Негізгі құралдардың тозуының есебі


Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Негізгі құралдар құны кәсіпорын мүлкінің құнының елеулі бөлігін құрайды, сол себепті олардың есебін дұрыс ұйымдастыру мен оларды пайдалану тиімділігі кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесіне елеулі ықпал етеді. Тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету мен өндіріс үрдісін ұйымдастыру үшін барлық кәсіпорындар қажетті еңбек заттарымен қамтамасыз етілуі тиіс, олар оның материалдық-техникалық базасының негізін қалайды. Ұйымның шаруашылық қызметіне ұзақ жылдар бойы қызмет ететін еңбек құралдары мен басқа мүлкі «негізгі құралдар» деп аталатын экономикалық категорияны құрайды. Өндіріс көлемін арттырудың негізгі факторларының бірі - шаруашылық субъектілерінің негізгі қорлармен қажетті көлемде қамтамасыз етілуі және оларды тиімді пайдалану.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал - жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған трактор сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал пайдалану үшін сатып алған субъект үшін осы трактор еңбек құралы болып табылады. Осы тракторды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
ҚР Конституциясы бойынша : шаруашылық субъектілері материалдық және материалдық емес мүліктерді иемденуге, оларды меншік құқығында пайдалануға құқылы /1/. Сонымен бірге шаруашылық субъектілеріндегі бухгалтерлік есепті жүргізу ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңымен реттеледі /2/.
Негізгі құралдар есебі - бухгалтерлік есептің негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. № 16 «Негізгі қорлар» ҚЕХС бойынша: «негізгі қорлар - бір кезеңнен ұзақ пайдалану көзделетін және өнім өндіру үшін, басқа ұйымдарға жалға беру мен әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын материалдық активтер» /3/. Оларға жылжымайтын мүлік (жер учаскелері, ғимараттар мен құрылыстар және жермен байланысты басқа да объектілер), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық заттары, жұмыс малы мен өнім беретін мал, т. б. жатады.
Негізгі құралдардың ерекшелігі - олардың өндіріс үрдісіне бірнеше рет қатысуы мен ұзақ уақыт бойы өзінің физикалық түрін жоғалтпауы. Өндіріс үрдісі мен сыртқы орта әсерінен негізгі қорлар тозады және өзінің құнын өндіріс шығындарына амортизациялық аударымдар түрінде біртіндеп аударады.
Сол себепті негізгі қорлар есебінің міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:
- негізгі құралдардың кірісі мен қозғалысын есеп регистрлерінде уақтылы және дұрыс көрсету;
- бухгалтерлік есепте негізгі қорлардың тозу сомасын дұрыс есептеу және дұрыс көрсету;
- негізгі құралдарды жою есебін дұрыс жүргізу, оның қаржылық нәтижесін нақты анықтау;
- негізгі құралдарды жөндеу шығындарын қадағалау;
- негізгі құралдардың сақталуы мен оларды пайдалану тиімділігін бақылау.
Қарастырылып отырған тақырып актуалды: біріншіден, негізгі құралдар барлық шаруашылық субъектілерінде бар, олардың есебі жан-жақты және күрделі, екіншіден, бухгалтерлік есептің бұл бөлімі өте күрделі, ақпаратқа толы, себебі ол негізгі құралдарға салық салуды, мүлікті бағалауды, оны шығындарға қосуды қамтиды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Қазақтелеком» АҚ филиалы «Астанателеком» ҚТО мысалында негізгі құралдар есебінің ұйымдастырылуы мен жағдайына жан-жақты баға беріп, есепті жетілдіру мен негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар беру.
Аталған мақсатқа жету үшін жұмыста келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:
- кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі негізгі құралдардың орны мен мәнін ашу;
- кәсіпорындағы негізгі қорлар есебінің ұйымдастырылуы мен қазіргі жағдайына баға беру;
- кәсіпорынның амортизациялық саясатын оқу;
- кәсіпорынның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау;
- негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау;
-негізгі құралдар есебін жетілдіру мен негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмысты орындау барысында экономика ғылымдарына
ортақ келесідей әдістер қолданылды: монографиялық, экономикалық-статистикалық әдістері қолданылды.
Жұмыстың ақпараттық базасы ретінде - «Қазақтелеком» АҚ филиалы «Астанателеком» ҚТО-ның 2007-2009 жылдардағы қаржылық есебі, бухгалтерлік есеп пен статистикалық есептің алғашқы мәліметтері, статистикалық жинақтар қолданылды.
1 Негізгі құралдар есебінің теориялық негіздері
1. 1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен жіктелуі
Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен оның бәсеке қабілеттілігін арттыру барысында шаруашылық субъектілерінің негізгі қорларын жаңарту мен модернизациялауға, сол арқылы өндірілген өнімдердің қор және ресурс сыйымдылығын төмендетуге көңіл бөлу керектігі баса айтылған /4/.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал - жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған трактор сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал пайдалану үшін сатып алған субъект үшін осы трактор еңбек құралы болып табылады. Осы тракторды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал - жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал - жабдық) ; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал жабдық; көлік құралдары; құрал - сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 ҚЕХС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды. Осы стандарт талаптарына сәйкес негізгі қорлар келесідей талаптарға жауап беретін материалдық активтер:
- өндірісте, қызмет көрсету мен тауар жеткізуде қолдануға арналған немесе басқа тұлғаларға жалға беруге не әкімшілік мақсаттарға арналған болуы керек;
- бір кезеңнен артық мерзім аралығында пайдалану көзделген.
Негізгі құралдар объектісі келесідей екі негізгі шартты қанағаттандырса ғана актив ретінде танылады:
- негізгі құрал объектісінің бастапқы құны нақты бағалана алуы керек;
- кәсіпорын осы объектіні пайдалану нәтижесінде болашақта табыс алу мүмкіндігі болуы керек.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына ( машина, құрал - жабдық, құрал - саймандар т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал - жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) . Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал - жабдықтар - тұтынуға арналған құрал - жабдықтар. Олар ұжымның мәдени - тұрмыстық ( ғимараттар, тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған,
істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал - жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал - жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынандай түрлерге бөлінеді:жер, үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар және құрал жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал - жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар, жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал - жабдық; көлік - сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
ҚР Салық кодексіне сәйкес келтірілген негізгі құралдардың әр қайсысының құрамына енетіндер /5/:
Жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады.
Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік - мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті - құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады.
Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік - құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады.
Өткізгіш тетіктер (қондырғылар ) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.
Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады:
- күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор - машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель - машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер) ;
- жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал - жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) ;
- өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай - ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;
- есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары)
- басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал - жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) .
Көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.
Құрал - сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе материалдарды, ағашты және т. б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады.
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады.
Шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік объект бола алады.
Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал- мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады.
Көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктердің даму деңгейі толық жетілген (жеміс жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады.
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) -ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту) .
Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
1. 2 Негізгі құралдарды бағалау
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдарды бағалау үлкен мәнге ие. Себебі оларды дұрыс бағалау мен оның құнын есепте көрсетуден кәсіпорынның қаржылық нәтижесі тікелей тәуелді.
Негізгі құрал - жабдықтардың бастапқы, шынайы, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы құны - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарыннан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалыға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т. б. ), сондай - ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т. б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
- жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы - актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу - сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді маұсатты пайдалануға дайындау бойынша(ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т. б. кезінде алынған материалды сатудан түсетін табыстың шегерімінен басқа) жұмсалатын шығындар;
- құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал- жабдықтар бойынша- сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезінде құрастыру, машиналар мен құрал- жабдықтарды пайдалануға жарамдылығын, т. б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегендгі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда төленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады;
- үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде: құрылыс материалдары, құрал - жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу кезіңінде берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығыстар, жобалық - сметалық құжаттардың құны, т. б. - құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;
- жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары т. б. бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептелінеді;
- мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша - объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал - жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстан қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;
- құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар өздерінің келісілген бағасы бойынша;
- субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдар бойынша - сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған объектілердің (алушының құрал - Жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар.
Тегін алынған негізгі құралдардың обьектілері бойынша - құжаттарда көрсетілген құны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) .
Айырбас операциясы нәтижесінде алынған обьектілердің - бастапқы құны негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған (берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады. айырбастауға бір мақсатқа пайдаланылатын обьектілер де әртүрлі мақсатқа арналған обьектілерде жатады. Мысалы, бір-біріне ұқсас негізгі құралдар: тракторды жүк автомобиліне айырбастау кезінде алынған обьект сатылған обьектінің құны бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған (түскен) сомасы ескеріледі.
Жас малдарды негізгі табынға аударған кезде - малдарды өсірудің нақты өзіндік құны.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz