Қарыз алушыны оның ссудалық карыздарының жағдайымен ақпараттандыру


Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛІК ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
- Несиелік проблемалардың мәні және оның пайда болу себептері. 5
- Банктік несиенің түрлері және несиелердің жіктелінуі. 11
- Несиелік бақылау (мониторинг) және несиенің рейтинг жүйесі. 15
2 БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ АҚ-Ы МЫСАЛЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ НЕСИЕЛЕРДЕН ТУЫНДАҒАН ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ТАЛДАУ 21
- Банк Центр Кредит» АҚ - ң несиелеуден туындаған проблемаларды
талдау 21
- Қарыз алушының несие өтеу кабілеттілігін бағалау 32
3 БАНКТІК НЕСИЕНІ ҚАЙТАРУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 45
- Коммерциялық банктерде несиелеуді проблемаларымен жұмыс істеуді талдау 45
- Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстандық коммерциялық банктердің несиелік проблемаларын шешудің жолдары 60
ҚОРЫТЫНДЫ 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі Қазіргі уақытта ғаламдық деңгейдегі Қазақстанның бес ірі банктерінің рейтингтік көрсеткішін кезекті мәрте төмендетіп отыр. Дегенмен ішкі қаржы нарығында банктердің қоржындарына әсіресе несиелік қоржындарының күрт нашарлап кетуіне тікелей әсер етті.
Сондықтан қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы кезінде несиені қайтарудағы проблемалар коммерциялық банктер үшін ең өзекті де маңызды.
Проблемалы несие болып өтелуі - Банк деңгейін қанағаттандырмайтын кез-келген несие болуы мүмкін. Корпоративті несиелендіру шоттарының менеджерлері несие бойынша төлемдердің, клиент мүмкіншілігі деңгейінде және Банк саясаты шегінде болуын аныктай отырып, несие бойынша шарттарды таңдайды.
Белгілі клиент несиені өтеу графигіне сәйкес төлей алмай және оны кері куәләндыратын нақты жұмыстар атқармай, несие проблемалы болып табылады. Проблемалы несиелерді ертерек әшкерелеу, оны шешу жолдарыныңда оңай болатынын анықтайды. Шот менеджері проблемалы несиелерді бастапқы кезеңінде әшкерелейтін банктегі жалғыз адам болып табылады. Осыған байланысты проблемалы несиелерді ерте танып білу және оларға есеп беру шот менеджерінің тікелей міндетіне кіреді. Банк проблемалы несиені ешқашан жеке шот менеджерлерінен басқа адамдардан білмеуі тиіс. Несие инспекторы проблемалы несиені әлі табылмаған және басшылыққа хабарланбаған шот менеджерінің корпоративті портфелінен іздемеуі керек. Мен осы проблеманы шешу жолдарын өзімнің дипломдық жүмысымда қарастырдым.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Банк Центр Кредит» АҚ - ң несиелеуден туындаған проблемаларды талдау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып қазіргі кезеңдегі коммерциялық банктердің несиелік проблемаларын бақылау бағыттары мен оған әлемдік қаржы дағдарыстарының әсерлері.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының барлық коммерциялық банктері несие беру және қайтару туралы барлық сұрақтарды өз еріктерімен шешуге толық құқылы. Әр несиені берілу кезінде тәуекел элементі орын алады. Қазіргі кезде әлемдік қаржы дағдарысы кезінде несиенің қайтарылмауы өзекті проблема болып отыр. Банк осыны ескере отырып тәуекелді бақылауы маңызды:
Осы мақсаттардың негізінде келесі міндеттерді шешу қарастырылған:
- Тұлғалар мен мекемелерді несиелендіру кезінде банк қол жеткізе алатын олардың адалдылығы мен мінездемесі жолы арқылы;
- Әр проблемалы несиеге терең әрі жүйелі жұмыс жүргізе отырып оны шешу;
- Қарыздың рәсімделуіне аса назар аудара отыру;
- Портфельге терең мониторинг жүргізу;
- несиені проблеманы бастапқы кезеңінде әшкерелеу;
- әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі коммерциялық банктердің несиені өтеудегі проблемалары;
- әр талданған проблемалы несиеге шұғыл жұмыс жүргізу арқылы;
Сондықтан дипломдық жұмыстың жаңалығы ретінде қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде Қазақстанда коммерциялық банктердің несиелік проблемаларын бақылауды жүргізуін және оны мемлекет тарапына шешуді талдаудан жаңа бағыттарды ұсынулардан қарастырамыз.
Ақпараттық негізі болып Қазақстан Республикасының «Банк және банк қызметі» туралы заңы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы» Заңы, нормативтік актілері, Қ. Р. Президентiнiң заңы, статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметтері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талдау материалдары, ҚР Президенті Назарбаев Н. Ә. Казақстан Республикасының халқына 28. 02. 2007 жылғы жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», ҚР Қаржы министірлігі мәліметтері алынды /7, 1-50б. /.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдеби оқулықтардан, қосымшалардан тұрады.
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕГІ НЕСИЕЛІК ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Несиелік проблемалардың мәні және оның пайда болу себептері.
Коммерциялық банктегі несие беру процессінде несиелік мәмілеге екі субъект қатысады - кредитор және қарыз алушы. Несиенің қайтарылуы несиелік қатынастың негізі болып табылады. Несиені қайтаруды ұйымдастыру механизмі, осы процестің орындалу барысында олардың әрқайсысының орнын ескереді. Кредитор несие процесінің ұйымдастырушысы болып табылады. Қарыз каражатын салғанда өз мүддесін қорғау үшін, ол қарыздың уақытылы және толықтай қайтарылуын куәләндыратын қарыз көлемінің қол жетерлігі, оны өтеу әдістері, несиелік келісімнің шарттары сияқты сфераны таңдайды. Дегенмен, қарыздың кері қозғалысы, қарыз алушының несие қабілеттілігіне, оның адалдығына, қаржы нарығының жағдайына байланысты. "Несиенің қайтарылуы Заңдарда және Несиелік келісімде қарастырылғандай кепілмен, тапсырушылықпен қамтамасыз етілуінен алады".
Банк несие келісімі шарттарының орындалуына бақылау жасайды, оның негізгі мақсаты - қарызды өтеудегі қезекті жарналардың және қарыз бойынша пайыздардың уақытылы төленуін қамтамасыз ету. Әрине, әртүрлі жағдайлармен қарызды өтей алмау тәуекелі туындайды. Банк өз несиелендіру бағдарламасына қосқан сақтандыру элементтеріне қарамастан, қейбір несиелер шарасыз несиелік проблемаларды туындаттырады.
Несиелердегі проблемалар - бұл қайтарылуы күмән тудыратын және қарыз алушының ақшалай дағдарысының нәтижесі болып табылатын несиелер. Сондықтан, банк несие бергеннен кейін, несие бойынша шығындардың болмауына шаралар қолдануы қерек.
Банк тек сенімді қарыз алушыларға несие беру саясатын жүргізуі мүмкін, бірақ ол көптеген пайдалы мүмкіншіліктерден айырылады. Егер, несиені қайтару қезінде қиыншылықтар туындайтын болса, ол банкке өте қымбат түсуі мүмкін. Сондықтан, зейінді несиелік саясат, табыс әкелетін ресурстардың барлық потенциалды мүмкіншіліктерін максималды пайдалануды және сақтық арасындағы балансты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қарызды өтеудегі қиыншылықтар кездейсоқ және бірден пайда болмайды. Бұл процесс белгілі бір уақыт аралығында дамиды. Банктің тәжірибелі жұмысшысы клиенттің қаржылық процесіндегі қиыншылықтарын бастапқы кезеңінде байқап, банк мүддесін қорғау үшін, мән-жайды түзеуге шаралар қолдануы керек. Бұл шараларды мән-жай бақылаудан шықпайынша және шығындар бірқалыпты болмайынша неғұрлым ертерек қолдану керек.
Өйткені несиенің қайтарылмауы коммерциялық банктердің ресурстық портфелін және жаңа ақшалай қаражаттардың берілуінің деңгейін төмендетеді. Банктік несиенің қайтарылмауы капитал айналымының аяқталмауымен, барлық ақшалай түсімнің және тауар, жүмыс, көрсетілген қызмет үшін пайданың алынбауымен негізделеді. Осыған орай банк шығындары тек қарыздар мен пайыздардың өтелмеуімен шектелмейтінін ескеру қажет. Банкке келтірілген залал әлде қайда көп әрі басқа жағдайлармен байланысты болуы мүмкін:
- кезеңі. өткен және өтелмеген несиелердің басым бөлігі салымшылардың сенімін төмендетуіне байланысты, банк репутациясы төмендейді;
- әкімшілік шығындар ұлғаяды, себебі несиелердегі проблемалар несие персоналының ерекше назарын және статусты қолдауда өндіріссіз уақыт шығынын талап етеді;
- білікті кадрларды ынталандыратын пайдалы операциялар деңгейінің төмендеуі, олардың кету қаупін туғызады;
- қарыз алушы несиені алу кесірінен банкротқа ұшарағаны туралы кері шағымдану қаупі туады.
Осы шығындардың барлығы банкке өте қымбат түсуі және қарыздың өтелмеу шығындарынан әлде қайда жоғары болуы мүмкін.
Несие бойынша төлем мерзімі келгеннен кейін барлық мерзімі өткен берешектер екі себеппен туындауы мүмкін.
1. қарыз алушы несие өтеу кезінде төлем қабілеттігі жоқтығынан - төлей алмайды;
2. қарыз алушы алдын-ала қарызды өтеуге ниеті болмағандықтан - төлегісі келмейді.
Несие бойынша төлем қабілетсіздігінің туындауы несие офицерінің талдау кезінде жіберген қателігімен немесе несие берілгеннен кейін туындаған қаржылық жағдайлармен түсіндіріледі ("төлей алмайды") .
Қарыз алушының несие бойынша төлемдерді төлегісі келмейтінін , несиені беру кезінде анықтау өту қиын әрі күрделі(төлегісі келмейді) . Қарыз алушы жағынан қасақана алдауы, оның о бастан қарызды төлеуге ниетінің болмауымен түсіндіріледі. Мұндай жағдайды болдырмау үшін құжаттарды экономикалы және заңды сараптаудан бөлек, басшылардың жеке қасиеттеріне, олардың несие алуға көз-қарасына, несиені қайтарудағы әртүрлі пиғылдарына және т. с. с назар аудару керек.
Қарызды, яғни несиені төлеуде туындайтын негізгі себептер мен проблемалар төменде көрсетілген:
Несие сұранымын қарастырғанда, келісім шарттарын жасағанда және кейін бақылау жүргізгенде банк персоналының жіберген қателері. Қарыз алушы мен банк арасында несиелік келісімге кол койылғаннан кейін. Ол папкаға тігіліп өтеу мерзімі келгенше және қарыз алушы соңғы төлемін жасағанша одан алынбайды. Банк көзқарасы бойынша бұл мүмкін емесі айқын. Өйткені, несие берілген кездегі шарт әрдайым ауысып отырады, бұл қарыз алушының қаржылық жағдайына және несие өтеу мүмкіншілігіне әсер етеді. Экономикалық шарттардың өзгеруі кейбір фирмалардың позициясын әлсіздетеді және басқалардың несиелік қажеттіліктерін ұлғайтады: жеке тұлғалар жұмыстан босауы немесе денсаулықтарының нашарлауы, олардың несие өтеу мүмкіншілігіне кері әсер етуі мүмкін.
Банктің несиелік басқармасы мұндай өзгерістерді ескере отырып, өтеу мерзімі әлі келмеген барлық несиелерді тексеруі керек. Несиелерді тексеру молшылық емес, банктік несиелендірудің бағдарламасын жасаудағы қажеттілік. Бұл менеджерлерге несиелердегі проблемалар тез арада әшкерелеуге ғана емес, сонымен қатар несиелік инспекторлардың қызметі банктің несиелік саясатына сәйкес келуін тексеруге септігін тигізеді. Әлсіз менеджмент бірқатар қате саясаттар мен процедураларды білдіреді, соның ішінде көбі-несиелендірудегі қателіктер, ішкі бақылау, бизнес, басқару облыстарындағы жетіспеушілік.
Бүгінгі күні банктік тәжірибеде несиелік тексерудің әртүрлі әдістерін қолданғанымен, қауіпті несиелік саясат жүргізу немесе тәртіп бұзу индикаторларының келесі түрлері кездеседі:
- қарыз алушылармен байланысты тәуекелдің дұрыс бағаланбауы (мысалы, қаржылық талдауың дұрыс жүргізілмеуі) ;
- болашақта мүмкін оқиғаға негізделген несиелендіру (мысалы, бірігу) .
- клиент ірі депозит шығару уәдесімен берілген несие;
- несие кәсіпорындағы жұмысшының қажеттілігімен және сала спецификасымен дұрыс таныспау салдарынан қарыздың нашар құрылуы;
- қарыз алушыға аса ірі сома беру;
- банк қызмет көрсету территориясынан тыс орналасқан қарыз алушыларға берілген несиенің жоғары үлес салмағы;
- банкпен байланысты тұлғаларға берілген несиенің басым үлес салмағы (қызметкерлерге, директорларға, акционерлерге) ;
- қарыз алушыға катал көзқарастың болмауы (мысалы, достық қатынаспен сұранымды қолдау) ;
- қарызды рәсімдеудегі құжаттық қате немесе несиелік істегі сандық жетіспеушілік (мысалы, банк мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін маңызды шарттардың мәміледе ескерілмеуі немесе клиенттің қаржылық есеп беруінің болмауы) ;
- кепілге қойған мүлікті рәсімдеуде жіберілген қате, демек бүл кепілді өткізудегі заңсыздық;
- несиелендіру бағдарламасын бақылаудағы жөнсіздік;
- қарызды қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі (мысалы, кепілді жоғары бағалау) ;
- іскерлік цикл сатысының өзгеруі кері әсер етуін елемеу;
- бәсекеге аса қызу реакция беру (клиенттің басқа банкке ауысуын болдырмау үшін, төмен сападағы несиенің берілуі) ;
- спекулятивті мүліктенуді несиелендіру (алыпсатарлық) ;
- экономикалық шарттардың өзгеруіне жеткіліксіз сезімталдық;
Несиелердегі проблемалар барлық себептерін тізу мүмкін емес, демек, олардың басымы төмендегілердің салдарынан болады:
Өз пайдасы үшін жасалынған іс-әрекеттер - банк проблемаларының көптеген себептерінің бірі болып табылады. Бүл көбінесе өз дәрежесін жеңілдікпен несие алу үшін пайдаланатын директорларға, ірі акционерлерге және солармен байланысты түлғаларға берілген несиелер. Олар бұл несиелерді өзін ақтамайтын несие түрінде алады (қаламақы, ақшалай сыйақы, тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем түрінде) . Директорлар кеңесінің және акционерлердің шешімімен сайланған лауазымды қызметкерлер объективті бағалауға және осындай несиелерді беруден бас тарта алмайды. Мұндай жағдайда, басшылық әдетте банкке таңылған залал әкелетін өзінің жеке меншігін, несиенің қисынсыз берілуін және "өз-өзімен" пайдакүнемдік үшін жасалған мәмілелерді жақтайды. "Өз-өзімен" мәміле жасау кезінде проблеманың қайнар көзі де, себебі де банк ішінде тамыр алады.
Пайда маңызын ұлғайту. Несиелік портфель әдетте пайда алудың маңызды қайнар көзі болып табылады. Алайда, рентабельділікті көтерудегі пікір, өзіне қанағаттандырмайтын шартпен берілген немесе ақталмаған тәуекелі бар несиедегі саналылықты қайта тартуды болдырмау керек. Қисынсыз берілген несиелер әдетте, олардан түскен түсімнен қымбат болады.
Несиелендіру принциптерін келісіммен бұзу. Банк басшылығы тәуекелі ақталмайтын несиелерді немесе қанағаттандырылмайтын шартпен берілген неисиелерді тек, толық мөлшерде қисынды несиелендіру принциптерін бұзатынын ескере отырып, бере алады. Заңдарға сүйене отырып, қарыз қайтарылуы және төленуі шартымен беріледі. (2. )
Несиелендіру принциптерінің бұзылуының негізгі себебі болып беделді адамдармен келісімге отырудағы жалтақтық, мүдде арасындағы конфликт және достық қарым-қатынастың болуы. Пайдакүнемдік, пайда көрудегі құмарлық, бәсекедегі қысым да несиелендіру принциптерінің компромистік бұзылуына әкеледі.
Қарыз алушы жайлы ақпараттың толық болмауы. Толық несиелік досье қарыз алушының қаржылық жағдайын анықтаудың қол жеткізерлік және дәл әдісі болып табылады. Қаржылық мәліметтердің, жұмыстың ағымдағы жағдайының мағұлматтарының және басқа да керекті статистикалық мәліметтердің тапшылығы "несиелердегі проблемаларды" туындауының негізгі себебі болып табылады. Сонымен қатар несиелік істе басқа да маңызды ақпараттар мазмұндалуы керек. Олар:
- несиенің мақсаты,
- технико-экономикалық негіздеулер,
- болжамдалған қарыз өтеу көзі,
- несиелік қаражаттар орындалып,
- атқарылған жұмыстар туралы есеп беру,
- инспеқторлық тексерулер,
- несие бойынша жиналыста алынган сыртқы ақпарат және мәліметтер бойынша меморандум.
Несиелерді басқару және несиеге тура баға беру, осы ақпараттың барынсыз мүмкін емес.
Несиені қайтарудағы келісімнің жеткіліксіз орындалуы. Ең көп таралған қолайсыз жағдай - бұл банктің қарыз алушымен үнемі қарызды жоюға және өтеуге байланысты келісімнің болуы.
Мұндай қарыздар проблемаларға айналады. Қарыз алушы жасауға келіскен несиелік шығындарды талдау, амортизация еш уақытта негізгі қарыз сомасына тең болмайтынын көрсетеді. Несиелендірудің жақсы сызбалары қарыз өтеудегі тізбектікті қарастырады.
Өз күшін тым артық бағалаушылық. Әрдайым келесі жағдайлардан аулақ болу керек:
- бұрынғы және жақсы танитын қарыз алушыларды тиісті қадағалаудың болмауы;
- қарыз алушының сенімді қаржылық көрсеткішерінің орнына ауызша ақпаратқа сүйену;
- алдында тәуекелді бірнеше рет жеңгеніне негізделе отырып, несиенің бізге мәлім әлсіз жақтарын оптималды интерпритациялау;
Инспекторлың қадағалаудың болмауы. Көптеген бастапқы кезде сәтті несиелер, банктің несиелік бөлімі жағынын тиісті қадағалаудың болмауы салдарынан проблемалы жағдайлардың және шығындардың туындауына әкеліп соқтырады. Бұл көп жағдайда несие кезеңінде қарыз алушы қызметі туралы мағұлматтың болмауының нәтижесі.
Техникалық қабілетсіздік, банктің барлық икемді әрі тәжірибелі жұмысшылары қаржылық есеп беруде, несие жайлы басқа да ақпараттарды жинауда және баға беруде, банктің займдарды орналастыру және оларды қадағалауды қамтамасыз ету мақсатымен техникалық білімді болулары қажет. Персонал компетентсіздігі әдетте ақталмайтын шығындарды әкеледі және бұл жайлы мағұлматты міндетті түрде директорлар кеңесіне хабарлау керек.
Тәуекелмен байланысты қарыздардың нашар іріктелуі. Көптеген банктерде кейбір жетіспеушіліктері бар кіші және ірі несиелердің белгіленген саны бар. Банк оларды өз несиелік саясаты ережесі есебінен ерекше деп мойындайды, бірақ жалпы оларды қол жетерлік деп санайды. Банк қарыздарды несиелендірудің қисынды принциптерден ауытқуын және олардың сомалық көлемі көп емес деп санағандықтан, қадағалау инспеторына аса алаңдаудың қажеті жоқ. Демек, мұндай ауытқулар мойындалуынан бұл тәуелсіз тәртіпке айналатын болса, банк үлкен проблемаларға ұшырауы мүмкін. Төменде нашар іріктелген және көтеріңкі тәуекелмен түйіндес категорияға кіретін қарыздардың жинақталған тізімі берілген:
- пропорцияланған кәсіпорындарды қайта құруды қаржыландыруға арналған қарыз, қолда бар капитал деңгейінен айтарлықтай жоғары;
- несие нақты түсімдер ауқымынан бұрын, кәсіпорынның ойдағыдай аяқталу болжамымен берілген;
- несие бағалы қағаздардың немесе тауарлардың спекулятивті келісімдерін қаржыландыру үшін берілген;
- кепілмен жеткіліксіз қамтамасыз етілген несиелер;
- кішігірім акционерлік капитал көлеміндегі қозғалмайтын мүлікпен байланысты операциялар үшін берілген несие;
- банктегі ірі депозит қалдықтарын бақылаудағы артықшылық үшін берілетін несие;
- моральді тәукекелмен түйіндес несие;
- өтімділігі күмән туғызатын кепілмен қамтамасыз етілген қарыз.
Егер мұндай қарыздар аз және банк басшылығы оларды өздеріне тән жетіспеушілік деп санаса, онда бұл жерде проблема туындамайды. Бірақ, егер мұндай қарыздардың берілуі тәртіпке айналса, банк қатерлі проблемаларға душар болуы мүмкін.
Аса ірі несиелердің берілуі. Кей мағынада бұл техникалық - компетентсіздікпен байланысты. Ақырғы шығын тәуекелі қөзқарасы бойынша аса ірі қаражаттың сенімсіз қарыз алушыларға берілуі қалай қауіпті болса, солай қаржыдық жағдайы сенімді қарыз алушыларға да берілуі қауіп туғызады. Қарыз алушының берешекті өтеу мүмкіндігі шегінен шығатын несиелерді беру қисынсыз. Сенімді қарыз алушыға берілетін несие көлемін анықтау кезіндегі техникалық компетентсіздік басқа еш жерде дәл осылай бағаланбайды.
Бәсекелестік. Банктер арасында осы аймақта ықпалын кеңейту үшін күрес, несиелендіру принциптеріне және қисынсыз несие беруге қатысты компромисті шешім қабылдауына әкелуі мүмкін. Қисынсыз несиенің бағасы әрқашан кез-келген уақытша ұтыстан жоғары болады.
Әлбетте маңызды рөлді банк бакылауынан тыс факторлар атқаруы мүмкін:
- экономикалык және әлеуметтік тұрақтылықтың нашарлауы,
- өзара төлемеулер,
- өндірістің түсуі,
- саясаттық ығысулар,
- заңдардың өзгеруі,
- технологиялық олкылық және тағы басқалар.
Қарыз алған компанияның тиімсіз жұмысы:
Жетілдірілмеген менеджмент. Фирмалық күйреулердің басымы - нашар ұйымдастырылған менеджменттің нәтижесі. Типтілік проблемалар:
- басқару экспертизасының тереңдігінің және түрлілігінің жетіспеушілігі,
- қанағаттандырмайтын жоспарлы және бухгалтерлік қызметтер,
- жалпы компетентсіздік.
Жеткіліксіз менеджмент динамикалы дамып келе жатқан компания, шаруашылык процестің барлық детальдарын қамти алмайтын, мықты орталықтандырылған басқарманың ақауымен соқтығысқандағы, шығындардың өсімімен байланысты.
Фирманың парапарсыз бастапқы капиталы. Шағын компаниялар бастапқы салымдары жетпеу проблемасымен жиі кездеседі. Бұл, осы бизнесте озу жолында компания, бизнестің жалпы құнын және табыс алу мерзімін дұрыс бағаламауының нәтижесі. Бұл проблема компаниямен акционерлік капитал саркылғаннан кейін, ал кредиторлар косымша қаржыландырудан бас тартқаннан кейін ғана мойындалады.
Ағымдағы шығындар коэффициентінің және қаржылық коэффициенттің жоғары деңгейі. Қаржылық коэффициент - сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің корпорацияның меншікті капиталына қатынасын бейнелейді. Жоғары каржылық коэффициент және өткізу көлемінің төмендеуі кезінде, карызды күту шығындары бірден өседі.
Ағымдағы шығындар коэффициенті орнатылған шығындардың жалпы шығындарға қатынасымен түсіндіріледі. Сәйкесінше, жоғары коэффициент және өткізу көлемі төмендеген кезде, компания пайданың кенет азайғанын сезеді.
Өткізілетін өнім өсімінің жоғары қарқындылығы. Компания өз өнімін сатуды кенет ұлғайтатын болса, оның төленбеу тәуекелі де ұлғаяды. Мұның себебі, компания сатып алушыларды таңдаған кезде, олардың төлем қабілеттігіне назар аудармай өз сақтығын жоғалтады. Мұндай жағдайда банк, фирма төлем қабілеттігі күмән туғызатын сатып алушыларға өнім өткізуді тоқтату ойымен, активтер өсімін тоқтатуға бағытталған рестриктивті шаралар қолданады.
Бәсекелестік. Жаңа компаниялар нарыққа шығу барысында үлкен проблемалармен соқтығысады. Бәсекелестік күресте фирма әрі шабуыл әрі қорғаныс тактикасын таңдайды алады. Шабуыл тактикасы тіпті уақытша табысты жоғалтуға әкелетін әртүрлі шаралар (бағаны төмендету, өткізу көлемін ұлғайту және тағы басқа) көмегімен нарықты жаулауымен байланысты. Қорғану тактикасының мақсаты - өткізу көлемін мүмкінінше қысқарту жолымен табысты тұрақтандыру.
Егер, фирма бәсекелестік күрес шартына бейімделмейтін болса, ол жойылады.
1. 2 Банктік несиенің түрлері және несиелердің жіктелінуі
Несиенің түрі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан ішкі және сыртқы өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыствр қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйі сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынандай белгілеріне байланысты жіктейді:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы -несиелік мекемелерге;
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау - сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсіпкерлерге;
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz