Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1 БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
- Бауыржан Момышұлының өмірі мен өскен ортасы . . . 8
1. 2 Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі . . . 20
2 СОҒЫС ӨНЕРІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
2. 1 Соғысқа дейінгі әскери қызметі және соғыс кезіндегі іс - әрекеті . . . 28
2. 2 Соғыстан кейінгі академиядағы дәрістері - соғыс тактикасына
қосқан жаңалығы . . . 39
3 СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ӨМІРІ
3. 1 Батырдан қалған өсиеттер . . . 56
3. 2 Бауыржан Момышұлының дүниетанымындағы патриоттық сезім . . . 66
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 80
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 83
Термин сөздердің түсіндермесі
КСРО- Кеңес Социалистік Республикалар одағы
ГПЗ - головная походная застава, басқы жорық күзетушілері
БПЗ - фланговая застава, екі қанатты қорғаушылар
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы - қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі. Қазіргі кезде халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.
Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеттері де қасіретті күресте еңбегі ерен азаматтарымыздың артына қалдырған мол мұрасымен тарихын зерттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр. “Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз”, - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев айтқандай, біздің алдымызда «бабаларының игі дәстүрін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр.
Бауыржан Момышұлы - даңқты қолбасшы, КСРО-ның жоғарғы әскери академиясының профессоры, ұлтын сүйген патриот болуымен қатар, қазақ халқының ұлттық рухын қорғауда қаламды қару еткен қайраткер жазушы. Оның өнегелі өмір жолы, әскери портреті талай қаламгердің қаламымен өрнектелгені белгілі. Олардың ішінде әдеби көркем шығармалармен қатар естеліктер, ғылыми еңбектер де кездеседі.
Демек, Бауыржан Момышұлы соғыс өнеріне қосқан үлесі жайлы зерттеуіміз Бауыржан атамыздың тағы да бір қырынан көрсетуіміз болып табылады. Әрине, зерттеу тақырыбы тәуелсіз және егеменді Қазақстанның Қарулы Күштері құрылысының қазіргі белесінде өзекті.
Халық батыры, батальонның аты аңызға айналған командирі Бауыржан Момышұлы, оның ерлігі, ержүректілігі және командирлік шеберлігі туралы дерек, бүкіл елге тез таралды. Оны тірісінде аты аңызға айналған комбат, халық батыры деп атаған. Ұрыс жолы, әскери зерегі мен атамекенді қорғау ісіне қосқан үлесі қазақстандықтар үшін үлкен қызығушылық тудырады. Аты аңызға айналған командир өмірінің аты шыға қоймаған беттерін, әскери өмірбаянының егжей-тегжейлі қалпына келтіру отан тарихының маңыздылығы және жауапты міндеті болып табылады.
Қазақстанның, әскери қызметшілері мен жеткіншек әскер жасындағы жастарды жауынгерлік және патриоттық тәрбиелеуге өзекті, біздің ата-бабаларымыздың әскери және рухани мұрасының, қазақ халқының жауынгерлік жәнпе еңбек дәстүрлерінің базасындағы қазіргі жағдайдағы ұлттық патриотизмді қалыптастырудың ерекше өзектілігін айтпауға болмайды.
Дипломдық зерттеудің негізгі нысаны. Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан үлесін зерттеу болып табылады.
Бауыржан Момышұлының өмірі мен өскен ортасын әскери жолын, әскери-тарихи қызметі мен мұрасына, өзі қатысқан ірі тарихи оқиғалармен органикалық өзара байланыста кешенді тарихи зерттеу жүргізу; оның қызметінің тәжірибесін жинақтау тәжірибелін кепілдемелер мен теориялық ұсыныстарын зерттеу пәні болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан үлесі туралы тарихнаманы негізінен екі топқа бөліп қарастыруға болады: шетелдік ғалымдар мен отандық зерттеушілердің еңбектері.
Шетелдік ғалымдардың ішінде бұл тақырыпқа А. Бек, А. Кривицкий Бауыржан атамыз туралы қаншама көркем шығармалар жазды. Александр Бектің „Арпалыс” атты еңбегінде Бауыржан Момышұлының соғыста жүрген жерінен нақты деректерді осы ғалым беріп отыр. Себебі Бауыржан Момышұлы өзінің оқыған дәрісбаянында ылғида осы А. Бектің еңбегін сілтеп отырған. Олардың ең танымалдарының бірі белгілі орыс жазушысы Александр Бектің «Арпалыс» («Волоколам шоссесі») повесі. Бұл кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т. б. шет ел тілдеріне аударылған.
Қазақстан зерттеушілері Әзілхан Нұршайықовтың „Ақиқат пен аңыз”, келіні Зейнеп Ахметованың „Шуақты күндер”, ұлы Бауыржан Момышұлының „Жанымның жарық жұлдызы” және тағы басқа шығармалары Бауыржан Момышұлының шығармалары туралы М. Әуезов, М. Ғабдуллин, Ш. Мұртаза, Е. Ысмайылов, Ш. Елеукенов, М. Мырзахметұлы, М. Қалдыбаев т. б. ғалым-жазушылар батыр бейнесін сомдауда үлкен еңбек сіңірді. Мәселен, Е. Жұматаеваның кандидаттық диссертациясында Бауыржан Момышұлының прозасына ғана педагогикалық талдау жасалса, ал Қ. Уразбаев «Ұшқан ұя» еңбегіндегі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға тоқталған. Ал Ж. О. Иманалиев еңбегінде Бауыржан Момышұлының өлеңдеріне мазмұндық талдау жасалған.
Отандық тарих саласында өзінше үлес қосып келе жатқан ф. ғ. д., профессор Мекемтас Мырзахметұлы Жамбыл облысы Тараз қаласындағы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қабырғасынан «Бауыржантану» ғылыми орталығын ашты.
«Бауыржантану» саласын зерттеуде тарих ғылымының саласынан (М. Айтказина), әскери саладан (Л. Н. Бакаев, Қ. С. Мұхамедқалиев т. б. ) және әдебиет ғылымының саласынан (Ғ. А. Орынханова, Ж. О. Иманалиев, Қ. Уразбаев т. б. ) бірқатар ғалымдар зерттеулер жүргізді. Ал педагогика саласында зерттеуші Е. Жұматаеваның “Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру” атты кандидаттық диссертациясында майдангер жазушылар: Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Ә. Шәріповтердің еңбектері мен ерлік істерін бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдаланудың жолдарын қарастырған. Мекемтас ағамыз қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлының 100 - жылдығына байланысты 30 томдық кітап шығарылды. Кітаптарда Бауыржан Момышұлының толық өмірі, әскери қызметі, шежіресі, артынан қалған өсиеттері, соғыс кезіндегі іс-әрекеттері, соғыс тақырыбындағы дәрістері қамтылған. Мекемтас ағамыз әлі Бауыржан Момышұлы туралы тың мәліметтер көп оларда өзінше көп томдық кітап болып шығар еді егер қаржы мәселесі шешілсе. Бауыржан Момышұлы туралы тың мәліметтер жетерлік. Бауыржан атамыз туралы
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Мұнда ең алғашқылардың бірі Әзілхан Нұршайықовтың « Ақиқат және Аңыз» атты еңбегінде Бауыржан Момышұлының өмірі мен қандай қызмет атқарғандығы туралы жазылады. А. Бектің «Арпалысы» атты еңбегінде Бауыржан Момышұлының Мәскеу қаласын өзінің батольоны арқылы қорғағанын суреттеген. Бұл еңбек КСРО жазушылар одағында екі рет талқыланған. Көп елдердің әскерінде оқулық ретінде оқылғаны баспасөзде талай жазылды.
Екінші топтағы деректер өзінше бір төбе саналады. Мәселен, Е. Жұматаеваның кандидаттық диссертациясында Бауыржан Момышұлының прозасына ғана педагогикалық талдау жасалса, ал Қ. Уразбаев «Ұшқан ұя» еңбегіндегі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға тоқталған. Ал Ж. О. Иманалиев еңбегінде Бауыржан Момышұлының өлеңдеріне мазмұндық талдау жасалған.
Деректердің келесі тобын мерзімдік баспасөз материалдары құрайды. Бауыржан Момышұлы туралы республикалық, облыстық баспа сөздерде көптеген мәліметтер жарық көрді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері - Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан үлесін жан - жақты зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа жетуде мынадай нақты міндеттерді шешу көзделді:
- Бауыржан Момышұлының өмірі мен өскен ортасы туралы нақты мәліметтер беру
- Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы патриоттық идеяларын және олардың жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі мүмкіндіктерін анықтау
- Соғысқа дейінгі әскери қызметі және соғыс кезіндегі іс - әрекетіне талдау жасау
- Соғыстан кейінгі академиядағы дәрістері - соғыс тактикасына қосқан жаңалығының ерекшелігін талдау
- Батырдан қалған өсиеттері жөнінде айтылмаған дүниелерді көрсету
- Бауыржан Момышұлының дүниетанымындағы патриоттық сезімін анықтау.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Дипломдық жұмыстың теориялық-методологиялық негізін тарих, философия және т. б. қоғамдық ғылымдардың қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми тұжырымдары құрады. Сонымен бірге тарихтың теориялық-методологиялық мәселелерін зерттеуші шетелдік және отандық жетекші ғалымдардың еңбектеріндегі қарастырылып отырған тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ой-пікірлері басшылыққа алынды. Соның нәтижесінде Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан үлесі мен соғыстан кейінгі дәрісбаяндарын оқи отырып, артыннан қалған өсиеттері тарихын зерттеу өркениеттілік ұстаным, тарихилық принцип пен гуманизм, ынтымақтастық және мәдени-тарихи тұжырымдамалары аясында жүргізілді.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі. 1910 - 1982 жылдар, яғни Бауыржан Момышұлының туылғаннан бастап, қайтыс болғанға дейінгі уақыт.
Аумақтық шегі. Қазақстан мен Өзбекстан және Ресей Федерациясының тұтастай аумағы қарастырылған.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Кең көлемдегі деректік материалдар негізінде Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан үлесі туралы дәрісбаяндарымен артынан қалған өсиеттері толықтайғы өмір тарихын тұтастай қарастырылуы зерттеу жұмысының негізгі жаңалығы болып табылады. Нақтылай айтқанда, диссертацияда төмендегідей жаңалықтар бар:
- Бауыржан Момышұлының толық өмірбаяны мен өскен ортасы және шығармашылығы туралы мәліметтер анықталған;
- Бауыржан Момышұлының соғысқа дейінгі әскери қызметі мен соғыс кезіндегі әрекеті, соғыстан кейінгі дәрістерінің қазіргі әскери ғылым саласына тигізген әсері көрсетілген;
- Бүгінгі таңда Бауыржан Момышұлынан қалған өсиеттердің еліміздің жас ұрпақтарын ұлттық рухта тәрбиелеуде қолдану мәселесі ашық көрсетілген;
- Қарастырылып отырған мәселелер арқылы қазақ батырының бүкіл бойындағы қасиеттеріне бүгінгі көзқарас тұрғысынан талдау жасалып қорытындалған.
Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы. Дипломда жасалынған тұжырымдар мен қорытындыларды жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәні бойынша жүргізілетін арнаулы курстар мен семинар сабақтарын өткізуде пайдалануға болады.
Сонымен бірге зерттеу жұмысының тұжырымдарын Бауыржан Момышұлының өмірі, соғыс тақырыбындағы дәрісбаяндары мен өсиеттерін ғылыми зерттеу еңбектерінде, оқу құралдары мен оқулықтарда қолдануға болады. Сондай-ақ зерттеу жұмысының тұжырымдары КСРО халықтарының өзара соғыс кезіндегі байланыстар тарихын және түркі халықтарының әскери әдебиетінің негізін жазуда өзіндік септігін тигізе алады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан үлесін зерттеу нәтижесінде қорғауға мынандай тұжырымдар ұсынылады:
-Бауыржан Момышұлының өмірі мен өскен ортасы және шығармашылығын;
- Бауыржан Момышұлының соғыс кезіндегі тапқырлығын;
- Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріне қосқан дәрісбаяндарын;
- Батырдың ұрыс жолы, әскери зерегі мен атамекенді қорғау ісіне қосқан үлесі қазақ жастары мен қазақстандықтар үшін үлкен қызығушылық тудырады;
Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы
1. 1 Бауыржан Момышұлының өмірі мен өскен ортасы
Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы-XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға, қиян - кескі кезеңдерінде алған бағытынан қайтпастан өз заманының биігіне көтерілген қазақ баласы көзі тірісінде бүкіл Кеңес Одағы мақтан тұтатын және шет елдер танитын аңыз - адамға айналды.
Қазақ халқының даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының аса күрделі өмір жолы. Ғажайып жазмыштың құдіретті үкімімен мәңгілік даңқ тұғырына қондырылған Алаш елінің жиырмасыншы ғасырдағы бас батыры, біртуар ардағы - Бауыржан Момышұлы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында 1910 жылы 24 желтоқсанында дүниеге келген [1; 18 б] .
Өзінің балалық шағын өзінің әжесі Қызтумастың ертегілерін тыңдап, ауылында өткізеді. Содан Асадағы интернатқа түсіп. Онда үш жыл оқып, бастауыш мектепті тәмамдадаған.
Ол кезде орта мектеп деген атымен жоқ. Жетіжылдықтың өзі алғаш рет 1921 жылы Шымкентте ашылды. Оған төрт кластық білімі барларды алады екен. Бірақ ондай білімді шәкірттер аз. Сондықтан үшінші класс бітірген Бауыржанды соған алды да кетті. Келсе, Бауыржан сияқты балалар Шымкентке жан-жақтан жиналып қалыпты. Қызылордадан Әбділда Тәжібаев келіпті. Қазалыдан келген бірнеше бала бар. «Қазақстан коммунисі» журналының қазіргі редакторы Құрманбек Сағындықов бәрі сонда бірге оқыды. Бауыржан оқыған тұңғыш жетіжылдық мектептің үйі Шымкентте әлі күнге дейін бар. Бүгінде ол Совет Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаев атындағы қазақ орта мектебі. Жеті жылдықты Бауыржан 1928 жылы бітіріп шықты. [1. 24-28 бб] .
1928 жылы Шымкентте жетіжылдық мектепті бітірген Бауыржан осы күнгі ҚазПИ ол кезде Орынборда еді. Аздап оқудың дәмін татып алған Бауыржан енді соған түсіп оқығысы келді. «Ойладың- орындадың» деген сөз бар емес пе орыста. Сол айтқандай, ойға алғаны мұң екен, Орынборға тарттып кетеді.
Орынбор деген суық жер екен. Жұқа киіммен барған Бауыржан дірдектеп, жанын қоярға жер таба алмай жүрді. Институттың директоры Тоқтыбаев деген қазақ екен. Бір күні бүрсеңдеп институтқа кіріп келе жатқан Бауыржанға, сол кісі кездесе кетті де:
Әй, қарағым, бері келші, - деп Бауыржанды кабинетіне ертіп апарды. Тоқтыбаевтың үнемі Бауыржанға көзі түсіп, күйсіз жайын аңғарып жүреді екен. Ол бірден өз ұсынысын айтты. - Мына киіміңмен, шырағым, сен Орынборда оқи алмайсың, ауруға шалдығуың мүмкін. Адамға алдымен денсаулық керек. Мә, мына қағазды бухгалтерге апарып, ақша ал да, еліңе қайт. Мінеки, ВУЗ-дың есігін бала Бауыржан осылай жапты.
Сонымен, сорайып Жуалыға қайтады. Келе сала әкемсінің 2-3 қойын сатқызып, кебіс киіп, пальто, малақай сатып алып. Сөйтіп, шыт жаңа болып киініп гүбірналық (ол кезде Жамбыл, Шымкент, Қызылорда үшеуі бір гүбірна болатын) оқу бөлімінің бастығы Әшіров деген кісіге келеді. Оған Бауыржан жеті класс бітіргенін, тұрмыс жағдайына байланысты Орынбордан қайтып келгенін айтып, қызмет сұрайды. Әшіров қуанып кетті. Сен сияқты білімі бар қазақ баласын іздеп таба алмай жүрміз ғой, шырағым-ау. Қәне, мен сені мұғалім етейін, -деп қолыма бір жапырақ қағаз жазып берді. Сөйтіп, Бауыржан екі жыл бастауыш мектепке мұғалім болады.
Ол тұс ел басқару ісіне баулу үшін жергілікті ұлт адамдарын жоғары қызметтерге көтеріп жатқан шақ еді. Бурныйда да икемі бар қазақтарды жоғарылата бастады. Бір жақсысы олардың орынбасарлары мамандар, орыстар болатын. Білімі аз басшыға істің мән-жайын солар үйретіп отыратын. Сол тұста бір күні Бауыржанды да жоғарылатып шыға келгені бар емес пе. Ол былай болды.
Ол кезде райкомда да екі-ақ адам: секретарь мен есепші, райисполкомда да екі-ақ адам: председатель мен жауапты секретарь жұмыс істейтін. Райкомымыздың секретары Кабаков деген кісі де, райисполком председателі Дүйсенғали Бурабаев деген семинария бітірген бұрынғы мұғалім еді. Аудандық атқару комитетінің жауапты секретары Губанов деген адам орнынан түсіп қалды да, райком мен райисполком оның орнына кандидатура таба алмай састы. Бурабаев өзі бұрын мұғалім болған соң ба, кім білсін, әйтеуір, Бауыржанға тоқтаса керек. Сонымен Бауыржанды ай-шайға қаратпастан, аудандық атқару комитетінің жауапты секретары етіп тағайындап кеп жіберді [2; 12-19 бб] .
Жауапты секретарьдың жұмысынан ешбір хабары жоқ ол. Әйтеуір, оңаша кабинеті бар. Қалқиып сонда отырады. Оңаша отырғаннан кейін Бауыржан не істеп, не тындыратынын ешкім біліп жатқан жоқ. Сырт жұрт осы бірдеңе бітіріп отыр деп ойлайтын шығар. Ал ештеңені де ұқсата алмағаны тек Бауыржанға аян. Бурабаев Бауыржанға ана мәселе, мына мәселе жөнінде аудандық атқару комитетінің қаулысын, шешімін шығар, ана жерге қатынас жаз, мына жерге жарлық жібер дейді. Ал Бауыржан олардың қалай жазылатынын да білмейтін. Бірдеңелерді нобайлап, осылай болар деп тұспалдап, Бурабаевқа алып барады. Бурабаев ұстамды педагог еді. Бауыржанның жазғандарын алдына алып отырып, оған ұрыспастан, ренжіместен ерінбей соларды бірі қызыл, бірі көк түсті қарындашпен түзететін де отыратын. Бауыржанға Бурабаев қып-қызыл ала етіп берген документтерді қайта көшірумен күн өткізетін. Содан кейін әр документтің соңына аудандық атқару комитетінің председателі Бурабаев деп қол қояды, жауапты секретары Момышұлы деп қол қояды [3; 45-49 бб] . Ал шындығына келгенде, аудандық атқару комитетінің председателі де, секретары да Бурабаев еді. Не керек, ақыры Бурабаев Бауыржанды үйретіп шығарды. Сөйтіп, Бауыржан үш жыл аудандық атқару комитетінің секретары болады.
Иә, райисполкомда үш жыл секретарь болады, Бурабаев Бауыржанға ұстаздық етті. Содан кейін Жуалыға тағы да екі аудан қосылып, аудан үлкейді де, енді райисполкомға председатель болып Таран Бердібаев деген кісі келді. Ал аудандық партия комитетінің секретары болып Ефимов деген жолдас тағайындалды (кейініректе Хабаровск өлкелік партия комитетінің секретары болатын осы Ефимов) [4; 88-91 бб] . Бауыржан жаңа председателге Бердібаевқа жақпады. Өзі сауатты кісі еді. Бауыржан бірдеңені қате істесе, ол үйретудің орнына тыржиятын болды. Үйретуге үйреніп қалған басы, Бауыржан да тырсия қалып жүрді. Ақыры ол Бауыржанды секретарьлықтан босатуға айналды. Сол кезде Бауыржанды Ефимов шақыртты. Соның алдында ғана аудандық милиция бастығы орнынан түскен еді. Ефимов Бауыржанға сонын орнын ұсынды.
Осыдан кейін Ефимов милиция бастығының орынбасарларын шақыртты. Оларға Бауыржанды таныстырды да бала демей, бағынындар. Көмектесіндер, - деді. Сөйтіп, Бауыржан алты ай милиция бастығы болды. Сүзекпен ауырып, ол қызметтен өзі түсіп қалды. Одан бұрын бастық болған кездегі Бауыржанның хикаясы.
Сол кезде Сырдария гүбірнасында Емельянов деген аса маңызды істер жөніндегі тергеуші бар еді. Ол өзі бір өте білімді юрист болатын. Аудандық милицияға Бауыржан бастық болғаннан кейін, бір күні Жуалыға сол кісі келіп қалды. Бауыржан бұрын ол кісіні көрмеген. Қаперінде түк жок, кабинетінде отырған еді, бір тәпелтек кісі кіріп келді. Сәлемдескеннен кейін бас-аяғына қарап алды да:
- Шырағым, милиция бастығы қайда екен? - деп сұрады. Тегі Бауыржанның түріне қарап, бастық шығып кеткенде соның орнына келіп отырған жас милиционерлердің бірі шығар деп ойлаған болуы керек.
- Бауыржан мен, -деп орнынан тұрады.
Ол кісі Бауыржанға документін көрсетті. Сөйтсе Емельяновы осы кісі екен. Бастық болғанына 5-6 ғана күн болған. Не бар, не жоқты білмейтін.
- Ендеше барып түрмені көрейік, - деді ол.
Келіп. Көреді Адам деген бығып жатыр. Емельянов әркімдермен сөйлесіп, не үшін жатырсың деп сұрайды. Олар білмейді. Қораға шықты. Қорада 69 ат байлаулы тұр.
- Бұлар кімдікі?
- Түрмедегі қазақтардікі.
- Аттарын неге қайтармайсындар?-дейді Емельянов. Оны да ешкім білмейді. Емельянов Бауыржанды ертіп, қайтадан кабиниетке келеді. Содан кейін сабырмен кодексті алып көрсетті де, түсіндіре бастады [5; 31-41 бб] .
Түрмеде 250 адам жатыр, -деді ол. - Осының көбіне қамауға берілген санкция жоқ. Заңсыздық, совет заңын бұрмалаушылық деген осы болады. Адамды қылмысы болса түрмеге қамауға болар. Бірақ олардың аттарын түрмеге қамауды кайдан тапқансыздар? Меніңше милиционерлеріңіз өзіне жақпаған адамдардың бәрін айдап әкеп түрмеге қамай берген. Ал протоколсыз бір адамды түрме босағасын аттатуға қақыларыңыз жоқ. Әрине, бұл сіздің кінәңіз болмас, сіз жаңадан ғана тағайындалған екенсіз. Енді осы адамдардың қаншасына протокол жасалған екен? Соларды тексертіп, осында алдырыңызшы [6; 45-56 бб] .
Бауыржан аппаратын шақырып, Емельяновтың тапсырмасын айтты. Жұрттың бәрі Емельяновтан қорқып зыр жүгірді. Тексерсе 50 адамға протокол жасалыпты.
Протоколсыз жатқан адамдардың бәрін де қазір барып, түрмеден босаттырыңыз, -деді Емельянов Бауыржанға. - Ертеңге дейін мен мына протоколдарды қарап шығайын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz