Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу аспектілері


Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . 3
- Бөлім. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
1. 1. Нарық және оның даму эволюциясы, атқаратын қызметтері, принциптері . . . 7
1. 2. Еңбек нарығының қалыптасуы мен ерекшеліктері . . . 15
1. 3. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу аспектілері . . . 25
2 Бөлім. Батыс Қазақстан облысында еңбек нарығын қалыптастыру және реттеудің аймақтық жағдайына сипаттама
2. 1. Батыс Қазақстан облысының «Еңбек статистикасы басқармасының еңбек статистика саласындағы мемлекеттік қызметі . . . 33
2. 2. Батыс Қазақстан облысында еңбек нарығының қалыптасуын талдау . . . 38
2. 3. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің аймақтық саясаты . . . 45
- Бөлім. Аймақтық еңбек нарығының мемлекеттік реттелуін жетілдіру жолдары
3. 1Аймақтық еңбек нарығын мемлекеттік реттеу проблемалары . . . 54
3. 2 Еңбек нарығын мемлекттік реттеудің басым бағыттары . . . 60
Қорытынды және ұсыныстар . . . 68
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 71
Қосымша
Кіріспе
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтің жыл сайынғы ел халқына жолдайтын Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге, тұрғындар арасындағы жұмыссыздыққа, оларды еңбекке баулу, сапалы білім беру, саналы азамат ретінде қалыптасуына ықпал жасайтын, қоғамдағы өзекті де қажетті жағдайларды үнемі ескеріп отырады. Сондықтанда еліміз тәуелсіздік алғаннан бері елімізде жүргізіліп отырған реформалардың үлкен бір тармағы - қоғамдағы қалыптасқан проблеманы жою, халықты мықты әрі қоғамға елеулі үлес қосатындай, оларға еңбек нарығында өз орындарын табуға көмектесу.
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. К. Маркс өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д. Ж. Кейнс пен М. Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.
Батыс Қазақстан облысында еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру, облыстың экономкалық және т. б. ерекшеліктеріне байланысты ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді облыстық экономика мен еңбек нарығының байланыстылығын жүйелі түрде зерттеп, тиімді саясат арқылы шешу теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейіне жету - мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Қосымша жұмыс орындарының санын құрушы экономикалық жүйе, қоғамдық өнімнің санын көбейту және сонымен қатар мол дәрежеде тұрғындардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру тапсырмасын қояды.
Қазақстан - әлеуметтік нарықтық экономика құруды мақсат тұтатын жас, егеменді мемлекет. Қазақстан қоғамының демократиялық қайта құру кезеңінде мемлекет қызметінің маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік жұмыспен қамту саясаты болып табылады. Осы орайда жұмыссыздық проблемасын жалпы мемлекеттен бөліп қарауға болмайды, өйткені біздің қоғамымыздың барлық әлеуметтік топтары бірдей әлеуметтік- экономикалық проблемаларды бастан кешіруде.
Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестіктің жағдайы - үнемі халықтың алдына жұмыс іздеу мәселесін қояды.
Осы тұрғыда Елбасының жолдауында, алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті - Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады. Біздің мемлекеттік әлеуметтік саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан 2020 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 5%-дан, ал табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8%-дан аспайтын болады, әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетіліп, қазіргі заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек делінген.
Еңбек нарығы-бұл ұдайы өндірістің, бөлудің, қайта бөлудің және жұмысшылардың еңбекке орналасуы арқылы жүзеге асатын сұранысты қалыптастыру бойынша жұмыс күшіне оның ұсынысының қатынасының барлық жиынтығын кірістіретін күрделі түсінік.
Заманауи еңбек нарығы экономикалық өзгерістер жүргізу барысында қалыптасады. Оның көрінісі жасырын жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, қызметкердің қосқан үлесі мен оның табысы арасындағы байланыстың үзілуі, жалақының уақытылы берілмеуі және т. б. болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.
Бұл мәселелерді шешу кезінде әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалғандарды, еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеті төмен топтарын ерекше ескеру қажет. Олардың біріне оларды негізгі толықтыру көзі болып табылатын жастарды жатқызуға болады.
Мемлекет басшысының «…халықтың барлық топтарының өмір сүруінің жоғары сапасына және алдыңғы қатардағы әлеуметтік стандарттарына» қол жеткізу бойынша тапсырмасын іске асыру жөніндегі атқарылған жұмыс, адам капиталының дамуымен байланысты мәселелерді алдыңғы қатарға шығарды.
Сондықтан да, дипломдық жұмыстың мақсаты- Батыс Қазақстан облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыста келесідей міндеттер қойылды:
- еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік негіздерін зерттеу;
- еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;
- облыстағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;
- Батыс Қазақстан облысындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайына талдау жасап, тиімділік деңгейі мен салааралық ерекшіліктерін анықтау;
- облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасының қажеттілігі мен жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдарын негіздеу.
Алға қойылған барлық міндеттерді орындау, біздің ойымызша, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, экономика салаларында халықтың еңбегін оңтайлы пайдалануға қол жеткізетіні сөзсіз.
Еңбек нарығын реттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңдары, еңбек нарығы мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және статистикалық органдардың ресми мәліметтері алынды.
Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен тұжырымдамалар салыстырмалы талдау, материалдарды графикалық өңдеу, экономикалық болжамдау, зерттеудің әдістерін қолданумен негізделеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика Агентігінің, Халықаралық еңбек ұйымының, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Батыс Қазақстан облысының статистика департаментінің және Батыс Қазақстан облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.
Облыстың еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары бойынша ғылыми тұрғыда белгіленген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.
Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер келесідей:
-еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық негіздері қарастырылып, авторлық анықтамасы нақтыланды;
- еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың қызмет ету тетіктері және әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторлары анықталды;
- Батыс Қазақстан облысындағы еңбек нарығын реттеудің қазіргі жағдайына талдау жасалып, еңбек нарығына әсер ететін факторлары айқындалды;
-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасын жасауға ұсыныстар негізделді;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек нарығын ретеу және халықты жұмыспен қамтудың ұйымдық-экономикалық механизмдерін жетілдірудің бағыттары анықталды;
- еңбек нарығы көрсеткіштерін болжаудың экономика-математикалық үлгісі құрастырылып облыстағы халықты жұмыспен қамтуды жетілдіруге ұсыныс ретінде болжам жасалынды;
-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасының қажеттілігі мен мазмұны ашылып, жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдары ұсынылды.
- Бөлім. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің теориялық негіздеріНарық және оның даму эволюциясы, атқаратын қызметтері, принциптері
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылығы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің “қан айналымы” жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде “нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, ұшуы көп кәдімгі базар мен теңесе, ал енді біразы нарықтық экономиканы барлық ауруынан тез жазылатын керемет “күш” деп те дәріптеуде.
Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.
Нарық - өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі. (Кулигин П. Соңиалистік экономикадағы нарық -“Вопросы экономики”, 1990ж. ) .
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. (Журавлева Ғ. Социализмнің экономикалық жүйесіндегі нарық - “экономические науки”, 1990ж. №7)
Нарық - тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. (Саяси экономия - Алматы, “Ана тілі”, 1991) .
Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. (Қазіргі заманғы нарық: табиғаты және дамуы Э. П. Дунаев, И. Е. Рудакова редакциясымен - М, МГУ, 1992ж. ) .
Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың субъектісі - өндірушілер мен тұтұнушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Біздің ойымызша, шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т. б ) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастайды.
Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін экономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.
Ағылшын экономисі А. Смит экономика түралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғылым деп саналады. Оның еңбегі Халық байлығы 1776 ж. жарық көрген. А. Смиттің досы Давид Юм алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып түсінетін оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде.
А. Смиттің ойынша, ұлтың басты байлығы, өзге экономистердің түсінігінше, алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз - еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауды жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі.
Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А. Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.
А. Смиттің нарық түралы ілімі Австрияның экономисі, Нобель силығының лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша, нарық деген ұғым - ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хейктің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қоғам мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.
А. Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі және бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің экономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.
Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық экономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. “Айырбастау”- дейді. В. И. Ленин, “адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. В. И. Лениннің айтуынша, “Нарық” ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінен айыруға болмайды. Міне, сондықтан да социализм орнатуда және соцалистік шаруашылықты ұйымдастыруда нарықтық қарым-қатынастарды толық пайдаланудың қажет екендігі түралы В. И. Лениннің көзқарасы көптеген жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Олардың ең бастылары:
- В. И. Лениннің көзқарасында нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін бәсекелестік капитализмнен монополистік капитализм сатысына көшу барысында атқаратын ролі;
- Халқымыз орнатқысы келіп отырған қоғам мен оның қозғаушы күштері түралы жалпы теорияның айқындала түсуі;
- Өтпелі дәуір кезеңіндегі экономиканы мемлекет тарапынан басқару механизмнің дамуы;
Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкүндігі олардың қажеттілігіне қарағанда табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілет-қарымы бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр түрлі тұтұну игіліктері мен қызметтерін қамтиды.
Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және т. б тән нәсе - олардың сиректігі немесе шектеулігі. Экономикалық теорияда бұл феномен шамасы “ Ресурстар Заңы” деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлде кімнің даналығы немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол - еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурстар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір-бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттілігінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А. Смиттің зерттеген “Көрінбейтін” қол деген теориясына назар аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың экономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждықтары түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама пайда келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек ғана өз мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты - өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады. Сөйтіп, ол жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда қоғам мүдесіне де пайдалы әрекет жасайды.
Нарықтық экономика - ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
- нарық әлемнің пайда болуы;
- натуралдық айырбас кезеңі нарығы;
- тауар болмасы кезеңінің нарығы;
- тауар емес балама кезеңінің нарығы;
1. Кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке сауда саттық көріністерде кездейсоқ болады.
2. Кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша т 1 -т 2 көруге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әлде болса тауарды бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан таза құнның иленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
3. Кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша т 1 -т 2
болама Т 2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән.
Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ағысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иленушісі қызметін алатын атқара бастайды.
4. Кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы:
Т 1 -тауар емес балама -Т 2 .
Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның таза иленушілері несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иленушісінің оқшаулануы-қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz