мүмкіндік бар.

Астана кейінгі үш жыл ішінде Қазақстанның өз аймақтары және көршілес республикалармен ішкі туризмді дамытып, оны астана маңайында орналасқан қорықтармен таныстыру турларына ұластыру жағын қолға алып отыр. Экологиялық туризм кезінде бір нәрсені естен шығармаған жөн, табиғат аумағындағы демалыс орындарының адамға қызмет ету қаблеті шексіз емес. Бұған бұрыннан келе жатқан «Ақмалотурист» туристік фирмасының іс-тәжірбиесі мысал бола алады. Олар Сарыобаны қолға алып, аялап, қайтадан жан кіргізу ісімен шұғылдануда. «Саят» фирмасы да Астанада ірі турфирма санатына жатады, олар «Ел жүрегі - Астана» сити-тур ұйымдастырды.

Астанада тынығу, сейілу нысандары және туристік саясат жүйесі қанат жайып келеді. Олардың қатарына астана саябағы «Аквапарк», «Думан» океанариумы, Президенттік мәдениет орталығы, «Астана-Бәйтерек» монументі, «Атамекен» Қазақстан картасы тарихи этнографиялық кешен, «Тұлпар» және «Құлагер» спорттық клубтары, кинотеартлар, спорт сарайлары және т. б. нысандарымен қатар мәдени орталықтар да дамып келеді. Туристер легінің қазірдің өзінде бірнеше есе көбейгенін, туристің бизнестің Астана аумағына қарай бет бұрғанын мақтанышпен айтуға болады.

Туристік бизнес құрылымын сараптағанда, Астанада бұл сала сыртқа саяхат жасау бағытында жұмыс істейді, яғни шетелге демалу жолдамаларын, авиабилеттерін өсіріп саудалау және виза толтыру ісімен айналысады. Мәселенің бұлай болуы мынадай себептерге байланысты. Біріншіден, сыртқы саяхат туризмі - қызметтің біршама пайдалы түрі. Екіншіден, ішкі туризмді жолға қою, соған лайық мамандарды және материалдық-техникалық қорды қажет етеді. Содан келіп туындайтын туристік бизнестің ең тиімді саласы авиабилет сату мен сыртқа саяхат турларын ұйымдастыру болып табылады.

Астана қаласы экономикасының туристік секторының бәсекелестік сипатының тұрақты болуын қамтамасыз етудің біртұтас стратегиясын жасау үшін туристік бизнестің жалпы-әлемдік бағдарын ескеру қажет: ең жедел дамитын және пайдалырағы іскерлік туризм, демалыстың белсенді түрлерінің орнын баяу түрі алмастырады, яғни спорттық-сауықтыру, саяхат, экологиялық туризмге деген сұраныс артады, туристік саяхаттың көңіл көтеру секілді түрі білім алуға ден қояды, яғни қазіргі кезде мәдени-танымдық туризм тез қарқынмен дамуда. Топ құрып саяхаттанудан гөрі, жеке дара сейілге шығудың сұранымы көбейеді, автобус және автомобиль сапарына деген қажеттілік артуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Имидж танытудағы геобрендингтің рөлі
Қазақстан Республикасында туристік бизнесті ұйымдастыру
Облыстар тұрғысынан туризмнің дамуының жай - күйі
Қазақстандағы туризм жағдайы
Қазақстан Республикасындағы туризм саласы
Туризмнің экономикалық қызметтері
Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары
Дестинациялық брендингтің қонақжайлылық саласындағы орны
Қазақстандағы туризм инфрақұрылымның даму факторлары. Көлік түрлерінің қазіргі жағдайы
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz