Бейімбет Майлин - көркем сөз шебері
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 - 6
I тарау.
XX ғасырдың басындағы проза жанрының
даму
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 7 - 21
II тарау.
Бейімбет Майлин – көркем сөз
шебері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...22 - 50
2.1. Б.Майлин әңгімелерінің тақырыптық-идеялық сипаты және
образдық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..22 -38
2.2. Әңгімелерінің тіл көркемдігі және суреткерлік шеберлігі ... ... .39 -
50
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...51 - 53
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .54 - 55
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Сөз зергері, дарынды жазушы Ғ.Мүсірепов тарапынан: Біздің
прозамыздағы реализм шыңына шыққан шеберлік өзгелердің бәрінен де бұрын
Майлин есімімен берік байланысты. Ол - әрі теңдесі жоқ әңгімеші ретінде де,
әрі прозадағы сүйекті шығармаларды жасаушы ретінде де біздің тұңғыш зергер
прозашымыз. Біздің қай-қайсымыз болсақ та Бейімбет Майлиннің осыдан тұп-
тура алпыс жыл бұрын жазылған Шұғаның белгісі повесінің құрсағынан шығып,
етегіне оранып өскендейміз, - деп бағаланған [3,6б] қаламгер шығармашылығы
– тұңғиығы терең, зерделенер қыр-сыры мол, өміршең мұра. Жазушының әңгіме
жанрындағы туындыларын көркемдік ерекшелік тұрғысынан зерттеу
әдебиетіміздің ешқашан маңызын жоймайтын күрделі мәселесі болып саналады.
Диплом жұмысының мақсат – міндеттері:
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты Б.Майлин әңгімелерінің көркемдік
ерекшелігі мен суреткерлік шеберлігін таныту. Осы мақсатқа жету үшін
мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- ХХ ғасыр басындағы проза жанрының, оның ішінде әңгіменің даму бағытын
пайымдау;
- жазушы әңгімелерінің тақырыптық ерекшелігін, көркемдік шешімін зерделеу;
- қаламгердің көркем бейне сомдаудағы өзіндік әдіс-тәсілін таныту;
- әңгімелерінің тіл көркемдігін, сөз қолдану айшығын саралау;
- суреткерлiк шеберлiгiн, стиль даралығын пайымдау.
Зерттеу жұмысының нысаны: ретінде Б.Майлин әңгімелері мен жазушы
шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер (Т.Бейісқұловтың Дарын даралығы
(1994), Т.Нұртазиннің Б.Майлин творчествосы (1966)), сонымен қатар
мерзімді баспасөз бетіндегі ғылыми-танымдық материалдар пайдаланылды.
Диплом жұмысының ғылымилығы:
Бейімбет Майлин әңгімелері жайлы ғылыми пікірлерді, әдеби
талдауларды жүйелі жинақтауы, көркемдік шешім, қаламгер шығармаларының
көркемдік қырларын саралауы зерттеу жұмысының ғылымилығын танытады.
Диплом жұмысының теориялық-практикалық маңызы:
Дипломдық жұмысының негізгі тұжырымдарын қазақ әдебиетінің тарихы,
әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы, сондай-ақ арнайы курс, арнайы
семинар сабақтарында қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің тарихын дарынды қаламгер, шебер
жазушы, өнімді прозашы Бейімбет Майлиннің шығармашылығынсыз сөз ету қиын.
Артында мол мұра қалдырған ол, әсіресе проза саласында ерекше дарынын,
қаламгерлік қарымын таныта білді. Жалпы Бейімбет Майлиннің прозалық
шығармалары әр алуан тақырыпты терең бейнелеген, көп қырлы, тілдік тұрғыдан
алғанда да көркемдік кестесі бірден көзге түсетін сан салалы туындылардың
басын біріктіреді. Әсіресе Бейімбет қаламына тән қасиет – прозалық
шығармаларында адам характері, мінез-ерекшеліктері, олардың ішкі жан
дүниесінің қалтарыстары терең, жан-жақты, шынайы ашылып отыруы. Оған дәлел
жазушы сомдаған кейіпкерлер галереясы. Бұл кейіпкерлер бір-бірін
қайталамайды, әр қаһарман өзіне ғана тән іс-әрекетімен көрініп, өзіне ғана
тән мінез-құлқымен, сөйлеу ерекшелігімен, ішкі жан дүниесімен, сыртқы
портретімен, кескін-кейпімен көрініп отырады. Сондықтан да, Бейімбеттің
кейіпкерлері өзінің сан алуандығымен, әркелкілігімен және тартымдылығымен
оқырмандарын өзіне баурап алады. Бейімбет Майлиннің прозалық шығармаларының
басты тақырыбы ауыл өмірі болып келеді. Яғни, кеңес дәуірінің алғашқы
онжылдықтары, 20-30 жылдардағы ауыл кедейлерінің тұрмыс-тіршілігі,
төңкерістің себебінен олардың өміріндегі өзгерістер, сана-сезіміндегі
жаңғырулар, ішкі көңіл-күйлері шығармаларында өзінің шынайы көрінісін
табады. Сонымен бірге қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелер де өткір,
тереңнен қарастырылып суреттеліп отырады. Қоғамдық орта мен әлеуметтік
өмір, кедейлер тақырыбы Бейімбет шығармаларында ең бірінші қатарда тұрады,
өйткені қаламгер бұл тақырыпты тыңғылықты зерттеген, өзі өте терең, жақсы
білген, өзі солардың бел ортасында тіршілік кешкен, сондықтан да ол бұл
тақырыпты суреткерлікпен, өте шынайы, аса көркем бейнелей алған. Жазушының
кедейден алатын кейіпкерлерінің басым көпшілігі ауылдың негізгі тұрғындары
болған. Сондықтан жазушының кейіпкерлерін кедейлер ғана деп бұрынғы ескі
көзқараспен шектемеу керек, турасында ауыл тұрғындарының, нақтырақ айтсақ,
жалпы ауыл қазақтарының өмір-тіршілігі деген дұрысырақ сияқты.
Оның әңгімелері өзінің нақтылығымен, қысқалығымен және көркемдік
кестелерімен өз кезеңіндегі жазушылардың шығармаларынан ерекшеленіп тұрады.
Жалпы жазушының барлық тақырыптағы әңгімелері бір-біріне ұқсамайды,
қайталанбайды.
Кедейлер туралы жазған шығармалары әрқилы, әр түрлі стильді. Кейбір
әңгіме, повестерінде ол болған оқиғаны тұтас арқаулы сюжетке негіздеп,
сабырмен баяндап береді. Кейде қызу оқиғаның ортасынан кие бастап, оқушыны
да сол өмір қат-қабатының жуан ортасына енгізіп жібереді. Кейде ол оқиғаны
басты кейіпкердің естелігі түрінде, немесе хат арқылы сыр шерту түрінде
суреттейді. Соның қай қайсысында болса да автордың нысанасы біреу: адам
тағдырын суреттеу, ешбір боямасыз шынайы қазақы мінез сырын ашу, өз
заманының көріністерін, қарапайым қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін баяндау.
Жазушы қаламынан туған барлық асыл бұйым атаулыны алсақ, әр
кітаптың тамыр-төркіні ең алдымен жазушының өзінің жанынан терең орын алған
күйлерден туады. Адам тағдыры мен табысының барлық шақтарына өзінің ішкі-
сыртқы болмысымен нақтылы түгел шомған жазушының қаламынан ғана
көңілдегідей тұлға туады. Жүрек қанымен жазылғандай әдебиет шығармасы өзі
де сүйген, өзі де жиренген жаннан жаннан шығады, - деген М.Әуезов сөзінен
ой түйер болсақ, Б.Майлин туындылары сондай сезім нәтижесінде, яғни өмір
тәжірибесінің, көрген-білгені мен көңілге түйгендердің әсерінен туындаған.
Ел мен ер ежелден егіз ұғым. Екеуінің бірі ауызға алынса, екіншісі
қанжығаласып қатар тұрады. Елінің даңқын асырар ер табылса, сол ердің
атағын аспандатып әкетуге елі әрқашан дайын. Ондай ерді елі аяулы азаматым,
ардагер ұлым деп ыстық махаббатына бөлеп, жүрегінің төрінен мәңгілік орын
береді. Рас, ондай дәрежеге жете түсу екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Ол жүзден шыққан жүйрік емес-ау, мыңдардың арасынан суырылып озғандардың
ғана төл сыбағасы. Ал Бейімбет Майлин – сол қара шалдырмас жеке даралардың
бірі. Араға қилы-қилы кезеңдер киліксе де ізі суынбай, халқы ұмытпай аса
ыстық ықыласпен еске алып, шығармаларын жас ұрпаққа насихаттап, мұрасын
рухани құндылықтардың қатарына қосып, ардақтауымыздың да сыры осында деп
білеміз.
Зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты да қаламгер қаламының қарымын
тану, шығармаларының қыр-сырына үңіліп, көркемдік әлемінің көкжиегін
бағдарлау болып отыр.
І тарау. XX ғасырдың басындағы проза жанрының
даму деңгейі
Қазақ прозасы ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында-ақ дамудың жаңа арнасына
шықты. Бұл белгілі тарихи жағдайдағы экономикалық заңдылықтар нәтижесінде
пайда болған жаңа әлеуметтік ортаның қажеттілігінен барып дүниеге келген
қоғамдық санадағы жаңалық еді.
ХХ ғасыр басы қазақ халқының өміріндегі елеулі кезең. Тарих үшін
қас қағым осы шақта 1900-1917 жылдар арасында қазақ халқы Ұлы Октябрь
социалистік революциясы әкелген барша ұлы өзгерістерді тез қабылдауға
себепкер болған үлкен рухани дамуды, сілкіністерді бастан кешті. Мұның ірі-
ірі себептері, белгілі заңдылықтары бар. ХХ ғасыр басында қазақ даласында
революциялық күрес идеялары кең тарай бастады. Қазақ жұмысшыларының
ұйымдасқан түрде бас көтерулері көбейді.
Қазақ даласында демократтық-ағартушылық идеяларды қалыптастыруда
орыс әдебиеті мен өнерінің маңызы өте зор болғанын айту ләзім. Ш.Уәлиханов
пен Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев адамзат ақыл-ойының небір інжу-маржандары мен
табыстарына орыс тілі мен әдебиеті арқылы жол тапты. Белинский мен
Чернышевскийдің, Герцен мен Добролюбовтың бостандық пен азаттық аңсаған
идеялары қазақ даласына да тарала бастады.
Мол шикізат қорын Россияның орталық қалаларындағы өнеркәсіптеріне
жеткізу үшін түрлі қатынас жолдары: су жолы, әсіресе, теміржол құрылыстары
басталды. Осындай бірін-бірі қуып кеткен өндіріс талаптары шаруашылықты
басқару үшін жергілікті халықты патша саясатына бейімдейтін органдар мен
аппараттарды, чиновниктерді қажет қылды. Мектептер ашылды, түрлі оқу
құралдары мен екі тілді сөздіктер шығарыла бастады. Патша жарлықтарын
халыққа жеткізілетін газет, журнал, баспа орындарын ашу қажеттілігі туды.
Қазақ тілінде мектептер ашу, оқулықтар жазу, кітаптар, газет,
журнал шығару – тек қана осы кезде ояна бастаған елдің үлкен мақсаттағы ұл-
қыздарының ісі. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуына ықпал еткен
экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайлар М.Әуезов, Б.Кенжебаев,
К.Бейсембаев, М.Фетисов, Ш.Сәтбаева, Б.Шалабаев, К.Қанафеева, Х.Әдібаев,
Ы.Дүйсенбаев, Х.Бекхожин, М.Бөжеев, Ә.Жиреншин т.б. зерттеушілер
еңбектерінде айтылған.
Біз бұл тарауымызда көркем проза дамуына тікелей әсер еткен кейбір
мәнді құбылыстарға ғана көңіл аударамыз. Мысалы: баспа мен баспасөз ісінің
дамуы көркем проза дамуына елеулі үлес қосқан болса, мектептердің ашылуы
мен оларға арнап әдебиеттік оқу құралдарының жазылуы көптеген жазушылар
үшін мектеп болды. Олар түрлі аудармалар мен соған еліктеп әңгімелер жазу
үстінде көркем проза заңдылықтарымен танысты, шеберліктерін ұштады. Сол
арқылы көпшіліктердің көркем прозаға көзі үйреніп, көңілі бөліне бастады.
Көркем әдебиеттің, әсіресе, сауатты прозаның баспасөз бен баспа
орындарына тәуелді екені дау туғызбайды. Алайда, баспалардың мүмкіндігі
толық пайдалану үшін осы өз мақсатына жұмсай алатын адамдар да қажет. ХХ
ғасыр басындағы қазақ қоғамдық санасына әсер еткен үлкен фольклордың бірі –
орыс, татар және басқа да шығыс халықтарының әдебиеті. Осылардың арасында
қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуына ерекше әсер еткен фактордың бірі –
классикалық орыс әдебиеті болғанын баса айтуға тиіспіз. Орыс ағартушылары
мен демократтарының озық идеялары қазақ даласына баспа мен баспасөз, оқу
орындары арқылы енді. Қазақ әдебиетінде орыс тілінен көптеген шығармалар
аударыла бастады. Олардың ішіндегі маңыздыларын атар болсақ: Л.Н.Толстой
мен А.П.Чехов әңгімелері, А.С.Пушкиннің Капитан қызы, Мамин-Сибиряк пен
А.Сорокиннің әңгімелері т.б.
ХХ ғасыр басында қазақ прозасының дамуына мерзімді баспасөз
жұмысының жолға қойылуы өте қолайлы жағдай жасады. ХХ ғасырдың екінші
жартысында Түркістан уалаяты газеті мен Дала уалаяты газетінде
басталған үлкен істер ілгері жылжыды. Ал қазақ мәдениеті мен әдебиеті
дамытуда бұл газеттердің ролін ешкім жоққа шығара алмады. Олар қазақша
жазудың әдеби үлгілерін баспасөз бетінде күнбе-күн насихаттап отырды, әдеби
тілдің қалыптаса бастаған нормаларынан ауытқуды қатал сынға алды, өмір
шындығын бейнелейтін реалистік бағытта шығармалар жариялады. Түрлі
сөздердің жаңа қырын, алуан бояуларын ашты, жаңа образдар жасауда оның
мүмкіндігін байқап көрді. Мерзімді баспасөз бетінде дәуір талабы алға
тартқан түрлі проблемалар көрініс тапты және қоғамдық сана тілегіне сай
ірі, көлемді, көркем шығармалар қажеттілігі жиі айтылды.
ХХ ғасыр басында қоғамдық өмірге белсене араласқан газет-журналдар
мыналар: Бірлік туы, Ешім даласы, Қазақ газеті, Қазақ, Қазақстан,
Сары-Арқа, Серке, Алаш, Тіршілік, Айқап журналы.
Октябрь алдындағы баспасөз, проза туралы әңгімелер қозғағанда
Айқап журналының орны бөлек. Журнал бетіндегі көптеген материалдар патша
үкіметінің баспасөзге қоятын талаптарымен қабыса бермейді. Мысалы: Қазаққа
алауыздық қайдан келді деген мақалада ІІ Екатеринаның колонияларда ұлт
араздылығын қоздырыңдар деген губернаторларға арналған құпия бұйрығын
жариялап, ол туралы түрлі пікірлер айтады.
Қазақ әдебиетінде проза жанрының тез өркендеуіне ХХ ғасыр барысында
қоғам өміріне батыл араласа бастаған баспасөз ісінің жедел өркендеуі ерекше
ықпал жасады.
Біз ХХ ғасыр басындағы баспасөз бетіндегі прозалық шығармаларды
қарастырғанда негізінен Айқап бетінде жарияланғандарға тоқталамыз.
Себебі, Октябрь алдындағы газет, журналдар арасында Айқап журналының орны
ерекше. Бұл басылым алғашқы санынан бастап соңғы санына дейін көркем
әдебиетке қатысты материалдар жариялауға, оны насихаттауға арнайы көңіл
бөлді. Тіпті, 1914 жылдан бастап әдеби шығармаларды көп жариялайтынын
оқушыларына хабарлайды да.
ХХ ғасыр басы қазақ халқының қоғамдық санасының дүр сілкінген шағы
болғанын жоғарыда айтып өттік. Октябрь алдындағы әдебиетіміз түрлі идеялық
бағыттарға толы болды. Әдеби өмірдің осындай кезінде Айқап журналы
мүмкіндігінше өзекті мәселелерді қозғаған прогресшіл, демократтық идеясы
бар шығармаларды жариялауға мән берген, оны көпшілікке таныстыруға көңіл
бөлген басылым болды. Журналдың мазмұнынан-ақ прогресшіл позициясы,
демократтық, ағартушылық идеясы айқын байқалды. Осы идеяларды таратуда
журнал әдеби шығармаларды, солардың ішінде көркем прозаны да шебер
пайдаланып отырды.
Қазақтың қоғамды санасы дамуының кезекті сатысында дүниеге келіп,
өмірдің үлкен проблемаларына араласа бастаған Айқап журналының өнердің,
әдебиетінің, әсіресе, мүмкіндігі мол прозаның қуатын, қасиетін пайдалануға
ұмтылуы заңды да. Ол негізінен Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған реалистік
әдебиетті одан әрі дамытты. Бұл жолда классикалық орыс әдебиетінің де әсері
мол. Сол арқылы қазақ прозасына кәдімгідей көркемдік түр, пішін келді.
Баяндаудан диалогтарды бөлек берудің әдістерін үйренді.
Журналдың қазақ прозасын жариялау мен насихаттаудағы рөлін бірнеше
бағытта қарастырамыз, Айқап өзінің алғашқы санынан бастап прозалық
шығармаларды жариялауға ерекше көңіл бөліп келді. Фельетон рубрикасында
көркем әңгімелер мен аудармалар, қолжазбалар, очерктер үзбей жарияланып
отырды. Бұлардың арасында журнал тілшісі М.Кәшімовтің, Қалимолла
Ғабдолрахманұлының, М.Сералин мен М.Малдыбаев, Б.Майлин, Ж.Сейдалин тәрізді
ағартушы-демократ жазушылардың шығармалары көтерген тақырыптары мен
көркемдік дәрежесіне қарай оқшауланады.
Айқап журналы өзінің бір санында қазақтарды қара сөзбен ойларын
әдемілеп жеткізуге үйретуді мақсат қылдық, - деп жазды. Бұл шынында да
солай, қазақ халқын прозалық шығармаларды оқуға үйретуде, жарияланған
шығармалардың табысын, кемшілігін көрсетуде оның рөлі өте зор болды.
Журналдың С.Көбеевтің Қалың мал романын қазақ халқының рухани дамуының
табысына балауының өзі үлкен факт.
Айқап жарияланған прозалық шығармаларға мән беріп, оларды елге
таныстырып, тақырыптық, көркемдік қасиеттеріне жұрт назарын аударып отырды.
Мысалы, М.Дулатовтың Бақытсыз Жамал, С.Көбеевтің Қалың мал туралы
материалдары осының айғағы.
Айқапта жарияланған шығармаларды типологиялық тұрғыда
топтастырып, салыстырып, ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасының жүйесінде
қарастырсақ, көркем прозада өтіп жатқан күрделі процестерді анық байқауға
болады. Сондықтан да көркемдік дамудың кезекті сатыларына өтудегі
ізденістер мен шегіністерді, табыстарды толықтау көрсету үшін журнал
бетінде жарияланған көптеген әңгімелерге талдау жасаймыз. Қозғайтын
тақырыбы мен көздейтін идеясына, құрылысына, прозаның жеке компоненттерін
сомдау жолындағы автор шеберлігіне, тіліне көңіл аударуға тырысамыз.
ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы дамуының күрделі процесінің толық
көрінісін білу үшін Айқапта жарияланған прозалық шығармаларға тоқталмай
кетуге болмайды. Бұл күрделі прозаның кейбір құбылыстарының қазақ
әдебиетіндегі көріністерінің генезисіне барлау жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар олардың бүгінгі әдебиетіміздегі рөліне, қызметіне, оқушылар
тілегін қанағаттандыру сырына қатысты зерттеулерде де осы шығармалар үлкен
әдеби факт. Қазақ прозасы жеке-жеке ұсақ уақиғалы шығармалардан талай
көріністерді қамти алатын кең тынысты, көлемді шығармаларға өтті.
Айқап бетіндегі прозаны негізінен үш топқа бөліп қарастыруға
болады. Олар: әңгімелер, қолжазба очерктер, аудармалар. Бұл шығармалар
негізінен фельетон рубрикасында жарияланып отырған.
Айқаптың 8, 12 сандарында Жұмбақ әңгіме жеке Екі қыздың мұңы
аталатын екі әңгіме жарияланған. Мазмұн, тақырып ортақтығы болмағанымен
екеуінде ұқсастық бар. Ол – формада. Екеуі де таза диалогке құрылған.
Жұмбақ әңгімеде автор енді-енді ояна бастаған қазақ халқының
мәдениет жаңалығына, газет-журналдардың шыға бастауына түрлі көзқарасын
көрсетеді. Бұл мақсатына тікелей насихат түрінде емес, өзгеше шартты образ,
жұмбақ арқылы жетпек болған. Автордың негізгі мақсаты белгілі идея мен ойды
жеткізу ғана. Ол тіпті кейіпкерлерінің есімдерін атауды да қажет таппаған.
Оларды шартты түрде әріптермен Б, С деп қана белгілейді.
Екі қыздың мұңы да осындай диалогтық үлгіде жазылған. Нұрила мен
Ұлбосынның халінен бастап барша қазақ қыздарының мұңына ауысады. Екі қатын
үстіне малға сатылып мен отырмын, алпысқа келген шалға баруға сен тұрсың,
Зейнеп бейшараны сегіздегі балаға айттырып қойды, бір мақаудың тілегін
тілеп Зылиха отыр. Мақсатқа орай уақиғаны әдейі қоюлату байқалады.
Келтірілген ремаркалар, қыстырма сөздер жазушылардың, журнал авторларының,
кейіпкерлер қимылын, психологиясын берудің қажеттілігін сезе бастауын
аңғартады.
Сонымен біз мысалға алған әңгімелерде ХХ ғасыр басындағы қазақ
прозасының алдында тұрған негізгі проблемалар байқалады. Авторлар идеялары
мен ойларын халыққа әсерлі жеткізу үшін шығарма негізіндегі оқиғаларды
көркем формаларға айналдыруға тырысқан. Жасанды ситуацияларды, сюжет,
фабулаларды пайдаланады. Баяндау, диалог, портрет, суреттеу тәрізді түрлі
тәсілдерді меңгеруге ұмытылды. Еңбек пен тәжірибені ғана емес, үлкен талант
қана аңғара алатын осы компонеттер арасындағы күрделі қатынастарды
игерудегі олардың қиналыстары шығармаларында сайрап жатыр. Мысалы, кейбір
авторлар шамалары келмеген осы бір қыл көпірді айналып өтудің, соған
соқпаудың әдістерін іздейді. Соның нәтижесінде барып таза баяндауға,
болмаса, диалогқа құрылған әңгімелер көбейді.
1911 жылы жарық көрген әңгімелер – негізінен түрлі авторлардың
шығармалары. Бірақ енді проза саласында ғана жазатын авторлар тобы көріне
бастады. Журнал бетінде жарияланған прозалық шығармалар негізінен белгілі
дәрежеде редакцияларға ұшыраған. Өйткені, жарық көрген материалдарды
топтастырып, салыстыра қарағанда бір стильді, түрді байқау қиын емес.
Сонымен бірге журналда жарияланған әңгімелер де басқа шығармалардың тууына
әсер етіп, өздері де үлгіге айналып, белгілі дәстүр қалыптастырған тәрізді.
ХХ ғасыр басындағы прозалық шғармаларда автордың уақиғаға қатысын білдіріп,
қорытынды шығару өте көп кездеседі. Солардың көпшілігінде үгіттік,
насихаттық, публицистикалық сарын шығарма әуенінен, құрылысынан бөлектеніп
тұрады.
ХХ ғасыр басында жарияланған прозалық шығармаларды топтастырып,
салыстырып, бір жүйеге жинақтап талдай келгенде қазақ әдебиетінің өте
күрделі процестер үстінде болғанын, ол үлкен азаматтық ойлар мен
ағартушылық, демократтық пікірлерді көркем бейнелеуге де шамасы жетіп
қалған жаңа шығармалармен, әдістермен толыға түскенін, сондай-ақ көркемдік
дәрежесі де ойдағыдай талай шығармалар туып, жанрлық аясы да кеңи түскенін
көруге болады. Мысалы: Октябрь алдындағы газет-журнал бетіндегі әңгімелер
мен А.Жандыбаевтың Жас ғұмырым яки жастықта ғафлаты, Б.Ержановтың Оқуға
махаббаты, Б.Майлиннің Айқап бетіндегі әңгімелері мен Шұғаның белгісі
- көркем проза дамуының түрлі сатыларын бейнелей алатын шығармалар. Бұл тек
қана көркем тәжірибе жинау, үйрену мен іздену жолындағы күрделі процесті
көрсетіп қоймайды, сонымен бірге суреткердің туындыларының қыр-cырын,
кейбір ерекшеліктерін көрсетеді.
Жоғарыдағы шығармалар әдебиетіміздің даму жолындағы қадау-қадау
көрнектілері ғана. Бұлардың арасында көркемдік бояуының солғындығы мен
кейбір кетіктеріне қарамастан әдебиетіміздің тарихи үшін ғана емес, дәуір
шындығын шынайы бейнелейтін, тіпті фактографиялық, натуралдық түрде болса
да, бай материалдар беретіндері қаншама! Заманымыздың заңғар жазушысы
Ш.Айтматовтың деректі әдеби-тарихи жанрлар, құбылыстар туралы айтқан мына
пікірлеріне қосылмауға болмайды: Деректі мәліметтер көп жағдайда нағыз
өмірдің тұтас бейнесін байқатып, өзі туралы өзі айтады. Оны ойдан шығара
алмайсың, өйткені ол - өмір Олардың өзі белгілі қажеттіліктен дүниеге
келіп, өздерінің міндеттерін ақтады. Тек қана бірер шығармасы арқылы ғана
бізге жеткен де жазушылар бар. Бұлардың творчествосы саналы әдеби
ізденістің жемісі болмаса да, әдеби процестің қажетті элементі екені
даусыз. Сондықтан да топтастырып, типологиялық тұрғыда салыстыра
қарастырғанда ғана проза диалектикасының белгілі заңдылығына жолығуға
болады. XX ғасыр басындағы әдебиет пен ондағы процесс жайын әңгімелегенде
бұл шығармаларға жеткілікті көңіл бөлмеу қашан да сыңаржақтылыққа алып
барады. Ал оларды байыпты зерттеу, тарихи-типологиялық, салыстырмалы,
құрылымдық талдаулар жасау әдебиетіміздің тарихын шынайы көрсетуге
мүмкіндік береді. Қазақ прозасының барлық көріністерін, даму бағыттарын
зерттеу, өзіне ғана тән ерекшеліктерін айқындау туған әдебиетіміздің өсіп,
өркендеу кезеңдерінің түрлі сатыларын шынайы бейнелеу үшін қажет.
Бұл профессионалдық қазақ прозасы туып қалыптасқан ортаның болмысына,
табиғатына, дәстүріне үңілу деген сөз. Жалпы Октябрь алдындағы әдебиет
туралы зерттеулерде проза жанрына жазылған кейбір шығармалар ғана жан-жақты
талданады. Ал толық талдаудың қажеттігі жоғарыда біз баяндаған жайлардан
анық көрінеді.
Көпшілікке мәлім, көркем әдебиет дамуының өзіндік
ерекшелігі бар.Әрбір көркемдік әдіс пен түр, бейнелеу тәсілдері өмірдің өз
талабынан туындап, соған себепті қоғамдық сананың белгілі даму дәрежесіне
сай келеді. Қоғамдық, экономикалық дамудың материалдық табыстары да өнер
туындылары үшін жаңа мүмкіндіктер, жағдай жасайды. Мысалы: баспа мен
баспасөздің дамуы, кино, теледидар т.б.
Кейбір жанрлар тек белгілі бір кезеңде ғана дамуға қажетті жағдайға
ие болады. Мысалы, реалистік роман XIX ғасырдан бастап барлық Европа
әдебиетінде жетекші рөлге ие болып, сыншылар мен әдебиетшілердің, бүкіл
қоғамның назарын өзіне аударды. Сондықтан да белгілі ғалым Г.Н.Поспеловтың
мына пікірлерінде, біздің ойымызша үлкен негіз бар. Бұл бағытта романды
зерттеуші кейбір шетелдік ғалымдардың, ара-тұра орыс әдебиетшілерінің де
теориялық тұрғыда мәнді деп ескермеген кейбір жайлары да әсер етеді. Түптеп
келгенде оның жайы мынаған саяды: ғалымдар жанрды көркем мазмұн дамуының
бір үлгісі ретінде емес, оны сол мазмұнды жеткізу формасы ретінде ғана
қарастырады.
Қазақ әдебиетінің даму жолдарына жүйелі, жан-жақты, терең талдаулар
жасай отырып проза жанрының XX ғасыр басында шындап орнығу себебін тек
жалаң түрдің келуімен емес, соған сәйкес көркем мазмұнның да пайда болуымен
түсіндіруіміз керек. Демек, тап осы кезеңде, қазақ халқының қоғамдық
санасында жаңа қажеттіліктің, эстетикалық тілектің туғаны белгілі.
Сондықтан да қазақ прозасының кейінгі қарышты қадамын, салтанатты шеруін
бірыңғай көршілес елдер әдебиетінің әсерімен емес, әдебиеттің ішкі даму
тенденциясындағы күштердің заңдылығымен түсіндіруге тиіспіз. Біздің бұл
пікіріміз атақты орыс сыншысы В.Г.Белинскийдің мына сөздерін еске салады:
Бұл жерде шетелдік әдебиеттің де әсері болғаны шын, мұның өзі табиғи
нәрсе, өйткені, адамзаттың сауатты бөлігінің өміріне қосыла бастаған
халыққа, қандай да болмасын рухани дамудың жат болуы мүмкін емес. Қалай
болғанда да, бұл мықты бір ықпалдың, адам беделінің нәтижесі емес, бірақ
жалпы қажеттіліктің салдары.
Ал баяндау үлгісіндегі әңгімелерде авторлар өте әсер еткен, естіген,
көрген әңгімелерін баяндау арқылы ойға, идеяға барады. Көбіне әңгіме
соңында: осымыз дұрыс па?, ойланбаймыз ба? - деген сұрақтар тастайды.
XX ғасыр басындағы қазақ прозасының кемшіліктері де мол. Алайда оның
өзі де жаңа жанрға барлау жасаудан бұзып жаруға көшетін пәрменді талап-
тілектер дүниеге келген көркем шығармаларға тән қасиет. Осы кезде-ақ
көптеген жазушылар прозаға дайындық үстінде енді. Октябрь алдындағы проза
жанрының дамуы тосыннан сап ете түскен құбылыс емес. Оның Қазақстандағы
экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысы, ауыз әдебиеті
шығармаларымен етене жақындығы, әдеби дәстүрмен заңды жалғастығы бар. Жаңа
жанрдың қажеттігін өмірдің өзі-ақ талап етеді. Қоғамдық санадағы алуан
құбылыстарды бейнелеу үшін жаңа форма керек еді. Өмірдің өзі алға тартып
отырған сұрақтарға жауап пен адамдар санасына әсер етудің жаңа формаларының
қажеттігі XIX ғасырдың соңғы ширегінде-ақ белгілі бола бастады. Мысалы,
Ы.Алтынсарин новеллалары оқушыларға дидактикалық мәні бар әңгімелер
қажеттігінен туса, Абайдың қара сөздері ақын көңілі мен жүрегінде,
санасында жүйелене бастаған жаңа көркем мазмұнның көрінісі еді. Сол тәрізді
Түркістан уалаятының газеті, Дала уалаятының газеті беттеріндегі
әңгімелер мен очерктер, суреттемелер құнарлы топырақта бүр жарып бой көтере
бастаған көркем прозаның хабаршылары ғана болатын. Жас ғұмырым яки
жастықта ғафлет, 1907 жылы Қазанда басылып шыққан бұл еңбек XX ғасыр
басында жарық көрген белгілі шығармалардың бірі. Сондықтан да осы дәуір
әдебиетін зерттеушілердің барлығы да оған белгілі дәрежеде тоқталып өтеді.
Садық әпенді 1911 жылы Санкт-Петербургте Ибрагимовтар
типографиясында жарық көрген. Кітапша сыртында авторы Карим Палуан деп
көрсетілген. Ал революцияға дейінгі қазақ тілінде шыққан әдеби кітаптардың
аннотацияланған библиографиялық көрсеткішінде шығарма авторы К.Машин.
Садық әпенді көтеретін тақырыбы мен қозғайтын мәселесі жөнінде
А.Жандыбаевтың Жас ғұмырым яки жастықта ғафлатымен үндеседі. Көлемі де
сол шамада, шығарманың жазылу уақыты мен әңгіме оқиғасы өтетін орта бірдей.
Алайда, екі шығарманың бір-бірінен үлкен айырмашылығы бар. Садық әпендіде
оқиға тым салқын баяндалады, үстірт жазғаны сезіледі. Екі әңгімедегі
көркемдік шешім де өзге. Жандыбаев әңгімесінде негізгі кейіпкер оқуға
қаншама талапты болса да, әке сөзінен аттай алмай қалса, мына әңгімеде
негізгі кейіпкер Садық өз мақсаты үшін күресіп, жеңіске жетеді.
Әңгіменің негізгі кейіпкері – Садық бір кезде би, болыс болған
Терекбай баласы. Оны автор оқушысына былай таныстырады: Қасы көзі ашық
көңілі саф. Ыстық дәтті, қабілетті бір жігіт еді. Оқиға басталғанда оның
жасы жиырма шамасында болу керек, өйткені әңгіменің бесінші бетінде сен
оқуға кетсең жалғыз баладан айырыламыз ғой дейтін шешесіне былай дейді:
Садық: Енді жиырмаға келгенде жалғыз жүре алмаймын, қырық, елуге келгенде
жүремін бе?. Қалай болғанда да К. Палуанның кейіпкері әбден кемелденген
шағында оқу іздеуге талап білдіреді. Оның ойлары мен әрекеттері тек осы
шамадағылардың ғана қолынан келетін іс. Қазақ жастарының біраз ересек
тартқан шақта оқуға, білімге ұмтылуы, сол кезде жиі кездесетін жәй.
Сондықтан да көптеген шығармалардың кейіпкерлері есейген шағында оқу
іздейді. Мысалы: Айқапта жарық көрген Бозбалаларымыздың түрі аталатын
әңгімедегі Құрмаш та той-томалақ қуып жүрген ересек жігіт. Сонымен Садық өз
мақсаты үшін күреске шығады. Оның ойы үлкен қалалардағы медреселерден
тәрбие алу. Өйткені, өскен ортасындағы оқу жайы оған жақсы белгілі. Бірақ
қожа-молдадан оқымаймын деп әке алдында дауласса да жаңа оқу туралы аузын
аштырмаған үлкендерге үзілді-кесілді қарсылық көрсете алмайды. Қолынан
келетіні оқуға қашып кету ғана. Осы оймен Садық көрші ауылдағы Балтабай
мұғалімді іздеп барады. Жағдайын айтып, көмек сұрайды. Екеуінің арасындағы
диалогтарда қазақ жастары арасындағы оқу туралы кейбір пікірлер көрінеді.
Троицкіде екі-үш ай оқып, молда болдым, - деп халықты алдайтын алаяқтар
сыналады. Ол Садыққа көмектеспек болады.
Әңгімеде өзінше шариғат қағидаларынан сөз қозғап, білгіштік
танытпаққа болған Балтабек қожаның Садықтан жеңіліс табуы юмормен
суреттелген. Садықтың сөздеріне жөнді жауап таба алмай жанжалға көшкен
қожаны жігіттер үйден балаша көтеріп шығарып жібереді. Бұл - әңгімедегі
сәтті эпизодтардың бірі. Садықтың бұлтартпас жауаптарынан жеңіліс тапқан
қожа әрекетінің суреттелуіне қараңыз: һәу,һу,һәң,һәң, Ақ қожа бабам-ай,
деп үйдің ішінде бір ағыз жанжал шығарды. Егер ертеңге шейін атам аруағы
ұрмаса мен ит боламын...Үрем деп жөніне кетті.
Садық әпенді негізінен өзара байланысты үш оқиғадан тұрады. Садықтың
әкесімен әңгімесі, Балтабай мұғаліммен кеңес және үйдегі дау. Әңгімеде одан
да басқа эпизодтар бар. Мысалы, Балтабай мұғалімнің қызмет жайын баяндау,
күлкі қуып, қымызбен ет аңдушы қалжыңбас жігіттер ортасы т.б. қажетті
көркемдік шешім, үйлесім тапқанда, бұл уақиғалар кейіпкерлер өмір сүретін
ортаның суретін толықтыра түсер еді. Өкінішке орай, шеберлігінің
шектеулігінен автор тиісті көркемдік шешім таба алмаған. Табиғат
көріністерін суреттеуде, кейіпкерлерді таныстыруда К.Палуан біршама
еркіндік танытқанмен, баяндаулардан диалогқа өтетін тұстарда көп қиналды.
Тіпті шығармадағы диалогтарды түсініп оқу да қиын.
Әңгімеде автордың дәйектемелері, қыстырма сөздері, ескертулері де
кездеседі. Көрейік не шығар, аяғы неге соғар екен. Ұл ма қыз ба?, Қисыны
болса болсын, қайырлы болсын, Үйдің ішіндегі адамдардан бізге керектісі
мұғалім Балтабай мен Садық еді т.б. Сол кездегі проза дәстүрінде орай
автордың ағартушылық ойлары Балтабай мен Садық арасындағы диалогтарда,
солардың атынан айтылады. Бұл сөздер кейде бетке жуық көлемде беріледі.
Мысалы, Балтабай мұғалімнің қазақ ортасында оқу жайы мен өнер туралы,
Садықтың әкесімен дау үстіндегі сөздері де осы шамада. Автордың Балтабай
мұғалім сөзінде діни лексика мен ноғай, татар тілі элементтерін әдейі мол
қолдану арқылы оның көп оқыған білімділігін баса көрсетпек болғаны
байқалады. Характер жасауда шебер жазушыға өлшеусіз көмектесетін әдеби әдіс
көркем әңгіменің өзге элементтері келісім тауып жатпағандықтан,
түсініксіздеу болғандықтан, осы шығарманың міні тәрізді әсер қалдырады.
Сонымен қорыта айтқанда К.Палуанның Садық әпенді әңгімесі - сол
кездегі қазақ арасындағы оқу, өнер, білім қуушы жастар мен көне тірлігінен
көшкісі келмейтін адамдардың, молдалардың арасындағы тартысты суреттейтін
шығарма. Жастарды оқу жолындағы күреске үндейді. Автор шығарма негізіндегі
уақиғалардың басын біріктіріп, оқушы назарын аудара алатын әңгіме жазып
шыға алмаған.
XX ғасыр басында оқушысын мәдениетке шақырып, оқуға үндейтін
шығармалар біршама. Біз олардың арасынан тек біреуіне ғана талдау жасауды
жөн көрдік. Бұл – Октябрь алдындағы әдебиетіміздегі көркем прозаға кезекті
шабуылдардың бірін көрсететін, кезеңдік шығарма. Осы дәуір әдебиетін
зерттеушілердің бірі Ә.Дербісалин ол туралы былай жазады: Б.Ержановтың
Оқуға махаббат шығармасы көркемдігі жағынан көп жетіспеушілігі мен
кемшілігіне қарамастан, жастарды тікелей өнерге, білімге шақыруда алғашқы
сюжетті үлкен тәжірибелердің бірі болды. Б.Ержанов тәрізді орташа ғана
ақындық таланты бар, өз кезінің көптеген мәселелерін дұрыс түсіне алмаған
ақын үшін бұл үлкен үлес еді. Оқуға махаббат алғашқы екі шығармаға
қарағанда көлемді. Құрылысы да біршама күрделі. Сондықтан да көлемі мен
сюжеттік ерекшеліктеріне қарағанда оны кішігірім повест десе де болғандай
Повесте Елеусіз бен әкесі Бөкейдің, оған үнемі көмектесуші Бақытжан
мұғалімнің және оларды әркез оқуға шығарып салушы орыс шаруасының бейнелері
жасалған. Мұнда да XX ғасыр басындағы қазақ прозасына тән ерекшеліктер
бірден байқалады. Мысалы: повестің қазақ жастарын оқуға шақырған
публицистикалық мақаламен басталуы, ұзақтау диалогтарды ара-тұра өлеңмен
алмастыру, уақиғаның баяндалу әуеніндегі ауызша әңгімесінің стилі т.б.
Бұл Елеусіздің әкесі Бөкей Шарман ауылында Қарабай есімді кісінің
баласы болып, ешбір оқу оқымаған надан бір жуас қана бай кісі еді. Бірақ
өзі дәрежелі бай кісінің біріне қосылып жүрсе де қатыны Күмістен әлденеше
Ғабдолрахман, Қасым, Ғали деген балалар туып еді,туса да өліп қала беріп,
ғұмырында Бөкей бір баланы жөнділікпен маңдайынан сипап, бетінен сүйген жоқ
еді. Күміс құдай оңдап зарығып жүргенде бір ер баланы дүниеге келтірді.
Бөкей қуанып сүйінші сұрай келген кісіні бос жібермей сүйіншісін беріп
көңілін риза қылып жіберді. Келтірілген үзіндідегі ертегі, хикая стилі
оқушыларға жақсы таныс. Және повестегі әр уақиға, эпизод аяқталғанда енді
баладан әңгіме тыңдаңыздар, енді әкесі Бөкейден сөз қозғайық деген
жолдар да қазақтың ауыз әдебиетіндегі ертегі, аңыз, хикая, эпостық жырларда
кездесетін көркемдік әдіс екені даусыз.
Шығармада автор идеясына қатысты ой арқалаған екі тең кейіпкер бар.
Біріншісі - Бөкей де, екіншісі - Елеусіз. Б.Ержановтың идеясы, ағартушылық
ойлары Елеусіз бейнесі арқылы берілетіндіктен бе, оның сөздері тым ресми.
Мысалы, ауылдан ақша мен хат келгендегі эпизодты алайық. Кәне молдеке!
Маған берші оқиын? -деп молданың қолынан хатты алып басынан аяғына
шейінгісін аударып оқып тастап, сабақ оқуға ыждаһат ете бастады.
Оның іс-әрекеті, ойы тым жалаң суреттеледі. Оны кейіпкер
психологиясын бейнелеу тәжірибесінің мүлде жоқтығынан деуге келіңкіремейді.
Өйткені, Бөкей бейнесі басқа әдіспен жасалғандай. Баласы оқуға қашып
кеткеннен кейінгі оның көңіл-күйіндегі өзгерістерді, толқуды автор
баяндаумен ғана емес, қимыл-әрекеті, жүріс-тұрысы арқылы да сездіріп,
сипаттап отырады. Оқуға махаббат надандық пен оқуға ұмтылушы күштер
арасындағы қақтығысты әке мен бала арасындағы дау тәрізді баяндайтын
повесть. Көптеген кемшіліктеріне қарамастан, міндетін жаңа күштердің
салтанат құруын көрсетуді ойдағыдай орындап та шыққан.
Бөкейдің жалғыз баланы алысқа оқуға жібермеуі үлкен қаладан қорқу
емес. Ол - өзіне әбден таныс ескі салтты, оқуды, әдетті мойындамайтын,
тіпті сол әдетті, салтты батыл бұза бастаған жаңалыққа қарсылықтан туған
әрекет. Сондықтан да Бөкей баласы Елеусізді жаңаша емес, өзінше
тәрбиелемек. Бірақ табиғатынан қабілетті , елгезек бала жаңа оқу мен
ескінің арасындағы айырманы сезеді. Өйткені оған өзіне екі жылда қара
танытқан ауыл молдасының шамасы белгілі. Одан әрі баруға ауыл молдасының
өресі жетпейді. Ал оқу мен білімге баланың құмарлығы ерекше. Осындай әрі-
сәрі тұста Елеусіз көрші ауылдың балаларынан сөзден ұтылады. Ұтылғанда да
сөз қадірін ұққандықтан ұтылады. Бала алғаш рет үлкен ойға қалады. Оқудың
керектігін сезеді. Сөйтіп әкесінен өзін оқуға беруді сұрайды. Бірақ оның
оқуының түрі белгілі сөйтіп, оқу туралы ойларының орындалмасын білген соң,
тосын шешімге келеді. Көрші ауыл балаларын төте оқумен оқытып жатқан
молдаға келіп, онымен кеңесе келе, Орынбордағы медреселердің біріне қашып
кетуге бел байлады. Елеусіз Орынбор медреселеріне бір емес, екі рет қашып
барып оқиды. Ақырында өзінің табандылығының арқасында мақсатына жетіп,
указной молда атанады.
Бірақ автордың соңғы шешімі болмаса, шығарма жүйесінде, мақсат
жолында табандылықпен күресіп, ақыры тілегіне жеткен жастар әрекетін
мадақтау идеясы бар. Оқуға махаббат шығармасында басқаға онша құқығы жоқ,
оқу, дін мәселелерін хабарсыз Бөкей бейнесі кәдімгідей тәуір жасалған.
Повестке біршама өң беріп тұрған да сол. Бөкей басшылыққа алатын қағидалар
оның көргені мен түйгенінен, өз тәжірбиесінен қалыптасады. Ал шамасы
жетпейтіндерін ауыл ақсақалдарымен кеңеседі. Бөкей онша діншіл де емес.
Зарығып тәңіріден тілеп алған жалғыз баласының атын да молданың айтқанына
құлақ аспай, көзден, тіл-сұқтан алыс болсын деп Елеусіз қояды. Ол Елеусізді
жалғыз бала, тұқымының жалғасы деп отырған жоқ. Елеусіз ол үшін жұбаныш,
қуаныш қана емес, ол – қолқанат, көмекші де. Оқуға да ауыл ақсақалдарының
айтуымен амалсыздан, әрең береді.
Баласы қоймағаннан кейін ауылға жаңа молда ұстамақ болып Бөкей ауыл
ақсақалдарымен ақылдасып өзінше бір әрекет жасайды. Мұғалім іздеп көрші
ауылға барып, олармен тілдеседі. Бұл – повесте қызықты баяндалатын
эпизодтардың бірі, Бөкейдің образын да аша түседі.
Повесте ауыл, табиғат көріністерінің дара суреттері жоқ.
Шығарманың басынан аяғына дейін негізгі ойды білдіретін оқиғалар
баяндалады. Осы әдіс-ойды белгілі бір оқиғалар арқылы беруге талпыну ХХ
ғасыр басындағы қазақ прозасында көп кездеседі. Алайда оны шын мәнінде
шебер пайдалана алғандар соншалықты көп бола қойған жоқ.
Жалпы алғанда, ХХ ғасырдың басында әдеби ізденістердің бір көрінісі
осы жанрлық тұрғыдан баю болып табылады. Әсіресе, проза жанрының дамуы
айырықша көзге көзге шалынады. Әдебиетіміздің күрт алға дамып, жанрлық
тұрғыдан да, көркемдік жағынан да жетіле түскен тұста әдебиетке деген
талғам мен танымның жаңа бір белеске көтерілгені талассыз шындық. Өскелең
елдердің өркениетті әдебиетінің өкшесін басып, өзіндік бетін айқындай
бастаған әдебиетіміздегі жетістіктерді бағалап, кемшін тұстарды көрсету
мерзімі өзінен-өзі келіп туындады. Сөйтіп талғамнан танымға қарай зор қадам
жасалды. Проза жанрында жасалған алғашқы қадамдар, жаңа талпыныстар кейінгі
ұлы үрдісті әкелді.
ІІ тарау. Бейімбет Майлин – көркем сөздің шебері
2.1 Б.Майлин әңгімелерінің тақырыптық-идеялық сипаты және
образдық жүйесі
Әдеби шығарма – нұрлы дүниенің сырлы бөлігі. Ол - өмірдің өзі
секілді күрделі, бұралаңы көп, қия-қалтарысы мол шытырман шындық.
...Байыптап қарасақ, дүниенің бүтін бір бөлігін күллі тамыр-тереңімен
қопарып алып, ажарлы әрі асыл өнер туындысына айналдыру, оның мазмұны мен
пішініне жан тебірентер өнерпаздық қасиет дарыту – тек тарлан таланттың
ғана қолынан келетін іс, - деген З.Қабдолов пікірінде терең ой, көп мағына
жатыр. [19.141]
Сәтті шыққан көркем шығарма – бір ғана жазушының жетістігі емес, ол
бүкіл әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс. Осындай тарлан талант, кесек
құбылыс, шұрайлы шығарма туғызушы, ерекше өнер иесі – Бейімбет Майлин.
Қазақ халқының аяулы азаматтарының бірі, саяси-қоғамдық дамудың ең
бір күрделі жылдарында өмір сүріп, бүкіл шығармашылық еңбегін өз халқының
болмыс-бітімімен, ой-арманымен, тумысындағы табиғи психологиясымен, ұлттық
мүдделерімен байланыстыра білген қаламгердің соңына қалдырған прозалық
туындыларының көркемдік деңгейі өте жоғары.
Жазушының барлық туындыларынан оның ерен суреткерлігін қапысыз тануға
болады. Ол өз халық әдебиетінің мол байлығын, рухани өшпес қазынасын бойына
сіңіре білген, телегей-теңіз сөз маржандарын даналықпен, шеберлікпен
кәдесіне жарата алған.
Дүниежүзілік әдебиеттің барша мәдениеттік дәстүріне сүйенетін
реалистік прозамызды жасаған жазушылар – роман жазушылар мен әңгіме
жазушылар. Мысалы, қазақ әдебиетінің аса көркем үлгілері Бейімбет Майлиннің
өзгеше мұрасынан танылатын... Бейімбет әңгімелерінің көп топтары
революцияның ең алғашқы жылдарынан бастап, отызыншы жылдардың ортасына
дейін Совет дәуірінде қазақ ауылында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі
деуге болады, - деген екен М.Әуезов. [3,3] Бұл қаламгер шығармашылығына
ғұлама ғалым тарапынан берілген әділ баға болатын.
Әдебиеттің объектісі - өмір болатын болса, ал предметі адам екендігі
баршаға мәлім. Көркем бейне, образ жасау, сол арқылы өмір құбылысының сырын
ашу – суреткердің басты мақсаты. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығармада
өмір шындығын жинақтау, адам мінезін даралау, осылардың бәрінің сарқып құяр
сағасы біреу, ол – образ.
Орыс ғалымы Л.И.Тимофеев Образ – эстетикалық мәні бар, ойдан шығару
арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті деген.
Образ жасау – тек таланттыға ғана тән әрекет деп ғалым З.Қабдолов
жазушы шеберлігінің шынайы көркем бейне жасаудағы рөлін анық көрсеткен.
Бейімбет шығармаларының кейіпкерлер әлемімен таныса отырып біз дарынды
қаламгердің қолтаңбасын танимыз. Бір біріне мүлдем ұқсамайтын, тағдырлары
әрқилы, мінез-құлықтары да мүлдем кереғар кейіпкерлер галериясы көз
алдымыздан тізбектеліп өте береді.
Көркем бейне сомдаудың теориялық қыр-сырын ғылыми деңгейде жан-жақты
талдап берген ғалым З.Қабдолов Сөз өнері монографиясында: Суреткер үшін
керемет қиын нәрсе адамның жаны мен жүрегіндегі көзге ілінбес көп
иірімдерді табу, тану, жазу. Сезімнің тілі – бір түрлі, тілсіз тіл. Сол
тілсіз сезімге тіл бітіргендей, қағаз бетін адамның ішкі күйінің суретіне,
құбылысына, қимылына айналдыру – суреткерден қаншалықты нәзіктікті,
шеберлікті қажет ететіні түсінікті болуға тиіс дейді.[19.95] Осы тұрғыдан
қарастырғанда да Бейімбет - әдебиетте адам жан-дүниесін өте терең әрі
көркем бейнелеген жазушы. Жоғарыда айтып кеткеніміздей әдебиеттің негізгі
предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-
түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету – суреткердің
негізгі міндеттерінің бірі. Жазушы кейіпкерлерін, оларды жасаудағы әдіс-
тәсілдерін біз жеке дара алмай шығармаларын идеялық тұрғыдан талдау
барысында қоса зерделегенді жөн көрдік.
Жазушының проза саласындағы шығармалары мол әрі олар алуан жанрлы.
Әңгімелерінде автор негізінен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс оқиғаларын,
қазақтың бұрынғы өміріндегі ескі тұрмыстық жайларды, төңкерістен кейінгі
кезеңдегі кеңестік шараларды (ауылды кеңестендіру, колхоздастыру т.б.),
әйел теңдігі т.б. арқау еткен.
Бейімбет Майлин өз шығармаларын жазуда өмірдің өшпес, өңі қашпас
өз шындығына сүйенді, соны келістіріп суреттер бейне тапты, соның бәрін
ояну, өсу үстіндегі қалың бұқараның дүние тануына, эстетикалық сезінісіне,
көркемдік талғамына, тіл кестесіне, образдылық әлеміне сәйкестеп жасады.
[6, 79]
Әңгімелерінде автор негізінен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
оқиғаларын, қазақтың бұрынғы өміріндегі ескі тұрмыстық жайларды,
төңкерістен кейінгі кезеңдегі кеңестік шараларды (ауылды кеңестендіру,
колхоздастыру т.б.) әйел теңдігін т.б. мәселелерді арқау етті.
Жазушы өз шығармашылығында қораштыққа басқан жоқ. Қарапайым халықтың
өміріндегі, ойындағы, қиялындағы құпия күйде қалып келген мол көркемдікті
ашты. Оның көркемдігі замана көркемдігімен нәрленді, қорланды, сол
көркемдікке қазына болып қосылып байытты, - дейді Темірғали Нұртазин.
[4,151]
1922 жылы жазылған Кедей теңдігі әңгімесінде бай есігінде адам
деп танымай, үнемі салпақтап жүрген Бұқабай батракты көреміз. Қауымбай бай
әлі ырысы шайқалмаған адам. Әйтседе олар біреудің жерінде отырған совет
еліне өздерін кірме адамдардай сезінеді. Сол өзгеріс байлардың жан әлемінде
де тарихи құбылыстар нәтижесінде болғанын аңдатады. Не бәрі төрт беттік
әңгімеде жазушы үш кезеңді суреттейді: 1917 жылғы жағдай, 1922 жылғы
жағдай, 1923 жылғы жағдай. Сол үш кезең – небәрі бес жылдың ішінде байдың
санасына да малай Бұқабайдың санасына да зор өзгеріс енгізгенін көреміз.
1917 жылғы көріністе Бұқабай адам санатында саналмайды, 1922 жылы қазына
берген ұнды, тарыны Бұқабайға билетпей, бай баласы Кәрім жеп кетіп жүреді.
23-жылы ауыл кедейлері Бұқабайды ауылнай ғып сайлайды. Әңгіме шебер
жазылған. Әдемілеу, уақиғаны, немесе сөзді ойнақшытып, оқушыны еріксіз
қызықтыру ниеті жоқ. Сабырмен, сараң сөзбен оқиға өмірде нақтылы болғандай
баяндайды.
Шапайдың хаты (1928) деген әңгімеде алпыс бес жылдық өмірінің
елу жылын байдың есігінде жалшылықта өткізіп, қартайған соң жұмыстан қалған
Шапай қарттың хат түрінде жазған сыры баяндайды. Шапай Совет өкіметінің
қолдауымен Тоқберді байдан елу жылғы еңбегінің өтесін алады. Қарт ширап,
ауылдағы жаңа жұмыстарды ұйымдастыруға араласуға көпшілікті үгіттеуге
ықыласы барын білдіреді.
Бұл тақырыпқа шығармалар көп жазылды. Әңгіме тақырыбында,
шығарманың санында емес, қалай жазылуында, Шапайдың хаты психологиялық
әңгіме. Мұнда өмір бойы бай есігінде езіліп, жасық болып қалған малайдың
санасы біртіндеп оянуы, жасқыншақтықтан азатталуы суреттеледі. Жазушы жалпы
кедей өмірінің егжей-тегжейіне мейлінше қанық. Ол әрбір ұсақ нәрсені,
детальды орынмен, әлеуметтік салмақты, мәнді етіп, шебер пайдаланады.
Шығармада Шапайдың байдан ақы даулайын деген ойы жоқ болуын, сондай ойды
абайламай байдың өзі салғанын қызықты етіп келтіреді.
Қаламгердің алғашқы әңгімелерінің бірі – Айранбай. Бұл жасалу
шеберлігі жағынан, мұқтаждық құрсауында отырған кедейдің рухани серпіліске
ұшырап, таптық санасы оянуын нәзік ашуы жағынан үлгілі шығарма. Әңгімеде
қимылды, құбылысты оқиға, сюжет жоқ сияқты. Сюжет басты кейіпкер
Айранбайдың жан дүниесінің құбылысына негізделіп құрылған. Автор оқиғаның
арпалысты ортасына оқушыны тікелей душар етеді. Ескерте кету керек, арпалыс
Айранбайдың жан әлемінде. Айранбай үйінде, етік тігу кәсібінде, жейдесіз.
Жалаңаш етіне түгін сыртына қаратып күпі киген. Сақалы ұйысқан. Беті
пішініне қарағанда азалы адам секілді. Оқиға ұсақ. Кемелбай деген бай
ағайынының үйіне бір тілім қайыс сұрауға әйелін жібергені. Кемелбайдың
қатыны Айранбайдың Раушанының қолынан бір тал омыртқаны жұлып алғандығы,
өткен жылы сайлауда Айранбай икеміне көнбеген соң, биыл келген комиссияға
Кемелбай астыртын айтып, Айранбайға он пұт салық түсіргені баяндалады.
Автор Айранбайды көң-қоқырдың арасында қалдырып қоймайды, көңілімен
әлемді кезіп, терең толғанысқа ұшыраған күйінде бейнелейді. Өмірдің арты
қараңғы, – деп суреттейді автор Айранбайдың толғанысын. Бір жарық сәуле
көрген күні жоқ. Кемелбай секілділерге қанша еңбегін сіңірсе де, соның бара-
барына алған ешнәрсесі жоқ, өткен өмірінен ділгерліктен құтылған да емес...
жүйрік қиял өткенді кезіп отырып келіп, бұдан бір жеті бұрын елге келген
құсқаушыға түсті. Жап-жас жігіт, сөйлегенде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz